Ұлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Предпросмотр материала:

 

 

                     

                        Ақсуат жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

                                                Қазақ тілі

                                            11б-сыныбы.

                               Ұлттық киімдер                                         

                     Зат есімнің сөйлемдегі                      

                      қызметі

 

 

          Пән мұғалімі: Бегалиева С.А.

 

 

                              Ақсуат 2014

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық  киімдері.Зат есімнің сөйемдегі қызметі.

Сабақтың мақсаты

1.Білімділік :қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстыру, зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтап, синтаксистік талдау жасай білу дағдыларын дамыту.

2.Дамытушылық :белсенділігін ояту, өзін-өзі  сыйлау идеясын дамыту, талдау дағдыларын қалыптастыру.Сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақтың ұлттық киімдерін білуге, салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ .

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

 

Репродуктивті

 

Эвристикалық зерттеу

 

Шығармашылықпен оқыту

Сұрақ-жауап, пікіралмасу

 

Көркем шығарма талдау, тың астарын ашу

 

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу

 

Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу, баяндау

 

Жоспар құру, пікір жазу, жаттау

 

Оқушының мәнерлеп оқуы, реферат оқу

 

Тапсырма орындау, тақтамен жұмыс

Мәтінге жақын баяндау, логикалық сұрақтар қою

 

Шығармашылық тапсырмалар

 

Өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс

Баяндама жасау, пікірталас

 

Шығарма  жазу, тест

 

 

            Сабақтың көрнекілігі:ұлттық киім түрлерінің суреттері,сызба,кесте,

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, ұжымдық .                                                                                   Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сыныптың  психологиялық  көңіл-күйін тексеру.

                         ІІ Үй жұмысын қайталау.Зат есімнің түрленуі.Тест тапсырмасы.


                                        «Зат есім» тақырыбы бойынша

             1. Дара зат есімді тап.

                       А) тұрғын            В) оқу         С) тасбақа           Д) қиял         Е) ата-ана

             2. Күрделе зат есімді тап.

                         А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып      Д) самғау         Е) бос

             3. Жалпы есімді тап.

                           А) «Абай жолы»           В) Құлагер       С) Балқаш          Д) «Жас Алаш»      Е) Тау

             4. Негізгі зат есімді тап.

                      А) күнделік         В) көркем         С) ұлық              Д) қол          Е) ұғу

                      5. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

                          А) сын есім          В) зат есім              С) үстеу              Д) етістік           Е) ар-ұят                                                          

                      6. Деректі зат есімді тап.

                        А) тас       В) шабуыл         С) дәулет             Д) азап            Е) ар-ұят

             7. Дерексіз зат есімді тап.

                                 А) алтыбақан        В) жер           С) даңқ           Д) дария            Е) жусан

             8. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарын тап.

                            А) –лық,-лік           В) –жан,-еке           С) –ғы,-гі             Д) –ым, -ім          Е) –к,-ік

             9.Толықтауыш қызыметіндегі зат есімді тап.

                          А) Олар найманды шүйелемей қоймас.   

                           В) Су ағын,жел соғуын тоқтатып,даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас.                                                                 

                           С) Еліміздің  егемендігі  мен тәуелсіздігінің бастауы—желтоқсан оқиғасы.                                                                 

                          Д) Ол өзінің ағасына хат жазды.

                         Е) Ана тілі ғасырлар бойында жасала да,жасара да береді.

              10 Жалқы есімі бар сөйлемді тап.

                         А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. 

                          В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.           

                          С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.     

                          Д) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек,қызыл пүліш камзол.  

                          Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.



ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

            Сабаққа кіріспе жасау.

І. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, өтілу формасы туралы хабарлау.

            ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

-       Қандай ұлттық киімдерді білеміз?

-       «Болжау» стратегиясы бойынша  ұлттық киімдерге болжау жасау.

                Жаңа сөздермен  таныстыру


-       Бір киер-праздничные одежды

-       Алқа-колье

-       Білезік-браслет

-       Шолпы-украшение для волос

-       Ішіктер-шубы ценные

-       Ұқыпсыздық-неаккуратность.

-       Ыңғайлы емес-не удобный

 


                     Мәтінмен жұмыс. Ұлттық киімдер.

      Қазақ  халқының климаттық жағдай ескеріліп,ежелгі дәстүр бойынша тігіледі.Олар үш түрге бөлінген.Бір киер киім,күнделікті киімдер, жұмыс киімдері. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда ,жат елге сапарға шыққанда киетін киімдер болған. Мұндай киімдер  сәндеп тігіліп,жаға-жеңдерін әшекейлеп  кестелеген. Олар ашық түсті көйлек, шапан ,камзол,аң терісінен тігілген ішіктер,тон, үкілі тақия,сәукеле, бөрікт.б  көрнекті киімдер .Бұл киімдер тойдан кейін көп киілмей таза тұрады.Бір киер киімді  күнделікті тұрмыста киіп, өте жарқырап жүру-ұқыптылыққа жатпайды.Әрі күнделікті киюге де ыңғайлы емес.Бірақ бойжеткен қыз бен жас келіншектер  әрқашан сәнді киінуге,білезік, сырға, алқа салып, шолпы тағуға ерікті.

          Қазақ  халқының ұлттық киімдері төзімді де ыңғайлы,қарапайым да әсем болған.Мұндай киім киген адамға  қыстың қаһарлы аязы , жаздың аптап ыстығы ,күздің қара суығы ,жауын-шашын ешбір қауіп-қатер  төндіре алмаған.  

   

       Оқылым. Дамыта оқыту әдісі бойынша «Маңыздысын ажырата біл»  Мәтін оқылып, ішіндегі ең маңызды мәселені қысқаша жазады.    Ортаға салып   талдайды. Осылайша оқушылар ақпараттың маңыздысын таңдай білетін болады.

      ІҮ. Грамматикалық тақырыпты меңгерту. Зат есімнің сөйемдегі қызметін қайталау.                                              1.Тіл – ұлттың жаны.Атау септікте тұрып,кім,не сұрағына жауап беріп,бастауыш қызметінде.

2.Тіл – адамның ойын білідіретін құрал.Зат есім жіктеліп келіп,сөйлемнің баяндауышы да болады.3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды.

3.Тіл – идеяның,ойдың,сезмнің жанды көрінісі.Зат есім ілік септікте тұрып анықтауыш қызметінде .

4.Өз тіліңді қадір тұтпай тұрып,өзге тілді сүйе алмайсың.                                                                                            Зат есім табыс,барыс,шығыс,жатыс,көмектес септікте тұрып толықтауыш қызметін атқарады.

5.Біз тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз.Зат есім түбір тұлғада мезгілдік,мекен-бағыттық,себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш та болады.

             Жазылым. Берілген сөздердің көмегімен сөйлемдер құрып, сөйлемдерді  талдау.

Ыңғайлы, кию,пайдалану,шапан, тақия,сәукеле,ою-өрнек, сәнді ұнатамын,  киер едім.Мысалы:Сәукеле-қалыңдықтың бас киімі.

 

          

           

                  Шығармашылық жұмыстар:

         І. Тірек сызба негізінде      «Киімдердің әлеуметтік дәрежесі» тақырыбында

әңгіме құрау. Осылайша  зат есімнің сөйлемдегі қызметі пысықталады.

 

Ұлттық киімдердің түрлері

 
                    

Надпись: Жыл мезгіліне байланысты.
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әлеуметтік дәрежесіне,қызметіне,байланысты ұлттық киімдердің түрлері

 

 
                    

 

 

 

 

 

 


Танымдық тапсырма.    Киімдерге қатысты тыйымдар.

Бас  киімді жерге тастамайды, іліп қояды.Киімнің жағасын баспайды.Тымақ тастап кешірім сұрау-бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.Аяқ киімнің табанына қарамайды,себебі аяқ киімнің баспайтын жері жоқ.Зат есімдерді сөйлемдегі қызметіне талдау

Бас киімді-нені?күрделі,толықтауыш;жерге –қайда? дара,пысықтауыш;Тымақ-не? Дара,бастауыш;Киімнің-ненің? Дара, анықтауыш; Белгісі-дара,несі?баяндауыш.

Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).

а)Пікірталас Маған ұлттық киім киген ұнайды.                                                                                                                                          Маған ұлттық киім киген ұнамайды.

Мұғалімнің сөзі.       Ұлттық киім тігетін «Сымбат »сән үйінің киім үлгілерімен таныстыру.

 

   ә) Топтастыру. Зат есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады?

 

                                     баяндауыш                    бастауыш

Овал: Зат есімнің сөйлемдегі
               қызметі
                                                                                   

 

 

 


                             анықтауыш     толықтауыш   пысықтауыш

                            ҮІ. Бағалау.

 Үйге тапсырма беру. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі. «Ұлттық киімдердің қазіргі кездегі маңызы» - тақырыбын пысықтау.

 

 

 

 

 

 

 

            

 

Краткое описание материала

Ұлттық киімдер Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Муфтугалиева Марзия Амангельдиевна

учитель

  • На сайте: 11 лет и 2 месяца
  • Всего просмотров: 6586
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 3
  • 6586
    просмотров
  • 3
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Муфтугалиева Марзия Амангельдиевна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~120

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: