Инфоурок / Школьному психологу / Конспекты / 1-4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау,зейін және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

1-4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау,зейін және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар.

библиотека
материалов

ШЫҒЫС ҚАЗАҚС ТАН ОБЛЫСЫ

Ұлан ауданы

Р.Мәрсеков атындағы қазақ орта мектебі









1-4 сыныптар оқушыларына арналған есте сақтау,зейін және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар.



Түзету-дамыту жұмыстарына арналған


























Молодежный кенті

2009жыл


Бағдарламадағы құрастырылып , жинақталған жаттығулар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға көмек ретінде жалпы білім саласындағы педагог-психологтарына арналған.










































Кіріспе.

Адамға ең бірінші білім емес,

рухани тәрбие берілу керек,

тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,

ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.

(Әл-Фараби)


Балалардың жеке басын дамыту,психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін,ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу- мектеп психологының басты міндеті болып табылады.Бастауыш сынып сатысындағы балалар арасында қарым-қатынас дағдылары қалыптаспаған, оқшауланған,гиперактивті,зейіні тұрақсыз, есте сақтау қабілеті нашар оқушылар өте жиі кездеседі. Осы аталған мәселелер Қазақстанда теориялық тұрғыдан зерттелгенімен практикалық тұрғыда назардан тыс қалып отыр .

Көптеген ,жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жұмыс істейтін психолог мамандарды мемлекеттік тілде қолайлы бағдарламалар болмауы кедергі тудырады .

Қарым-қатынас-балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден –бір фактор болып табылады .Баланың тілін дамыту,байланыстырып сөйлеуге үйрету,сөздік қорын байыту ,ойлауын,есте сақтауын, зейінін жетілдіруі-осының бәрі аталған еңбекте қарастырылып психологтың баламен бірлескен іс-әрекетіне құрылған.

Берілгентапсырмаларды орындау екі кезеңнен тұрады:бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп,баланың қабылдауына ,есте сақтауына ,ойлануына ықпал ететін болса,екінші кезенде ойын,жаттығулар арқылы зейінін тұрақтандырып ,іс-әрекеттітікелей орындау арқылы аталған психикалық процестердің дамуын анықтайды.жаттығулардың бәрі баланың мектепте табысты оқуына ықпал жасайтыны сөзсіз.

Бағдарламаның ерекшелігі : әр сбақтың соңында үйге тапсырмалар беріліп,баланың ата-анасымен бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беріледі.


Тапсырмаларды орындау барысында баланың іс-әрекетті орындауы қатесіз дұрыс болса төменгі мақтау сөздерімен ұштасады:

-Тамаша!

-Жарайсың!

-Жақсы!

-Өте жақсы !







Есті сақтауды дамытуға арналған сабақтар.


Сабақ 1.


Мақсаты: Баланың өз бетімен іс-әрекетін, шапшаңдығын, бейнелі ойлау қабылетімен есте сақтауын дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаш, ақ парақ, түрлі-түсті бояу қарандаш, фломастер.


Сабақ барысы.

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң оларға ойын ұсынылады. «Сәнді қимыл» ойыны. Әрқайсысы өз ойынан қимыл ойлап, бөлме ішінде ары-бері қимылды көрсетіп 2-3 минут жүреді. Кімнің қимылы сәнді? Назар аударғандары ұнаған қимылдарын салып, ойынды жалғастырады.


Сабақұтың мазмұны.

1 жаттығу: «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту».

Мақсаты: Баланың бекйнелі ойлауын жетілдіру.

Жүргізуші: «Мен сендерге мысалдар айтамын, ал сендер әр айтылған мысал сайын көздеріңді жұмып, суреттен көріп оырғандай елестетіңдер».

*Елікке шабуыл жасаған арыстан.

*Құйрығын бұлғандатып тұрған ит.

*Көжеге түскен шыбын.

*Қараңғыда түскен найзағай.

*Сүйікті көйлегіне түскен дақ.

*Күн көзінде жалтылдаған тамшылар.

*Сүйікті ойыншығынды ұрлап бара жатқан досың.

Енді жоғарыда айтылған мысалдарды естеріңе түсіріп, ақ параққа жазып көрсетіңдер. Бұл жаттығуды қолдану арқылы баланың көру есін дамытуға болады.


Сергіту сәті. Көрініс: «Сорғыш және доп»

Мақсаты: жекелей бұлшық ет топтарын жаттықтыруға арналған. Ойынға екеу қатысады. Біреуі үлкен үрленген доп, екіншісі допты сорғышпен үрлейді. Денесі желге толған «доп» аяқтары бүгіліп, қолы, мойыны босап, өзін еркін сезінеді. Басы төмен салбырап, доп ауамен толық толтырылмаған. «Сорғыш» допты үрлей бастайды. Қолдың әр үрлеген қимылы сайын «с» деген дыбыс шығады. Ауа толған сайын қолдары денесінен алшақтап, басын жоғары көтереді. Доп дөп-дөңгелек болып үрленеді, шлангасын ағытып жібергенде күшпен «ш» деген дыбысы шығады.

Денесі қайта босаңсып, бастапқы қалпына келеді. Соңында ойыншылар орындарын ауыстырады.


Сабақ 2.


Мақсаты: Баланың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, кеңістікте бағдарлауын дамытумен қатар зейінін, көру арқылы есте сақтауын дамыту.


Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаштар, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар мен таяқшалар, бояулар мен фломастер.


Сабақ барысы.

Сәлемдесу: сәлемдесу аяқталған соң баланың жігерлілік, табандылық сияқты қасиеттерін дамытуға байлаысты ойын ұсынылады. Балалар шеңбер жасап турады. Олардың арасынан уақытша ойыннан шыға тұратын баланы өздері таңдайды. Ұйымдастырушыны баланың рөлі – ортаға шығып, әртүрлі қимыл көрсетіп, қалғандары сол қимылды айнытпай қайталауы керек. Уақытша ойыннан шыққан бала қайтып келіп, шеңбер бойны тұрып, ұйымдастырушы баланың кім екенін анықтауға күш салады. Егер ол дұрыс танып, атаған жағдайда ойын аяқталады немесе балалардың қалауымен ойын жалғастырылады.


Сергіту сәті. Ойын: «Мен қайдамын?».

Мақсаты: кеңістікте бағдарлауын, есту арқылы қабылдауы мен көру есін дамыту, зейінін аудару.

Жүргізуші: Қазір мен сендермен мынадай ойын ойнамақпын. Сендердің араларыңнан біреу ізкесуші болып сайланады. Біз оның көзін байлаймыз. Ол бөлменің бұрышында тұрады, ал қалғаңдарын бөлменің әр жерінен орын аласыңдар. Балалар өз орындарын тауып болған соң ізкесуші балалардың біреуінің атын айтады. Сол бала тұрған орынан қозғалмастан маңайындағы кез-келген затты тоқылдатады. Ізкесуші дыбыстың шығуна байланысты өзі атын атаған баланың қай жақта тұрғандығын атайды. Дұрыс танып, атаса басқа бала ізкесуші болып сайланып, ойын ары қарай жалғастырылады.


2 жаттығу:

Мақсаты: көру есін дамытуға бағытталған.

Баланың алдына таяқшалар ұсынылады. Бұл таяқшалардан қандай да қарапайым денелер (үй, шаршы, үшбұрыш) жасауға болады. Бала назарын осы денелерге аударып, кейін құрастырылған денелерді жауып қойып, еске түсіруін сұраймыз. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады (түрлі-түсті таяқшаларды қолдану арқылы). Бала түс бойынша таяқшалардың орналасу ретін еске сақтап, өз еркімен құрастыра алуы керек.

Келесі нұсқа: құрастырылған дене таяқшаларын санау арқылы баланың көру есі ғана емес, санау іскерлігі де жетіледі.




Сабақ 3.


Мақсаты: Баланың қарым-қатнас дағдысын қалыптастыру, көпшілік ортада өз-өзін ұстауын, өзіне - өзі сенімділігін арттыру және қорқынышын сейілту. Ес процестерін дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаштар, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар мен фломастер.


Сабақ барысы.

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң ойын ойналады «Серіктер». Балалар бөлме ішінде еркін қозғалып жүріп, қай елге сапар шегетіндерін айтады. Бір – бірін естіген балалар қолдарынан ұстап, бірге жолаушылайық, деп бір мәмілеге келіп, өзара келіседі. Ойынның басты мақсаты да жол-жөнекей өзіне серік табу болатын.


Сабақ мазмұны.


Ойын: «Жазылмай қалған сөздерді орнына қой».

Мақсаты: еске сақтау ауқымын кеңейту.

Мысалы: қант, оқ, жәшік, балық, би, алмұрт. Кейін қатардан бір сөз алынып, сөздер қатары оқылады. Балалар қатардан түсірілген сөзді тауып айтуы керек және реттік санын сақұтауы керек. 3 рет қатардан басқа сөз алынып тасталады. Ал 4 рет қатардағы барлық сөздер алынып қалады.


Сергіту сәті. Ойын: «Тығылмақ».

Мақсаты: Бір-біріне жағымды әсер қалдыру, өзіні-өзі сенімділігін арттыру, қорқынышын сейілдіру.

Ойынның барысы: Балалар өз арасынан бір баланың көзін мықтап байлап, өздері бірінің қолдарынан бірі ұстасып өлең айтады. Соңғы сөзді айтып үлгерместен жан-жаққа бытырып қаша жөнеледі. Ортадағы көзі байланған бала оларды ұсауға кіріседі. Ұстап алға жағдайда көзін шешіп, ойынды басқа бала жалғастырады.


Ойын: «Бейнесіне қарай тану».

Мақсаты: Баланың байқағыштығын, еске сақтауын дамыту. Балалардың қалауымен топтан 5 бала таңдалынады. Біреуі жүргізуші болады. Қалғандары «көрермендер» болып, орындықтарға жайғасады. Олар жүргізушіге өздерінің сыртқы бейнелерін көрсетеді. Жүргізуші мұқият қарап, есіне сақтауға тырысады. Кейін жүргізуші олардың әрқайсысының бейнесін көргені бойынша салып береді.


Үйге тапсырма: Ата-аналарға баламен жұмыс жасау қажет. Есте сақтаудың әдістерін үйрету, мысалдар келтіру, әңгіме оқытып, мазмұндау сияқты тәсілдерді пайдалану.

Сабақ 4


Мақсаты: Баланың байқампаздығын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, жаңалыққа ұмтылу сияқты қасиеттерін дамытумен қатар бейнелік есін, бұлшық еттерін жетілдіруге бағытталған.


Қолданылатын құрал- жабдықтар: ақ парақ, қарындаштар, бояулар, түрлі- түсті қарындаштар, фломастерлер.


Сабақ барысы .

Сәлемдесу. Ойын: «Айна»

Мақсаты. Қарым –қатынасын, байқағыштығын дамыту. Топ ішінен бір бала жүргізуші болады. Ол көз алдына көп айнасй бар дүкенді елестетеді. Жүргізуші бала шеңбер ортасында тұрады, ал балалар шеңбер бойында тұрады. Ол әртүрлі қимылдар көрсетеді., ал «айналар» сол қимылды қайталайды.

Ескерту: Жүргізушінің рөлін барлық бала ойнауға болады.


Сабақтың мазмұны.


3 жаттығу: Бейнелік ойлаудың тура және ұқсас түсінігі.

Мақсаты: Бейне арқылы түсінігін қалыптастыру. Жаттығу екі кезең бойынша өтеді. Осы кезеңде бала көрген бейнесін мықтап есіне қалтыра алмайды. Сондықтан оларға графикалық бейнелерді көрсетуді қолдану керек.

Психолог: «Мен айтқан сөздердің әрқайсысына сурет салып көріңдерші»

Баланың қандай да бір бейнені көру арқылы қабылдап, түйсіну тез әрі жылдам болады. Мысалы: бірқатар топталар үлгісі:


Топтама 1.

Жүк машинасы Ақылды мысық

Ашу Қорқақ бала

Қызықты ойын Қыңыр бала

Ағаш Мамыражай ауа- райы

Жаза Қызықты ертегі



Топтама 2.

Көңілді мереке Қуаныш

Қараңғы орман Ауру

Өкініш Шапшаң адам

Батылдық Қайғы

Саңырау кемпір Самал жел




Топтама 3.

Күмән Қызғаныш

Ерік күші Күн

Табыс Қорқыныш

Жылдамдық Қатал мінез

Адалдық Жақсы дос, жолдас



Екінші кезең мысалдар мен сөздерді ойда сақтаумен сипатталынады.


Сергіту сәті. Көрініс «Байланыс».

Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол бөлмеден шығып, кетеді, ал қалғандары жүргізушінің кім болғандығын табуы керек. Ол туралы мінезіне сәйкес сұрақтар қойылады.

  • Оның мінезі қандай жануарға ұқсайды?

  • Қандай өсімдікке ұқсайды?

  • Қандай тамақ, сусын ішіеді?

Қойылатын сауалдар әртүрлә болғаны дұрыс және жүргізушунің қиялына байланысты. Тек бір ғана ескерту. Баланың кескін- келбетіне байланысты сұрақтар қоюға болады.


Ойын: «Қиялдаған затты беру»

Мақсаты: байқампаздығын, бейнелі ойлауын дамыту. Мысалы: мысықты сипайды, доппен ойнайды. Заттың атауы дауыстап айтылмайды, тез қимылмен көрсетілінеді. Зат барлығының қолынан өтеді, әрбіреуі нендей зат берілгенін қолымен ұстап көріп, сезіне білуі керек.» мамықтай жұмсақ,мысық, тығыз доп). Бұл жаттығу есте сақтауды дамытуға арналған тамаша тәсіл.


Қоштасу.


Үйге тапсырма: Ата-анасымен бірлесіп берілген тақырып бойынша дамыту. Жұмыстарын жүргізу. Есте сақтаудың қарапайым әдістерін ұсыну. Мысалы: бала бірнеше секунд жазу үстелінде жатқан заттарға назар аударып қарап алып, жауып қойып есіне сақтағанын айтып беру т.б. Тағы бір қарапайым әдісті ұсынуға болады: балаға өзін фотоаппарат деп елестетіп, өзін қоршаған заттар мен адамдарды, ситуациялық жағдайларды суретке түсірдеп ұсыныс жасау. Осындай қарапайым әдістерді үйде баламен жасауға болады.





Сабақ 5


Мақсаты: Баланың байқампыздығын, зейінін дамыту, бейнелік ойлау қабілеттерін және есте сақтауын жетілдіру.

Құрал- жабдықтар: қарындаш, ақ парақ, балаларға арналған орныдықтар.


Сабақ барысы.


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен амандасып болған соң ойын ойналады.

Ойын бала белсенділігін дамытуға бағытталған.

Ойын: «Бастапқы жағдай», - деп аталады.

Мақсаты: байқампаздығын, зейінін дамыту.

«Балалар, мен сендерде сергіту жаттығуларын жасауға шақырамын. Әркім өз орындығын тауып орналассын. Менің нұсқауымен «Тұрыңдар» дегенде сендер жылдам орындарынан тұрып, «отырыңдар» дегенде отырулары керек. Барлықтарың бірге тұрып, бірге отыруға тырысыңдар».


Сабақтың мазмұны

3 жаттығу «Бейнелік ойлаудың тура және ұқсас түсінігі».

Мақсаты: Бейнелік ойлау қабілетін дамыту. Екінші кезеңі мысалдар мен сөздерді қағаз бетіне белгілемей ойда сақтауды дамыту.

Психолог: «Балалар, мен сөздерді оқимын, ал сендер осы сөздерді естеріңе сақтауға тырысыңдар және де осы жолы әр сөзге сурет салысыңдар. Ал қазір ақ парақ алып, сөздерді естеріңе түсіре отырып, жазыңдар».


Сергіту сәті. Көрініс «Шансорғыш пен шаң».

Мақсаты: есте сақтау қабілетін жетілдіру.

Жеке сөздерден құрастыру. Ойынға қатысушылардың әрқайсысы кезекпенен кез- келген сөзді айтады. Әркім өзінің ойлаған сөзін айтпас бұрын алдыңғы балалардың айтқан сөздерін қайталауы керек. Нәтижесінде жалпы бір оқиға немесе әңгіме шығуы керек.


Қоштасу.

Үйге тапсырма: Ата-анасымен бірлесіп берілген тақырып бойынша дамыту әдістерін жүргізу керек. Балаңызға карточкадан көрсетілген сандық қатарды көрсетіп, жазылған қалпында қайталауын сұраңыз. Кейін бұл қатар бір санман көбейеді. Бұл максималы сандық өлшемді бала қалай қайталай алады?


6 2

2 8 3

3 7 1 4

6 3 9 1 5

7 1 4 9 2 6

8 4 1 8 3 9 2

Сабақ 7


Мақсаты: Баланың қарым-қатынас дағдыларын, өзара топтық байланысын, есте сақтаумен және қабылдау қабілетін дамыту.


Қолданылатын құрал- жабдықтар: үлестірмелі материалдар, қарындаштар.


Сабақтың барысы.


Сәлемдесу. Балалар бір бірімен сәлемдесіп болған соң белсенді іс әрекетін дамыту мақсатында «Жануарлар» ойыны ойналады. Ойында балалар екі топқа бөлініп, әр топ бір- біріне жануарлар әлемінің көрінісін бейнелеп, кім қандай аңды көрсетіп тұрғандығын тауып жарысады.


Сабақтың мазмұны.


5- жаттығу «Баланың көзге көрінетін нәрсені сезінуі»

Мақсаты: Қабылдай отырып сезінуін жаттықтыру.

Жаттығуды орындау үшін ақ парақ, қарындаш, секундомер қажет. (Төмендегі суретте (28) 12 бейне көрсетілген). Балаға суреттің 1-ші қатарын көру ұсынылады. Қалғаны парақпен жабылады. 30 сек. өткен соң сурет толық жабылып, тек 1- ші қатардағы заттарды есте сақтағаны бойынша салады. Кейін салынған суретті үлгідегі суретпен салыстырады. Ары келесі қатарға өтіп, жұмыс жалғастырылады.


Сергіту Сәті. Ойын «Сәтті социаметрия».

Мақсаты: қысқа мерізім ішінде топ балаларының өзара қатынасын анықтау.

Нұсқа: «Бір- бірлеріңнің қолдарыңнан ұстаңдар (өздеріңе ұнайтын жақсы қарым- қатынастағы).


Ойын: «Баяғыда мысық өмір сүрген екен ...........» .

Мақсаты: есте сақтауын дамыту.

Жаттығу бала ойын толықтырумен сипатталынады. Мысалы:

--- Мына мысық әдемі екен ..........

---- Мына мысық әдемі әрі мамықтай екен ........

----- Мына мысық мамықтай жұмсақ, жасыл көзді ........

Басқа да нұсқауларды да қолдануға болады. Мысалы: «Әжем тәтті нан пісірді. Бұл ............».


Қоштасу:

Үйге тапсырма: ата- анаға баламен берілген тапсырма бойынша жұмыс істеу керек.3-ші топтамада баланың есте сақтау қабілеттерін дамытудың басқа да әдістерін үйрету.( Әңгіме құрастыру, саңдық қатардан бастап, жеңіл сандарды есте сақтау) Мұндай әдістер баланың ұзақ есте сақтауын дамытады.

Сабақ 8


Мақсаты: Қарым- қатынас дағдыларын қалыптастыру, қабылдауын сезінуді дамыту, қорқынышын сейілту және байқағыштығы мен есте сақтау қабілетін дамыту.


Құрал- жабдықтар: үлестірмелі материалдар (абстактілі фигуралар бейнеленген суреттер), карындаштар, ақ парақ.


Сабақ барысы.


Сәлемдесу. Балалар бір бірімен сәлемдесіп болған соң белсенді іс әрекетін арттыруға бағытталған ойын ұйымдастырылады. «Бір ғана әріп». Балалар шеңбер бойында дөңгеленіп отырады. Балалар өз беттерімен бір әріпті таңдап алады. Бөлме ішіндегі бір заттың атауы сол әріптен басталу керек. Әрбір бала өзі таңдап алған әріптен басталатын затты сағат тілі бойынша атайды. Ең соңғы ойыншы таңдалған әріп бойынша затты атай алса, сол бала жеңімпаз атанады.

Сабақтың мазмұны.

6- жаттығу. «Сезімін ояту».

Мақсаты: қабылдауын сезінуін дамыту.

Алғашқыда балаға 4 абстрактілі фигура ұсынылады. Олардың әрбіреуін бала бірнеше минут ішінде көруге тиіс. Кейін фигуралар жабылып, бала ойша көз алдына елестете отырып, фигураларды қағаз бетіне түсіреді.


Сергіту сәті. Ойын. «Тапқыштар».

Мақсаты: баланың көңілін аудару, қорқынышын сейілту.

Балалар екі топқа бөлінеді, бірінің артынан бірі қатарға тұрады. Бұл жарыс ойыны іспеттес. Әр топ ерекше қадамман бірнеше метр жүру керек. Жүргізуші қай жерге дейін жүру керектігін белгілейді. Он аяқты сол аяқтың артына мейілінше алшағырақ қойып, белгіленген жерге жеткен топ жеңімпаз атанады.


Ойын. «Шекарашылар»

Мақсаты: байқампаздығын, есте сақтауын дамыту.

1-ші нұсқа: бөлмеде орындықтар әр жерде рналасқан. Бала (шекарашы) орындықты кез- келген жағынан айналып өте алады, ал басқа бала (топ басшысы) жолды есіне сақтап, жасағын тура сол жолмен алып өтуге тиіс. Кейін шекарашы, топ басшысы болып, басқа да балалар сайланып, ойынды жалғастырады.


Қоштасу.

Үйге тапсырма: Өтілген тақырып бойынша ата-аналарға тапсырма: балаға таяқшалар беріп, қарапайым заттар жасату (үй, шарша, үшбұрыш, жалау,т.б.)

Осы фигураларды жауып қойып,қайталап құрастыруын сұрау.



Сабақ 9

Мақсаты: Қарым- қатынас дағдыларын жетілдіру, есту арқылы есте сақтауын жаттықтыру , өз бетімен зейін аударуын, есте сақтауын дамыту.

Құрал – жабдықтар: балалар орындықтары, қарындаштар, торлы және ақ парақ.

Сабақтың барысы.

Сәлемдесу. Балалар бір бірімен сәлемдесіп болған соң белсенді іс әрекетін арттыруға бағытталған ойын ұйымдастырылады. «Қағаз үстімен жүру». Балалар екі топқа бөлініп, ойын жарыс түрінде өтеді. Әр топта екі парақтан болады.Тек қағазды басыңыздар, ол үшін екі аяқпен бір парақ қағазда тұру керек. Ал, екінші парақты алдына тастау керек. (осылайша белгіленген жерге және қайтар жерге дейін). Барлық топ мүшелері кезекпен жарысады.

7- жаттығу. «Сөздік материалдар».

(көру және есту арқылы есте сақтауларын жаттықтыруға арналған)

Мақсаты: баланың сөздер туралы түсінігін қалыптастыру.

Жүргізушінің сөзі: «Мен сендерге суреттен көрсете отырып, сөздер оқимын. Әр сөздің түр- түсін, иісін, дәмін, дыбысын көз алдына елестетіңдер. Мысалы: тіс сықпасы (пастасы): түрі-ақ, жылтыр, иісі жағымды, дәмі тәтті, қышқыл немесе бірыңғай тәтті».


Қағаз Жүн Етік

Ұя Арба Саусақ

Мысық Шаш Сусын

Дөңгелек Гүл Піл

Таяқ Орамал Сүйіс

Фильм Жас Автобус

Құймақ Бәтеңке Дәрігер

Бақыт Құс Балмұздақ

Әр сөзді сипаттап, бейнесін елестете отырып, ойда қалдыру.


Сергіту сәті. Ойын «Орын беру».

Балалардың біреуі шеңбердің нақ ортасында орындыққа отырады. Қалғандарының міндеті- ешқашандай күшке бармай жүргізуші баланың орнын алу. Бұл жаттығу балалардың қызығушылығын арттырады және де өте жақсы жаттығу болып табылады. Сондай-ақ басқа адамдардың сеніміне кіру сияқты қасиеттерін арттырады. (сұрау, көндіру, сендіру) Жүргізушіге сұрақ қоюға болады. «Неге тек осы балаға орындығыңызды бердіңіз, ол бала қандай қасиетімен сізге ұнады?,- деген сияқты сұрақтар қойылады.


Тапсырма: «Есту диктанты».

Мақсаты: өз бетімен есте сақтауын, зейінін дамыту. Балалар тапсырма нұсқауларын тыңдап, шарттарын орындауға тиіс. Мысалы:1шарт) 5үй әртүрлі мөлшердеегі,2 шарт) 4үй ең кішкентайы, 3) 2-ші үйдің төбесінде мұржа,4) ортаншы үйдің терезесі шар тәріздес.

Қоштасу.

Үйге тапсырма: үйде баланың өз бетімен істейтін әрекеттерін дамыту.

Сабақ 10


Мақсаты: Қарым-қатнас дағдыларын қалыптастыру, көру есін жаттықтыру, тұтастай қабылдауға үйрету, өз бетімен әрекет етуге баулу, жыдамдығын, байқампаздығын, ұжымда бірлескен іс-әрекетін дамыту.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қарындаштар, дәптерлер, сіріңке, магнитофон.


Сабақ барысы.

Сәлемдесу. Ойын «Жаңылыс».

Мақсаты: баланың белсенділігін арттыру, есте сақтау қабілетін жетілдіру. Топтың ішінен жүргізуші сайланады. Оның көзі байланып, теріс қарап турады. Қалған балалар бірінің қолынан бірі устап, шеңбер жасап тұрады. Олар ұстасқан бойы шеңбер бойымен жүреді, айналады. Сонымен шатасып, жаңылысып, бүтін «оралған жіпке» айналады. Жүргізушінің міндеті: «оралған жіпті» ажырату. Осындай сергіту жаттығулары балалардың топтағы ұйымшылдық қасиеттерін дамытуға бағытталады.


Сабақтың мазмұны.

8 жаттығу. «Фигуралар».

Мақсаты: көру есін жатттықтыру.

Балалар жұптарға бөлінеді. Алдымен жұптағы баланың біреуі үстел үстіне сіріңкені жайып, парақпен жауып қояды. 1-2 секундқа ашып, құрастырылған фигураны досына көрсетеді. Екінші ойыншы көзін жұмып, қанша сіріңке жұмсалғанын санауға тырысады. Көзін ашып, сіріңкенің орналасу дұрыстығын тексереміз. Кейін ойыншылар рөлдермен алмасады.


Сергіту сәті. Ойын «Ән».

Мақсаты: баланың мазасыздығын сейілту, көңіл-күйін көтеру.

Балалар шеңбер жасап, орындықта отырады. Шеңбердің ортасына жүргізуші шығып «Біз бәріміз бірге өзімізге жақсы таныс бір әнді айтып көрейік. Бұл ән екі шумақтан тұрады». (Егер керек болса сөздерін еске салу). Жүргізуші ойын ережелерін еске салып өтеді: «Мен шапалақ ұрғанда әнді айтуды бастймыз», ал екінші шапалақ ұрғанда ән жалғасады (ойы бойынша, өз ішінен ), ал үшінші шапалақта барлығы бірге дауыстап айтады.


Тапсырма. «Көру диктанты».

Мақсаты: көру арқылы қабылдауын дамыту. Баланың көру арқылы қабылдауына тақтаға немесе карточкаға жазылған сөздер ұсынылады (1 секундта 1 әріп). Кейін сөздер жабылып, қатысушылар берілген тапсырманы естеріне сақтағаны бойынша орындайды.


Қоштасу.

Үйге тапсырма: Өтілген тақырып бойынша ата-аналарға тапсырма: таяқшаларды санату, фигураны құрастыру сияқты жаттығулар баланың көру есін ғана емес, санау іскерліктерін де жетілдіреді.


Зейінді дамытуға арналған сабақтар

  1. сабақ


Мақсаттары: коммуникативті дағдыларды, зейіннің көлем, ауысу, тұрқтылық концентрациясын дамыту.

Құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал, (корректуралы проблемалардың бланкілері), қарындаштар, өшіргіш, магнитофон.

Сабақтың барысы.


Сәлемдесу. Балалар амандасып болған соң, «Бұлақ» ойынын ойнауды ұсынуға болады. Бұл үшін балалар өз еріктері бойынша жұптарға бөлінулері керек. Жұптар қол ұстасып бір-бірінен соң қатар-қатар орналасады да, қолдарын жоғары көретіп шатырша құрайды. Ойын бастаушы шатыршаның астынан өтіп бара жатып өзіне жұп алып кетеді. Жаңа пайда болған жұп қатардың ең соңына орналасады. Жалғыз қалған бала шатыршаның ең басынан қайта кіріп өзіне жаңа жұп таңдайды. Бұл ойын социометриялық процедура болып табылады, өйткені әр бала үшін эмоциональді мән бар.

Сабақтың мазмұны.


1 жаттығу. Корректуралы проба «Қыздар»

Мақсаты: балалардың белсенделегін арттыру үшін ұйымдасқан қызмет жасауға кірістіруге дайындау.

Жүргізуші: «Балалар, мен сендерге би билеуді ұсынамын. Дөңгелектеніп тұрайық. Алдымен қайсыларыңның ырғақ сезу сезімдерің жақсы дамығанын анықтауымыз керек». Музыка ойнатылады. Жүргізуші бидің түрлі қозғалыстарын жылдам көрсетеді, ал балалар оларды айнытпай қайталауға тырысуы керек. Ойын аяғында ең жақсы биші анықталады.


«Не өзгерді?» ойыны.

Мақсаты: Зейіннің ауқымын дамыту.

Жалпы принцип: өзгертулер енгізу. Өзгертулердің саны алдын-ала айтылады.

4 жаттығу нұсқада өткізіледі. Алдыңғы сабаққы қарағанда бөлмеде не өзгерген? (сабақ, күн...)?


Заттардың орналасуында не өзгерді?

Сәулет өнерінің ескерткіштерін, көркем шығармалардың суреттерін пайдаланған кезде оларды алдын-ала талқылау балалардың эрудицияларының көтерілуінің кепілі болады. 10 секунд ішінде (дағды артқан сайын уақыт азайтылады) қатар-қатар орналасқан сураттерді құрастыру ұсынылады.

Шеңберде не өзгерді?


Ойынға қатысушылар шеңбер құрап отырса келесі нұсқаны пайдалануға болады. Жүргізуші үнсіз түрде (қолдиң қимылымен) ойнаушылардың орындарын ауыстыруларын нұсқап көрсетеді. Кейін жүргізуші бастапқы орналасу ретін қалпына келтіруі керек.

  • Сабақтың рефлексиясы

  • Қоштасу

  • Үйге тапсырма: Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек. Зейіннің тұрақтылығын арттыру үшін балаңызға газет – журналдардың мәтінін беріп оның әр жолын қарап шығып ондағы бір әріптің астын сызуды ұсыныңыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз. Нәтижелерді күнделікті бақылап, кестеге белгілеп отырыңыз. Нәтижелердің артып отыруына сараптама жасаңыз.



2- сабақ


Мақсаттары: Оңды өзгерісті «Мен» бейнесінің қалыптастыру: кеңестік бағдарлауын, көру арқылы еске сақтауын, зейіннің есту арқылы қабылдауын дамыту; зейіннің көлем, ауысу, тұрақтылық концентрациялануын дамыту, көру- қозғалу концентрациясын дамыту.

Құрал жабдықтар: үлестірмелі материал «корректуралы пробалардың бланкілері), қарындаштар, өшіргіш, қызыл, көк түсті доптар.


Сабақтың барысы.

Сәлемдесу: Балалар амандасып болған соң ,»болғым келеді ойының ойнауды ұсынуға болады. Бұл ойын балаларға адам мінезіндемұндай қасиеттің болуын не себепті қалғанын түсіндіріп айтады.

Сергіту сәті: «Футболист» ойыны.

Мақсаты: кеңестікте бағдарлауын, көру арқылы есте сақтауын, есте арқылы қабылдауын және зейінін дамыту.

Ойыншылар ішінен футболист таңдалады. Ол бөлменің ортасына шығады. Оның көзі жабылған. Бір бала футболистке нұсқау беретін болады. Ол балаға допты дәл тебу үшін қай бағытта жүру керектігі жөнінде бағыт- бағдар береді.

Сабақтың мазмұны

2-жаттығу. «Кодтау» (Векслердің мәтіні бойынша сәл өзгертулермен) 1-10 дейінгі таңбалар жазылған бланк беріледі. Барлығы 5,10 саннан. Сандарды белгілі Жұлдыздармен кодтаудың үлгісі беріледі.

«Екі- үш буын» ойыны.

Мақсаты: зейінді, сөйлеуді, ойлаудың жылдамдығын дамыту. Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші допты кездейсоқ ретпен балаларға лақтырып түбір сөз айтады. Ал балалар допты қағып алып сөзді әрі түрлендіреді..

Доп қызыл болса- (үй- үйлер)

Доп көк болса- (үй үйшік)


Сөздердің нұсқалары.

Бақ, бұта, мұрын, жапырақ, саңырауқұлақ, үстел, пышақ, шар.

Еден, мысық, шкаф, піл, емен, аға, ауыз, тіс.

Сағат, кесе, тиын, көз, қолшатыр, көже, сандық.

Сабақтың рефлекциясы.

Қоштаск.

Үйге тапсырма.

Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек. Зейіннің тұрақтылығын арттыру үшін балаңызға газет – журналдардың мәтінін беріп оның әр жолын қарап шығып ондағы бір әріптің астын сызуды ұсыныңыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз. Нәтижелерді күнделікті бақылап, кестеге белгілеп отырыңыз. Нәтижелердің артып отыруына сараптама жасаңыз.


3-сабақ


Мақсаты: Өзара әрекеттесуге, бір- бірімен жақсы қарым- қатынаста болу дағдыларын қалыптастыру,зейіннің көлем,ауысу, тұрақтылық концентрациясын дамыту, қимылдардың еріктілігін дамыту, реакциялардың жылдамдылығын , бақылағыштықты, ұйымдасып жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Құрал жабдықтар: үлестірмелі материал, (корректуралы проблемалардың бланкілері «Адамдар»), қарындаштар, өшіргіштер, ватман, орындықтар)

Сабақтың барысы.


Сәлемдеу: Балалар амандасып болған соң, «Бірлесіп сурет салу» ойынын ұсынуға болады. Әр оқушы тақтаға алдыңғы салынған сызықтарға қатысы бар 1 сызық жүргізеді. Нәтижесінде ортақ сурет шығады. Ойыншылар суретті талқылайды.Суреттің тақырыбын белгілеу керек.


Сергіту сәті: «Бұлай отыру қызықсыз» ойыны.

Мақсат:қимылдардың еріктілігін дамыту, реакциялардың жылдамдылығын, бақылағыштықты , ұйымдасып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Қарсы қабырғанның бойында балалардың орындықтар тұр. Олардың саны бала санынан біреуге кем. Балалар келесі қабырғанның бойындағы орындықтарға тез арада жетіп орыналу тиіс. Орындық жетпей қалған бала ұтылады.

Кеңестер: Тақпақ аяқталмай тұрып қозғалуға ,бірін-бірі итеруге , орындыққа бірінші болып отырған баланы тұрғызуға рұқсат бермеу керек.

Мына отырыс қызықсыз,

Бір- бірімізге қарай беру қызықты емес.

Өзгерістің сәті келді.

Орындарымызды ауыстырайық.

Содан кейін балалар қарама- қарсы қабырғанның бойындағы орындықтарға тез арада жетіп орын алуға тиіс. Орындық жетпей қалған бала ұмтылады.

Кеңестер: тақпақ аяқталмай тұрып қозғалуға, бірін- бірі итеруге , орындыққа бірінші болып отырған баланы тұрғызуға рұқсат бермеу керек.

Сабақтың мазмұны.


3-жаттығу:Корректуралы проба: «Адамдар».

Әр қатарда тоғыздан орналасқан адамдардың суреті беріледі. Олардың айырмашылығы қолдарын, аяқтарын, әртүрлі етіп ұстауларында.

Тапсырмалардың нұсқалары:

Бір аяғына сүйеніп тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)

Бір аяғында тұрып қолдарын жан-жаққа сермеп тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)

Аяқтарын алшақ басып, қолдарын жан-жаққа сермеп тұрған адамдарды боя(

(астын сыз, штрихте, сана)

Аяқтарын бір-біріне жақын қойып, қолдарын төмен салбыратып тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)

Тапсырмалардың басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Суреттегі адамдардың бастарын моториканы дамыту үшін штрихтеуді ұсынуға болады.


«Кім көбірек заттарды көріп, есіне сақтай алады» ойыны.

Мақсаты: зейіні мен ескуе сақтауын дасыту.

Тапсырма: жүргізуші 30 дейін санап болғанша балалар бөлмедегі құрамы екі буыннан тұратын заттардың атауларын естеріне сақтаулары керек. Отыз саны аталғанда балалар көздерін жұмады. Бір бала есіне сақтаған барлық заттарды айтып шығады. Ал қалғандары оны толықтырады. Енді бәрі көздерін ашып айтылмай қалған заттарды санайды.


Сабақтың рефлексиясы.

Қоштасу.

Үйге тапсырма: Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек, зейінді дағдылдандыру үшін нұсқауды өзгерту керек. Мысалы: әр жолдағы «а» әрпін сызып таста, ал «б» дыбысының астын сыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз.


4 сабақ.


Мақсаттары: оңды түрдегі «Мен» бейнесін дамыту; іс-әрекеттердің іс жоспарын, ерікті зейінді дамыту; көру, қозғалу координациясының концентрациясын дамыту, зейіннің бөлінуін, тұрақтылығы, көлемін дамыту, бақылағыштығын дамыту.

Құрал- жабдықтар: үлестірмелі материал (кодтау тасырмалары бар бланкілер) қарындаш өшіргіш.

Сабақтың барысы


Сәлемдесу: Балалар амандасып болған соң «Мен өзімді ........ үшін жақсы көремін» ойыны ойналады. Бұл ойын балаға өзініңмінез- құлқындағы жақсы қасиеттерін түсінуге көмектеседі. Бала өзіне ұнайтын қасиеттерді атайды, бұл ойнның мәні болып табылады. Кейін балалар өздерінің мінездеріндегі алаңдатушылық тудыратын қасиеттерді атайды. Да, оларға сараптама жасайды.


Сергіту сәті «Тыңда да орында» ойыны.

Мақсаты: Іс-әрекеттерін іштей жоспарлауын, ерікті зейінін дамыту.

Жүргізуші бірнеше іс- қимылды атайды, бірақ көрсетпейді. Тапсырманы 2 рет қайталайды. Кейін балалар осы тапсырманы жүргізуші көрсеткен бастапқы ретпен жаңғыртулары керек.

  1. Басын оңға бұру, бастапқы қалып.

2.Оң қолын жоғары көтеру, сол қолын жоғары көтеру, қолдарын

жерге түсіру.

3.Оң аяғын көтеру, денесінің салмағын сол аяғын түсіру, оң аяғын жерге тіреу.

Ескерту: бірнеше ойынды жүргізуші рөлін мұғалім не алдын-ала дайындалған бала ойнау керек. Бірінші ойында балаларға бірден 4 тапсырманы беруге болмайды. Алдымен 2 тапсырманы беріп көріп бақылау керек. Жақсы орындайтын болса келесі екеуін беруге болады.

Сабақтың мазмұны


4- жаттығу. Кодтау 2. (Векслердің тестінен өзгертулермен)

Мақсат: көру қозғалу координациясының концентрациясын дамыту, зейіннің бөлінуін, тұрақтылығын, көлемін дамыту, бақылағыштығын дамыту. Балаларға тек үлгіде көрсетілген әріптерден тұратын сөздер беріледі.Балалар әр сөздің астына цифрларды жазады, сөзді әріптермен емес сандармен жазады. Мысалы: АЛМА- 9854

Сөздерді үлгіде көрсетілгендей жаз (бланк үлгісі бар 22 сурет)

«Тірі сурет» ойыны

Мақсаты: бақылағыштығын дамыту, көлемін дамыту.

Жүргізуші не балалардың біреуі ойынға қатысушылардан топ құрайды. «Тірі суреттің» сюжеті болуы да болмауы да мүмкін. Ойын бастаушы 30 секунд ішінде мүсінді қарастырады да теріс қарайды. Суретке алдын –ала айтылған өзгертулер кіргізіледі. (2 ойыншы орындарын ауыстырады, үшіншісі жоғары көтерген қолдарын төмен түсіреді, төртіншісі басқа жаққа бұрылады., барлығы 3 өзгеріс. Ойын бастаушының мақсаты суретті бастапқы қалпына келтіру.

Сабақтың рефлексиясы.


Қоштасу.

Үйге тапсырма: Ата-аналар баламен осы тақырыпты үйде қайталаулары керек Зейіннің бөлінуін, аысуын жаттықтыру үшін келесі тапсырманы беруге болады. Егерде «а» әрпінің алдында «н» әрпі тұрса «а» әрпән мүлде сызып таста, ал «а» әрпінің алдында «л» әрпі тұратын болса онда «а» әрпінің астын сыз. Уақыт пен қателер санын қадағалап отырыңыз.

Бланк

Рнаисманнапрадалджждлшгнекалрнакепммроллднаьтолаапаланпроиирналмсавкуевпанрпогншалимппалдпгеопрнкпананнананаалдпгенкнаалоррртпнернаисманнапрадалджждлшгнекалрнакепммроллднаьтолаарпненаалдоррр



5- сабақ

Мақсаттары: Топта жұмыс істеу дағдарысын дамыту; ерікті қимылдарады, реакциялардың жылдамдылығын, координациялық қабілеттерді, образды бейнелеуді дамыту; зейіннің тұрақтылығын, концентрациясын, көлемін дамыту.

Құрал-жабдықтар: үлестірмелі материал, (алдын-ала сызылған 64 торкөзден тұратын бір парақ қағаз) қарындаш, өшіргіш.


Сабақ барысы:

Сәлемдесу: Балалар амандасып болған соң, «Электор тоғы» ойынын ойнауға болады. Балалар қол ұстасып шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші шеткері тұрып ойынның барысын бақылайды. 1-ойыншы оң жағындағы көршісінің қолын қатты қысады. Ойын осылар жалғаса береді. «Тоқта» белгісі берілгенде ойын тоқтатылады. Жүргізуші қолды қысу арқылы импульс беру қай ойыншыда тоқтатылғаннан табуы керек. Егерде ол дәл тапса анықталған ойыншы жүргізуші рөліне көшеді. Жүргізуші қаталескен жағдайда ол әрі қарай ойын бастаушы болып қала береді.

Сергіту сәті «Молкекулалар»

Мақсаты: Ойыншылардың өздерін еркін ұастауына, бір-бірімен жақсы қарым-қатнас құруларына көмектеседі.

Таптағы ойыншылар (атомдар)бей-берекет қозғалыста болады.

Жүргізушінің белгісі бойынша олар молекулаларға бөлінеді (2-5 атом). Бұған 10 секунд уақыт беріледі. Молекула құрамына кіре алмаған балалар ойыннан шығады. Жүргізуші ылғи да бір ойыншы артық қалатындай етіп тақ санды атауы керек.


Сабақтың мазмұны:


«Зейін сарайы» ойыны.

Мақсатары: зейіннің тұрақтылығын, концентрациясын, көлемін дамыту.

Екі бала торкөз парақтарға әрқайсысы 64 шаршыдан сызады. Шаршының контуры солдан оңға қарай горизонталь бойынша, жоғарыдан төменге вертикаль бойынша әр топтың жанына біріңғай 1-8 дейінгі сандарды қойып шығады. Контурдың ішінде бірінші ойыншы «Зейін сарайын» берлгілейді де лимон бедерін келтіріп «Зейін сарайына» апаратын жолды белгілейді. Жол кез келген бағыттарды жүруі мүмкін. Бір ережені қатаң түрде сақтау керек. Әр адым тек қана торлардлың ортасынан басталып ортасынан аяқталады. Сызба өз-өзіне қиысуы керек. (23-сурет) бірінші ойыншы өзі белгіленген жолды екінші ойыншыға көрсетеді де (20-30 секунд) парағын тығып қояды. Екінші ойыншы алдыңғы ойыншының салған жолын есіне түсіріп өзінің парақтарындағы торларға сызады. Оған жолдың басталатын және аяқталатын жерлері көрсетіледі. Торлардың орналасуы ретін анықтау үшін алдымен горизонталь орналасқан санды айтып содан вертикаль орналасқан санды атайды. Екінші ойыншы бірінші ойыншының жолы өтуі мүмкін деген сандарды (координаттарын) атайды да екеуі бірдей сол сандарды өздерінің парақтарына белгілейді. Екінші ойыншы қателескен болса бірінші ойыншы оған бағыттан тайғаны туралы айтады. Егерде ол Зейін сарайына жетпей тұрып 5 қателік жасаса ойыннан шығады. Ойын біткенде балалар рөлдерін ауыстырады.


«Сөзді аяқта» ойыны.

Мақсаты: Зейінді, сойлеуді, еске сақтауды, топта жұмыс істеуді дамыту.

6-10 бала екі шеп қатар құрып бір-біріне қарсы тұрады. Шептің соңында тұрған бал кез келген бір буынды атайды.. оған қарсы қатарда тұрған бала алдыңғыға сәйкес келетін буыды атайды. Осылайша ойын жалғаса береді.


Сабақтың рефлексиясы.

Қоштасу.


Үйге тапсырма. Ата-аналар осы тақырыпты үйде қайталаулары керек. Зейіннің тұрақтылығын, ауысуын жаттықтыру үшін балаға келесі тапсырманы беруге болады. Егерде «а» әріпінің алдында «д» әріпі тұрса «а» әріпінің астын сыз, ал «а» әріпінің алдында «ж» әріпі тұратын болса, онда «а» әрпін сызып таста. Уақытты, қателер санын қадағалап отырыңыз.



6-сабақ


Мақсаттары: сыныптастарына жақсы көзқараста болу, олармен жақсы қарым қатынас орнату дағдысын қалыптастыру, көру зейінінің тұрақтылық концентрациясын күшейту, ерікті зейінді дамыту.

Құрал-жабдықтар: секундомер, «Шатастырылған сызулар» бланкілері, қарындаш, өшіргіш.

Сабақтың барасы:

Сәлемдесу.

Ойнаушылар шеңбер бойымен тұрады.

Нұсқау: «Бүгінгі сабақұты бір-бірімізге жақсы лебіздер білдіріп, тілек айтудан бастайық. Оны былайша істейміз: біреулерің басқа бір баланың жақындар барып, амандасып, оған бүгін қандай тілек тілейтіндеріңді айтасындар». Осылайша әр балаға тілек айтылғанға дейін ойын жалғаса береді.

Ергіту сәті: «Айдаһар өзінің құйрығын тістейді» ойыны.

Көңілді әуен қосылады. Балалар бір-бірінің артына тұрып қолдарын алдында тұрған баланың иығына қояды. 1-бала айдаһардың басы. Соңғы ойыншы айдаһардың құйрығы, басы құйрығын ұстап алуға тырысады. Ал соңғы бала ұстатапауға тырысады.

Кепілдеме: бұл ойында әр балаға жүршізуші болу кезегі тиюі керек. Ойын кезінде балалар бір-бірінен айырылмай ұстаулары керек.


Сабақтың мазмұны:

5-жаттығу. «Шатастырылған сызулар»

Мақсаттары: көру зейіннің тұрақтылығын, концентрациясын күшейту. Жаттығу жекелей де топпен де өткізілуі мүмкін. Жұмыстың басында балаларға тапсырма хабарланады: «Сендердің алдарыңда бірнеше шатастырылған жолақтардығ сураті бар парақтар жатыр. Жолақтардың әрқайсысы аолдағ оңға қарай басталады. Мақсаттарың: әр жолақты солдан оңға қарай бақылап, ол аяқталатын торға өзінің цифірін қою. Бірінші жолақтан бастайсыңдар. 24-сурет».

Берілетін жолақтардың саны оқушылардың дайындықтарына байланысты болады. Тәжірбие олардың 5-8 болуын көрсетеді. Алдыңғы кезде балаларға жолақтарды қарындаштың не саусақтың көмегімен қарастыруға рұқсат берігк болады. Кейін көзбер бақылаулары керек.

Бұл жаттығу 2 нұсқада өтуі мүмкін:

-уақытқа шектеу қойылмайды, (тапсырманы орныдап болған бала қолын көтерген кезде мұғалім оның уақытын арнайы толтырылатын бланкіге жазып қояды).

-уақытқа шектеу қойылады. (мұғалім «тоқта» белгісін бергенде балалар бірыңғай жұмытраын аяқтайды).

Нәтижелер келесі әдіспен сарапталады. Уақыт шектелетін нұсқада нәтижелерді сараптау дұрыс табылған жолақтармен санаумен шектеледі, келесі нұсқада тапсырманы орындауға кететін уақыт те ескеріледі. Бұл кезде тапсырманы қалай орындағандарына назар аударылады.


Ж=Ух

Т-тапсырманы орындауға кететін уақыт (мин).

-жолақтар саны.

-дұрыс табылған жолақтар саны.


«Аңқаулар» ойыны.

Мақсаты: ерікті зейінді дамыту.

Ойнаушылар қол ұстасып шеңбер бойымен жүреді. «Ж» белгісі бойынша тоқтап 4 рет шапалақтайды да бір айналып қозғалысты ары қарай жалғастырады. Қозғалыстардың бағыты «Ж» белгісі бойынша өзгеріп тұрады. Тапсырманы дұрыс орындамаған бала екінші қателіктен кейін шеңберден шығып ойынды мұқият бақылайды.


«Қай бала кімнің рөлін ойнайды?» ойыны.

Мақсат: зейінді, қиялды, ойлауды, сөйлеуді дамыту. Балалар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші әр балаға кезекпен сұрақ қояды.

«Кім болады?», «Не болады?»

Жұмыртқа, балапан, ер бала, жаңғақ, уылдырық, құрт, ұн, темір, кіргіш, мата, оқушы, мұғалім, қыз бала, бүршік, күшік, жүн, тері, бұзау, тақта, балапан, лақ, қозы т.б.


Сабақтың рефлексиясы.

Қоштасу.

Үйге тапсырма: қайталау. Зейінді бөлшеутеуді дағдыландыру үшін оған келесі

тапсырманы орынды ұсынуға болады: бала сандары кері тұрып сіз көрсететін қарапайым дене шынықтыру жаттығуларын қайталап тұруы керек



7-сабақ.



Масаты: коммуникативтік дағдыларжды дамыту; көру зейінінің концентрациясының тұрақтылығын күшейту, қабылдаудың таңдаушылығын дамыту, зейінді тұрақтандыру, қызбалылықты жою.


Сәлемдесу. «Сақина» ойыны.

Мақсаты: коммуникативті дағдыларды дамыту.

Жүргізуші таңдалады. Оған «Сақина» беріледі (кез келген ұсақ зат). Ойыншылар алақандарын ішкі жағымен қаратып бір-біріне түйістіріп ұстап қатарға тізіліп тұрады. Жүргізуші қатардағы барлық балалардың алақанына өзінің алақандарын түсіре отырып, ешкімге білдіртпей «сақинаны» тастап кетеді. Бұдан кейін жүргізуші ортаға шығып: «Алтын зерлі сақина жарқырап бір көрінші, - » деген кезде сақинаны жасырған бала алға шығады. Ал қалғандары оны ұстап қалуға тырысады.

Сергіту: «Доп ойнау» ойыны.


Сабақтың мазмұны:

7 жаттығу: «Жануарлар» ойыны.

Мақсаты: көру зейінінің шоғырлануын, тұрақтылығын дамыту, ауысуын дамыту, көлемін ұлғайту, қабылдауының таңдаушылығын дамыту.

Тапсырма топпен де жеке түрде де өтуі мүмкін. Ереже суретте жасырынып тұрған жануарларды санап әрқайсысының атывн параққа жазып қою.

«Минут» ойыны.

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту, қызбалылықты жою. Жүргізуші балалардан ойша 1 минутқа тең болатын (60 секунд) уақытты санау ұсынылады. Уақыт өткенде балалар қолдарын көтереді. Жүргізуші секундомердің көмегімен шынайы уақытты өлшеп, қате саналға уақытты санайды.

Сабақтың рефлексиясы.

Қоштасу.

Үйге тапсырма: «Поездде»

Мақсаты: сөйлеу – қозғалу зейінін дамыту.

өлеңдегі ұйқастар тармақтың аяғында келеді. Сондықтан әр тармақтың аяғында 2-3 рет қол соғады.

Бір дегенім – білім,

Екі дегенім – елім,

Үш дегенім – үйім,

Төрт дегенім – төрім,

Бес дегенім – берекем,

Орнайды сонда мерекем! (т.с.с.)


Ескерту: жаттығуды тұрып орындау керек.



8-сабақ.

Мақсаттары: Коммуникативтік қабілеттерін дамыту, зейіннің бөлінуін күшейту, ерікті зейінін, нақты қозғалыстарын, ерік-жігер сфераларын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: Үлестірмелі материал, қарандаштар, өшіргіштер, магнитофон.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімізбер белгілер көрсету арқылы амандасайық. Сергіту сәті: «Саусақтар» ойыны. Жаттығу қимылдардың үйлесімділігіне арналған. Жүргізуші белгісі бойынша балалар 1-10 дейінгі аралықта саусактарын көрсетеді. Топ уәделеспей бірдей сандарды көрсетулері керек. Ойын кезінде үнсіздік сақталады. Ойын мақсат орындалғанға дейін жалғаса береді.

Ойын аяқталғанда талқылау жүргізіледі. Балаларға бірлесе оытрып мақсатқа қалй жеткендері туралы сұрақтар қойылады.


Сабақтың мазмұны:

10-жаттығу.

Мақсаты: Зейіннің бөліну деңгейін күшейту. Бұл тапсырманы жеке де топтық та жұмыс ретінде пайдалануға болады. Жұмыс кезінде жеке кестелерді немесе 2 слайдты және эпидоскопты пайдалануға болады.

Жұмыстың 3 нұсқасы болуы мүмкін:

А) №1-кесетемен;

Ә)№2-кестемен;

Б) екі кестені де пайдалана отырып (алдымен №1-кестені пайдаланып, 10 минуттық үзілістен кейін №2-кестені пайдалану).

Уақыт шектеледі: №1-кесетмен 1-3 минут, №2-кестемен 2-7 минут.

Психолог: «сендердің алдарыңда 1-25 дейінгі сандар ретсіз түрде орналасқан кесте бар. Барлық кестеде 16 сан бар, демек 9 сан жетпейді. Сендерде 1-25 дейінгі сандар ретпен орналасқан парақтар бар. Мақсаттарың кестеден 1-ден әрі реттік саны бойынша келетін сандарды табу. Егерде кестеден кейбір сандарды таба алмасаңдар ол санды сандар берілген парақтан тауып сызыңдар. Қатесіз жұмыс істеуге тырысыңдар. №2-кестемен де сондай жұмыс жүргізіледі. Біріқта бұндағы цифрлардың диапазоны көбейтілгенімен 25 сан қолданылады. Жақсы нәтижелерге жеткен күнде сандардың қолданылу диапазонын 40 пен 70 аралығында көбейтіп, ал кестедегі ұяшықтардың санын 25 етіп қалдыруға болады».



1

18

5

9

3

13

22

6

8

19

7

21

25

10

4

15




16

1

12

27

13

30

5

11

9

14

23

2

24

20

8

19



«Сиқырланғандар» ойыны. (әуен қосылады).

Мақсаты: ерікті зейінін, ерік жігер сферасын дамыту, қозғалыстарының мәнерлілігін қалыптастыру, коммуникативті қабілеттерін дамыту.

«Назар аударыңдар!» ойын бастаушыны таңдаймыз. Қалған балалар бөлмені аралап кетеді. «Тоқта!» бұйрығы берілген кезде барлықтарың қата қаласыңдар. Ойын бастаушы бала қатып қозғалмай тұрып баланы күлдіруге тырысады. Мақсатына жеткен кезде ол баланы өзіне қосып алады.

Ескерту: барлық балалар сиқырдан арылған кезде ойын тоқтатылады. Күлмеген балалар жеңімпаз атанады. Ойынды кем дегенде 3 сабақта өткізу керек.


Қоштасу.


Үйге тапсырма: Қайталау. Зейіннің ауысу қабілетін дамыту үшін балаға әртүрлі сөздерді атаңыз.: үстел, кереует, кесе, тостаған, қарандаш, дәптер, кітап, торқай, шанышқы т.б. алдын ала жасалған келісім бойынша бала кейбір сөздерге тиісті түрде жауап қайыруы керек.


9 сабақ.

Мақсаты: коммуникативтік дағдыларын, қимыл-қозғалыс еріктілігін, реакцимялардың жылмадылығын, координациялық қабылдауын дамыту, зейіннің көлемін, қиялын, ойлауын, сөйлеуін дамыту.

Құралдар: эпидаскоп, слайдтар, қарандаш, өшіргіш.


Сабақтың барысы.

Сәлемдесу. Балалар аманмдасып болған соң, коммуникативтік дағдыларын дамыту үшін балаларға «Хат» атты ойынды ойнатуға болады.

Ойыншылардың арасынан жүргізуші таңдалады. Ол ойыншыларды бақылайды. Ойыншылар қол ұстасып тұрады. Хат қол алысу арқылы жіберіледі. Қол алысу сол хат жолданған балаға хат жеткуенше жалғасады. Балаға хат келгенде ол хатты алғандығын дауыстап айтады да, кез келген ойыншыға басқа хатты жібереді. Ойыншылардың мақсаты «хатты жіберген» кезде қол алысуды жүргізушіге білдірмеу. Жүргізуші қол алысуды байқап қойса оның орнына қол алысуды білдіріп алған бала шығады.


Сергіту сәті: «Оң жағындағы көрші» ойыны.

Мақсаты: қимылдардың еріктігін, реакциялардың жылдамдығын, координацияны, қабыдауды дамыту.

Ойыншылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші әр түрлі сұрақтар қояды немесе қарапайым қозғалыстарды көсетеді. Өтінішті орындайтын сол өтініш қаратылып айтылған баланың емес, сол баланың жағында тұрған баланың орындауы ойынның мәні болып табылады. Жүргізуші ол балаға қарамайды да.

Сабақтың мазмұны.

11-жаттығу.

Мақсаты: зейіннің көлемін ұлғайту.

Сабақ топтық түрде өтіліп, жарысу элементтерінен тұрады. Балаларға «Назар аударыңдар!» белгісі берілген кезде экранның ортасына шығатын (0,5 секунд ішінде) жазуды еске сақтап, жазып алуға тиіс. Екі ең ұзақ сөздің ішінен бала 5 әріпті дұрыс тапса, олар жеңіске жетеді.

1-тапсырма.

4-16 әріптен тұратын баланың ана тіліндегі сөздер. Мысалы: кесе, тостаған, күріш, құмырсқа, күн, сия, құрлысшы.

Барлығы 18 слайд, 9-дан екі құрам. Әр тапсырманың слайдтары әріптер саны ұлғайған кезде көрсетіледі.


«Өз орныңды есіңе сақта» ойыны.

Мақсаты: көру арқылы қабылдауын, зейінін дамыту.

Топтың жетекшісі жылдам түрде әр баланың орнын айтады. Балалар оны еске сақтаулары керек. Мысалы: бұрыш, төр, босаға, т.б. балалар жүргізуші белгі берген кезде таптасады. «Орын» белгісі берілген кезге дейін балалар өз орындарын табуы керек.

Ескерту: Жүргізуші белгісін кез келген бір ритімді әуенге ауыстыруға болады. Ойынды 2-3 рет өткізу керек. Балалар бұл ойынды тез игеретін болса, қайталаудың қажеті жоқ.


Сабақ рефлексиясы.

Қоштасу.


Үйге тапсырма: бастауыш сынып оқушыларының көру арқылы есте сақтауын дамыту мақсатында түрлі анаграммаларды беруге болады. Мысалы:

ЛАРМАСА (МАСАЛАР)

ЛЕРГІРТШЕКЕ (ШЕГІРТКЕЛЕР)


Жаңа сөздерді құрайтын анаграммалар:

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ.

Мал шық қылыш

Шырақ ғарыш шыр

Шығыршық қар шар

Ар қыш қыр

Ара қара шам

10-сабақ.

Мақсаты. Коммуникативтік дағдыларын дамыту, кеңістіктегі бағдарлауын дамыту, көру арқылы еске сақтауды, есту арқылы қабылдауды дамыту, зейіннің көлемін ұлғайту, зейіннің шоғырлануын дамыту.

Құралдар: эпидаскоп, қарындаш, өшіргіш, парақтар, фломастер.


Сабақтың барысы:

«Не үшін жақсы көреміз?» ойыны.

Жазбаша түрде орындалады. Әркім өзіне ұнайтын баланы таңдайды. Бұл адамды таңдайды. Бұл адамды сипаттайтын біраз сөз жазуы керек (есімін атамай). Барлық мінездемелер оқылып болған соң, олардың әрқайсысының қай балаға қатысты айтылғанын балалар шешуі керек.

Сергіту сәті. «Қимылды еске сақта» ойыны.

Мақсаты: кеңістік тік бағдарлауды дамыту, көру арқылы есте сақтауын дамыту, есту зейінін дамыту.

Балалар жүргізушінің соңынан барлық қимылдарды қйталайды. Олар әр қимылдың ретін еске сақтаған кезде, осы қимылдарды кері ретпен орындаулары керек.

Қимылдар: отыру, тұру, қолды жоғары көтеру, төмен түсіру, оң аяқты жылжыту, отыру, сол аяқты солға жылжыту, отыру, тұру, басты оңға бұру, солға бұру, тура қарау.


Сабақтың мазмұны:

12-жаттығу.

Мақсаты: зейіннің көлемін ұлғайту.

Сабақ топтық түрде өтіліп, жарысу элементтерінен тұрады. Балаларға «Назар аударыңдар!» белгісі берілген кезде экранның ортасына шығатын жазуды еске сақтап, жазып алуға тиіс. Екі ең ұзақ сөздің ішнен бала 5 әріпті дұрыс тапса олар жеңіске жетеді.


2-тапсырма.

3-9 әріптен тұратын мағынасыз сөздер. Мысалы. РЛТО,...

Барлығы 18 слайд, жеті-жетіден 2 құрам.

Әр слайд әріптер санының көбеюіне байланысты көрсетіледі.


«Бұйрық бойынша санау» ойыны.

Мақсаты: зейіннің концентрациясын (интенсивтілігін дамыту). Балалар 2 тоапқа бөлінеді. 10,20 көлміндегі сандардың реті және пайдаланылатын арифметикалық операциялардың түрі айтылады (қосу, азайту). Екінші топтың балалары сандардың ретін мұқият қадағалап ойша амалдарды іске асырады. Қай топтың жауаптары дұрыс болатын болса, солар жеңімпаз атанады.


Сабақтын рефлексиясы.

Қоштасу

Үйге тапсырма: зейін тренингтері үшін келесі тапсырма қолданылады:

Не өзгерді? (екі не одан да көп суреттерді салыстыруға болады).

Не жетпейді?

Екі сурет арасындағы 5-10 айырмашылықты тап.

Ұқсас заттардың арасынан қайсы өзгешелеу?

Сурет салу (нүктеден нүктеге дейін).


Анықтама: бұндай тапсырмалар балалар журналдарында көп кездеседі.






































Қарым – қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар.


Сабақ 1

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, материал арасындағы байланысты орнату, іскерліктерін дамыту, өз бетімен жұмыс жасауға жаттықтыру, жылдам шешім қабылдауға және тұтастай қабылдауларын дамыта түсіру.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, үлестірмелі материал (жеке заттар бейнеленген карточкалар).


Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен амандасып болған соң, олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Би» атты ойын ұйымдастырылады.

Сабақтың мазмұны:

2-жаттығу.

Мақсаты: материал элементтері арасындағы байланысты орнату іскерліктерін дамыту. Оқушылар алдында жеке суреттер салынған 15-20 карточкалар таратылады (мысалы: алма, троллейбус, шәйнек, ұшақ, қалам, көйлек, машина, ат, жалауша, әтеш және т.б.)

Жүргізушінің сөзі: мен қазір бірнеше сөз айтамын. Мына суреттерге қара, ішінен әр бір сөзді есте сақтауға көмектесетін суретті жеке алып қой. Содан кейін бірінші сөз оқылады. Оқушы суретті жеке қойғаннан кейін, екінші сөз оқылады. Ары қарай оқушы жеке қойылған суреттерді рет-ретімен алып, олардың көмегімен оқылған сөздерді еске түсіріп айтады. Мысалы: өрт, зауыт, сиыр, орындық, су, ән, отыру, қате және т.б.


Сергіту сәті. «Өтінемін» ойыны.

Мақсаты: еркін қимылдарын, жылдам, бейнелік ойлауларын дамыту.

Жүргізуші әр түрлі қимыл қозғалыстарды көрсетеді. Егер жүргізуші «Өтінемін» немесе басқа ойлаған сөзді айтса, қатысушылардың барлығы көрсетілген қимылдарды қайталайды. Кім қателессе, сол ойыннан шығады немесе бір адымс артқа шегінеді.


3-жаттығу.

Материал элементтері арасындағы байланысты анықтауға арналған жаттығу. Оқушыларға бірнеше сөз беріледі. Одан кейін әңгіме құраңуларын жеңілдету үшін қандайда бір қасиеттері бойынша біріктіру қажет.

Аю ауа

Арба ваза

Ара мысық

Қоңырау күн

Су

Сабақты қортындылау.

Қоштасу


Үйге тапсырма: ата-аналарға үйде баламен өтілген тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Алынған ақпаратты көру бейнесінде қабылдау дағдысын қалыптастыру, елестету дағдысы және де баланың зейінін, қабылдауын тексеру үшін мынадай жаттығу беріледі. Қиялындағы затты көрсете білу керек. Жүргізуші бір заттың атын қағазға жазып береді, атауы аталмайды. Оның іс-қимылын көрсетеді, ал бала жасырынған затты табады. Содан кейін бала затты өзі жасырады. Мысалы: мысық десе, қалған балалар оның қимылын бейнелейді.



































2 сабақ.

Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, материал арасындағы байланысты орнату, іскерліктерін дамыту, өз бетімен зейін аударуларын жетілдіру.

Құрал – жабдықтар: балалар орындықтары, үлестірмелі материалдар (жануарлардың аттары жазылған суреттер).



Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен амандасып болған соң, олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Кім ұшады?» атты ойын ұйымдастырылады.

Ойын шеңбер ішінде өтеді. Жүргізуші балалардан кім ұша алады деп сұрайды. Олар бір уақытта жылдам жауап беруге тырысады. Егер жүргізуші ұшатын затты айтса, балалар хормен «ұшады» деп жауап береді және қалай ұшатынын көрсетеді. Егер ұшпайтын зат болса, онда олар үндемейді.


Сабақтың мазмұны:


16-жаттығу.

Материал элементтері арасындағы байланысты анықтауға арналған жаттығу.

Тапсырма: суретке зейін қойып қараңдар. Онда жануарлардың аттары берілген. Осы жануарларды бейнелей отырып, бір-бірімен байланыстыра әнгіме құра. Содан кейін суреттерді жауып, балалар өз қағаздарыңдағы жануарлардың атауларын өз орнына қою керек.


Сергіту сәті.

Балаларға кішкене мақал, жаңылтпаш, төрт жолды тақпақ беріледі. Олар шеңбер бойынша жүре отырып немесе орындарында осы берілген тапсырманы қайталайды. Қайталау брысында ең ақырғы сөзді, не буынды айтпай, оның орнына қолдарын шапалақтайды.


17-жаттығу.

Материал элементтері арасындағы байланысты анықтауға арналған жаттығу.

Бұл жаттығудың мақсаты: оқушылардың ассоциативтік ойлау қабілетін оятады. Оларға бінеше сөз беріледі. Осы сөздерді оқи отырып, осы сөзбен байланысты ойларына келген барлық сөздерді жазып отыру керек. Мысалы: түйе-өркеш, тау, шөл, кактус, саз.

Соңынан балаларды 2-3 сөзбен жұмыс істету керек. Бұл жаттығуды жиі қолданса, олардың ассоциативтік ойлау дағдысы қалыптасады. Мысалы: тырнақ, стакан, күншуақ, есек және т.б.


Сабақты қортындылау.

Қоштасу


Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Берілген сөздер тобы: стақан, тырнақ.


3 сабақ


Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық және логикалық емес ассоциялық дағдыларын қалыптастыру, шұғыл шешім қабылдау және үйлесімділік ікерліктерін дамыту.


Құрал- жабдықтар: балалар орындықтары үлестірмелі материалдар (сөздер жазылған карточкалар).


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Бір әріпке» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны:

18 жаттығу. «Дерексізді нақтылау».

Мақсаты: Маериал элементтері арасындағы байланысты орнату іскерліктерін дамыту( логикалық ассоциясы). Тапсырма: «Нақты көру бейнесін табыңдар, яғни төменде берілген сөздің әрқайсысымен бірлесетін сөзді табу. Мәселен, махаббат, жүрек және т.б.

Қыс уақыт кедейшілік

өлім ыстық төзім

бостандық түскі ас ауру

шындық энергия зерігу

нәзіктік жылдамдық үміт

кінәлі бақыт

Бұл жаттығулардың барлығы балалардың логиклық ассоциация іскерліктерін қалыптастыруға , логикалық есте сақтауға тура келеді. Бірақ та мектепте логикалық байланысы жоқ материалдарды есте сақтауға тура келеді. Осы дағдыларды даиыту үшін мынандай жаттығулар ұсынамыз.


Сергіту сәті: Ойын. «Оң жақтағы көрші»

19 жаттығу. «Логикалық емес ассоциация».

Оқушыларға бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше сөз берілді:

Кітап гүл шұжық сабын

Осы сөздерді байланыстыратын ассоциациятабу ұсынылады. Қиялдарына еркіндік беру қажет, ол үшін балалар осы сөздерді айтқанда ойларына келген ассоциацияларды жазады ең соңында кішігірім әңгіме шығу керек.балаларда тұрақты дағды қалыптасу үшін бұлжаттығу үнемі қолдау ұсынылады.


Сабақты қорытындылау.

Қоштасу.


Үйге тапсырма: Ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. 18- жаттығу бойынша берілген сөз тобы: кедейлік, зерігу, бақыт.19 –жаттығу бойынша: алма, сағат, қарындаш, пышақ.




4 сабақ.

Мақсаты: Қарым- қатынас дағдысының жүзеге асуы. Логикалық, және логикалық емес ассоциациялық даму қабілетін анықтау. Есте сақтау дамуының дәлділігі зейіннің, есте сақтаудың, қоршаған дүниені қабылдаудың дамуы.

Құрал- жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, бояу, түрлі қарындаштар, қылқаламдар.

Сабақтың барысы.

Сәлемдесу: Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенділігін арттырып, іске жұмылдыру негізінде мынандай ойын ойнатуға болады. «Затты ұтып ал». Жүргізуші кез келген затты таңдайды. Мысалыға: қалам, шарф т.б. бұл заттарды шеңбер бойнша балаларға беріп жібереді. Бұл зат әр түрлі басқа зат орнына жұмсалады. Әр бір ойыншық бұл затты басқа зат ретінде бейнелеп көрсету керек, яғни бұл ойлаған затқа байланысты іс-әрекеттер көрсету керек. Мысалы: қолыңыздағы қаламды градусник ретінде көрсетеміз. Градусникпен әр түрлі қарапайым іс атқаруға болады. Мысалы: сілкіп, қайта қолтыққа тығу, дене қызуын өлшеу т.б. ойын соңында ең жақсы ойыншылар анықталады.


Сабақтың мазмұны.

20-жаттығу. «Логикалық емес сөздер ассоциациясының жұбы».

Бұл жаттығуда қиялдағы бір-біріне ешқандай қатысы, жаңалығы жок екі затты біріктіру керке, яғни ол заттарда табиғи ассоцияциясы жоқ.

Әр затты ойда бейнелеуге тырыс та, енді осы екі затты бір суретке ойша біріктір. Заттар әрқилы ассоциция арқылы біріге алады, өзіңнің қиялыңа тек ерік бер. Мысалы: екі сөз беріледі делік «шаш» және «су». Осы заттарды біріктіре бейнелеп көрелік. Жаңбырға су болған шаш немесе суға шашты жуу. Сондай анық, нақты суретті бейнелеуге тырысу керек.

Жаттығу үшін берілетін жұптар:

Құмыра – дәліз,

Кілем – кофе

Жүзік – шам

Тырнақ – кітап

Қоңыз – кресло

Күн – саусақ

Аула-қайшы

Котлета – құм

Маймыл- пальто

Тіс дәрігері – дәретхана

Алдымен балалар бір-біріне өз суреттерін айтып жаттықсын, содан соң өздігінен істейді. Ертеңінде сабақта тек жұп сөдің біреуін ғана айтасыз, ал балалар екінші жұбын еске алып жазу керек. Балоалардың назарын соңғы нәтижеге аудару керек.

Сабақты қортындылау.

Қоштасу

Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Жаттықтыру үшін берілген жұп сөздер: күн-саусақ,аула-қайшы.


5 сабақ.


Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық және логикалық емес ассоциялық дағдыларын дамыту, нақты есте сақтауларын, жылдам шешім қабылдауды дамыту.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң «Мұрын – құлақ – мұрын» атты ойын ұйымдастырылады.

Сабақтың мазмұны

22-жаттығу. «Есте сақтау сөздері»

Енді оқушыларға бір-бірімен байланыспаған сөздерді есте сақтауға беруге болады. 10 сөзден бастауы қажет. Мәселен:

Ағаш себет

Сабын кітап

Үстел тарақ

Кірпі күн

өзен резеңке

Осы сөздерді байланыстырып әңгіме айту керек. Өздері бір-бірімен ақылдаса отырып әңгіме құрайды. Соңғы қортынды бөлімде жүргізуші сөздер оқиды, ал олар өз беттермен қиялдай отырып, есте сақтайды. Біртіндеп есте сақтауға берілген сөздер саны үлғаяды.


Сергіту сәті. «Сезімдерді тап» ойыны.

Ойынның басында балалар адам бойындағы қандай сезімдерді білетіндері анықталады. Балалар бірнеше минут ойланып, ым және ымдау арқылы айтылған сезімдерді көрсетеді, ал басқалары қандай сезімді бейнелеп тұрғанды айтады.


23 – жаттығу. «Әңгіме құрау».

Мақсаты: нақты есте сақтауларын дамыту. Әрбір қатысушы оқушы кез келген бір сөзді айтады, соңында ортақ әңгіме шығу керек. Сөзді айтпас бұрын, алдында айтылған сөздердің барлығын қайталау керек.


Сабақты қортындылау.

Қоштасу


Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Берілген сөздер: кітап, нан, сағат, ана, компьютер, төсек, мысық, көше, есік, еден.


6 сабақ.


Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамытумен қатар нақты есте сақтауын жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Хат» атты ойын ұйымдастырылады.



Сабақтың мазмұны

«Өлеңді еске сақтау».

Мектеп бағдарламасында жиі қолданылатын есте сақтауға болатын материалдарға тақталайық. Балаларды есте сақтаудың әдіс-тәсілдеріне үйрету үшін мәтінің ойша бейнесін елестетуге болады.


Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып,

Қалды артта қыр алып,

Іздерінен қар ұшып.


Қырау атып жағаға,

Аяз беттен өбеді,

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.


Сәтке қарап тұрмайсың,

Көңілді еді қыс қандай.

Шаңғыменен зырлайсың,

Қанат бітіп ұшқандай.

(Ш.Мұхамеджанов).

1.Өлеңнін алғашқы шумағын мұқият оқыңдар.

2.Көздеріңді жұмып, осы өлең жолдарын көз алдарыңа елестетіп көріңдер. Өлеңнің осы жолдарының мазмұны ұнайма, әлде жоқ па, бейнені сезіне отырып, суретке салып көріңдер.

3.Келесі өлең жолдарна көшіңдер. Дауыстап оқып, көзщ алдарыңа елестетіңдер.

4.Өлеңді еске түсіріп көріңдер. Көздеріңді жұмып, бейнені көз алдрына елестете отырып, өз сөздеріңмен сипаттап айтыңдар.

5.Өздеріңді тексеріп көріңдер. Өлеңді мұқият дауыстап оқи отырып, егер қажет болса, бейнесін түзетуге тырысыңдар.

6.Өлеңнің ырғағына назар аударып, сөздердің шығу мәнерін талқыға салыңдар.


Сергіту сәті. «Өзінің құйрығын арпалысқан айдаһар» ойын.


25-жаттығу. «Сөйлемдерден оқиғаны құрастыр».

Әр бірқатысушы толық бір сөйлем ойлап тауып, сол сөйлемдерден оқиға құрастырады. Біреу екіншісінен бөлек болуы шарт.


Сабақты қортындылау.

Қоштасу


Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша тапсырма беріп, бірлесіп өз қалауы бойынша кішігірім өлең жаттау ұсынылады.



7 сабақ.

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамыту, ерік қимылдарын, жылдам жауап қайтару бірлестіктерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Бірлескен сурет» атты ойын ұйымдастырылады.



Сабақтың мазмұны

26-жаттығу. «Мәтінді еске сақтау».

Ауызша және жазбаша мазмұндау кезінде баланың қиналысын мұғалім жиі кездестіреді. Сондықтан мәтінмен жұмыс барысында есте сақтау процестерін жеңілдетуге байланысты үлгі ретінде мынадай нұсқа ұсынылады:

1.Мәтіннің негізгі ойын анықтап алу керек. Ең бастысы тақырып не жайында? Сол үшін балаға мәтінді қарап өтуге рұқсат етіледі. Тақырыпқа баса назар аудару керек.

2.Мәтін қанша бөліктен құралғанын сұрау, әрбір бөлімге қойылатын сұрақты дайындауға көмектесу және оқу кезінде осы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік туғызуы керек. Бұл баланың шығармашылық ойлауының дамуына әсерін тигізеді.

3.Балалармен бірлесіп мәтіннің құрылымын айқындайтын жоспарын құру қажет. Жоспарды жазбаша құрауға болады.

4.Осы ойларды алдымен балаға дауыстап айтып, кейін өз ішінен айтқызуды ұсыну керек.

5.Балалар мәтінді тағы бір рет қайталап, негізгі ойына назар аударып, айқын бейнесін негізгі ойын бекітетін анықтайды.

6.Шығарманың негізгі бөлімдерін атаңдар.

7.баланың пікірі мен ескертпедлеріне көшіндер.

8.Қортындысында балаға алты сұраққа жауап беру мүмкіндігін туғызу керек. Не істейді, не, қашан,неге, қайда, қалай? Бұл оқылған мәтінді ұзақ есте сақтауына көмектеседі. Осмы жаттығулар қатарына ертегілерді де ұсынуға болады.

Сергіту сәті. «Бұлақтар мен өзендер» ойыны.


Сабақты қортындылау.

Қоштасу


Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша тапсырма беріп қадағалау қажет. қазақтың халық ертегілерінен масыл: «Ешкі мен қасқыр», «Қу түлкі», «түлкі мен құмыра» оқып, мазмұндау іскерліктерін қалыптастыруға баулу.



8 сабақ.


Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамыту, кеңістікті бағдарлауын дамыту, көру арқылы есте сақтауын, қабылдауын және зейінін дамыту.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:


Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Сиырлар, иттер, мысықтар» атты ойын ұйымдастырылады.



Сабақтың мазмұны

27-жаттығу. «Сандарды еске сақтау».

Сандарды еске сақтау – мұғалімнің үнемі қақтығыста болатын маңызды мәселесі. Мысалы: көбейту, бөлу кестесін жаттаған кезде. Есте сақтауға байланысты ұсынылған нұсқа мұғалімнің өз еркі бойынша ерекше шығармашылықпен ұзақ және калыпты жұмыс жасауын талап етеді. Көзге көрінетін элементтердің бейнелері – геометриялық денелердің контуры түстердің құбылмалы түрлерін қолдану негізінде жүйе қалыптасқан.

Әрбір санның өзіндік ұқсас бейнесі болады. Мысалы:

0 – дөңгелек, шар (немесе сопақша)

1 – бағана (шырақ)

2 – негіздер (жұп бәтеңке)

3 – үшбұрыш (үш доңғалақты велосипед)

4 – шаршы (төрт аяқты жануар)

5 – жұлдыз (бесбұрыш)

6 – ашылып тұрған құлып

7 - өрілген шаша немесе бұрым (ақшақар немесе жеті гном)

8 – құмды сағаттар (көзілдіріктер)

9 – ұлу

10 – екі қолдың саусақтары

Осындай бейнелерді сандық қатарға ұқсасатырып, байланыстырып есте сақтауға болады.

Мысалы 2*2=4 «Шаршы терезеде тұрған екі егіздер» немесе «шаршы кілемде адамның жұп бәтеңкесі тұр».


Сабақты қортындылау.

Қоштасу


Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу керек. Оқу бағдарламасынан мұғалімнің келесемімен әр сыныпқа жеке тапсырмалар беру ықтимал.


9 сабақ.

Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, логикалық байланысты орнату қабілеттерін дамыту, жатқа айту әдістерін қолдануды үйрету, ерікті зейінін дамту.

Құрал-жабдықтар: балалар орындықтары, қағаз, түрлі-түсті қарындаштар, қылқаламдар, үлестірмелі материалдар.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Қол соғайық» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны

29-жаттығу.

Балаға есте сақтағаны бойынша келтірілген заттардың санын келесі тізімін (өзгертілген түрдегі) жазу ұсынылады:

Көйлек солдат қарандаштар шариктер

Сақина машина айна орындықтар

Сиырлар

Стақандар


Сергіту сәті. «Аңқаулар» ойыны.

Мақсаты: зейіннің еріктілігін дамыту.

Ойыншылар шеңбер бойымен бір-бірінің қоланан ұстап жүреді. Жүргізушінің белгісі бойынша тоқтап, төрт рет шапалақ ұрып, бір айналым жасап, қозғалысты жалғастыра береді. Қозғалыс бағыты жүргізушінің әрбір белгісінен кейін өзгеріп тұрады. Ойында қате жіберген бала шеңберден шығып, ойынды мұқият бағдарлап тұрады.

Қайталау – есте сақтаудың әдісі. Қайталаусыз ешқандай жаңалықты есте сақтау мүмкін емес. Қайталау көне әдіс емес. Қайталау әдәсә сабақтарда жиі қолданыста болса бұл үлкен жетістікке жеткізетіні анық.

30-жаттығу.

Мақсаты: сабақ материалын дұрыс есте сақтаудың әдісін үйрету.

1) Есте сақтауға болатын сөздер мен мысалдарды іштей қайталап, естк сақтау.

2) 1 секунд үзіліс жасап, қайталауды жалғастыр.

3) 2 секунд үзіліс жасап тағы қайтала.

4)4 секунд үзіліс жасап тағы қайтала. Күту – толық сезімнің күшейген жағдайы.

5) 10 минут сайын қайтала.

6) 2-3 сағат сайын қайтала. (сенімді болу үшін)

7) 1 жылдан соң егер қажет болса, 1-2 айдан соң қайтала.


Сабақтың қортындылау.

Қоштасу.


Үйге тапсырма: ата-анаға үйде баламен өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Сабақта алған білімін бекіту, жаңа материалды жаттау кезінде жаңа матреиалды жаттау кезінде жаңа әдістерді қолдануды бақылау, ережелерді жаңа әдіспен жаттау т.б.



10 сабақ.


Мақсаты: Қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, еріктілік саласын дамыту, жағымды жағдаяттар туғызу, қобалжуды, қоқынышты тежеу, баланың өзіне деген сенімділігін арттыру.

Құрал-жабдықтар: балаларға арналған орындықтар, қағаз, қылқалам, түрлі-түсті қарындаштар, геометриялық денелер, торкөз дәптер.


Сабақтың барысы.

Сәлемдесу. Балалар бір-бірімен сәлемдесіп болған соң олардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталған «Кәне қол соғайық» атты ойын ұйымдастырылады.


Сабақтың мазмұны

1-жаттығу. «Денелерді боя».

Мақсаты: Еріктік саласын дамыту.

Балаларға 32 – суреттегі геометриялық денелерді көрсетіп, әрқайсысын түрлі-түсті қарандашпен бояу керек екенін айтады. Уақыт шектелмейді, бірақ әр фигура тиянақты әдемі боялу керек. Бала бойындағы селқостық байқалғанда, жұмыч тоқтатылады.


Сергіту сәті. «Тығылмақ ойны».


2 – жаттығу. « Графикалық диктант».


Мақсаты: еркіндікті дамыту.

Қазір біз «Сиқырлы қарындаш» ойынын ойнаймыз. Мені мұқият тыңдаңыздар, біз жұмысымызды аяқталған кезде, сендердің дәптерлеріңе сендерге таныс бейне пайда болады. Мен сендерге қай жаққа және неше торкөзге жылжу керек екенін айтамын. Тек қана менің нұсқауыммен берілген сызықтарды жүргізіңдер. Әр жаңа сызықты тоқтаған жерден бастап жалғастыру керек. Қарындашты қағаздан алмаңдар. Ал онда бастайық. Торкөздің сол жақ төменгі бұрышына қарындашты қойып менің нұсқауымды тыңдап дайын болыңдыр.


Қорытындылау:


Үй тапсырмасы: Ата-анаға үйде өткен тақырып бойынша жұмыс істеу ұсынылады. Жоғарыда өткен тақырыпты қосымша пысықтау және бірнеше жаттығудағы геометриялық денелерді аяғына дейін бояп аяқтау.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Бағдарламадағы құрастырылып , жинақталған жаттығулар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалынған .Түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға көмек ретінде жалпы білім саласындағы педагог-психологтарына арналған. Балалардың жеке басын дамыту,психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін,ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу- мектеп психологының басты міндеті болып табылады.Бастауыш сынып сатысындағы балалар арасында қарым-қатынас дағдылары қалыптаспаған, оқшауланған,гиперактивті,зейіні тұрақсыз, есте сақтау қабілеті нашар оқушылар өте жиі кездеседі. Осы аталған мәселелер Қазақстанда теориялық тұрғыдан зерттелгенімен практикалық  тұрғыда назардан тыс қалып отыр . Көптеген ,жалпыға бірдей білім беретін мектептерде жұмыс істейтін психолог мамандарды  мемлекеттік тілде қолайлы бағдарламалар болмауы кедергі тудырады .Сондықтан,ұсынып отырған материал мектеп психологтарына көптеген септігін тигізеді деген ойдамын.   

Общая информация

Номер материала: 115414052833

Похожие материалы

Комментарии:

1 месяц назад
Материалыңызға Үлкен Рахмет! Еңбегініз жана берсін!