Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Решение задач
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Решение задач

библиотека
материалов

Анықтама.

« Бастауыш және негізгі мектеп сабақтастығы»

5-сыныптарда оқу-тәрбие үрдісіне талдау туралы.


Бастауыш және негізгі мектеп сабақтастығы 2012-2013 оқу жылында тексерілген деңгей, білім сапасын салыстыру мақсатында мектептің 08.04.2013 ж. №41 бұйрығына сәйкес 5 сыныптарда негізгі пәндерден тест, бақылау жұмысы алынды. Математика пәнінен алынған жұмыстан 5 «а»сыныбы 26% білім сапасын көрсетсе, 5 «б» сыныбында 25 % білім сапасын көрсетті. 4-сыныпта тексеру қорытындысы 50-48%, мониторинг, тоқсандық 54% болған. 5-сыныпта мониторинг 58%, тоқсандық 56% білім сапасын көрсетті. Тоқсандық мониторинг пен қорытындыны салыстырғанда 36% білім сапасы төмен.Сабақ кезінде пән мұғалімі А.Кадралиева формуланы тақтаға жазып, оқушыларға сұрақ беріп отырады, ережені қайталатады. Оқушылар бөлшектер, аралас сандармен берілген есептерді мұғалімнің көмегінсіз шығара алмайды. Екі-үш оқушы тақтада есеп шығарады, қалғаны көшіріп бос отырады, өз бетінше есепті шығара алмайды. Микроколькулятордың тақырыбында барлық элементтері, орындалу операциясы толық түсіндірілді. Бір сабақта екі есеп шығарылды. Уақыт дұрыс пайдаланылмайды. Оқушылар санның пайызбен берілуіне тақтада есептер шығарды. Процент санның жүзден бір бөлігі болғандықтан 10-ға, 100-ге, 1000-ға ережесін қайталау қажет еді, баған түрінде есептелмей, ауызша бөліп, уақытты үнемдеуге үйрету керек.

5 «а» сыныбында Қ.Смаилов, Г.Оңғарбаева, А.Зарбетқұл, М.Жандаралы бірінші деңгей есептерін толық орындамаған, ондық бөлшекті көбейту, бөлуді білмейді.

5 «б» сыныбында Ә.Құралдин, Е.Айтқұрман, Ж.Марат, Ә.Тапайхан, Д.Қошқар амалдардың орындалу тәртібін, пайыз есебін білмейді.

Қорытынды: Оқушының білім деңгейі өзінің қалпын сақтамауы, мұғалімнің теориялық білімінің төмендігі сабақ жүргізу оқушымен қарым-қатынас шеберлігінің төмендігі, оқушының пәнге қызығушылығын, білім деңгейін төмендеткен.

Қазақ тілі, әдебиет пәні бойынша пән мұғалімі Г.Утеулиеваның сабақ өткізу шеберлігі, оқушының мағнаны ажырату, ой қозғау, әдебиеттік есте сақтау қабілетін, мәнерлеп оқу дағдысының шеберлігін сақтау жұмыстарына , көңіл бөлуді мұғалім үнемі ескертіп, сақтап отырады. Бақылау диктантын алған кезде 5 «а» сыныбында 42 % білім сапасын көрсетті. А.Зарбетқұл, Р.Жеткербай «И, Й» дыбыстарын шатастырады, дауыссыз дыбыстардың қатар келуін шатастырады. 5 «б» сыныбында 40 % білім сапасын көрсетті. Диктант жұмысын жазу кезіне Тапайхан Елдар, Құралдин Әділхан дауыссыз дыбыстардың сөз құрамында қосарланып келетіндігін ескермейді. Калиграфиясы нашар.

Қорытынды: Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылардың білім деңгейі, сапасы қалыпты. Пән мұғалімдері оқушылармен жеке жұмыс істеу керек. Мониторингпен салыстырғанда 8-9 % төмен.

Орыс тілі пәнінің мұғалімі С.Нарымбаеваның сабақ өткізу шеберлігі, оқушының сөздік қорын молайтуға, сөйлемді құрау, деңгейлеп тапсырма беруге дағдыландырады. Оқушылардан бақылау диктанты алынды. Диктант жұмысында 5 «а» сыныбында 41 % білім сапасын көрсетті. 5 «б» сыныбында 44 % білім сапасын көрсетіп, кейбір оқушылар диктант жұмысын естуі бойынша жазады.

Қорытынды: Оқушылардың білім деңгейі қалыпты, мониторинг, тоқсандық жұмыстарында 7 %-ға төмендеген. Былтырғы оқу жылынан өзгеріс жоқ. Оқушылар сөйлемді дұрыс құрмайды, жалғауды дұрыс айтпайды.

Жаратылыстану пәні бойынша тест жұмыстары алынды. Оқушылардың білім деңгейі, қызығушылығы жақсы. Мұғалімдер өз деңгейінде жетік түсіндіре алады. Білім сапасына алынған тест жұмысында 5 «а» сыныбында 10 оқушы қатысты, білім сапасы

33 %. 5 «б» сыныбында 15 оқушыдан тест алынып, 34 % білім сапасын көрсетті.

Тексеру қорытындысы бойынша бастауыш және негізгі сыныптар сабақтастығы, бастауышта алынған білім қалпын сақтауға қойылатын талаптардың орындауында қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі, жаратылыстану пәндерінен оқушылардың білімі өз деңгейінде. Математика пәнінен оқушылардың көрсеткіші, білімі төмен.



Анықтама.

Мектепалды даярлық топтарындағы оқыту мен тәрбие беруді зерттеу.

Мектептің 2012-2013 оқу жылындағы 8 сәуір 2013 жылғы № 42 бұйрығына сәйкес 8-20 сәуір аралығында мектепалды даярлық сыныбының тәрбие, білім сапасы тексерілді. Мектепалды даярлық «А» сыныбында А.Жансақбаеваның бірнеше сабағына қатыстық. Мұғалімнің күнтізбелік жоспары, күнделікті жоспары сәйкес, көрнекілікпен сабақ үрдісін жүргізе білді. Комиссия құрамы оқушылардың 1-сыныпқа дайындығын, білім сапасын тексерді.
























Мониторинг.


2012-2013 оқу жылындағы ІІІ-тоқсан қорытындысы бойынша ақпараттық сараптамалық бөлім.

14-19.03.2013 ж.аралығында негізгі пәндер бойынша «Жұмысшы» тобы арқылы «Эксперт» тобы мониторинг алып ІІ-тоқсанмен салыстырмалы диагностика жүргізді.

Бастауыш сыныптарда 2-сыныптарда ана-тілі пәнінен тоқсандық 69% болып аяқталса, ІІІ-тоқсан мониторингі 66%, тоқсандық 72%-ға көтерілді. 3-сыныптарда ІІ-тоқсанда 65% болса, ІІІ-тоқсанда 69%-бен 4%-ға көтерілді. 4-сыныптарда 4 %-ға көтерілді.

Қазақ тілі пәнінен 2-сыныптарда ІІ-тоқсанда-66%, ІІІ-тоқсан 63% болып төмендеген.Себебі: 2 «б» сыныбында оқушы санының кемуіне байланысты білім сапасының пайызы төмендеген. 3-сыныпта өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгеріс жоқ. 4-сыныпта 4%-ға көтерілді.

Диктант жұмысын жазғанда 2-сыныпта Д.Абдықалық, А.Бектұрғанның калиграфиясы нашар, әріптерді тастап кетеді.

3-сыныпта Еңсебек Аруна «н»-«ң», «ы»-«і» әріптерін ажырата алмайды.

Математика пәні бойынша 2-3 сыныптарда өткен тоқсанмен салыстырғанда тоқсан 3-4% төмендеген.Оқушы санының өзгеруіне байланысты білім сапасының пайызы төмендеді. Математика пәнінен 2-сыныпта Д.Абдықалық, М.Нұрсағатов, Н.Көшекбаев теңдеуді шешуде қателіктер жібереді, амалдарды шатастырады.

3-сыныпта Д.Жумамуратова, Д.Нурматов күрделі теңдеулерді шеше алмайды. 4-сыныпта Б.Жұмабек, Ә.Кушекбаева есептерді шығару, теңдеу, логикалық есепті шешуден көп қателеседі.

4-сыныптарда білім сапасы 4%-ға көтерілді.Дүниетану пәнінен 3-4 сыныптарда 3-4%-ға көтерілді.

Қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныптарда 4%-ға көтерілді. 6-сыныпта ІІ-тоқсанда 4% төмендеді.Себебі:оқушы денсаулығына байланысты сабаққа қатыспағаннан баға төмендеген. Мониторинг жұмысын алғанда А.Нұрсағатов, З.Иконикова «с», «ы», «і», «ұ»-әріп емлесін білмейтіні анықталған.

7-сыныптарда 5%-ға көтерілген.

Мониторинг жұмысын алғанда Ж..Досманбетова, М.Молдалиев шылаулардың тыныс белгілерін дұрыс қоймағаны анықталды.

8-сыныптарда 43%-дан 45%-ға көтерілген.Мониторинг жұмысында М.Қуанышбай, С.Әзірбай құрмалас сөйлемді білмейді, әріптерді тастап кетеді.

Ұсыныс: оқушылармен жеке-жеке жұмыс істеп, қосымша жұмыстар жүргізілсін.

Орыс тілі пәні бойынша 5-сыныптарда ІІ-тоқсанда 43%, мониторинг 48%, тоқсандық 48% болып білім сапасы жоғарлады. 6-сыныптарда өзгеріс жоқ. 7-сыныптарда 2%-ға жоғарлады. 8-9 сыныптарда 2-3%-ға көтерілген.

Орыс тілінен мониторинг жұмысын алғанда 6-сыныпта А.Нұрсағатов, 9-сыныпта А.Тұғылшы, Н.Маманның сөзде емле қателер, сөзді толық аяқтамау сияқты қателер жібергендігі анықталды.

Ұсыныс: Пән мұғалімдері оқушының грамматикалық қате жіберу жұмыстарын түзеумен жұмыс жүргізсін.

Шет тілі пәні бойынша 5-сыныпта оқушылардың ынтасының, қызығушылығының нәтижесінде өткен тоқсанмен салыстырғанда 8-9% жоғарлады. 6-сыныпта 7%-ға көтерілді. Тест жұмысын алғанда Р.Серікбаев,Ш.Байболатов жұрнақ, жалғауды ажырата алмайды.

7-сыныпта өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгеріс жоқ. Мониторинг жұмысында оқушыларға деңгейлік тапсырма берілді, төмен деңгейде оқушы жоқ.

8-9 сыныпта өткен тоқсанмен салыстырғанда өзгеріс жоқ. Мониторинг жұмысында оқушылар шақтың көмекші етістіктерін ажырата алмайды.

Математика пәнінен өткен тоқсанмен салыстырғанда 2%-ға төмендеген. Себебі: оқушы саны азайды. Бақылау жұмысын алғанда Т.Байдораз, А.Зарбетқұл аралас сандарды алмастыруды, ондық бөлшектерді көбейту, бөлуді білмейді. (Пән мұғалімі:А.Кадралиева)

6-сыныпта 5 %-ға көтерілді. Мониторинг жұмысында Б.Асанов, С.Нұрсағатов қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектерді түрлендіруге берілген тапсырмаларды орындай алмады.(Пән мұғалімі:Б.Омиркулова)

7-сыныптарда 2%-ға көтерілген. Мониторинг кезінде М.Тұрлыбаев, М.Байдораз рационал бөлшектерді түрлендіруді толық меңгермеген.(Пән мұғалімі: Омиркулова Б., Журманов Ж.)

8-сыныптарда 2% көтерілді. Мониторинг жұмысына А.Төреханов, Г.Елубаева, Г.Меркібаева квадрат теңдеу, теңсіздік функцияларын меңгермеген.(Пән мұғалімі:Ж.Журманов)

9-сыныптарда өзгеріс жоқ. Е.Есенжанов, Б.Маженов, Ә.Қожамбердиева тригонометриялық функцияларға берілген тақырыптарды жақсы меңгермеген.

Ұсыныс: Жоғарыда көрсетілген пән мұғалімдері қосымша сабақ жүргізсін.

Физика пәні бойынша 7-сыныптарда ІІ-тоқсанда 36% болса, ІІІ-тоқсанда 40% болып, 4%-ға көтерілген. 8-сыныптарда 2%-ға жоғарлады. Мониторинг жұмысында А.Мангетбаев газдардағы, вакумдегі, шама өткізгіштерді электр тасымалдаушыларды дұрыс көрсетпеген.

9-сыныптарда 3%-ға көтерілген. Тест жұмысында А.Баймуханбетов, Т.Маженов есептердің берілгенін жазып, формуласын көрсетпеген.

Ұсыныс:Оқушылардың сабақ кезінде есеп шығаруына көп көңіл бөлінсін.

Тарих пәнінен:5-сыныптарда 1%, 7-сыныптарда 4% жоғарлады, 8-9 сыныпта өзгеріс жоқ.

География пәні бойынша 6-сыныптарда 8%, 7-сыныпта 4 %, 8-сыныпта 6% білім сапасы жоғарлады.Мониторинг жұмысында 6-сыныпта «Оңтүстік Америка субтропикалық дала зонасы қалай аяқталады», «Табиғат зоналары» тақырыбын оқушылар толық меңгермеген.

Биология пәні бойынша 6-7 сыныпта өзгеріс жоқ. 3-4% көтерілді.8-сыныпта 8%, 9-сыныпта өзгеріс жоқ. Биология пәнінен мониторинг алынған кезде 7-сыныпта З.Рахмаш, 9-сыныпта Ә.Қожамберді «Жалпақ құрттар типі», «Тікенектер типі» тақырыптарын меңгерген.

Химия пәнінен 8-сыныпта білім сапасы 12% жоғарлады. 9-сыныпта 16%-ға жоғарлады.Пән мұғалімі Н.Ғалымова өз жұмысында оқушының қызығушылығын, ынтасын ескере отырып жұмыс жүргізді.

Жалпы мектеп бойынша мониторинг қорытындысында 52% білім сапасын көрсетсе, тоқсандық 64% білім сапасымен аяқтады. Бастауыш сыныптар бойынша білім сапасы жоғары 1-сынып, жоғары сыныптар бойынша 5-сынып.

Шешімі:1.Барлық пән мұғалімдері, сынып жетекшілері оқушының сабаққа қатысуын қадағалап, білім сапасының көтерілуіне ықпал жасасын.2.Психолог көмегімен үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізілуі күшейтілсін.


































Анықтама


Музыка, бейнелеу өнері, технология пәндерінің эстетикалық тәрбие беру барысын зерттеу туралы.


1.Қазақстан Республикасының, «Білім туралы» Заң талаптарын орындауды жүзеге асыру мақсатында мектептің 2013 ж. 27 қаңтар айындағы №6 бұйрығына сәйкес 2013 жылдың 18-31 қаңтар аралығында тексеру жүргізіледі.

Бейнелеу өнері пәні бойынша пән мұғалімі Тасыбаева Ғалия білімі жоғары, І-санатты, еңбек өтілі 20 жыл. Бейнелеу өнері сабағында мұғалімнің сабақ өткізу әдісі, теориялық білімі жоғары. Сабақ кезінде оқушының ынтасын өзіне, пәнге аудара білуі, шоғырландыруы, тәрбиелік мәні, сабақтың бір-бірімен байланысуы жақсы. «Үй мәдениеті», «Түс және оның қасиеті», «Дала гүлдері» тақырыбында сабақ жүргізді.Көрнекілігі анық, әдемі, таза, ұқыпты жасалған.Оқушылар көрсетілген тапсырмаға өз қиялдарын ұштастыра отырып, сурет салу композицияларын нақышына келтіре орындап шыға алады.Пәнге қызығушылықтары мол, жақсы деңгейде, алдына мақсат қоя алады.


Еңбек пәнінің мұғалімі Абдухаимов Марат 7,8,9 сыныптарда еңбек пәнінен сабақ береді.Еңбек өтілі 9 жыл.І-санатты.Абдухаимов Марат теориялық білімін практикалық жұмыспен ұштастыра біледі.Педагогикалық қарым-қатынасы жақсы., қауіпсіздік ережесін сақтай біледі.Оқушылар өзбетінше үйден технологияға,сабаққа керекті құрал-жабдықтар әкеледі,падаланады. «Ағаш өңдеу», «Сандық», «Орындық жасау» сабағына қатысқанда сабақ ұтымды жұмыс ретінде ұйымдастырылды.

Сабақ кезінде қолөнерге байланысты ребустар шешілді, еңбек туралы мақал-мәтел айтылды.Технология кабинетінің жабдықтануы, тест жинағы, көрнекі материалдар жоқ. Пән мұғалімі оқушының теориялық білімін тексеру мақсатында қорытынды тест жұмысын алмайды.


Ұсыныс:Әрбір сабақта тақырыпқа байланысты оқушылардың құралы өздеріне жеке болу керек және сыныптағы жұмыс істеуге арналған құрал –жабдықпен қамтамасыз етілу керек.


Еңбек пәнінің мұғалімі Ж.Абу бастауыш сыныптарға сабақ береді.Еңбек өтілі 7жыл.Ж.Абудың 2-4 сыныптарындағы сабақтарына қатыстық.4 «а» сыныбында «Сәукеле,тымақ тігу» тақырыбы болды. Мұғалім сабақты кітаптан көрсетіп айтып өтті. Қағаздан макет жасалынды, үй тапсырмасы орындалмаған әр оқушының қасына барып қиып бергеннен кейін, сабақ аяқталды. Оқушының дәптері жоқ.2 «а» сыныбында «Лего» құрастыру тақырыбын өтті. Оқушыда мүлде оқу-құралдары жоқ.Сабақ жоспарында мақсат жоқ, педагогикалық оқушымен қарым-қатынас жоқ. Оқушылар сабаққа қызықпайды. Мұғалім өзі «Лего» құрастыру дегенді білмейді. «Ұшақ» жапсырды. Сурет әлде жапсыру сабағы ма түсініксіз. Өзі қиып берді. Үй тапсырмасын өзі айтты, жаңа сабаққа мұғалім мүлде дайын емес, қауіпсіздік дәптері жоқ.


Ұсыныс: Мұғалім теориялық білімін көшіру, өз бетінше іздену арқылы, өзара сабаққа қатысып тәжірибе алмасу керек.Сабаққа күнделікті дайындалу, оқушыны қызықтыру тәсілімен ұүйрету керек.


Музыка пәні бойынша С.Сұрашева сабақ береді.Еңбек өтілі – 4 жыл.Сабаққа қолжоспары кезеңдеріне сәйкес жазылған. «Дәстүрлі күйшілік өнер», «Жапонның халық әні және Хиросима», «Қазақ халқының музыкасының орыс композитор шығармаларындағы орны тақырыптарында сабақ өткізді.Сабақта өткен сабақты қайталаумен бастап, жаңа тақырыпқа көшті.Оқушылардың пәнге дәптері бар.Жаңа сабақ түсіндіріліп, теориялық жұмыс дәптерге түсірілді.Сабақта көрнекілік пайдаланбайды.Оқушылар шашыраңқы отырады, мұғалім көңілді,тез жинақтап өзіне, пәнге баланы қызықтыра алмайды.Сабақ баяу өтеді.Мұғалімнің сабақта кітаптан басқа материал пайдаланбайды, сонымен шектеледі.

Ұсыныс: 1.Мұғалім сабақ кезінде уақытты тиімді пайдалану керек.

2.Әр сабақта түрлі тапсырма, көрнекілік қолдану керек.



























Анықтама.


5-9 сыныптарда қазақ тілі, физика, ағылшын тілі, пәндерінің берілу сапасын зерттеу туралы.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заң талаптарын орындауды жүзеге асыру мақсатында, мектептің №5 бұйрығына сәйкес 18-31 қаңтар 2013 ж. аралығында тексеру жүргізілді. Физика пәнінің мұғалімі А.Сарсенбиеваның 7-9 сыныптарда «Дененің салмағы» «салмақсыздық», «Үйкеліс күші», «Электромагниттік толқындар» тақырыбында жаңа тақырыптар өткізілді. Оқушылардың сабаққа қатысу, қызықтылық қабілеті жақсы, оқушы ынтамен тыңдайды. Өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы тиянақтады. Оқушылар жауап беріп отырды, дәптермен жұмыс жүргізілді, есеп шығарылды. Сызбалар арқылы сабақ нақты түсіндірілді. Ережені оқушылар жақсы, формуласымен жауап береді. Оқушылар физиканың формуласын тиімді қолдануды, шамалардың өлшем бірліктерін жақсы меңгерген. Зертханалық дәптерлер уақтылы жүргізген. Оқушылар есепті толық шығарып үлгермейді. Оқушының күнделікті дәптері уақтыл тексерілмеген.

Ұсыныс:

1.Физикалық аспаптар, көрнекі құралдарды пайдалану керек.

2.Есеп жаттығу жұмысына көп көңіл бөлінсін.

Қазақ тілі пәні бойынша Г.Утеулиева жоғары білімді, еңбек өтілі 7 жыл. Г.Утеулиеваның қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелері», «Дауысты және дауыссыз дыбыс түрлері» т.б сабақтарына қатыстық. Мұғалімінің сабаққа дайындығы, ұстанымдығы, жинақтылығы, талап қоя білуімен оқушы назарын өзіне аудара алады. Сабақта «сатылай комплексті талдау» технологиясының элементтерін пайдаланады. Оқушыны ізденуге тартады. 8 сыныптарда сабаққа оқушының ынтасы төмен.

19.10.2013 күнгі 8 б сыныбында оқушылар сабққа мүлде қызықпайды. Мұғалімнің көтермелеуімен жазады. «Қыс» тақыорыбында оқушылар қатемен жұмыс, грамматиткалық тапсырманы өз бетінше орындамайды. Г.меркібаева, А.Нұрбай тақтада мұғалім көмегімен орындады. Анықтауыш, пысықтауыш таба алмады. Сөйлем (мысал) келтіре алмады. Оқушылардың диктант жұмыс дәптері бар, уақытыл тексерілмеген.

Қазақ тілі пәнінен С.Сейтханова – білім жоғары, санаты ІІ, еңбек өтілі -14 жыл.

С.Сейтханованың «Абай-дана, Абай дара қазақта», М.Ауезовтың «Көксерек» повесін, «Тұйық етістіктің түрленуі» сияқты тақырыпта сабақ өткізді. Мұғалім СТО технологиясының әдіс-тәсілін тиімді пайдаланып, оқушының өз бетінше ізденуге, әдеби кітап көп оқуға ынталандырып, ой-толғау, тақта, кесте, сызба, арқылы өткізілген, қызығушылығын арттыру жұмыстарын жақсы жүргізеді. Сабақта барлық кезеңдерін жақсы ұйымдастырды. Дауыс интонациясын сабақты жүйелі түсіндіру, нәтиже күте білу шеберлігі жақсы. Дәптер тексерілген.

Тулендиева Дамира қазақ тілі пәні мұғалімі, санаты ІІ. Д.Тулендиеваның М.Махатаевтың «Қайырлы түн», Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа», Ә.Нүрпейісовтың «Балықшылар» тақырыбындағы сабақтарына қатыстық. Мұғалім сабақты өө ретімен, кезеңімен өткізе біледі. «Менің атым Қожа» тақырыбында оқушылар көргенін айта біледі. Бірақ осы 6 а сыныбында Ә.Нүрпейісовтің «Қан мен тер» романынан алынған «Балықшылар» үзіндісі 3 сағатқа белгіленген. Соңғы қорытындылау жұмысында оқушылар толық жауап бере алмады. Мұғалім айтқанын әр жерден жалғастырады, жағысды, жағымсыз кейіпкерді бөлді, эссе жазды. Оқушылармен үлестірмелі жұмыстар арқылы топтастырып, тақырыпты қорытындылау керек еді. Өз беттттерінше оқушылар ізденіп, қызықпайды.Үй жұмысына берілген ой толғаныс жазылмаған. Бақылау диктант дәптерлері тексерілген, бар. Үлестірмелі заттар, сыныптық жаңалау жұмыстары жүргізулі. Дәптер күнделікті уақтылы тексерілмеген.

Ұсыныс:

1.Қазақ тілі пән мұғалімдері көрнекілік пайдану керек.

2.Авторлар туралы толық мәлімет беріп, есте қалуына ықпал ету керек.

3.Оқушылардың калиграфиясына көңіл бөлінсін.

Шет тілі пәні бойынша Бұғыраева Ғалия білімі жоғары, еңбек өтілі 21 жыл. Шет тілі пәнінен 5,7,8 сыныптарда «Үй жиһаздары» «Мектеп» тақырыбында сабақ жүргізді. Мұғалім көрнекілігін пайдаланып,өткізді, оқушылардың сөздік дәптерлері бар. Оқулық толық қамтылған, қойылған сұраққа жауап береді. Бірақ жаттанды тез айтпайды, ойланып жауап береді. Үлестірмелі тапсырмалар берілді. Оқушылар жаңа сөзді қайталап айтып отыр. Сөздерді қосып дұрыс ағылшын тілінде айта алмайды.

Шет тілі пәнінің мұғалімі Айткулова Айгүл білімі жоғары. Шет тілінен 6-9 сыныптарда «Қаладағы орындар», «Англиядағы мектеп түрлері» сияқты сабақ өткізді. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі оқушының сабаққа қызығушылығы 9-сыныпта жақсы көрсете білді. Оқушылар талас жауап берді, сөйлемді жақсы ағылшын тілінде сөйлей біледі. Мәтінді кезекпен жақсы оқи алады. Сөздік дәптерлері бар. Дидактикалық үлестірмелі тапсырма берілді. Ұжымдық жұмыс болды, топпен берілген тапсырманы да оқушылар орындап, жауап берді. Ағылшын тіліндегі сөйлемді қазақ тіліне аударып, өз ойларын айта білді. Тек оқушылар көмекші етістікті қолданғанда қателік жіберді, мұғалім мен оқушы арасында педагогикалық қарым-қатынас жақсы орналасқан. Мұғалімнің сабақ өту тәсілі жаңа технологияны пайдануы жақсы.






Анықтама.


Бастауыш сыныптардағы вариативті сағаттардың жүргізілу сапасы.


1 «а» сыныбында пән мұғалімі З.Бутенбаева «Көркем жазу» жұмысында арнайы оқушылар калиграфиясын түзетуге бағытталған дәптермен жұмыс жүргізеді.Дәптер уақтылы жазылған. Пән мұғалімінің сабақ жоспары жеке емес, күнделікті қол жоспарына жазылған, бірақ толық емес, аз қамтылып жазған. «Тіл дамыту» , «Ертегілер елінде» жүргізілетін жұмысында оқушылардың дәптері толық емес.

1 «б» сыныбында пән мұғалімі О.Дулатбаева «Көркем жазу», «Ертегілер елінде», «Қызықты математика» тақырыбында жұмыс жүргізді. «Қызықты математикада» оқушылардың арнайы жұмыс дәптерлері бар. Қапталған, уақтылы толтырылған. Мұғалім жоспары бар. Әр тақырыпқа оқушылар жұмысты толық жазбаған. «Көркем жазу» жұмысы уақтылы толық жазылған. «Ертегілер елінде» бағдарламасының жоспары, күнделікті сабақ жоспарына жазылған.Кейбір оқушылардың жұмысын аяқтамай қалдырып кеткен.

2 «а» сыныбында арнайы бағдарламамен ұсынылған «Көркем жазу» пәні жүргізіледі.Пән мұғалімі Ж.Шайханова .Пән мұғалімінің күнделікті сабақ жоспары толық жазылған. Оқушының жұмыс дәптері таза, диктант, терме диктант жұмысы жазылған.Сөзтуым жұмысы орындалмаған «Қызықты математика» бағдарламасы З.Смаилованың жұмысымен жүргізіледі.Оқушылардың жұмыс дәптері толық уақтылы тексерілмеген.

2 «б» сыныбында пән мұғалімі Б.Сейтимбетова. «Көркем жазу» жұмысында оқушылар уақтылы жазған, барлығында арнайы жұмыс дәптері бар.Бірақ мәтін құрастыру, көру диктанты, буындық диктанттарға берілген тапсырмалар орындалмаған. Сөзтуым, хат жазу жұмысында оқушылар шығармашылық жұмысты орындамаған. «Қызықты граматика» бағдарламасы бойынша барлық оқушыда дәптер бар, қапталған таза.Жалпы граматика жұмысының мақсаты: Сауатты, ұқыпты, граматикалық қате жібермеуге бағыттау.Осы мақсатты негізге алғанда оқушылар калиграфиясы сақталып, қадағаланбайды. Мұғалім өзі тексергенде қатені толық тексермей тастап кете береді. Мұғалім ұқыпты тексеру жұмысын қарау керек. Жоспар жасалған, жүргізілген, уақтылы жазылған.

2 «б» сыныбындаоқушы компонентінен бөлінген «Ән көңілдің ажары» тақырыбында С.Сұрашева жүргізеді.Мұғалімнің сабақ жоспары уақтылы толтырылған. Күнтізбелік жоспармен сәйкес. Журнал толтырылған. Жоспарды толық жазу керек, 2-сағатқа бөлінген тақырыпқа екі бөлек жоспар жазу керек.. Екі күнді көрсетіп, бір жоспар емес (18.09.13.-20.09.13)

3 «а» сыныбында пән мұғалімі Ғ.Шолпанқұлова «Тіл шеберлігі» жұмысында журнал толтырылған, жоспар бар. Жылдық жоспармен санағанда 14-сабақ болу керек. Жоспарда 12 сабақ жазылған. Оқушылардың дәптері, ізденуге арналған папка жинағы жоқ. «Қызықты граматика» бағдарламасында жоспар жазылған, оқушылардың дәптері тексерілмеген. Оқушылар үйлеріне алып кеткен. Жоспардың барлығы түгел, жылдық жоспармен сәйкес. Журнал толтырылған.

«Развитие речи» орыс тілі пәнінен С.Қарашева сабақ береді.



3 «б» сыныбында «Тіл шеберлігі», «Қызықты математика», бағдарламасы жүргізіледі. Пән мұғалімі П.Абдраимованың қол жоспары толық жазылған.Оқушылардың дәптері бар, бірақ уақтылы тексерілмеген. Оқушылардың арнайы «Қызықты математика» логикалық тапсырмаларға арналған дәптері бар.

4 «а» «Тіл дарын», «Логикалық есептер» бағдарламасы қамтылған. Оқушылардың дәптері қапталған, уақтылы тексерілген.Қол жоспары, күнтізбелік жоспары бар. Тек Семетай Ж., Тапайхан Э-дың дәптерінде есепті толық аяқтамаған. «Қызықты граматикалық тапсырма» бағдарламасында оқушылардың калиграфиясына қатты көңіл бөлу керек. Бұл сыныпта қосымша «Шығарма», «Ойтолғау», «Пікір», «Авторға хат», «Сөзтуым», «Эссе» жазуына ықпал жасау керек.

4 «б» сыныбында «Қызықты математика», «Сөйлеу мәдениеті» тақырыптарында оқушылардың дәптері қапталған, таза, толық. Мұғалімі Ә.Мадиеваның жылдық жоспарына, күнтүзбелік жоспары сәйкес келеді. «Қызықты математика» жұмысында логикалық есепті А.Мұсабек, С.Нұрсағатов, Р.Багади есептерді толық меңгермеген, шығармаған.

Қорытынды: 1.Барлық пән мұғалімдері оқушылар дәптерін түгел, таза болуын қадағалау керек.

2.Оқушыларды өз бетінше шығармашылық жұмыстарға бағыттау керек.

Краткое описание документа:

Бастауыш және негізгі мектеп сабақтастығы 2012-2013 оқу жылында тексерілген деңгей, білім сапасын салыстыру мақсатында мектептің 08.04.2013 ж. №41 бұйрығына сәйкес 5 сыныптарда негізгі пәндерден тест, бақылау жұмысы алынды. Математика пәнінен алынған жұмыстан 5 «а«сыныбы 26% білім сапасын көрсетсе, 5 «б» сыныбында 25 % білім сапасын көрсетті. 4-сыныпта тексеру қорытындысы 50-48%, мониторинг, тоқсандық 54% болған. 5-сыныпта мониторинг 58%, тоқсандық 56% білім сапасын көрсетті. Тоқсандық мониторинг пен қорытындыны салыстырғанда 36% білім сапасы төмен.Сабақ кезінде пән мұғалімі А.Кадралиева формуланы тақтаға жазып, оқушыларға сұрақ беріп отырады, ережені қайталатады. Оқушылар бөлшектер, аралас сандармен берілген есептерді мұғалімнің көмегінсіз шығара алмайды. Екі-үш оқушы тақтада есеп шығарады, қалғаны көшіріп бос отырады, өз бетінше есепті шығара алмайды. Микроколькулятордың тақырыбында барлық элементтері, орындалу операциясы толық түсіндірілді. Бір сабақта екі есеп шығарылды. Уақыт дұрыс пайдаланылмайды. Оқушылар санның пайызбен берілуіне тақтада есептер шығарды. Процент санның жүзден бір бөлігі болғандықтан 10-ға, 100-ге, 1000-ға ережесін қайталау қажет еді, баған түрінде есептелмей, ауызша бөліп, уақытты үнемдеуге үйрету керек.      5 «а» сыныбында Қ.Смаилов, Г.Оңғарбаева, А.Зарбетқұл, М.Жандаралы бірінші деңгей есептерін толық орындамаған, ондық бөлшекті көбейту, бөлуді білмейді.      5 «б» сыныбында Ә.Құралдин, Е.Айтқұрман, Ж.Марат, Ә.Тапайхан, Д.Қошқар амалдардың орындалу тәртібін, пайыз есебін білмейді.
Автор
Дата добавления 16.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров1021
Номер материала 105653051625
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх