«Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік», 7-сынып

Предпросмотр материала:

«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ

математика пәні мұғалімі Мусина Гульназ Викторорвна

алгебра, 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік.

Сабақтың мақсаты: Жуық шамалардың шығу себептерімен, сандардың жуық шамасының абсолют қателігі ұғымымен таныстыру, санның жуық шамасының абсолют қателігін табуды үйрету.

Түйінді идеялар: дәл мән, жуық  шама, абсолюттік қателік

Күтілетін нәтиже: жуық сандардың шығу тарихын біледі, жуық шаманың абсолют қателігін табуды үйренеді.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақты ұйымдастыру әдісі: жекелей, топтық, сыныптық.

Сабақты меңгертудің әдіс-тәсілдері: ой қозғау, проблема қою, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: парақшалар

Техникалық жабдықталуы: интерактивті тақта

Сабақ кезеңдері:

І.  Ұйымдастыру. 

1.  Қолайлы орта тудыру

2. Сабақтың жүру барысы, топ ережесі, оқушылар білімін бағалау тәртібі слайдпен көрсетіліп, таныстырылады.

3.  Оқушыларды топқа бөлу – оқушылардан үйге берілген есептің парақшаларға жазылған жауаптары бойынша  топқа бөліну сұралады.

Үйге берілген тапсырма:

632,127;  36,0151;   100,2749;  11,6797 сандарын  а) жүздік үлеске, ә) ондық үлеске, б) бірлікке, в) ондыққа дейін дөңгелектеу.

1-топ. Жүздік үлеске дейін дөңгелектеген жауап бойынша:  632,13; 36,02;  100,27;  11,68

2-топ. Ондық үлеске дейін дөңгелектеген жауап бойынша:  632,1;   36;  100,3;    11,7.

3-топ. Бірлікке дейін дөңгелектеген жауап бойынша:  632;   36;  100;    12.

4-топ. Ондыққа  дейін дөңгелектеген жауап бойынша:  630;   40;  100;    10.

Интеративті тақтада жазылған үй тапсырмасының жауаптары бойынша тобын қате тапқан оқушылар өз топтарына барады.

4.  Сабақтың тақырыбымен таныстыру

5.  «Ой қозғау» - тақырыптың  мағынасын ашу: «Жуық шама», «қателік», «абсолюттік       қателік» деген сөздерді  қалай түсінесіңдер?

      6.  Оқушылармен тақырыптың мақсатын анықтау, проблема қою.

      ІІ.  Жаңа білімді меңгерту.

 Проблемалы іздену – практикалық жұмыс.

      1.  Топтарға 1- тапсырма  

1) 1-топ. Партаның ұзындығын өлшеп, нәтижесін жазу;

    2-топ. Сынып бөлмесінің ұзындығын өлшеу, нәтижесін жазу;

    3-топ. Әр қорапта 12 қарындаш бар, осындай 100 қорапта неше қарындаш бар?

    4-топ. Кез келген бұрыш салып, бұрыштың шамасын транспортирмен  өлшеп, нәтижесін жазу.

2) Орындаған өлшеу жұмыстарының нәтижесін айтады және 1, 2, 4 – топтардың орындаған өлшеу жұмыстарының мәні жуық шама, 3-топтың есептеген 100 қораптағы 1200 қарындаштың нақты мән екенін айтады.

      2.  Топтарға 2- тапсырма.

           1)  1және 3-топтарға:

          у=х2 функциясының  х=0,8 және х=1,5 болғандағы мәндерін  есептеу

         2 және 4-топтарға:

         у=х2 функциясының  х=0,8 және х=1,5 болғандағы мәндерін график арқылы табу.

2)      Әр топтан бір-бір оқушы тапсырма нәтижесін тақтаға жазады.

3)      Осы нәтижелер бойынша  топтарға тапсырма:

Анықтау керек:

1)      қай орындауда жуық шама?

2)      қайсысында дәл мән?

3)      жуық шаманың қателігі қанша?

4)      Жуық шаманың қателегін қалай есептейміз?

5)      Қателікті – α, дәл мәнді – А, жуық шаманы  - а деп белгілеп, қателікті есептеу формуласын жазыңдар, анықтамасын қорытыңдар.

Топта есептейді, формуласын жазады, талдайды

Бір топтан бір оқушы тақтада қорғайды, қалған топтар өздерінікімен салыстырады, қатесі болса түзетеді.

Сонымен α=│А- а│екені қорытылады. Анықтамасы айтылады.

ІІІ.  Топтарға 3-тапсырма

1)      Оқулықтан  өздері танысады, топта талқылайды.

             1-топ. Санның мәнді цифрлары

             2-топ. Дұрыс цифрлар

             3-топ. Санның жуық мәні

             4-топ. Артығымен, кемімен алынған жуық мәні

1.      Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақырыпшаларды түсіндіреді.

2.      Осы тақырыпшаларға әр топ мысал келтіреді, топта бір-бірін үйретеді

3.      Бекіту. №307, 309 (топта орындайды, нәтижесін тақтада жазады)

4.      Үй жұмысы. № 310

5.      Бағалау бағалау парағындағы ұпай саны бойынша қорытынды баға шығару.

6.      Қорытындылау.

Рефлексия – стикерлермен ͐Үміт ағашына͐ тілектерін жазу

ANd9GcTJvUL4RV20aRG-oWc_aBtoz4JlV8fBvJ5EIXQYhwYXAGoI6gYqjoitnAANd9GcR8advZgAmxiLQgpEzwgvGH39ZGNbtFZrmLOZbTQ9diq1HvxYRUxCYk8ATcFw

Краткое описание материала

«Жуық шамалардың шығу тарихы. Абсолюттік қателік», 7-сынып

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Мусина Гульназ Викторовна

учитель математики

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 6506
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 2
  • 6506
    просмотров
  • 2
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мусина Гульназ Викторовна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~100

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: