Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Жарқын жаз (Әдеби – музыкалық сағат)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Жарқын жаз (Әдеби – музыкалық сағат)

библиотека
материалов

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Тайынша қаласы

2 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі

Шарипова Назгуль Жанабаевна




Жарқын жаз

(Әдеби – музыкалық сағат)

Залдың безендірілуі: Шара өткізілетін бөлме шарлармен, гүлдермен безендіріледі. «Жаз» тақырыбына салынған суретшілердің суреттері қабырғада ілініп тұрады. «Жаз жыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Оқырмандардың шығармашылық бұрышына: Балалардың «Жайлауда», «Жайлау кеші» атты тақырыпқа әңгіме, өлеңдері және салған суреттері қойылады. Қатысушылар: Кітапханашы, Жаз, Маусым, Шілде, Тамыз, балалар.

Кітапханашы: «Бар қызық, бар қызық, жазда ғой... жаз қызық» олай болса, балалар, ортаға жазды шақырамыз!

Музыканың ырғағымен билеп «жарқын жаз» залға кiредi.

Кітапханашы: Балалар, жыл мезгiлдерiн атап жiберейiк?

Балалар: Қыс, көктем, жаз, күз.

Кітапханашы: Әсiресе, қай мезгiлдi ұнатасыңдар?

Балалар: Жаз.

Хор: «Жазда» (Сөзі: Т. Молдағалиев, әні: Ө.Байділдаев)

Кітапханашы: (Жазға қарап) Не себептi балалар, сiздi ұнатады?

Жаз: Менiң Маусым, Шiлде, Тамыз деген балаларым олармен дос, сондықтан, неге ұнататынын оқушылардың өздерi айтсын!

1 - бала: Ең ұзақ каникул жазда, жақсы дем аламыз.

2 - бала: Суға шомылып, балық аулаймыз.

3 – бала: Атаммен жайлауға барамын, сурет салып, табиғатты тамашалаймын.

4 –бала: Тауға саяхатқа шығамыз, гүл тереміз .

5 – бала: Лагерьге барып, дем аламын, жаңа достар табамын.

Жаз: (Маусым, Шiлде, Тамызды қасына шақырады) Балаларым, қолдарыңнан не келетiнiн ендi өздерiң айтып берiңдер?

Маусым: Жапырағым күректей,

Сарымсағым жүректей.

Маусым балаң мен болам,

Көк шалғыным жiбектей.

Жайлау төрiн жайнаттым,

Сайда бұлбұл сайраттым.

Үй тiктірiп майсаға,

Сазға бие байлаттым.

Көлдiң бетi шалпылдап,

Аққу қаз жүр қаңқылдап.

Самал соқты аңқылдап.

Дем алсын жұрт салқындап.

Н.Айтов «Маусым»

Кітапханашы: Әрине, сіздің Маусым балаңызды жақсы көремiз, адамдарға өте жайлы.

Жаз: (күлiмсiреп) ортаншы балам Шiлде өте еңбек сүйгiш.

Шiлде: (бәрiне қарап) Сәлеметсiздер ме? Көңiлдi дауыспен өлеңін оқи жөнеледi:

Пішен толып пісті,

Шөпке шалғы түсті.

Пішеншілер шөлдеп,

Бастаудан су ішті.

Бүлдүргенім балдай,

Қарақатым қандай!

Тошаламды татсаң,

Үйіреді таңдай.

Мен де еңбекті сүйем,

Ыстық күнге күйем.

Қыстың қамын ойлап,

Тау - тау мая үйем! Н. Айтов «Шілде»

Жаз: (күрсiнiп) менiң кiшкентай балам тамызда айтарын айтып қалсын, өйткенi осымен жаз мезгiлi аяқталады ғой.

Тамыз: Мен Тамызбын, Тамызбын

Суық жаққа аңызбын.

Мәуелетiп ағашты,

Жемiстен бал тамыздым.

Көлде жүрген ала жаз

Балпаң тартты бала қаз.

Мен келгенде күн ашық,

Жауын шашын болады аз

Жақындады күз ендi,

Ел бастады күземдi.

Қозы қойдан бөлiнiп,

Қора қопса түзелдi.

Н.Айтов «Тамыз»

Кітапханашы: Жаз айналайын, ұрпақпенен мың жасаймыз, балаларыңыз шетiнен өнерлi екен. Осындай тату- тәттi, еңбек сүйгiш баллардың есiмдерi нелiктен Маусым, Шiлде, Тамыз деп аталған сырын балалардан сұрамаймыз ба?

1- бала: Маусым - жаздың тұла бойы тұңғышы. Арабтың «мезгiл» деген сөзi. Шөп шабу, пiшен дайындау маусымына байланысты осылай аталған. Маусымның жаңбыры қандай тамаша. Сарқырап, күркiреп ес таптырмай жедел келедi де, шелектеп құйып, жер дүниенi малмандай қылып өте шығады. Мұндайды халық «көктен нұр жауып тұр» дейдi. Өздерің жыл сайын кiтапханаға келiп мерекелейтiн мерекелерiң 1-шi маусым Балаларды қорғау күнi, 28- шi маусым Баспасөз күнi де жаз айында болады.

2- бала: Шiлде - жаздың ортаншы баласы. Парсы тiлiнде [шiллә] «қырық» деген мағынаны бiлдiредi. Жазда шiлденiң тас қайнатқан ыстығы басталады. Халық мұны –«қырық күн шiлде» деп атайды. Кемеңгер Абай атамыз «Жаз» деген өлеңiнде шілдені былай суреттеген:

Жазды күн шілде болғанда,

Көкорай шалғын,бәйшешек

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда...


3-ші бала: Тамыз - жаздың кенже баласы. «Күйдіру» деген мағынаны білдіреді. Тамызда ыстықтан шөптің басы сарғайып, қурай бастайды. Піскен егін орылады. Дала түгел осы кезде сары алтын түске боянады. Осы құбылыстарға байланысты кейде сарша- тамыз деп айтады. Яғни «сарша» сөзінің арғы тегі –«сары шақ», ежелгі түркі сөзі.

Жаз (көңілденіп): Балалар, жаз мезгілін жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Өте жақсы көреміз.

Жаз: (баппен) Қай ақын-жазушылар мен туралы жазған екен?

4-ші бала :

Құшағын жайған кең дала

Төсін ашқан анадай.

Қаладан келген сағынып,

Бейне бір жас баладай.

Далаға келіп көк жасыл,

Кестелі жібек көрпедей.

Жас балаша шаттанып,

Құлай кеттім еркелей.

С. Сейфуллин «Жазғы дала»

5-бала: Ой, балалар, балалар,

Шiлдем, шiлдем, шiлде айым.

Шырылдап торғай күн сайын.

Шұбар ала шешектер,

Шудаланған көк шөптер.

Жапырақтар жалпайды,

Жас қозылар марғайды.

I.Жансүгiров «Жазғы шiлде»

Жаз (маусым,шiлде,тамызға қарап): Неткен сырлы сезiм жолдары,керемет сурет, дәл сурет! Бұдан артық тауып айта алмассың!

Кітапханашы: Енді жаз туралы жазған тағы басқа ақындардың өлеңдерiн еске түсiрейiк

6 -бала: Маусым туды,

Күн қызды,

Бет шарпиды отты леп,

Дала- шашын қырғызды,

Тым ұзарып кеттiң,- деп.

Әжем басқан сырмақтай

Гүл құрағы аймақтың.

Тұрып алар күн батпай,

Қалтқысындай қармақтың.

Өқыпбеков «Жаз»

7-шi бала: Қырдың гүлi,

Күннiң нұры...

Күнде қызық, тамаша!

Асқар белге,

Айна көлге

Көз тоймайды, қараса.

Елiмiздiң,

Жерiмiздiң

Жазы ғажап, көркем ғой.

О.Әубәкiров «Жазғы каникул»

Кітапханашы:iтап көрмесiне қарап тұрып): Жаз, айналайын сенi суретшiлер де жақсы көредi. Мiне, бүгінгi көрмемiзде Ә.Қастеевтің (Жайлаудағы табын), («Сызғай» совхозының жайлауы), М.Кенбаевтың «Жайлаудағы таң», И.Шишкиннің «Қарағайлы орман», И.Левитанның «Жазғы кеш», А.Саврасовтың «Жазғы көріністер» т.б суретшiлердiң және балалардың жаз мезгiлiне арнап салған суреттерi бар.

(Оқушылар суретшiлердiң, өздерiнiң суреттерiн талдап, әңгiмелеп бередi. Әр суретті талдағаннан кейiн, кітапханашы толықтырып отырады).


Оның бәрiн тiзбелеп

Несiне айта берейiк

Ал, балалар, бiр мезет

Жаз қызығын көрейiк

Ойын ойнап, жұмбақ шешiп,

Ән салып, би билейiк бәрiмiз!

Ойын: «Қайда бардың, не көрдiң?

Кітапханашы: - Қайда бардың, не көрдiң?

Деген ойын ойналсын.

Зерек болса егер кiм,

Бас бәйгенi сол алсын!

Бардың дейiк орманға,

Не бар екен ол маңда?

8 -бала: Гүл, тал, шырша, қайың,тоғай, бұлақ, құстар, аңдар.

Кітапханашы: - Жазда барып өзеннiң

Жағасына бөгелдiм.

Кiм айтады,кәнеки,

Мен ол жерден не көрдiм?

9- бала: Су, тас,құм, шалғын, гүл, тал т.б.

Кітапханашы: -Жазда тауға өрмелеп,

Шаршап талай бөгелдiм.

Жан-жағыма мен кенет

Қарап едiм,

Не көрдiм?

10- бала: Тау, тас, жол, гүл, шөп,қарағай, өзен, көл, т.б.

Кітапханашы: - Айтыңдаршы, балалар,

Жаңылмаңдар,

Не көрдiм мен тағы да?

Балалар (қатты дауыстап): Аспан, күн, жер, дала.

«Гүлдер» ойыны

Кітапханашы: (ойынның шартын түсiндiредi): Бұл ойынға неғұрлым көп бала қатысса, ойын соғұрлым қызықты өтедi. Балалар қатар-қатар немесе шеңбер жасап отырады да, бiр-бiр гүлдiң атын иемденедi.

Ойынға қатысушының бiреуi: Мен баққа барып, алуан түрлi гүл көрдiм. Бақта тек Райхан гүлi жоқ екен.

Райхан гүлi болған бала дауыстайды:

-Райхан бар, Қалампыр жоқ.

-Қалампыр бар, Маржангүл жоқ,- дейдi үшiншi бала.

Ойын осылай жалғасады. Жаңылысқан бала ұтылады, бастаушының шартын орындайды. Ән салады немесе би билейдi.

Ойын

Ктапханашы: (ойынның шартын түсiндiредi): Балалар, 5-6 баладан екi топқа бөлiнемiз. Бiр топ «Маусым», екiншi топ «Тамыз» болады.

Ұғымталың,

Бiлгiрiң,

Әр сұрақтың сырын бiл.

Берiледi бес ұпай,

Дұрыс тапса кiм бұрын.

Қоржыннан немесе сандықтан кәртішкеге жазылған сұрақтарды аламыз. «Маусым» тобына:

1-шi сұрақ. Мына өлең шумағының авторы кiм?

Ат, айғырлар, биелер

Бүйiрi шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

Жоғары-төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап... Абай «Жаз»

2-шi сұрақ. Орыстың ұлы композиторы П.И.Чайковский жылдың төрт мезгiлiне арнап музыкалық шығарма жазды. Композитордың шығармасы қалай аталады?

Жылдың төрт мезгілі

3-шi сұрақ. Жұмбақ шешу:

Көктемде көгередi,

Жазда ырысқа бөленедi.

Күзде пiсiп, марқаяды,

Қыста бiрден қартаяды.

Жер

4-шi сұрақ. Тамыз айында болатын мерекелi күндердi ата?

Қазақстан Республикасының Конституция күнi және Спорт күні.

5-шi сұрақ. Мақал-мәтел құрастырамыз:

Қыс азығын... (жаз жина)

Сулы жер... (нулы жер)

Бұлақты жер... (тұрақты жер)

6- сұрақ. «Ну орман» (суретке қарап қысқаша әңгiмелеп айтып беру).

«Тамыз» тобына:

1 -сұрақ. Мына шумақ кiмнiң өлеңiнен?

Ұшты көкек сай қулай,

Сайда пiстi таңқурай.

Құрт-iрiмшiк қайналды,

Құлындар да байланды.

Нәйiм, нәйiм бауырсақ.

Ағын суға шомылсақ.

Ой, балалар, балалар,

Ойналық та күлелiк.

Үйретiп тай мiнелiк.

I. Жансүгiров «Жазғы таң»

2- сұрақ. «Бие сауу», «Жайлаудағы табын» суреттерiнiң авторы кiм?

Ә. Қастеев

3- сұрақ. Жұмбақ шешу:

Өсiп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап.

Саясында үн салып,

Құстар жүрген сайрап.

Салқын түссе шешiлiп,

Қалады өзi жайрап. Ағаш


4- сұрақ. Маусым айында болатын мерекелi күндердi ата.

1-маусым Халықаралық Балаларды қоғау күнi.

5- сұрақ. Мақал-мәтел құрастырамыз:

Қыс арбаңды... (жаз шанаңды сайла)

Жаздың бiр күнi... (қыстың мың күнiн асырар)

6- сұрақ. «Жайлау» (Суретке қарап қысқаша әңгiмелеп айтып беру)

Кітапханашы: «Кiм жылдам» ойыны. Кез келген «Түймедақ, жауқазын, райхан» гүлдiң суретiн алдын ала қағаздан қиып дайындап қоямыз. Екi жақ топтың басшысы шығып жарысады. Кiм бұрын берiлген гүлдi тез жинап шықса, соған ұпай қосылады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңiске жетiп марапатталады.

Кітапханашы: Құрметті ұстаздар, балалар, бүгінгі ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келер жылы нақ осы жерде тағы кездесіп, өлең оқып, сурет салып, ән тыңдайық. Жазғы демалыстарыңды көңілді өткізіңдер.

Ортаға Жазды балаларымен шақырып (өлеңi: Қ.Мырзалиев, әнi Е.Хасанғалиевтiң) «Атамекен» әнiн орындап, бiр-бiрiмен қоштасады.




















7


Краткое описание документа:

     Залдың безендірілуі: Шара өткізілетін бөлме шарлармен, гүлдермен безендіріледі. «Жаз» тақырыбына салынған суретшілердің суреттері қабырғада ілініп тұрады. «Жаз жыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады.        Оқырмандардың шығармашылық бұрышына: Балалардың «Жайлауда», «Жайлау кеші» атты тақырыпқа әңгіме, өлеңдері және салған суреттері қойылады.   Қатысушылар: Кітапханашы, Жаз, Маусым, Шілде, Тамыз, балалар.         Кітапханашы: «Бар қызық, бар қызық, жазда ғой... жаз қызық» олай болса, балалар, ортаға жазды шақырамыз! Музыканың ырғағымен билеп «жарқын жаз» залға кiредi.
Автор
Дата добавления 24.05.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров747
Номер материала 111588052443
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх