Инфоурок Классному руководителю КонспектыЕртеңгілік «Көктем аруы» байқауы

Ертеңгілік «Көктем аруы» байқауы

Скачать материал

 

Тақырыбы:  "Көктем аруы" қыздар арасында байқау.
Мақсаты: Қыз балалардың жандүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке т
әрбиелеу

Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер: ана туралы нақыл сөздер,шарлар,гүлдер

 

Барысы.

 

1-жүргізуші:- Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы да ардақты кең пейілді аналар! Ақ жаулықты әжелер! Мейірімді ұстаз аналар! 

1-жүргізуші: Гүлдей жайнаған асыл арулар! Бүгінгі ұлы күн! Шуағын шашқан жылы күн!-дей отыра сіздерді көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!  

«Айналайын ақ мамам» әні  


 

1-оқушы                                    

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймызмейраммен,

Құрметтіжананалар!

2-оқушы       

Ана деген бақыттың алтын күні,

 

Сен бірге бол анашымкүні-түні,

Жақсысөздіңбәріндесағанайтам,

Құттыболсын,мерекеңанажан.

3-оқушы      

Наурыз келді,анажан серпіліңіз,

Шуақтанып,шаттанып желпіңіз

Кеудеңізде керемет оттар жанар

Сізден жылы лебіз күткеніміз.


2-жүргізуші

  Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Адамды дүниеге  әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз бас июге тиістіміз

1-жүргізуші

Әже-адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде,әр үйінде мейір мен мерейдің,достық пен туыстықтың туын тіккен адам.Әжелер,мерекелеріңіз құтты болсын!


 

4-оқушы       

Асыләжем,ақәжем
Бесігімдітербеткен

Қаршадайданқолғаалып

Баулыдың сен еңбекке.

Ән «Әжеме»

6-оқушы

Қыздарды да ойлаймыз
Біргекүліпойнаймыз

 

5-оқушы

Әжемменің,жанәжем

Аппақәжем,пәкәжем

Басқалардайемессіз

Сүйкімдісізәріәсем.

 

 

Қыздарды да құттықтап
Мерекесінтойлаймыз!


 

1-оқушы

Айтқанда әнді әуелі

Ерекше шығар әуені
Биязы қыз Зарина

Өзі де ұяң әдемі!

2-оқушы Алар дәйім бестігін
Аққұба қыз кескінің
Бойшаң біздің Ләззат

Жақсы қыз деп білемін!

3-оқушы
Сабағын да меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Ата-анасы Аружан деп
Әдеміесімтеңгерген!                   

4-оқушы

Билейді кейде айнала
Көркіне ақылы сай ғана
Шұғыла біздің әдемі
Сөйлейді бірақ жай ғана.

 

 

 

 

 

 

 

5-оқушы

Жақсы оқуды бастады
Әліппені ашқалы
Әлбина  деген қызымыз

Тақтада асып-саспады

 6-оқушы

Сабағында оқиды

Көңілге бәрін тоқиды

Үндемей жүрген Аида

Неніойлаптолқиды?

7-оқушы

Ыңғайыкөңілкүйінің

Келгендебайқапбейімін

Айтарымыз Альбина

Еркесіғойүйінің

8-оқушы

Жазира ару елеулі

Өзіңдіұлдареледі

Сен де елдіңардағы бол!

Айтқымызбіздіңкеледі.

9-оқушы

Қанатқағыпбілімге,

Құштарланыпжүреді.

Бәріноқыпбілемдеп,

Айлен тынымтаппайды


2-жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.

Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейін.

1-сайыс: Өзін – өзі таныстыру.

2-сайыс: «Білімді мыңды жығар»Қыздардың ақылы, парасаттылығы. 

3-сайыс: Қыздардыңөзөнерлері.

4-сайыс: Киім үлгісін, сән үлгісін көрсету.

 1-жүргізуші:- Сонымен қадірменді көрермен қауым, ақылына көркі сай қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер деймін!

 

Ақ арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға, - дей келе қыздарымыз өздерін таныстыруды бастасын.

2-сайыс: Қыздардың ақылы, парасаттылығы.

2-жүргізуші:

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.  

1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)

4. Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)

5. Шыт, атлас, жібек, бархыт, левисон (синтетика) т. б. (мата)

6. Адам баласытәуліктіңқаймезгіліндежақсытамақтанукерек? (түсте)
7. Сумоншақтыңорысшаатауы (бисер)

8. Үйдегі машина, бірақоныменешқайда бара алмайсың. (кіржуатын машина, тігінмашинасы)

9.Қазақтыңмузыкалық он аспабы: (домбыра, қобыз, сазсырнай, жетіген, дауылпаз, шаңқобыз, асатаяқ, сыбызғы, тастауық, тұяқ)
10.Қазақтыңеттағамдары:қазықарта, қуырдақ, қазақшает, жал жая, шұжық, әсіп,

11.Қазақшажылқайыру:тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз

12. Балдантәтті не? ( бала)

13. Қарашаңыракиесікім? ( кенжеұл) 

14. Балағакімсыншы?  (ата)

15. Әкеденбалаңаберілетінзат( мұра)

16. Үйдегі алтын адамкім?  ( ана)

17.Тәрбие мен білімніңордасы ( мектеп)

18.18жасқа толмағанадам ( бала)

19.Екіадамныңбір-бірінедегенадалдығы ( достық)

20.Бес асылдыатаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

1-жүргізуші :

Біреулер сынға түсер өнерімен,
Біреулер жырға түсер өлеңімен.
Ал біздің қыздар шығып ортамызға
Дарынын танытады кезегімен.
3-сайыс: Қыздардың өз өнерлері.

-Аруларымыз келесі сайысқа дайындалып жатқанда ұлдар аналарына арнап өнерлерін көрсетеді.
- Балалар, ана деген кім?




 

Диас: Ана - үйдің жылуы,
Батырхан : Ана - болашағың,
Ақылбек: Ана - бақытың,
Рахат: Ана - қорғаның
Айдос: Ана - әр үйдің күні,
Мерлан: Ана - байлығың,
Ән «Ақ мамам»

 

Мухамбет: Ана - тірегің,
Еламан: Ана – қамқоршың
Мирас: Ана – ақылшың,
Тыныштық: Ана – жанашырың
Райымбек: Ана – сүйенішің
Алихан: Ана - тыныштығың!


2-жүргізуші : Сәндік өнер
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп,- келесі сайысымыз  сән үлгісі жасау.

Ал қазір әділқазылар алқасы арулардың ұпайларын есептегенше, көрермендермен ойын ойнайық!
Ал, көрермен, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей бірнеше жұмбақтарды шешіп көрейік.
1. Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта - текте шайқасқан. (қайшы)
3. Қимылдаса қос шебер, қыруар - қыруар іс өнер. (Қол)
4. Тұмсығы мықты, қыр мен ойды тегістеп шықты. (үтік)
5. Біреуге киін дейді, ал өзі киінбейді. (Тігін машинасы)
6. Аузынан ішкені мұрнынан шығады. (Шәйнек)


Әділқазылар «Көктем аруы 2014», «Өнерлі ару», «Көрермен көзайымы», «Білімді ару»   «Сүйкімді ару», «Инабатты қыз», «Биязы қыз», « Парасатты қыз», «Әдемі қыз» атағымен марапаттап, сыйлықтар ұсынылады.
1-жүргізуші:
Өнер - білім серігің, адам - атың,
Болашаққа сеніммен бара алатын.
Осыменен сайыс та тамам болды,
Бәрін аман болыңдар, жамағатым!

 2-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қошболыптұрыңыздаркөріскенше
Осыменконцертімізаяқталды.

 




 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік «Көктем аруы» байқауы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ халқының қыз бала тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты қыздарды әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын дамыту. Аяулы, мейірбан ана туралы өлең, жыр, тақпақ, мақал-мәтелдер арқылы анаға денег сүйіспеншіліктерін жеткізу. Ана қадірін тусіну, білу, оны бағалай білуге жетелеу. Сайыс төрт кезеңнен тұрады. Әрбір сайыс тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты алынған. Ертеңгілікте сыныптың ұл балалары қыздарға арнап төрт жолдан тақпақтарын арнайды және көрермендермен де жұмыс түрі өтті. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 957 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2014 987
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муратова Клара Ораевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муратова Клара Ораевна
    Муратова Клара Ораевна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 32498
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 34 регионов

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 383 человека из 64 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 99 человек из 38 регионов