Инфоурок Обществознание Конспекты«Ағылшын тілі сабағында дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдар «

«Ағылшын тілі сабағында дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдар «

Скачать материал

Ағылшын тілі сабағында дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

Кобегенова Гаухар, Ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

ОҚО, Мақтарал ауданы, Мырзакент мектеп-гимназиясы

 

Жоспар:
Кіріспе
1.Шығармашылық зерттеу- жеке тұлға мүмкіндігінің өлшемі.
1.1 Шығармашылықтың пайда болуының негізгі факторы.
1.2 Психологиялық дайындау- шығармашылық шабыт шақыру.
1.3 Шығармашылық жұмыс- баланың ізденіс қабілеттерін дамыту жолдары.

2.Шығармашылық жұмыстың түрлері

2.1 Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы.

3. Шығармашылық жұмысты жүргізудің тиімділігі.

Қорытынды

 

Кіріспе 

Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің баты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту.

Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым.

Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Жұмысты жүргізу әдістері:

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері:

·               Стрела әдісі:

Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру.

·               Бумеранг әдісі:

Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін-зердесін танымдық мәнге аудару.

·               Лоскутная:

Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру.

·               Бейне диктант:

Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру.

·               Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:

Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу.

·               Оқытудағы практикалық әдістер:

Мәтінді рөлдерге бөліп оқу, диолог. мәтін бойынша пікірлесу. Өзіндік таным түсінігін айтып беруге жаттығу. Сөздіктерді пайдалана білу.

·               Оқытудағы индуктивтік және дедуктивтік әдістері:

Дараны жалпыға, жалпыны дараға келтіріп талдауды оқушының қызығушылығына үйлесімді болуына мән бере отырып жүргізу.

·               Проблеманы оқушыға шешкізу, оларды өздігінен ізденуге бағдарлау:

Оқушыны өздігінен ізденіп, өздігінен ойлантып пайымдау жасату, зерттеушілік тұрғыдағы ой тұжырымдамасын жасай білуге бейімдеу.

·               Оқытудағы белсенділік және интенсивтік әдістер:

Техникалық пайдалану, түрлі ойындар мен шығармашылыққа бейімдеу, интенсивтендіруде суггестиялық жолды жүзеге асыру. [25]

 1. Психологиялық сөздікте «Шығармашылық іс- әрекет нәтижесінде жаңа материалдық және тарихи құбылыс болып саналатын шығармашылықтың психологиялық аспектісі де бар: жекелік және үрдістік. Бұл жеке тұлға нәтижесінде өзінің жаңалығымен, бөлектілігімен ерекшеленетін өнім шығаруға қажетті қабілеттердің, білімнің, икемділіктің және дағдылардың болуын талап етеді» деп берілген.

Л.Выготский «Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс- әрекетті атаған.» Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Понамеров оны даму ұғымымен қатар қояды.

Шығармашылық сөзінің түп төркініне орыс ғалым М.Поташник былай анықтама береді:

-жаңа өнім жасау немесе бұрынғы өнімді жаңалап жетілдіру;

-іс- әрекеттегі қайталанбайтын, өзгеде жоқ, нәтижелі өнім.

1.2. Психологтар соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Оның бірі «туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған екен. «Туа қалыптасқан» данышпандар өз туындыларына керемет қабілеттілік та-

нытқан. Ал «келе – келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті- қажымайтын жігер, білуге деген құштарлық, өз-өзіне қоятын қатаң талаптың болуы екен.

Мектеп қабырғасында кемеңгерлер жақсы да,жаман да оқиды. Ал адам бойындағы дарындылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты – табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену. Демек, табиғи таланттарды ашу, жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аямай еңбек ету. [16]

1.3 Шығармашылық- бүкіл болмыстың, қозғалыстың дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршілік көзі.Қазіргі педагогика ғылымында оқушы шығармашылығына бағыт- бағдар беру мәселесі кеңінен көтерілуде.Оқушы шығармашылығын дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.

Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.Бұған бүкіл халықтық және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік.Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткізген жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс- әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға ие болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында да зеріттеліп келеді. Шығармашылық педагогикасының мақсаты- бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдармен жаңа шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін таңдау ең алдымен «қабілет»ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.

2.1 Менің ұстаздық міндетім – жұмбақ дүние сырын меңгеру барысында әрдайым дамып жетіле беретін жекелік қасиеттерді шәкірт бойына дарыту дара тұлғаның пікірі арқылы адам психологиясы мен қоғам өмірін жақындастыру, баланың өз шығармасы арқылы өмірмен байланыстыру. Бәрімізге белгілі, бір сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Ал мен оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімделіп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын.[19]

Ағылшын тілі пәнінде де шығармашылыққа, интеллектіні дамытуға берілетін тапсырмаларды қолданамын. Бұл сабақтар балалар үшін өте қызықты сабақтардың біріне айналды. Алғаш заттарды салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын анықтау сияқты қарапайым тапсырмалардан басталған жаттығулар бірте-бірте баланың тез ойлап, шұғыл шешім қабылдауын талап ететін, оны жан-жақты дамытуға әсер ететін тапсырмалар түріне ауыса бастады. Әсіресе дамытушылық мақсаты «жасырын» тұрған бір қарағанда қызықты көрінетін дидактикалық ойындар жоғары эмоциялық жағдайда өтеді.

Солардың бірі «What is this ?» «Ол неойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенін анықтаулары керек.

Мұғалім: "This is a boy. It is round. The color this of the toy can be different. It will be big and small. The children like this toy very much. They play different games with it". Бұл ойынды әртүрлі нұсқада ұжым болып та, топтарда да, қолдануға болады. Ең негізгісібалаға дұрыс меңгерте отырып, сипаттама бере білуге үйрету. Жауаптарда айтылғанға сәйкес ұқсас заттардың табылып жатуы мүмкін. Ол ойынды одан әрі қызықтыра түседі. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

Оқушының ерекше қызығушылығын туғызатын жұмыс түрі өмірде көп кездесетін,бір қарағанда жағымсыз болып көрінетін кейбір оқиғалардың пай-

далы жағын көруге тырысу және айтып беру. Бұл тапсырма да күрделеніп отырады. Оған мысал ретінде «Жақсы-жаман» «Good-bad» ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамаулары керек.

Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag – bad.

Бұл тапсырма арқылы балалардың объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну, сапасы мен санын ажырата білу сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге, жүйелілікпен талдай білуге үйренеді. Тапсырманың соңғы үшінші түрі қиындау бірақ өте қызықты. Ойынды жүргізу үшін арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Тек ойдың ретін жоғалтып алмаса болғаны. Сынып жағдайында күніне бірнеше рет қайталап ойнауға болады. Бұл шығармашылық қабілеттердің негізгі өлшемдерінің бірі-білімді жаңа жағдайға тасымалдай білуді қалыптастырады

Мысалы, «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30-50 сөзден құралған мәтінді даярлап , оқушыларға үлестіремін. Олар мәтіндегі сөйлем-

дердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

Мысалы, «Where did you get it?»

When uncle Peter came to their house, mother said I`m sorry I have no cheese I know you like it very much little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said You have very good eyes Where did you get it the boy answered from the rat-trap.

«Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орныорнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.

Мұғалім: «A thirsty man». A man along a road was walking. was thirsty He. saw a swimming pool He. There two boys were swimming. He them asked to show a shop the way to. He the store came to. The shop assistant on the phone was talking. It long talk was very. The man and was angry the store left.

«Қосымшасын тап».Жеке атау сөздерден құралған сөздер беріп, оларға тиісті қосымшалар, предлогтарды қойып сөйлем құратамын.

Omar…. Ales were watch…TV…8 o'clock. My friend came home…9 o' clock yesterday evening. His mother was cook the kitchen.

«Мәтін құра». Тақырып белгіленіп, сол тақырып бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі. Оқушылардан сол сөйлемдерді орынорнына қойып, жүйелеп айтып беруін талап етемін.

«Hobbies». Steve enjoys playing football. He has two brothers. His favourite subject is P.E. He knows a few words of Spanish but he doesn’t like learning foreign languages. He is in the school team. He doesn’t like doing homework. He also likes basketball.

«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөйлемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.

« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.

Мұғалім: Which class are you in? What is your teacher’s name? What subject do you like?

«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Мұғалім: When was she ill? What was the matter? Did she have a headache in the morning? How long did she sleep? How does she feel today? Why is she staying in bed?

«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.

«Мақалды тап». «I like this place», said the young man. «Tastes differ. As for me, I prefer the seaside», George smiled at his brother.

«Сөздердің антонимдерін тап».

Sly-naive fast-slow

Greedy-kind clever-silly

Cowardly- brave strong-weak

Сабақты ойын түрлерін пайдалана отырып жүргізуоқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосалқы-қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады.

Рольдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытудағы рольдік ойындардың берер көмегі өте көп:

1.            Рольдік ойынның өзіне тән қасиетібасынан бастап оның «сөйлеу» ретінде жүргізілуі.

2.            Сөздің, сөйлемнің тілдік қызметінен ауытқымауы.

3.            Оның әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделген көрініс-бейнелердің үлгісі екендігі.

4.            Рольдік ойын барысында тілдік серіктестік жұмысының жасанды емес, шынайы түрде жүргізілу мүмкіндігі.

Шығармашылық жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор үлес атқарады. Себебі, оқушы қарапайым нәрседен ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып, кез-келген нәрсені еркін айтып, ойын жаза да, айта да біледі. Шығармашылық жұмыс өткізудегі күтілетін нәтиже:

·               Тіл байлығы, сөздік қоры молайып, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;

·               Жеке тұлға өз жұмісінің нәтижесін көре алады;

·               Танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыруға жол ашады;

·               Ой-өрісі дамиды;

·               Шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтанады.

Қорыта келгенде, шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігін, әдемілікті сезіне білуімен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі қарайлап отырсақ, шығармашылыққа өз үлестерін қосары сөзсіз. Оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттырамын. Бақылау нәтижесінде оқушылардың логикалық ойлауға машықтануы, шығармашылық жұмыстармен айналысуы, пәнге деген қызығушылығы, берілген тапсырманың мақсаты мен мәнін анықтай білуі, өз бетімен жұмыс жасауға ынтасы осындай жұмыстардың нәтижесінде көтеріліп отырды.

«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.            Ахмедиева А.Т «Шет тілі сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу» Ағылшын тілі мектепте 1.2011ж. 32 бет

2.            Ахметқалиева Г. «Шығармашылық жұмыстар» Қазақстан мектебі 7.2011ж 24 бет

3.            Әділханова М. «Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы» Қазақстан мектебі 8.2001ж. 38 бет

4.            Бөлекбаева Қ. «Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы)» Алматы 2007ж 125-126 бет

5.            Джамилова Г. «Обучение английскому языку через образное представление материала» Инастрынный язык в школе 6.2007ж

6.            Жарықбаев Қ. «Технология» Алматы білім 1993ж 272-бет

7.            Жасыбаева А. «ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 43-бет

8.            Жексенбаева Б. «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»

9.            Қараев Ж. «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық технологиясы»

10.        ҚР-ның «Білім туралы» Заңы. Астана 2004 ж

отырып, білім сапасын арттыру.

15.        Поташник М. «Управление качествам образования» Масква 2002ж

16.        Рамазанова Н. «Гуманитарлық цикл сабақтарында оқушылардың»

17.        Сарузенова Ғ «Ағылшын тілі сабағында оқушылардың шығармашылық пен ізденіс қабілеттерін дамыту» [электронник ресурс] адрес www.baiandama

18.        Слямжанова У. «Орта буын оқушыларының ағылшын тілі сабағында шығырмашылық пен ізденіс қабілеттірін дамыту жолдары» [электронник ресурс] адрес www.baiandama

19.        Сураншиева Н. «оқушының өзіндік жұмысындағы грамматикалық ойындар рөлі» Ағылшын тілі мектепте 6.2010ж 44-бет

20.        «Сынып жетекші» журналы 2009

21.        «Мектептегі шет тілі» 2.2004ж

22.        Шарауова А «Жаңа сөздерді есте сақтауда сөзжұмбақтардың орны» Ағылшын тілі мектепте 3.2008ж 20-21 бет

23.        Шарикова. З «Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыта отырып, білім сапасын арттыру.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ағылшын тілі сабағында дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдар «"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ағылшын тілі сабағында дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары Кобегенова Гаухар, Ағылшын тілі пәні мұғалімі   ОҚО, Мақтарал ауданы, Мырзакент мектеп-гимназиясы   Жоспар: Кіріспе 1.Шығармашылық зерттеу- жеке тұлға мүмкіндігінің өлшемі. 1.1 Шығармашылықтың пайда болуының негізгі факторы. 1.2 Психологиялық дайындау- шығармашылық шабыт шақыру. 1.3 Шығармашылық жұмыс- баланың ізденіс қабілеттерін дамыту жолдары. 2.Шығармашылық жұмыстың түрлері 2.1 Шығармашылық дербестікті қалыптастыруда жазба жұмыстарының маңызы. 3. Шығармашылық жұмысты жүргізудің тиімділігі. Қорытынды   Кіріспе  Қазақстан Республикасы” Білім туралы ” Заңында”Білім беру жүйесінің баты міндеті- жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау, интеллектін байыту”деп атап көрсетеді.Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғы шарт жасауы керек деген қағида берік орнықты. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту. Шығармашылық қабілет әр оқушының табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым. Мақсаты: Оқушы шығармашылығын дамытуда оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Жұмысты жүргізу әдістері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың дидактикалық әдістері: ·               Стрела әдісі: Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру. ·               Бумеранг әдісі: Рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін-зердесін танымдық мәнге аудару. ·               Лоскутная: Жоғарғы сынып оқушылармен әр түрлі тақырыпта жарнамалық роликтер ұйымдастыру. ·               Бейне диктант: Оқушы орфографиялық, грамматикалық қатесіз жазуға өз бетімен жеке жұмыс істеуге талпындыру. ·               Ынталандыру және әсерлендіру әдісі:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 269 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2014 4056
    • DOCX 97 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Көбегенова Гауһар Крымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Көбегенова Гауһар Крымовна
    Көбегенова Гауһар Крымовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2473
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 329 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 320 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самоорганизация и планирование

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек