Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыӨзге ұлт мектептерінде тілді оқытудың кейбір мәселелері

Өзге ұлт мектептерінде тілді оқытудың кейбір мәселелері

Скачать материал

Өзге ұлт мектептерінде тілді оқытудың кейбір мәселелері

Өзге ұлт мектептерінде мемлекеттік тілді оқытумен орай жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының арналы бағыттарын, реформа материалдары бойынша үкімет қаулыларын оқып – үйрену және іс жүзіне асырудағы жұмыстар мұғалімдердің алдына жауапты міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда, өзге ұлт өкілдеріне ғылым негіздерінде терең де тиянақты білім беру, оларды практикада қолданудың қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, көрнекті оқу құралдарын әлеуметтік – экономикалық және ғылыми–техникалық прогрестің талаптарын, оқушылардың жас ерекшеліктерімен сәйкестендіру, еңбек тәжірибесін, оқытуды және кәсіптік бағдар беруді жолға қою, түбегейлі жақсарту міндеттері қойылып отыр. Бұл мұғалімге деген шын қамқорлық, халық ағарту ісін одан әрі дамыту, қазақ тілі пәнін жоғары ғылыми негізінде ұйымдастыру, жаңа сатыға, жаңа белестерге, соны мазмұнға көтеру мақсатын іске асырудан туған жайлар екенін көруге болады. Жалпы білім беретін мектептерге бағытталған реформалардың негізгі мақсаты, атап айтқанда, оқыту процесіне аса көңіл бөлу қажеттігін, әсіресе күнделікті сабаққа барлық оқу-тәрбие ісінің мүмкіншіліктерін пайдалануға міндеттеп отыр.
Өзге ұлт өкілдерінің тілін дамыту – қазіргі мектептегі оқу–тәрбие ісіндегі басты проблема. Тіл мен сөйлеу үрдісін дифференциалды қарастыра оқыту қажет, өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлініп отыр. Сондықтан, мұғалімнің қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу (сөздің, сөйлемнің үлгілерін беру), оны дұрыс бере білу, тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының бір-бірімен қарым-қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылыды. Демек, қазақ тілі пәнін оқыту барысында мұғалім оқушының ойын логикалық жағынан дұрыс, анық, қазақтың әдеби тілінің мөлшері лайықты, дұрыс айта білуге үйретумен бірге, екінші жағынан ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуге жаттықтырылады. Оқушының жазбаша және ауызша ойын дұрыс бере, айта білуіне үлгі беретін–мұғалім. Сондықтан мұғалім тілдің тарихын, грамматикасын, стилистикасын, орфографиясын, лексикасын, пунктуациясын жақсы біліп, меңгеруі қажет. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде жүргізіліп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне,білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Демек, оқушылардың тілін дамыту жұмысы – ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз. Өйткені, оқушы қай пәнде оқып – үйренсе де, ол өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбекүн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады. Сондықтан қазақ тілі сабақтарындағы тіл дамыту жұмыстары оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталады. Яғни, оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырыла, сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады. Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасында тіл дамыту жұмыстарына арнайы орын беріледі. Бағдарламада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қарай балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой-өрісін жетілдіру мақсаты көзделінген.    Сондай-ақ бағдарламада тіл дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулары, шығарма диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелінген.
           Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты – оқушының ауызша және жазбаша ойын грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы, негізінен, мынадай төрт бағытта жүргізіледі: бірі – мәдени, әдеби сөйлеу білудің мөлшеріне үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Демек, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.
Міне, тіл дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында қарастырылып іске асырылды. Дидактикалық қағидалар әр пәнді оқыту методикасының, соның ішінде қазақ тілін оқыту методикасының теориялық негізі болып саналады. Қазақ тілін оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысы да мынадай дидактикалық негізделе жүргізіледі. Сөйлеу мен ойлаудың бірлігі қағидасы арқылы оқушы тіл мен ойлау бір – бірімен байланыста екендігін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтындығы, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетіндігін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін түсінеді. Бұл қағида арқылы оқушының ойлау әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу дағдылары қалыптастырылады. Яғни, бір нәрсені екінші затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу, белгілі затты белгісізбен салыстыру тағы да басқа түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім жүйелерін меңгереді. Мұғалім бұл қағидаларды негізге ала отырып, қазақ тілінің бағдарламалық материалдарын мұқият қарастырып, әр тақырыпты оқытумен байланысты түрлі тапсырмалар беріп, оны оқушы қалай орындады, одан қандай қорытынды шығарды, ол тапсырманы, жаттығуды орындауда неге сүйенді, қандай ойлау әрекеттерін жасады деген мәселерге көңіл бөлінеді. Сондай–ақ, қағиданы іске асыруда екінші басты мәселе – оқушылардың орфографиялық ережелерді саналы меңгеруін қалыптастырып, дұрыс сөйлей білуге, сауатты, қатесіз жазуға дағды беру.
Сөз тіркесі, сөйлем құрауға үйрету жұмысы оқушы ойын байланыстырып айта білумен бірге, жаза білуге дағды береді. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін, дұрыс біліп, сөйлемді қарастыра алады.
Мұғалім сөз тіркесі және сөйлемді дұрыс құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, әсіресе, синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді. Бұл жұмыста тіл дамытудың ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір – бірімен байланыстылық қағидасы да басты орын алады. Адам бір-бірімен сөйлеу тілі арқылы тікелей қарым қатынас жасайды. Сөйлеу тілі арқылы адам екінші бір адамның айтқан сөзін естиді, тыңдайды әрі онымен пікір алысып сөйлеседі. Адам осындай сөйлеу барысында тілдің түрлі көркемдік тілдік құралдарын пайдаланылады. Мысалы, мақал-мәтел, теңеу, салыстыру, әсірелеу, сөзге екпін түсіріп айту, ымдау тағы да басқа әрекеттер арқылы сөйлеу үрдісінде екінші бір адамға ойын жеткізеді. Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлемдермен айтуға бейім келеді, мысалы, сөйлемнің айқындауыш, оңашаланған мүшелерін, құрамдас сөйлем түрлерін қолдана бермейді.
Тіл дамыту жұмысын грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу қағидасы да ерекше орын алады.
        Қорыта айтқанда, қазақ тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарын жоғарыдағы айтылған қағидаларды ескере отырып ұйымдастыру пайдалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1.  Әлімжанова Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. 

Алматы,1965.

2.     Әбілқаев Ә., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту. Әдістемелік нұсқау Алматы,1984

3.     Әбдікаримова Т.М. Бастауыш сыныпта ойын технологиясы арқылы ауызша тіл дамыту.-Алматы,1993

4.     Ақпаева Қ. Оқу орыс тілінде жүретінде мектептерде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері.    Алматы.  Рауан, 1997

5.     Құлмағамбетова Б., Исанова А., Исинғарина М. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы «Білім» 2000

6.     Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» бағдарламасы

7.     Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Алматы, Атамұра, 2001


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өзге ұлт мектептерінде тілді оқытудың кейбір мәселелері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Өзге ұлт мектептерінде мемлекеттік тілді оқытумен орай жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының арналы бағыттарын, реформа материалдары бойынша үкімет қаулыларын оқып – үйрену және іс жүзіне асырудағы жұмыстар мұғалімдердің алдына жауапты міндеттер қойып отыр. Атап айтқанда, өзге ұлт өкілдеріне ғылым негіздерінде терең де тиянақты білім беру, оларды практикада қолданудың қабілеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру, оқу жоспарларын, бағдарламаларды, көрнекті оқу құралдарын әлеуметтік – экономикалық және ғылыми–техникалық прогрестің талаптарын, оқушылардың жас ерекшеліктерімен сәйкестендіру, еңбек тәжірибесін, оқытуды және кәсіптік бағдар беруді жолға қою, түбегейлі жақсарту міндеттері қойылып отыр.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 271 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2014 1616
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токымтаева Акбота Галымовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токымтаева Акбота Галымовна
    Токымтаева Акбота Галымовна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52905
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе

Учитель иностранного языка в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 194 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 521 человек

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: углубленная физическая подготовка

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе