Инфоурок Начальные классы Рабочие программы»Қазағым менің « Күләш Ахметова

»Қазағым менің « Күләш Ахметова

Скачать материал

Ашық сабақ тақырыбы: Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Біржасушалы жәндіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызын, паразит жәндіктер қоздыратын аурулар және олармен күресу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Пәнге деген қызығушылығын ояту. Еркін сөйлеп, ойын жеткізуге, салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік: Жаңа білімді игерте отырып, санитарлық - гигиеналық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Тірек - сызба, Венн диаграммасы.
Көрнекілігі: біржасушалы жәндіктер суреті, кесте.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, валеология

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырамасын тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Бекіту.
5. Қорытындылау.
6. Үйге тапсырма.
7. Бағалау.

Кіріспе бөлім.
Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар.
Бүгін біз жаңа тақырып: «Біржасушалылардың адам өміріндегі, табиғаттағы маңызы» атты жаңа тақырыпты меңгереміз. Жаңа тақырыпты меңгермес бұрын өткен тақырыптар туралы білімдерін қайталап еске түсіру мақсатында оқушылардын білімдерін тексеру, яғни біржасушалылардың тіршілік әрекеті.
Үйге қандай тапсырма берілді?
Жауап: Біржасушалы жәндіктердің тіршілік әрекеті.

Негізгі бөлім.
Үй тапсырмасын тірек сызба жұмысымен тексеру.
Біржасушалы жәндіктер класы

2. «Кім жылдам?» ойыны.
1. Қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?
2. Қарапайымдар табиғатта қай жерлерде көп таралған?
3. Цистаның қандай маңызы бар?
4. Кірпікшелі біржасушалы жәндік?
5. Денесінде хлоропласторы бар біржасушалы жәндік?
6. Дене пішіні тұрақсыз жалған аяқты жәндік?

3. «Құпия сан» ойыны.
1. Өсімдіктер тәрізді қоректенетін жәндік?
2. Қыста жәндіктер неге өлмейді?
3. Денесінде бақалшақ болатын амебаның түрі?
4. Домаланғының бір түрінің шоғырында қанша жасушаға дейін болады?
5. Эвглена мен домаланғыны басқаша қалай атайды?
6. Амеба мен арцелланың басқаша атауы?
Жауаптары:
1. Тамыраяқтылар.
2. Арцелла.
3. Талшықтылар.
4. Эвглена
5. Циста түзейді
6. 500 - 1000

4. «Кім тапқыр?» жұмбақ ертегі.
Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өте ақылды және қарапайым болған екен. Патшаның үш ұлы болған, олардың мінез - құлқы мен жаратылысында өзгешіліктер болыпты. Үлкені - бір орында тұра алмайтын, соған сай мінезі де құбылмалы екен. Ортаншысы - өте сәнқой болыпты, күндіз жасыл көйлек кисе, түнде ақ көйлек киіпті. Үнемі төбесінен бір тал үкісі түспепті. Ал кішісі - ерекше пысық болыпты, оның әдемі кірпіктеріне қызықпаған ел қалмайды. Тіпті екі «жүрегі» болғанға ұқсайды. Бірақ, осы үш ұлдан көптеген елдер зиян шегіпті де, патшаға арыз айтушылар көбейіпті. Сонда әбден шаршаған патша халыққа мынандай үндеу тастапты: « Менің ұлдарымның бойында ерекше қасиеттері бар, кімде – кім сол қасиеттерін тапса, бас уәзірім болады» - депті.
Ал, қане ойланайық! Кім тапқыр екен?

Жаңа сабақты түсіндіру барысы.
Оқушылардың алдын ала берілген хабарламасын тыңдап, толықтыру.
1 - оқушы. Біржасушалы жәндіктердің пайдасы.
2 - оқушы. Біржасушалы жәндіктердің зиянын.

Жалпы біржасушалы жәндіктер екі топқа бөлінеді:
1. Еркін жүріп тіршілік ететін біржасушалылар
2. Адам мен жануарлардың әртүрлі мүшесінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі аурулар тудыратын біржасушалылар.
Еркін жүріп тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындардың табиғатта және адам өмірінде өзіндік маңызы зор. Бұлардың көпшілігі бактериялармен қоректеніп, суды тазартады. Мысалы жасыл эвленаны санитарлық жәндік деп аталу себебі, ол суды тазартады. Өздері тұщы су шаяндарына, ұсақ шаяндарға, біржасушалы жәндіктерге, балықтар мен шабақтарға, басқа да су жәндіктеріне қорек болады. Біржасушалы жәндіктердің қалдықтарынан су түбіндегі шөгінді құралады. Геолог ғылымдар осы шөгінділер жинақталған жерлерде мұнайдың мол қоры болатындығын анықтаған. Топырақ түзуге де өз үлестерін қосады.
Қарапайымдардың ішінде адам өмірі мен жануарлардың әртурлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Соларды мына кестеден қарап, толықтырайық.
Паразитті тіршілік ететін жәндіктер
Жәндік аты --------------- Тудыратын ауру аты.------ Жұқтырушы орта
Дизентерия амебасы ---- Қантышқақ ауруы --------- Жуылмаған көкөніс, лас су
Безгек паразиті ---------- Безгек ауруы ----------------- Безгек масасы
Трипанасома ----------- Адамда ұйқы ауруы. Жылқыда киеңкі.
--------------------------- Сиырда су ауруы ----------- Сона, қандала, цеце шыбыны
Лейшмания -------------- Лейшманиоз ------------------ Құм шіркейі
Құртамыш ---------------- Кокцидиоз -------------------- Лас қол, лас су
Лямблия ------------------- Лямблиоз --------------------- Лас, қайнамаған су

Трипанасома жұлын сұйықтығында, қанда паразиттік тіршілік етеді. Қанның қызыл түйіршігін бүлдіріп, адамда, малда жұқпалы ауру туғызады. Таратушылары сона, қандала, цеце шыбыны. Табиғаттағы иесі киік. Адамда ұйқы ауруын, жылқыда кілеңкі ауруын, сиырда су ауруын туғызады.
Безгек паразиті тасмалдаушысы безгек паразиті. Қанның қызыл түйіршігінде тіршілік етеді. Бір түйіршіктен екіншісіне ауысқанда ауру ұстайды. Қазір бұл ауруларға қарсы хинин, акрехин дәрілері жасалған. Безгек қарапайым безгек жәндік безгегі арқылы өріс алатындығын, сол қоздырғышты ауру қанынан тұңғыш рет 1879 жылы орыс дәрігері В. И. Афанасьев байқап, оны 1881 жылы француз ғалымы Лаверан қуаттады. 1900 жылы италиан зоологы Батиста Грасси безгек ауруын тек безгек масасы арқылы таралатындығын тәжірибе арқылы дәлелдеді.
Құртамыш спора арқалы көбейетін біржасушалы жәндік, ішек, бауыр, бүйрек, т. б. мүшелердің жасушаларын зақымдай отырып кокцидиоз деп аталатын ауру туғызады.
Паразиттік тіршілік ететін біржасушалылардың ішінде адамда, жануарда қауіпті аурулар туғызатындары көп. Оларды жұқтырмау үшін ең бастысы тазалықты сақтау керек. Ол үшін үйді, төсек орын, киімді, ыдыс аяқты, азық түлікті таза ұстап, қолды жуғаннан кейін ғана тамақ ішкен жөн. Паразиттік тіршілік ететін, ауру тудыратын қарапайымдардың көбейіп кетуіне мүмкіндік беретін табиғи ошақтарды үнемі құртып отыру керек.

Бекіту.
Оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін тексеру барысында сұрақтар берілді. Сұрақтар:
1. Паразитті жәндіктер деген ұғымды қалай түсінеміз?
2. Қандай аурулар біржасушалы паразиттер арқылы таралады.
3. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген халық нақылын қалай түсінесің?
Қорытынды бөлім
Қорытындылау.

Тақырыпты қорытындылау кезінде оқушыларды екі топқа бөліп, бір тобы біржасушалы жәндіктердің зиянын ізде, екінші топ табиғатқа маңызын іздеп, айқындап, Венн диаграмассын толтырады.
1. Еркін жүріп тіршілік ететін жәндіктер суды ластанудан тазартады, топырақ түзейді
2. Бір жасушалы қарапайым жәндіктер жалпы қоректік тізбекке кіреді
3. Паразит жәндіктер адам, жануарлардың әр түрлі ауру туғызады

Үйге тапсырма.
«Тазалық денсаулық кепілі» деген тақырыпта хабарлама даярлау тапсырылады. № 34 тақырып «біржасушалылардың табиғатта және адам өміріндегі маңызы»
Бағалау.
Графикалық диктант
1. Жасыл эвгленаның дене тұрқы... 0, 05мм
2. Біржасушалылар микроскоппен көрінеді.
3. Вольвокстың сыртқы пішіні төртбұрышты.
4. Амебада цитоплазма болмайды.
5. Эвглена мен вольвокс талшықты қарапайымдар.
6. қарапайымдардың тітіркендіргіштік қасиеті бар.
7. Амеба мен арцелла жалған аяқтылар арқылы қозғалады.
8. Біржасушалылар жынысты жолмен көбейеді.
9. Біржасушалылар суда еріген оттекпен қоректенеді.
10. Біржасушалылар дайын органикалық заттармен қоректенеді.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп - оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді.

Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады.

Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем оларды өсірмеңіз.

Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз.

Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар –солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде /атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б. /. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет.
Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер /искусственные/ қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз.

ҚАЙ ГҮЛ ТАБЫС ӘКЕЛЕДІ?
Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі (лилия), қазтабан гүлі (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді (фиалка) орналастырсаңыз, олардың жеткіншектің өсіп-жетілу уақытындағы көңіл күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ (герань) гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті. Сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

ПІЛ ҚҰЛАҒЫ (ALOCASIA) гүлінің әдемілігі - жалпақ жапырағында. Жапырағының көлемді болуына байланысты гүл «піл құлағы» деп аталады. Сонымен қатар, жаңбыр жауар алдында піл құлағының жапырағынан тамшы тамады, осы қасиетіне орай гүлді «жылауық», «ауа райын болжағыш» деп те атайды.
Гүл фитостерол, темір, никель, хром, мыс т.б. көптеген макроэлемент пен дәруменге бай. Биологиялық белсенді заттардың құрамында көп болуы әр түрлі инфекциялық ауруларға төтеп бере алатындығынан көрінеді.
Ғалымдар өсімдікті ғылыми тұрғыдан зерттеу барысында гүлдің жөтел, мастопатия, ревматизм, денедегі түрлі жараға сондай-ақ, аллергия, қабыну мен ісікке және асқазан ауруларына қарсы ем екендігін дәлелденген.

ЖАСАҢШӨП (АҚША АҒАШЫ)
Жасаңшөп (ақшалай ағаш) кәдiмгi ақшаны әкеледi.
Өсірген жасапшөптің жапырағына аса көңіл бөлген жөн. Себебі жапырақ мейлінше үлкен болса ол мол қаржы алып келет деген сөз. Ал егер мейлінше ұсақ, көп болса ақша кішкене – кішкене жан жақтан мол қаржы келет деген сөз. Ақша гүлін өсіре отырып оған күнде монетка салып тұру керек. "Балықты қалай су қызықтырады, ақша менің гүлімді де солай қызықтырады." деп айтқан жөн. Жасаңшөп (толстянка) фэн-шуй ілімі бойынша қаржы ісінде сәттілік әкелетін өсімдік болып есептеледі. Өсімдіктен бөлінетін тозаңдар адам ағзасына пайдалы. Ол ауаны тазалайды. Өсімдік ағзаның психикалық және физикалық шаршағанын басады. Адам ағзасын жұқпалы ауруларға қарсы белсендіреді.

Күй талғамайтындықтан қараңғылау бөлмеде де жақсы өседі.
Бөлме өсімдіктерінің әрқайсысына тән сенімдер бар. Көбі жасаңшөпті «ақша шақыратын өсімдік» деп жатады. Ағаш биіктеп өссе, жапырағы қалың әрі үлкен болса, қаржылық жағдайдың жақсаратынын білдіреді деп сенеді. Ал өсімдік жақсы өсуі үшін оған күтім жасау керек.
Гүлдің жақсы өсуі оны дұрыс отырғызудан басталады. Оның өскінін ешкімге көрсетпей (ұрлап) немесе сатып алады. Отырғызар алдында өскіннің түбін сәл құрғатады. Гүлсауыттың түбіне «ақша шақырсын» деген ниетпен тиын салып, сонан соң гүлді отырғызады. Өсімдік биіктеу өсуі үшін көктем басталған кезде қырқады. Өте қараңғы бөлмеде ұстауға болмайды. Өсімдік жаздың ыстығына төзімді болғанымен, қыста бөлме температурасын он бес градустан асырмау керек. Ыстыққа төзімді болу үшін өсімдікті көктемнің ыстығынан бастап бейімдеген дұрыс. Оны топырағы құрғаған кезде ғана суарады. Сұйық тыңайтқыштармен тыңайтады. Өсімдік биіктеп, ыдысы тарлық еткенде ғана ыдысқа алмастырады.

ФИКУС — «ҚЫЗҒАНШАҚ» ӨСІМДІК
Кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Ағылшын ғалымдары көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мейсонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал жерік болған кезде берекесі қашып, тіпті, дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі. Сөйтсе, фикус өз қожайынын әйелінен қызғанып, химиялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.

ҚАЗТАМАҚ — ЕҢ ЖАҒЫМДЫ ГҮЛ
Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка (шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғармаса, кәдімгідей «ренжитін» көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы білдіреді.
Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жалаңаштанып егеді екен. Әйтпесе мол өнім болмайды деп есептеген. «Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені белгілі ғой.
Ертеде «қыдырып» кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын бөлмеге алқызыл түсті гүлді қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам бұдан әрі басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен.Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.

ЭХМЕЯ ЖАЛТЫЛДАҚ
Бұл өсімдіктер адам бойындағы мақтаншақтық пен жағымпаздыққа шыдай алмайды. Ол жүйке жүйесін тыныштандырады. Бұл гүлді жатын бөлмеге өсірмеген жөн. Ол адамды ұйқысыздыққа әкеп соқтырады. Сондықтан бұл өсімдікті қонақ бөлмеге, немесе кеңселерге өсірген жөн.

СҮТТIГЕН ЖАЛТЫР
Бұл өсімдік нәзік жандыларды жақсы көреді. Және өзінің иесін жақсы көретіні соншалықты ол жағымсыз жаналық алып келген қонақты жек көреді екен. Ол үйге келген адамдардың жазымсыз энергиясын өзіне тартып, мейлінше өзінің қожайынына сол сөзді естіткізбеуге тырысады екен.

ҮНДI ЖӘНЕ ЖАПОН АЗАЛИЯСЫ
Олардан тамаша гүлдер және жалтыр жапырақтармен Азалия сергектiктiң атмосферасын үйде қолдайды. Ол адамды ұйқысынан тұрғызады және СН О лығымен пайдалы.

КАРЛИК АНАРЫ
Адамға граната әсер тәуліктің уақытынан тәуелді болады: ол таңертеңнен жұмысқа қабiлеттiлiктi сергiтiп, жағдай жасайды, көңiлдi жақсартады, ықылас шоғырландыруға күндiз көмектеседi және, майдалар бойынша әр нәрсенiң басын бiр ұстамағанында емес, күнiне iстеп шығылған ниетi қорытуға кешке ескенiнде.
Граната үйдегi қатысу майда жарақаттарының жазыла бастауы үдету қабiлеттi, ойын таcы және бұлшық еттердiң күшейтуiне мүмкiндiк туғызады. Анар қан тамырларындағы қан ұйықтардың еруiне мүмкiндiк туғызатын және ауруларға жүрек-қолқаны кедергi келтiретiн керемет.

ХАН БЕГОНИЯСЫ
Бегония адамдарға қиын жағдайларда тығырықтан шыға алмай жүрген адамдарға жақсы энергиясы арқылы тез шешім қабылдауға көмектеседі. Ол қабiлеттi және қарым-қатынастың қорқынышы жеңуге көмектесу. Бегониялар қызыл жапырақтармен шылымшылдарға және әлсiз қолқалары бар адамдарға үйге өте пайдалы.

ШЕГIРГҮЛ УЗАМБАРСКАЯ
Осыған топқа керемет түрлi формалар және түстердiң гүлдерi бар мыңдаған шақты сорттары және барқыт бетi бар еттi жапырақтармен жатады. Шегiргүлдер үйдiң атмосферасына жұбанышты ным оның жайы iстей жұмыс iстейдi. Ақ гүлдерi бар өсiмдiктер кез келген үй үшiн жақсар, бiрақ әсiресе балалар бар болатыны сол үшiн өйткенi ақ түс тазалықты, бас символмен көрсетедi. Шегiргүлiнiң ағы жүйке олқылығынан жүйке жүйесiне жүктеменi кiшiрейтiп сақтау қабiлетi бар. Сонымен бiрге ол шыбын-шiркейлерден құтылту қабiлеттi, Муравьеволардан әсiресе. Шегiргүлдер қызғылт және райхандармен қанағаттық сезiмдердi сенiм туғызады, тағамдағы қажеттiктер азайтады, жұмыс немесе қарым-қатынастан қуаныштың сезiнулерi шақырады.

КӨГIЛДIР ШЕГIРГҮЛДЕР
Олар адамдарға әдемiлiк жұқа сезетiн творчестволық көмектеседi. Олар музыкалық, көркем және орта бiлiм мектептерi, бала Садақтары, творчестволық студияларда ұстауға болады. Шегiргүлдер күлгiл гүлдерiмен үйдегi энергетикалық атмосфераларды әсемдейдi. Олар өзара түсiнбеулер жеңуге көмектеседi. Барлық шегiргүлдер тамақ және қалқанша бездi күйлердi үйлеседi. Олар тамақтағы iсiп қызару процесстерi азайту қабiлеттi.

БЛОСФЕЛЬДА КАЛАНХОЭ
Бұл еттi жапырақтары бар әдемi гүлдеген өсiмдiктер және ақ, сары, қызғылт сары, қызғылт немесе райхандардан тұрады. Ол әдетте сәуiрде гүлдейдi, бiрақ үй шарттарында жыл бойы гүлдей алады. Бұл өсімдіктер адам бойындағы шаршағанды басады. Болмашы нәрсеге ренжуден бойыңды алшақ ұстауға көмектеседі.

ЦИКЛАМЕН ПАРСЫЛЫҚ
Бұл дымқыл ауа және ағыл-тегiл суаруда қажетсiнетiн өте нәзiк өсiмдiктер. Оның айнымалы және қызу сипаты туралы шұбар жапырақтар айтады, бiрақ гүлдер айдай сұлу жарық айдай сұлу қуаныш және шабыттың куәлiк қағаздары. Цикламенге шабыттың энергиясын өзiне тән қасиет құрылсын, көңiлдi жақсарту. Оның адамгершiлiк организмның қабiлеттiлiгiне қоршаған ортаның кез келген зиянды әсерлерiне бейiмделуге ықпал етедi, сонымен бiрге өте аласа температураларды суыққа аллергиямен азап шегiп немесе ауыр көтеретiнi сол үшiн пайдалы.

АСПАРАГУС
Бұл аспарагустiң түрi ойлар және рухпен әлсiз адамдардың сөздерiнiң энергиясынан атмосфераны тазартуға бейім. Кейде жағымсыз әсерлер жандарда ұзақ жығылмай тұрады. Аспарагустiң нәзiк әсерi гүл ренiштiктер туралы басқа күнделiктi тақырыптарға адам ауыстырып қоса ұмытуға көмектеседi.

ФУКСИЯ
Бұл айдай сұлу, ағыл-тегiл суаруда қажетсiнетiн өсiмдiк. Парақ итжығыс, айнымалы фуксия табиғи жылжымалы күйдегi үйдiң атмосферасының энергетикасын қолдайды. Ол адамдарға сергектік, көтеріңкі көңіл сыйлайды. Адам бойындағы жағымсыз энергияны тартып алып, адамға ерекше әдемілік, көтеріңкі көңіл сыйлай алады. Бұл өсімдік сонымен қатар кішкене балаларды жақсы көреді екен. Дәрігерлер бұл өсімдікті әсіресе баласы жоқ адамдарға сыйға тартқан жөн деп санайды. Сонымен бiрге оны өмірден туңіліп жүрген адамдарға сыйға берген пайдалы. Фуксия асқорыту жүйесiнiң аурулары, сүт бездерi, өт сақтайды.

КАЛЛОЛАР
Бұл өсiмдiктер үйдiң мекендеушiлерiнiң бақытының тұмарымен қызмет көрсете алады. Оның сары гүлi шұңқыр сияқты ақ жапқышпен буынған. Сары - шабыт, қуаныш, өнердiң түсi, ақ - тазалықтың түсi. Сұлулықтың арқасында - үйде атмосфера калло адамдардың көңiл түңiлген көңiлсiз адамдарды қуанышқа шаттыққа бөлей алады. Каллолар адам иммунитетін жоғарылату қабiлеттi, қызу, жүдеу және стресстер, ренiш және жабырқаңқыда, өзіңді жалғыз сезінгенде бөлмеде калло болса ол сені жалғыздықтан құтқарып қуаныш сыйлайды. Сонымен қатар ол жақсылықты жаны суйеді, бiреу оған күлiп, қорлағанын қорқады.
АГАВА
Бұл өсiмдiктер - таң ғажайып түрдiң (ащы алоэға қарағанда, бiрнеше ұқсас агаваға) тәттi шырынымен тыныштандыруға бас салған шырынды, еттi жапырақтары бар суккулент үйдiң атмосферасын татуластырады. Мысалы, агава адам тыныштандыра алады долылық, қайғыға ортақтаспаған махаббаттан сезгiш қанағаттанбау бастан кешiру ашу, ызаны болдырмауға тырысады. Адамға бұл өсімдік адамның ішкі сырын ішіне бугіп қалмауға көмектеседi.
Дымқыл агава жүйке жүйесi үшiн пайдалы, невралгияның тез емдеуiне мүмкiндiк туғызады. Сонымен бiрге ол зат алмасуды процесстi жақсартады, түршiгудi тез жазыла бастауына мүмкiндiк туғызады.

ТІК ЖАПЫРАҚ ЖАНЖАЛ ТУҒЫЗАДЫ
Жапырақтардың тікенек, тік (кактус, алоэ) болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, отбасында ұрыс-керіс шақырады. Оның үстіне дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, алоэны кез келген дәріханадан сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық егуіңізге болады. Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем гүл өсірмеңіз.

КАКТУСТЫҢ «КӨҢІЛІН» АУЛА
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіресе, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытында суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз. Ал кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «түу, түрі құрысын, қандай сүйкімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.

ШЫРМАУЫҚ
Табиғаттың әсем жаратылысы болып саналатын гүлдер тазалық пен сұлулықтың нышаны екені белгілі. Десек те гүлдердің жағымды қасиетінен басқа да жағымсыз қасиеттері бар екен. Былайша айтқанда, қарапайым гүлдердің адам баласына кері зиянды жағы да болады. Құпиясы мен жұмбағы көп мына тіршілікте мұндай нәрселерге бас ауыртатындар аз. Алайда ата-бабаларымыз табиғаттың тылсым жаратылысына аса жауапкершілікпен, сақтықпен қарап келген.
«Мына шырмауық гүлді өсірудің қажеті жоқ. Өйт¬кені шырмауық гүлін өсір¬сең, үйден ұрыс-керіс кетпей, гүл тәрізді шырмалып жүресің. Тіпті «Біреуден шырмауық гүлін алсаң, ерлі-зайыпты кісілер ажырасып кетеді» деген бұрыннан қалған¬ сөз бар. Сондықтан мұндайға мұқият болу кере껬.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сіз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйіңізде де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Қалас гүлдерді үй-ішіңізде аллергиясы бар адамдар болса, бөлмеңізге күн сәулесі нашар түскен жағдайда ғана пайдаланыңыз. Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, ақ сары түстерін сатып алсаңыз дұрыс. Гүл өсіруге қызықсаңыз, жоғарыдағы кеңестерді пайдалануға тырысыңыз. Бірақ, ең басты кеңесші сіздің ішкі жан дүниеңіз екенін ұмытпаңыз!

Менің түсінігімде, әйел бар үйде терезе алды бос тұрмау керек сияқты. Қазақтың төрінде қара домбыра ілініп тұрмаса бір жұтаңдық байқалады ғой, сол сияқты гүлдері жайқалып тұрмаса да ол үйден, өз басым, жылылықты сезіне алмаймын. Ал, егер қонаққа бара қалғанымда бұрыш-бұрыштағы жасыл желектерді көзім шалып қалса көңілім жадырап сала береді; сол үйдегі жеңгейге деген көзқарасым да өзгереді. Өйткені, гүл өсіру деген – тамыры шыққан өсімдікті жай ғана топыраққа шанди салып, оған мезгіл-мезгіл сарылдатып су құю емес. Ол – біздің жан-дүниеміздің қаншалықты бай екенін көрсететін, біздегі мейірімділік пен ізгіліктің коСабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда – зияны.
Мақсаты: 1. Өтілген материалдан алған білімдерімізді кеңейту
2. Оқушыларға бунақденелілер және олардың сан алуан түрлілігі, маңызы туралы түсінік қалыптастыру
3. Бунақденелілердің құрлысы, қоректенуі, дамуы туралы түсініктерін одан әрі дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, еңбек cүйгіштікке, азаматтыққа баулу.
Көрнекі құралдар: тест, слайдтар
Әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Түрі: түсіндіру, әңгімелесу, кестелер, суретпен жұмыс жүргізу, т, с, с.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Сабақ бөлімдері: I. Жаңа сабақ
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Кестемен жұмыс
IV. Термин сөздермен жұмыс
V. Салыстыру кестесі
VI. Венн диаграммасы
VII. Сөзжұмбақ “Энтомология”

I. Жаңа сабақ: Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Олар ғаламшарымызда көп таралған. Қазіргі кезде 700, 000 жуық түрлері бар. Бунақденелілер екі класс тармағына жіктеледі. Олар 1. туқанатсыздар, 2. Қанаттылар. Бунақденелер класында 35 отряд бар. Басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшілігі - денесі үш бөліктен құралған. Олар: бас, көкірек, құрсақ бөлімдері. Алты аяқты, көпшілігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері алуан түрлі қызмет атқарады. Сезім мүшелері жақсы дамыған. Екі мұртша, жай және күрделі көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігінде қимыл - қозғалыс қызметін атқаратын аяқтары мен қанаттары болады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Демтүтік арқылы тыныс алады. Зәр шығару мүшесі - мальпегий түтікшелері. Жүйке жүйесі жақсы дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктен құралады. Қан тарату жүйесі - ашық. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталды. Олардың ауыз мүшелерінің құрлысы алуан түрлі.
Мысалы:
1. Сүзіп - жалаушы - шыбын.
2. Шаншып - сорушы - масса.
3. Кеміруші - тарақан, қоңыздар.
4. Кеміріп - жалаушы - балара
5. Түтік - тәрізді ауызбен сорушы - көбелек

Бунақденелілерге: қоңыздар, көбелек, шыбындар, масалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Олар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып тіршілік етеді. Ал кейбіреулері суда суаршын, суқандала, суқандала, сушалқақ, зұламат өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразитті тіршілік ететін бүрге, бит, қандала, топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас бар. Бунақденелілер дамуы үш түрлі жолмен өтеді.
Олар: 1. Тура даму қанатсыз бунақдене
2. Шала түрленіп даму (шегіртке, тарақандар, инелік, бұзаубас, бит, шекшек, қандала.)
3. Толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелек, шыбын, маса, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар.)
Тура даму: жұмыртқа - имаго
Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан ересек бунақ денеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жағынан толысып дамиды.
Шала түрленіп даму: жұмыртқа - дернәсіл - имаго. Дамуы 3 сатыдан тұратын және дәрнәсілі ересегіне ұқсайтын бунақденелерді шала түрленіп дамитын бунақденелілер дейді.
Толық түрленіп даму: жұмыртқа - дернәсіл - қуыршақ - имаго. Даму 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегінен ұқсайтын бунақденелілерді толық түрленіп дамитын бунақденелер деп аталады. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. Имаго латынша – ересек құрт. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология деп аталады. Грекше << ентома>>- бунақдене, логос - ғылым, деген сөздің бірігіуінен жасалған.
Бунақ денелілердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы:
1. Өсімдіктердің сан алуан түрлерін тозаңдандыру (шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ т. с. с.)
Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өткір және тәтті шірне бөлуі. Балара, жабайы ара, шыбын, көбелек, қоңыз, құмырсқалар гүлдің тозаңымен, шірнесімен коректенеді.
2. Топырақтан ін қазып, қопсыту (көңқоңыз)
3) Тағам ретінде пайдаланады.(шегіртке, баларалар бал, балауыз береді)
4) Жібек көбелегі жібек алу үшін өсіріледі
Зияны: 1. Бүйі, қарақұрт, құршаян, кене улылығы, ауру таратқыштық
2) Маса, қандала, бүрге, бит, тарақан - паразиттік тіршілігімен, себебі көптеген ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді.

II. Үй жұмысын тексеру.
1. Не себепті буынаяқты жәндіктер деп аталған?
2. Қазіргі кезде буынаяқтылардың қанша түрлері бар?
3. Буынаяқтылардың типтерінің неше класы бар?
4. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі не?
5. Буынаяқты жәндіктерінің буылтық құрттардан айырмашылығы неде?
6. Хитин дегеніміз не?
III. Кестемен жұмыс: Мына кестені толтырып бар болса “+”. жоқ болса “-” белгісін қойып, толтыру.
IV. Салыстыру кестесі:
Ү Венн диаграммасы

VI. Сөзжұмбақ: “Энтомология” 
1. Тірі организмдердің бір - бірімен қарым – қатынасын, оларды қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым?
2. Буынаяқтылардың шала түрленіп дамитын дернәсілі.
3. Өрмекшітәрізділердің екінші жұп аяғы.
4. Бунақденелілер қандай жәндік?
5. Шаншып сорушы бунақдене.
6. Бұзаубастың мекені.
7. Суда өмір сүретін бунақдене.
8. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің топтасуы.
9. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі бірігіп не түзеді?
10. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы.
11. Өте қауіпті, зиянкес шегіртке атауы.
ҮІ Үйге тапсырма: № 46, 47эффицентін өлшейтін, біздің табиғатпен үзілмеген таза әрі терең байланысымыздың айғағы.







Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.
Мақсаты: Құстар - омыртқалы жануарлар ішінде жер шарында кеңінен таралғандар.
Б\м Оқушының тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және жетілдіру.
Д\м: Оқытудың озық технологиялары арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, құстар әлемі туралы білімін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыру.
Т\м; Оқушыларға құстардың табиғаттағы ролін сезінуге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Білім меңгерту. Сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
а) Сайыс
ә) Конференция
б) Саяхат

Сабақтың көрнекілігі: Слайд материалдары, құстар суреттері, суретжұмбақтар,
Тірек - сызба, карта, ойын элементтері.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Жаңа сабақ, қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Оқушылар білімін бағалау.

І. Сайыс сабақ
«Пингвин» тобына:
1. Суда жүзетін құстардың құрылыс ерекшеліктері қандай?
2. Қаз тәрізділерге қандай құстар жатады?
3. Пингвин тәрізділердің ерекшелігі неде?
4. Суда жүзетін құстардың балапаны қандай түрге жатады?

«Бұлбұл» тобына.
1. Орман құстарына тән белгілер.
2. Дүпілдектің тоқылдақ тұқымдас құстардан айырмашылығы неде?
3. Тауық тәрізділер отрядына жататын құстар?
4. Құстың қораздану құбылысы қалай байқалады?

«Бүркіт тобына»
1. Жыртқыш құстардың пайдасы?
2. Құмай мен Тазқараның айырмашылығы?
3. Басқа жыртқыш құстардан хатшы құстың айырмашылығы неде?
4. Құс салу деген не, оның жыртқыш құстармен байланысы?

Лездік сұрақтар
«Пингвин тобына»:
1. Ең үлкен пингвин. (Император)
2. Дене тұрқы 75 см шамасындағы шағын пингвин.(Адели)
3. Пингвин саусағының арасындағы түзінді? (жарғақ)
4. Император пингвині қай материкте мекендейді? (Антарктидада)
5. Тропикте ұя салатын пингвин? (Голапогос пингвині).

«Бұлбұл» тобына.
1. Үздік - үздік дыбыс шығаратын құс? (Дүпілдек)
2. Үндістан мен Цейлонда мекендейтін құс түрі? (Тауыс)
3. Асыранды тауықтың арғы ата тегі?(жабайы банкив тауығы)
4. Сырға гүлдермен, бүршіктермен қоректенетін құс?(Құр)
5. Орманда мекендейтін тауық тәрізділердің балапандары қай топқа жатады? (ширақ балапан ).

« Бүркіт тобына»
1.«Диірмен тасын теуіп сындырыпты» дейтін аңызда айтылатын құс?
(ителгі)
2. Секундына 100 метр жылдамдықпен төмен қарай сорғалайтын құс?
(Лашын)
3 Бүркіттің екі көзін саңлаусыз жауып тұратын бас киім?
( Томаға)
4. Бүркіттің төрт саусағын ата? (тегеурін, жембасар, сығым, шеңгел)
5. Орман - тоғай жақпар тастар арасымен жер бауырлап ұйытқып ұшатын құс?
(Тұйғын)

Конференция сабақ
Географқа сұрақ:
1: Пингвиннің таралу аймағы, олардың түрлері жайында не айта аласыз?
Ғалым - орнитологқа сұрақ:
1. Орман құстары жайында оның ішіндегі ең әдемі құс тауыс және оның басқа түрлері туралы айтып бересіз бе?
Құсбегіге сұрақ:
1. Саятшылықпен құс салудың айырмашылығы неде,
Бүркітті ұстау және баптау жайлы әңгімелеп берсеңіз?

Саяхат сабақ.
Слайдта 6 - карта бар. Солар арқылы тоқталу.

«Сөзтізбе» ойыны
Берілген құс атауының соңғы әріптеріне келесі құстың атын ілестіру.
Мысалы: Бүркіт – Тарғақ - Қарлығаш - Шағала - Ақ Ләйлек.
1. Сауысқан -
2. Қарға –
3. Құзғын –
4. Ұзақ -
5. Қоқиқаз
Бекіту тапсырмалары:
Қағаз жолақтары құстардың аттарындағы кейбір әріптерді басып қалыпты. Құстардың аттарын тап.

Топтастыру.
Құстардың топтары

Үйге тапсырма: Құстарды топқа бөлу.
Құстар туралы сурет жұмбақтар құрастыру.



Сабақтың тақырыбы: Жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, ойлау қабілеттерін дамыту. Пәнге деген көз – қарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіру.
Көрнекіліктер: « Жүректің құрылысы», «Қан айналым жүйесі», сигнометр, фенендоскоп сызбанұсқалары.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жаңа сабақ түсіндіру.
Пысықтау.
Үйге тапсырма беру.
Эпиграф. Қан айналады жүректің әмірімен,
Қан тілдеседі жүрек деген тәңірімен.
Ақ түсті мөлдір және қызылданып,
Адамға күш береді пәрменімен.
І білім деңгейін көрсету кезеңі, яғни тірек – сызба нұсқаларды 3 – оқушыға тарату.

1) Қанның қызметі
Қан

Тіршілік көзі
Дене қорғанысы
Қоректендіру қызметі
Дене t тұрақтылығын сақтайды
23 секундта 1 – рет айналады
Гуморальді реттеуші
Гормондарды тасымалдаушы
О2 жеткізіп, СО2 тазартады
Қызыл түсті сұйықтық
Мүшелерді байланыстушы

2) Иммунитет
----------------------------------------------------------------
Жасанды ----------------------------------------------- Табиғи
Белсенді ----- Енжар -------------------------------- Туа ------ Жүре

Қан айналым мүшелері
Жүрек ------------ Көк тамыр
Көк тамыр

Артерия
Вена
Капилляр

ІІ Кезең. Мінезімізді қанымыздан білу. Өзіңді танып біл!
Шығармашылық жұмыс
І топ қаны. Бұл топқа жататын адамдар ырымшылдыққа қарсы, жігерлі, табанды, әзіл – сықаққа бейім, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, айқындықты ұнататын болып келеді.
ІІ топ – сезімтал, сәл нәрседен көңілі қалғыш, сырттай қарағанда ұстамды әрі байсалды болып көрінгенімен, жүйкесі жұқалау. Өзіне – өзі талап қойғыш, өз іс – әрекеттерін мұқият бақылап отырады.
ІІІ топ – сенімшіл, өзін қоршаған ортаға сезікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Бірақ сабасына тез түсіп, болған жайтты тез есінен шығарады.
ІV топ – көздеген мақсатына жетуге жан – тәнін аямайды, басқа адамдарды өз мақсатына пайдалануға шебер, махаббат мәселесінде шыдамсыз, әрі табансыз.

ІІІ кезең. Венн диаграммасы.
● Эритроциттер:
Қанның 1мм³ көлемінде 4, 5 – 5 млн эритроцит болады. Тегершік пішінді ядросыз, геннен және глобиннен тұратын қанның қызыл түйіршігі. О2 СО2 тасымалдайды. 120 күн тіршілік етеді
● Ортақ белгілер
Қан клеткалары сүйек кемігінде түзеледі.
● Лейкоциттер:
Қанның 1мм³ көлемінде 4 – мың лейкоциттер болады. Амеба пішінді. Ядросы бар, қанның ақ түйіршігі микробтарды жойып, қорғаныштық қызмет атқарады. 12 – 15 күн тіршілік етеді.

ІҮ. Суреттер қан айналымы шеңберін көрсетіп, анықтама бере отырып, мазмұның сұрау.
Ү. Жаңа сабақ меңгеру кезеңі.
1. Жұмбақ.
Жанды мотор сынбайды,
Күні – түні тынбайды.
Кейде оның жүрісін,
Дәрігерлер тыңдайды.
(Жүрек – сердце)

Тарам – тарам бір ғалам,
Ақыш – ұйқыш шырмалған.
Толған ағыс тоқтаса,
Жоғалады бірге адам.
(қан тамыры – кровеносный сосуд)

Қан қысымынан болатын аурулар.
Гипертония --------Инфаркт ------------------------Инсульт ----------------Гипотония
көтерілуі -------Өлі жүрек бұлшық еттері ------Миға қан құйылу -------Төмендеуі

Мектебіміздің мейірбикесі Рақымжанова Ү. К. бүгінгі сабақ қонағымыз, қан қысымы өлшеу құралымен таныстырып, бір оқушының қан қысымын өлшеп тексеру.
Қан кеткенді алғашқы көмек түрлерімен таныстыру. Мысалы: Ата – бабамыз қанды киіз күйдіріп басу.
Қан аурулары:
Қан аздық (анемия) Ақ қан – қанда лейкоциттердің шамадан тыс көбейуі
1. Темірдің жетіспеуі
2. Қансырау
3. Тамақтан темірді сіңіре алмау.

Жүрек – қан тамыры жүйесі ауруларынан қаупін тудыратын факторлар.
1. Жүйке жүйесінің зорығуы.
2. Аз қимылдау.
3. Дұрыс тамақтанбағанда.
4. Алкоголь және никотиннің әсері.
5. Гигиеналық талаптарды сақтамағанда.

Алдын алу шаралары:
1. Жеке бас гигиенасын, күн тәртібін сақтау.
2. Тиімді тамақтану.
3. Зиянды әдеттерден аулақ болу.
4. Денені шынықтыру.

«Ақша жоғалтсаң – ештеңе де жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін жоғалтқаның» - демекші оқушылардың өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауын, бірінші байлық – денсаулық екенін ұмытпайық.
Үйге тапсырма беру: §35 123 – 125 беттер
Бағалау.

Керу қайту

Жүрек қан тамыр жүйесібиологияашық сабақ

Осы тақырып бойынша басқа жаңалықтар

Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ КЕППЕШӨПТЕР КАБИНЕТІ

http://www.vkgu.kz/images/gerbariy9.jpg


Кеппешөп – кептірілген өсімдіктер жиыны. Ол ботаниканың ең негізгі, әрі таптырмайтын зерттеу құралы, өсімдіктердің систематикасық, флористикасы және географиясы салаларындағы ғылыми зерттеулердің негізі мен тірегі болып табылады.
Кеппешөп үлгілері – ұзақ уақытқа сақталатын анықтама, салыстыру, қайта зерттеу үшін қажетті  ұрпақтан ұрпаққа сақталатын құжаттар. Онда тәжірибелі ғалымдар мен табиғатты зерттеушілердің үлкен еңбегі, яғни жинау, кептіру және сақтау кезіндегі көзге көрінбейтін ауыр жұмыстары жинақталған. Ғылыми кеппешөп үлгілері – ботаниканың бірқатар салаларының даму  тарихының деректі дәлелдемесі, ғалымдарға қажетті және бағалы мәліметтердің көзі, өзінің өзектілігін жоғалтпайтын асыл қазынасы.
Кеппешөп үлгілері өсімдіктер дүниесінің биоалуандылығын зерттеудің бағалы құралы болып саналады. Кез-келген уақытта кез-келген жерден табылған өсімдіктердің атауларын мамандар жинақтап сақтайтын көппешөп үлгілері көмегімен анықтауға болады.
Көппешөптер жинақталып және бір жүйеге келтіріліп, арнайы бөлінген, стандартқа сай келетін ғылыми мекемелерде – кеппешөп бөлмелерінде сақталады.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың кеппешөптер қоры еліміздегі ең көне түрінің бірі болып табылады. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс және жақын шет елдерінен жинақталған өсімдіктер үлгілерінің 11 мыңға жуық түрі сақталады. Құрамындағы ең негізгі үлгілері Шығыс Қазақстан флорасының өсімдіктері болып табылады.  Бөлмеде Алтай ботаникалық бағының, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы ботаника институтының бағалы көне үлгілері сақталған. Биология кафедрасының ғалымдары мен ботаниктерінің жұмыстарымен байланысты тарихи жинақтар аса бағалы болып саналады.
Биология кафедрасының кеппешөптер қоры тек біздің жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар еліміздің және шет елдерінің көптеген ботаниктерінің зерттеу жұмыстарында қолданылатын негіз болып табылады. Онда сақталынған кеппешөп үлгілері биология мамандығында оқитын студенттерді оқытуда қолданылады.
Кеппешөп бөлмесіндегі үлгілердің ерекшелігі оның көпшілікке қолжетімді болуы. Әлемнің кез-келген мекемесі негізгі қорға түскеннен кейін кез-келген кеппешөп қорынан кез-келген үлгіні зерттеу үшін талап ете алады. Сондықтан, кеппешөп бөлмесі үнемі басқа кеппешөп мекемелерімен өз үлгілерін айырбастап жіберіп-алып жатады. Бұндай тәжірибе ботаниканың біртұтас ғылым болуын қамтамасыз етеді. Зерттеушілерге бағдар беру үшін халықаралық, ұлттық  және өңірлік анықтамалықтар құрылады. Index Herbariorum – бұл Әлем өсімдік флорасының халықаралық кадастры, онда Дүниежүзінің кеппешөптер мекемелері жайлы ақпараттар, ол мекемелердің қызметшілері туралы мәліметтер сақталады. Сондықтан, біздің кеппешөптер бөлмесі осы Халықаралық орталыққа тіркеліп, жеке – UKSPI акрониміне (Index Herbariorum сайтындағы өзінің жеке бетіне кіру коды) ие болды. Қазіргі таңда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кеппешөп бөлмесінің  Дүниежүзінің кез-келген кеппешөптер мекемесімен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. 

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА НЕГІЗГІ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТАПСЫРМАЛАР ҮЛГІЛЕРІ 

ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне  қойылатын талаптардың  өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары  қолданылуда.

Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған  мақсаттарға  және күтілетін нәтижеге  жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында  қамтылған  білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс-тәсілдері.Олай болса, білім беруде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға  сәйкес болуы керек.

-       оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;

-       оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге  талаптандыру;

-       жеке дамуға  бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;

-       өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;

-       білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.

Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартындаанықталатын түйінді құзыреттіліктер  ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер басты талаптары болып табылады. Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің  әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Олай болса, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.

Оқушы құзыреттіліктерін қалыптастыру саласы:

Проблеманы шешу

Ақпараттық

Коммуникативтік

  • Ø Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға, шешім қабылдауға

  • Ø Өз әрекетіне мақсат қоюға

  • Ø өзін - өзі бағалауға  өз әрекетін басқамен салыстыруға

  • Ø қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға

  • Ø сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға

  • Ø ақпараттардаы өзбетімен табуға, талдауға, іріктеуге, түрлендіруге, тасымалдауға

  • Ø коммуникациялық технологияларды қолдануға

  • Ø ақпаратты өңдеп, қолдануға

  • Ø қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация  түрлерін қолдануға

  • Ø тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға

  • Ø әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге

  • Ø басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп, шиеленіскен ахуалды шешуге



мүмкіндік береді

 

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технологиялардың бірі ретінде  дамыта оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, модульдік оқыту технологияларын  атауға болады.

Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік  -  зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.  Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің  негізгі компоненттері:

  1. Оқу мақсаттарының  нақты қойылуы.

  2. Оны шешудің  жолын бірге қарастыру.

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына  оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін  ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде  әркім оның дұрыстығын  дәлелдей  білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады.  Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазігі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.Мысалы: 6 сыныптағы биология пәнінен «Бір жасушалы жәндіктер немесе қарапайымдылар» тақырыбын өткенде қортындылауға  «Семантикалық салыстырмалы карта»кестесі  мысал бола алады.

 

Тип

классЖәндіктерТіршілік ортасыҚозғалыс мүшелеріКоректенуіКөбеюі

 

Мысалы: «Қарапайым  жәндіктердің құрылысындағы айырмашылық белгілерін анықтау» мақсатында Вен диаграммасын қолдануға болады. Жұмысты орындау барысында оқушылар мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін жол таңдап, ақпаратты табуға ізденіс жасайды. Сонымен қатар программалық материалды қалай ұғынғанын білді. Туындаған проблеманы шешуге және оны түзетуге мүмкіндік алады.

 

Жасыл эвглена


 

Амеба

М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы бойынша «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Саяхат» оқыта үйрету ойындарын оқу модулінің сөйлесу бөлімінде пайдаланамын. Оқыта үйрету ойындары оқушыларға білімдерін тереңдетуге, толықтыруға, бекітуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, ақпарат көздерімен өздіктерінен жұмыс істеуге, ізденуге, әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға, қиындықтан алып шығатын жол таңдауға, өмірде өзін бағалай білуге   үйретеді.

Мысалы:  7 сынып «Мәдени өсімдіктер әлеміне саяхат» оқушыларды бірнеше топқа бөліп, топтарға әр түрлі өсімдіктер топтарын бөліп беру «Көкөніс дақылдар», «Астық тұқымдастар », «Жеміс- жидектер», «Бөлме өсімдіктері». Әр топ әр түрлі суреттер, кестелер, ақпараттар жинап, плакат түрінде безендіріп  класс бөлмесінің кез келген жеріне ыңғайлы етіп орналастырып, әр топ өз жинақтаған мәліметтерін қорғайды, басқа топтар тыңдайды. Өмірде қажет қолдануға болатын өсімдіктер туралы қосымша мәліметтер алады.

Стандартты, типті міндеттерді шешуге алғаш оқыту үшін тапсырмалармен өзара алмасу әдіснамасына арналған тапсырмалар, оқу материалдарын қайталау үшін, бекіту және оқушыларды жаттықтыру үшін жеке тапсырмаларды өзара жаттықтыру мен өзара тексеру үшін пайдаланады. Бұл әдіснаманы пайдалану үшін арнайы тапсырмалар дайындалады, құрастырған материал нақты болуы қажет.

Коммуникативтік құзыреттілігі анықтау мақсатында 6 сыныптағы биология пәнінен «Тамыр-өсімдіктің топырақтан коректену мүшесі. Тыңайтқыштар» тақырыбын қортындылап, бағалау үшін мына әдістерді пайдалануға болады.Алдын ала оқуға берілген мәтіннен үзінді және сұрақтармен тапсырмалар беріледі, сонымен қатар бағалау жеке парағы беріледі, керек болған жағдайда дұрыс жауаптары көрсетіледі.Сұрақтар мен тапсырмаларды жұппен орындайды. Мысалы,  берілген сөйлемдерден дұрыс анықтамаларды тауып, теориялық білімді қолдана білу біліктілігін дамыту үшін мынадай тапсырмалар қолдануға болады.

 

Тапсырмалар

жауаптар

1

дұрыс жауап тұсына «+» қате жауап тұсына «-» қойып көрсет



А.Өсімдік өсуі үшін коректік заттар қажет.


Ә.Картоп гүлдеп болған соң азотты қажает етеді.

Б.Бактериалық тыңайтқыштарды арнайы препараттардан әзірлейді

В.Ауыл шаруашылығында  органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдаланады.

Г. Гүлдегенге дейін картопқа фосфор қажет.

 

Ақпараттық-технологиялық құзыреттіліктілігіне арналған тапсырма құрылымы мынгадай талаптарға сай болуы керек.

Стимул: Егер сен осы берілген тапсырмаларды табысты орындасаң онда  бүршік түрлерімен танысасың. Бүршік түрлеріне байланысты ақпаратты жүйелеуді үйренесіңдер.

Бүршік атаулары

Төбе

Қолтық

Қосалқы

Бұйыққан





Қажетті түсініктемелер:

Тыныштық күйге ауысқан, өркеннің ұшына орналасқан, кез келген мүшенің әр жерінен дамыған, жапырақ қолтығына орналасқан.

Жауабы:

Төбе

Қолтық

Қосалқы

Бұйыққан

өркеннің ұшына орналасқан

жапырақ қолтығына орналасқан.

кез келген мүшенің әр жерінен дамыған

Тыныштық күйге ауысқан

Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігіне мәтінді оқып сұрақтарға жауап бер және оны мына кестеге толтыр.

Сұрақтар

Жауаптар

1

Топырақтағы негізгі қажетті бөліміне не жатады?


2

Өсімдіктің тіршілігі үшін коректік заттармен суды сіңіру үрдісі қалай аталады?


3

Неліктен кейбір жерге егілген жемітердің өнімі мол, ал кейбір жерде   аз болады?


4

Неліктен топырақта коректік заттар мөлшері бірқалыпты мөлшерде сақталмайды?


5

Топырақты құнарландыру үшін не қажет?


Жауаптары:

Сұрақтар

Жауаптар

1

Топырақтағы негізгі қажетті бөліміне не жатады?

қарашірік

2

Өсімдіктің тіршілігі үшін маңызды коректік заттармен суды сіңіру үрдісі қалай аталады?

құнарландыру

3

Неліктен кейбір жерге егілген жемістердің өнімі мол, ал кейбір жерде   аз болады?

құнарлы, құнарсыз болуына байланысты

4

Неліктен топырақта коректік заттар мөлшері бірқалыпты мөлшерде сақталмайды?

ағаштарды кесуге, өсімдіктің коректік заттары бар бөлімінің жинап алынуына байланысты

5

Топырақты құнарландыру үшін не қажет?

 өсімдіктер жақсы өсу үшін

 

Осылайша, әр түрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып құзіреттіліктерді қалыптастыратын тапсырмаларды орындау арқылы сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолын іздестіреді, жаңаны өздері табады, ақылдасады, кеңеседі. Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалардың маңызы зор.Оқушылардың үлгерімі мен білім сапсының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушының оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан аталған педагогикалық технологиялар ойлау мен ұштастыра білім алуға бағытттайтын оқыту жолы.

 

 

 



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "»Қазағым менің « Күләш Ахметова"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Қазағым менің.  Күләш Ахметова   Сабақтың мақсаты: 1.     Өлең мазмұны арқылы идеясын талдап ашуға мүмкіндік беру. 2.     Талдау, өздік жұмыстар арқылы оқушының шығармашылық қиялын дамыту. Еңбек етуге , ұлттық сана-сезімдерінің оянуына, сыйластық пен бірлік арқылы бір-бірінің күшіне арқа сүйеу, сенім арқылы достыққа, елдікке жол салу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, қосымша материалдар, оқулық.   Сабақтың барысы:    1. Қызығушылықты ояту. «Әдебиеттік оқу»  кітабын қолға алып, оқушылардың жаңа оқулықпен дос бола білулерін, оны ренжітпей ұстауларын сұрау. Оқулықтың бірінші бетін ашып, оның ең алғашқы тарауымен таныстыру.    «Туған өлкем-тұнған шежіре» деген тарау аты тақтаға жазылады. Тақтаға Қазақстан картасы ілінеді. ·        Балалар, тарау тақырыбы болып тұрған 4  сөз 2 тіркестің мән-мағынасын қалай түсінесіңдер? ·        Оқушылардың сөздерін тыңдап, қорытындылау. Тарау тақырыбының мағынасын ашу. «Шежіре» сөзіне түсінік беріп, дәптерлеріне жаздыру. ·        Балалар, осы тарау тақырыбындағы шежірелі елге қай халық ие? ·        Қазақ халқы.            ·        Қазақ қандай халық? Тақта немесе плакатқа көк маркермен топтау жүргізу.                                         Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.         -батыр -қонақжай - өнерлі                       Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы, 1-топ батырлықты дәріптейді.    2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.    3-топ өнерлерін көрсетеді.    Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың  сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі оның мимикасы мен бас изеуінен, таңданғанынан көрінуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 524 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2014 3728
    • DOCX 78.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омиркулова Бакыткул Дуйсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 121205
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 483 человека

Мини-курс

Искусство в контексте современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек