Инфоурок Русский язык Рабочие программыҒалымбек Әбілқайыр шығармашылығы

Ғалымбек Әбілқайыр шығармашылығы

Скачать материал

Шуақты  көңіл жырлары

 

 

 

               Жаны, жүрегі, қиялы күні -түні тыным  көрмей,  кейде найзағайдай  шатырлап,  күндей  күркіреп, буырқана теңселіп, дәмін  тұзын еңсеріп, елін егіле  сүйген  ақын – Ғалымбек  Әбілқайырұлы.

              Ғалымбек  ақын  жырларына көз жүгіртсеңіз қамшы  салдыра бермес асау ырғақтар, қайшы салдыруға көнбес образдар  жүйесі, өмірі  мықты өмірлік шындықтың бейнелі де  бедерлі  сәттері шыншыл муза мен  шынайы лириканың  қайталанбас  қалпы сізді баурап,жадылап алады. Ақын жыры мұндайда алпыс екі тамырыңызды кезіп, бой бойыңызды қуалап, қуану мен шаттанудың, қайғыру мен мұнаюдың, арылу мен тазарудың, ырғақ  пен ұйқас билігіне кінаратсыз бағынған, ой  мен сезім жетегіне көзсіз ерген жан  тебіренісінің ғажайып үлгілерін  жасайды.

            2005 жылы  «Жазушы»  баспасынан  ақынның  тұңғыш  өлеңдер  жинағы жарық  көреді. Бұл жинақ – ақынның  жастық  шағынан  жігіт ағасына айналған  шағына  дейінгі көзі көрген, көңіліне  түйген өлеңдерінің куәсі іспетті. Бұл – көңілдің көктемі құлпырғанда  ақ  қағаз бетіне  түскен жырлардың  жинағы.

            Ақынның  тұңғыш  кітабы   «Өлеңге әркімнің-ақ  бар таласы...», «Ұстаздық  еткен жалықпас...», «Махаббатпен жаратты адамзатты...», «Құлақтан  кіріп, бойды алар...»  секілді  төрт ірі  бөлімнен  құралған.

            Ақындық – қазақтың  қанына  сіңген  өнер. Сондықтан  бірер  ауыз өлең  құрастыра  алмайтын  қазақты  табу  қиын. Бірақ  Ғалымбек  Әбілқайырұлы  бұл деңгейден  өтіп, өз кітабын  шығару  дәрежесіне  жетіп отыр.  Демек, ол  «шөп те өлең,  шөңге  де өлең» дейтіндердің қатарынан  емес, өлеңді өнер тұтқан  зерделі жан. Сондықтан  оның:

Өлеңім – маңдай  терім  тамшылаған,

Жан  сырым – дос-жарлардан жасырмаған.

Өлеңсіз – жапырақсыз  ағашпын  мен,

   Өлеңсіз – бұл ғұмырым  тапшы  маған, - дегеніне иланамыз. Автор  ақынның  қоғамдағы орнын әркімнің  тағынан  жоғары қояды, бірақ  мансап деп емес, өмірдегі  келеңсіздіктерді  жойып, рухани тазалыққа  бастайтын  ізгі  жол ретінде  бағалайды. Сол  себепті  де:

Ақындық   тақ  маңдайыма  бұйырса,

Жамандықтар  өсіп-өнбей  қиылса.

Ар-ожданды  қадір  тұтып, әр адам

Үйлеріне мүлік емес, жыр жиса, - деп армандайды.

             Жинақтағы  өлең-жырлардың  тақырыбы  әр алуан. Олардың  ішіндегі  тәуелсіздік, Отан, туған жер, ел өмірі тәрізді  патриоттық  рухтағы  өлеңдерінің  алатын үлесі мол. «Ақын  болу міндет емес, азамат болу парыз» дегендей, ұстаз  адамның  көңіліндегі ақындықтың  көзін ашқан да осы – Отанға  деген  сүйіспеншілдік  сезім болар, сірә. Бұған  дәлел  ретінде  жинақтан  мысал  келтіруге  де  болады.

Уысымда  жан  рухым – байлығым,

Дос  тұтқанға құшағым кең, жайлымын.

Тәуелсіздік  туын  келем  көтеріп,

Құдай  қолдап, оңнан  туып ай-күнім, - дейді  ол бір өлеңінде. Автор  тәуелсіздік  тақырыбына  «Заман-ағыс» атты толғау  да арнапты. Мұнда  қазақ  елінің  басынан  кешкен  қилы  тағдырына  тебіреністі  шолу  жасалады. «Өткен  өмір  өрнектері»  өлеңінде  сонау  «Қозы  Көрпеш – Баян Сұлу» тарихынан  бастап, кейінгі  Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхтар  Әуезов  тәрізді  ұлыларымыздың  мәртебесін  көтере  жырлайды.

              Ақын  Торғай  өлкесіндегі  туып-өсіпті. Сондықтан  да  болар, туған ел тақырыбындағы  жырлардың  үлкен  бір тобы осы өңірдің  мақтан етер жетістіктері  мен айтулы азаматтарына  арналған.  Мұны «Қазақстан – Торғайым», «Шалғайда  жүрсем  Торғайдай»,  «Дархан дала – Торғайым»  секілді  тақырыптардан  да  аңғаруға болады.  Ақынның  өзі  айтқандай, туған  өлкесінің  сәні  мен  салтанатын  жырға, әнге  қосқан бұлбұлына айналғысы келеді. Ән демекші, автор жергілікті композиторлардың әндеріне  мәтін де жазады, олар  орындалып  жүр. Мұны  оның  «Әліби – әнім», «Жүректен  ән тербейді», «Топжарғаным», «Туған жер – Торғайым»  тәрізді әні  бар өлеңдері айтып тұр.

              Әрине, ақынды  толғандырмайтын, тебірендірмейтін  ешнәрсе  жоқ. Бұл  ерекшелік  Ғалымбек  Әбілқайыр  ағамызға  да  тән.

Қызыл  гүлдей  бүршік жарып  қылтиған

Есіңде  ме  кекілді  қыз  бұртиған?

Әттең  өтті, ойнаушы  едік  алаңсыз,

Қызығы  көп  балалықты  кім қиған?- деп  өткен  балалық  дәуренін  сағына  еске алатыны  сондықтан.

Немесе:

Өмірде  жүріп  келем алшаң басып,

Кей  кезде кешір, Ана, қалсам  жасып.

Өзіңдей  өмір  сүрем, әл келгенше,

Арбалып  жамандықпен, жанталасып, - дегенінде  анаға  деген  перзенттік  махаббат  сезімі  аңғарылады.

              Ғалымбек  өзі  ұстаз  болғандықтан, бұл  тақырыпқа  да  аз  жазбаған. Ұстаздың  ұлағатты  тұлғасын  ашуға  тырысқан. Ал дін, имандылық  жөніндегі  өлеңдері – мәңгілік  тақырып, әрі  бүгінгі  күнмен  де рухтас. Осының  бәрі  ұстаз-ақынның  өнер жолындағы өзіндік  таңбасы, ұрпақтарына  мұра  болар  еңбегі деп білеміз.

             Ғалымбек  Әбілқайырұлы жұлдызы  кешігіп туған ақын. Оның  тұңғыш  жыр жинағы шыққанға  дейін  ақын өлеңдері газет тігінділерінде ғана сақталып келген. Балаларының  қолдауымен жарық көрген  жинаққа ақынның  шығармашылығының  ішіндегі  ең үздік  лирикалық  әр жылдарда  жазылған  өлеңдері  енген. Біздің  аталмыш  дипломдық  жұмысымызда  ақынның  шығармашылық  зертханасына  алғаш  рет ғылыми талдау жасалып, шығармашылық  лейтмотиві жеке сараланып отыр.

          Ғалымбек – лирик  ақын.  Оның  махаббат, сезім, сағыныш, мұң  секілді абстраксыз  көңіл-күй әсерінен  жазған өлеңдері оқырманды бірден өзіне  баурап  алады. Мысалға төмендегі мына өлеңіне  назар аударалық:

Сенің  хатың – көңіліме  гүл екті,

Сенің хатың – дірілдетті  жүректі.

Сенің  хатың – өн  бойымды  жандырып,

Бір өзіңнен  махаббатты  іздетті.

Бұл қандай өлең өзі?!  Бұл не қылған хат?! Жауап біреу-ақ – махаббат  машығы. Ақынның  жеке  мұрағатында  сақталған  Шәрбат  есімді қыздың хаты. Шәрбат – ақынның  жастық  шағының  адал махаббаты болса керек. Тағдырдың  жазу бойынша  екеуі екі әлемге кетіп, араларындағы  ғашықтық  сезім өлең-жүрекке  өмірлік  муза  әкелгенге ұқсайды. Шәрбат – орындалмаған  арман, тәтті махаббат ретінде қала берген. Бұл – әдеби сарын. Бұл – поэзиядағы  махаббат музасы. Бұл әлемдік  әдебиеттегі  Петефиде де, қазақтың  Жұматай Жақыпбаевында  да  бар құбылыс. Жұматайдың  өмірінің  соңына  дейін  «Ләйлә» деп  жырлап өтуі де соның  дәлелі. Ғалымбектің  Шәрбаты  да  жүректің  сағынышына, зарына  айналған лирикалық кейіпкер. Ақын өлеңдерінің  көбі – лирикалық  бейнеден  құралған. Шәрбат пен сезім – лирикалық  қаһарман десек жаңылыспаймыз. Бұл  турасында  мұзбұлақ  ақын  Мұқағалидың  «Поэзия  махаббаттан  басталып, парасатпен аяқталады» дегені еске түседі. Ғалымбектің  де  поэзиясы  асқан  ғашықтық  алай-дүлей  тасыған  сезімнен  құралып, парасат  пайымынан  аяқталады. Оған  дәлел  ақынның  кейінгі  жылдары жазған  тәрбиелік  мәні  бар өлеңдері.

            Ақынның  «Сүйген  жар  тілегі»  деген  өлеңі бар. Бұл өлең – парасаттылықтың  жемісі. Үйлі-баранды, үбірлі-шүбірлі жанның өмірлік серігі, адал жары-әйеліне  жазған өлеңі. Өлең жолдарының  бірінде:

Жар  тілегі – қияға  алыс самғасам,

Өзектіге  ауыр салмақ салмасам.

Жар  тілегі – менің  ғана үстімде,

Жуытпайды  өмір-бақи маған шаң.

Немесе

Десе  жарың  «Аспандағы айды әпер»,

Деп  мүдірмей «Барар  оған қайда өткел?»

Батырлардай  ертектегі  бел буып,

Тарту  керек жоқты  іздеп, «тәуекел!»-дейді, ақын-жүрек. Жар тілегін орындау керек деп нүкте қояды. Жар  тілегі – адалдық, тұрақтылық екенін ақын астарлап түсіндіріп тұр. Әйел – ана, әйел – жар екеніне ақын жоғары көзқараспен қарайды. Оны – балаларының  анасы, отбасының берекесі, шаңырағының  жылуы деп бағалайды. Бірінші  шумақтың үшінші, төртінші жолында  ақын  «жақсы әйел жаман еркекті төрге шығарады» деген халық даналығына сәйкестендіріп, жарының өзіне ешқашан дауыс көтеріп немесе оны сырт көз адамдарға жамандап, келекелеуден ада екенін баса айтады.

           Ақынның  махаббат  тақырыбына  жазған өлеңдері көп. Қарап отырсаңыз, кез келген  ақын махаббатты тілге тиек етеді. Махаббатты  жырламаған ақын жоқ та шығар, бәлкім?! Ғалымбектің  «Желеп-жебер періштемдей» деген өлеңі бар. Өлең – тұнып тұрған мөлдір сезім. Кіршіксіз, пәк  жүректің  түбінен  шыққан, су бұрқақтай  атқылаған  өлең.

Махаббат – дүниенің  бүтіндігі,

Әрқашан  ашық  тұрар жыр-түндігі.

Ғашықтар  шежіресі  таусылмайды,

Тек  бүгін  кесілгендей  сыр кіндігі.

Немесе

Көктемім  болды  менің  құбылмалы,

Кей  кезде  айырмадым құбыланы.

Жүрегім  билік  етіп өміріме,

Самғады  шартарапқа  жыр-қыраны.

Сайыпкелгенде, ақын Абайдың  «Махаббатсыз дүние бос...» деген тәмсіліне  сүйенеді. Көктем – символ. Көктем – сезімнің  алай-дүлей болып, өзгеріп, түрленуі. Көктем – жаңару. Көктем – жасару.Көктем – махаббаттың  бастауы. Бұл – ақынның  осы  өлең  жолындағы  сөзтіркестері. Өлеңге  рең, әсемдік беріп тұрған да осы – көктем. Яғни, көктем құбылту (метафора) есебінде жұмсалып тұр.

Махаббат – таусылмайтын  ұлы  дастан

Махаббат – өлмес  өлең, өмір гүлі, -дейді ақын. Махаббаттың  таусылмайтынын  осыған дейін ақынның замандасы Мұхтар Шахановтың  «Ғашықтар бар өмірде әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын  әңгіме» деген сөзін есіңізге салады.  Ақын махаббаты – жары. Бір бөлімде бірнеше өлең жарына арналған.

            Ақын  сүйіктісі. Жазушы  жары. Бұл – үлкен  ұғым. Ол арқалар  жүк ауыр, жауапкершілік  мол. Ғалымбектің  жары  жолдасына  үнемі жағдай жасап, шығармашылық  еркіндік  бергенін өлеңнің  әр жолынан аңғарасыз. Ендеше, Ғалымбек  бақытты ақын, бақытты жар.

             Творчество, ақындық  лаборатория  деген  тым  нәзік  құбылыс. Өнер  тарихына  үңілу  үшін  өзгеше  ыждаһаттылық  керек. Ал, бүгінгі  өнер  туралы  сөз  сабақтау  қашанда  да  қиынның  қиыны. Оны  қалыптасқан  үлгімен, белгілі  әдіспен  зерттеу  мүмкін болмай қалады. Неге десеңіз, қазіргі  өнердегі  психологиялық, философиялық, эстетикалық категориялардың  динамикасын  бағып көркемдеу  құралының  органикалық  бітімін тану, бүгіндік  тұлғасын  ажырату оңай  емес, бірақ  ол қажет.

           Біздің  нысанымыздағы  кейіпкер тым талғампаз ақын. Ғалымбек өлеңдеріне  тіпті  түр, жаңалығына аса  сақ қарайды, кейде  мен-мен өзімшілдікпен  менсінбей  қарайды.

Еркелеп  ойнап  көктеммен,

Жас  гүлдер  бүршік жаратын.

Жазықта, жасыл белдерде

Алқызыл  албырт кеудеңе

Есетін  жұпар қыр лебі.

Шыдайтын  аптап  желге де

Қырмызы  қырдың  гүлдері

Тұратын  ылғи  үлбіреп,

Сәулені  ғана  қымтанып.

Қымсына  қарап дүниеге

Жүзінен  балғын  нұр тамып, - деген жолдарда  ешбір түр, жаңалығы, сөз ойнату, образды  сөйлеуге  тырысушылық  мүлде  сезілмейді. Алайда, ол өлең  сапасына  нұқсан келтіріп тұр ма? Сурет, поэзия мұраты – терезесі тең.

            Рас, өлең – қарапайым өлең. Тілі, ойы қарапайым. Әңгіме сонда, бұл жерде  қарапайым – қара сөз емес, поэзия  қуаты  молынан  сезілетін, өмірлік  тынысы кең, құны да өмірдің  өзімен өзектес қарапайым. Өмірдің  өзімен  бағалас  мұндай  қарапайымдылық  қай  жанрда болсын қолға сирек  түсер сый.

            Әлемдi билейтiн - сөз, сөздi билейтiн - ақын. Талантпен, талғаммен қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу - қиынның қиыны. Азаматтық жоқ жерде ақындық та жоқ. Төлеген Айбергенов:

Ақын болу оңай деймiсiң, қарағым,

Аузында болу бұл өзi дүниедегi барлық жараның, - деп бекер айтпаса керек.

«Дүниеге бiр жарықшақ түссе алдымен жүрегi жараланатын» (Гейне) аймүйiз айтулы ақынның бiрi – Ғалымбек  Әбілқайыр. Ол ақындық философиямен:

Хан қызығып қарағандай,

бай күндеп,

Ақындар ек,

Арыстандай айбатты ек.

Қынабынан суырылған қылыштай,

Өлең жазу болды қашан жай мiндет?! - деп жырлайды. «Ұлықтың сөз ұқпайтынын бiлсе де, естi бiрi ойланар ма?» деген оймен ел iшiнiң аужайын айта алған «кермедегi асаудай аласұрып жүрегi», ылғи да «ауылды аңсап тұрады». Сұңқар қиясын, торғай ұясын сағынады. Сенка айтқандай, туған жерiн ұлы болғандықтан емес, отаны болғаны үшiн сүйедi». Расул Ғамзатов былай дейдi: «Ұлтын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар». Ғалымбек Отанын сүйетiн ұлтжанды ақын. Содан да  Ғалымбек ақынның тұрақты тақырыбы - ауыл, ең көп жырлағаны - туған жер, оның сұлу табиғаты.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғалымбек Әбілқайыр шығармашылығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл ғылыми мақалада Торғай өңірінің ақыны Ғалымбек Әбілқайыр шығармашылығы туралы сөз болады.Жаны, жүрегі, қиялы күні -түні тыным  көрмей,  кейде найзағайдай  шатырлап,  күндей  күркіреп, буырқана теңселіп, дәмін  тұзын еңсеріп, елін егіле  сүйген  ақын – Ғалымбек  Әбілқайырұлы.               Ғалымбек  ақын  жырларына көз жүгіртсеңіз қамшы  салдыра бермес асау ырғақтар, қайшы салдыруға көнбес образдар  жүйесі, өмірі  мықты өмірлік шындықтың бейнелі де  бедерлі  сәттері шыншыл муза мен  шынайы лириканың  қайталанбас  қалпы сізді баурап,жадылап алады. Ақын жыры мұндайда алпыс екі тамырыңызды кезіп, бой бойыңызды қуалап, қуану мен шаттанудың, қайғыру мен мұнаюдың, арылу мен тазарудың, ырғақ  пен ұйқас билігіне кінаратсыз бағынған, ой  мен сезім жетегіне көзсіз ерген жан  тебіренісінің ғажайып үлгілерін  жасайды.             2005 жылы  «Жазушы»  баспасынан  ақынның  тұңғыш  өлеңдер  жинағы жарық  көреді. Бұл жинақ – ақынның  жастық  шағынан  жігіт ағасына айналған  шағына  дейінгі көзі көрген, көңіліне  түйген өлеңдерінің куәсі іспетті. Бұл – көңілдің көктемі құлпырғанда  ақ  қағаз бетіне  түскен жырлардың  жинағы.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2014 1054
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Авий Жайрамгүл Төлеуханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Авий Жайрамгүл Төлеуханқызы
    Авий Жайрамгүл Төлеуханқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9597
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Родной (русский) язык и родная литература: теория и методика преподавания в образовательной организации

72/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 314 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык и литература")

Учитель русского языка и литературы

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и культура речи: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель русского языка и культуры речи

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек