Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Бос шалу тізбегі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Бос шалу тізбегі

библиотека
материалов

Пәні:

Сабақ:

Сыныбы: 7 а,ә

Күні:

Сабақ тақырыбы: Бос шалу тізбегі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ілмекпен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру,және жұмысты қауіпсіздендіру ережелерін үйрету.

Дамытушылық: ілмекпен тоқу білімдерін ,қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықты дамыту.

Тәрбиелілік: өнердегі сұлулықты түсінуге ,икемділікке,шыдамдыллыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сарамандық жұмыс

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Кұрал –жабдықтары: ілмектер ,тоқыма жіптер


Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесемін;

Оқушыларды түгендеймін;

Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.


ІІ. Өткен сабақты қайталау


ІІІ. Жаңа тақырып

Ілмекбізбен іліптоқу –бұл сәнді қолданбалы шығармашылық түрінде және өнерге жақын мүмкіндігін береді.Тоқу үшін ілмекбізді таңдағанда ,оның басына назар аударады.Өте үшкір бас тоқу барысында сұқ саусақты жаралайды, ал доғал бас төменгі қатардағы ілмекке өте қиын кіреді және созып жібереді. Егер жаңа ілмекбіздің ұшы бұдырлау болса, басына жіп жабысып қалмауы үшін ,ілмектердің арасына оңай кіруі үшін ,сондай –ақ жеңіл тартып шығару үшін ,ұсақ түйіршікті егеумен немесе қажауқағазбен өңдейді. Ілмекбізді (нөмірін) иірімжіптің жуандығына қарайды таңдайды.Жіп қанша жуан болса ,ілмекбіз де сонша жуан болуы керек.Жіңішке ілмекбізбен жуан жіпті тоқу ыңғайсыз ,жіпті түтіп жібереді. Тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүн, жібек, мақта, т.б Ілмекбізбен тоқылған жайманың созылғыштығы төмен болады. Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды қосу не қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің даметріне қарай) арқылы жасалады.

Ілмекбізбен іліптоқудың негізгі элеметтері –бос шалу,шалмасыз бағанша ,шалмалы бағанша.Басқа элеметтер осылардың түрленуі.Тоқу өрнектері бос шалу мен бағаншалардың әртүрлі үйлесуінен тұрады.

Тізбекше . Бірнеше босшалудан тұратын тізбек алғашқы (негізгі) қатар болып саналады.Ол өрнектер қатарына жатпайды.Тоқылатын жайма жиырылып (бүрісіп) тұрмауы үшін бос шалу тізбегі біршама бос алынады . Өрнектің бірінші қатарын бастағанда шалудың биіктігін көтеру үшін бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Тоқу барысында қалам ұстаған сияқты ілмекті оң қолға ұстайды.Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, Ілмекбізде жатады. Шүйкедегі жіптің ұшын сол қолдың ұшын сол қолдың сұқ саусағынның үстіне өткізіп ,үлкен ортаңғы саусақпен басады. Шүйке жібі алақан ішімен және қалған саусақтар арасынан өтеді.Шүйкеден келетін жіп «жұмысшы жіп» деп аталады. Тоқу барысында ілмектер созылып кетпей бірдей ұзындықта болуы үшін ілмекті ұстап тұру керек. Тоқу бос шалудан және бос шалу тізбегінен басталады.

Бос шалу. Ілмекбізге жіп ұшына тастап бір шалу жасайды да, жұмысшы жіпті алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады.





Сарамандық жұмыс

Жұмыстың қауіпсіздендіру ережелері.

1) Жұмыстың алдында қолды жуған дұрыс .

2. Ілмектер жақсы тазаланып арнайы орында сақталуы қажет.

3) Жұмыс кезінде ілмек ұстаған қолыңды кенет қозғауға болмайды – қасындағы отырған оқушыны жарақаттандырып алу мүмкін.

4) Бір неше сағат тоқуға болмайды.Үзіліспен 2 сағаттан жұмыс істеуге тырысыңдар.

5) Жұмыстың соңында барлық құрал –жабдықтарын арнайы орынға жинап тастаңдар.

Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп

Тапсырма 1. Жоғарыдағы мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып , тоқып үйреніңдер (Бос шалу, босшалу тізбегі, орам,біріктіргіш бағанша, екі шалмалы бағанша) 2.Үлгілерді коллекция ретінде жинаңдар 3.Үлгілердің атын жазыңдар. Тоқу түрлері. Тура және кері қатарлармен тоқу. Тізбектің жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын тоқу.Келесі қатарға өту үшін ,шалудың биіктігін көтеретін бірнеше бос шалу жасайды : бағаншалардың қатарына шалмасыз-1 бос шалу ; жарты бағаншалардың қатарына шалмасыз : 2 бос шалу,шалмалы бағаншалар қатарына - 3 бос шалу,екі шалмалы бағаншалар қатарына – 4 бос шалып , тоқу осылай жалғаса береді.Содан кейін айналдырып екінші қатарды тоқиды. (терістеме қатар) Айналдырып шеңбер жасай тоқу. Ілмекбізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады,бұл тәсілде ортасынан бастап бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды) айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып, тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды,әрбір айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалумен және біріктіретін бағаншамен аяқтайды.Дөңгеленген қатарларға жайма бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Айналдырымды біріктіретін бағаншалармен аяқтайды. Жіпті жайманың терістеме жағынан тоқып бекітеді. Іліптоқуды бекіту. Тоқылған бұйым тарқап кетпеу үшін жұмысты аяқтаған соң ,оның шетін бекіту керек.

Жұмыс орындалған соң ,жіпті кеседі де, шалуды соза отырып соңғы ілмектерден ілмекбізбен тартып шығарады. Жұмысшы жіптің ұшын көзі үлкен инеге өткізеді де жайманың терістеме жағына шығарады


Қорытынды : 1 Ілмекбізбен тоқуға арналған жіптердің түрлерін атап шығыңдар 2.Ілмекбізді қалай ұстау керектігін айтып беріңдер

3.Ілмекбізбен тоқудың негізгі элеметтерін атаңдар ?

4.Шалмалы бағанша қалай орындалады ?

5.Ілмекбізбен жұмыс істегенде сақтау керек қауіпсіздік ережесін айтып беріңдер ?


Бағалау

Оқушылардың ерекше қателерін және оның себептерін талдау,әр бір оқушылардың жұмыстарын бағалау.


Үйге тапсырма беру :

Ілмекбізбен өрнек тоқып үйрену. Жұмыс орнын жинастыру.









Пәні:

Сабақ:

Сыныбы: 8а,ә,б,в

Күні:

Сабақ тақырыбы: Жануарлар, құстар түрлерін жасау, сызба тігу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қалдық матадан жұмсақ ойыншықтың пішу технологиясы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды бейімді еңбекке баулып, қолөнер түрін терең меңгере отырып, үлгі бойынша жұмыс істей білуге, ой - өрісін кеңейту, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Тәрбиелік: өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс, сөзжұмбақ шешу.

Құрал – жабдықтар: мата, қайшы, ине, қатты қағаз.


Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесемін;

Оқушыларды түгендеймін;

Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.


ІІ. Жаңа тақырып

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу» Қалдық матадан жасалатын жұмсақ ойыншықтар балалардың ойнауына арналады. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында»- деген, ойыншық пішу үшін тұтынуға жарамсыз деген киімдерді, мата қиындыларын қолдануға болады.

XIX - XX ғасыр ойыншықтар тарихындағы ерекше кезең. Әр халықтың ойыншықтарының өзіндік өрнектері, яғни әр ұлтқа тән нақыштары болған.

Ойыншық дегеніміз не? Бұл сұраққа «ойыншық деген балалар ойнау үшін жасалған зат» деп жауап беруге болады. Әйткенмен, ойыншықтар балалар әлеміне, тіпті үлкендер әлеміне де тән зат. Демек, ойыншық ежелден келе жатқан қол өнердің бір түрі. Белгілі суретші Н. Д. Бартрам «Ойыншық – өмір айнасы» деген.

Ерте замандағы ойыншықтың бір түріне қуыршақ жатады. Ең көне египет қуыршақтарына төрт мың жыл толған. Сол сияқты ежелгі Грек пен Римде де қуыршақтардың көптеген түрлері табылған. Жұмсақ ойыншықтар көбіне піл, қоян, аю т. б жан-жануарларды тігуге болады. Қолдан тігілген ойыншық кімді де қызықтырмай қоймайды. Сондықтан үлгі сызбасын қағазға түсіру арқылы қалдық матадан жұмсақ ойыншық жасаймыз.


Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіріп қайталаймыз. Инемен, қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

Қайшы өткір болу керек.

Қайшының жүзін жабық түрге келтіріп, партамыздың оң жағына қоямыз.

Қайшыны ұсынар кезде сабымен ұсын.

Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені инені жоғалудан сақтайды, егерде инені жоғатып алсаң мұғалімге ескертіп тауып ал.

Инемен тіккенде аузыңа салма, киімге қадама.

Сынған инені жерге тастама, ешкімді зақымдамайтын жерге таста.

мата, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары, фурнитура - түймелер, ілгектер, ойыншықтың көзін, мұрнын салу үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар, инелер (ойыншықтың көлеміне байланысты), қайшылар, біз, түймелер, картон (фурнитураны монтаждауға).

тігінге арналған бор, сызғыш, үшбұрыш, метр, жіп, мақта, синтепон, паралон т. б.

Оқушыларға дайын үлгіні таратамын. Содан кейін үлгіні қалдық матаға салып жекеленген дене мүшелерін қиыңдар. Осылайша әрбір дене мүшені даярлап аламыз, тігеміз.


Сабақты бекіту

1. Қалдық матадан жұмсақ ойыншық тігу үшін қандай материал қажет?

2. Негізгі әшекейлік бөліктерін қалай дайындаймыз?

3. Үлгідегі бөлшектерді қалай біріктіреміз?

4. Жасалған жұмсақ ойыншықты не мақсатқа пайдаланамыз?

5. Техникалық қауіпсіздік ережесі сақталды ма?

6. Пішу барысында матаның қай бетін қолдандыңдар?

7. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп кемшіліктері болса айтып түсіндіремін, қортындылау, бағалау.


Үйге тапсырма беру: жұмысты толық аяқтап келу.


Краткое описание документа:

Пәні: Сабақ: Сыныбы: 7 а,ә Күні: Сабақ тақырыбы:  Бос шалу тізбегі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ілмекпен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру,және жұмысты қауіпсіздендіру ережелерін үйрету. Дамытушылық: ілмекпен тоқу білімдерін ,қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықты дамыту. Тәрбиелілік: өнердегі сұлулықты түсінуге ,икемділікке,шыдамдыллыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі, сарамандық жұмыс Сабақтың түрі : аралас сабақ. Кұрал –жабдықтары: ілмектер ,тоқыма жіптер   Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен сәлемдесемін; • Оқушыларды түгендеймін; • Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу; • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.   ІІ. Өткен сабақты қайталау   ІІІ. Жаңа тақырып Ілмекбізбен іліптоқу –бұл сәнді қолданбалы шығармашылық түрінде және өнерге жақын мүмкіндігін береді.Тоқу үшін ілмекбізді таңдағанда ,оның басына назар аударады.Өте үшкір бас тоқу барысында сұқ саусақты жаралайды, ал доғал бас төменгі қатардағы ілмекке өте қиын кіреді және созып жібереді. Егер жаңа ілмекбіздің ұшы бұдырлау болса, басына жіп жабысып қалмауы үшін ,ілмектердің арасына оңай кіруі үшін ,сондай –ақ жеңіл тартып шығару үшін ,ұсақ түйіршікті егеумен немесе қажауқағазбен өңдейді. Ілмекбізді (нөмірін) иірімжіптің жуандығына қарайды таңдайды.Жіп қанша жуан болса ,ілмекбіз де сонша жуан болуы керек.Жіңішке ілмекбізбен жуан жіпті тоқу ыңғайсыз ,жіпті түтіп жібереді. Тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүн, жібек, мақта, т.б Ілмекбізбен тоқылған жайманың созылғыштығы төмен болады. Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды қосу не қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің даметріне қарай) арқылы жасалады. Ілмекбізбен іліптоқудың негізгі элеметтері –бос шалу,шалмасыз бағанша ,шалмалы бағанша.Басқа элеметтер осылардың түрленуі.Тоқу өрнектері бос шалу мен бағаншалардың әртүрлі үйлесуінен тұрады.   Бос шалу. Ілмекбізге жіп ұшына тастап бір шалу жасайды да, жұмысшы жіпті алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады.         Сарамандық жұмыс Жұмыстың қауіпсіздендіру ережелері. 1) Жұмыстың алдында қолды жуған дұрыс . 2. Ілмектер жақсы тазаланып арнайы орында сақталуы қажет. 3) Жұмыс кезінде ілмек ұстаған қолыңды кенет қозғауға болмайды – қасындағы отырған оқушыны жарақаттандырып алу мүмкін. 4) Бір неше сағат тоқуға болмайды.Үзіліспен 2 сағаттан жұмыс істеуге тырысыңдар. 5) Жұмыстың соңында барлық құрал –жабдықтарын арнайы орынға жинап тастаңдар. Құрал жабдықтар: жұмыс қорабы, қайшы, ілмекбіз, иірімжіп Тапсырма 1. Жоғарыдағы мысалға келтірілген тоқу элементтерін пайдаланып , тоқып үйреніңдер (Бос шалу, босшалу тізбегі, орам,біріктіргіш бағанша, екі шалмалы бағанша) 2.Үлгілерді коллекция ретінде жинаңдар 3.Үлгілердің атын жазыңдар. Тоқу түрлері. Тура және кері қатарлармен тоқу. Тізбектің жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын тоқу.Келесі қатарға өту үшін ,шалудың биіктігін көтеретін бірнеше бос шалу жасайды : бағаншалардың қатарына шалмасыз-1 бос шалу ; жарты бағаншалардың қатарына шалмасыз : 2 бос шалу,шалмалы бағаншалар қатарына - 3 бос шалу,екі шалмалы бағаншалар қатарына – 4 бос шалып , тоқу осылай жалғаса береді.Содан кейін айналдырып екінші қатарды тоқиды. (терістеме қатар) Айналдырып шеңбер жасай тоқу. Ілмекбізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады,бұл тәсілде ортасынан бастап бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды) айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып, тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды,әрбір айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалумен және біріктіретін бағаншамен аяқтайды.Дөңгеленген қатарларға жайма бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Айналдырымды біріктіретін бағаншалармен аяқтайды. Жіпті жайманың терістеме жағынан тоқып бекітеді. Іліптоқуды бекіту. Тоқылған бұйым тарқап кетпеу үшін жұмысты аяқтаған соң ,оның шетін бекіту керек. Жұмыс орындалған соң ,жіпті кеседі де, шалуды соза отырып соңғы ілмектерден ілмекбізбен тартып шығарады. Жұмысшы жіптің ұшын көзі үлкен инеге өткізеді де жайманың терістеме жағына шығарады   Қорытынды : 1 Ілмекбізбен тоқуға арналған жіптердің түрлерін атап шығыңдар 2.Ілмекбізді қалай ұстау керектігін айтып беріңдер 3.Ілмекбізбен тоқудың негізгі элеметтерін атаңдар ?  4.Шалмалы бағанша қалай орындалады ? 5.Ілмекбізбен жұмыс істегенде сақтау керек қауіпсіздік ережесін айтып беріңдер ?   Бағалау Оқушылардың ерекше қателерін және оның себептерін талдау,әр бір оқушылардың жұмыстарын бағалау.   Үйге тапсырма беру : Ілмекбізбен өрнек тоқып үйрену. Жұмыс орнын жинастыру.                
Автор
Дата добавления 24.05.2014
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров898
Номер материала 111493052448
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх