Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Нәтижеге бағдарланған білім беру-табыс кепілі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Нәтижеге бағдарланған білім беру-табыс кепілі

библиотека
материалов


Нәтижеге бағдарланған білім беру-табыс кепілі


Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – мектеп. Мектеп – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен жалпы білім беретін орта мектептерде жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халқымыз әрқашан да ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мектеп мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.

Мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жүріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Мектептегі әдістемелік жұмыс мүлдем жаңа қалыпта жүзеге асырылуы керек. Мұғалімнің жұмыс бағытына бағдар берер 20 тоқтам бар. (Назарларыңызға төмендегідей үзінділер ұсынылды).

  • Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді.

  • Баға құнды емес, бала құнды.

  • Сабақ – ұстаз бен шәкірттің адами қарым-қатынасы.

  • Сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін ашу.

  • Шәкірттің кемшілігін көрсең, ықыласын өлтіресің.

  • Импровизация – сабақтың жаны.

  • Баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл.

  • Әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр бала – Ханзада мен Ханша!

Оқу-тәрбие үрдісі А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың педагогика, психологиялық пікір-ұстанымдарын басты бағдарға ала отырып жүйеленді. Сонымен қатар отандық, шетелдік педагогикалық озық тәжірибелермен салыстыра қарастырылып, алға қойылған мақсат пен ізденіс ерекшеліктері, сынақ пен тәжірибе барысындағы нәтиже үнемі талданып-сараланып отырды. Ұстаздар Ресейдегі жаңашыл қадамдар: Вальдорф бағытындағы жеке бастауыш қыздар мектебі, Подольск қаласындағы славяндық мәдениет мектебі, сол кезеңде тәжірибеден өтіп жатқан Владимир Библердің "Мәдениеттер диалогы мектебі", келер ғасыр үлгісіндегі Джеймс Комер мектебі, Набиско, Сатурн мектептері жөніндегі ақпараттармен кеңінен таныса отырып, әлемдік деңгейдегі педагогикалық бетбұрыстар жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып отырды. Білім мен тәрбие үрдісінде қалыпқа түскен бірізділіктен арылып, сыныптағы баланың жан-дүниесіне орай, қажеттілігі мен сұранысы ескеріле жүргізілетін сабақтар ұстаздарды жаңашыл шығармашылық кеңістігіне бастады.

Шығармашылық ізденіс – әр мұғалім еңбегінің алтын арқауы. Оқушының білім әлеміндегі өмір парағында өз қолтаңбаңыз қалуы – үлкен жауапкершілік. Ұстаз ретінде заман жүктеген жауапкершілік пен талап үдесінен көріне білсек, онда ол – ұстаздық ұлы бақыт!








Сабақ-мұғалім еңбегінің айнасы. Жас мамандарға кеңес.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық.

Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады. Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.

Оқу материалдарын талдау қорытындысында туындайтын сабақтың мақсаттары, мұғалімге оқу әдісін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің түрін оқыту әдістері, олардың ең қолайлы түрін таңдау.

Сабаққа дайындық негізгі оқулықпен танысып қоюмен шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды білуі, кеңінен, тереңінен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түсіндіруге, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендіріп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерілеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде сабақта қолданылған әдістемелердің нәтижелілігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің шеберлігі, біріншіден, сабаққа дайындығы мен жаңашыл әріптестерінің тәжірибесін пайдалана алуымен тікелей байланысты. Ол үнемі және мақсатты түрде өз білімін, өз тәжірибесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы керек.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, педагогикалық еңбегін Ю.А.Львова нақты сипаттап көрсеткен. Ол мұғалімнің сабаққа дайындалуына көмектесетін, педагогтың шығармашылық жұмысын ұйымдастыратын ұтымды ұсыныстар жасады:

  1. Бағдарламаның осы сабаққа қатысты бөлімін ұғына оқы.

  2. Осы бөлімнің материалдарын, тақырыптарын, сұрақтарын оқып біл.

  3. Осы сабақта неге жетуім қажет деген сұраққа жауап бере отырып, сабақ мақсатын жаз.

  4. Осы топтық ұжымды көз алдына елестетіп, жеке оқушыларды еске ал. Олардың психологиясын ойша еске түсіріп, педагогикалық түрлену өнерін қолдана отырып, олардың алға қойған мақсатқа жету жолдарын белгілеуге тырыс.

  5. Осы материалға және осы оқушыларға тиімді әдістемелік тәсілді таңдап ал.

  6. Таңдалған әдісті өз мүмкіншілігіңмен салыстыр, сабақтағы өз іс-әрекетіңді ойша салмақта.

  7. Сабақ құрылымын ойластырып, «тапқаныңның» барлығын жоспар-конспектіге жаз.

  8. Көрнекі және оқу құралдарын дайында, тексеріп, реттеп, әзірлеп қоюды ұмытпа, приборлар мен жабдықтарды, есептеу техникаларының дұрыстығын жұмыс үстінде тексер. Көрнекі құралдарды көрсету тәртібін ойластыр.

  9. Қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін көрнекіліктерді көзбен шолу құралдарын ғана қолдану қажет. Егер олар көп болса, оқушылардың назары соған ауады.

  10. Жоспардың негізгі тұстарын қайтала (оқу материалының).

  11. Өзіңнен сұра:

- Сен сабаққа дайынсың ба?

Бұл ұсыныстардағы педагогикалық іс-әрекеттер тиімді, өйткені осылардан сабақ туындайды, сабақты ойластырудың үлкен шығармашылық еңбек екендігі айқындалады. Ал осыған сабақтың тиімділігі мен нәтижелілігі байланысты.

Көбіне сабақты талдау алға қойылған мақсаттардың дұрыстығын, оқушыларды қорыту және тәрбиелеу тәсілдерінің тиімділігін, олардың дидактикалық көзқарасына, мазмұны мен мақсаттарына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуын бағалаудан басталады. Сосын идеялық және оқытылатын пәннің ғылыми-теориялық (немесе материалдық) деңгейі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, ғылыми-техникалық өрлеудің заманға сай деңгейін ашып көрсету, өмірмен байланысы қаралады. Содан соң сабақ құрылымы, оның ұйымдастырылуы, уақыттың ұтымды қолданылуы қаралады. Мұғалім әр түрлі білім көздерін (оқулық, ғылыми құжаттар, саяси-қоғамдық, техникалық, анықтамалық әдебиет, тізбелер, үлгілер, кестелер, оқытудың техникалық құралдары т.б.) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізуі керек, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлу қажет. Сабақта қолданылған оқу-көрнекі, есептеу құралдарының тек көрсетуге пайдаланылғанын немесе оқушылардың өз беттерімен жаңа тұжырымға келіп, білімді алу көзі болғандығын талқылау да маңызды болып табылады.



Сабақты талқылауды келесі үлгімен жүргізуге болады:

  1. Сабақ туралы жалпы мәлімет: күні, сынып, мұғалімнің аты-жөні, оқытылған пән, сабақтың өткізілу орны, мұғалімнің оқушыларға сабақ мақсаттарын хабарлауы, қатысу мақсаты.

  2. Сабақтың құрылымы мен түрі: бағдарламаның мазмұнына және ғылымның даму деңгейіне сай келуі, оқушылар дүниетанымының және идеялық-саяси бағдарламаларының қалыптасуы, оқу материалының заманмен, жергілікті материалдармен, оқушылардың өмірлік тәжірибесімен сай келуі, пәнаралық байланыстардың қолданылуы, оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және дамыту, дидактикалық материалдарды қолдану, білімді жалпылау және жүйелеу, оқу процесін педагогикалық басқару тәсілдері.

  3. Оқыту тәсілдері мен әдістері: қолданылған әдістер жүйесі, олардың үйлесімділігі, материалдық мазмұнына, сабақ түріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі, оқыту және тәрбиелеу мақсаттарының орындалуына қолданылған әдістердің сәйкестігі, сабаққа қойылатын негізгі талаптардың орындалуы (тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық), көрнекі құралдар пайдаланудың қажеттілігі; оқушылардың өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолдары; оқушылардың қисынды ойлау, байқағыштық қасиеттерін дамыту; өздік жұмыстардың түрлері мен алатын орны; ұғыну процесін басқару үшін кері байланыс орнату тәсілдері, өз-өзін бақылау әдістерін қалыптастыру; оқушыларға тапсырмаларды өз ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне қарай жекешелеп беру; оқушылардың білімін бағалау; үй тапсырмасының көлемі.

  4. Оқушылардың іс-әрекеттері: оқытылатын материалды белсенді шығармашылық ұғыну үшін оларды қызықтыру, ынталандыру және тәртіп сақтаулары.

  5. Мұғалімнің іс-әрекеттері: жұмыс кезіндегі педагогикалық ұстамы, сарын, стиль, байқаушылық, тапқырлық, тіл мәдениеті, мұғалімнің оқушылар алдындағы беделі.

  6. Сабақ қорытындысы, тұжырымдар мен ұсыныстар. Мақсатқа жетуі, жоспардың орындалуы, оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдануы, оқушылардың ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыру, білімнің көлемі мен сапасы, сабақтың тәрбиелік, оқыту, дамыту мәндері, басқа мұғалімдердің тәжірибесіне енгізуге болатын жаңалықтар.

Оқушылар тәжірибелік дағды алатын сабақтарды талдау үшін жоғарыда айтылғандарға қоса келесі жағдайлар ескерілуі қажет:

  1. Берілген жұмысты орындау үшін оқушылардың жұмыс орнының дайындығы (қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі).

  2. Кіріспе нұсқаулықтың сапасы және толықтығы, оны оқушылардың қабылдауы. Оқушылардың теориядан алған біліміне сүйену.

  3. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекеті (нұсқауды талдау, тәжірибені өткізу тәртібі мен жүйелілігінің нұсқауға сай келуі, тәжірибелік әдістерге жаттығулар орындау, нақты бұйымдар жасау, оқушылардың орындалатын жұмысты түсініп орындауы, техника қауіпсіздігінің сақталуы, байқау қорытындыларын жазу, әдеттегі қателерді жөндеу, оқушылармен жеке жұмыс істеу, қорытындылау және т.б.).

  4. Оқушылардың іс-әрекеттері (белсенділігі, тәртіп және жұмысты орындау жүйелілігі жөніндегі нұсқаудың сақталуы, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы және т.б.).

  5. Мұғалімнің қорытындылау нұсқаулығы, оқушы өз бетінше орындаған жұмыстар, қателіктерді көре білуі, олардың себебі, олардың алдын алу және жөндеу жолдары.

Кез келген сабақты талдау кезінде оның танымдық мағынасын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелік жағын да көрсету қажет, өйткені болашақ маман бойында келесі қасиеттерді тәрбиелеу керек: жұмыста ұқыпты болу, нақтылық, жылдамдық, жұмыс орнындағы жинақылық, жабдықтарға жанашырлық.

Сабақты талдаудың бұл үлгісін толығымен немесе жартылай, түрін өзгертіп те қолдануға болады.

Сабақ – мұғалім мен оқушының өз қажеттілігіне орай оқу әрекеттерін (білімді меңгерту мен меңгеру, машық-дағдыны қалыптастыру, ізденіске баулу, шығармашылық пен талапты ұштау) дамытуды қажет еткен мақсат-міндеттер тұрғысынан бірлесе жұмыс істейтін ынтымақтастық алаңы. Бала білімділігінің деңгейі мұғалімнің сабақты өту шеберлігі мен мазмұндылығы, әдіс-тәсілдер ұтымдылығы және сабақтағы жан-дүние, сезім кеңістігінің үйлесімділігі сай келгенде ғана жоғары болады. Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығуы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс-танымына орай құрылуы қажет.

Мұндай сабаққа қалай қол жеткізуге болады?

Осы бағытта жұмыс бағдарын жүйелесек:

I. Ең алдымен, сабаққа дайындықты неден бастау керектігін пысықтау:

  • нақты тақырыпты ашу бағытындағы мақсат- міндеттерді айқындау ;

  • сабаққа негіз болатын басты түсініктерді анықтап алу, оны оқушының жас ерекшелігі мен қабылдау мүмкіндіктеріне орай жеткізуді көздеу;

  • оқу материалын өз деңгейінде жеткізудегі өз әрекет, тәсілдеріңізді ой елегінен өткізу.

II. Сабақ мақсатын айқындап, белгілеуде шынайылыққа ұмтылып, өзің немесе оқушы үшін қажеттілігі неде екенін ойланып көріңіз. Осыған байланысты сабақтың білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметі айқындалады.

III. Сабақ материалын даярлау барысында:

Тақырыпқа сай әдебиеттерді таңдау. Жаңа теориялық білімді меңгерту болса, онда жоғары оқу орнына қатысты оқулықтар, монография, энциклопедиялық және ғылыми-танымдық танымал басылымдар қамтылуын ескеруге тырысқан жөн. Берілген материалдардың балаға түсінікті де қарапайым болуы шарт.

Оқу материалдарын таңдау төмендегі мақсаттарға қызмет етуі шарт:

  • жаңа материалды меңгеруге көмек беру;

  • игерілген білімді бекітіп, тереңдетуге мүмкіндік тудыру;

  • үйреншікті жағдайда еркін қолдануға бағдар беру;

  • күтпеген сәттерде де пайдалана алу мүмкіндігін қарастыру;

  • білімді игеруге шығармашылықпен қарау.

  • Қарапайым түсініктен күрделіге қарай меңгеру сатысын өту үшін тапсырманы үш деңгейде қарастыру:

  • материалды игеруге бағдар беретін;

  • материал мазмұнын терең түйсінуге жол ашатын;

  • оқушының білімін бекітуге мүмкіндік тудыратын тапсырмалар.

IV. Ғажайып сәттің «алтын кілтін» ұстату.

Әр сабақтың бала жүрегіне мықтап ұялап, таңғажайыпты тану мен тәнті болуға жетелеп, жадында жатталып қалар бір «ғажап» сәті болу керек. Бұл – қызықты дерек, күтпеген жаңалық, әдемі әсер мен бала үшін белгілі ақпаратты тың қырынан таныту және т.б. болуы керек.

V. Таңдап алынған оқу материалдарын топтау. Материалдарды назарға ұсыну реті мен оқушылардың жұмыс әрекеттерінің қалай өзгеріп отыруы керек екенін жоспарлау.

Материалдарды топтауда сабақты ұйымдастыру формасы, оқушының белсенділікпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін жан- жақты ойластыру қажет.

VI. Сыныптағы оқушының тек өзіне тән ерекшеліктері мен белсенділік деңгейін бақылау аса маңызды. Бұл мәселені құнттап, қолға алу шынайы жетістіктер кепілі. Осы орайда төмендегі сұрақтарға көңіл аударған жөн:

  • әр оқушының өзіндік, ешкімге ұқсамайтын жақтарын тануға назар аудару;

  • баланың қолайсыздық сезінбеуін қамту: арнайы тапсырма беру немесе тапсырманы орындау барысындағы түрлі қасиеттеріне мән беру арқылы бақылау;

  • бақылау нәтижесін баламен жұмыс барысында, сабақ құрылымын жүйелеуде пайдалану.

Кемшіліктер мен қиындықтарды тани білу үшін бүкіл сынып жұмысын алақандағыдай көре бақылаумен қатар, Сіз әр баланың ісіне қызығушылықпен мән бере қарауыңыз да бала назарында болатынын ұмытпаңыз. Олар адам жанын терең түсінетін психологтар. Бұл тұрғыда Сіздің қимыл, қозғалыс, көзқарасыңыз да шынайылық пен түсістік, ұстазға тән ұлағаттылық пен адамгершілікке негізделуі қажет.

V. Сабаққа қажетті құралдарды даярлау. Оқу-көрнекілік құралдары тізімін жасап, мәні мен маңызын ойластырыңыз. Ең бастысы, Сіз қолданған көрнекі құралдар баланың назарына айқын шалынып, көріп-қабылдауына қолайлы жерде орналастырылғаны жөн екенін естен шығармаңыз

VI. Үй тапсырмасына мән беріңіз: оның мазмұндылығы мен орындалуы жөніндегі нұсқауларыңызға немқұрайдылық танытпаңыз, өйткені ол өткен материалды пысықтаумен бірге, келесі тақырыпқа бастайтын «алтын көпір» болуы керек.

VII. Енді сабақты жүргізу туралы ойларымызды жазбаша жүйелейміз. Жазба үш жақты түрде қарастырылады:

  • ойды жүйелі түрде түсіру;

  • сабақ мазмұнын ашу, маңыздылығы мен мағыналылығына баса назар аудару;

  • сапалы білім беруді қамтитын тиімділігі және ұтымдылығын талдай-саралай ескеру.


Сабақ құрылымына төмендегі кесте негізінде назар аударсақ:


Қhello_html_m2d497e8b.gifұрылым неден тұрады?


Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті амалдары мен реттілігін айқындайтын, бір-бірімен тығыз байланыстағы сабақ кезеңдерінен құралады.


Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекет бағыттары

Оқушының іс-әрекет бағыттары

  • сабақтың тақырыбы мен мақсатынан хабардар ету;

  • сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқын қабылдауы;

  • жаңа сабақты игерту мақсатында жан-жақты мүмкіндіктерді тудыруға жағдай жасау;

  • жаңа сабақты игеруге зейін, назарын бағыттауы, қажеттілігін сезінуі;

  • дағды мен машықты қалыптастыруға ықпал ету;

  • дағды мен машықты қалыптастыру мүмкіндіктерін меңгеру жетілдіру;

  • алынған білім, дағды машықты бекіту мен жетілдіру;

  • алынған білім, дағды машықты өз қажеттілігі деңгейінде меңгеру;

  • алынған білім,дағды, машықты пайдалану, қажеттілігіне жарата білуге жол ашу;

  • алынған білім,дағды машықты кез келген жағдайда пайдалана білу біліктілігі артуы;

  • білім нәтижесін сабақта талдай білу;

  • білім нәтижесі мен қажетілігін сабақта талдай білу;

  • алынған білім, дағды машықты тексеру мен бағалау;

  • алынған білім, дағды машықты кері қайтару арқылы кемшін тұстарын толықтыру;

  • үй тапсырмасына мән беру, мазмұндылығын ескеру;

  • үй тапсырмасының білімді пысықтау мен келесі тақырыптың іргетасы екенін тани білу;

  • сабақ қорытындысын шығару;

  • сабақты қажеттілігі мен мәнділігі тұрғысынан қорыту.

  • мұғалімнің сабақтың өткізілуі жөніндегі кәсіби көзқарасқа негізделген өзіндік талдауы

  • оқушының өз сұранысын қамтығаны жөніндегі кері қайтару парағындағы пікірі

Сабақты ұйымдастыру формалары

  • жеке ;

  • жаппай;

  • топпен;

  • ұжыммен;

  • жұппен ;

  • әр жасқа лайықталған жұмыс тапсырмаларын (ұтымды) даярлау.

  • жеке;

  • жаппай;

  • топпен;

  • ұжыммен;

  • жұппен;

  • әр жасқа лайықталған жұмыс тапсырмаларын (тапқырлықпен) орындау.

Тәсілдері

  • түсіндіру;

  • талқылау;

  • жалпы сипаттау

  • зердеге тоқу;

  • белсенділік пен нақтылық таныту;

  • шолу түріндегі ақпаратты қабылдау

Оқыту әдістері

  • сөзді қолдану (әңгімелесу, сұхбаттасу, түсіндіру, оқу дәрістері, баяндама);

  • көрнекіліктер түрін пайдалану (интерактивті тақта, көрсетілім нұсқалары, бейнетаспа, деректер, теледидар, компьютер);

  • іс-тәжірибе аясындағы практикалық қолданыс (түрлі жаттығулар ).

  • пікір, ой түйіндерін аңдау, сөз саптау, ой түю мен көпшілік, қауым алдында сөйлеу әдістерін меңгеру;

  • көрнекіліктермен жұмыс түрін пайдалану арқылы өз іс-әрекетінің уақыт талабына сай белсенді жұмыс бағыттарын меңгеруі;

  • іс-тәжірибе аясындағы ізденіс пен тұлғалық көзқарастарын (тоқтам, тұжырымға келу,т.б.) нығайту.

Жалпыди дактикалық әдістер

  • түсіндірмелі-иллюстрациялы;

  • репродуктивті;

  • жартылай-ізденісті;

  • проблемалық;


  • зерттеушілік

көру, есту, сезіммен қабылдау;


ізденіс жұмыстарын жүзеге асыру;

проблема, көкейкесті мәселемен жұмыс;

шығармашылық пен ғылыми ізденістер.

Дидактикалық міндеттер тұрғысынан айқындалатын әдістер

  • білімді игерту;

  • дағды мен машықты қалыптастыру;

  • меңгерілген білімді қолдана білуге үйрету;

  • шығармашылық әрекетке баулу;

  • жұмыс жүйесін бақылау

  • білімді игеру;

  • дағды,машық үлгілерін бойға сіңіру;

  • өз білімін өмірлік қажеттілік пен құндылық ретінде пайдалана алу;

  • шығармашылықпен жұмыс істеу шеберлігін меңгеруге ұмтылу;

  • өз әрекетіне есеп беру




Тәжірибелі мұғалім сабақ барысында түрлі себептермен өзгерістер болып отыратынын біледі. Мұндай жағдайда мұғалім сабыр, шынайылық, түсіністік пен байып таныта білгені жөн. Оқушылар жасандылық пен сүрең соқпаққа түскен жансыз сабақтарды қабылдай алмайды. Өз сабақтарыңызды құштарлық пен жанды әрекеттерге құра білсеңіз, сонда ғана сәттілік Сізбен бірге!






Пайдаланылған әдебиеттер:



1.Қасымбек А.Қазіргі заман талабына сай

сабақ даярлау ізденісі


2.Білім негізі-мектепте


3.Шардарбеков Д. Қазіргі заман сабағы:

құрылымы, талдау әдістері





Краткое описание документа:

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы –  мектеп. Мектеп – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен жалпы білім беретін орта мектептерде жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. 
Автор
Дата добавления 21.05.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров659
Номер материала 109689052159
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх