Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚош келдің, Әз-наурыз

Қош келдің, Әз-наурыз

Скачать материал

 

«Қош келдің, әз – Наурыз!»

 

Мұғалім: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Бүгін біздің мектепалды даярлық тобында үлкен мереке – Наурыз тойы. Бұл күнді тойлау – қазақ халқының ертеден қалыптасқан қастерлі дәстүрі. Сіздерді Жаңа жылымыз – наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Жанұяларыңызға тыныштық, құт-береке тілейміз!

Мұғалім: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22 күні Күн мен Түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Тіршілік басталады. Ол тіршілік арқауы – тамақ. Малының қыстан аман шығуы. Оның өсіп-өніп төлдеуі. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл болып саналған.

 

1-бала 

Наурыз тойы – салтымыз,

 Көгерсін деп халқымыз

 Көшеге тал егеді.

 

2-бала 

Баптаймыз, бақ жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын.

 

       3-бала 

Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз.

 

       4-бала 

Түгел болсын нуымыз,

Тұнық болсын суымыз.

 

5-бала 

Қатыгездік жоқ болсын,

Ырысымыз көп болсын.

 

6-бала 

Уа, ағайын туысқан
Наурыз күн туды шығыстан
Сол тойға келдік шақырып
Ат терлетіп алыстан

 

7-бала 

Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды иім сағынды
Асықтың сен де сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды

 

Барлығы: (7 оқушы) Келіңіздер, көріңіздер! Наурыз тойы басталды.

 

Мұғалім:

Күн мен Түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Соны тойлар ел енді.

 

Би: 2 оқушы «Күн мен Түн» биін билейді.

 

8-бала 

Ұлыс оң болсын!

 Ақ мол болсын!

 Ұлыс басты болсын!

  Төрт түлік ақты болсын!

 

9-бала 

Наурыз келді, Наурыз келді ағайын,
Құмарлана құшағымды жаяйын.
Көктем туа күлімсіреп көк аспан,
Әнге толды, күнге толды маңайым.

 

10-бала 

Ежелгі шығыс елінің,
Аңсаған арман ойы бар.
Тарқайтын жері шерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.

 

11-бала 

Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен,
Топталып, ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәніміз.

 

12-бала 

Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!

 

13-бала 

Келді көктем далаға
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала

 

14-бала 

Көктем қандай көңілді
Көктен жаңбыр төгілді
Мөлдір аспан ашылып
Күннің көзі көрінді

 

Мұғалім: Сіздерге «Наурыз думан» әнін айтып берейік, қарсы алыңыздар!

 

Ән: барлығы бірге орындайды.

Мұғалім: Ендеше балақандар, менің сендерге қояр бірінші сұрағым – бесік жыры дегенді білесіңдер ме?

 

 

       15-бала 

Әрине, білеміз. Кішкентай бөпені бесікте тербетіп, ұйықтатқан кезде айтатын өлеңді бесік жыры дейді.

Айналайын баладан,

Тауып алдық даладан.

Далада бала жата ма,

Түсіп қалған шанадан.

Шанадан бала түсе ме?

Жоғалтып алған бір адам.

Біздің бөпе қайда екен?

Қыздарменен тауда екен.

Тауда неғып жүр екен?

Алма теріп жүр екен.

Алмасынан қайда екен?

Қабы толмай жүр екен.

Айналайын ақ бөпем,

Сауысқаннан сақ бөпем.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

 

Мұғалім: 
Наурыздың тойы-береке, 
Наурыз тойы-жыр, аңыз. 
Қызып дулы мереке, 
Қызық думан құрамыз! 
Күн әкелген жыл көрім, 
Күллі дүние жайдары. 
Желкілдетіп гүлдерін, 
Жер анамыз жайнайды. 
Наурыз-шаттық әніміз, 
Салтанатты сәніміз. 
Ән салып жас-кәріміз, 
Би билейік бәріміз 

Би: «Қара жорға»

 

Мұғалім: Уа, халайық, халайық! Сахнаның төріне төрт түліктің пірлерін шақырайық. Олардың да сөзін тыңдайық.

 

       16-бала 

Қой баласы – қоңырым,

Қойдан жуас момыным,

Шопан ата түлегі –

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!

 

17-бала 

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Ойсылқара баласы –

Ботақаным қайдасың?

Көс - көс!

 

18-бала 

Жолға шықсам – көлігім,

Жанында жүрсем – серігім,

Қамбар ата өсірген,

Құлыншағым қайдасың?

Құрау – құрау!

 

19-бала 

Жауын жауса – бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Сексек ата түлегі –

Лағым менің қайдасың?

Шөре – шөре!

 

       20-бала 

Шаруаның бір пірі – Зеңгі баба,

Сиыр берсең, сүтті бер өңкей мама.

Кең өрісті шұбыртып, өзің бағым,

Кешке жақын қотанға әкеп қама.

 

Мұғалім: Жарайсыңдар, ботақандарым! Төрт түлік туралы, оларды қалай шақыратынын біледі екенсіңдер. Өнерлерің өрге жүзсін! Ал енді, сендер бөпелеріңді қалай ойнатасыңдар? Соны білгім келеді. Мына бір бөпені ойната қойшы қане?

 

21-бала 

Бас бармақ, балалы үйрек,

Ортан терек, шылдыр шүмек.

Кішкентай бөбек.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Тауықтарға тары шаш,

Әжең келсе – есік аш,

Қасқыр келсе – мықтап бас.

Сен тұр – қойыңа бар,

Сен тұр – ешкіңе бар,

Сен тұр – түйеңе бар,

Сен тұр – сиырға бар,

Ал сен үйде қал.

Мына жерде май бар,

Мына жерде сүт бар,

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде түлкі бар,

Мына жерде күлкі бар

Қытық-қытық!

 

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, қарақтарым: жаман әдеттен, жаман қылықтардан қашық жүргендерің өте дұрыс.

 

Мұғалім: 
Күн ғой бүгін жарылған, 
Ақ түйенің қарыны. 
Ақ дастархан жайылған, 
Лаулап ошақ жалыны. 
Қуант таныс құрбыны, 
Бақыт тілеп қол ал да. 
Не тілесең бұл күні 
Орындалар сол алда. 

 

Ән: «Дастархан»

 

Мұғалім: Осымен тәрбие сағатымызды батамен аяқтайық.

 

22-бала 

Бата қайтарады.

Асың – асың асыңа,

Береке берсін басыңа.

Дастарқаның мол болсын,

Қайда барсаң алдыңнан,

Жарқыраған жол болсын.

Аумин.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қош келдің, Әз-наурыз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Қош келдің, әз-наурыз. Мақсаты: балаларды тәртіптілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Бұл тәрбие сағатында балалар қазақ халқының жаңа жыл мерекесін сезініп, наурыз мерекесін қуана қарсы алды. Наурыз мерекесіндегі тағамдардың ерекшелігін меңгерді және наурыз көжеге жеті түрлі тағамды қосатынын жетік меңгерді. Бұл тәрбие сағатының ерекшелігі әрбір берілген тақпақтың өзіндік бір ерекшелігі бар. Тәрбие сағатын «Дастархан» әнімен аяқтап, сонан соң жасалған наурыз көжеден дәм татқыздық.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 765 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2014 934
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Прманова Әйгерім Уәлиханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Прманова Әйгерім Уәлиханқызы
    Прманова Әйгерім Уәлиханқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5926
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Основы изучения творческих дисциплин: введение в пропедевтику дизайна и изобразительного искусства

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе