Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ауаның маңызы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ауаның маңызы

библиотека
материалов

Бекітемін: Күні:

Пәні: Дүниетану Сыныбы: 2 «А»

Тақырыбы: Ауаның маңызы

Мақсаты:

Білімділігі: Адамның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: Өз ойларын дұрыс жеткізе білу, байқампаз, іскерлік,

шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға, өз денсаулықтарын

күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып,

экологиялық тәрбие беру.

Түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Топтастыру, сұрақ- жауап, топтастыру, кубизм.

Пәнаралық байланыс: Геометрия, биология, гоеграфия.

Көрнекілігі: Слад, плокаттар, тәжірибе жасауға арналған заттар, стикерлер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Күлім қағып қолымды Жылы-жылы сөзіммен

Бір, екі, үш деп соғайын Жүрегімді сыйлайын

Қасымдағы досыма Ыстық алақанымммен

Өолымды мен бұлғайын Қолыңды бер қысайын

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

- Балалар адамға өмір сүру үшін не қажет?

- Жылу, жарық, тағам, ауа, су.

- Осыладың ішінен қай қажеттілік туралы өткен жоқпыз?

- Су

- Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта біз төрт топқа бөлінінеміз. Топтарға «Жылу», «Жарық», «Тағам», «Ауа» деген атаулар беріледі. Топтардың топ басшысы сайланады. Топ басшысына бағалау парақшасы беріледі. Бағалау парақшасына топ мүшелерін жазып, олардың сабаққа қатысуына қарай ұпай беріп отырады.

Мұғалім: Сен ғылымға болсаң ынтық

Бұл сөзімді әбден ұқ

Білгеніңнің жақсысын қыл

Білмегенді біле бер! (Шәкәрім)

Осы өлең шуамағы біздің сабағымызға арқау болсын. Сын сабағында сәттілік тәлеймін!

ІІ Өткен тақырыпты пысықтау

Тапсырма: Әр топ өз аттарын қорғап шығу керек. Ол үшін «Жылу» тобы жылу туралы, «Жарық» тобы жарық туралы, «Тағам» тобы тағам туралы, «Ауа» тобы ауа туралы білімдерін әңгімелеп жеткізу.

Тапсырма соңында «2 жұлдыз 1. ұсыныс» әдісін қолданып бір-бірін бағалайды.

ІІІ Үй тапсырмасын сұрау. «Ауа. Ауаның қасиеті.»

Ауаның қасиетіне топтастыру жасау.(Әр топ жеке-жеке орындайды)

Топтар бір-бірін бас бармақпен бағалайды.

Тапсырма: Төрт топ ауаның қасиетін дәлелдеу үшін тәжірибе жасайды.

Тәжірибе жасауда қолданылатын құралдар әр топқа беріледі.

Құралдар: стақан, тостаған, қант, банкі, үш шырағдан, доп.

Тәжіребелер орындалып біткенде әр топ бірін бірі бағалайды.

ІΥ. Жаңа сабақ.

Қызығушылық ояту.

Мұғалім: Ол иіссіз, түссіз, дәмсіз болып келеді. Онсыз тіршілік иелері өмір сүре алмайды. Балалар, мен не туралы айтып тұрмын?

- Бүгін ауаның маңызы туралы сабақ өтеміз.

(Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіру)

- Адам , жануар және өсімдіктер де ауасыз өмір сүре алмайтынын түсіндіңдер. Ол – тіршілік көзі. Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан қорғайды. Ауаның бізге басға да пайдасы бар. Оны білу үшін мына бейнебаянды тамашалайық.(Оқушылар бейнебаянды тамашалайды)

Сұрақ-жауап:

- Бейне баянда не көрдіңдер?

- Адамдар су астында қалай тыныс алып жатыр?

- Тыныс алу үшін қандай аппарат қолдануда? (Оқушылардың жауаптары тыңдалып, толықтырылады)

Оқулықпен жұмыс.

Тізбектей оқу.

Сөздік жұмыс:

Акваланг – Су астында жүзетін адамдардың тыныс алу үшін арнайы, ішіне ауа толтырылған аппарат.

Батискаф - Терең мұхиттардағы су астын зерттеуге арналған арнаулы аппарат.

«Білгенге маржан» : Жер шарын «атмосфера» деп аталатын ауа қабаты қоршап тұрады. Ол жердің сыртқы қабаты. Ауа түрлі газдардың қосындысы. Ол оттегі мен көмірқышқыл газынан тұрады. Адамдар тыныс алғанда оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын шығарады. Тыныс алғанда ауа өкпеге барады, өкпеден қанға барады, қаннан бүкіл ағзаға (денеге) тарайды.

Υ. Түсінгендерін тексеру.

«Қай сөзді жоғалттым» ойыны. Барлық оқушыларға карточкалар таратылады. Карточкада тапсырма берілген.

1. ..... – тіршілік көзі.(Ауа)

2. Адам , жануарлар мен өсімдіктер ...... тіршілік ете алмайды.(Ауасыз)

3. ......... қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан сақтайды.(Ауа)

4. Су бетінде ....... арқылы ұзақ жүзуге болады.(резеңке)

5. Су астында тыныс алу үшін ............. қолданылады. (акваланг)

6. Бүкіл тіршілік иесіне ....... керек. (ауа)

7. Үйдің ауасын тазартуға да ....... керек. (ауа)

8. кез келген заттың бойында ....... болады.(ауа)

9.Басқа денелер сияқты ...... да орын алады.(ауа)

10.Айнала қоршаған ортаның барлығында ...... бар.(ауа)

11. Ауа ......... көрінбейді. (көзге)

12. Ауаның .......... болмайды (Дәмі)

13. Ауаның .......... болмайды. (иісі)

14. Допты екі бүірінен кысқанда ауа ......... . (сығылады)

15. Екі қабат әйнек арасында ....... болды. (ауа)

16. Тонның түгінің арасында ...... болды. (ауа)

17. Тонның түгінің ішіндегі ауа денедегі ........ сақтайды. (жылуды)

18. Ауасы жоқ жерде ....... жандайды. (от)

19. ....... түссіз болады. (ауа)

20. Батискаф аппараты ........ өткізбейді.

21. Беті ашық тұрған ............ біткенше жанады.

Бармақпен бағалау.

«Адасқан әріптер» ойыны.

Әр топқа әріптер беріледі, сол әріптерден ауа тақырыбына қатысты сөздер шығады. (Акваланг, батискаф, ауа қабаты, тәжірибе)

Бармақпен бағалау.

ΥІ Қорытынды. «Кубизм» әдісі

1- тапсырма: Ауаның қасиеттерңн айтып бер.

2- тапсырма: Ауаның тіршіліктегі пайдасын айтып бер.

3- тапсырма : Адамға өмір сүру үшін қажет заттарды ата.

4- тапсырма : Нан туралы қандай өлең немесе тақпақ білесің?

5- тапсырма: Адамдар жарықты қайдан және неден аламыз?

6- тапсырма: Жылуды біз қайдан және нелерден аламыз?

ΥІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұндауға дайындалу.

- «Іздеген жетер мұратқа» дегендей қосымша тапсырма ретінде ауаның ластануы туралы ізденіп жазып келіңдер.

ΥІІІ. Бағалау. Бағалау кезінде топтпрдың бағалау парақшасына сүйенеміз.Оқушыларға смайликтер беріледі.

















Бағалау патағы . Бағалау критерийі:

_________ тобы 7-9 ұпай – «5»

Топ басшысы: _________ 4-6 ұпай – «4»

3-1 ұпай – «3»


Сабақтың тақырыбы : Ауаның маңызы.


Топ мүшелері

Сабақ барысында әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай және топтық жұмыстағы үлесі үшін 1 ұпай беріледі.

Жалпы ұпай саны



























Бағалау патағы . Бағалау критерийі:

_________ тобы 7-9 ұпай «5»

Топ басшысы: _________ 4-6 ұпай – «4»

3-1 ұпай – «3»


Сабақтың тақырыбы : Ауаның маңызы.


Топ мүшелері

Сабақ барысында әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай және топтық жұмыстағы үлесі үшін 1 ұпай беріледі.

Жалпы ұпай саны





















201 орта мектебі










Тақырыбы: Ауаның маңызы


Пәні: Дүниетану


Сыныбы: 2 «А»


Пән мұғалімі: Г Үсенова
















2013-2014 оқу жылы


Краткое описание документа:

Тақырыбы:Ауаның маңызы Мақсаты: Білімділігі:            Адамның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Дамытушылығы:  Өз ойларын дұрыс жеткізе білу, байқампаз, іскерлік, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі:         Қоршаған ортаны таза ұстап, аялауға, өз денсаулықтары күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелей отырып, экологиялық тәрбие беру. Түрі:                       Аралас сабақ Әдісі:                     Топтастыру, сұрақ- жауап, топтастыру, кубизм. Пәнаралық байланыс:  Геометрия, биология, гоеграфия. Көрнекілігі:  Слад, плокаттар, тәжірибе жасауға арналған заттар, стикерлер
Автор
Дата добавления 18.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров595
Номер материала 107934051844
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх