Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы:«Табиғат - әсемдік әлемі»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • География

Сабақтың тақырыбы:«Табиғат - әсемдік әлемі»

библиотека
материалов

Табиғат - әсемдік әлемі

 

  • 22 сәуір 2014

 

  • 357

 

  • 0

  • 0

Пәні: Өзін - өзі тану
Мұғалім: Ержанова Данышпан
Сабақтың тақырыбы:«Табиғат - әсемдік әлемі»
Сабақтың мақсаты:
1) « Табиғат» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мазмұнын ашу. Оқушылардың табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын арттыру, «табиғат» ұғымын түсіндіру.
2) Олардың табиғатқа аялы қарым – қатынастарын дамыту.
3) Табиғатқа, туған өлке әсемдігіне сүйсіну, қамқорлық,
сүйіспеншілік сезімдерін ояту, тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: табиғат көріністері (слайд), құстар, ағаштар, үлестірмелі қағаздар, гүлдер т. б
• Балалар терезеге көз салып, табиғатқа қарайықшы! Бүгін табиғат қандай тамаша! Біз осы тамаша, әсем, көрікті табиғатқа тамсана отырып, бүгінгі сабағымызда алдымен табиғатқа сәлем берейік.

Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас иеді )
Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)
Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды)
Қанатты достарым! (құсша қанат қағады)
Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)
Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)
Бас ием тауларға (бастарын иеді)
Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)
Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады)
Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)
Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)
Келген біз балаңыз. (бастарын иеді)

• Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алу үшін алдымен сөзжұмбаққа назар аударайық:
Қызығушылықты ояту. — Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен. Слайд№ 1. Сөзжұмбақ сұрақтары.
1. Аң патшасы.
2. Қазақстанның бас қаласы.
3. Қазақтың жүз жасқа келген қарт, ақыны.
4. Қазақтың батыр қызы.
5. Бір таңбалы сандардың ең үлкені
6. Жұмбақ. «Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама»
7. «Кең» сөзіне қарсы мәндес сөзді тап
• Біз табиғаттың сұлулығы, әсемдігі, олардың адамға әсері, табиғатқа аялы қарым - қатынастары туралы әңгімелесеміз.
• Ең алдымен табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық.
Табиғат
• Табиғат дегеніміз не (Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан - жануарлар мен өсімдіктер әлемі)
Тірі табиғат
(адам, жан - жануарлар, өсімдіктер) Өлі табиғат (ауа, су, топырақ, тас, күн, ай т. б)
Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге)
• Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жан - жануарлар, өсімдіктер)
• Өлі табиғатқа нелер жатады? (ауа, су, топырақ т. б)
• Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер.. Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық. (үнтаспада орман, жел, су, құс, т. б.)
• Бұл үнтаспада ненің дыбыстары не естідіңдер?
• Ол дыбыстарды естігінде қандай әсерде болдыңдар, көз алдарыңа не елестеді?
Өте жақсы, адам мен табиғат тығыз байланысты, табиғат құбылыстары адамның көңіл күйіне әсер етеді екен, яғни күн жарқырап тұрса, адамның көңілі де көтеріліп, шаттыққа бөленеді, егер күн бұлттанып, аспан түнеріп тұрса, сенің көңіл - хошың болмай, еңсеңді ауыр зіл басқандай болады. Осы құбылыстың бәрі, адам мен табиғаттың үйлесімдігін білдіреді.
- Балалар экранға назар аударайық. «Менің Қазақстанымның табиғаты» бейнекөрініс.
• Қазақстанның табиғаты қандай екен?
• Бейнекөріністен қандай әсер алдыңдар? (балалардың жауаптары)
- Дұрыс айтасыңдар, Қазақстанның жері өте үлкен, кең байтақ. Жерінде тауда, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен - үлкен көлдер, өзендер бар. Өсімдікке де өте бай. Орманды жерлерінде ағаштың әр түрі, бұталар мен шөптер өседі.
Далалы жерлерінде шөптекті өсімдіктер жайқалады. Көктемде гүлдер далада кілемдей құлпырады, жануарларға да өте бай.
Балалар, қазір мен сіздерге Қ. Толыбаевтің «Күн мен гүлдер» деп аталатын қызық әңгімесін оқитын боламыз.
Күн мен гүлдер
Асқар таудың төбесінен бері асқан күн нуға бөккен қалың қатпарлы қапталға алқызыл шұғыласын себеледі. Шөптің бетіне, жапырақтың алақанына тұнған тұнық шықтың тамшылары інжудей жылтылдайды. Күннің күміс сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. жылы шуақпен желпіп, тербей оятады.
- Оу, шоқтай Шұғынық, түрегел! Әлемге жарық жайылды. Құстарда оянды. Шырылдап сайрап жүр.
Ұйқысын аша алмай басы қалтылдаған Шұғынық ұйқысырай дыбыс береді.
- Қазір, күн көке,... қазір, ақ Сәуле.
Бұдан кейін Сәуле шілтиген көк гүлге барады.
- Көкжелкен! Аш, көк аспандай көгілдір көзіңді! Қойнауға тұнған тұман да сейілді. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
- Қазір, ашайын көзімді, қазір....
Сәуле әрі сырғиды. Тағы бір әсем гүл тербелді.
- Гүлбадан, көтер басынды, аш, алтын қауашағыңды! көрсің қалың жұрт.
- жарайды,- деп керіледі сары басын сілкіп Гүлбадан: «қазір қауашығымның алтын бүрін жарқыратып ашамын»!
Ақ сәуле сорайған көк бас қурайға барады.
- Атқұлақ, шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
- Қазір, алтын күн!
Атқұлақ керіліп - созылып, бойын жазды да, мүлгіп тұрған басын қалт жоғары көтереді. Қаз - қатар тізілген түймедей көгілдір гүлдері салтанатпен шайқалады.
Осылайша Күн сәске түске дейін тау салалары мен шатқалдарға үңіліп, ұйқыға шомып, манаураған гүлдерді оятады. Дүние жүзіндегі шуаққа бөленген Гүлдердің бәрі шоқтай жайнап, Жер бетін сәндендіріп жіберген.
Гүлдерді, өсімдіктерді кім және қалай оятады?(таң сәскеде күн оятады)
Таңда ұйқыдан оянатын сәттеріңді естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.
• Балалар алдарыңыздағы параққа табиғаттағы неге ұқсағыларыңыз келеді, соның суретін салыңдар және неге оған ұқсағыларыңыз келетінін астына жазыңыздар.
(гүл, ай, күн, жұлдыз, тау, аққу, құс, жылқы, бұлбұл, су, ағаш, т. б.)
• Біздің табиғат туралы сабақ өтіп жатқанымызды естіп құстар, ағаштар, бәрі бірігіп, хат жазып жіберіпті. Осы хатты оқып берейік.(конверттен хатты алып оқимын)
Мына өлең жолдарында құстар да табиғаттың бір бөлігі екені айқындалады. Олар табиғатқа сән береді... Балалар мен қазір сіздермен ойын ойнағым келіп отыр. Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, табиғатымызды оданда әсем ететін гүлдерді жәшікке жинайтын боламыз
• Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастық бар? (екеуі де балаларын қорғайды, аялайды, өсіреді, жеткізеді)
• Құс өз балапанын қалай мәпелейді?(ұя салады, тамақтандырады)
• Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды?( ұя салады, жем шашады,)
• Ағаштың адам үшін қандай пайдасы бар?(жемісін береді, ауаны тазартады,)
• Бәріміз тақтаға қарайық, нелерді көріп тұрмыз?(жапырақсыз ағаш, панасыз балапан)
• Жапырақсыз ағаш саялы жасыл, мәуелі ағашқа, панасыз балапан алып құсқа айналуы үшін тақтадағы сөздерден ағашқа қатыстысын ағаштың, балапанға қатыстысын балапанның жанына жинаймыз, егер тапсырманы дұрыс орындасақ екеуіне де көмектесе аламыз.
Сөздер: Биік, кішкентай, жуан, сары, жасыл, ұшпайды, жұмыртқа, тамыр, ұя, жер.
- Жақсы балалар ағаштар да, құстар да бізге дән риза.
- Сендерді өмірге әкелген кім?(ана)
- Бізді қоршаған тіршіліктің анасы кім?(табиғат)
- Табиғатты ойлайтындар кімдер?(адамдар)
- Ендеше, оларды қорғайтын, қамқорлық жасайтын, аяп, жанаршылық танытып біз екенбіз, ал оларды қорғау үшін табиғаттың сырын ұғынып, көңіл - күйін сезіне білуіміз керек.
— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.
Тапсырма № 1. Берілген сөйлемдерді жалғастырып, өз көңіл - күйлеріңнің қандай болатындығын айтыңдар.
1. Жайнаған гүлдерді көргенде…
2. Сынған бұтақты көргенде…
3. Толқыны тербеліп тұрған теңізді көргенде…
4. Жарқыраған күнді көргенде…
Тапсырма № 2. «Іс - қимыл әрекеті»
Әр топқа берілген сөздерді қимылмен көрсету тапсырылады. Қалған топтар тауып айтады.
І топ: «Жаңбыр» ІІ топ: «Дауыл» ІІІ топ: «Ағаш» ІҮ топ: «Суық»
— Ал енді, балалар, мына тақтаға назар аударып, берілген жағдаяттарды талдап көрейік.
1 - жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді - де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2 - жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?
— Балалар, табиғат туралы қандай өлең шумақтарын, мақал - мәтелдер білесіңдер? (балалардың өздері білетін мақал - мәтелдер айтады).
Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан - жануарлар мен өсімдіктер әлемі.
Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған жәнне қамқорлық жасаған.
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Өзіңнен денсаулық аламыз
Ризамыз, Табиғат - Анамыз
Қашанда қорғаушы панамыз.
- Осымен, біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
- Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін рахмет!

Кері қайту


Краткое описание документа:

• Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашып алу үшін алдымен сөзжұмбаққа назар аударайық: Қызығушылықты ояту. — Балалар, мына сөзжұмбақты шешсек, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады екен. Слайд№ 1. Сөзжұмбақ сұрақтары. 1. Аң патшасы. 2. Қазақстанның бас қаласы. 3. Қазақтың жүз жасқа келген қарт, ақыны. 4. Қазақтың батыр қызы. 5. Бір таңбалы сандардың ең үлкені 6. Жұмбақ. «Қабат – қабат қаптама, Ақылың болса аттама» 7. «Кең» сөзіне қарсы мәндес сөзді тап • Біз табиғаттың сұлулығы, әсемдігі, олардың адамға әсері, табиғатқа аялы қарым - қатынастары туралы әңгімелесеміз. • Ең алдымен табиғат туралы не білетінімізді ортаға салайық. Табиғат • Табиғат дегеніміз не (Табиғат - бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан - жануарлар мен өсімдіктер әлемі) Тірі табиғат (адам, жан - жануарлар, өсімдіктер) Өлі табиғат (ауа, су, топырақ, тас, күн, ай т. б) Табиғат нешеге бөлінеді? (2 - ге) • Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жан - жануарлар, өсімдіктер) • Өлі табиғатқа нелер жатады? (ауа, су, топырақ т. б) • Табиғат туралы біраз мағлұматтар біледі екенсіңдер.. Енді бәріміз зейін қойып үнтаспадағы дыбыстарды тыңдайық. (үнтаспада орман, жел, су, құс,
Автор
Дата добавления 16.05.2014
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1323
Номер материала 106086051609
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх