Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Рабочие программы / Ұлт мүддесін ойлаған ұлы тұлға
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Ұлт мүддесін ойлаған ұлы тұлға

библиотека
материалов

hello_html_201fe10f.gif



Ұлт мүддесін ойлаған ұлы тұлға

«Таза - мінсіз асыл тас су түбінде жатады,

Таза- мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады»-демекші, қазақтың қайраткер қызы, жазушы, журналист, педагог, аудармашы, ағартушы, ғалым , өз ұлтының болашағын ойлап шарқ ұрған, кемеңгер тұлға Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова айтылған сөз тіркесіміздің алғашқысына саяды десем, қателеспеспін. Сондай-ақ: -«Су түбінде жатқан тас- жел толқытса шығады, ой түбінде жатқан сөз - шер толқытса, шығады»-дегенді де ұмытпайық. Тарих қойнауынан сыр шертсек, аласапыран заманда небір зұлматтың бәрін көрген қазақ халқымыз мал бағып, көшіп жүргенді ғана білетін, жабайы , надан деген зәбір сөзді де естігенімізді есімізден шығармалық. Сүт бетіне шығатын қаймақтарымыз , халық жауы атанып атылып кеткен, одан қалды бай-кулақ тұқымы деген желеумен тұтқындалып, жер аударылып, бастарын тауға да, тасқа да соғып, жат елге жан тасалағанын жахан жұртшылығы біледі. Тәуелсіздігіміздің туы желбіреп, өзімізге тиесілі еншімізді еншілегенімізге де 23 жыл толды. Су түбінде жатқан , інжу-маржандарымызды жарық дүниеге шығарып, келешек үшін кең насихаттайтын, халге жеттік. Тарих қойнауынан сыр суыртпақтаған сайын, көңіліміз шерленіп, ойымыз он саққа жүгіріп, жүрегіміз бұлқынып, жан айқайымыз күшейе түсетін тәрізді. Нәзипа Құлжанова жалпыға жар салып , сүйіншілейтін, інжу-маржандарымыздың бірі емес, бірегейі.

өз мақсаты, ұлт мүддесі жолындағы күрескер.

Нәзипа Құлжанова жөніндегі ой толғауымның алғашқысын осылай атағанды жөн көрдім. Нәзипа Құлжанова өмірбаянын оқыған кісі осындай тоқтамға келуіне әбден болады. Ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсариннен білімнің бал бұлағына қанған жас шәкірттің ұстазынан үйренгенін халқының болашағы үшін, ел игілігіне жаратуды ойлағаны ұлт мүддесі жолындағы күреске дәлел болардай. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай хәм күшті болуымыз керек. Бай болуға кәсіп керек. Білімді болуға оқу керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»-деп, ақын, әдебиет зерттеушісі ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов айтқан екен. Жас шәкірт Нәзипа осындай ұстанымдарды ұстанып, білім жолында үнемі ізденісте болған. Осының айғағы әкесінің халқымыздың көне дәстүрімен , қалың мал алып, тұрмысқа бермек болғанына келіспей, бас бостандығы , білім алу жолындағы күресте табандылық танытып, өз мақсатына жеткенін айтуымызға болады. Өз мақсатына жету жолындағы күрескерлігіне, ұлт мүддесі жолындағы күрескерлігін қоса ұстануын, дәлелдеу қиын емес. Нәзипа Құлжанованың жары Нұрғали Құлжановтың есімін бұл жағдайда бірге атамасақ әруағы алдында күнәліміз. 2008 жылғы « Қостанай Таңы» газетінің №110 санында жарияланған Құлжановтардың немере туысы, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратқали Қамалұлы «Нәзипа мен Нұрғали» атты мақаласында оқырманға мол мағлұмат берген: « Ұлт мүддесі жолында Енді Құлжановтар қазақ халқы мал соңында өмір кешкен халық емес, олардың да өз салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті бар халық екенін танытуды ойлайды. Сөйтіп өз халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдениеті, әдебиеті жайлы кеш өткізуді жоспарлайды»-дегенді жазады. Одан әрі : «Бұл ана тілінде сауық-кеш өткізу , өлімге бас тіккенмен бірдей еді, себебі демократ жазушы Корпенконың айтуынша, Рессей империясына бодандыққа кірген аз ұлттар өз тілдерінде әдеби кеш өткізуге тыйым салынсын, тыңдамағандарына өлім жазасы қолданылсын деген. Столыпин реакциясының 1910 жылдан бастап дәуірлеп тұрған шағы болатын»-деген айғақтар келтіреді . Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің доценті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология инстетутында «Нәзипа Құлжанованың өмірі және қоғамдық-ағартушылық қызметі» тақырыбында дисертация қорғаған Кәрібжанова Гүлжан Арапқызы да, өзінің Нәзипа Құлжанова жайлы шығарған кітабында осы деректерді келтіреді. Нақақ жала жабылып , ұсталып, халқының арман-мұраты жолында қаза болған, Нұрғали Құлжанов зайыбымен бірге ұлт мүддесін осылай қорғаған. Анық дәуірлеп тұрған заңға мойынсұнбай, губернатормен келісіп, «Қалауын тапса , қар жанады»-дегендей, ұлт мүддесі үшін кеуделерін оққа тосқан күрескерлер екенін ,іс-әрекеттерінен анық аңғарамыз.



Жаңашыл-педогог.

Нәзипа Құлжанованың жаңашылдығын тарқатып айтар болсақ, өз заманында шет елдердің іс-әрекеттерін зерделеп, өмір -тәжірибемізге енгізуді көздегенінен аңғаруға болады. Шет елдер статистикасы бойынша зерттеу жүргізіп, оны қазақ халқымен салыстыруы, ұлт мүддесін көздегендігіне кепіл болады. Мысалы:Финляндияда бір жасқа дейінгі балалар өлімі 100 балаға шаққанда 13 сәби шетінеп кетеді.

Скандинавияда 100 -іне шаққанда, 13-18 сәби шетінейді.

Қазақ халқында туылған 100 сәбидің 44-45 ке дейін сан мөлшері шетінейтінін айғақ қылады. Ұлттың демографиялық дамуын үшін, 20-сыншы ғасырда дабыл қағады. Нәзипа Құлжанованың жаңашылдығына келтіретін деректер баршылық. «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабында Немістің атақты ғалымы, тарихшы Фридрих Фребелъ есімін зор ілтипатпен атайды .Ф. Фребелъ жүйесі зор мақсаттарды көздейді: Бала табиғатын оның еркіндігіне, қимыл-қозғалысына, әр нәрсені білуге құштарлығына дене тәрбиесі мен ақыл-ой тәрбиесінің тұтастығына ықпал жасауды көздейді. Нәзипа Құлжанованың жаңашылдығына тағы бір айғақ: ескіліктің жұрнағы болып, жан ауыртатын әйелдерге байланысты көзқарасты дұрыстауды көздейді. Қазақ қыздарын қалың малға сатқызбау, білім алып толыққанды қоғам мүшесі ретінде қалыптастыру, жөнінде біраз іс тындырған Нәзипа Құлжанова бір еңбегінде ащщы да болса шындықты айтады. «Ел еркегі буаз малды жүкті әйелінен артық қадірлейді»-деген көңілі толмас жәйттерді жасырмайды. «Қоғамды қалыпқа келтіру, дұрыс даму жолына түсудің алғышарты әйел-ананың қоршаған ортадағы орнына байланысты.Күллі әлемге жарқыраған күн сәулесінен, сондай-ақ ананың ақ сүтінен таралып, жетіп адамгершілікке, имандылыққа баулитын, тәрбиелейтін ізгілік жолының бастауы әйел қасиетінде екені анық. «Алып анадан» деген қанатты тұжырымға ел бастаған көсемнің де, сөз бастаған шешеннің де, қол бастаған батырдың да мойынсұнатындығы сондықтан»-дегенді ашып айтқан. Жаңашылдық жалпы халықты жаңа бағытқа жетелейді. Нәзипа Құлжанова осылайша жаңа заманға жаңа әдеттермен бару жолын көрсетеді. Осындай ұлт мүддесін ойлаған педагогтың кейінге қалдырған өсиетіндей сөздері , бұгінгі қоғам сахынасында өзінің айқындығын танытты. Саясат сахынасында болсын, ғылым-өнер саласында болсын, нәзік жандылардың үлес салмағының артуы осындай ұлт мүддесін ойлаған тұлғалардың арқасында болар.

Нәзипа Құлжанова -өнертанушы.

«Ел іші –өнер кеніші»-дегендей, Нәзипа Құлжанова өмірінің біраз кезеңін өнерді насихаттауға арнағанымен де дараланады. Бұл тұрғыда тағы да, Нұрғали Құлжановтай ардақты азамат , ұлт жанашыры, жары Нәзипаға сүйеу болғаны алдымызға келеді. Гимназияда ұстаздық еткен Нәзипа Құлжанова қазақ шәкірттеріне Некрасовтың өлеңдерін жаттатып, дауыс ырғағын келтіріп, айтқызғаны жөнінде деректер бар. Мұқтар Әуезовтың» «Еңілік-Кебек» пъессасын сахыналауға қолғабыс қылғандары, Біржан-Сара» айтысын көрерменге ұсынуының, жүрген жерінде өнер-сауық кештерінің ұйтқысы бола білгендігін зерттеу еңбектер растап береді. Нәзипа Құлжанова орыс География қоғамына мүше болған жалғыз әйел екендігімен де ерекшеленеді. Жаны нәзік әйел заты бола тұра, өз заманының кемеңгеріне айналған Нәзипа Құлжанова жайындағы , ол кісінің адамгершілігін, қамқорлығын көрген қазақ зиялылары, ол кісінің еңбегін тарих беттеріне , тайға таңба басқандай қылып жазып қалдырған. «Жақсының аты –өлмейді,

Ғалымның хаты-өлмейді».

Нәзипа Құлжанованың өз халқының келешегі үшін бар ғұмырын арнаған ұлт жанашыры Небары 47 жыл ғұмыр кешкен . Өкініштісі өз халқына сіңірген еңбегінің зейнетін көрмеген. Бейнеттеніп, өзіне сүйеу болар азаматынан наққақ айырылып , өмірінің соңы көңілге қонымсыз жағдайда аяқталған. Бүгінгі заман ғалымдары осындай інжу-маржандарымызды , ой түбінде жатқан сөзімізді қару қылып, шерімізді тарқатудың сәті түскен заман. Жоғалғанымыз табылып, өзгелерге сүйіншілеуге жағдайымыз келген заман. Бігінгі жас ұрпақ үшін осындай асылдарымызды ардақтап , қалдырған мұраларын өмір тәжірибемізге пайдаланудың қолайлы сәті туды. Әйел затын құрметтеу мәселесі өз шешімін тапқан уақыт келді. Кәзіргі ғылыми тұжырымдар Нәзипа Құлжанованың педогогикалық көзқарастарын жоққа шығармайды. Ұрпақ тәрбиесіне қажетті жағдайлардың барлығы жаңа иновациялық жобаларды пайдалануды мақсат ету, жаңашылдыққа ұмтылудың нақты дәлеліндей. Өз заманында талап-тілектері өзгелер тарапынан қолдау таппаған қазақтың қарлығаш қызы бүгін өз бағасын алуға әбден лайықты. Қазақтан шыққан тұңғыш педогог , журналист , ұлт мүддесін қорғаған күрескер ретінде қандайда бір құрметке лайық тұлға деп білемін. Торғай жеріндегі педогогикалық колледждің Нәзипа Құлжанова есімімен аталуы біз үшін зор мақтаныш. Болашақта өте жақсыға үлгерген студенттерге Нәзипа Құлжанова атындағы шәкіртақы тағайындалса , бұл кісінің есімін жас ұрпақ санасына сіңіру жолындағы жұмыс болып саналар еді. Ең бастысы әзірше ой түбіндегі жатқан сөзімізді халыққа жеткізіп үн қатқан сыңайлы болғанымызбен, ертеңгі күн еншісіндегі шаруалар ол кісі жайлы әлі талай ғылыми ізденістер жасауды тоқтатпағанымыз абзал.

Бағила Балмашева Торғай ағрарлық -техникалық колледжіеің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Арқалық қаласы.

Пайдаланған әдебиеттер: Г. Кәрібжанова «Нәзипа Құлжанова»

«Интеллект» баспа үйі Семей, 2012 жыл.

Қостанай таңы №110 саны Мұратқали Қамалұлы. Ұлы Отан соғысының ардагері. «Нәзипа мен Нұрғали» мақаласы.



Краткое описание документа:

«Таза - мінсіз  асыл  тас  су  түбінде  жатады,  бұл мақалада Таза- мінсіз  асыл   сөз   ой түбінде  жатады»-демекші, қазақтың  қайраткер  қызы,  жазушы,  журналист,     педагог,  аудармашы,   ағартушы,  ғалым  ,    өз  ұлтының  болашағын  ойлап  шарқ  ұрған,  кемеңгер  тұлға   Нәзипа  Сегізбайқызы  Құлжанова   айтылған  сөз  тіркесіміздің  алғашқысына  саяды  десем,   қателеспеспін.  Сондай-ақ:   -«Су  түбінде  жатқан  тас-  жел  толқытса  шығады,  ой түбінде   жатқан   сөз -  шер  толқытса,  шығады»-дегенді  де  ұмытпайық.    Тарих  қойнауынан  сыр  шертсек,  аласапыран  заманда   небір  зұлматтың  бәрін  көрген   қазақ  халқымыз  мал  бағып,  көшіп  жүргенді  ғана  білетін,  жабайы ,  надан  деген  зәбір  сөзді  де  естігенімізді  есімізден  шығармалық.    Сүт  бетіне  шығатын  қаймақтарымыз ,   халық  жауы   атанып  атылып  кеткен,  одан  қалды  бай-кулақ   тұқымы  деген  желеумен   тұтқындалып,  жер  аударылып,   бастарын  тауға да,  тасқа  да  соғып,  жат  елге   жан  тасалағанын    жахан  жұртшылығы  біледі.    Тәуелсіздігіміздің  туы  желбіреп,    өзімізге  тиесілі  еншімізді  еншілегенімізге  де  23  жыл  толды.    Су   түбінде  жатқан ,   інжу-маржандарымызды   жарық  дүниеге  шығарып,    келешек  үшін    кең  насихаттайтын,  халге  жеттік.   Тарих  қойнауынан   сыр  суыртпақтаған  сайын,   көңіліміз  шерленіп,  ойымыз  он  саққа  жүгіріп,  жүрегіміз  бұлқынып,    жан  айқайымыз  күшейе  түсетін  тәрізді.     Нәзипа  Құлжанова      жалпыға   жар  салып ,  сүйіншілейтін,  інжу-маржандарымыздың  бірі  емес,   бірегейі. 
Автор
Дата добавления 28.05.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Рабочие программы
Просмотров758
Номер материала 115027052837
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх