Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.

библиотека
материалов


Тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.

Мақсаты: Жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақтада жинақталған суреттер, қанатты сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым » атты кешімізді назарларыңызға ұсынамыз.

(«Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.)

1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші: Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары,

Қатпарында қаншама сыр тықпады?

Шежіренің беттерін ашар о да,

Оқи алсаң кітаптай , сүртіп қанын.

1-жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн , бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар қоңтайшыларының басқыншылық әрекеті еді.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық үшін күресі барысындағы өте елеулі оқиға –Аңырақай шайқасы. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. («Көшпенділер» фильмінен көрініс)


1-оқушы:Ықпаған ығыр заман ыңғайына,

Бозторғай ұя салған таңдайына.

Үш бидің тастап кеткен өсиеті,

Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда.

2-оқушы: Төле бидің монологы:

«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Тұрған жерін тұрақтаған, тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.»

1-жүргізуші: Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктерген тәуекелге бел буған Абылай хан еді.


3-оқушы: Абылай: Азаттық жолы азапты,

Төземісің, әлеумет!

Төзсең егер, әлеумет,

Зорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер ар-намыс.

Шығарар тардан тәуекел.

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы

Болмасын деп қара жер.

Жойқын жаудың жолында.

Жойылмасын деп қайран ел,

Азаттықтың қаны үшін,

Болашақтың бағы үшін

Ұлы жорық бастаймын!

Еремісің, әлеумет!


2-жүргізуші: Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы тарихы арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жан кешті тынымсыз заман еді.

Дос та іздедім жау тисе болысатын,

Қыс қыстатып, жаз бірге қонысатын.

Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым,

Үміт көрдім құдіретті Ресей елін.

1-жүргізуші: Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге құшыратты. Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен билерге, орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Махамбет, Кенесары, Сырым, Есет, Нұрмұханбет бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті.


4-оқушы: Махамбет: Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреп жүрген ер едім.
Исатайдың барында,
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің,
Атаңдай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім.

5-оқушы: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Күн күркіреп, жалт ойнап, жетті түзге,

Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр.

Қойторымен бірақ жүрмін мен әлі.


2-жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мініп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді.

Ендігі жол –қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер, білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларның жолы. Олардың із ашары –ұлы Абай.

6-оқушы: Абай монологы: Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?...


1-жүргізуші: ХХ ғасыр ұлттың ұлт ретінде өзін тануы, ұлттың болашағы не болады деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.


7-оқушы:Міржақып Дулатов: Адасып қараңғыда сорлы қазақ,

Ай тумай, күні һәм шықпай, бір таң атпай.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,

Қазағым, енді жату жармасты.


8-оқушы: Сұлтанмахмұт Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам.

Қараңғылықтың кегіне

Күн болмағанда кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға кірермін.


2-жүргізуші: Қазан төңкерісінен кейін ұлт зиялылары не істеу керек, қалай ел боламыз деп ойын он саққа жүгіртіп, алдымен мемлекетімізді құрып алайық, қалғанның бәрін содан соң болады деп Қазақ автономиясын жариялады. Бұл ұлы қадамның көшбасшылары Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай еді.

9-оқушы: Әлихан Бөкейханов:Азаттық таңы оятты,

Тілекке құдай жеткізді.

Күні кеше құл едік,

Енді бұл күн теңелдік

Біздің іздегеніміз Алаштың аты –бәйгеден келгені.

1-жүргізуші:Алайда бұл қуаныш ұзаққа бармады.

1932-1933 жылдардың ашаршылығында,

1936-1937 жылдардың репрессиясында ,

1941-1945 жылғы соғыста ең көп қырылғаны қазақ еді.

1954-1956 жылдары қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері келіп орныңып жатты.

1970-1980 жылдары тілі мен салт-дәстүрінен айырылып, рухани азғындау күшейді.

1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің бар-жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды. Пленумда Республика басшысы Д. Қонаевты орнынан алып, Республикаға мүлде белгісіз біреу

Г. Колбинді отырғызды.

Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.

9-оқушы:Қайраттың сөзі:
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
«Еркек тоқты - құрбандық»
Атам десең, атыңдар!


2-жүргізуші:1986 жылғы желтоқсан оқиғасы сол кезде «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланып, қазақ жастарына «нашақорлар», «маскүнемдер» деген айып тағылды. Осы әділетсіздіктен қазақ жастарын қорғап, өзінің азаматтық сөзін айта білген халқымыздың патриот ақындары Жұбан Молдағалиев пен Мұхтар Шаханов болды.

10-оқушы: Мұхтар Шаханов: Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның,

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.

Айналайын, айналайын , жас өркені халқымның.

Өсер ұлдың қай сәтте де берік болмақ қалауы,

Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы.

1-жүргізуші: 1986 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялады.

Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген 22 жылдың ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерд, өзіндік даму жолын талдап жасады.Елдің әлеуметтік , саяси экономикалық дамуындағы табыстары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасы ел басқаруда бірден –бір дұрыс стратегиялық бағытты таңдап ала білді.


10-оқушы: Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,

Өркендей түс , аяқталды тозақты күн!

О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...!

Бүгін міне Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

2-жүргізуші: Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым , өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Жаса, жаса мәңгіге туған елім!


Ән: Елім менің.


Оқушылар хормен:

Құлпырған еліміздің ұл - қызымыз,
Әзірге маңдайдағы құндызымыз.
Арасын жермен көктің жалғаушымыз,
Ертеңі жарқыраған жұлдызымыз



























Краткое описание документа:

Тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым. Мақсаты: Жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізу жолында талай боздақтарымыздың  құрбан болғандарын оқушыларға жете ұғындыру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту, Отанды сүюге, құрметтеуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рух қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақтада жинақталған суреттер, қанатты сөздер. Барысы: Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған, сол жолда ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым » атты кешімізді назарларыңызға ұсынамыз. («Сарыарқа» күйі орындалып тұрады.) 1-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 2-жүргізуші: Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары, Қатпарында қаншама сыр тықпады? Шежіренің беттерін ашар о да, Оқи алсаң кітаптай , сүртіп қанын. 1-жүргізуші: Бостандық! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн , бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше тарих беттеріне тағы бір зер салайық. Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар қоңтайшыларының басқыншылық әрекеті еді.Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық үшін күресі барысындағы өте елеулі оқиға –Аңырақай шайқасы. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты. («Көшпенділер» фильмінен көрініс)   1-оқушы:Ықпаған ығыр заман ыңғайына, Бозторғай ұя салған таңдайына. Үш бидің тастап кеткен өсиеті, Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда. 2-оқушы: Төле бидің монологы: «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді. Тұрған жерін тұрақтаған, тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.» 1-жүргізуші: Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктерген тәуекелге бел буған Абылай хан еді.   3-оқушы: Абылай: Азаттық жолы азапты, Төземісің, әлеумет! Төзсең егер, әлеумет, Зорлықты жеңер ынтымақ. Қорлықты жеңер ар-намыс. Шығарар тардан тәуекел. Тәуекелге бел байлап, Қазақтың қайсар намысы Болмасын деп қара жер. Жойқын жаудың жолында. Жойылмасын деп қайран ел, Азаттықтың қаны үшін, Болашақтың бағы үшін Ұлы жорық бастаймын! Еремісің, әлеумет!
Автор
Дата добавления 26.05.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров1077
Номер материала 113298052642
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх