Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы сапалы білім беру »
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы сапалы білім беру »

библиотека
материалов

     «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы сапалы білім беру »

Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады.

Уильям Уарт



Тәуелсіз,егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі- бүгінгі жас ұрпақ.

Егеменді еліміздің еңсесі көтеріліп,тәуелсіз ел болып,аспанымызда көк туымыз желбіреп,мәртебеміз артып ,әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ,ұлттың ,елдің болашағы- жас ұрпақтың тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі ауадай қажет.

Тәуелсіз еліміз Қазақстанның дамуына,өркениетке бастар жолдың бастауы-мектеп десек,мектептің басты тұлғасы ,жүрегі –мұғалім.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін дамытудағы негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман  талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.

Сапалы білім-ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.Бүгін мектеп қабырғасындағы бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар.Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету- мұғалімнің басты міндеті.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. нағыз  ұстазы қандай болмақ, қазіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп  келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қазіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:

Ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама,  яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,   мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

- Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

 -Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер- бұл жеті модульда қарастырылатын білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдері, сонымен қатар «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «Қалай оқыту керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, кеңінен қарастыратын модуль.  Оқыту мен оқу тәсілдері арқылы оқушылардың өзара білім алмасуын , оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың құралы бұл- диалог екенін айқындайды. Диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету»  оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады..

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету- оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын және оқыту барысында кез келген мәселені талқылауды, басқалардың идеяларын  ой елегінен өткізіп, сыни тұрғыдан қарау. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинау, шешім қабылдамас бұрын саналы оймен қорытындылау дағдыларын дамытуды қарастыратын модуль..

          Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау – оқыту барысында оқушылар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер мен оқушылар үшін осы түсініктің мәнін білу аса маңызды, себебі ол оқыту барысында ілгері қадамдарын айқындау мен оған қолдау көрсету  үшін қажет ұғым болып табылады. Модульдің бұл түрінде – мұғалімдер мен оқушылар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін, мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.

Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін  де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты білім беруде қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Сондықтан оқыту барысында АҚТ ны тиімді қолдануды қажет етеді. Оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік білімдердің бүртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқу және оқыту үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.

Қазақстанның жан-жақты дамып , көркеюі үшін талантты да қабілетті оқушыларды тауып, оларды білім беру барысында дамыту өте маңызды.Талантты және дарынды балаларды оқыту – мұғалімдерден күрделі ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.    Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет.Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын өңірлік,ұлттық,халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жеткілікті. Сонымен қатар осы бағдарлама аясында талантты және дарынды оқушыларды оқытуды дамыту үшін инклюзивті тәсілді ұсынады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты  және дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға қатысты болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі жастағы балаларға байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі.

Білім берудег і басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық  та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Бұл кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз.Бірақ ,тәжірибе көрсеткендей,жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгршілік сенімдерін қолданып ,адамдарға әсеретуге болады.

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары (МКДЖ)

МКДЖ-ға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін:

·        Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;

·        Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;

·        Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;

·        Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті.

Оқушылармен пікірлесу басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін   күрделі үдеріс болып табылады.  Оқушылармен әңгімелесу барысында алалықсыз қарау қағидасын сақтау маңызды, барлық оқушылар әсіресе, «үндемейтін» және «дараланған» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.   Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуді шынайы, оқу мен оқытуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтарды қамтиды деп есептеуі маңызды.   

Оқыту мәселелері бойынша оқушылармен пікірлесу оларда өзін-өзі реттеуді дамытуға ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру , ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі мектеп пен сынып жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша оқушылармен пікірлесудің оң салдары болып табылады.   

Бізде сыныпта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан. Сыныптағы әңгімелесуді бақылау энергиясы мол оқушыларды бақылаудың бір тәсілі болып табылады. Аталған бақылау түрі әрине қажет, сонымен қатар басқа, мұғалімдер сыныпта әңгімені пайдалану маңыздылығын түсінетін, сондай ақ ана тіліне де қатысты білім саясатын әзірлеушілердің әртүрлі көзқарастарымен кездесуі мүмкін. Білім беру бағдарламасының барлық нұсқаулығында барлық пән бойынша әңгімелесудің маңыздылығына және балалардың тіл дағдысын дамытуға сілтемелер бар. Мұғалімдер үшін әңгімелесу өз кәсібіміздің басты құралы болып табылады, алайда біз оқушылармен өзара әрекет жасауда осы құралды  әңгімені пайдаланғандай (немесе одан да маңыздысы, олар қалай пайдаланатыны) ең жақсы тәсілмен толыққанды пайдаланбауымыз мүмкін.

Зерттеулерден сыныпта «диалогтық стратегиялар» ауқымын пайдаланудың жақсы нәтижелерге әкелетіні белгілі болды. Деректер бойынша,  мұғалімдер келесі тәсілдерді колданған кезде (немесе кей біреуін) оқушылардың белсенділігі артып және жақсара түскендігі анықталды.

Мұғалім:

•        оқушылардың идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтарды пайдаланады.

•        олар өздерінің ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсететін кезде оқушыларды көтермелейді (сондай-ақ мұғалімдер жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорын ұсынады).

•        оқушылардың материалды өңдеуіне және өз көзқарастарын білдіруіне ұмтылады, мысалы, 'Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?', 'Неліктен?', ‘Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?' деген сұрақтарға жауап береді.

•        Оқушыларға кезек бойынша өз ойларын білдіруге және жете түсінбеушілікті ашуға мүмкіндік береді.

•        Кейбір оқушылардың идеяларын тыңдағанша, сабақтың материалын түсіндіруді бастамайды (түсіндірулер айтылғанмен және олар көтерген проблемалармен байланысты болуы үшін)

•        Оқушыларға күмәнданатын кезде тез қозғалудың орнына сұраққа мағыналы жауапты құрастыруы үшін жеткілікті уақыт береді.

•        Тақырыпты зерделеу мәні мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылауды пайдаланады.

•        Оқушыларға түсіндірулер өткізуге, талқылау бағытын өзгертуге мүмкіндік береді (және, мүмкін, тіпті сабақ бағытын!).

•        Оқушылар үлгілерден үйренуі үшін орынды даулар барысында қарым-қатынасты және оны қолданудың үлгілік тәсілдерін қолданады.

Сыныптағы сөйлесуге оқушылардың белсенді қатысу мүмкіндігін беру мұғалімдерге олардың оқуын бейресми бағалау үшін жақсы мүмкіндік екені белгілі. Алайда , егер мұғалім көбірек ашық сұрақтар беруге немесе сыныпта өте дәстүрлі әңгімелесу тәжірибесі ғана болатын сыныптан кеңейтілген жауаптар күтуге тырысатын болса, онда, мүмкін, күмәнді үнсіздікті ғана естиді (жақсы жағдайда). Сыныпта әңгімелесу үшін дұрыс жағдай жасау және жаңа, әртүрлі «негізгі ережелерді» анықтауға әртүрлі әңгімелесу пішіндерін қалыптастыратын мұғалімге байланысты болады. Бұнда уақыт, ептілік орын алады және кейбір табандылықты талап етеді.

Қорыта айтқанда , өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып,олардың бойынан жоғарғы дәрежелі білім,біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз ететін,оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білімдерін дұрыс қолдана алуына жағдай жасай алатын ұстаз болу – біздің басты міндетіміз

Краткое описание документа:

2013 году прошла курсы по программе Кембриджского университета повышения квалификации педагогических работников РК третьего базового уровня.Основная задача  Программы –помочь учителям оценить и усовершенствовать их педагогическую практику. По окончанию курсов я изменила свои подход к педагогической деятельности .Благодаря курсам я поняла что главную роль на уроке исполняет ученик,а учитель только направляет его действия для успешного  самостоятельного обучения.Это статья о современных подходах к преподаванию и обучению
Автор
Дата добавления 13.05.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров928
Номер материала 102988051305
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх