Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ұлт менталитетінің архетиптері

Ұлт менталитетінің архетиптері

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Ұлт менталитетінің архетиптері


Ұлт менталитетінің архетиптері туралы сөз қозғау қиынның қиыны. Дегенменде, қазақ менталитетіндегі архетиптердің мәнін, қызметін, типологиясын, олардың дәстүрлі менталитет пен қазіргі менталитеттегі орнын анықтай отырып, олардың арасындағы сабақтастық пен айырмашылықтарды көрсетудің маңызы зор. Бұл біріншіден. Екіншіден, қазіргі ұлт менталитетінде жаңа заман туғызып отырған ар-хетиптерге баға берудің де қажеттілігі туған тәрізді. Осы тұрғыдан келгенде ұлт менталитетіндегі архетиптерді фило-софиялық тұрғыдан талдау бүгінгі уақыт талабы.Үшіншіден, архетип - бастау, образ деген түсінікті білдіреді. Басқаша айтқанда, архетип - адамның психикасындағы алғы бастаулар бейнесі. Архетип адамзат мәдениетінің, символдарының негізінде априрды түрде қатысып отыратын құбылыс.

К.Г.Юнг өз еңбектерінде архетипті психологиялық тұрғыдан талдай отырып, оның ұрпақтан-ұрпаққа бейсана-лық жолмен жетіп отыратынын және адам психикасының қүрлымдық элементі екенін айтқан болатын. Ұжымдық бей-саналықтағы архетиптер оның ойы бойынша жеке тұлғаның ішкі қүрлымдық табиғатын айқындап қана қоймайды, сонымен бірге, оған бағыт-бағдар береді, ойлау жүйесінің негізін қалайды. Шығармашылық іс-әрекет, белсенділік барысын-да архетип сана деңгейіне қалқып шығып, оған өз ықпалын тигізеді. Архетиптердің адамның рухани дүниесі қүрлымында үнемі қатысып түру, оның өміршеңцігін көрсетеді. Соны-мен бірге, архетиптер нақты мазмұнға ие болып, адамдар-дың дүниеге қатынасының мазмұнын түрін, формасын, құрлымын анықтайды. Архетип Юнттің ойынша, мотив, алғы бейнелер, таптер мен символдар, алғы формалар мен ұлтілер. Юнттің ойынша архетиптер мифте, аңыздар мен ертегілерде,адамның түсінде пайда болады. Архетип өз табиғатында қашанда ирроционалды, оған жүйелік, тәртіптілік, қатаң логикалық, рационалдық ойлар жат. Архетип адамның физикалық қасиетінен туындамайды, пайда болмайды, керісшше, адам жаны психикалық фактілерді қалай қабылдауынан туындайды. Бұл кезде адам жаны ирроционалды күй кешеді. Тұрпайы ментальность мифті тудырмайды, керсінше бастан кешіріп, мифте өмір сүреді. Мифті адамдар өмір сұру тәсілі ретінде қабылдайды. Мифтік архетипінен айырылған, немесе оны жоғалтқан адам, немесе халық, өзінің жанынан, рухынан айырылып, моральдық тоқырау мен құлдырау күйін кешеді. Бұндай құбылыстар, қазіргі өркениетті елдердің басына түскен ауыр моральдық, рухани қасірет дейді атақты психолог. Оның ойынша психология ілімі архетипті зерттеуде, архетипті ұжымдық бейсаналықтың нәтижесі ретінде қарап, осындай методологиялық қағиданы басты бағыт ретінде ұсынады. Олай болса, архетип қашанда психикалық күш. Сондықтанда оны дұрыс және шынайы тұрғыдан қабылдау керек. Сонымен бірге архетип адамдар жанын бұзылу мен күйреуден сақтайтын қорған. Архетип бұзылған жағдайда адамдар невроздық және психикалық ауруларға шалдығып, әртүрлі ауытқуларға шалдығуы мүмкін деп ескертеді. Өкінішке орай интеллект архетип алдында менсінбегендік танытып, өзінің маңыздылығын көрсетіп, оны адам психикасынан қуып шығуға асығады. Шындығында архетипті бірден жойып жіберу, немесе одан бас тарту мүмкін емес. Олай бола қалған жағдайда өткен мен бүгіннің, бүгін мен болашақтың арасындағы байланыс үзіліп, сана өзінің басты қызметінен айырылады, әртүрлі деңгейдегі сыртқы ықпалдарға тәуелді болып, өзінің шығармашылық қасиетін жоғалтады. Юнг архетипті қызғ-ыштай қорғай отырып: "Архетип - это психический орган, присущий всем нам. Плохая интерпретация означает, соответственно, плохое отношение к этому органу и может, та-ким образом, его повредить. Но сам страдающий - плохой толкователь. Поэтому объяснение всегда должно быть таким, чтобы функциональная значимость архетипа оставалась незатронутой, и при этом гарантировалась адекватная и выразительная связь между сознанием и архетипами. Ведь архетип является элементом нашей психической структуры и, следовательно, жизненно важным и необходимым ком-панентом нашего психического хозяйства" - дейді. Бір сөзбен айтқанда, архетип рухани болмыстың бастауы, қайнар көзі. Олай болса, архетиптерді зерттеу арқылы мәдениеттің, өнер мен білімнің өзара байланысы мен сабақтастығын және бүгінгі өзгеріп жатқан заманда олардың қаншалықты менталитеттегі тұрақтылығын қадағалауға болады. Бір айта кетер жай, кешегі тоталитарлық жүйе, оның идеологиялық институттары архетипті ескінің рудименті, көненің сарқыншағы дей отырып, оған ашық күрес жариялағаны белгілі. Таптық идеология адам санасын архетиптерден тазартуды басты мақсат ете отырып, нәтижесінде адам санасының тұтастығына қатты нұқсан келтірді. Адамдар санасының мазмұны, олардың қайрат жігері дүниені танып түсінуде сыңаржақты түсініктермен толықтырыла отырып, архетиптерден, басқа-ша айтқанда сананың түп негізінен, оның сусындатып оты-ратын күре тамырынан алшақтатылды. Юнгтің өз сөзімен айтатын болсақ "Веками человек мечтал о полете, а все, что мы получили взамен,-это град бомбардировок! Мы посмеи-ваемся сегодня над христианской верой в загробную жизнь, но еами все еще часто впадаем в хилиазмы, в сотни раз более нелепые, чем представление о счастливом будущем. Наше дифференцированное сознание пребывает в постоян-ной опасности отрыва от своих корней и поэтому нуждается в компенсации, которую может дать еще существующее дет-ство"2. Сондықтанда ұжымдық бейсаналық пен сана ара-сында тығыз байланыс орнату, менталитеттегі архетип күйінде сақталып келген образдарды қалпына келтіріп, оны меңгерудің маңыздылығы бүгінде арта түсуде.

Әр ұлттың ғасырлар бойы жинап, бойына сіңірген рухани құндылықтары бар екені белгілі. Олар халықтың мінез-құлқында, салты мен дәстүрінде, санасы мен дүниеге көзқарастарывда, қала берді аңыз ертегілерінде, мифтерінде, практикалық іс-қимыддарында, тұрмыс-салтында орын алады. Олардан бас тарту немесе бүгінгі күн талабына жарамсыз деп сыңар жақты баға беру, немесе одан қашқақтау асқан қателік болар еді. Архетип сақталған жерде ғана салт пен дәстүрге беріктік пайда болады, ал болмаған жағдайда дәстүр мен салтқа деген сатқындық, оны жеңіл айырбастау етек алады. Бүгінгі қазақ менталитетінде, жалпы ұлт бол-мысында осындай келеңсіз құбылыстардың көрініс табуы-ның басты себептерінің бір негізі осында деп білуіміз керек. Туған тілі мен дінін, ділін айырбастаудың, ар-ұжданын ақшаға, затқа сатудың психологиялық астарының негізі осында жатыр. Олай болса, өткеннең болашақтың бейнесін Іздеу, одан қуат алу, ұлттың өмір сұру заңынан туындайтын қажеттілік. Юнг сана мен бейсаналықтың бірлігін, қарым-қатынасын қамтамасыз етіп тұратын көпірді индивидуация деп атайды. Басқаша айтқанда, ол адам бойындағы қарама-қарсылықтың бірлігін, тұтастығын көрсететін, белгілейтін символ, тұтастық бейнесі. Бүгінгі қазақ менталитетіне жеттіей жатқан дүние осы.

Ұлттық менталитетте көрініс табатын архетиптер жеткілікті. Оларды шартты түрде мынандай салаларға бөлу-ге болады: тотемдік, мифологиялық, діндік, салт-дәстүрлік, тұрмыстық, тәрбиелік, фольклорлық, танымдық, саяси-әлеуметтік, экономикалық және экологиялық, құқықтық т.б. Қоғамдық өмірдің әр саласына сай, ұлт менталитетінде кездесетін ұжымдық "бейсаналықтың элементтері" қазіргі қоғам дамуының негізі екені сөзсіз. Енді осыларға тоқталып өтелік. Архетипті Юнг мифологиялық бейне ретінде қарастырғаны туралы айттық. Ұлт менталитетінде мифологиялық бейнелер ұшқыны сонау қазақтың көне ертегілері мен батырлар жыры мен дастандардан бастау алады. Мысалға, "Алпамыс" батыр жырында Алпамыс батыр суға салса баттіайды, отқа салса жанбайды, атсаң мылтық өттіейді, шапса қылыш кеспейді. Осы мифологиялық архетип Ұлы Отан соғысы жылдарывда қазақ жауынгерлерінің іс әрекеттерінде өз көрінісін тапты деп жазады САқатай. Ұлт менталитетінің терең тамырын құрайтың мұндай архетиптерді бүгівде жаң-ғыртудың мәдени, тіпті саяси маңызы бар десек артық айт-пас едік. Әсіресе тәуелсіз Қазақстанның ұл қыздарын ба-тырлық пен тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу, олардың санасы мен іс-әрекетінде батырлықтың символдарын қалыптастырудың маңызы зор. Ұлт менталитетіндегі архетиптерді жаңғыртудың, оны қайсар рухтың сарқылмас бұлағына айналдырудың маңыздылығы осында деп сезінуіміз керек. Немесе, қазақ баласының қиындықты жеңу үшін, белгілі бір ситуациядан ұтымды шығу үшін ата-баба аруағына сыйынуы қазақ арасында кең тараған құбылыс екені белгілі. Қазақтар қиын-қыстау кезеңде "Аруақтар жар болып, қолдай көр" деп іске кірісіп отырған. Аруаққа сиыну, ата-баба-сының рухына бас иіп, іс-қимыл жасаудың да маңызы зор. Нарық қиыншылығын жеңуде, ата-баба аруағына сүйене отырып алға жылжудың, жаңа қоғамдық қатынастарды иге-руге белсенділік танытуда өз бастауларымызға үнемі оралып отырудың қажеттілігін енді сезіне бастағандаймыз. Өйткені, ата-баба аруағы қазақ үшін қуат, рухани күш көзі. Бүгінде "жаңа қазақтардың", аруақтарға ас беріп, қүран оқытып жатуы да осы мифологиялық, діни архетиптердің қазіргі менталитеттегі бір көрінісі деп білуіміз керек. Әрине, кейбір қазақтың қалталы жігіттері Мұндай архетиптерді терең сезіне бермеуі де мүмкін. Кейбіреулер оның ішкі негізгі сырына үңілмей, сыртқы болмысымен де шектелуі ғажап емес. Дегенменде, осывдай символдық мағанасы бар архе-типтерге көңіл қойып, бет бүрыс жасау қуантарлық жәй. Бұл жерде, "Аруақ разы болмай, тірі байымайды" деген дана сөзді шынайы түсіне бастау бар тәрізді. Шынайы түсінік болған жағдайда ғана, саналы да салиқалы іс-қимылдардың пайда болатыны белгілі. Сонда ғана,ол өзін жел өтінде шай-қалмайтын, керсінше жайқалатын, тамырын тереңнен тарт-қан мәуелі бәйтерек ретіндё сезініп, көкірегін шаттық пен нық сезім билеп, болашағына деген сенімі арта түсетіні белгілі.

Сонымен бірге, қазіргі қазақ менталитетінде мифологиялық архетиптердің тағы бір көрінісі, Әулиелерді пір түту. Олардың басына барып, зиярат ету, қүран оқыту. Мысалға, Бекет атаның басына түнеп, көп жылғы ауруларынан құлан-таза айығып, немесе құрсақ көтере алмай жүрген әйелдер қүрсақ көтеріп жатқан оқиғалар туралы газет-журналдар соңғы кезде көп жазып жүр. (Қара. Алтын Орда. 25.08.2000). Жалпы Мұндай мифололгиялық архетиптер тамыры теренде жатқаны белгілі. Қазақтың эпостық (Алпамыс, Қобыланды) жырларында негізгі кейіпкерлер (Байбөрінің әйелі Аналықтың), әруақтар (Баба-ата, Әзірет) басына қонып, құрбавдық шалып күндердің күнінде жүкті бовдп, Алпамыстың дүни-еге келуі, кешегі атеистік заманда ақылға сыймайтын құбы-лыс деп танылса, бүгінде, сол мифолргиялық архетиптің қазіргі ұлт менталитетінде жаңғырып жатуы, адамдардың дұниені тануы мен өз өмірін реттеудің бір белгісі деп тану-ым.ыздың артықтығы жоқ. Бұдан шығар қортынды біреу, ол мифологиялық архетиптермен күресудің қажетінің жоқ-тығы. Рухани тамырларға үнемі қайта оралып отыру, оған қарсы күреспей, керсінше үнемі есте сақтап, оны бүгінгі өмір талабыңа жаратып отыру қазіргі жүтаң тартқан, кей жерлерде тым саясаттанған ұлт менталитетіне тұтастық рең беретінін мойындауымыз қажет.

Қазақ менталитетінің архетиптері туралы сөз қозғағанда, оның көп салалы, әр қырлы, әр деңгейлі екендігін айта кетуіміз керек. Архетиптер өсіресе, қазақтың дәстүрі мен салтында көп сақталған. Солардың бірі қазақтың ырымшыл-дығы. Жалпы қазақ ырымшыл халық. Ол жөнінде А. Қайбарұлы мен Б.Бопайұлының Қазақ ырымдары, Казахские поверья атты еңбектерінде жақсы көрсетілген. (Алматы, 1998 ж). Қазақ ырымдары сала-сала,. түр-түрге бөлініп келеді. Олардың бәрі сайып келгенде, адам мен табиғаттың, адам мен адам арасындағы қарым-қатынасты реттеуші рухани қүрал ретівде өмір сүреді. Сонымен бірге қазақтың ырымдары дүни-етанымдық, философиялық мағынаға да бай. Мысалға, бала-ның тұсау кесу рәсімінің өзі жатқан бір тұтас философия деее болады. Белгілі өнер танушы, ғалым А.Сейдімбек тұсау кесу туралы "Қаз басып жүре бастаған баланың түсауын ке-серде үш түрлі тілекпен кеседі. Бірінші, баланың тұқымы өсіп-өніп, шөптей болсын деп аяғын шөппен түсап кеседі. Екінші, малды, майлы болсын деп, аяғын тоқ ішекпен түсап кеседі. Үшінші, адал болсын, біреудің ала жібін аттамайтын шыншыл болсын деп, баланың аяғын ала жіппен түсап кеседі"4 - деп жазады. Әрине, бұл ырым көшпелі өмірден қалған ар-хетип, ол ұлт менталитетінде күні бүгінге дейін сақталып, символдық қасиетке ие болған. Бұл біріншіден, екіншіден баланың түсау кесер рәеімінде үлкен философиялық рухани мағына, күш бар екенін айта кетуіміз керек. Дәлірек айтсақ, ала жіп, адам өміріндегі жақсы мен жаманды, әділеттілік пен әділетсіздікті, ақиқат пен жалғанды, өмір мен өлімді белгілеудің символдық көрінісі. Тұсау кесер рәсімі осы аталған құвдыльіқтардың адам өміріндегі алатын орынын көреетіп қана қоймайды, сонымен қатар, жас сәбиге үлкендер бата, ақжрл тідеп, осы өмір құнды-лықтарын әділдік тұрғысынан шеше білсің, адамгершілік биігінен көріне білсін, парасатты болсын деген ниет пен па-рыз да жүктеледі. Осындай дүниетанымдық астары бар архе-таптер ұлт менталитеіінде формасын өзгерткенмен негізгі мазмұнын сақтап, ұлт болмысының рухани негізін қалайды. Нәтижесінде осының бәрі адамдардың іс-әрекетінде көрініс тауып, өз жемісін береді деген сенім қалыптасқан.

Дәстүрлі архетиптер сапына қазақтың көптеген ырым-дарын да жатқызуға болады. Олардың бәрін жіпке тізбей, тек осы күңге дейін сақталып, ұлт менталитетінде нық орын алғаңдарын ғана сөз етелік. Солардың бірі ас атасы аталған нанға байланысты болмақшы. Қазақтың ырымы бойынша, нанды қазақ аяқ асты қылмайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшы-райды, өзегі талып өкіреді деп үққан. Кешегі ашаршылық кезінде қазақ наның қадір-қасиетін өте жақсы сезді. Тың игеру жылдары барысында "Нан болса-ән болады" деп үран-датқаң кезеңдерде де қазақ нанға деген құрметін жоғалтқан жоқ. Бүгін де солай. Бірақ бір кемшілік, астың атасы аталған нанды құрметтеуді жастар бойына сіңіру жағы соңғы кезде көзден таса болып бара жатыр. От басы, балалар бақ-шасы, мектеп бұл мәселені мүлдем естен шығарып алған десек артық айттіаған болармыз.

Қазақта бұдан да басқа аса маңызды архетип түрінде сақталып келген ырымдар да бар. Ол қазақ қыздарына бай-ланысты айтылып келген ырымдар. Қазақ қашанда қыз ба-ланы қүрмет түтып өскен халық. Оның түсінігінде қыз-ару, болашақ ана. Сонымен бірге қыз өмір гүлі, сүлулық белгісі. Қазақ қыз бойынан ңнабаттылық пен әдептілікті көруге тырысқан және солай тәрбиелеген. «Қыз өссе елдің көркі" - деп мақадцап та қойған. Ақындар мен жыршыла-ры әнге қосып асқақтатқан. Батырлары қыз намысын аяққа таптаттіай қорғай да қорғаштай білген. Ел дауы мен жесір дауын бір тұтас деп қараған.

Сонымен бірге, қызға қырық үйден тиым деп, болашақ ананы ел анасы деңгейіне дейін тәрбиелей білген. "Қыздың жолы.жіңішке", "Қыз жат жұрттық" - деп оған құрмет көрсетіп отырған. Ал бүгін ше? Қазақ жігіттері бүгінде осындай дәстүрді үмытқан тәрізді. Кейбір жастар қыздарға "қарындас" деп қарамай, тән қүмарлығын қанағаттандыру-дың объектісі ретінде қарайтын да тәрізді. Бұл біздің озға-нымызды емес, тозғанымызды, алға басқанымызды емес, керсінше кері кеткеніміздің белгісі деп білуіміз керек. Батыстың адами қасиеттерді жоюға және тән құмарлығын қоз-дыруға бағытталған мына жалғавда, сайқал құндылықтарын жатсынбай қабылдауымыздың нәтижесі деп бағалауымыз керек. Бұлардың барлығы сайып келгенде, ұлт менталитеіінің негізі, түп тірегі бола білген дәстүрлі архетипімізді түбірімен жоюы мүмкін. Ол аздай, кейбір қыздарымызда жезөкшелік пен жеңіл жүріске салынып, жеңіл ақша табудың жолын әбден меңгеріп алған тәрізді. Өздерінің табиғи дала берген ұлы қасиеттерін табан асты қылып жас сәбилерін перезент-ханаға тастап кету де әдетке айналған. Осының себептері неде деген сұрақ туатыны сөзсіз. Әлде "әй дейтін әже, қой дейтін қожаның болмағандығынан"- ба? Қалай болғанда да елдің бұзылу ының, тіліміздің шұбарлануының, мінезіміздің өрескелденуі мен тұрпайылануының бір ұшы осы әйел бой-ындағы дала берген даналық қасиеттердің шетіней бастаға-нынан іздеген дұрыс болар. Әрине бұл жерде басқа да себептердің бар екені сөзсіз, дегенмен де от басындағы тәр-бие көп жағдайда аналарға байланысты екені айдан анық. Өйткені, ана тәрбиесін көріп өскен, ана даналығын бойына сіңірген ұл мен қыз қашанда инабатты, қашанда әдепті болатыны сөзсіз.

Қазақ менталитетіндегі дәстүрлі архетиптердің бірі, ол мүшел жас туралы түсінік. Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айттіайды. Себебі, мүшел жас- қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп үйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады. Әрбір мүшел 12-ден 13 -ке, 24-тен 25-ке, 36-дан-37-ге, 48-ден 49-ға, 60-тан 61-ге қарағанда болады. Мүшел жастан өткенде, қазақ садақа беріп отырған. Садақа беру ритуалын сыртқы қорға-ныс акциясы деп атауға болады. Сонымен бірге бір мүшел-ден екінші мүшелге өткенде, адамның сол мүшел жасына сай ақылы, дүниетанымы, іс-қимылы, мінез-құлқы қалып-тасатыны белгілі. Өйткені әрбір мүшел негізінде адамның физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен қатар мәдени, тарихи факторлардың өзгеру себептері бар. Осы аталған негіздердің сапалық жағынан өзгерістерге ұшырап отыруы тек жеке адам басына қатысты дүние ғана емес, сонымен бірге тұтас халық болмысына да тән қасиет. Мысалға, тәуелсіз мемлекет құрып жатқан қазақ халқы да өз мүшел жасын басынан кешіруде. Оған тән қасиеттер: әлеуметтік-экономикалық, саяси-рухани күйзелістер мен жаңғырулар, құндылықтардың ауысуы, ескі мен жаңаның күресі, жаңа ортаға бейімделу процесстері, жаңа әлеуметтік іс-әрекеттердің моделін қабылдауды жатқызуға болады. Олай болса, мүшел жас тек жеке адам болмысында ғана тән құбылыс емес, сонымен бірге қоғам өміріне де қатысы бар дүние. Бұл құбылыстың да өзіне тән циклы, басқаша айтқанда уақыты, мерзімі бар. Соңғысы көп жағдайда адамдардың дүниетанымының өзгеруіне тікелей байланысты.

Қазақ менталитетінің саяси-әлеуметтік архетиптері де жеке талдауды қажет ететін құбылыс. Енді осы мәселелерге тоқтала кётелік. Бірден басын ашып айтатын нәрсе, ол архетиптердің кешегі социалистік қоғамның саяси-эконо-микалық және идеологиялық ұғымдары мен парадигмала-ры негізінде қалыптасқандығы жөне бүгінгі жаңа қатынастарды қалыптастыруда өзінің кері әсерін тигізіп отырған-дығы. Қанша жаңа экономикалық қатынастар жүйесіне өттік, адамдардың дүниетанымы түбегейлі өзгерді, қазақтар нарықты толығымен қабылдады, сауданы үйренді, демокра-тиялық менталитет пен сананы қалыптастырды дегенмен, сол замандағы қалыптасқан архетиптердің әлі де болса, бүгінгі күні сыр беретіндігі. Мәселен, жалтақтық пен үрей, болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерге сенімсіздікпен қарау, енжарлық таныту солардың белгісі.

Бұндағы басты себептерге ұлт менталитетінде жүріп жатқан мынандай ішкі және сыртқы қайшылықтарды да жатқызуға болады. Олар: ұжымдық сана мен жеке сана ара-сындағы тартыстың әлі де болса "итжығыс" күйінде қалуы, жаңа құндылықтарды тандаудағы дәстүрлік (тоталитарлық) сананың басымдығы, идеологиялық мифтердің сеңі бұзыл-ғанмен оның ызғарының әлі сақталуы, ұжымдық менталитеттің жаңа құндылықтарды таңдаудағы басымдығы, қиын да күрделі құбылыстарды қарапайым қалыпқа салып щешудегі редукционизмнің орын алуы, жеке тұлға мен мем-лекет арасындағы саясиқұқықтық қатынастардың идеализациялаңу процесстерінің әлі де орын алуын айтуға болады.

Сонымен қатар, психологиялық деңгейде ұлт санасын-да орын теуіп келе жатқан индивидуализм мен эгоизмнен туындайтын жаңа архетиптерге сұқтана қарауын жатқызуға болады. "Сен маған, мен саған" - деген принциптің кең етек ала бастауы, қазақ үшін психологиялық үрейдің көзі болуда. Нарыққа дайындықсыз кірген қазақтың әлеуметтік-экономикалық қиыншылық алдывда өзімен-өзі жеке қалуы да социалистік жүйе кезінде қалыптасқан архетиптерден тез арада қоштасқысы келмел жүріп алуының бір көзі деп қарауымыз керек, Оңың үстіне экономикалық реформаны жо-ғарыдан, күштеп зорлықпен жүргізу барысы қазақ халқын әбден тығырыққа тірей түсті. Мәдениет ошақтары мен мектептердің орынсыз сауда объектісіне айналуы, жұмыс-сыздар санының көбеюі, нашақорлық пен жезөкшеліктің бұрын сонды болмаған дәрежеге жетуі, ауылды жерлерде қазақтардың тентіреп ел кезіп қаңғыбастыққа салынуы, қазақ жастары арасында қылмыстың адам айтқысыз түрлерінің орын алуы мемлекетке, оның жүргізіп отырған саясатына деген сенімсіздікті күшейте түсті. Билік көзі халық деген ұғымның жалған екенін, саясат пен экономикадағы адамгершіліктің жетіспей жатқанын қазақтар әбден түсіне бастады. Өттіелі кезеңцегі жағымсыз процесстердің ұзаққа созылуы және оның себеп-салдарының ұлт менталитетіне түскен ауырттіалығы осындай. Бұл саяси-экономикалық реформаны тереңдетудегі, жаңа қоғамдық қатынастар мен құндылықтарды өркениеттілік тұрғысынан қалыптастыру-дағы ең басты кедергі деп түсінуіміз керек.

Тағы бір айта кететін мәселе, ол совет халықтарының (қазақ халқы да бұл үрдістен тысқары қала алмады) архетипіне айналған, әлеуметтік әділет мәселесі туралы түсініктер. Кешегі советтік жүйе, әлеуметтік әділет туралы ұғымды социалистік жүйенің ең басты көрсеткіші ретінде қарастырып, идеологиялық тұрғыдан оған қолдау көрсетіп келгені белгілі. Ал нақты өмірде әділеттілік бұрмаланып әділетсіздік кең орын алып кедді. (Мысалға, ұлт-аралық салмақтың бұзылуы, ұлттық кадрларды орналастырудағы орескел бұрмалаулар, ұлттық тіл аясының тарылуы, ұлттық мектептердің азаюы) т.б.

Дегенмевде, социалистік жүйенің идеологиялық институттары әлеуметтік әділетті мифологизациялауда, және оны архетипке айнадцыруда алдына жан салмады. Бірақ та, әділет гуралы идеологиялық мифтер ұлт санасын көтеруге сәл де болса оң әсерін тигізді. Мысалға, нарықтық экономикаға көшу барысында жіберген өрескел кемшіліктерді көре отырып (өсіресе жекешелендіру саясатындағы) халық оған (при-хватизация) деп айдар тағып, әлеуметтік-әділетті бұзудың басты көзі деп санады. Кейбір жерлерде жекешелендіру нәтижесін қайта қарау керек деген де пікірлер болды. Бірақ, пікір айту барда, оны нақты іске асыру, талап ету бар емес пе? Осы тұста, жеме-жемге келгенде, қазақтың шегіншектегіш менталитеті сыр беріп қалды. "Қүрсыншы тәйірі, қашанғы айта береміз, болған іс болды, енді соған көнеміз де" деген көнбістік психология басым түсіп, қайсарлық танытуға келгенде шамасы келмей жататыны белгілі құбылысқа айналған. Бұндай шегіншектеулік саяси-әлеуметтік мәселелерді, ел мүддесіне тікелей қатысы бар мәселелерді талқылауда байқалып қалады. Солардың бірі жер мәселесін талқылау барысында сыр беріп қалды. Халық қалаулылары "енді не істе дейсіндер, айтып та жазып та жатырмыз" деп дәрменсіздік танытып, дәрменсіздік психологияның құлы болып отырғанын ел көріп отыр.

80-жылдардың басында Америісандық философ Джон Роулс әділеттілік идеясын дамыта отырып, қоғам белгілі бір деңгейде теңсіздікке жол беру керек деген екен. Оның ойынша, теңсіздік адамдардың жағдайын жақсартады. Нарық пен әділет өзара сыйысатын ұғым және оны нарық тұрғысынан шешуге әбден болатынын айтады. Бұл жерде басып айтатын нәрсе, қандай да болмасын теңсіздік мемле-кет тарапынан реттеліп отыруы тиіс. Теңсіздікке жол беру адамдардың әділеттілікке деген сенімін жоғалттіай, құқын толық сақтау негізінде жүргізілуі тиіс. Теңсіздік адамдар-дың еңбекхе деген ынтасын арттыру механизмі ретінде ғана іске асырылуы керек. Осының негізінде бәсеке пайда бо-лып, адам өзінің еңбек қабілетін арттыруға ынталық таны-татын болады. Бұны біз нарық барысындағы қазақ менталитетін шывдаудың бір көзі деп қарауымыз керек. Бірақ нақты өмірде, әділеттілік бұзылып жатса, қазақ бәлендей қинала қоймайтын тәрізді. Көппен көрген ұлы той деп бәріне көнуге бар. "Жұртқа жаманатты болып не керек, қойшы" деп көңшжықпастыққа да беріле салатын кездері болмай қалмайды. Бұл қазақ менталитетінің жағымсыз архетипі. Басты күрес осы бағытта болуы керек.

Ұлт менталитетінің архетиптерін нақты түсінудің бірден бір көзі, ол өзімізді-өзіміз анықтап, ұқсастығымызды теңестірщ алу мәселесі /самоидентификация/. Бұл мәселе қазірп кезде, өте ауыр жүріп жатқан, қайшылықтарға толы мәселелердің бірі. Басқасын былай қойғанның өзінде, тіл төңірепнде осы мәселе қыза түскендей. Күнделікті баспа беттерщде "орыс тілді зиялы қауым", "қазақ тілді зиялы қауым" деп ат төбеліндей бір ұлт зиялыларын екіге бөлу тенденциясы жалғасуда. Бұл жөнінде, өнертанушы Ә Наурызбаева "Бүтін қазақты "қазақтілді" "орыстілді" деп бөлген кезде, біздің оларға қарауымыз - бутербродқа қарағандағы сияқты: май жағылған ба, "май" дейміз, варенье жағылған ба, "варенье" дейміз, немесе т б. Ал бутербродтың табанын-да әркез нан тұратынын көретіндер аз. Менің де бүкіл бол-мысынның негізінде бутербродтың наны сияқты ғасырлар бедерінде сіңген, бабаларымның қанымен келген, анамның сүтшен дарыған ұлттық сезімім, ұлттық мақтанышым тұра-ды деп жазады. Автордың ойына қосыла отырып, шынды-ғында да солай екеніне күмән келтірмей, қосарымыз, соңғы кездері сол бутерброд табанында қазақтың "тапа наны" мен "күлще нанның" орнына, шет елде пісірілген нандарды са-латыны өкінішті. Бұл құбылыс әсіресе қазіргі "жаңа қазақ" атанып жүрген топтар мен жастар арсында кең етек алып отыр. Бұл біріншіден, екіншіден өзін үқсату кез-келген адамның базалық қажеттілігі. Егер, базалық қажеттілік бол-маған жағдайда, адам дүбәрә күйге түседі. Ұлт менталитетінің дәстүрлі архетипі бойынша, қазақ өзін ру-дан тысқары, бөліп қарамаған. Рудан тысқары өмір сұру, өте қиынға соққан. Не көрсе де руы мен бірге көрген Бұл жеке адамның ру мен бірлесуін көрсетеді. Содан "у ішсең де руыңмен" деген мақал қалған. Бүгінде бұндай дәстүрлі архетип ішінара өзгергенмен әлі де сақталған. Тіпті соңғы кездері жаңғырып жатқан да тәрізді. Ал кешегі советтік дәуірде қазақ өздерін жұмысшы, колхозшы, интелигенция топтарына жатқызып, ішінара теңестіріп отырды. Сол әлеуметтік топтарға сәйкес оларда іс-қимыл мен психоло-гия қалыптасты.

Қоғамдық қатынастар жүйесі жіктелген сайын, әлеуметтік топтардың мүдделері мен қажеттері жіктеле түсетіні белгілі. Осындай кезде адамдар әлеуметтік рольдерге ие болып, өздерін белгілі бір топ өкілдеріне жатқыза бас-тайды. Ал соңғысы тек әлеуметтік құндылықтарға деген бірегей көзқарастың ортақтығынан ғана туындап қоймай-ды, сонымен бірге белгілі бір архетиптерге деген ортақ көзқа-растар мен қатынастарды да білдіреді. Архетиптерді тандау, оған деген ішжақындығын білдіру көп жағдайда әлеуметтік орта мен жеке адамдардың біліміне, қабілетіне, жалпы өмірлік позициясына байланысты. Мысалға, социалистік идеоло-гия ұжымдық архетипті қалыптастыруға өз ықпалын тигізгені рас. Ұлттық менталитет тұрғысынан осы мәселеге келетін болсақ, қазақтар ұжымдық архетиптерге әлде қайда жылы шыраймен қарап, тез қабылдауға бейімділік танытып отыр. Біздің ойымызша ұжымдық архетиптің негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың көпшілдік психоло-гиясының жатқаны, көппен көрген ұлы той, жұрттан жы-рылып жалғыз не істейсің, не көрсек те бірге көрейік деген түсініктің жатқаны. Бұл құбылысқа кезінде Абай да ден қойған болатын. Ол өзінің Жиырма ушінші сөзінде, қазақ-тың кейбіреулерінің "... жалғыз біз бе, елдің бәрі де сөйтіп ақ жүр ғой, көппен көрген ұлы той, көппен бірге болсақ, болады дағы деген сөзін жүбаныш қылады"6 - дей түндігін атай отырып, ұжымдық архетиптің психологиялық тамы-рын дәл басқан болатын.

Кешегі социализмнің негізгі тұғыры болған қоғамдық меншік, коллективизациялау саясатының қазақ топырағын-да жеңіске жетуі, ұжымдық психологияны қазақтың жат-сынбай қабылдауының бір тамыры да осында жатса керек. Нарықтық экономикаға көшудің алғашқы жылдарында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлт менталитетіндегі ұжымдық архетипті өзгертудің объективтік және субъективтік базасы қаланбай жатып ұлттық экономикада асыра сілтеулер мен үрандатушылықтың орын алғаны белгілі. Бұл әсіресе жекешелендіру саясатын жүргізу барысында байқалды. Мысалға, Г. Явлинскийдің "500 күн" атты утопиялық эконо-микалық жоспарын айтуға болады. 1994 жылғы кейбір эко-номикалық деректерге сүйенетін болсақ, сол жылдары ауыл шаруашылығында 4,1 мың кәсіпорын жекешелендіріліпті. Оның тең жартысына жуығы сауда, қоғамдық тамақтанды-ру және коммуналдық қызмет орындары. Жалпы ауылша-руашылығындағы жекешелендіруге түскен кәсіпорындардың орташа өзіндік үлесі 22% қүраған. Бұл жерде біздің айтайын деген ойымыз, ұжымдық архетипті бұзудың тоталитар-лық жүйеден қалған әкімшіл-әміршілдік әдістерін пайда-ланужайында.

Қорыта айтқанда, ұлт менталитетіндегі символдық мағынасы бар архетиптерді бүгінгі күн талабына сай жаңғыр-тудың маңызы зор. Ұлт менталитетінде архетиптерді жаң-ғырту, оны өмірдің сұранысына айналдыру мынандай тәрбиелік маңызы бар мәселелерді шешуге өзіндік себебін тигізеді:

Біріншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді жаңғыр-ту арқылы біз қазіргі күні зәру боп отырған ұлттық патри-оттық сезімді қалыптастыра аламыз. Архетиптерді жандан-дыру ол патриоттық сезімді оятатын рухани күш деп қарауымыз керек.

Екіншіден, архетиптерде ұлттық тәрбиенің сарқылмас бұлағы жатыр. Әсіресе оның қазіргі қоғам мүшелерін адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеуде маңызы зор. Сондықтан да имандылықты ұлттың рухани тұрғысына ай-налдыру негізінде осы архетиптер жатуы тиіс.

Үшіншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді жавдан-дыру мен оған қуат беру арқылы, біз қазақтың өзін өзге жұрттіен салыстыра отырып тануына жод ашамыз. Өйткені ұлт менталитетіндегі басты ерекшеліктер көзі осы архетип-терде сақталған.

Төртіншіден, ұлт менталитетівдегі архетиптерді қазіргі күн талабына жарату арқылы салт-дәстүрімізді, тіліміз бен дінімізді қалпына келтіруге де көмектеседі. Совда ғана қазақ ұлтының мәртебесі асқақтай түспекші. Қазақи үрдіс, қазақи дәстүр, қазақи салт, ізгілік пен адамгершілік әр қазақтың іс-қимылында өзінің көрінісін таппақшы. Елдік пен ерліктің, үлкендік пен кішіліктің , кісілік пен кендіктің сара жолы-нан айырылмайтын боламыз.

Бесіншіден, ұлт менталитетіндегі архетиптерді жандан-дыру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге де жол ашылады. Нақтырақ айтқанда, бірлік негізінде, әлеуметтік-тұрақтылықты қамтамасыз етеміз.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Ұлт менталитетінің архетиптері туралы сөз қозғау қиынның қиыны. Дегенменде, қазақ менталитетіндегі архетиптердің мәнін, қызметін, типологиясын, олардың дәстүрлі менталитет пен қазіргі менталитеттегі орнын анықтай отырып, олардың арасындағы сабақтастық пен айырмашылықтарды көрсетудің маңызы зор. Бұл біріншіден. Екіншіден, қазіргі ұлт менталитетінде жаңа заман туғызып отырған ар-хетиптерге баға берудің де қажеттілігі туған тәрізді. Осы тұрғыдан келгенде ұлт менталитетіндегі архетиптерді фило-софиялық тұрғыдан талдау бүгінгі уақыт талабы.Үшіншіден, архетип - бастау, образ деген түсінікті білдіреді. Басқаша айтқанда, архетип - адамның психикасындағы алғы бастаулар бейнесі. Архетип адамзат мәдениетінің, символдарының негізінде априрды түрде қатысып отыратын құбылыс.

Общая информация

Номер материала: 112616052522
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>