Инфоурок Всеобщая история Презентации7 сынып. Қазақстан тарихы сабағы. «Қасым хан»

7 сынып. Қазақстан тарихы сабағы. «Қасым хан»

Скачать материал
Скачать материал "7 сынып. Қазақстан тарихы сабағы. «Қасым хан»"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы”БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебіні...

    1 слайд

    “Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы”
    БҚО, Теректі ауданы, Ақсуат ЖОББ мектебінің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ескалиева З.М

  • Сабақтың тақырыбы: Қасым хан
Мақсаты: Білімділігі: Қасым ханның қазақ хандығы...

    2 слайд

    Сабақтың тақырыбы: Қасым хан
    Мақсаты: Білімділігі: Қасым ханның қазақ хандығындағы асқынған ішкі феодалдық талас – тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салғанын, осы жолда хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізгенін оқушыларға баяндап жеткізу.
    Тәрбиелік: Қасым ханның қазақ халқын біріктіру, сыртқы жауға бірлесіп қарсы тұру, сөйтіп Отанды, елді, туған жерді қорғауға күш салуы, оқушыларды Отан сүйгіштікке, ата – бабалардың рухын қастерлеуге тәрбиелеу;
    Дамытушылық: Қасым ханның елдің тұтастығын сақтау жолындағы жанқиярлық ерлігі тәуелсіз жас Қазақстан мемлекетіненде үлгі - өнеге екендігін тілге тиек ету;
    Қосымша деректі материалдармен, фактілермен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.

  • Тарихи диктант

    3 слайд

    Тарихи диктант

  • 1.Қасым хан тағына отыруы
XVI ғасырдың  бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым...

    4 слайд


    1.Қасым хан тағына отыруы

    XVI ғасырдың бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым таққа отырды. Керей ханнан кейін хан тағы оның ұлы Бұрындық ханның үлесіне тиген еді. Бастапқы кезде Қасым сұлтан әкесінің жолын қуып, барлық істе Бұрындық ханға бағынып, соңын алдында бас иді. Алайда Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін шиеленіскен күрес Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.
    Бұрындық хан жеңіліс тауып, елден кетті. 1511 жылдан бастап Қасым хандық билікті қолына алды.Қасым хан Қазақ хандығының тағына отырысымен ішкі- қайшылықтарды –феодал-ақсүйектердің наразылығын бәсеңдетіп, хандықты нығайтуға кірісті. Сөйтіп Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін,ынта-жігерін аямай жұмсады. Нәтижесінде Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда нығая түсті.
    Қасым ханның билік құрған кезіндегі қазақ хандығының қуаты мен беделі алыс елдерге танылды. Қасым ханның Қазақ хандығына хан болуы кездейсоқ емес, XV – XVI ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы ішкі саяси дамудың заңды қорытындысы. Қасым хан – хандықтың кеңеюімен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қасым хандығының нығаюына онымен көршілес отырған, сол кезде ауыр дағдарысты басынан көшірген Ноғай Ордасының әлсіреуі себепкер болды. Руларды билеуші мырзалар билік үшін өзара күресіп жатты. Соның салдарынан Ноғай Ордасының жеріне көшіп жүрген рулардың бір бөлігі- қыпшақтар, қаңлылар және басқалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды. Ноғай мырзаларының қол астында болған көптеген қауымдар Қасым ханға бағынды.

  • Қасым хан ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қар...

    5 слайд

    Қасым хан ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
    Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
    Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
    2.Қасым ханның ішкі саясаты

  • ддддҚұқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құ...

    6 слайд

    ддддҚұқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.
    Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау: 
    1.Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 
    2.Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 
    3.Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 
    4.Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері). 
    5.Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.
    Қасым ханның қазақ хандығын күшейту, қазақ тайпаларын және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолындағы жеңістері елдің ішкі және сыртқы беделін арттырып, атақ – даңқын асыра түсті. Әйгілі (орта ғасырлық) тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати («Тарихи – Рашиди») атты кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес. Бұрындықты тіпті ешкім де елең қылған жоқ» - дейді.
    2.Қасым ханның ішкі саясаты

  • Қасым ханның елдің ішіндегі әлеуметтік қатынастарды реттеуге күш салуы.


Қ...

    7 слайд



    Қасым ханның елдің ішіндегі әлеуметтік қатынастарды реттеуге күш салуы.


    Қасым ханның басқа елдермен, Ресеймен байланыс жасауға ұмтылуы.

  • Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарыны...

    8 слайд

    Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
    Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
    1.Қасым ханның сыртқы саясаты

  • 4.Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстарыXVI ғасырдың басында қазақ х...

    9 слайд

    4.Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстары
    XVI ғасырдың басында қазақ ханы Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды. Қасым ханның Мауараннахрдың билеушісі болған Шайбани хан және оның ұрпқтарымен күресі тоқтаусыз жүре берді. Бұл ұрпақтан ұрпаққа созылған соғыс эклономикалық сипат алды.
    Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеуге ұмтылды. Сөйтіп қазақ хандығының Сырдария бойындағы шұрайлы жерлер мен қалаларға билік жүргізуіне бөгет жасады. Шайбани хан алғаш экономикалық соққы беру үшін, екі ел арасындағы сауда байланысын үзіп, тоқтатуға тырысты. Ол “Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын” деген жарлық шығарды. Осымен қатар қазақ саудагерлерінің керуенін тонау туралы бұйрық берді.
    Оңтүстік қазақстан қалалары үшін күрес ұзаққа созылды. Шайбани хан 503,1505,1506 жылдары қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады.
    1509 жылы Шайбани көп әскермен Жаныш сұлтан қыстап отырған Караталға күтпеген жерден шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты.
    1510жылы Шайбани хан Қасымға қарсы тағы бір шапқыншылық жорық ұйымдастырды. Ол Мерв түбінде Иран шахы Исмаилмен шайқаста қаза тапты.

  • 4.Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстарыҚасым хан Мұхаммед Хайдардың...

    10 слайд

    4.Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстары
    Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, 1518 жылы қайтыс болған. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәулсіз , дербес мемлекет есебінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгілі болды. XVI ғасып Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, жер көлемі ұлғайды, халқының саны артты, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыстар біршама азайды.

  • Бекітуге арналған сұрақтар
1.Қасым қалай хан болды?
2.Қасы ханның ішкі саясат...

    11 слайд

    Бекітуге арналған сұрақтар
    1.Қасым қалай хан болды?
    2.Қасы ханның ішкі саясаты туралы айтыңдар.
    3.Қасым ханның сыртқы саясаты қандай бағыт ұстады?
    4.Қасым ханның Шайбани және оның ұрпақтарымен соғыс жүргізуінің себебі не? Соғыстың барысы және оның нәтижесі туралы айтыңдар.
    5.Қасым ханның хан тағына отыруы неге заңды құбылыс болды?
    6.Қасым ханның ішкі және сыртқы ұстанған саясатының бағыттары.
    7.Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дамуының нәтижесі қандай?
     

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Білімділігі: Қасым ханның қазақ хандығындағы асқынған ішкі феодалдық талас – тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салғанын, осы жолда хандық билікті нығайтуға бағытталған тың өзгерістер енгізгенін оқушыларға баяндап жеткізу. Тәрбиелік: Қасым ханның қазақ халқын біріктіру, сыртқы жауға бірлесіп қарсы тұру, сөйтіп Отанды, елді, туған жерді қорғауға күш салуы, оқушыларды Отан сүйгіштікке, ата – бабалардың рухын қастерлеуге тәрбиелеу; Дамытушылық: Қасым ханның елдің тұтастығын сақтау жолындағы жанқиярлық ерлігі тәуелсіз жас Қазақстан мемлекетіненде үлгі - өнеге екендігін тілге тиек ету; Қосымша деректі материалдармен, фактілермен таныстыру арқылы оқушылардың ой - өрісін дамыту.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2014 2759
    • PPTX 691 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ескалиева Зульфия Мутиголлиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 195005
    • Всего материалов: 46

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек