Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Внеклассное мероприятие по английскому языку «My soul is dark» посвященный творчеству Д. Г. Байрона.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Внеклассное мероприятие по английскому языку «My soul is dark» посвященный творчеству Д. Г. Байрона.

библиотека
материалов


Автор: Сатанова Э.Ш

Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері

Жанында интернаты бар

А.Үкібаев атындағы орта мектеп

 

 

 

Тамыз кеңесінде өткізілетін

 

Мастер класс

Внеклассное мероприятие по английскому языку "My soul is dark" посвященный творчеству Д. Г. Байрона.
Статья "Игровые моменты на уроках английского языка"
Бекенова Айнур Оспановна, учитель английского языка в средней школе № 198

--
 

 

 Бакенова Анар Сарсенбаевна учитель казахского языка и литературы

сабақ "Туған тілде сыры терең жаным бар" -7 класс

школа №198

средняя школа №198

мақала "Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар қолдану"

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойындарды қолданудың тәрбиелік негіздері.

 

 

 

 

 

                           Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі:

                            Сатанова Э.Ш.

 

 

 

 

                   

                   2010-2011 оқу жылы

 

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім

1. Дидактикалық ойынға анықтама

ІІ. Негізгі бөлім

1)                Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы

2)                Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері

3)                Құрылымы

4)                Сапалылығы

5)                Түрлері және қолданылуы, теориясы

6)                Даму деңгейлері

7)                Бала ойынында педагогтың рөлі

ІІІ. Қорытынды бөлім

         Дидактикалық ойынның маңызы

Эпиграф:

 

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.

 

В.М. Сухомлинский

 

І.Кіріспе бөлім

 

Ойын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі. Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлердің,әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға,әдептілікке,мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылықпен инабаттылыққа тәрбиелесе,ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық,этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.

Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: «Адам  ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе.Дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.

Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады.

Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

 

Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі

 

 

 

Дидактикалық ойындардың сапалылығы:

Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына

байланысты болады.

 

 

 

Дидактикалық ойын түрлері:

1) Заттық дидактикалық ойындар

Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) «Жаңылтпашты жаңылмай айт», «Мақалды дұрыс оқы», «Мақалды жалғастыр» т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Мыс: Мұғалім бірінші топтың алдына келіп, «өтірік сөз» немесе «ұрлық» деді, оқушылар өтірік сөздің жолы қысқа екендігін және ұрлық түбі қорлық екенін айтып, мақалдар ұйқастырып айтады. Оқушылар осындай ойындарға дағдыланып,жаман қылықтардан аулақ болады.Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді.

Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:

1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.

2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.

Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.

Дидактикалық ойынға «Ғажайып алаң», «Бақытты сәт», ХХI ғасыр көшбасшы,анаграммалар,тренинг-сабақ,«Ойлантап,»,«Кім  тез», атты ойындар және  викториналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.

Сонымен қатар ұлттық ойындары  оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.

Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты  жинай отырып, жаңылтпашты жаңылмай айтып отыруы керек. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша  жаңылтпаш айтуы керек, жаңылтпашты дұрыс,анық айтқан баланың тілі шынығады әрі жылдамдыққа,шапшаңдыққа,ептілікке үйренеді.

  «Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен «ақсүйекті» 2-сыныпта сан есім тақырыбын өткенде сан есімі бар мақал-мәтелдерді айтқызу үшін қолдандым. 3-  сыныпта негізгі және туынды зат есім тақырыбында  негізгі зат есіммен туынды зат есімді табу  үшін ойнаттым. Бұл ойында  кез-келген қималарды таңдап алып, тапсырманы орындау  керек.

«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, қазақ тілі сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде мақал-мәтелдерді тоқтамай айтып шығады. Қай топтың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқан қай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды барлық пәндерге қолдануға болады.

  Бастауыш сынып апталықтарында «Тапқыр достар», «Бақытты сәт» атты интеллектуалдық ойындарда қазақ тілі пәнінен викториналық сұрақтар түрінде өткіздім.

  Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.

  Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылар мен мұғалімдер және мектеп жасына дейінгі бала бақша тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.

 Педагогтың бала ойынындағы рөлі

Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы.

ІІІ.Қорыта айтқанда

  Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды  әдептілікке,адамгершілікке,қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді.   Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары, адамгершілік,ізгілік қасиеттеріне сезініп, өздерін еркін ұстап, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. » Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді. Міне,сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.

                     Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.

(барлық пәндер бойынша)

2.    Бастауыш мектеп Алматы,2003№9

3.    Бастауыш мектеп Алматы,2001№3

4.    Қазақстан мектебі Алматы,2002№5

5.    Бастауыш сыныпта оқыту Алматы,2011№1

6.    Қазақ тілі (дидактикалық материалдар)Алматыкітап2010ж.

               Авторы: Ж.Қ.Балтабаева.

 

 

 

 

 

 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады: «Адам  ата-анадан туғанда есті болмайды,естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе.Дүниедегі жақсы,жаманды таниды-дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады. Сондықтан балаға жас кезінен бастап ойын арқылы тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері,логикалық ойлауы,түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып,ізгілік,адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Ойын екі немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады. Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді.   ІІ. Негізгі бөлім   Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді. Ойынның мақсаты:1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.2.Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. 3.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру. Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту. 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру   Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді: 1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу. 2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі 3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі 4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі      
Автор
Дата добавления 18.05.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров499
Номер материала 107733051817
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх