Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад

библиотека
материалов

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында көрнекілік құралдарды пайдалану-оқушылардың коммуникативтік құзіретіліктерін қалыптастырудың шарты.


Жакиянова Г.Қ.

Павлодар қаласы №17 ЖОББСОБМ

қазақ тілі оқытушысы.


Көрнекілік мұғалімдердің шығармашылық ізденесін,әдістеме жаңалықтарын сергектігі,оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.

Болашақ маманың ең негізгі міндеті таңдаған мамандағы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын меңгеру болса,кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады.Сондай іс-тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан көрнекіліктерді пайдалана отырып,оқушыларды қызықтыра білу керек.

Оқытудың көрнекілігі дидактиканың негізгі ұстанымдардың бірі екені мәлім.Әсірісе,қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті пайдаланудың маңызы ерекше.Сабақта қолданылатын көрнекіліктің тілдік ұғымдарды (материалдарды) түсіндіруді жеңілдететін,көрнекілік арқылы түсіндірілген тақырып оқушының ойында берік сақталатының,оқушының елестету қабілетінің дамитынын,теориялық білімнің практикамен байланысын нығайтатынын көреміз.

Оқушының байқау,көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп,дамытатын-көрнекілік болып табылады.

Көрнекілік мұғалімнің шығармашылың ізденесі мен әдістеме жаңалықтарына сергек қарап,сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.

«Қазақ жастары ғылым,өнерді кітап сөзі деп қарамай,заттай,көзімен көріп ажырата білулері керек»,-деген.

Көрнекілік сабақтың кез келген бөлімінде,атап айтқанда,жаңа сабақты түсіндіру,бекіту,қайталау кезеңдерінде де қолданыла береді.

Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдардың түрі көп.Соның ішінде дәстүрлі әрі кеңінен пайдаланытыны – кесте (таблица).

Көрнекіліктін кесте ретінде берілуіндегі артықшылық-тілдік категориялардың ұқсастығын,айырмашылығын,ерекшілігін салыстырып көрсетуге мүмкін болады.Көрнекілік арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыта аламыз.

Сабақты түсіндіру кезеңінде мынадай кестелерді пайдалануға болады.

1-кесте

Орфоэпиясы


Орфографиясы


Ұйұм

Жұлдұз

құрұлұс


Ұйым

Жұлдыз

құрылыс


2-кесте

Орфоэпиясы


Орфографиясы


Жұуұну

жұуұқ

Жуыну

жуық



Дауысты дыбыстар



жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

А

*


*



*

Ә


*

*



*

Е


*




*

І


*


*


*

Ы

*



*


*

О

*


*


*


Ө


*

*


*


Ү


*


*

*


Ұ

*



*

*



Сондай сияқты әр тақырыпқа кестелерді қолдануға болады.

Көрнекіліктердің түрлері көп:дидактикалық кәртішкелер,суретті көрнекілік,интерактивті тақта,жылжымалы тақта, т.б..

Сурет-схема арқылы балалар тақырыптарды тез меңгере алады. Мысалы төмендегі сурет-схеманы пайдалана отырып,оқушы өз туралы әңгімелей біледі.


hello_html_m27f2f6bd.gifhello_html_90a0677.gif

7,8,9,10

Мектеп








1,2,3,4

hello_html_5785950e.gifhello_html_5785950e.gifhello_html_5785950e.gif



hello_html_33484470.gif








Менің атым Оразалы.Мен сегіз жастамын.Мен мектепке барамын.Екінші сыныпта оқимын. Менің отбасым шағын.Отбасымда әке,шеше,мен және інім бар.

Сондай сияқты әр балаға арналған жеке конверт.

Ұсақ карточкаларда:

  1. Жануарлар,құстар,отбасы,жыл мезгілдері т.б. суреті

  2. Негізгі түстер

  3. Сандар (1-100)

  4. бhello_html_293b5f5b.gifелгілер ( «-» жоқ , «+» бар, «--- » жатыр, өседі)

Оқушылар кәртішкелерді қарап алып,сөйлемдерді құрастырады.Кәртішкелерді қолдану жақсы нәтиже көрсетеді.

Сабақта осындай әр түрлі көрнекіліктерді пайдалану оқушылардың логикалық ойын дамытады.Тақырыптарды салыстара отырып,тілдің категориялардың атаулары мен бір-бірінен мағыналық айырмашылықтарын,кейбір тақырыптардың іштей байланысын түсінетін болады.

Педагогикалық машық кезеңдерінде ұстаздар көрнекіліктерді көбірек қолдануға тырысады.Себебі,сыныпты жалпы және әр баланы жеке көріп-білуге,олардың эстетикалық талғамын,қызуғышылуғын,сабаққа деген ынтасын арттыруға зор ықпал етеді.



Күнделікті сабақтарда тақырыпқа сай күйтабақтар,үй таспалары,тақырыптық суреттер,музыкалық т.б. пайдаланады.Көрнекіліктерді қолдануға мынадай талаптарды ескерген жөн.

  1. Көрнекілік оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.

  2. Эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей әсем,ұқыпты да тартымды орындалғаны жөн.

  3. Жүйелі,жинақты тұруы тиіс.

  4. Тақырыптың мазмұнын аша түсіп,толықтыратындай болуы керек.

Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды пайдалануы оқушылардың материалдарды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады.Олардың сабаққа ынтасын ұштап,қызығушылығын арттырады.

Мысалы: «Жыл мезгілдері» туралы сабақ өткізсек,оқушыларға сөйлемдер құрастыруға оңай келеді,себебі суретке қарап:

  1. Жыл мезгілін атайды

  2. Жерде болатын өзгерістер туралы айтады

  3. Талдарда болатын өзгерістер туралы айтады

  4. Жел жайлы айтады

  5. Әр жыл мезгілінің өзгерістер туралы айтады.

Мысалы: «Күз» тақырыбы туралы суреттер.


hello_html_7837d8ff.jpg


Күз келді.Жерде сары,жасыл,қызыл жапырықтар жатыр.Ағаштарда жапырақтар аз.Жел суық.Жаңбыр жауады.

Бастауыш сыныптарда балаларды оқытуда көрнекілік әдісі баланың ұғымын кеңейтіп,оқытуды түсінікті,қызықты,нақты етеді.Ойы мен бақылымпаздығын дамытады.

Көрнекілікке табиғи объектілер:өсімдіктер,заттармен құбылыстар жатады.Бұлардың мәнділігі дәл заттың өзімен таныстырады,балалар оларды тікілей сезім мүшелері арқылы қабылдайды.Бұлардың өзге оқу материалының мазмұнын түсіндіру үшін табиғи көрнекілікке жақын әдейі дайындалған көрнекі құралдар-заттын көшірмелері,үлгілер де пайдаланылады.Сол сияқты суреттер,иллюстрациялар,

фотосуреттер,картиналар,альбомдар,сондай-ақ дидактикалық құралдар қолданылады.

Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды еңгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді еңгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:
•    көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
•    көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
•    демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
•    иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;
•    құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;
•    демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;
•    көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Сабақта көрнекіліктерді үнемі көп көрсете беру нәтиже бермеуі мүмкін, сондықтан мұғалім оқу мазмұнын ауызша түсіндіру мен көрнекіліктерді ұштастырып, бірінен соң бірін алмастырып отырғаны дұрыс.

Қорыта айтқанда, көрнекі құралдар тіл дамыту сабақтарын жеңілдетуге ықпал етеді. Мол тәжірибе жинақтап, оны кеңейту мен тереңдету шеберлігін игеру арқылы бала қоршаған ортадағы затттар мен құбылыстарды қабылдауға үйренеді және бұл тәжірибені өзінің әр түрлі практикалық ойлау әрекетттерінде пайдаланады.

Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді, жолдастарының сөйлегенін естіп қабылдайды.


 



Краткое описание документа:

Көрнекілік мұғалімдердің шығармашылық ізденесін,әдістеме жаңалықтарын сергектігі,оны сабақ өткізу барысында шебер пайдалана білуді талап етеді.     Болашақ маманың ең негізгі міндеті таңдаған мамандағы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын меңгеру болса,кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады.Сондай іс-тәжірибе  кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан көрнекіліктерді пайдалана отырып,оқушыларды қызықтыра білу керек.     Оқытудың көрнекілігі дидактиканың негізгі ұстанымдардың бірі екені мәлім.Әсірісе,қазақ тілі сабақтарында көрнекілікті пайдаланудың маңызы ерекше.Сабақта қолданылатын көрнекіліктің тілдік ұғымдарды (материалдарды) түсіндіруді жеңілдететін,көрнекілік арқылы түсіндірілген тақырып оқушының ойында берік сақталатының,оқушының елестету қабілетінің дамитынын,теориялық білімнің практикамен байланысын нығайтатынын көреміз.     Оқушының байқау,көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп,дамытатын-көрнекілік болып табылады.
Автор
Дата добавления 24.05.2014
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров415
Номер материала 111558052431
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх