Инфоурок Классному руководителю КонспектыТанымдық сайыс: «Мен және көше»

Танымдық сайыс: «Мен және көше»

Скачать материал

«Мен және көше». Танымдық сайыс Класы: 7 в

БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ескалиева З.М

Тақырыбы:«Мен және көше». Танымдық сайыс Класы: 7 в

Мақсаты: Оқушылардың көше ережесін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа, жеке бас қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жолда жүру ережелерінің қажеттігін ұғындыру.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, жол белгілері суреттері

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

І топ: «Жас ұлан» тобы

ІІ топ: «Қайсар» тобы

Жарысымыздың шарттары:

І кезең «Жол ережесін білеміз бе?»

ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым».(Ситуациялық сұрақ)

ІІІ кезең «Көңілді жолаушылар». (Көрініс)

ІҮ кезең «Мамандар атынан сөйлеу»

ІҮ кезең «Оқушылар шығармашылығы»

Ү кезең «Капитандар сайысы»

І кезең «Жол ережесін білеміз бе?»

Шарты: Топтағы әр оқушы ұяшықтағы сандарды таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді..

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.Жүрісті реттеп отыратын адам?

(жол реттеуші)

2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек?

(келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)

3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)

4. «Абайлаңыз балалар»

5.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?

(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)

6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)

7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол

арбамен қалай жүру керек?

(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)

8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?

(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)

9.Транспорт құралы дегеніміз не?

(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)

10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған

машинаға мән бермейді)

11. «Жаяу жүргіншілер жолы»

12.Қандай жол белгісі велосипедпен жүруге тыйым салады?

(қызыл дөңгнлектің ішінде велосипедтің суреті бар)

ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым»

(ситуациялық сұрақ)

Ұпайы көп топ ойынды бастайды.

1

2

3

4

1.Сабаққа асығып келесің. Жол жиегіндегі қоршаудан аттап, келесі бетке өтіп кетсең, сабаққа кешікпей үлгеруің мүмкін. Жаяулар өтетін жерден өтсең, сабаққа кешігіп барасың. Сен осы екі жолдың қайсысын қалайсың?

2.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұр, бірақ көшеде ешқандай көлік қозғалысы жоқ. Сен осы сәтті қалай пайдаланар едің?

3.Жолдасың саған жолдың арғы бетіне келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуіңе шапшаңдығың да, батылдығың да жетпейді деп келеке етті. Сен өз батылдығыңды қалай дәлелдер едің? Бұл жағдаяттан қалай шығар едің?

4.Мектепке асығып келесің. Жолда көлік көп. Жолдың арғы бетіне өте алмай қолындағы заты ауы қарт ана мен 5жасар бала тұр. Саған жағдай айтты. Сен не істер едің?

ІІІ кезең «Көңілді жолаушылар»

(Көрініс)

Шарты: Әр топ өздері дайындаған жол ережесіне байланысты көріністерін қояды.

ІҮ кезең «Мамандар атынан сөйлеу»

1

2

Шарты: Ұпайы көп топ ойынды бірінші бастап, ұяшықты таңдайды. Ұяшықта мамандардың аты жасырылған. Араларынан біреуі шығып мамандар атынан сөйлейді. Бағасын әділ қазылар береді.

1. «Жүргізуші»

2. «Дәрігер»

Ү кезең «Оқушылар шығармашылығы»

а) «Менің болашақ қалам» деген тақырыпта өздерінің болашақ қаласының сызба-макетін жасайды. Олардың көшелеріндегі жолда жүру ережелеріне қатысты белгілердің суретін алады.

ә) Өлеңнің алдыңғы жолдары айтылады. Келесі жолын оқушылар құрайды.

«Жас ұлан» тобына:

Жүргеніңде көшеде бейғам болма,

Бағдарлап жан-жағыңды сен абайла.

«Қайсар» тобына:

Ел сенімін ақтаймыз,

Жол тәртібін сақтаймыз.

б) Екі топ бір-біріне 2 сұрақтан қояды

ҮІ кезең «Капитандар сайысы»

«Жас ұлан» тобына:

1Жол белгілерін неше топқа бөлеміз? (7)

2.Велосипедшілерге жол жиегінен қанша метр қашықтықта жүруге рұқсат етіледі? (жол жиегінен 1 метр қашықтықта)

3.Көлікке арналған жол несімен қауіпті?

(көлікті жүргізуші өзі жүріп өтуге тиісті жолды алаңсыз пайдалануы керек. Бұл жолмен жая адамдар жүруге бомайды)

«Қайсар» тобына:

1.Жолды неге тек жол өткелдерінен қиып өтуге тиістіміз?

(көлікті жүргізушілер жол өткелдеріне жақындап келгенде жүрісін баяулатады)

2.Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?

(жаяу жүргіншілер жиекжолмен ғана жүруге тиіс)

3.Жолаушылар автбус, трамвайларға қалай мініп-түсуі керек?

(аялдамаға келіп тқтаған автобус толық тоқтағанн кезде ғана оған мініп-түсу керек)

Қорытынды:

Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз. Жүлдегер топ, жеңімпаз оқушы анықталып, марапатталады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Танымдық сайыс: «Мен және көше»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы:«Мен және көше». Танымдық сайыс Класы: 7 в Мақсаты: Оқушылардың көше ережесін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа, жеке бас қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жолда жүру ережелерінің қажеттігін ұғындыру. Көрнекілік: Интерактивті тақта, жол белгілері суреттеріБарысы:Ұйымдастыру кезеңі:Әр топ өздерін таныстырып өтеді.І топ: «Жас ұлан» тобы ІІ топ: «Қайсар» тобыЖарысымыздың шарттары: І кезең «Жол ережесін білеміз бе?» ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым».(Ситуациялық сұрақ)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 238 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2014 2274
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ескалиева Зульфия Мутиголлиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 193124
    • Всего материалов: 46

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 21 региона

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 24 регионов