Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Туған қалам
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Туған қалам




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов


Тақырыбы: Туған қалам.

Мақсаты:

1.Оқушыларға өзінің туған өлкесі – Семей қаласы туралы оның тарих жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Алған білімдерін толықтыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, туған қаласын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта. Карта.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Семей іскерлер әлемі» 2001 жыл, 3-10бет. ЖШС «Диалог» С.Төлеуов, С.Дюсенов

  2. «Идущие на огонь» Усть-Каменогорск 2007 КАЗИНПРЕС Г.Дильдяев. 2007жыл, 12-14 бет

  3. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» №7, 2008 жыл, 10-13 бет

  4. «Бастауыш мектеп» №6, 2009 жыл, 14-15 бет

Сабақтың барысы:

Мұғалім: О, туған жер, келімсің, ыстық көркем жанымдай,

Алыстасам алаңдаймын, тұра алмаймын сағынбай.

Ешбір теңіз бола алмайды сенің мөлдір суындай,

Ешбір заңғар бола алмайды сенің бұйрат тауындай.

О, туған жер, өзен, көлін, тау мен жартас, шатқалың,

Қалың тарих көміп жатыр әр төбенің қатпарын.

Сенен табам тазалықты, сұлулықты, ерлікті,

Айта берем табиғаттың жаратылыс аттарын.

О, туған жер, көк шалғының, көз жетпейтін асқарын,

Жанға жайлы самал желің, бұлтсыз ашық аспаның.

Жоқ мен үшін дәл өзіңдей қасиетті басқа жер,

Сондықтан да жыр жолдарын мен өзіңнен бастадым.


Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.- деген дана халқымыз. Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Сендердің туған жерлерін қай жер? Енді балалар, осы Семей қаласының тарихына үңілейік .


1-оқушы: Семей - Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан қала, темір жол, әуе және автомобиль жолдарының ірі торабы. 1939 жылы 110 мың, 1959 жылы 156 мың, 1970 жылы 236 мың, 1975 жылы 217 мың адам болған. Қаланың XVI- XVIІ ғасырлардағы ежелгі аты - Доржынкит, археологиялық зерттеулерге қарағанда қазіргі Семейдің тұрған жері ерте заманнан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Олардың ең ескісі қола дәуіріне жатады. Одан кейінгі дәуірлерде бұл арада ежелгі ғұндар, Түрік қағандағы, қыпшақ, керей, найман ұлыстары тіршілік еткендігі байқалады.


2- оқушы: Доржынкит қазіргі Семей қаласы тұрған жерден сәл жоғары, Ертістің оң жағасына, дөңестің үстіне орналасқан. Ертістің ұзын бойыдна,

Оған таяу жерлерде мұндай қалалар көп болған: Абылайкит, Қола – Балғасын(Қолбасын) , Тұзқала, Қарақала т.б. Қыстақ қалалардың сарайлары патша үкіметінің ресми құжаттарында «тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі, профессор Г.Л.Миллер бұл туралы 1616 жылы жазылған бір ресми хатты Тюмен қаласының архивінен тапқан. Осы дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары тұрғызылған болуы керек.

3-оқушы: Петр І тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменные палаты» , «Семь палат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған. Сол уақытта Ертіс бойын қоныстанған құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда, бұл сарайларды Асма тархан Доржи деген кісі тұрғызған, сондықтан қаланың ата «Доржынкит» немесе «Доржикит» аталған. 1653 жылы Қытайдағы Ресей елшісі Ф.Н.Байков «Жеті шатырды салған бұхарлықтар екен» деп жазады.

4-оқушы: 1718 жылы Семей әскери бекінісінің іргетасы қаланады. Ал 1782 жылы уездік қала болды. Бекініс ішінде мақайлы ор қазылып қоршалған шіркеулер, казарма, әскери мекемелер, тоғыз мешіт болған екен.

1870 жылы бес былғары зауыты, май шыжғыратын екі зауыт, сабыт қайнататын бес зауыт, он алты кірпіш зауыты болды.

5-оқушы: ХХ ғасырдың басында Семей өзінің алдында оқшау жатқан бірнеше бөліктерден тұрады. Кеңес өкіметі жылдары бұлардың араларында кәсіпорындар тұрған және қоғамдық үйлер салынып біртұтас қалаға айналды. Қала шетінде бірнеше ауылдар пайда болды. Заречная Слободкада көптеген ірі кәсіпорындар, көп қабатты тұрғын үйлер салынды, Жаңа Семей қалыптасты, бұл қаланың орталығымен жаңа салынған темір-бетон көпірі арқылы байланысады. Қазіргі Семей бой түзеген орталық және Жаңа Семейден тұрады.

Мұғалім: Семей тарихына көз жүгіртейік, Семей бекінісі алғашқы жылдары оншама қуатты емес еді: сыртқы бейнесі мен жобалануы бойынша Елеусіздеу болса да, әскери сипаты жағынан әжептәуір күшейтілген бекініс-ті.

Қабырғасы төрт қырынан шығарылып, ағаштан салынған, тек кейбір тұсы ғана кірпіштен жиылған бекіністің ішінде шағын ғана шіркеу бар.

1734 жылы Семей бекінісіне жолы түскен И. Гмелин мұның «үлкен болмаса да, шекаралық жағынан айтулы бекіністердің бірі екенін, ол жақта көп үйдің шатыры болмағанын, губерниялық канцелярияның ғимаратында әйнектің орнында қағаз болғандығын, мұндай үйде отыру қолайсыздау екенін жазған» екен.

6-оқушы: Семей өңірі қазақтың ғұлама ақыны Абайдың, философ-ойшылдың Шәкәрім Құдайбердіұлының, дүние жүзі әдебиет майталмандарының бірі Мұхтар Әуезовтің, суырып – салма ақын Әміре Қашаубаевтың туып - өскен өңірі саналады. Шоқан Уалихановтың досы Ф.М.Достоевский де осы жерде тұрып, еңбек еткен. Сонымен қатар Ғалым Академиясының тұңғыш президенті Қ.Сәтбаев, академик Ә.Марғұлан, жазушылар Ж.Аймауытов, В.Иванов, Н.Анов, Г.Серябрякова , ақында С.Торайғыров, С.Дөнентаев. И.Байзақов, абайтанушы Қ.Мұхаметжанов. мәдениет және өнер қайраткері Б.Төлегенова, Е.Рахмадиев тұрған.

7-оқушы: Еліміздің музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосып отырған Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжі.

Ең алғаш студент 50 адам фортепиано, домбыра, хор дирижері, баян және үрмелі аспаптар мамандағы бойынша қабылданған.

Училищенің өзінің оқу ғимараты болмағандықтан, ол мәдениет үйі мен пионер үйінде, кейін балалар балабақшасында т.б ғимараттарды пайдаланды. 1965 жылы 343 кварталда төрт қабатты ғимарат салынды. Семей музыка училищесі 1960 жылы композитор Мұқан Төлебаев есімін алады. Музыкалық сауатын осы училищеде ашқан Ж.Дәстенов кейін атақты композитор, өнер қайраткері атанады. Сондықтан мектебіміз орналасқан көше халқына еңбегі сіңген Ж.Дәстенов атымен аталады.

8- оқушы: Абай атындағы кітапхана – 1883 жылы облыстық санақ комитеті үйінде ашылған. Кітапхана ашылысымен 130 оқырманы, 274 дана кітап қоры болған.

9-оқушы: Семей музыкалық драма театры – Абай атындағы кәсіби сахналық ұжым. Жартылай профессионалды труппасы негізінде 1920жылы құрылған. Труппаның ұйымдастырушысы М.Әуезов, Қ.Сәтбаев және режиссер Ғ.Төребаев бастаған қала зиялылары, студент жастары болды. 1945жылы Абай есімі берілді.

10-оқушы: «Семей таңы»-қалалық газеті 1919 жылы құрылған.1928-1930жылы қарашаға дейін «Жаңа ауыл»,1930-1932 жылдары «Қызыл дала», 1932-1935 жылдары «Социалды Шығыс» деп аталды. Одан кейін газет «Екпінді», «Семей правдасы», «Ертіс» болып өзгертілді. 1966 жылдан «Семей таңы» деген атпен шығатын болды. «құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

11-оқушы: Семей темір жолы-«Қазақстан темір жолы»ұлттық компаниясы АҚ-ның бөлімшесі.Түрксіб темір жолының құрамдас бөлігі ретінде оның құрылысы 1927жылы көктемде солтүстік Семейден және оңтүстікте Луговая станциясынан басталып,1930жылы 28-сәуірде Айнабұлақ станциясына түйісумен аяқталды.

12-оқушы:Қазақтар Семей бекінісінің маңайына 18ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап қоныстана бастайды.Оларға сол кезде «Сауда жасау үшін бекініске келуге» рұқсат беріледі.1765жылыц Семей айырбас ауласында 120қазақ саудагері болып келсе,1776жылы мұндай саудагердің саны 2003-ке жетеді. 20 ғасырдың басында Семейде 28 жәрмеңке жұмыс істеді.Жәрмеңкелерде өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдері ,тірі мал мен мал шаруашылығы өнімдері сатылады.Кеңес үкіметі тұсында бұл жәрмеңкелердің кейбіреуі ғана болды.Қазақ елі жеке мемлекет болып шыққаннан бері жәрмеңкелер саны көбейіп,халықтың көпшілігі сауда-саттықпен айналысуда.


13-оқушы:Өрт сөндіру мұнарасын алыстағы алақанындағыдай көрінуге тиіс, сондықтан бұрынғы заманда оның күзетші - мұнарасы айналаны тұруына арналған жоғарғы алаңы әдетте қаланың ең биік нүктесі болған. Семейде екі мұнарадан әлдеқайда биік ғимараттар пайда болғаны қашан, бірақ осы бір ескінің көзі әлі де көп нәрсе туралы «айтып бере» алады. Ең бастысы ол – елдегі өрт сөндіру ісінің қалыптасуы мен даму тарихының шежіресін таратып береді.

Мұғалім: Семей қаласына арналған өлең шумақтарын тыңдайық.

14- оқушы: Білген дам қаланы

Тарихын да білсе ғой

Данышпандар табаны

Тиген қала - бұл Семей

Куәгері талайдың,

Келер ұрпақ қызығар

Жолы жатыр Абайдың,

Шоқанның да ізі бар.


15-оқушы: Ертіс жарып ағады,

Қаланың екі жағасы.

Бейне іні - ағалы

Ескісі мен жаңасы

Аумай ерке баладан

Толқын ойнап жүгіріп.

Зәулім үйлер жағадан

Ертіске тұр үңіліп.


16-оқушы: Семей

Отанның қай бұрышы болсын өгей,

Аларсың қай асылды оған теңей .

Дегенмен арқам тұңғыш сызға тиген,

Ыстықсың, жасырмаймын туған Семей!


17-оқушы: Шегі жоқ саған деген сағыныштың,

Қанат қып сол сезімді алып ұштым.

Арналы ақ Ертісім айдыныңнан

Жүректей шөліркеп кеп қанып іштім.


18-оқушы: Алдымнан алып шықты далаң гүлін,

Кетіпті ғарыш бойлап қалам бүгін.

Ел көріп, еңбек деген, өнер деген,

Бөленді бал сезімге балаң бүгін .


19- оқушы: Сан толғап саған теңеу табамын ба,

Өзіңсіз өлең отын жағамын ба.

Шақпағым бойымдағы тәрізденген,

Құмыңның ыстығы әлі табанымда.


20-оқушы: Ақ Ертіс әсем екен жағаң бүгін,

Төгілген қалың жыныс – қолаң бұрым.

Иілген ілтипатпен келінімдей

Ақ қайың паң қарайтын маған бұрын


21- оқушы: Сен неткен туған өңір сүйікті едің,

Бауырыңнан өткен бала киік едім.

Аралап, көріп бүгін өскіндейді,

Мендағы өркештендім, биіктедім.


22-оқушы: Абай, Шоқан, Сәкенді туған

Құрметте, досым, қазақтың жерін.

Қамбаға жылда миллиард құйған

Ғажап қой, шіркін, республикам менің.


Қорытынды:

Мұғалім: Семей жерінде кімдер тумады, кімдер өспеді? Осы екі ғасыр ішінде туған жер басынан не өтпеді?

Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Қаныш, Әлкей ағаларың, аталарың, Бибігүл, Роза сынды апаларың осы Семей топырағында өсіп жетілді және Семейді бүкіл дүние жүзіне танытқанымен қоймай, бүкіл қазақ елін жер жүзіне паш етті.

40жылдай болған дүмпу зардабын да басынан кешірді және сол жамандықтарға өзінің перзенттері арқасында төтеп берді.

Сөзжұмбақ шешейік

1)“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған газет.
2) Семей қаласында Ғылым Академиясының тұңғыш президенті кім?
3) Түрксіб - Сібір темір жолының құрамдас бөлігін ата.
4)Білім беру орталықтарының бірі.
5) 1883 жылы санақ комитеті үйінде ашылған 130 оқырманы, 277 дана кітап қоры болған.

hello_html_m49d1544a.gif


23-оқушы:Көгінен құстай ұшып не түрлі ой,

Ғұлама перзенттермен бекінді бой.

Өзеннің екі жағын алып жатқан

Семейім ашық кітап секілді ғой.

Ертісім, берік айнымас жолдас,

Өзгеше бір сыр толғайды

Өзенсіз мұхит – теңіз де болмас

Елінсіз ер де болмас.

Абай туған, Мұхтар туған,

Қадірле азамат, Семей жерін!

Енді балалар, туған жерге деген ой – тілектеріңді алдарыңда тұрған параққа жазып, мына тұрған картаға іліңдер.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

  Тақырыбы:    Туған қалам.   Мақсаты: 1.Оқушыларға өзінің туған өлкесі – Семей  қаласы туралы оның тарих жайлы түсінік қалыптастыру.  2.Алған білімдерін толықтыра отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін дамыту. 3.Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыра отырып, патриоттық сезімдерін ояту, туған қаласын құрметтеуге тәрбиелеу.Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.- деген дана халқымыз. Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Сендердің туған жерлерін қай жер? Енді балалар, осы Семей қаласының тарихына үңілейік .1-оқушы: Семей - Ертіс өзенінің екі жағына орналасқан қала, темір жол, әуе және автомобиль жолдарының ірі торабы. 1939 жылы 110 мың, 1959 жылы 156 мың, 1970 жылы 236 мың, 1975 жылы 217 мың адам болған.  Қаланың XVI- XVIІ ғасырлардағы ежелгі аты - Доржынкит, археологиялық зерттеулерге қарағанда қазіргі Семейдің тұрған жері ерте заманнан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Олардың ең ескісі қола дәуіріне жатады.  Одан кейінгі дәуірлерде бұл арада ежелгі ғұндар, Түрік қағандағы, қыпшақ, керей, найман ұлыстары тіршілік еткендігі байқалады.    2- оқушы: Доржынкит қазіргі Семей қаласы тұрған жерден сәл жоғары, Ертістің оң жағасына, дөңестің үстіне орналасқан. Ертістің ұзын бойында,Оған таяу жерлерде мұндай қалалар көп болған: Абылайкит, Қола – Балғасын(Қолбасын) , Тұзқала, Қарақала т.б. Қыстақ  қалалардың сарайлары патша үкіметінің ресми құжаттарында «тас мешіт» деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі, профессор Г.Л.Миллер бұл туралы 1616 жылы жазылған бір ресми хатты Тюмен қаласының архивінен тапқан. Осы дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары тұрғызылған болуы керек.    3-оқушы: Петр І тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер басшыларының хабарларында бұл қоныс «Гудские каменные палаты» , «Семь палат» деп аталған. Өйткені қалада ерекше көзге түсетін жеті сарай болған. Сол уақытта Ертіс бойын қоныстанған құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда, бұл сарайларды Асма тархан Доржи деген кісі тұрғызған, сондықтан қаланың ата «Доржынкит» немесе «Доржикит» аталған. 1653 жылы Қытайдағы Ресей елшісі Ф.Н.Байков «Жеті шатырды салған бұхарлықтар екен» деп жазады.

Общая информация

Номер материала: 106719051740
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>