Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту- мұғалімнің басты ұстанымы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту- мұғалімнің басты ұстанымы

библиотека
материалов

Оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту-

мұғалімнің басты ұстанымы


Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы


Оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың ойлау қабілетін қалай арттыруға болады?

  • Ойлау қызметіне мүмкіндік туғызу, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойлау қызметі-бақылау мен тексеруге келмейтін күрделі процесс. Мұндағы ең басты нәрсе-жүйелілік, бірізділік. Бұл ереже сақталмаса, іс-әрекет толығымен орындалмай, оң нәтиже шықпайды. Әрине, ойлау өзімен-өзі келетін құбылыс емес, сол себепті оқушылармен бірге білім беру жүйесін жасап, әр істі бірінен соң бірін асықпай орындаған жөн: бірінші-оқу материалдарын қабылдау, түсіну, ой толғау, бекіту және іске асыру. Тек осындай жағдайда білім сапасы мен жақсы жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.

Бұл мақсатқа жету жолында мына міндеттер айқындалады:

  • Ойлау қызметінің дамуына қолайлы жағдай жасау. Бұл дегеніміз, оқу стратегияларын, тапсырмаларды жасауда талдау, сараптау, салыстыру, жалпылау сияқты жұмыстарды ескерту. Әрдайым жауап таба алатын көп қырлы, көп салалы сұрақ қоя білу, өйткені әр жауап оқушы үшін-өзі ашқан әлем, олай болса оның жетістігі.

  • Оқу процесін талқылау мен болжау да өте күрделі мәселе. Оқытудың нәтижесі қандай? Қазіргі оқушылардың білім деңгейі қандай? Ары қарай дамыту үшін не қажет? Мұндай сұрақтар кейінгі оқытудың мақсатын айқындайды, маңызыдысын таңдап, ең тиімді стратегия таңдауға көмектеседі. Ең бастысы, мұндай жұмыс әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады.

  • Оқушының еңбегін, талпынысы мен қатесін қалайша бағалаймыз? Ең қиыны-бағалау. Бағалауда әр баланың ынтасын, көңілін де ескерген жөн. Қателерді танып, түзетуге үйрету керек. Балаларда қателесем деген қорқыныш сезім болмау керек, өйткені бұл олардың сөйлеуі мен ойлауына қауіп.

Тек еркін ойлау мен ізденудің нәтижесі оң болмақ.

Оң нәтиже бірден көзге көрінбейді, ол заңды да. Тек өзіне деген сенім, ойлаудың дұрыстығы әр бала болашағының жарқын көрінісі.

Кейбір кезеңдерге тоқталатын болсақ:

  1. Білімнен танымға ауысу.

Сабақта сыныпты шағын топтарға бөлу кезінде әр оқушы бір сабақтың барысында пікірталасқа қатысып, сұрақ қойып, оған жауап бере алады. «Жұппен оқу, жұппен мазмұндау» стратегиясы таным мен пікір алысудың қажеттілігін ескереді. «Бірге оқу, қызық та жеңіл» деген бала ойлары қуантады.

  • Шағын топта жұмыс істеу, әсіресе, өзінің жеке психологиялық ерекшеліктеріне орай түсініксіз болған жағдайда мұғалімге сұрақ қоя алмайтын балаларға құнды. Енді олар сұрақтарды қою арқасында өз қатарларымен өзі еркін сезініп, оларды сұрап-біліп, ортақ мәселенің шешімін таба алады.

  • Өз ойын жеткізуге, түсіндіріп көрсетуге, салыстырып дәлелдеуге құмарлардың саны көп. Бұл олардың белсенділігін білдіреді.

2.Қалыпты сабақты шығармашылық сабаққа ауыстыру.

Бұл ойды іске асыруға эссе көмектеседі. Оқушылар сыртқа шығара бермейтін ой-пікірлерімен бөліседі, қиялдау мен армандауларына мүмкіндік туады, осылайша баланың ішкі дүниесі ашылады.

Бес жолды өлеңді алайық, бұл пайдалы да, тиімді әдіс. Өткен тақырып, қайталанады, бекітіледі, негізгі тақырып айқындалады. Кейбіреулерге өлең шығару дәстүрге айналады. Міне, осылайша жаңа талап, жаңа есім қалыптасады.

Алғашқыда «Ассоциация» стратегиясын пайдаланғанда балалардың ынта-жігері, белсенділігі артады.

Әрбір сабақ негізінен қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту мен қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. «Топтау», «Болжау», «Әлемді шарлау» әдістері арқылы оқушының белсенділігін арттыруға болады. Оқушы өзі білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көрінісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, бірте-бірте қадам жасала бастайды.

«Өзара оқыту әдісі», «ББҮ» кестесі, «Жұппен оқу, жұппен қорытындылау», «Жигсо», «Біреуі қалады, үшеуі басқа топтарға барады», «Әдебиет пәні үйірмелері» әдістерін қолдану арқылы оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділігін көрсетуіне жағдай жасалады.

Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі», «РАФТ», «Соңғы сөзді мен айтайын» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Бұл кезде оқушылар не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын қолданудың тиімді екендігін байқауға болады. Олар шығармашылық атмосфера орнатады, жауапкершілкті оятады, оқушы өз бетімен білім іздеуге талпынады. Сондай-ақ, сыныптағы психологиялық атмосфера, оқушылардың бір-біріне көмегі, олардың белсенділігін жоғарылатады.

Пәнді меңгертуде оқыту әдістерін тиімді, жүйелі қолдану өз нәтижесін беретіні анық. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамыған, ақпараттар заманында, қоғамның әлемдік аренадан орын алуға бағыт алған кезеңінде соған сай тұлға қалыптастыру ұстаздар алдындағы жауапкершілігі мол міндет. Мұғалімнің әрбір сабағы білім мен тәрбиенің қайнар көзі болуы керек.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011.

  2. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000.

  3. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Кәсіби даму мектебі.

  4. «Білім технологиялары» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық басылым. №2, 2012 Алматы.






























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың ойлау қабілетін қалай арттыруға болады? -         Ойлау қызметіне мүмкіндік туғызу, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ойлау қызметі-бақылау мен тексеруге келмейтін күрделі процесс. Мұндағы ең басты нәрсе-жүйелілік, бірізділік. Бұл ереже сақталмаса, іс-әрекет толығымен орындалмай, оң нәтиже шықпайды. Әрине, ойлау өзімен-өзі келетін құбылыс емес, сол себепті оқушылармен бірге білім беру жүйесін жасап, әр істі бірінен соң бірін асықпай  орындаған жөн: бірінші-оқу материалдарын қабылдау, түсіну, ой толғау, бекіту және іске асыру.  Тек осындай жағдайда білім сапасы мен жақсы жұмыс нәтижесіне қол жеткізуге болады.     
Автор
Дата добавления 21.05.2014
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров659
Номер материала 109711052111
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх