Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыБілім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже

Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже

Скачать материал

 

                   Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже

                         

                                                                         Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы

                                                     Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

 

  Ұстаз алдындағы басты мақсат –  сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен  ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын  оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау – мұғалім мақсатының бастау көздері.

    Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет» – деген бағдарлы сөзі педагогтардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім  туралы  заңда»  оқытудың  жаңа  технологияларын  ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды  нұсқаларын таңдап-талғау алдыңғы кезекте тұрады.

Жалпы өз пәнінің шебер маманы педагогикалық технологиялардың өзіндік болмысы мен тарихи бастауларын жете білгені жөн. Осы тұрғыдан педагогикалық технологиялар жөнінде қажетті деп тапқан мәліметтерді ұсынуды жөн көрдік.

Зерттеушілер американдық және еуропалық   мектептердегі оқытуды  технологиялық тұрғыдан құруды бастау қозғалысын    50-жылдар  ортасымен байланыстырады. Бастапқы кезде педагогикалық технология  ұғымы  оқытуды техникаландыру деген түсінік ретінде негізге алынып,  бүгінгі күнде көріп отырғанымыздай кемел ізденістерге жол ашты, түрлі педагогтар мен әдіскерлердің  анықтамалары негізінде кеңейе түсті. В. Беспалько,          Б. Блум, М.Кларина, В.Монахов және басқалардың  пікірлеріне сүйенсек,   педагогикалық технология  (нақты – оқыту технологиясы)  дегеніміз  оқытудың  ұйымдастыру  формалары, құралы және  дидактикалық үрдісімен байланысты  білім беру  жүйесінің  құрамдас бөлігі болып табылады.

   Педагогикалық технологиялар  жайлы кейбір  пікірлерге ғана  төмендегі  жүйеде қысқаша келтіре кетсек:

1.     Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы.

Ынтымақтастық педагогика, ізгілікті тұлғалық технология. Ш.Амоношвили – Е.Н.Ильин жүйесі: адамды қалыптастыру пәні ретінде әдебиетті оқыту.

2.     Оқушылар қызметін қарқындату, интенсивтендіру және белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технология.

Ойын технологиясы: проблемалық оқыту, шет тілі, мәдениетті оқытудағы коммуникативті технология (Е.И.Пассов). Оқу материалының белгілеу моделі мен сызбасы негізінде оқытудың интенсивтендіру технологиясы.

3.     Қазіргі дәстүрлі оқыту

4.     Оқыту процесін ұйымдастыру және нәтижелі басқаруға негізделген педагогикалық технология

Түсіндірмелік басқарудағы тірек сызбасын пайдалану арқылы перспективалық оқыту (С.Н.Лысенкова)

-             деңгейлік зерделеу технологиясы

-             міндетті нәтиже негізінде деңгейлік зерделеп оқыту (В.В.Фирсов).

-             ұжымдық оқыту әдісі

-             топтық технология

-             компьютерлік (жаңа ақпаратты)

-             бағдарламалы оқыту технологиясы

-             жекелеп оқыту технологиясы (А.С.Границкая)

-             баланың қызығушылығы бойынша жеке ыңғайда оқытуды мәдениетке тәрбиелеу технологиясы (И.Н.Закатова)

5.     Мәліметтерді қайта жаңарту және дидактикалық жетілдіруге негізделген, педагогикалық жетілдіруге негізделген педагогикалық технология.

-             экология және дидактика (А.В.Тарасов)

-             мәдениет диалогы

-             дидактикалық біліктердің күрделенуі (П.М.Эрдниев)

-             ой қызметін кезең бойынша қалыптастыру теориясының іске асуы (М.В.Волович).

6.     Жеке пәндік педагогикалық технология.

-             салауаттылыққа оқытудың ерте және интенсивті технологиясы (В.Н.Зайцев)

-             бастауыш мектепте жалпы оқытуды жетілдіру технологиясы (В.Н.Зайцев)

-             есеп шығару негізінде математиканы оқыту технологиясы (Р.Г.Хазанкин)

-             нәтижелі сабақ жүйесі негізіндегі технология (Н.Н.Палтышев)

7.     Балама технология.

-         Вальдорфстік педагогика (Р.Штейнер)

-         еркін еңбек технологиясы (С.Френс)

-         ықтималдық білім беру технологиясы (А.М.Любок)

8.     Табиғи тектестік технология

-         салауаттылыққа табиғи тектес тәрбие (А.М.Кушнир)

-         өзіндік даму теориясы (М.Монтессори)

9.     Дамыта оқыту технологиясы

-         дамыта оқыту жүйесі (Л.В.Занков)

-         дамыта оқыту технологиясы (Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов)

-         тұлғаның шығармашылық қасиетін дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі (И.П.Волков, С.С.Альтшулер)

-         жеке адамға бағытталған дамыта оқыту (И.С.Якиманская)

-         өзіндік дамыта оқыту технологиясы (Г.К.Селевко)

10.  Авторлық мектеп педагогикалық технологиясы

-         бейімделген педагогика мектебі (Е.А.Ямбург, Б.А.Бройде)

-         орыс мектебі үлгісі

-         өзін анықтау авторлық мектебі технологиясы (А.А.Тубельский)

-         саябақ мектебі (М.А.Балабан)

-         астромектеп (А.А.Католиков)

-         ертеңгі күн мектебі (Д.Ховард)

Алыс және жақын шетелдік ғалымдар мен педагогтардың  жаңашыл ізденістерімен танысып, білім беру технологияларын өз тәжірибесінде қолданумен қатар қазақстандық ұстаздар ұлттық дұниетаным ерекшеліктеріне бейімделген өздерінің авторлық  технологияларын да қалыптастырды. Бұл жаңашыл ізденістер оқу материалын  ұйымдастыру жолдары мен құралдарының ерекшелігі,  қағидалық құрылымы және оқыту жүйесінің белгілі бір әдістемелік жақтарымен айқындалады.

Қазақстандық технологияларға тоқталар болсақ, кеңінен қолданылатын танымал технология түрлері:  «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (Ж.Қараев, Ж.Кобдикова) және «Модульдік  оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова) туралы сөз саптай кеткенді жөн көрдік.

Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі

Заман талабына сай өз білімiн өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындауды мақсат еткен  отандық педагогикалық технология түрі   –  «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі (ОҮӘЖ)»  технологиясы. «Деңгейлеп, саралап оқыту» (Ж.Қараев, Ж.Кобдикова) технологиясын жетілдіру барысында білім беру саласында өрісті қолданылып жүрген  бұл технологияны республикамыздың көптеген мектептерi оқу үрдісiнде пайдаланып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.  Аталған технология оқу-тәрбие үрдiсiнде:

v оқу мақсатына сәйкес мазмұнды айқындауға;

v  оқыту үрдісiн  ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формаларын және компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерді оқу үрдісiнде  тиімді пайдалануға;

v  танымдық іс-әрекетке ынталандыру  мен оқушы белсенділігін арттыруға, жеке басының қабілетіне, даму темпіне сәйкес тиісті білім деңгейiне өз бетімен жетуге; 

v  білім сапасын көтеруге;

v  мұғалімнің басқарушылық іс-әрекеті оқушының өзін-өзі тексеріп, түзетуге, бақылап, рейтинг жүйесімен бағалауға, сол  арқылы өзін-өзі рефлексивті басқаруына айналуға;

v  оған сәйкес жеке тұлға өз бетімен дамуын қадағалайтын мониторингін құруына қолайлы жағдай туғызу қызметін атқаруда.

«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі (ОҮӘЖ)» педагогикалық технологиясының  талабы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үрдісі үш кезеңнен немесе екі негізгі бөлімнен тұрады: синектикалық және нәтижеге бағытталған бөлімдерден тұрады» деп атап көрсетеді технолоия авторларының бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор қ.а. Кобдикова Ж.У.

-          І-кезең мазмұнды меңгеруге дайындық кезеңі;

-          ІІ-кезеңде (синектикалық бөлімде) оқушы білімді өз бетімен алуға дағдыланады.

Бұл бөлімде  мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмыстарының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуіне қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді, әрине, мұғалімнің жетелеуімен. Негізінен, барлық белгілі педагогикалық технологиялардың миссиясы осымен аяқталады: бірнеше оқушы сабаққа белсенді қатысқаны үшін бағаланады, үйге (үлгірімі әр деңгейдегі оқушыға күрделілігі әр деңгейдегі) тапсырмалар беріледі. Оқыту технологияларын талай жылдан бері қолданып келе жатсақ та, мұндай амалдың тиімділігі айтарлықтай болмай жүргені белгілі, себебі білім берудегі ең басты мәселе: жоғары дәрежедегі білім сапасын қамтамасыз ету. Бұл қажеттілік ОҮӘЖ технологиясында қарастырылған, жаңа тақырыпты меңгеру үрдісінің ІІІ кезеңі  (нәтижеге бағытталған бөлімінде) осы бағыттағы  нәтижелі жұмыстарды жүйелейді.

-                 «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану барысында оқушылардың  білімі 3 деңгейлік  тапсырмаларды барлық оқушыларға (қарапайымнан күрделіге қарай) орындату арқылы бағаланады. Мұғалім мен оқушы шығармашылығы мен ізденісіне бағыт берер, нәтижелі табыстарға жеткізетін ұтымды технология.

М.М. Жанпейісованың  модульдік интерактивтік оқыту технологиясы

      Педагогика ғылымдарының кандидаты Марал Мәденқызының модульдік технологиясы 1999 жылдан бастап мектеп тәжірибесіне енгізілді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті. Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы  баланың  таным процестерін дамытуға,   оқу процесінде дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасауға, терең білім беруге негізделген. Технология мақсаты     оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын      дамытуға   қолайлы жағдай туғыза отырып, сапалы білім беру мүмкіндігін арттыру.

Модульдік интерактивтік оқыту технологиясының тиімділігі: 

·       оқушыларды оқытудың  мақсатымен, жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

·       мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

·       оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

·       оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық

қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.

Міндеттері:

§  таным үрдістері мен танымдылық қабілеттерін дамыту;

§  сөздік қорын дамыту, ойын жүйелеу машығын қалыптастыруға бағыт беру;

§  ынтымақтастық негізінде жұмыс істеу.

Ерекшеліктері:

·       Оқу материалының тұтастай берілуі;

·       Оқу үрдісінің интерактивті формада  ұйымдастырылуы;

·       Оқу материалының  жеңілден  күрделіге қарай өсу  бағытымен   берілуі.

·       Оқушылардың біліктілігін  жүйелі түрде  диагностикалауы;

·       Оқушылардың ізденіс, шығармашылық   жұмыстармен    айналысуына жағдай туғызу.

Модульдік оқытудың құрылымы

§  оқытуға  мақсат қою;

§  жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

§  оқушылардың білім деңгейін алдын-ала    (диагностикалық) бағалау;

§  оқу әрекеттерінің жиынтығы;

§  нәтижені бағалау.

Оқыту модулі:

ü Кіріспе бөлімі  (модульге, тақырыпқа енгізу)   

ü Сөйлесу бөлімі  (оқушылардың танымдық қызметін  өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

ü Қорытынды бөлімі  (бақылау)

 

Саралап оқыту технологиясы

   Оқу үрдісіне мұғалімдердің оқушылардың білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі. Әр түрлі топтарды оқыту үрдісіндегі жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі. Когнетивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектептер мен кластар, топтар үшін оқытудың жағдайларын құру.

Мақсаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

·                                                                                     Жас ерекшелігі бойынша;

·                                                                                     Жынысына байланысты;

·                                                                                     Қызығушылығы бойынша;

·                                                                                     Ақыл-ой деңгейінің дамуы;

·                                                                                     Тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;

·                                                                                     Денсаулық деңгейі бойынша.

Ерекшелігі:

·                                                                          Үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;

·                                                                          Қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;

·                                                                          Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;

·                                                                          Оқушылардың қабілеті артады;

·                                                                          Әлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;

·                                                                          Деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде қиындық кездеспейді.

 

                                              Ұжымдық оқыту әдiсi.

(А.Г.Ривин, В.К.Дьяченко)

                          Оқыту – бұл адамның адамзатпен байланысы.        
                                                    А.Петровский

         Ұжымдық оқыту әдiсi деп оқыту динамикалық жұптардың қарым- қатынасы арқылы iске асатын, әркiм әркiмдi оқытуды айтады.

          Оқушыларды оқушылардың өздерiне оқыту әдiсiн барлық балаларды  сөйлесу –қарым-қатынас жасауға динамикалық (ауыспалы) түрде, бiр бала оқушы да, кейде оқытушы да бола алатын етiп пайдаланады.

           Технологиялық классификациялық деңгейi.

Қолданылуы: жалпыпедагогтық.

Философиялық негiзi: диалектикалық – жаңа экзистенциалистикалық.

Негiзгi даму факторына қарай: социогендiк

Үйренушiлiк концепциясы: ассоциациялық – рефлекторлық.

Жеке құрылымы: информациялық (ЗУН) операциялық (СУД).

Мазмұны: үйренушiлiк, жалпы бiлiм берушiлiк.

В.Т.Кабуш технологиясы.

Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.

Мақсатты бағыты:

1.                                                     Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, қабілетін, қызығушылығын дамыту және өзін-өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру;

2.                                                     Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру;

3.                                                     Азаматтық  тәрбие, әлем мәдениетін, құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Тұжырымдаманың негізі:

1.                                                     Тәрбиенің ізгіліктік жүйесі;

2.                                                     Тәрбиенің адамгершіліктік және демократиялық сипаты;

3.                                                     Тәрбиенің мақсаты + оқушылар қызметі + ізгіліктік қызметін жүзеге асыру;

4.                                                     Ынтымақтастық – еңбектестік – серіктестік – достық және олардың постулаттары.

Мазмұнының ерекшелігі:

1.                                                     Жанұялық тәрбие беру;

2.                                                     Жалпыадамдық мораль және мәдениетке тәрбиелеу;

3.                                                     Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

4.                                                     Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату;

5.                                                     Азаматтық  және ұлттық, әлеуметтік мәдениетке жетелеу;

6.                                                     Өмірге қабілеттендіру.

Әдістемелік ерекшелігі:

1.                                                     Тәрбие негізгі роль атқарады;

2.                                                     Болжаған жетістікке жету жолдарында үздіксіз, тізбекті жұмыс жүргізіледі;

3.                                                     Кез-келген балаға сенімділікпен қарау;

4.                                                     Күштеусіз, зорлықсыз тәрбиелеу;

5.                                                     Тұлғаны өзіне-өзінің дұрыс қарым-қатынасын орнату;

6.                                                     Еркіндік;

7.                                                     Шығармашылыққа жетелеу;

8.                                                     Ізгілікті ойлауға үйрету.

Іскерлік ойынының  жүргізілу технологиясы.

Дайындық кезеңі:

1.                              Ойынды дайындау:

·                                                         Сценарий дайындау;

·                                                         Жоспар құру;

·                                                         Жалпы сипаттау;

·                                                         Мазмұнын меңгеру;

·                                                         Материалмен қамтамасыз ету;

2.                              Ойынға кіріспе:

·                                                             Проблемалық мақсат қою;

·                                                             Шарттарын білу;

·                                                             Топ құру;

·                                                             Рольдер бөлісу;

·                                                             Регламент белгілеу;

·                                                             Жалпы түсінік беру;

·                                                             Тиісті консультация беру;

                Жүргізу кезеңі:

1.                                 Топтық жұмыс:

·                                                         Әдебиеттермен жұмыс;

·                                                         Тренинг;

·                                                         Ойлану;

·                                                         Ойыншылармен жұмыс;

2.                                 Топ аралық жұмыс, пікірталас:

·                                                           Топтардың жұмыстарын баяндауы;

·                                                           Нәтижені қорғау;

·                                                           Пікірталас туғызу;

               Қорытындылау кезеңі:

           Ойынға қорытынды жасау:

·                                                                  Талдау, рефлексия;

·                                                                  Баға және өзіндік баға;

·                                                                  Қорытындылау, жинақтау;

·                                                                  Ұсыныстар беру.

·                                                                   

Білім беруді ізгілендіру технологиясы

(Ш.А.Амонашвили бойынша)

Мақсаты:

Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне  жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге жағдай жасау.

Ерекшеліктері:

1.                                      Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;

2.                                      Бала психикасын дамыту, есеюге және еркіндікке құштарлығын қалыптастыру;

3.                                      Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау;

4.                                      Ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;

5.                                      Рухани жетілдіру;

6.                                      Ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу.  

Дидактикалық біліктерді ірілендіру технологиясы.

Мақсаты:

Математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шарты ретіндегі тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін құру.

Ерекшелігі:

1.                                        Өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;

2.                                        Есеп шығару, құрастыру үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;

3.                                        Тура есептерді кері есептерге айналдыру;

4.                                        Жүйелі де тиянақты білім беру.

Әдістемесі:

1.                                        Бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгерту;

2.                                        Өзара қарама-қайшы ұғымдарды салыстыру;

3.                                        Тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру;

4.                                        Амалдардың орындалу тәртібін реттеу.

 

Соңғы кезде ұстаздар қызығушылық танытып отырған технологиялардың бірі – өнертапқыштық мәселелерді шешу теориясы. (Теория решения изобритательских задач-ТРИЗ)

Шығармашылықты дамытуда мұғалімге нәтижелі бағдар беретін бұл технология іргетасын қалаған жан белгілі кеңес ғалымы –  инженер Генрих Саулович Альтшуллер болды (1926-1998). Соның нәтижесінде өнертапқыштық мәселелерді шешудің теориясы (ӨМШТ) жасалып, кейіннен  ол ТРИЗ – технология деген атпен кең тарады.

Тың шешім мен өнертапқыштыққа баулитын аталмыш технология ойлауды белсендіріретін мына төмендегідей шығармашылық тапсырмалар жүйесінен тұрады:

·                   ұсынылған ақпараттан қажеттіні анықтай алу;

·                   жүйелеу, біріктіру, салыстыру, дәлелдеу немесе жоққа шығару;

·                   әрекеттің жоспарын құрастыру: нобайлау, себебін анықтау, салдарын анықтау;

·                   жаңа қызметін анықтау; қарама-қайшылықтарды шешу; мәселелерді іздестіру; ғылыми заңдылықтар мен теорияларды талдау.

ТРИЗ-технологиясындағы фокальдiк объектiлер әдiсiне ғана тоқталып өтсек, оны меңгеру төмендегіше жүргiзiлдi:

 1. Жетiлдiрудi талап ететiн объект таңдап алу;

 2. Оған басқа кез келген объектiнiң сапалық белгiлерiн қосады.

 3. Алынған «жаңа объектiнi» түсiндiру кезеңдеріне қатысу.

 Мысалы: объект- ән. Екiншi объект – дәрi. Оның сипаттары ақ, дөңгелек, ерiгiш, емдегiш, т.б. Бұл сапаларды әнге таңғанда – ақ ән, дөңгелек ән, ерiгiш ән, емдегiш ән болып шығады. Нәтиженi түсiндiру үшiн қиялға жол берiледi. Ақ ән «ақ» сөзi бар немесе ақ тiлектер туралы ән. «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Ақ мамам», «Ақ тiлек» т.б. Дөңгелек әнге күн, ай, шар, сақина, жер  сияқты дөңгелек заттар туралы әндердi жатқызуға болатындығы анықталды. Ерiгiш ән – деп халық арасына кең тарай алмай жоқ болып, ұмытылып кеткен әндер жатады деген, ал емдегiш әндерге керiсiнше адамдардың жан-жүрегiне әсер етiп, жақсы эмоциялар туғызатын, сезiмдерге бөлейтiн әндер жатады деген ұйғарым жасалды. Бұл қиял әлеміне қанат қағып, ұқсамайтын ұғымдарды үйлестіруге, солар арқылы жаңа ойлар тудыру мен  тың ұсыныстар жасап ұсынуға машықтандырады. Бұл мүмкіндікті сабақта пайдалану – бала сезамі мен ізденіске құштарлығын арттырар еді.

    Қазақстан мұғалімдері танысып, қолдау көрсетіп, өз тәжірибесіне кіріктірген шетелдік танымал технология, бағдарлама, әдістемелер де бүгін ізденісімізге арқау болуда.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту  (RWCT)

Әлемдiк озық идеялар негiзiнде жасалған жобалардың бiрi американдық педагог-ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (RWCT) бағдарламасы.

«Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып белгілі ғалым Дайана Халперн – ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану – деген пікір білдіреді. Технологияның философиясын түсіну үшін осы жерде сыни ойлау ұғымының мәнiн ашу қажеттiлiгi туындайды. Сыни ойлау «сын»  сөзімен төркiндес болғанымен сынау,  сын айту, мінеу деген түсiнiктi бермейдi. Бұл – шыңдалған ойлау үлгiсi. Сыни ойлау –өзiндiк және жеке ойлау. Өйткенi бұл ойлау барысында әркiм өз ойын және пiкiрiн басқалардан тәуелсiз құра алады. Мәселенi өз бетiнше шешудi қамтамасыз етедi. Мысалы: өз пiкiрiн еркін айту, өзгенің пікірін сынамай есепке алу, шыдамдылық сақтай айтылған ойдан қежттілікті табуға ұмтылу, бiрлесе ойланып, ортақ шешiм қабылдау, т.б. Сол себептi бұл бағдарлама өздерiнiң кәсiби әрекетiне өзгерiс енгiзуге ұмтылатын және бiлiм беру жолын әр түрлi тәжiрибе тұрғысынан талдай алатын мұғалiмдерге арналады.

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.

Технологияның құрылымы 3 кезеңнен тұрады:

       1. Қызығушылықты ояту;

        2. Мағынаны тану;

        3. Ой толғаныс.    

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың үш кезеңімен жұмыс 

жасауға болады.


1. Қызығушылықты ояту

 

Мұғалім әрекеті. Бұл кезеңнің міндеттері

Оқушының әрекеті

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

   Тақырыпқа байланысты білімдерін пайдалана отырып, оқушы белсенділігін арттыру, алдағы жұмыстардың  желісін тарту.

  Оқушы  осы тақырып  бойынша білетіндерін  "еске түсіреді"  (зейіні бағытталады), мәліметтерді жүйелеп, өзіне қажет мәліметтерді білуге ұмтылады.

  "Өзіне мәлім ақпараттар" тізімін жасау, әңгімелеу:
- тірек сөздер арқылы мәліметті жүйелеу;
- материалды  (графикалық нұсқада: кластер, сызба-кесте) жүйелеу;
- дұрыс немесе бұрыс пікірлер;
- орны ауысып кеткен қисынды ойлар,т.б.

 

  1-кезеңде  алынған мәлімет жазылады, тыңдалады, талқыланады,  жұмыстар жеке - жұптаса – топтаса орындалады.


2. Мағынаны тану

 

   Жаңа ақпаратармен жұмыс барысында қызығушылық пен қажеттілікті айқын сезіну мүмкіндіктерін тудыру, білім  мен мәліметтер қорын "ескіден"  "жаңаға" молайтуды  мақсат тұту.

  Оқушы мұғалім ұсынған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып мәтінді оқиды (тыңдайды), жаңа мәліметтерді  белгі қою немесе ойын қорыта жазу арқылы меңгеру қадамдарын жүзеге асырады.

  Оқытудың белсенді әдістері:
- "v", "+", "-", "?" белгілерін пайдалана (оң жағына) белгілеп отыру;
- екі түрлі күнделік, борт журналын толтыру секілді түрлі жазба әдістерін қолдану;
- сабақтың бірінші кезеңінде туындаған сұрақтарына жауап қарастырып, жазу, т.т.

 

  Жаңа ақпараттарды   шын мәнінде тұшыну мүмкіндіктерін жасау: әр балаға мәтінді таратып беру, фильм, дәріс, параграф материалдарын слайд түрінде беру, жұмыс жеке немесе жұптасқан түрде жүзеге асады.


3. Ой толғаныс

 

   Оқушыны бастапқы жазғандарына оралтып, болжамдары ойларын нақты ақпаратпен  салыстыра  өзгерістер, толықтырулар  енгізу, тақырыпқа  байланысты шығармашылық пен ізденіске жетелер  практикалық тапсырмалар орындату.

  Оқушы өз  қорындағы  "жаңа" мәліметтерді  "ескілерімен" салыстыра қарап, мағынаны тану кезеңіндегі  алынған ақпараттарды пайдалана отырып, жаңа игерілген материалды тапсырмаларды орындау барысында қолдану мүмкіндігіне ие болады.

  - Кластерлер, сызба-кестелерді толтыра отырып, ақпараттық топтамалар арасындағы байланысты бағамдау;
- тірек сөздерге оралу, дұрыс пен бұрысты қарастыру;
- қойылған сұрақтарға жауап;
- ауызша  және жазбаша пікірлерді ұйымдастыру;
- пікіралмасу түрлерін ұйымдастыру;
- шығармашылық жұмыстар (синквейн, эссе, суретті бейнелеу) жасату;
- тақырыптың жеке мәселелерін талдатуға мүмкіндік, т.б.

 

   

 

      Шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке - жұппен – топпен атқарылады.

 

Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдістемесі

   Жұмыс кезеңдерін нақты  белгілеп, жүйелі де ретті жұмыс істеуге бағыт береді. Бұл адамның ойлау сатыларына бағдар берумен қатар, мұғалімнің де жұмыс барысындағы дирижерлік,  яғни басқара білу  шеберлігін шыңдайды. Мұндағы түстер адамның ойлау қабілетінің қыры мен сырын таныту мақсатында бейімдей алынған. Ол ұлттық ұғымымызға орай да пайдалануға болады.

¨           Ақ қалпақ. Алғаш көргенде бұл перденің ішінде не барын сезіне алмайсың. Ал үңіле қарасаң – қайнап жатқан ақпараттар мен араласқан мәліметтер берер алаң. (Бабаларымыз ақ түсті  турашылдық, адалдық, шындық  белгісі деп таныған.)

¨           Қызыл қалпақ. Қызыл түс – эмоция, интуиция, сезіну (қазақта «қаны басына шапты», «ұяттан өртенді» және т.б. тұрақты тіркестер бар).

¨           Қара қалпақ. Ақиқатты көру, сақтану мен ойлану, келесіде алдын алуға ұмтылу (халқымыздың қара түс – тылсым, өз бойына құпиялар сыйдырған деген ұғымына сай)

¨           Сары қалпақ. Оптимизм, сәулелі өмірге талпыныс, позитивті ой, жетістіктер мен пайдалы нәтиже. (Ғалымдар көне түркі тілінде Зарина есімі сары яғни алтын  деген сөзден шыққан деп түсіндіреді. Байлық ұғымымен байланысты болса керек, сарғайған сағынышқа да теңейді, алайда сағыныш та ұмтылу, іздеу емес пе?! )

¨           Жасыл қалпақ. Жаңа идея,  альтернативті ойлар туындауы. (Қазақта өсіп-өркендеу, жайқалып өркен жаюды білдіреді.)

¨           Көк қалпақ. Көк түс – байсалды да сабырлы салқындық. Ізденісті басқару, идеяларды таразылай қорыту, күтілетін нәтижені ойластыру, болашаққа бағдар. (Көк түс – аспан, заңғар биік, ал жоғарыдан  бүкіл атырап алақандағыдай көрінеді емес пе?!)

                         Педагогикалық  шеберхана

   Бұл технологияның идеясы Францияның озық педагогтарының ЖФЭН («жаңа білім») қоғамының мүшелерінің еңбектерінде қарастырылады.

Шеберхана – оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формасы. Шеберхананың мақсаты – оған қатысушыларды шығармашылық үрдіске тарту.

Шеберхананы ұйымдастыру төмендегі  кезеңдерден тұрады.

¨           «Индукция» – қатысушылардың жұмыс алдындағы эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, сезімдеріне әсер ете  отырып, проблемаға бетбұрыс жасау. Бұл кезеңде шебер  ашық-жарқын пікір  айтуға лайық атмосфера жасауға  мұмкіндік орнатуы қажет. Білім алушының мотивтерін оятуға  бағытталған әрекеттер ұйымдастырылады.

¨           «Өзінше конструкциялау» – өз бетінше гипотеза құру, шешімдер әзірлеу.

¨           «Социоконструкция» – барлық қатысушылардың элементтерін топта біріктіру.        

¨           «Әлеуметтену» – жеке, топта жасалған жұмыстарды жариялау, жалпы талқылауға шығару.

¨           «Афишалау» – шеберханада туған графикалық жұмыстарды ( кестені, модельді т.б.) іліп, аудиторияға таныстыру. Бұдан соң барлық қатысушылар аралап көріп өз ойларын айтады немесе жазады.

¨           «Ағынан жарылу» – шеберханаға қатысушылар өздерінің білімдеріндегі олқылықтарды тұсініп, жаңа білім мен ескі білім арасындағы келіспеушілікті сезінуге келу сәті. Бұл білімді толықтыру ұшін әдебиеттер мен ғылыми еңбектерді оқуға ынталандырады. 

¨           «Рефлексия»– жұмыс соңындағы өзіндік баға. Жасалған әрекеттен туған сезімдерді бастан өткізу. Қорытындылар жасау, болашақты бағдарлау.

Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген ғалымдарымыз бен әріптестеріміз қолданыстағы педагогикалық технологиялардың тиімділігін зерттеп, жан-жақты қарастырып, шетелдік және қазақстандық ғалымдар жаңашылдығын тәжірибе-сынақтан өткізуде. Осы тұста американдық ғалым Б.Блум таксономиясына тоқтала кетіп,  жас әріптестерімізді хабардар етуді жөн көрдік.

 Б.Блум таксономиясы – өз бойында таным өрісінің мақсаттарын жинақтай бейнелейтін  жүйе. Блум таксономиясының оқуға ынталы әрі қабілетті әр шәкірттің оқу материалын толық меңгеру жүйесіне (ТМЖ) қажет психология-педагогикалық шарттарын жасайтынын білуіміз де қажетті мәлімет.

Толық меңгеру жүйесінің философиялық негізіне  американ философы Дж. Дьюидің  педагогикалық  жүйенің  алтын діңгегі оқушы болғандықтан, басты назарда   мұғалім емес  шәкірт болуы керек  деген  идеясы алынған.

Ал педагогикалық негізі Коменский, Песталоцци және Дистервегтердің (нәтижелі білім факторы  өзіндік әрекет, ширығу мен өзіндік қажыр-қайрат болып табылатын) еңбектеріне сүйенеді.

Психологиялық діңгегі Дж. Кэрролл, Б.Блум және т.б. американдық  ғалымдардың  идеялары. Олар өз ойларында алынған білім сапасы (сыныпта кеткен уақыт пен қабілетке байланысты емес) өз бетімен ізденетін танымдық кезеңіне байланысты деген болжамдарын назарға ұсынады. ТМЖ мәнін оқу мақсаты және танымдық қабілеттер деңгейлері таксономиясында ашып көрсетеді.

Блум таксономиясы  бойынша «пирамида арқауы» білімді қабылдау қабілеттерінің  сатылары ретінде қарастырылады. Кеспе сызықтан үстіңгі  жағы –  ойлаудың жоғары деңгейі.

     Оқушының материалды қабылдау, игеру және толық меңгеру  барысындағы іс-әрекет деңгейі таксономия бойынша  төмендегідей жүйеленеді:

Деңгейі

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Алған білімінің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, бағалайды, талқылайды, өз пікірін айтады.Жұмыс бағдарын айқындап, жоба жасау, дизайндік безендірілуін де қарастырады

 

 

Жинақтау

Білімін жинақтайды, жеке-жеке бөлшектерден тұтас нәрсе шығарады,
ойлап табады, әңгіме құрастырады, өлең шығарады, байланыстырады.

 

 

Талдау

Алған білімін саралайды, ең негізгі идеяны көрсетеді, ойланады, салыстырады, табады, ізденеді, зерттейді, талқылайды.

Қолдану

Кез келген жағдайда алған ақпаратты пайдалана алатынын біледі, білімін проблеманы шешуге, шешім қабылдауға пайдаланады.

 

 

Түсіну

Жаңа материалмен танысады, болжам жасайды, түсіндіреді, жазады, айтады, бөліседі.

Білім

Бұрынғы білімін еске түсіреді, тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.

    Білім таксономиясы қолданылатын толық меңгеру жүйесінде жұмыс жасау барысында А.Маслоудың  «Таным пирамидасындағы» танымдық деңгей мүмкіндіктерін ескерген де орынды болар деп назарларыңызға ұсына кеткенді жөн көрдік.

А. Маслоу жасаған «Таным пирамидасы»                                     

                                                                   

                                                                       

                                                                                                                        

                                                           Дәріс             5%

                                              

                                                                  

                                                  Оқу                         10%                                 

                                                                                 

                                     Аудио-видео                       20%

 

                                    Көрнекілік                            30%

 

                        Топтық жұмыс                                50%

                                   

             Тәжірибені пайдалану                                70%

          

                  Өз белсенділігі                                        90%

 

   Технологияның артықшылығы – қандай мәселені болсын ұжымның бірлесе өзіндік ұйымдастыру ғылымы ретінде – биологиялық  ортадағы ақпараттық  алмасу  ғылымы ретіндегі  ізденіс тәжірибелерін ортаға сала отырып жүзеге асыратынында.

Енді  сабақ типтері  мен өткізілу формаларына тоқталып, дәстүрлі түрде (Ю.А.Конаржевский бойынша) қолданылып келген  сабақ  типологиялары мен соңғы кездері білім игеру үрдісінің (қабылдау, пайымдау, есте сақтау, қолдану, жалпылау) логикасына  сүйене келтіріліп жүрген сабақ типтері жөнінде салыстыра қарап  өтсек.

 

Ю.А.Конаржевский бойынша сабақ типологиясы төмендегідей қарастырылады

Соңғы кездері сабақ типтерін  білім игеру үрдісінің логикасына (қабылдау, пайымдау, есте сақтау, қолдану, жалпылау) сүйене отырып,  төмендегідей  атаулармен қарастыруда

               І  Аралас (комбинацияланған) сабақ.

1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3.Білімді тексеру  кезеңі

4. Мақсат қою кезеңі

5. Материалды түсіндіру кезеңі

6. Жаңа сабақта  түсінгенін тексеру  кезеңі

7. Бекіту кезеңі

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

І.Кіріспе сабағы.

І.Кіріспе сабақ

-         Мотивация (ұйымдастыру) кезеңі.

-         Игерілетін тақырыпты бейнелі елестету.

-         Практикалық және әлеуметтік маңыздылығын пайымдау.

-         Рефлексия кезеңі.

Өткізу формалары: “Ашық ойлар” сабағы, “Эврика” сабағы, “Пайымдау” сабағы.

ІІ Жаңа білімді меңгеру сабағы.

1. Ұйымдастыру кезеңі

4. Мақсат қою кезеңі

5. Материалды түсіндіру кезеңі

6. Жаңа сабақта  түсінгенін тексеру  кезеңі

7. Бекіту кезеңі

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

 

 

 

 

ІІ.Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Оқушылардың субъктивті тәжірибесін өзектендіру.

-         Қабылдауды ұйымдастыру.

-         Пайымдауды ұйымдастыру.

-         Түсінуді алғашқы тексеру.

-         Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.

-         Талдау.

-         Рефлексия.

Өткізу формалары: Лекция, семинар, экскурсия, конференция, “Эврика” сабағы, практикалық жұмыс, “Дидактикалық ертегі” сабағы.

 

         ІІІ   Қайталау сабағы

1. Ұйымдастыру кезеңі

4. Мақсат қою кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

3.Білімді тексеру  кезеңі

7. Бекіту кезеңі

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

 

 

ІІІ.Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.

-         Білімді дағдылы және өзгерген жағдайда қолдану үлгісін құрастыру.

-         Білімді өздігінен қолдану.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Түзету.

-         Рефлексия.

Өткізу формалары: Семинар, экскурсия, консультация, практикум, “саяхат” сабағы.

 

 ІҮ.  Білімді бекіту сабағы.

1. Ұйымдастыру кезеңі

4. Мақсат қою кезеңі

7. Бекіту кезеңі

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

 

ІV.Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Кешенді білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.

-         Білімді ұқсас және жаңа жағдайда өздігінен қолдану.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Түзету.

-         Рефлексия.

Өткізу формалары: Семинар, практикум, “шығармашылық” сабақ, “әдеби қонақжай” сабағы, “Не? Қайда? Қашан?” сабағы, “саяхат” сабақ, “концерт” сабақ.

 

 

Ү.   Білімді тексеру және қорытындылау сабағы

1. Ұйымдастыру кезеңі

4. Мақсат қою кезеңі

3.Білімді тексеру  кезеңі

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

 

 

V.Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Оқу материалы мазмұнын талдау.

-         Оқу материалындағы бастыны бөліп көрсету.

-         Жалпылау мен жүйелеу.

-         Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.

-         Рефлексия.

       Өткізу формалары: Лекция, семинар, “ашық ойлар” сабағы, экскурсия.

 

 ҮІ.   Жалпылау және қорытындылау сабағы.

1. Ұйымдастыру кезеңі

4. Мақсат қою кезеңі

3.Білімді тексеру  кезеңі

6. Жаңа сабақта  түсінгенін тексеру  кезеңі

8.Үйге тапсырма беру кезеңі

.Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы.

-         Мотивация кезеңі.

-         Тапсырмаларды өздігінен орындау.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Талдау.

-         Түзету.

-         Рефлексия.

 

 

 

 

 Біз барлық технологияларды қамтуды емес, мұғалімдерге білім технологияларын қолдану барысында бағдар беру, сонымен қатар жетілдірілген техника жетістіктерін пайдалана өткізетін интерактивті сабақтар мен ұстаз шеберлігін ұштар  іскерлік ойын үлгілерінен де хабардар етуді мақсат тұттық. Технология туралы сөз қозғағанда  кешегі кеңестік  дәуірде қолданыс тапқан дәстүрлі де  қалыптасқан технология мен бүгінгі жариялылық пен егемендік кезінде отандық білім беру саласындағы  ізденістерге негіз болып отырған алыс-жақын шетел ғалымдарының жаңашыл технологияларын  салыстыра қарау мақсатында ақпарат көзін бере кеткенді жөн көрдік. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалім қажеттіліктеріне  де  жан-жақты жауап беретін  тиімді технологияны таңдау-мұғалімнің өз құзырында. Негізгі мақсат-оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын      дамытуға   қолайлы жағдай туғыза отырып, сапалы білім беру мүмкіндігін арттыру.

 

 

 

                                Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

1.     Қасымбек А.А. Педагогикалық-әдістемелік ізденістер.

 

2.     Валиева М. Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері. Алматы, 2006.

 

 

3.     Педагогикалық технологиялар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  Ұстаз алдындағы басты мақсат –  сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен  ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Тұлғаны жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды-машықтарды қалыптастыруға жол ашатын  оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру, әлемдік даму үрдісіне қатысар тұлға даярлау – мұғалім мақсатының бастау көздері.     Қазақстан Республикасының Президентінің: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте  қажет» – деген бағдарлы сөзі педагогтардың алдына қойылар міндеттерді де саралайды. Бәсекеге барынша қабілетті қоғамға ену мақсатын алға қойып отырған еліміздің білім беру саласында нәтижелі ізденістер бастау алуда. «Білім  туралы  заңда»  оқытудың  жаңа  технологияларын  ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндеті айқын көрсетілген. Осы міндеттер тұрғысынан қарағанда пәнді оқыту барысында технологиялардың қолданысқа тиімді, ұтымды  нұсқаларын таңдап-талғау алдыңғы кезекте тұрады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2014 12601
    • DOCX 821 кбайт
    • 38 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есеналиев Оспан Сыздыкулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есеналиев Оспан Сыздыкулы
    Есеналиев Оспан Сыздыкулы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 122178
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физическая культура: теория и методика преподавания в дополнительном образовании

Тренер-преподаватель

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Гимнастика" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Основы инструкторско-методической деятельности по каратэ Кекусинкай

Инструктор по каратэ Кекусинкай

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек