Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Статья ««Пікірталас- оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру құралы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Статья ««Пікірталас- оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру құралы»

библиотека
материалов

«Пікірталас- оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру құралы»


Оқытудың жаңа үлгісі-пікірталас әдісі. Пікірталас-дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Коммуникативті пікір алмасу үлгісі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, әдістемелік нұсқалауларды басшылыққа алып, оны тарих пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану жақсы нәтижеге қол жеткізді. Пікірталас оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта өзара ашық қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп білім алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары сыныптарда тарих сабақтарында, «Адам.Қоғам. Қүқық.», «Қоғамдық білім негіздері» сабақтарында пікірталас әдісін кең қолданып келемін. Сабақта қолданатын пікірталас үлгісінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы бар және уақыты шектеулі. Оның ерекшелігі - белгілі ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсу, ақиқатқа жету жолын қарастыру, дәлелдерін салыстыру.

Пікірталас технологиясын оқытудың маңызы төмендегідей:

  • қарама-қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;

  • әлеуметтік тілдің дағдыларын қалыптастыру;

  • дебат әдісі арқылы шешендікке алып келуі

  • оқушының дербестігін дамыту

  • таным қабілеттерін дамыту

  • өздігінен білім алуға қажеттілік тудыру

  • білімге кұмарлығын, рухани сенімін күшейту.

Поляк ғалымы Оконь айтқандай, пікірталас әдісі жоғары сынып оқушылары үшін тиімді. Осы әдіспен тарих, құқық сабақтары өткізілді: «Қазақстанда демократияның дамуы», «Тың игеру саясаты ақталды ма?», «Кеңес үкіметі бізге не берді?», «Біз қалай 20 млн. жетеміз?», «Дін қоғамға қауіпті ме?», «Жасөспірім қылмыскерлерді үлкендер сияқты жазалау керек пе?», «Өлім жазасы немесе өмірлік бас бостандықтан айыру», «Аралас неке: «иә» және «жоқ».

Пікірталас ережелерін толық меңгеру үшін мен өз тәжірибемде оқу үрдісін сабақтан тыс жұмыспен тығыз байланыстырып келемін. Сондықтан сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын қолдана отырып жоғары сынып оқушылары үшін «Азамат» атты пікірталас клубы ұйымдастырылды.Оның мақсаты – оқушылардың сыни түрғыдан ойларын дамыту, қоғамның белсенді азаматтарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушылардың білімдерін, көзқарастарын тереңдету

  • оқушыларды іздену, шығармашылық жұмыстарына бейімдеу

  • өз ойларын анық, әсерлі, нақты түрде дәлелдеуге үйрету

  • жүйелі сөйлеу, шешендік дағдысын жетілдіру

  • оқушыларды қоғамдық белсенділікке дағдыландыру.

Сонымен қатар оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мынадай: дебат (пікірталас) технологиясына қойылатын талаптарды білу, оның ерекшеліктерін меңгеру, пікірталас пен шешендік сөздерінің арақатынасын айыру, жұрт алдында еркін сөйлеу, ойды қорыту тәсілдерін меңгеру, беделді құжаттармен, қосымша әдебиетпен жұмыс жасай білу.

«Азамат» пікірталас клубының жүмыс жоспары


Р/с

Тақырыптар

сағат

күні

жауаптылар

1.

Дебат технологиясы- окушының азаматтық белсенділік позициясын дамыту кұралы.



Рысбаева Г.К.

2.

Пікірталас /дебаттың/ шығу тарихы

1



3.

Пікірталас форматтары











1







4-5.

Пікірталас технологиясы


6.

Мини-дебат «Интернеттің пайдасы мен зияны»

1


8 «А»-9 «А» сынып окушылары

7.

Спикерлердің функциясы

1


Рысбаева Г.К.

8-9.

Кейісті құру әдістері



10.

«Хабар» арнасында «Азамат» /видеосабақ/

1

Рысбаева Г.К.

11.

Пікірталастың этикасы



1



12-13.

Шешендік өнер шеберлігі



14.

Пікірталастың жүру тәртібі және реті



Рысбаева Г.К.

15.

Пікірталас «Ауыл болашағы-ел болашағы» болашағымызболашағымыз»

1


Рысбаева Г.К.

16.

Пікірталас: «Мемлекеттік тіл өз деңгейінде ме?


тіл тіл деңгейіндеме

деңгейінде ме?»

1


Рысбаева Г.К.

17.

Қалалық пікірталасқа қатысу


Рысбаева Г.К.


«Азамат» пікірталас клубының жұмысы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін негіздейді. Жаңа педагогикалық технологияға сәйкес құрылған клубтың бағдарламасы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып,оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысуға жағдай туғызады. Сонымен қатар пікірталасқа қатысушылар өздігінен білім алуға, ізденіске, жаңаны білуге құмарланады,оқушылардың азаматтық позицияларының қалыптасуына ықпал етеді.

«Азамат» клубының мүшелері төменгі көрсетілген пікірсайыстарға қатысып, өз дәрежелерін көрсете білді. Мысалы: «12 жылдық білім жүйесі», «Мектеп оқушыларды өмірге дайындай ма?», «Электронды ойындар зиянды», «Мектеп формасы қажет пе?», «Павлодар қаласының атауын өзгерту керек», «Келісімді әскери қызмет » т.б.

Пікірталас клубының әр жылдары болған белсенді мүшелері, аудандық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары:Кенжетаева Айгүл, Касенова Айгерім, Алшынбаева Анаргүл,Нуркина Айымгүл , сонымен қатар Кенжебаева Ақмарал,Дүйсембай Әлімжан,Букейханова Шынар,Жақан Диас,Кенженова Бағдатгүл т.б. Бұл қабілетті, шығармашылық ой-көзқарастары бар оқушылар болғандықтан, пікірталас клубы олар үшін таным мен шығармашылықтың нағыз мектебі болды деп ойлаймын.Сонымен қатар жоғары оқу орындарында әр жылдары пікірталас сайыстарына белсенді қатысқан шәкірттерім баршылық:Бейсекин Аян(Еуразия Ұлттық Университетінің тобында Халықаралық дебат турнирінің жеңімпазы),Толеубаева Аида(ПМУ),Ибраев Жолдасбек(ПМУ), Кенжетаева Айгүл(ПМПИ) т.б.

Қазақ ұлты үшін пікірталас жаналық емес. Бұл атамыздан қалған мұра. XIX ғасырдың ортасына таман Қазақстанға келген поляк Адольф Янушкевич: «Бұдан бірнеше күн бұрын өзара жауласқан екі топ арасындағы қақтығыстың куәгері болдым. Сонда Демосфен мен Цицерон туралы ғұмыры еш нәрсе естімеген шешендерге таң қалдым» деп жазған еді.

Жоғарыда айтылған Карл Поппер форматы бойынша жүргізілетін пікірталас қазақ ұлттық сөз сайысына жақын, туыстас және сабақтас. Олай болса, тарих пәнін оқытуда қолданылатын пікірталас оқытудың жаңа, ұлттық үлгісі бола аларлық дәрежеде. Ендеше осы жоғарыда ұсынылған сыни түрғыдан ойлау және пікірталас технологиялары мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сай, мектепте оқу үрдісіне қажетті әдістер, оқушылардың тәртібіне, оқу ынтасына, ізденісіне игі әсер етеді және оқу-тәрбие үрдісінің күре тамырының рөлін атқара алады деп ойлаймын.Сонымен

қатар өзімнің тәжірибемнің негізінен құрастырылған «Гуманитарлық бағытқа арналған пікірталас жинағы» Павлодар облысының Инновациалық орталығының арнаулы рецензиясын алып жарияланды.


Рысбаева Гульдана Қабдылжағыпар-

қызы,Ақсу қаласы,Жолқұдық ауылы,

Қ.Қамзин атындағы орта мектебінің

тарих мұғалімі




















Краткое описание документа:

  Оқытудың жаңа үлгісі-пікірталас әдісі. Пікірталас-дидактикалық ізденістің маңызды саласы. Коммуникативті пікір алмасу үлгісі жөніндегі негізгі қағидалар мен тұжырымдарды, әдістемелік нұсқалауларды басшылыққа алып, оны тарих пәнін оқытуда оқыту құралы ретінде пайдалану жақсы нәтижеге қол жеткізді. Пікірталас оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта өзара ашық қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп білім алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары сыныптарда тарих сабақтарында, «Адам.Қоғам. Қүқық.», «Қоғамдық білім негіздері» сабақтарында пікірталас әдісін кең қолданып келемін. Сабақта қолданатын пікірталас үлгісінің арнайы құрылымы, ережесі бар, қолданыс аясы бар және уақыты шектеулі. Оның ерекшелігі - белгілі ережеге сәйкес ізденіске негізделген сайысқа түсу, ақиқатқа жету жолын қарастыру, дәлелдерін салыстыру.Пікірталас технологиясын оқытудың маңызы төмендегідей:-    қарама-қарсы ой стратегиясы болғандықтан сөз әдебіне үйрету;-    әлеуметтік тілдің  дағдыларын қалыптастыру;-    дебат әдісі  арқылы шешендікке алып  келуі-    оқушының   дербестігін   дамыту-    таным   қабілеттерін  дамыту-    өздігінен  білім   алуға  қажеттілік  тудыру-    білімге  кұмарлығын, рухани  сенімін   күшейту.Поляк ғалымы  Оконь    айтқандай, пікірталас әдісі жоғары сынып оқушылары үшін тиімді. Осы әдіспен тарих, құқық сабақтары өткізілді: «Қазақстанда демократияның дамуы», «Тың игеру  саясаты ақталды ма?», «Кеңес үкіметі бізге не берді?», «Біз қалай 20 млн. жетеміз?», «Дін қоғамға  қауіпті
Автор
Дата добавления 14.05.2014
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1310
Номер материала 103699051444
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх