Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / “Г” дыбысы мен әрпі

“Г” дыбысы мен әрпі


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Г» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:  Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты: Г әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Кіші және бас әріппен жазуды үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға,туған жерін құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Көрнекілік,талдау,топтық,венн диаграмасы,сергіту сәті,ой қозғау.

Сабақтың түрі: Серуен сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаның құралдары, дала гүлдерінің суреттері, көктем мезгілі туралы бейне суреттер, анимациялар, дыбыстық талдауға сөздік схемалар, сергіту сәті – бейнеролик.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқу-құралдарын тексеру. ә) Сабаққа назарын аудару.


II.Психологиялық дайындық. 3-4 жол арқылы.

Қане түзу тұрайық,

Жан-жағымызға қарайық.

Әдептілік білдіріп,

Иіліп сәлем берейік.


IІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

М: - Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

М: – Қане, кім айтады?

О: - Ү дыбысы.

М: - Дұрыс

  1. Оқушылар сөздерге дыбыстық талдау жасайды

hello_html_m43be5ca6.gif


Ненің суретін көріп тұрсындар? (Үй, үкі, үйрек)

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Үй – 2 дыбыстан тұрады; біріншісі – ү – дауысты дыбыс, екіншісі – й – дауыссыз дыбыс. Сөз бір буыннан тұрады.

Үкі – 3 дыбыстан тұратын сөз; біріншісі – ү – дауысты дыбыс, екіншісі – к – дауыссыз дыбыс, үшіншісі – і – дауысты дыбыс. Сөз екі буыннан тұрады.

Үйрек – 5 дыбыстан тұратын сөз; біріншісі – ү – дауысты дыбыс, екіншісі – й – дауыссыз дыбыс, үшіншісі – р – дауыссыз дыбыс, төртіншісі – е – дауысты дыбыс, бесіншісі – к – дауыссыз дыбыс. Сөз екі буыннан тұрады.


Бүгін біз қоршаған ортаға серуенге шығамыз.


hello_html_m72f01da7.png


IV.Ой қозғау.

М: -Қазір жылдын қай мезгілі?

О: -Қазір көктем мезгілі

М: -Дұрыс. Көктемде қандай өзгерістер болады?

М:  Суреттерге назар аударып, көктем туралы мәтін құрастырайық.


  1. Күн жылыйды.

  2. Қар мен мұз ериді.

  3. Көктемнің бірінші гүлі - бәйшешек өседі.

  4. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

  5. Ағаштар гүлдейді.



V. Жаңа тақырыпты ашу.


hello_html_33315889.gif

М: - Балалар, қыз не істеп тұр?

О: - Гүлді искеп тұр.

М: - Дұрыс,оның қолында қандай гүлдер екенін, келесі суреттен білеміз.

Қандай гүлдерді көріп тұрсыңдар?

О: - Бәйшешек, қызғалдақ, бақ-бақ, ...

М: - Өте жақсы. Осы гүлдердің бәрі, біздің ауылымыздың аймағында өседі.

Гүл – сөзі қандай дыбыстан басталады?

О: - Г дыбысынан басталады.

М: - Балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпі.


VI. Дәптермен жұмыс.


hello_html_m5240320.gif

М: Г дыбысы қандай дыбыс?

О: Дауыссыз.

Неге дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.

М: - Слайдта ненің суретін көріп тұрсындар? Сол сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

О: - Гитара – бірінші дыбыс – Г – дауыссыз, И – дауысты, Т- дауыссыз, А – дауысты, Р – дауыссыз, А – дауысты. Сөз 3 буыннан тұрады.

  • Егін – Г дыбысы екінші орында тұр. Сөз екі буыннан тұрады.

  • Кереге – Г дыбысы соңғы буында тұр. Сөз үш буыннан тұрады.


Жарайсындар, келесі тапсырманы орындайық.Енді балалар Г әріпінің баспа түріне назар аударайық.Тағы бір сызық қоссақ неге ұқсайды. Үшбұрышқа ұқсайды.Өте жақсы.


VII.Сергіту сәті.


VIIІ. Оқулықпен жұмыс. 9 бет

-Бағандағы сөздерді тізбектей оқыту.


hello_html_46e1d645.gif


ІХ. Жаңа тақырыпты бекіту.

Ребус шешу.


hello_html_1b8255f8.jpg


  • Қандай сөздер жасырылған.

  • Гүлнұр, Гүлсім, Айгүл.

  • Табылған сөздер неге жатады?

  • Адамдардың есімдері.

  • Олар қай әріптен жазылады?

  • Адамның есімі үлкен әріптен жазылады.

  • Ал бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әрпімен таныстық?

  • Жарайсындар балалар! Сағат бізге уақытымыз шектеулі екендігін білдіреді, ендеше серуенімізді аяқтаймыз.






























Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:     “Г” дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты:     Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы бар сөзге дыбыстық     талдау жасай білуге үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. Дамытушылық мақсаты:  Г әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру. Кіші және бас әріппен жазуды үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Кішіпейілділікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға,туған жерін құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: Көрнекілік,талдау,топтық,венн диаграмасы,сергіту сәті,ой қозғау. Сабақтың түрі: Серуен сабақ Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтаның құралдары, дала гүлдерінің суреттері, көктем мезгілі туралы бейне суреттер, анимациялар, дыбыстық талдауға сөздік схемалар, сергіту сәті – бейнеролик.                                                                                                         Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. а) Оқу-құралдарын тексеру. ә) Сабаққа назарын аудару.   II.Психологиялық дайындық. 3-4 жол арқылы. Қане түзу тұрайық, Жан-жағымызға қарайық. Әдептілік білдіріп, Иіліп сәлем берейік.   IІІ.Үй тапсырмасын тексеру. М: - Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? М: –  Қане, кім айтады? О: -   Ү дыбысы. М: -  Дұрыс 1.     Оқушылар сөздерге дыбыстық талдау жасайды   Ненің суретін көріп тұрсындар?  (Үй, үкі, үйрек)

Общая информация

Номер материала: 110099052104

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG