1425414
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
ИнфоурокНачальные классыДругие методич. материалы«Сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша дүниетану пәнінен бастауыш сынып оқушыларының таным белсенділіктерін арттыру»

«Сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша дүниетану пәнінен бастауыш сынып оқушыларының таным белсенділіктерін арттыру»

библиотека
материалов

1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.


Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп–үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім десек, ойымызға ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген сөзі ойға оралады. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы–оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, құрметтеу–әр мұғалімнің борышы деп білемін. Бүгінгі заманда ұстазға қойылатын талап та жоғары, себебі жаһандану заманында заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету арқылы оқыту үрдісін жүргізу басты міндет. Міне, осындай кезеңде әлемде жүріп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, өркениеттер қақтығысының заманында біліммен бірге оқушыға берілетін тәрбиеге де зор көңіл бөлінуі керек.

Кембридж Университеті ұсынған екінші деңгейлі бағдарламасы бойынша үш айлық курсқа келіп үйренуім және ондағы заманауи әдіс-тәсілдер менің көзқарасымның өзгеруіне және ұстаздық қызметімнің жаңа сатыға көтерілуіне үлкен әсері болды. Бағдарламаның мақсат-міндеттерімен танысқан соң осы уақытқа дейінгі іс-әрекетіме рефлексия жасап, расында мына бағдарламаны игеріп, осы әдістемелік тәсілдерді мүмкіндігімізге қарай іске асыру барысында көп нәрсенің өзгеретініне көзім жетті.

Сын тұрғысынан ойлау, бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекеттің жаңаша түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділікпен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:

  • Релеванттық ақпараттар жинауды

  • Дәлелдерді сын тұрғысынан қолдау мен бағалауды

  • Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар

  • Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулі оқушы біліміндегі логикалық талдауларға негізделген, оқу үдерісін жақсартудың бірі деп естігеніммен оқып үйреніп, сабақ өткізіп көрмеген едім.

Енді міне, екінші деңгейлік бағдарлама бойынша Кембридж Университетінің әдістемесін үйренудегі ең басты модульдің бірі–осы сын тұрғысынан ойлауға үйрету екен. Сондықтан мен де осы технология негізінде іс–тәжірибе кезінде сабақтар өткізіп, әріптестеріме үйретуді жөн көрдім. Бұл сын тұрғысынан ойлауға үйрету технологиясын 1 ай ғана оқып үйренгендіктен оның қыр-сырын толық меңгеру мүмкіндігіміз жетіспей жатыр, сондықтан осы технология туралы әдебиеттерден ізденіп, көптеп танысу қажет екен. Дегенмен мен бастауыш сыныпқа сабақ беретіндіктен бұл сын тұрғысынан ойлаудың әдіс–тәсілдері сабақты қызықты өткізуде, оқушылардың білімді игерудегі белсенділіктерін, дағдыларын қалыптастыруда тиімділігі жоғары болатын шығар деп пайымдадым. Сын тұрғысынан ойлау өз ойын бағалау ниетінің болуы және оны істей білуі.

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\фотоальбом 2014\Фотогалерея\SAM_7356.JPGМен еңбек ететін Семей қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп–кешені 1995 жылы құрылған. Мектеп екі ауысымда жұмыс істейді, аптасына 6 күндік оқу оқытылады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепте 947 оқушы білім алады, ол оқушыларға 101 мұғалім білім берумен қызмет жасайды. Ұйым жұмысының әдістемелі формалары мынадай: бірыңғай тақырыптағы әдістемелік декадалар, шағын топтардың шығармашылығын құру, педагогикалық кеңеске дайындалудағы арнайы топтың жұмыстарын ұйымдастыру, өзіндік білімін жетілдіру, кеңестер мен сауалнамалар, оқушылар мен мұғалімдердің ғылыми – әдістемелік конференциялары, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық есептері.

Мектеп директоры Елемесова Анар Муратовна, тарих пәнінің мұғалімі. H:\фото\SAM_9095.JPG

Сыныбымда іс-әрекетті зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу бойынша мектептегі әріптестеріммен кеңестім. Кеңесу барысында пікірді жазу үшін «Әріптестермен кеңесу» дереккөзін пайдаландым. (Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар)

Кіммен кеңестіңіз?

Әңгіме не жайында болды?

Сіздің жоспарыңызға әсері бар ма?

Мектер директоры

Елемесова Анар

Директордың орынбасарлары

Кунафин Бауыржан

Курмашева Алмагул

Өзім оқып жатқан екінші деңгей бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, жеті модуль, коучинг, тәлімгерлік жайында мағлұматтар берілді.

Олар тәжірибеден өтуге өз тараптарынан көмек көрсететіндерін айтып, сабақтарымнан және қоғамдық жұмыстардан босататындарын айтты.


Бастауыш сынып мұғалімдері Аймакина Маншук, Божканова Лаура, Нугымарова Гулмира, Кабиева Айгул, Оразгалиева Салтанат

Бағдарламаға сай коучинг пен тәлімгерлік жайлы мәлімет бердім.

Олар қызығушылық танытты.

Бағдарламаның ІІІ деңгей бойынша сертификатталушылары Абдрахманова Жанат,

Каримова Салтанат

Тәжірибе кезінде түсінбеген сұрақтарым бойынша көмек беретіндерін айтты.

Зерттеу жұмысыма көмек болатынын түсіндім.

Бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Баян

Тәлім алушы болғысы келетінін білдірді

Тәлім алушымен жүргізілетін жұмыс жоспарын құру керек.


Мектептің негізгі зерттеу мәселесі, яғни алдына қойған проблемалық тақырыбы «Сын тұрғысынан ойлай алатын, шығармашыл, интеллектуалды, мәдени деңгейі жоғары дамыған тұлға қалыптастыру»

Олай болса, мектептің алдына қойған көкейкесті мәселесі, мен оқып жатқан екінші деңгей бағдарламасының мақсат–міндетімен сәйкес келді. Кембридж университеті ұсынған бағдарламаның негізін қалаған сындарлы оқыту жүйесі 7 бағытты қамтиды.

Педагогтардың біліктілігін арттырудың екінші деңгейлі курсының бірінші бетпе–бет кезеңінде осы аталған жеті модуль бойынша теориялық білімдер меңгерілді. Оның негізгі түйіні–білім беруде осы жеті модульді кіріктіре отырып, сапалы нәтижеге бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру.

  • Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты технологиялық түсінік –бұл сын тұрғысынан ойлау екен. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды сапалы және оймен қабылдауын көздейді.

Мен өзімнің алдыма қойған мақсаттарым мен міндеттерімді іске асыру үшін осы ұсынылған әдіс-тәсілдерді 7–модульдің мүмкіндігінше элементтерінің барлығын қамтуда кіріктіре қолдандым. Соның ішінде басты назарға сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулін басшылыққа алдым. Мұғалімге арналған нұсқаулықта сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Сын тұрғыcынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының иерархиялық моделін 1956 жылы Блум бастаған комитет құрастырған екен.

Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын мына салаларға аударуды қажет етеді: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық.

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі соңғы мақсат ойлау үдерісінің жоғары деңгейіне жету болса да, Блум таксономиясы бойынша барлық деңгейлер ойлау үшін қажет, себебі білімді сыни тұрғыдан қолдану, талдау, жинақтау, бағалау алдында оны біліп, түсініп, ойластырып алу керек. Сын тұрғысынан ойлаудың мұғалімдер үшін маңыздылығы – ойлаудың негіздерін жоғары сынып оқушылары ғана емес, кіші сынып оқушыларымен жұмыс барысында да дамытуға болады. Бағдарлама мұны құптайды. Мұғалім оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау мен интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мен өткізген коучинг сабақтарымда осы қажеттілікке мұғалімдердің назарын аударған болатынмын.

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің көптеген стратегиялары бар. Іс – әрекетті зерттеу барысында коучинг жұмысын, тәлімгерлік сабақтар мен сыныптағы сабақтарды бақылау кезінде бір қатарларының қолданылғаны көрінді. Ашық сұрақтар, кері байланыс, топтық жұмыс, бағалау әдістерінің таным белсенділіктерінің дамытуға әсері зерттелді.

Ұлы данамыз Абай Құнанбаев «Адамның адамгершілігі – жақсы ұстаздан» десе, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Елдің келешегі – ұстаздың қолында» деген, олай болса, осы оқып жатқан курстың «Бетпе – бет» кезеңіндегі ойға тоқып, үйренген жаңаша оқудың әдіс – тәсілдерін оқушыға үйретіп, оларды білім кеңістігіне шығар жолға бағыттасам, бұл да болса менің еңбегімнің, мақсатыма жетуімнің бір кезеңі деп ойлаймын. Мектептегі тәжірибе барысында іс – тәжірибеге енгізілген өзгерістерге келетін болсам, оқыту мен оқу үдерісін, бағдарламаның мазмұнын оқығанға дейін, сабақты басқаша өткізуші едім. Яғни, оқыту жүйесінде егер өткен тақырып өтілетін жаңа сабақпен сабақтас болса, үй тапсырмасына байланысты сұрақтар беріп, оны сұрап, жаңа игерілуге тиісті материалды түсіндіретінмін, бекіту, қорыту кезеңдері өтіп, үйге тапсырма берілетін. Сабақта күніне 3 – 4 балаға ғана баға қойылатын. Оқушы пікірімен санасуымыз шамалы, дайындап әкелген дүниені сол қалпында береді екенбіз.

Ал, оқытудағы жаңаша бағыт бойынша, яғни жаңа бағдарламадан үйренгеніміздей «Естідім, ұмыттым, көрдім, есіме сақтадым, жасап көрдім, үйрендім» деген Қытайдың ұлы данасы Конфуцийдің айтқан сөзі өзгеріс енгізуге қозғалыс болды. Ең алдымен тақырыптың өзіне мән беріп таңдау жасадым. Іс – әрекетті зерттеу барысындағы алған тақырыбымды «Сын тұрғысынан ойлау модулі бойынша дүниетану пәнінен бастауыш сынып оқушыларының таным белсенділіктерін арттыру» деп алдым.

Зерттеудің мақсаты: оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, танымдық көзқарастарын кеңейту.

Зерттеудің міндеттері:

  • Сабақ құрылымына жеті модульді кіріктіру.

  • Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыратын, сыни тұрғыдан ойлауға түрткі болатын тапсырмалар жүйесін құру.

  • Әрекеттер нәтижесін сыни бағалау.

Күтілетін нәтиже:

Сын тұрғысынан ойлау барысында логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы пәнге деген қызығушылықтары артады.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде сұқбат, бақылау сияқты зерттеу әдістерін пайдалана отырып, сынып оқушылары жайлы мәліметтер жинақтадым.

Зерттеу жұмысым өзім жетекшілік ететін 2 «А» сыныбында жүргізілді. Сыныпта 21 оқушы бар, оның 10-ы ер бала, 11-і қыз бала. Сыныптың деңгейі қалыпты, тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы 55%-ды құрайды. Оқу озаты – 4, екпінді – 7. Сыныпта мен А,В,С үш оқушыны зерттеуге алдым. А оқушы жан-жақты, алғыр, қабілеті жоғары, белсенді оқушы. Оның дарындылығын одан әрі дамыту қажет. В оқушы білімі жақсы, сабаққа қызығушылығы жоғары, бірақ өз ойын ашық жеткізуде қысылады. Сол себепті өзін еркін ұстай білуге үйрету және сөйлеу дағдысын қалыптастыру керек. С оқушы оқу үлгерімі нашар, қызығушылығы төмен, сабақта белсенділік танытпайды, тіл байлығы жоқ, ұяң. Оны көпшілікпен араласып, топпен, жұппен жұмыс істеуге баулып, белсенділігін арттыру қажет.

Мен осы бағдарлама курсында оқып жатқаннан–ақ осы сын тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын ұнаттым. Сондықтан осы идеяны мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асырсам деп жоспарлаған едім. Дүниетану пәнінің құрылымының өзіндік ерекшелігі сол – логикалық ойлауға негізділігінде.

2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.

Сыныптағы оқушылардың дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жануарлардың тіршілігі» деген бөлімдегі тізбектелген төрт сабақты өткіздім. Алдымен осы сабақтарға орта және қысқа мерзімді жоспарлар құрдым.

Сонымен сабақтың оқу тәртібін өзгерттім. Ол төмендегідей өзгерістермен жүрді: А) Оқушыларды топқа бөлдім, бөлгенде ортаға әр түрлі қасықтар тараттым. Қызыл, сары, жасыл. Сол бойынша оқушылар топқа бөлінді. C:\Users\1\Desktop\курс2\Фото курс\Изображение 330.jpg

Б) Игерілетін жаңа тақырып сол топқа бөлініп берілді. Оқушылар өздері алған тапсырма бойынша алгоритм құрып, өздері топта талқылап, игеруге тиіс болды.

В) Оқушылардың алатын білімі берік болу үшін, өтілетін тақырыпқа қатысты негізгі мазмұнды ашу үшін ашық сұрақтар, кесте, сәйкестендіру тапсырмалары, т.б. әдіс – тәсілдерді пайдаландым.

Г) Өзім сабақта реттеуші, оқушыға бағыт – бағдар беруші, жетелеуші ролін атқардым.

Оны осы мектептегі іс – тәжірибеден өту барысында сабақтарымда қолдандым. Сонымен бірге, олардың тақырып және соған қатысты қалай ойланатындықтарын, қалай ойлайтындарын, нені ойлайтындарын,неге олай ойлайтындарын және ойлау туралы ойлануда неге сүйенетіндіктері жайлы білуді дұрыс деп шештім. Бұл арқылы осы сыныптағы оқушылардың қызығушылықтарын аңғарып, оларды сыни ойлауға тарта аламын. Тапсырма беру де де осы сыни көзқарастарға жүгіндім. Мұғалім оқушыны ғана емес, оқушы өз ойлары арқылы сыныптастарын да, мұғалімді де сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтінін түсініп, түрлендірілген сұрақтардан құралған тапсырмалар беру қажет деп түсіндім. Сын тұрғысынан бағалаулар жасауды өз тәжірибеме қолданысқа енгіздім. Оқушы балалардың сыни тұрғыдан ойлауы олардың мектеп шаңырағындағы түрлі іс – шараларда, пікірталастарда, сайыстарда, сабаққа қатысу кезеңінде байқалады. Оны тану мақсатында мұғалім бақылау жүргізуі тиіс. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай алу қабілеттерін сабақ беру барысында бақылауға кірістім. Жеті модульді бір сабаққа топтастыра қолдану тапсырмасын орындағанда, сыни тұрғыдан ойлау модулін бірінші күннен – ақ тәжірибеме енгізіп алдым. Ондағы мақсатым, сыни тұрғыдан ойлай алатын балалардың танымдық көзқарастарын кеңейту.

Сабақ бере жүріп, оқушыларды бақыладым. Бақылаудың да берер нәтижесі мол. Сыни тұрғыдан ойлануына талдау жүргіздім. Оқушылардың аналитикалық ойлау дағдысын бағаладым. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға булуды білдіреді.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін төмендегі шараларды үйрету қажет.

1.Оқушыға ойланып, толғануға, өз ойын еркін айтуға рұқсат беру.

2. Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

3. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдау.

4. Түрлендірілген сұрақтар беру барысында сыни көзқарастарын қалыптастыру.

5. Логикалық тапсырмаларды молынан беру.

2 «А» сыныбындағы үш оқушыға тапсырма беріп, іс – әрекеттерін бақылап, бағаладым. Олар: А, В, С оқушылар. Бұлар сияқты оқушылардың ынта – жігерлерін, яғни мотивациясын бақылап, талдап, бағалап, қорытынды жасап отырдым. Бұл оқушылар – оқуда озат, білімі жақсы және үлгерімі баяу оқушылар. Бұл балаларды және өзге де оқушыларды бар сабақтарда бақыладым. Сыныпты топқа бөліп, топ басшысын сайлап, топ ережесін құрастырды. Үй тапсырмасын сұрауда тест жұмысын өткен сабақтағы «Мал шаруашылығы» тақырыбымен байланыстырып, құрастырып әкелдім. Оқушылар тез арада жауап айтып алғырлықтарымен қоса, шапшаңдықтарын да көрсетті. Жалпы жаңа тақырыпты оқушылардың өз бетімен игеретіндіктерін басшылыққа ала отырып, нақты тапсырмаларды, нақты бір уақытта орындауға тарта білдім. Топтық жұмыстарға тез арада икемделе бастады. Алғашқы тапсырмаларды орындағанда оқулықтарға сүйеніп жасады, ұқты, түсінді, ой қорытты. Мұғалім тарапынан да сыни ойлауға үлкен мән беру керектігін, мүлт кетпеуді түсіндім. Бұл арада диалог жүрді, сыни тұрғыдан ойлауы, тың идея айту арқылы көш бастауы көрінді, бұл – бала бойындағы өзгерістер. Келесі тапсырмаларды орындауда белсенді оқушылар белсенділік танытып, мәтін мазмұнын жылдам қабылдап, топ ішінде кімнен кейін кім айтатындарын шешіп жатқандарына куә болдым. Олар сыни ойлай отырып, уақытты да үнемдеп жатты. «Үй жануарлары» тақырыбына әр топ постер дайындады. C:\Users\1\Desktop\курс2\Фото курс\Изображение 071.jpg C:\Users\1\Desktop\курс2\Фото курс\Изображение 069.jpgКіші сынып оқушылары болса да, оның эстетикалық талғамға сай жасалғанын да ескерулері сыни ойлауды аңғартады. Талдау кезеңдерінде олардың қарсы пікір айтып, талқылау жасап жатқандарына куә болдым. Жануарларға қатысты олар көп нәрселерді білгілері келетінін кері байланысқа жазыпты. Бұл – сәтті шыққан дүние. Оқушылардың өздері жасаған бағалаулары сәтті шықпады, себебі көңілдеріне қарап асыра бағалады. Өз бағалауымды айта отырып, бағалауды қалай жасау керектігін түсіндірдім. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу үшін, қызығушылықтарын да арттыру үшін ынталандыра алған дұрыс деп шештім. Бұл арада педагогикалық теорияның да толыққанды болғаны – маңызды.

«Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар» тақырыбы бойынша оқушылар сұрақтар дайындап, өздеріне кезекпен қоя бастады. Сұрақ қоюда да олар дайындалған. Мысалы, «Жануарлар тіршілігіне не қажет?», «Жануарлар қандай топқа бөлінеді?», «Неге үй жануарлары деп аталады?», «Сүтқоректі жануарларға қандай жануарлар жатады?» деген мазмұнды сұрақтар қойылды және өздерінде жауаптары дайын тұрды. Осыдан – ақ модульдегі бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация секілді дағдылар оқушылардың бойынан табыла бастағанын байқадым. Үйге іздендіру үшін жануарлар жайлы тапсырма бердім. Белсенді А оқушым жалпы жануарлар жайлы, менің тапсырмамнан бөлек мағлұматтар жинап әкелді. Өзі тұратын үйінің маңындағы бір жануардың іс-әрекетін бақылап, таныстырылым жасап әкелгенінен оқушының сыни ойлауының бір қырын көруге болады. C:\Users\1\Desktop\курс2\Фото курс\Изображение 562.jpg Бұл олардың қызығушылықтары артып келе жатқандарын тағы да дәлелдейді. Осы арқылы өзге де оқушыларда ой туындайтыны сөзсіз. Бұл әрине, сын тұрғысынан ойлануға оқушылардың тартылуын және реттеліп келе жатқандарын да аңғартады. Оқуда озат А оқушы үнемі тапсырманы орындау барысында көшбасшы ретінде белсенділік көрсетеді. Ол бала тез орындауға, тез ойлауға және тез ойлануға бейімделу арқылы да, өзге де оқушыларды қызықтыра бастады. Сабақ барысында А оқушының жауаптары нақты, сенімді, дәлелді болды. Ол өзінің ойын жеткізе білуімен және сөйлеу мәнерімен де ерекшеленді, дарындылық қабілеті одан әрі дами түсті.hello_html_4211f7b9.png Ал үлгерімі жақсы В оқушыға «Жануарлар тіршілігіндегі жарықтың маңызы» туралы өз ойын айтуға тапсырма бердім. Оған осы тапсырманың жекелей берілуі де, оны ынталандыра түскені даусыз. В оқушы жарықтың маңызы жайлы ғана біліп келмей, жылудың маңызы туралы да мағлұматтар дайындап, тіпті әртүрлі жануарларды салыстырып, кесте де сызып әкелген. Бұл, әрине оқушының сыни көзқарасының дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Өйткені оқушы зерттеулерге де сүйеніп отырғаны белгілі. Осы тақырып бойынша үлгерімі төмен С оқушыға қызығушылығын арттыру мақсатында, деңгейіне қарай мынандай тапсырмалар бердім. Мысалы, жануарлардың қандай топқа бөлінетінін, неліктен олар топқа бөлінетіндігі туралы оқып, білу. Бұл тапсырмаларды орындауда ол ашыла түсті, өзін еркін ұстауға қалыптаса бастады. Ойы да өзгере бастады. Оның дәлелі, осы білгені бойынша сұрақтар қойып, өзі де жауап беруге үйренді. Бұл – сәтімен болған жұмыс. Ендігі кезекте «Осы 5 жағдайдың біреуі болмаса жануарларға қалай әсер етеді?» деген ой қозғау сұрағын дайындадым.

Бұл сұраққа оқушылар әртүрлі жауап берді. Жарық болмаса қараңғыда да өмір сүре алады десе, келесі топ сусыз ешбір жануар өмір сүре алмайды деп өз ойларын айтты. Жақсы ашылмағандықтан, бұл жұмыс сәтсіз болды. Бұл арада оқушылардың сыни ойлауларының сатылары жоғарылап келе жатқандығына көз жеткіздім. Бұл жерден тақырыпты меңгеріп қана қоймай, оны талдаулары, талқылаулары, өзіндік ойлары, тұжырымдамалар жасау барысында, жаңа идея айтуға ұмтылғандарының барлығы қызығушылықтан туып тұрғаны сөзсіз. Сонда оқушылардың қызығушылықтары арқылы да оларды сыни тұрғыдан ойлауға тартуға болады. Бұндай қорғау жұмыстарын орындату білім сапаларының өсуіне игі әсерін тигізеді. Естерінде де жақсы сақталады. Әрі сәттілік болып табылады.

Сыныптағы қарым – қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтың мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс – әрекетке тартылуымен қатар жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигзетіндігін көрсетті. (Александер 2001, 2008), (Мұғалімге арналған нұсқаулық)

Бұдан шығатын қорытынды – оқушылардың арасындағы қарым – қатынасты да бақылап, тұжырым жасауға болатыны. Оқушылардың сабақ барысындағы әрекеттері арқылы да сабаққа деген қызығушылықтарын анықтауға болады.

Келесі сабағым «Жануарлар табиғатқа қалай бейімделеді?» деген тақырыпта өтті.

Сабақтың негізгі мақсаты: Жануарлардың қоршаған орта жағдайына қарай әртүрлі жолмен бейімделуі туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Табиғаттың бір – бірімен байланыстылығы туралы білімдері мен біліктерін дамыту. Табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Үй жұмысы бойынша, өздері білетін бір жануардың қорек тізбегін құрастырып келді. Олар тырна балықпен, балық қоңызбен, қоңыз шөппен қоректенеді деп жазса, біреулері қарға тышқанмен, тышқан омыртқасыз жәндіктермен, ал олар өте ұсақ жәндіктермен қоректенеді деп көрсетіпті. Бірақ бұл жұмыста оқушылардың сауаттылықтары, тіл байлықтары көрінетіндіктен, сыни ойлауға талпыныс жасағаны айқын.

Жыл мезгілдеріне байланысты жануарлардың қоршаған ортаға бейімділігі туралы кестемен жұмыс жасауда А оқушының жауабы қанағаттандырды. Ол қорғану үшін басқа түрге ұқсауға тырысатын жануарлар туралы жақсы мағлұмат берді.

«Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?» деген кері байланыс парағын толтыруда оқушылар өз ойларын жазыпты.

Білемін.

Білгім келеді.

Білдім.




Жануарлар туралы әлі де көп мағлұматтар алғылары келетіндерін, жануарлардың тіршілігі қызықтыратындығын жазған оқушылар да кездесті.

Тізбектелген соңғы сабағым «Өткенді қайталау» болды. Бұл сабағымда оқушылардың өткен жолғыдан да белсенділіктері жоғарылағаны байқалды. Сабақты шаттық шеңберіне кіріп, жақсы тілектер айтудан бастадық. hello_html_m74772d65.png Балалар бір – біріне жылы ниеттерін білдірді. Бұл жолы топқа бөлу түрлі – түсті стакандар негізінде бөлінді.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардан сұрап, олардың білімдері тексерілді. Жануарлардың бейімділігі туралы оқушылардың (үйдегі үлкендердің көмегімен) жинаған қызықты ақпараттарын тыңдадым.

Үйге берілген тапсырма бойынша А оқушының ерекше, өте жақсы дайындалып келгені оның жасаған жұмысы мен берген жауабынан көрініп тұрды. Сын тұрғысынан ойлануға әрі ойлауға жетелеуге арналған сұраққа жауап беруде зерттеуге алынған дарынды А оқушы өз ойын ортаға салды. Бір жануардың іс-әрекетін бақылап постерге дайындап қорғап шықты. Осылайша дарынды оқушы арқылы өзге балаларға ой тастау идеясын да ұстандым. Сол мақсатта дарынды оқушыға жақсы қорытынды жасата алғаным да, сабақтағы бір жетістік болып табылады.

«Жануарлар тіршілігіне ең қажетті жағдайларға нелер жатады?» деген сұраққа жауап берген С оқушы өз ойын ортаға салды. Жауап беру кезінде оқушы аздап қысылып, ойын толық жеткізе алмады.

Жануарларды олардың тұратын баспанасымен сәйкестендірді. Бұл әдіс қайталау арқылы жаттауға негізделгендіктен, В атты оқушы жақсы орындады. Сонымен қатар бұл тапсырманың балаға ұнағанын байқадым. Ол баланың қызығушылығын арттыруым – сәттілік.

Оқушылардың өзгертіліп өткізілген соңғы сабақта логикалық ойларын жинақтап, тілдері арқылы бір – бірімен қатынасқа түсуі, Барнстың айтқанындай «Тіл қаншалықты көп қолданылса, соншалықты оқушылардың оқуына әсер ететіндігіне» көзім жетті. Оқушылар сабақ барысында Л. Выготский субъект ретінде көрсеткен Жақын арадағы даму аймағының танымдық деңгейіндегі қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсетті. Іс – әрекеттерін бақылап жүрген А, В, С оқушылар өз пікірлерін ортаға салуда ерекшеленді. Алғашқы сабақтарда онша іс – қимыл көрсетпеген С оқушының да өз ойын ортаға салып, сыныптастарымен бөлісуі жаңаша өткен сабақтағы әдіс – тәсілдердің нәтижесі деп, яғни оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға қарай бет бұрғандығының көрінісі дер едім.

Кері байланысты оқи отырып, оларға сабақтың қызықты өткенін және келесі сабақтарда осылай топтық жұмыс арқылы өткенін қалайтындарынжазыпты. Бұл – қуантарлық жайт. C:\Users\1\Desktop\курс2\Фото курс\Изображение 095.jpgC:\Users\1\Desktop\курс2\Фото курс\Изображение 091.jpg


3-бөлім: Қорытынды және талдау

Жалпы оқушыларды өз ойын ашық, еркін жеткізуге жетелесек мақсатымызға жететіндей мүмкіндіктер болады екен. Менің бұдан түйетін қорытындым, болашақта диалогтік оқытудың басымдылыққа ие болған түрі зерттеушілік әңгімеге қарай ойысуды ұйымдастыру қажет. Сонда зерттеушілік әңгіме өрбігенде, Мерсердің айтуынша ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы талқылау жүрері анық. Осы жерде Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ақылға еркін ой керек» деп қанатты сөзінде айтқандай топпен жұмыс жасағанда оқушы ойының еркін болуын ескергеніміз жөн – ау деймін.

Үш айлық курс бағдарламасының «бетпе – бет кезеңінің соңында – ақ менде өзгерістер пайда болып, көзқарасым өзгерді. Мектепке іс – тәжірибе кезеңіне келген бетте мектеп директорымен кездесіп, бағдарламаның мақсат – міндеттерімен таныстырдым. Одан кейін оқу ісінің меңгерушілерімен кездестім. Мүмкіндігінше ол кісілердің көзқарастарына әсер етуге тырысып, жаңаша әдіс – тәсілдермен таныстырдым. hello_html_m52ad9156.pngМектепке іс–тәжірибе кезеңіне арналған орта мерзімді жұмыс жоспарымен таныстырып, мектептегі іс – әрекетті жүзеге асыру үшін зерттеу жүргізуге рұқсат алдым, ата – аналармен кездестім. Ол кісілерге де оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері туралы ақпарат беріп, қазіргі кезеңде оқушы тәрбиесі тек мұғалімге ғана қатысты емес, жауапкершілік ата – анаға да түсуі тиіс екені болашақ ұрпақ тәрбиесінде мектеп, мұғалім, ата – ана болып біртұтас қоғамдық желі құрғанда ғана нәтиже берілетінін айтып, кездесу өткіздім. hello_html_m1e7dd27e.png Мен өзім жоспарлаған өзгерістерді тәжірибе кезеңіне мүмкіндігінше енгіздім. Жоспар бойынша тізбектелген 4 сабақты өткіздім. Сұқбаттар сабақтан тыс уақытта жүргізілді. Өтілген сабақтар бойынша бейнежазбалар мен фотосуреттер түсірілді және бірнеше сұқбаттар мен сауалнамалар алынды. Мүмкіндігінше айғақтық дәлелдемелерім жинақталды. Бұл деректерді жинау әдісім жоспарлағандай жүріп, біраз нәтиже берді. Оқушыларға сабақ соңынан алған кері байланыстан сабақтың өту әдіс – тәсілдерінің ұнағанын білдім. Оларға топтық жұмыс, постермен жұмыс, ой – толғауларын білдіру, емін – еркін ойларын ашық айту қатты ұнады. Болашақта осындай сабақтар өтіп тұруын қалайтындарын жазыпты. Тізбектелген әр сабағымда АКТ-ны кеңінен қолдандым. Өзім жаңалыққа қарай көп мойын бұрып, көзқарасым толықтай өзгерді. Әсіресе оқушылардың сабақтан кейінгі жылы қарым – қатынасы менің жігерімді одан әрі шыңдады. Джон Раддок «Оқушы үнінің» басты жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты-қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екенін түсініп, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқытуды қалай жақсарту» екендігін жазады. (МАН 71-бет) Оқушының пікірін назарға алу мақсатында оқушымен сұқбатты бейнежазбаға түсіріп алдым. АВС деңгейіндегі оқушыларымнан сабақтан кейін алынған сұқбат төмендегідей болды:

А оқушы:

  • Маған осы сабақтар қатты ұнады.Соның ішінде топ басшысын сайладық, топ ережесін құрастырдық, бір-бірімізді бағаладық, қасымыздағы топтаарды бағалады, солар маған қатты ұнады.

В оқушы:

  • Осы сабақтар кезінде өткен жаңа тақырыптар маған түсінікті болды. Сурет салған, оны қорғағанымыз, топпен жұмыс жасағанымыз маған ұнады.

С оқушы:

  • Маған топқа бөліну, сергіту сәттері, бір-бірімізді бағалағанымыз, топпен бірігіп кесте жасағанымыз ұнады.

Осы оқушылармен сұқбаттан кейін топтық жұмыстың балаларға тиімді екендігін алдыма қойған мақсатыма жақындағанымды түсіндім.

Осындайда қазақтың «Не берсең де балаға бер» деген даналық сөзінің рас екеніне көз жеткіздім. Балалардың ризашылығы менің көңілімді көтерді. Бұл жерден сыни ойлаудың сатыларына біртіндеп көтеріліп келе жатқан балаларды көреміз.

Демек, біздің енгізген өзгерістеріміз оқушыларды сын тұрғысынан ойландыра алғанын толық сеніммен айта аламын. .

4-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы

Әрине жұмыс болған жерде кемшілік те болады. Тәжірибе барысында кедергілер мен қиыншылықтар болды:

  • Сынып оқушылары толықтай сабақтарда қатынасуға жағдайлары болмады.

  • Оқушылар әлі де болса дәстүрлік қалыптан шыға алмай жатты.

  • Блум таксономиясына салуда біраз ауырлық көрсетті.

  • Ашық сұрақтарға жауап бергенде жауаптарды қысқа қайыру.

  • Нақты дәлелдемелер келтіруде қиналғандары байқалды.

  • Шудың басым болуы.

  • Сын тұрғысынан ойлаудың аздығы.

  • Топтағы бірлескен жұмысты ұйымдастыру кезіндегі кей оқушылардың қызығушылығының төмен болуы.

  • Бағалау, рефлексия кезіндегі дағдыларының төмен болуы.

Осы кездескен кедергілерді жоюдың жолы қандай десек, мен мынадай тұжырымдар айтар едім:

  • Сабақты шығармашылықпен өткізу.

  • 7 – модульді басшылыққа ала отырып әр түрлі әдіс – тәсілдер негізінде түрлендіре отырып өткізу.

  • Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыру.

  • Блум жүйесі бойынша оқушыларды талдау, жинақтау, бағалау кезеңдеріне жеткізу үшін ашық сұрақтар қоюға жетелеу.

  • Оқушылардың өздеріне қарапайымнан күрделіге қарай сұрақтар құру, тест құрауға тапсырмалар беру.

  • Оқушының қызығушылығын ояту мақсатында постер құру, АКТ-ны қолдану, рольдік ойындар, сайыс сабақтарды жиі өткізу.

  • Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін тапсырмалар беру кезінде олардың білім деңгейін ескеру керектігін ойыма түйдім.

Ал болашақта не істеуге болады деген ұсынысымды айтсам, Кембридж университеті ұсынған Бағдарламаны қолдаймын, өз мектебім бойынша мүмкіндігінше өзгерістер енгізіп, мектептегі әріптестерімді үйрете отырып, қоғамдастық желіде өз тәжірибемізді таратсақ деп ойлаймын. «Оқушы үнімен» санаса отырып тиімді сабақ өткіземін.

Жалпы мектептегі тәжірибе кезінде іс – әрекетті зерттеу барысында жоспарлаған жұмыстарыма көңілім толды.

Болжам: Осы бағдарлама аясындағы жеті модульді сабақтарда ықпалдастыра отырып, оқушыларды барлық тақырыптарды өткенде сыни тұрғыдан ойлауға икемдей отырып, қолдану. Оқушылардың өнегелі тәрбие мен сапалы білім алудағы сыни көзқарастарын дамытуға жетелеу. Тәртіпті болуда, білім алуда, түрлі тапсырмаларды орындауда, үйірме жұмыстарына, олимпиадаларға қатысу да сыни көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету.

Әрбір оқу процесінің аспектілеріне көңіл бөле отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін екінші деңгей бағдарламасының жеті модулін басшылыққа алып, жұмысымды алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлаймын. Әріптестерімнің тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылатын Lesson Study-ді де өткіземін. Топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, дүниетану пәнінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, сыни ойлауға, ынтымақтастыққа, белсенділікке жетелейді деп тұжырымдаймын.

Халықтың: «Білгеніміз бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегені менің өмірлік қағидам. Менің алда үйренетінім өте көп. «Ұстаздық еткен жалықпас – үйретуден балаға» - дегендей білім беру жүйелерін жаңаша өткізуге тырысамын. Бұған өзімнің бар күш – жігерімді саламын деген ойдамын.

Тәжірибем шыңдалып, білім жолына басқа көзқараспен қарай бастадым. Алдағы уақытта да жаңаша үйренген тәсілдеріммен сабақтарымды түрлендіріп өткізбекпін. Жаңа әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақта пайдалану өз нәтижесін беретініне сенімім мол. Оқушы үнемі ізденісте болып, шығармашылықпен жұмыс жүргізді. Бүгінгі оқушы – ертеңгі қоғам қайраткері, болашақтың жарқын болуы үшін аянбай еңбек ету- менің басты парызым деп білемін. Осы үміттерім ақталып, барлығы сәтті болады деп сенемін.

Тек тер төгу арқылы білім шыңына өрлей аламыз. Сондықтан менің әлі де алатын белестерім мен бағындыратын шыңдарым алда, оның барлығын Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының екінші (негізгі) деңгейінде жеті модуль аясында қарастырылған бағдарламасын тәжірибемде қолдану кезінде көзім жетті.

Қорыта айтқанда, бұл іс – әрекеттегі зерттеу кезінде мен тәжірибелік тұрғыдан өте көп нәрсе үйрендім. Өзім сынды мұғалімдермен пікір алмаса отырып, тәжірибеме көптеген өзгерістер енгіздім деп санаймын. Өз бойыма бірнеше жұмыстарды тоғыстыруыма тура келді. Бізге тәлімгерлік пен зерттеушілікті қатар атқару міндеті жүктелді. Алдағы уақытта, бізді, «өзгерген» мұғалімдерді ауқымды, қиын да, қызықты істер күтіп тұр. Іс – әрекеттегі зерттеуді –алда мектептерімізде біртіндеп жүзеге асырылатын үлкен өзгерістердің баспалдағы деп түсіндім. Алдағы уақытта осы айтылғандардың барлығын пайдаланып, жақсы сабақтар жүргізіп, жаңаша мұғалім болуға тырысамын деген ойдамын.Ең бастысы балаға бостандық бере отырып, ой еркі мен сөйлеу еркінен шектемеу керек, сонда ғана білім шыңына жетеріміз анық. Алдағы уақытта мен педагогикалық ұстанымы мен көзқарасы айқын, өзгерген мұғалім ретінде ұстаздық қызметімнің жаңа белесіне көтерілемін. Қорыта айтқанда, оқушы бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей, күннен-күнге дами түсуі қажет.

Ойымдағыдай болса екен, бәріне табыс тілеймін. Сөзімді

«Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады» - деген Уильям Уордтың сөзімен аяқтағым келеді.





Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп–үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім десек, ойымызға ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім» деген сөзі ойға оралады. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы–оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, құрметтеу–әр мұғалімнің борышы деп білемін. Бүгінгі заманда ұстазға қойылатын талап та жоғары, себебі жаһандану заманында заманауи әдіс-тәсілдерді үйрету арқылы оқыту үрдісін жүргізу басты міндет. Міне, осындай кезеңде әлемде жүріп жатқан өзгерістер мен толықтырулар, өркениеттер қақтығысының заманында біліммен бірге оқушыға берілетін тәрбиеге де зор көңіл бөлінуі керек.  КембриджУниверситеті ұсынған екінші деңгейлі бағдарламасы бойынша үш айлық курсқа келіп үйренуім және ондағы заманауи әдіс-тәсілдер менің көзқарасымның өзгеруіне және ұстаздық қызметімнің жаңа сатыға көтерілуіне үлкен әсері болды. Бағдарламаның мақсат-міндеттерімен танысқан соң осы уақытқа дейінгі іс-әрекетіме рефлексия жасап, расында мына бағдарламаны игеріп, осы әдістемелік тәсілдерді мүмкіндігімізге қарай іске асыру барысында көп нәрсенің өзгеретініне көзім жетті.         Сын тұрғысынан ойлау, бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлауға және іс-әрекеттің жаңаша түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділікпен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.           Негізгі деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі: ·        Релеванттық ақпараттар жинауды ·        Дәлелдерді сын тұрғысынан қолдау мен бағалауды ·        Кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар ·        Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Общая информация
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону N273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» педагогическая деятельность требует от педагога наличия системы специальных знаний в области обучения и воспитания детей с ОВЗ. Поэтому для всех педагогов является актуальным повышение квалификации по этому направлению!

Дистанционный курс «Обучающиеся с ОВЗ: Особенности организации учебной деятельности в соответствии с ФГОС» от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (72 часа).

Подать заявку на курс

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация инклюзивного обучения в сфере образования»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.