Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс повышения квалификации
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: Құрақ құрау. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: құрақтың құрылуы және оның құрақ көрпешелерде қолданылуы туралы жалпы теориялық мәлімет беріп, оның әдіс-тәсілдерін үйрету. Дамытушылық мақсаты: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құрау барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту. Тәрбиелік мақсаты: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, өнер адамдарын құрметтеуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: -демонстрациялау: сөйлесу, көрнекілікпен жұмыс -ізденіс, зерттеу. Оқуды басқару әдісі: өзіндік жұмыс. Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих, әдебиет, математика, жаратылыстану. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың көрнекілігі: оқулық сызба, сөзжұмбақ, суреттер, үлгі (лекал) Оқушылар үшін: дәптер, мата қиықтары, сызғыш, қайшы, жіп. Қолданылған стратегиялар: топпен жұмыс, сәйкестендіру, топтастыру, топтық жұмыс. Сабақтың барысы: 1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Жаңа сабақты түсіндіру. Бүгінгі өтетін сабағымыз: «Құрақ құрау» Жаңа сабақтың жоспары. 1. Поэзия минуты. 2. Маталардың жіктелуі. 3. Мата бетінің құрылысы. 4. Құрақ туралы түсінік. 5. Құрақ өрнек құрастыру. 6. Шаршы, үшбұрыш, түрлі түсті матадан құрақ құру. 7. Түстер гаммасын топтау, түстер үйлесімділігі. 8. Сөзжұмбақ. 9. Қауіпсіздік ережесі. 10. Практикалық жұмыс. Поэзия минуты. Құрақ көрпе тігу қызықты, Көп уақытты алады. Бірақ соңына жеткенде Керемет болып шығады. Қия алсаң маталар әдемі, Үйлессін оған көлемі. Бояуымен үндескен, Құрар көрпе әсем түр-түспен. Бұйымдар мен заттарды, Сәндеу үшін құрайды. Қиын да болса қиналмай, Мен де үйрендім құрақ құрауды. Құрақ туралы түсінік. Қазақ халқының қол өнерінің ең көп тараған түрі – құрақ. Кезінде оны апа, әжелеріміз бірден пішіп, қырқып, құрастыра берген. Құрақ – сан түрлі қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын қиықтар таза және тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Егер құрақ қалың маталардан тігіліп, арасына жұқа мата пайдаланылатын болса, онда оны астарлайды. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы: жиһаздар бетіне, орындықтарға, дивандарға, креслоға әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер әрбір шаңырақты сәндендірері сөзсіз. Алдын-ала құрақтың нобайын, суретін салады. Сонда құрақтың жолақ, шаршы, дөңгелектерінің орнын бір жерден екінші жерге ауыстырып қоюға болады. Құрақ құрау өнерімен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды. Мысалы, қазақ халқы «құрақ», орыс халқы «құрақ мозаикасы» немесе «пэчворк» деп атайды. «Пэчворк» - бұйымның нақышы мен колоритін анықтайтын, құрақпен орындалатын жұмыс. Құрақ құрау үшін үлкен шыдамдылық пен шабыт керек. Мұндай шығармашылық процесс адамнан елестете алу, қиялдау сияқты сезімдерді талап етеді. Көз алдына келтіріп, ойша елестете алған адам ғана матаның, түстердің көмегімен өзіндік туынды жасайды. АҚШ, Германия, Швеция сияқты елдердің мұражайларында құрақ техникасы сәнімен орындалған бұйымдардың коллекциялары бар. Ал қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін бірқатар бұйымдар Ә.Қастеев мұражайында сақталған. Құрақтарды ас үй, жатын бөлме заттарын тартымды етіп көрсету үшін пайдалануға болады.Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігі. Матаны түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата қиындыларының ішінен алдымен түсі ақ, ұсақ суреттері бары таңдап алынады. Бұлар басқа түстерге қарағанда сирек және аз мөлшерде қолданылады. - Сұр түс – кез-келген гамманы жақсартады. - Ақ түсті фон ретінде пайдалансақ композицияны нәзік етіп көрсетеді. - Бір бұйымға өте көп материал қолданудың қажеті жоқ, 3-5 түрі жеткілікті. - Құрақпен жұмыс істеу үшін матаға суреттің қандай тәсілмен түсірілгенін білу керек. - Жылтыр маталарды өте сақтықпен қолданған жөн, бұйымда олар барынша аз болғаны дұрыс. Жылтыр матаның бетіне гипюрден тері немесе тюль қоюға болады. Градациясын басты назарда ұстау қажет. Дүкендерден әдейілеп мата іздеудің қажеті жоқ. Құрақ астары үшін декоративті материалдар және арзан мата қалдықтарын пайдалануға болады. Қазақ халқының сәндік өнеріндегі басты бояудың түрі – көк түс. Шоқан Уалихановтың айтуы бойынша, бұл түстің заттық мағынасы бар. - Қызыл – оттың, күннің рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс – оңтүстікті, қара – солтүстікті, ақ – батысты, көк – шығысты білдіреді. - Қара – жердің түсі, берекенің белгісі. - Ақ та қасиетті түс. Ол қуанышты хабардың, бақыттың, тазалықтың белгісі. Ақ – сонымен бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі іспеттес. - Сары түс – негізінен ақыл-парасаттың белгісі деп есептелінеді. - Жасыл түс – жастық пен көктемнің белгісі. Тірек системасы. - Бұйымды үтіктеу. - Қол жұмысының технологиясы. - Қорытындылау мақсатында сөзжұмбақ пайдаланылады.
7 365 556 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Бахтыгереева Бибигул Таукеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВам будут доступны для скачивания все 356 090 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
2 ч.
Мини-курс
2 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.