Инфоурок Физическая культура Рабочие программыАхтанберді жырау

Ахтанберді жырау

Скачать материал

 

 

7 сыныпқа арналған Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

5-апта

5-күн

1-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз»

Сілтеме

Оқулық;Алматы «Атамұра»" 2012ж. Мұғалімге арналған нұсқаулық; Абай қара сөздері «Өнер» 2006ж;

Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz. Islam Dini.ru «Абайдың қара сөздері»

Жалпы мақсаттар

Диалогтік оқытуды қолдана отырып негізгі идеяны түсіну, бейнероликтер арқылы сабақтың сапасын көтеру, салыстыра отырып сөз қадірін байыптау, сабақ барысында мақалдарға деген өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы формативті және жинақтық бағалау.

Оқыту нәтижесі

Ой толығады; қарасөз қадірін түсінеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.

Негізгі идеялар

Ата-ана қадірлі жандар

Періштені алтында жолдан тайдырмас

Тапсырмалар

1-тапсырма:
«Адамгершілік» сөзін қалай түсінесіңдер?
Өз түсініктеріңді қарасөз,мәтін, мақал-мәтел түрінде жеткізуге болады.

2-тапсырма: Жиырма тоғызыншы қара сөзді аудио құрылғыдан тыңдап, топ болып, ой қорыта отырып өз шешімдерін айту,қорғау.

3-тапсырма:
Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы).

4-тапсырма: Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ»

Міндеттері

1.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау.

2. Абай қарасөздерінің мән-мағынасын ұғыну.

3.Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

4. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру.

5. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.

 

Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Қарасөзді толық оқып, жүйелі мазмұндауға дайындалып келу

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім оқушыларға өз аттарына сын есім қосып айтып таныстырып кетуін сұрайды. Мұғалім өз атын үлгі ретінде көрсетеді және оқушыларға сол үлгі бойынша өз есімдерін таныстыруды сұрайды . Мысалы: Жігерлі Жеңісбай.

Жасыл,сары , ақ, көк,қызыл түстер арқылы 5 топқа бөлініп отырады. /2 минут/

І. Ой қозғау. 5-минут

1-тапсырма: Оқушылар берілген «Адамгершілік» тақырыбына өздерінің түсініктері бойынша ойтолғау жазды. Мұнда адам бойында болатын асыл қасиеттерді өз шығармаларында анықтады.

ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

2-тапсырма.Мақсат қойып мәтінді оқу. АКТ-ны қолдану.(интернет желісінен Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі оқылады). 5 топ осы қарасөз желісі арқылы тақырыпты ашуға жұмыстанды. Қазақ мақал-мәтелдерін орынды пайдалану керектіктеріне көздерін жеткізіп, дәлелдер келтірді. Постерлерге әртүрлі бейнелер салып мақал мазмұнын ашуға үлестерін қосты.

 

3-тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін. (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы).

Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз. Топтарға мақалдар бөліп берілді.

1-топ. «Жарлы болсаң, арлы болма».

2-топ. «Қалауын тапса қар жанады».

3-топ «Атың шықпаса жер өрте».

4-топ «Алтын көрсе періште жолдан таяды».

5-топ «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті».

Берілген тапсырманы балалар мұқият қарап, өз топтарымен ойласа отырып, шешімдерін қабылдады. Балалар бойында өз топтарының намыстары үшін атсалысу, дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік туды.

 

ІІІ. Ой толғаныс

4-тапсырма. Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ»

Модуль: сыни тұрғыдан ойлау-пікірді толықтыру, дәлелдеу. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау. Формативті және өзін бағалау

Үй жұмысы: «Жиырма тоғызыншы сөз» оқып, түсінігін айту.
«Періштені алтын да жолдан тайдырмас» ойтолғау жазу

 

 

 

 

 

 

 

2.

7 сыныпқа Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

6-апта

2-күн

3-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі

Сілтеме

Оқулық; Ахат Шәкәрімұлы «Аштық азабы»1994ж. Абай журналы №9, Досаев Т. «Асылдың сынығы» Семей таңы 2000ж. Слайд ; Интернет желісі;

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін тудыра отырып, тақырып идеясын түсінуге, метатану арқылы жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс жасау мүмкіндіктерін зерттеуге, зерттеу жұмыстарын бере отырып балалардың таланты мен дарынын анықтау, сабақ барысында балалардың өзін-өзі шынайы бағалауға ықпал жасау.

Оқыту нәтижесі

Ақын өмірінен толық мәлімет алады, өлең мазмұнын түсіне отырып,талдауға үйренеді, достарымен ортақ пікірі қалыптасады, сұрақ-жауап арқылы кері байланыс орнайды, оқушының сыни көзқарасы қалыптасады.

Негізгі идеялар

Адалдық пен арамдық арасын ажырата білу.

Жастарды ғылым, білімге жетелеу.

Надандық, салғырттық, уайымсыздықтан арылу.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және ақын өлеңінен үзінді тыңдатып оқушылардың ойларына қозғау жүргіздім

2-тапсырма: Шәкәрім өміріне зерттеу жүргізу

3-тапсырма: «Жастарға» өлеңін құрылысына талдау.

4-тапсырма: Өлең жолдарын қарасөзбен жазу.

5-тапсырма: Оқушылар өлең жолдарын өз топтарымен ақылдаса отырып мазмұнын ашу, қорғау (постер, диалог, көрініс т.б)

Міндеттері

1.Шәкәрім өмірінен мағлұматтар алу.

2. Өлең құрыысын талдауға үйрету.

3. Талантты және дарынды балаларды анықтау.

4. Адалдық қасиетін қалыптастыру.

5. Оқушыларды шынай бағалау, өзін-өзі,топтық бағалауға үйрету.

Кейінгі тапсырмалар

Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін жаттау

 

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім өткен сабақты қорытындылау үшін «Сыр сандық» әкеліп, өтілген материалдардан сұрақ беріп, жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады.

І. Ой қозғау. 5-минут

1-тапсырма : Интернет желісі арқылы Иассауи тобы орындаған Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» және ақын өлеңінен үзінді тыңдатып оқушылардың ойларына қозғау жүргіздім. Бұл шығарма авторы туралы сұрап, жауап алдым.

ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-зерттеу, талдау. Сыни тұрғыдан ойлау- бағалау.

2-тапсырма:
1-топ: Шәкәрім өмірі жайлы деректер
2-топ: Шәкәрім шығармалары жайлы ой қозғау
3-топ: Шәкәрім игерген ғылым
4-топ: Шәкәрім аудармалары
5-топ:Шәкәрім әндері мен өлеңдерін орындау

Шәкәрім өмірі ,шығармашылығы бойынша берілген зерттеу жұмыстарын ортаға салу. Мұнда оқушылар үйден Шәкәрім туралы деректер жинап келу және өз топтарымен осы деректерді қорғау.

3-тапсырма: «Жастарға» өлеңін құрылысына талдау.

Оқушыларға Шәкәрімнің оқулықта берілген 14 шумақ өлеңін бөліп бердім. Берілген өлең шумақтарын құрылысына талдау және оны айтып беру сұралды.Балалар берілген тапсырманы тиянақты орындап шықты.

ІІІ. Ой толғаныс

4-тапсырма. Өлең жолдарын қарасөзбен жазу.

Тапсырма шарты бойынша өлеңді қарасөзге айналдырып жазу. Бұған топтар өз түсініктерін жазды. Шәкәрімнің өз тұсындағы сауатсыз халыққа жаны ашып, оларды білімге шақыру жолындағы қызметін айқындап көрсетті.

 

5-тапсырма: Оқушылар өлең жолдарын өз топтарымен ақылдаса отырып мазмұнын ашу, қорғау (постер, диалог, көрініс т.б). Бұл тапсырмаға балалар белсенділік танытты. Мұнда олар өз ойларынан әртүрлі көрініс үлгілерін, сұхбат,кездесу сәттерін тиімді түрде көрсетті.

 

Бағалау: Өзін-өзі бағалау

Үй жұмысы: Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңін жаттау

 

Модуль: АКТ-ны пайдалану, СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.

7 сыныпқа арналған Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

6-апта

5-күн

3-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Абай және Шәкәрім шығармаларының үндестігі

Сілтеме

Оқулық;Абай өлеңдер жинағы ; Интернет желісі;mtdi.kz > kz/ olenqter. Шәкәрім шығармалары; өлең,дастандар, қара сөздер; Алматы «Жазушы »баспасы 1988 ж.Интернет pushkinlibrary. kz > Marafon/ shakarim

Жалпы мақсаттар

Балаларды сыни тұрғыдан ойлата отырып, оқушы көшбасшылығын анықтау. Сабақ барысында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен топтық жұмыстарын бірлестіру арқылы баланы жүйелі ойлауға жетелеу. Хат, сұхбат, диалог , сахналық көріністерді қолдандыра отырып бала дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасау.

Оқыту нәтижесі

Ақындар өмірі мен шығармаларын салыстыра отырып, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсінеді. Шығармаларда көтерілген негізгі проблемалық мәселелерді, тақырыптарды анықтауды үйренеді.

Негізгі идеялар

ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр аяғындағы қазақ халқының жай-күйі.

Ақындар өмір сүрген уақыттағы білімге деген көзқарас.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Жамандықты көп қуған , бір пәлеге жолығар (шағын мәтін, ойтолғау, тақырып бойынша пікір жазу)

2-тапсырма: а) Абай мен Шәкәрімнің өзара үндестігі

ә)Ақындар шығармаларындағы тақырып,

өлеңнің сыртқы пішініндегі үндестік

(буын,тармақ, шумақ, ұйқас)

3-тапсырма: Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру

(ақындар шығармаларындағы үндестікті анықтай

отырып постер қорғау).

4-тапсырма: Абай . Ұрпақтарыма үндеу хат

5-тапсырма: Шәкәрім : Сыр сұхбат (әңгімелесу,диалог, сұхбат,

пікірлесу, ой қорыту)

Міндеттері

  1. Абай мен Шәкәрім арасындағы үндестікті анықтау.
  2. Оқушыларды көркем оқуға, мәнерлеп оқуға баулу, балалар бойындағы қабілеттерін анықтау.
  3. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйін түсіндіру.
  4. Сөз қадірін түсіну, ақын шығармаларын талдауды үйрету

Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Біреуге ор қазба, өзің түсерсің ( ой толғау жазу)

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім: Абай: Менің кеудем сендерге сандықпен тең,

Мүмкін болса, қақ жарып ашып көрсең.

Ішін түгел көрген соң өз көзіңмен,

Тахқиқ мені күнәқар, қу демес ең.

 

Шәкәрім: Қазақ сыншыл болса екен,

Болмасын деп айтпаймын.

Жетегіме ерсе екен,

Өлсем де тыныш жатпаймын деген өлең жолдарымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Абай мен Шәкәрім шығармаларының үндестігі » екендігін айтып сабақты бастадым. Оқушыларды төрт топқа бөліп, топ ережесімен таныстырып, топ құрамын өздері анықтауды тапсырдым. Топ құрамы анықталған соң, ой қозғау тапсырмасы берілді.

 

І. Ой қозғау. 5-минут

1-тапсырма :Жамандықты көп қуған , бір пәлеге жолығар (шағын мәтін, ой толғау, тақырып бойынша пікір жазу). Бұл тапсырма арқылы балаларды ақындар шығармаларының тақырыптарын саралай білуге, жақсы, жаман қасиеттерді түсінуге ықпал жасадым. Берілген тапсырма бойынша балалар топпен жұмыс жасап, өз ойларын ортақ бір арнаға үйлестіруге үйренді.

 

ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-талдау, салыстыру. Сыни тұрғыдан ойлау- бағалау.

2-тапсырма: а) Абай мен Шәкәрімнің өзара үндестігі

ә)Ақындар шығармаларындағы тақырып,

өлеңнің сыртқы пішініндегі үндестік

(буын,тармақ, шумақ, ұйқас)

3-тапсырма: Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру (ақындар шығармаларындағы үндестікті анықтай отырып постер қорғау).Венн диагрммасын пайдалану.

 

2-тапсырма бойынша балалар Абай мен Шәкәрімнің туыстық жақындығын айтып, олардың өмір сүрген заманындағы ортақ проблемаларды анықтай білді.

Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі мен Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңін салыстыра отырып, ортақ тақырып пен көтерілген мәселелерді анықтады.

3-тапсырма бойынша ақындар шығармаларын өз көкжиектерімен қарап салыстырып постерге түрлі суреттер салды. Ақындар өмір сүрген ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ проблемасын анықтап берді.

ІІІ. Ой толғаныс

4-тапсырма: Абай . Ұрпақтарыма үндеу хат

5-тапсырма: Шәкәрім : Сыр сұхбат (әңгімелесу,диалог, сұхбат, пікірлесу, ой қорыту)

4-тапсырма бойынша Абай аталарының үндеу хаты деп мына бір шумақ өлең жолына жауап жазуға тапсырдым:

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Бұл хатқа балалар

Ұрпақтарымнан жауап хат

Аса қадірменді Абай ата……. деп өздерінің ақын туралы, оның шығармалары туралы ойларымен бөлісті

5-тапсырмада балалар Шәкәрім атамен әңгімелесу,сұхбат жүргізу.

Өмір жолы, шығармалары, айтайын деген ой-пікірін анықтау . (әңгімелесу,диалог, сұхбат, пікірлесу, ой қорыту). Мұнда әр топ бір-біреуіне ұқсамайтын сұхбат,кездесу, диалог, көрініс көрсетіп, тапсырманы өте жақсы деңгейде орындап шықты.

 

Модуль: АКТ-ны пайдалану, СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық

 

Бағалау: Формативті және өзін-өзі бағалау

 

Үйге тапсырма: «Біреуге ор қазба-өзің түсерсің» ой толғау жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

7 сыныпқа арналған Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

7-апта

3-күн

3-сабақ

Сабақтың атауы

Әдебиет 7-сынып

Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын» мысал

Сілтеме

Оқулық; Әдебиет танытқыш .Алматы «Атамұра» 2003ж.

Интернет; yaneuch. ru >cat_09/ahmet- bautrsynov/36647.

ZooPicture.ru >tag/byk/.

Жалпы мақсаттар

Диалог арқылы сыни тұрғыдан дамыту.(Александер 2001,2008жж) .Оқушыларға А.Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орнын айту,аудармаларына шолу, «Екі шыбын» мысалының идеясын ашу,әдеби-теориялық талдау жасау.
Сұрақ,тапсырма, ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану, өз пікірін сенімді әрі дәлелді, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.
Адамгершілікке, қарапайымдылыққа,өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу.

Оқыту нәтижесі

Мысал жанрын оқи отырып, адам бойындағы әртүрлі қасиеттерді бағалай біледі. Адамгершілік,парасаттылық, ынтымақтық сияқты жақсы қасиеттерді қабылдап, алауыздық,екіжүзділік, өркөкіректік сияқты жаман қасиеттерден өз бойларын аулақ ұстауға дағдыланады.

Негізгі идеялар

Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде немесе адамдарда болатын түрлі қасиеттер.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге байланысты ассоцация жазу

2-тапсырма:Зерттеу жұмыстары : Ахмет Байтұрсынов кім?

3-тапсырма: Мысалды талдау

4-тапсырма: Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы түйін
оқушылар көзқарасымен (ойтолғау, көрініс, хат, сұхбат, өлең жазу т.б)

Міндеттері

1.Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен таныстыру.

2. Мысал өлеңдер мазмұнына зер салу,түсіну.

3.Көшбасшылықты және дарындылықты анықтау.

4.Балалардың өзара ынтымақтастығын қалыптастыру.

5. Өз-өзіне шынайы көзқараспен қарауға үйрету.

Бағалау

Формативті және өзін-өзі бағалау

Кейінгі тапсырмалар

Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым
(шығарма жазып келу)

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

Мұғалім: Баяғы қалпы,

Баяғы салты,

Бұл неткен жұрт ұйқышыл?

Болсын кедей, болсын бай,

Жатыр бейқам жым-жырт жай, деп бүгінгі сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының өлең жолдарымен бастағанды жөн көрдім. Сабақты оқушыларды топқа бөлу, ережемен таныстырумен бастадым.Топқа бөлінген соң өздеріне топ құрамындағы рөлдерді бөліп алуға 1 минут уақыт бердім.

І. Ой қозғау.

Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерге байланысты ассоцация жазу. Оқушыларды сабаққа дайындау мақсатында осы тапсырманы бердім. Оқушылар жақсы қасиеттерге: адамгершілік, имандылық, парасаттылық, шыдамдылық т.б сөздерді жазды, ал жаман қасиеттерге ұрлық,өтірік,зорлық,қиянат т.б сөздерді жазып солар туралы өз түсініктерін айтып өтті.

 

ІІ.Ой дамыту

Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер-зерттеу, талдау. Сыни тұрғыдан ойлау- бағалау.

2-тапсырма: Зерттеу. Ахмет Байтұрсынұлы кім? Деген сұрақ бойынша алдын-ала оқушыларды топқа бөліп сұрақтар беріліп зерттеу жүргізу тапсырылған болатын.

1.Ахмет Байтұрсынов-қазақ әдебиетін зерттеуші.

2. Ахмет Байтұрсынов-қазақ тілін зерттеуші.

3. Ахмет Байтұрсынов-ағартушы.

4. Ахмет Байтұрсынов-аудармашы. Балалар бұл тапсырмаларға тиянақты дайындалып келіп, сұрақтарға толық жауап беруге тырысты.

3-тапсырма: Мысалды оқып, өлең мазмұнын ашың.
(түсініктерін постер арқылы қорғау). 
Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Екі шыбын» мысалын оқи отырып, ол тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, постерге суреттерін салды. Өмірде болатын «Біреудің қолымен от көсейтін» адамдар жайлы ұтымды пікірлермен қорғай білді

4-тапсырма: Мысалды талдау. Мұнда балалар мысалда келтірілген кейіпкерлерге мінездеме берді. Ол кейіпкерлердің ұнамсыз іс-әрекетін сынға алды.

ІІІ. Ой толғаныс

5-тапсырма: Ахмет Байтұрсынов мысалдарындағы түйін оқушылар көзқарасымен
(ой толғау,көрініс,хат, сұхбат,өлең жазу т.б)

Бұл тапсырмада ақын шығармасы оқушылар көзқарасымен сомдалды. Олар осы тақырыпты ашу үшін көрініс, сұхбат, ой толғау, өлең жазды. Шығарма мазмұнын оқушылар толық аша білді.

Модуль: АКТ-ны пайдалану, СТО, Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытуды басқару және көшбасшылық

 

Бағалау: Формативті және өзін-өзі бағалау

 

Үйге тапсырма: Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым (шығарма жазып келу)

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ахтанберді жырау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың атауы Абай Құнанбаев «Жиырма тоғызыншы сөз» Сілтеме Жалпы мақсаттар Диалогтік оқытуды қолдана отырып негізгі идеяны түсіну, бейнероликтер арқылы сабақтың сапасын көтеру, салыстыра отырып сөз қадірін байыптау, сабақ барысында мақалдарға деген өз көзқарастарын қалыптастыра отырып, проблеманы шешу қабілеттерін дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай сөйлеу дағдыларын зерделеу; тапсырмалар арқылы формативті және жинақтық бағалау. Оқыту нәтижесі Ой толығады; қарасөз қадірін түсінеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді. Негізгі идеялар Ата-ана қадірлі жандар Періштені алтында жолдан тайдырмас Тапсырмалар 1-тапсырма: «Адамгершілік» сөзін қалай түсінесіңдер? Өз түсініктеріңді қарасөз,мәтін, мақал-мәтел түрінде жеткізуге болады. 2-тапсырма: Жиырма тоғызыншы қара сөзді аудио құрылғыдан тыңдап, топ болып, ой қорыта отырып өз шешімдерін айту,қорғау. 3-тапсырма: Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы). 4-тапсырма: Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ» Міндеттері 1.Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалау. 2. Абай қарасөздерінің мән-мағынасын ұғыну. 3.Балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 4. Балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру. 5. Көшбасшылық қабілеттерін анықтау.   Бағалау Формативті және өзін-өзі бағалау Кейінгі тапсырмалар Қарасөзді толық оқып, жүйелі мазмұндауға дайындалып келу Мұғалімнің жазбалары Тренердің жазбалары Мұғалім оқушыларға өз аттарына сын есім қосып айтып таныстырып кетуін сұрайды. Мұғалім өз атын үлгі ретінде көрсетеді және оқушыларға сол үлгі бойынша өз есімдерін таныстыруды сұрайды . Мысалы: Жігерлі Жеңісбай. Жасыл,сары , ақ, көк,қызыл түстер арқылы 5 топқа бөлініп отырады. /2 минут/ І. Ой қозғау. 5-минут 1-тапсырма: Оқушылар берілген «Адамгершілік» тақырыбына өздерінің түсініктері бойынша ойтолғау жазды. Мұнда адам бойында болатын асыл қасиеттерді өз шығармаларында анықтады. ІІ.Ой дамыту Модульдер: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер 2-тапсырма.Мақсат қойып мәтінді оқу. АКТ-ны қолдану.(интернет желісінен Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі оқылады). 5 топ осы қарасөз желісі арқылы тақырыпты ашуға жұмыстанды. Қазақ мақал-мәтелдерін орынды пайдалану керектіктеріне көздерін жеткізіп, дәлелдер келтірді. Постерлерге әртүрлі бейнелер салып мақал мазмұнын ашуға үлестерін қосты.   3-тапсырма. Негізгі ойды анықта,түйін. (сахналық көрініс, сұхбат, диалог т.б. Өнерлерің арқылы). Абай сынға алған мақал-мәтелдерді саралай келе, өз тобыңыздың шешіміне сай пікірлеріңізді білдіріңіз. Топтарға мақалдар бөліп берілді. 1-топ. «Жарлы болсаң, арлы болма». 2-топ. «Қалауын тапса қар жанады». 3-топ «Атың шықпаса жер өрте». 4-топ «Алтын көрсе періште жолдан таяды». 5-топ «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті». Берілген тапсырманы балалар мұқият қарап, өз топтарымен ойласа отырып, шешімдерін қабылдады. Балалар бойында өз топтарының намыстары үшін атсалысу, дарынды балаларды анықтауға мүмкіндік туды.   ІІІ. Ой толғаныс 4-тапсырма. Пікірталас: «Ата-анадан тәтті жоқ» Модуль: сыни тұрғыдан ойлау-пікірді толықтыру, дәлелдеу. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту-сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Бағалау. Формативті және өзін бағалау Үй жұмысы: «Жиырма тоғызыншы сөз» оқып, түсінігін айту. «Періштені алтын да жолдан тайдырмас» ойтолғау жазу               2. 7 сыныпқа Әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары 6-апта 2-күн 3-сабақ Сабақтың атауы Әдебиет 7-сынып Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі Сілтеме Оқулық; Ахат Шәкәрімұлы «Аштық азабы»1994ж. Абай журналы №9, Досаев Т. «Асылдың сынығы» Семей таңы 2000ж. Слайд ; Интернет желісі; Оқулық;Алматы «Атамұра»» 2012ж. Мұғалімге арналған нұсқаулық; Абай қара сөздері «Өнер» 2006ж; Слайд ; Интернет желісі;yandex.kz. Islam Dini.ru «Абайдың қара сөздері»

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 054 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2014 1429
    • DOCX 30.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омиркулова Бакыткул Дуйсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 121228
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Гимнастика" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Нутрициология и спортивное питание

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 47 регионов

Курс повышения квалификации

Моделирование физкультурно-образовательной среды дошкольной организации в соответствии с ФГОС ДО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 123 человека

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 91 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе