Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Күдері Жолдыбайұы шығармасындағы тарихи шындық
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Күдері Жолдыбайұы шығармасындағы тарихи шындық

библиотека
материалов

Күдері Жолдыбайұы шығармасындағы тарихи шындық


« Өзі өлседе сөзі өлмейтін» даңсалы тұлғалар әлемде аз емес. Қасиетті Арқа жерінде туып, ел мен жердің даңқын асырған ардақты тұлғалардың есімін бұл күндері біреу білсе біреу білмей жатқаны шындық. Айтматов айтқандай « жер шарынан із- тозсыз ғайып болуды еш кім де қаламайды.»

« Зобалаң жылдарға» өкпелей бергеннен не өнер дейсіз. « өлгені тіріліп, өшкені жанып» жатқан мынау бақытты да баяшат заманда жасап жатқан біздер тарих толқындарына көз жүгіртпей, кешегіні оқып білмейінше жетелі ұрпақ болып санала қоюымыз екіталай. Ақиық ақын Мұқағали айтқан: « шаң басқан архивтерден табылармыз» дегеніне сай тілге тиек етпекші болып отырған ақынымыз –Күдері Жолдыбайұлы жайында болмақ.

Күдері Жолдыбайұлы – 1861 жылы киелі Торғай топырағандағы «Қызбел» ауылының «Сарықопа» деген жерінде туылып, 1931 жылы дүниеден өткен.

Артында қалған мұралары көнекөз шежіре қарттар мен өткен жайлы ой толғап жүрген азғантай адамдар ғана білетін, мұрасы мұрағаттардан ғана табылатын ақынның жырларында терең мағына мен сырдың жатқаны анық.

« Белгілі орта жүздің ақынымын,

Әбдірахман, Оспан қожа жақынымын.

Досымның осы күнде бірі де жоқ,

Айырылған серігінен пақырыңмын


Қалаулы қариялардан бата алып ем,

Білімді жақсылардан хат алып ем.

Сөз бастап талай шешен ортасында,

Торғайдың Күдері ақыны атанып ем.


Адамын көрдім Омбы, Орынбордың,

Мәнісін білдім талай биік, зордың.

Ақыны шешені бар, жақсысы бар,

Бәрімен таныс болып кеңес құрдым»[Күдері шығармасындағы ашаршылық ақиқаты.Даркенов], -деп келетін жыр жолдары арқылы біз өз пайымдауымызды жасап, ақын басқан жолдарға үңілеміз. Ақын « айырылған серігінен пақырыңмын» деп аумалы – төкпелі замандағы бақытты ғұмырдың сәні мен мәні кетіп, патша үкіметінің отаршыл саясатының кесірінен ел мен жерден айырылған халық басына қара бұлт төнген алапатты жылдардағы анадан бала, елінен ері айырылған қиын –қыстау заманды айтса тағы бір өлеңінде:

« Айдау көріп мал азды,

Ұйқысы кетіп жан азды.

Қатын – бала домықты,

От басында отырған,

Алжыған кемпір, кәрі шал,

Жылай – жылай торықты.

Түйеден қом, аттан жал,

Бәрі кетіп болыпты.»( Аманкелдінің Торғайды алғаны),- деп келетін жыр жолдары айғақтайды.

Ақын шығармаларының ең негізгі арқауы болғаны қазақ халқының ұлт –азаттық қозғалысы.

«Қазақ даласынан ет, мыңдыған жылқы мен түйе майданға жіберілді. Соғысты сылтау етіп, жұмысқа « ерікті түрде» шаруаларды пайдаланды. Көтеріліске желеу болған негізгі себепші фактор: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу» туралы жарлығының шығуы»( Қазақстан тарихы,270б) болатын. Бұл жағдай туралы М.Дулатұлы « жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» ,- деген еді. Міне дәл осындай « ат ауыздығымен су ішкен» аласапыран жағдайда ақын Аманкелді бастаған көтеріліске қатысып қана қоймай көтерілістің жалынды жыршысы бола білді.

« Көтерілді жұрт ашуы дәуірлеп,

Қолдан бала ұстап беру ауыр деп.

Талай қорқақ ер боп кетті, табанды,

Талқандауға қияметтік заманды.

Атқа мініп айбалтасын асынып,

Бұзбақшы боп бүліншілік қамалды...»(Ер туды) ,-деп келетін жыр жолдары міне жоғарыдағы айтқан халық көтерілісінің от білтесінің не екенін одан ары айқындай түседі.

Тағы бір жырында:

« Сорғалады көздің жасы болды көл,

Айдарлымды алмақ болып жау салды қол.

Тұлымдының турамақшы тұлымын,

Бұл ғазаптан барма бізге шығар жол»(көздің жасы болды көл),- деп күйзеліске түскен халық мұңын жырға қосады.

Қазақ халқы - ежелден қойдан қоңыр, жаны жайсаң дарқан халық. Басына қиындық іс түсе қалса « бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білетін бауырмалдығы мен ұйымшылдығын толық айғақтады. Бұған дәлел:

«Қой баға алмас» жүз басы боп табысты,

Ту астынан бәрі ер боп табысты».

Немесе:

« Ерлер сонда нұры тасып,

Аттарына қамшы басып,

Қайраттанды – қаһарланып,

Қалмалық – деп қорқып – сасып,

Ел еріне болса несіп,

Жүдеп қайтад келген жасып.

Солдат келсе жан таласып,

Қыралық деп баталасып.

Мінген ерлер қазан атқа.» ( Ер туды) айтылған жыр жолдары арқылы біз қазақ халқының өліспей беріспейтін қайсар да жігерлі, ер жүрек рухының асқақтығын ұғына аламыз.

Көркем шығарманың жаны – айнымастай өмір шындығы. Күдері ақын шығармаларынан бұлар қағыс қалған емес.

« ...Қарағай сапты найза алып,

Ат – айғырын жаратып,

Айбалтасын қолға алды.

Әрлі – берлі толғанды,

Ел қоныстан қозғалды,

Құла жоннан жол салды,

Басқа қара күн туып,

Қара бұлыт құрсанды.

Кереге жалды кер бесті,

Кезінен бұрын бусанды...»(Аманкелдінің Торғайды алғаны),- деген жыр жолдарына зер салар болсақ ашу – ыза кернеген халық өліспей –беріспейтіндігін, « жағаласпай жан қалмас» дегеннің ақиқатын ұғынған қалың елдің жабыла атқа қонаған заманының бұлжымас дәлелі.

Ақын тек халық басына түскен жағдайларды жырлап қана қоймай «ат төбеліндей» болып, « жау жағалан алғанда, бөрі етектен алыпты» дегеннің аяғын құштырып халық басына күн туып жатқан шақтарда да құлқынның қамын ойлап жүретін жандарды;

« Неше мың сом жұрт жинады бұларға,

Ақша берсе бармаймыз деп тұрар ма.

Патша ағзамға жеткіземіз арыз деп,

Бірсыпыра қу жүріпті ұрарға.


Ақшаны алып, бір ай жүріп қайтысты,

Тыңдамады арызды деп айтысты.

Көп пақырдың ақшасын жеп мәз болып,

Тығып сырын іштеріне май түсті.


Қайтармады тым болмаса бір жүз сом,

Жеп қойған соң қалай жүрсін ісі оң.

Бермек түгіл жаман қатты қорқытып,

Жасып тұрған жұрттың көңілін толқытып.»( Ер туды), - деп халық арызын айтамыз деген желеумен дүние жинап жүрген кейбір жандардың пасық әрекеттерін өткір тіл, ашу-ызамен жырға қосады.

Ақын – қоғамдық өмірдің уәкілдік тұлғасы. Ақынның бұл өмірден және көркем әдебиеттен алар орнын өзі жасаған заманындағы тарихи жағдайлармен тығыз байланысты болып келеді.

Күдері Жолдыбайұлы әне сондай бір машақатты жылдарда туылып, дәуірдің шындығын тамаша жырларының бойына сіңіре білді. Ақын шығармаларында тек қана ұлт – азаттық көтеріліс жайы ғана емес Торғай даласында болған 1930-32жылдардағы ашаршылық ақиқаты да жыр жолдарынан көрінеді.

« ...Елден топырақ бұйырмай,

Кірмейтін жерге айналдым.

Қарға адым жер мұң болды,

Қазыққа ажал байландым.

Құр терім тұр қаудырап,

Сүйегім қалды саудырап.

Аштықтан басқа дертім жоқ,

Талықсып тұрмын маужырап...»(Інісі Тұрмағанбет Дәркенұлына сәлемі), - деп келетін жыр жолдарында ақын халық басында болған ауыртпалықты біреуден естіп яки жазып алып емес өз басынан өткен жағдайларды жазады. Аштықтан жүруге дәрмені жетпей, өлімнің келуін күтіп, көздерінде әлсіз үміт ұшқыны бұлдыраған сағымдай көрінетіп зұлматты, қиындық қыспағында қалған қазақ жайын;

«...Енді үміт жоқ бөтеннен,

Болар деп тірек тағы да.

Қолымыз жетпей босқа өлдік,

Бір тамшы сүт ағына.

Қойдан бетер қырылдық,

Тигендей індет табына...»,- деп жырлайды.

Сөз соңында біз осы қолымызға түскен аз болсада саз болған ақын жырларындағы ақиқаттың ашты да болса шындық екенін айта отырып, қазақ халқының әр дәуірде көрмегенінен көргені көп болып, өмірлері ел мен жер деп шерге толған азапты да қайғылы, қасіретке толы сол бір ақтаңдақ жылдардағы машақатты анық көре аламыз.

« Мен қазақ мың өліп, мың тірілген» дегендей-ақ халқымыз азаптың дәмін аз татты ма? Арыдан сөз қозғамасақта бүгінгі күні жоқталып, артында қалған мұралары жинақтла бастаған Күдері Жолдыбайұлының отты жырлары дәл сондай бір алсұрған, бөгеуден ағытылған судай болып жалындаған ерік – жігері мол қазақ халқының алапат замандардағы басына түскен ауыр жағдайлардың айқын көрнісі болмақ.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ совет энциклопедиясы.Т.6. – Алматы: 1975.-152б.

  2. Кенжеахметов С. Күдері – жауынгер ақын // Торғай таңы. 1972, 11 қараша.

  3. 1916 жыл. Алматы: Рауан, 1996 ж.

  4. Даркенов Қ.Ғ. Күдері ақын шғармашылығындағы Торғай жеріндегі ашаршылық ақиқаты// Қазақ.- 2012.-17-24 ақпан.(№7/8).-5 б.

  5. Даркенов Қ.Ғ. Күдері ақынның көңіл айтуы// Қазақ. 2012.- 14 қаркүйек (№37).- 6 б

  6. Мусин Чапай. Қазақстан тарихы. Алматы: 2008 ж.


  1. Рысханұлы Тынысбек

  2. 5В012100 – « Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс бакалавр студенті

  3. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық институты

8-775-954-15-88,erke_kran@mail.ru

Краткое описание документа:

« Өзі өлседе сөзі өлмейтін» даңсалы тұлғалар әлемде аз емес. Қасиетті Арқа жерінде туып, ел мен жердің даңқын асырған ардақты тұлғалардың есімін бұл күндері біреу білсе біреу білмей жатқаны шындық.  Айтматов  айтқандай « жер шарынан із- тозсыз ғайып болуды еш кім де қаламайды.»   « Зобалаң жылдарға» өкпелей бергеннен не өнер дейсіз. « өлгені тіріліп, өшкені жанып» жатқан мынау бақытты да баяшат заманда жасап жатқан біздер тарих толқындарына көз жүгіртпей, кешегіні оқып білмейінше жетелі ұрпақ болып санала қоюымыз екіталай. Ақиық ақын Мұқағали айтқан: « шаң басқан архивтерден табылармыз»  дегеніне сай тілге тиек етпекші болып отырған ақынымыз –Күдері Жолдыбайұлы жайында болмақ.
Автор
Дата добавления 25.05.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров526
Номер материала 112496052539
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх