Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЖаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Скачать материал

Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері арқылы

оқушыларды шығармашылыққа баулу

 

Тақырыбы:

Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

 

Мақсаты:

 Бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып анықтау. Бала дарындылығын ашылуын өз мүмкіншілік қабілетіне сәйкестендіре отырып дамыту, жетілдіру. Дарындылықтың талантқа айналуына күш салу.

 

Міндеттері:

 Шығармашылық топ құру. Әлемдік, республикалық деңгейдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап, мектебімізге сәйкес келетін әдістерді таңдап алу. Дарындылықты анықтаудың принциптерімен ұстанымдары бойынша диагностика жүргізу.

 

Тақырыптың өзектілігі:

 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталғанын» атап көрсетті. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану.

 

Тақырыптың тиімділігі:

 Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады.

 Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.

 Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

 Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.

 Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

 Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.

 Оқытудың ой – өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.

 Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

 Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап, дәлелдейді.

 Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.

 

Тақырыптың жаңашылдығы:

 XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.

 Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары .

 Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.

 «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін-тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» Альберт Эйнштейн дегендей мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға екені ұстаз екені де баршаға белгілі. Альберт Эйнштейннің пікірін одан әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан бұл мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан оқушының өзінің ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды.

 Тәуелсіз елдің тірегі білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену, сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, меңгереді. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Шығармашылық сабақтар әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді. Оқушының шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

 Өз тәжірибемде «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бойынша курстан өтіп, одан алған тәжірибемді қолданудамын. Бұл бағдарламаның басты мақсаты педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу. Мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын белсенді азамат, болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету. Бұл бағдарлама негізінен жеті модульге сараланған. Модульдер:

 1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 4. Оқытуда АКТ-ны пайдалану

 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

 7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

 Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде «Диалог арқылы оқыту», «Қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғаліммен оқушы арасындағы дилогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал.

 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Оқушыларға қатысты олар жан-жақты ойлап, өз ойларын толықтай жеткізе біледі, ойларын дұрыс болмаса да еркін жеткізе алады, әр оқушы әртүрлі ойларын айту арқылы ортақ бір пікірге келеді.

 Оқытуды бағалау (жиынтық баға) баға қою, мадақтау, оқу қортындысын шығару. Оқыту үшін бағалау (формативті) әр топ оқушылары немесе бағалаудың түрлері бойынша бағалау. Әртүрлі крийтерилар арқылы, ым ишара арқылы, білім ағашы арқылы, смайликтер арқылы бағалауға болады.

 АКТ-ны пайдалану бұл оқушыларға интертақтамен жұмыс жасай білуге, ол арқылы сурет сала білуге, интернет желісін пайдаланып ақпараттар алуға, сюжетті суреттерді анық көруге, видеороликтер көруге дағдыландырады.

 Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Мектепішілік шаралар өткізуде әр оқушының талантын байқаймыз, ал ешқандай шараға қатыспайтын тұйық оқушылар арасында әртүрлі қызықты жарыстар өткізу арқылы дарынын байқау болып табылады.

 Жас ерекшеліктеріне сәкес оқыту да бұл модульмен тығыз байланыста.

 Көшбасшыны анықтау өткізетін кез-келген сабақта сынып оқушыларын топқа бөліп, әр топтан лидер таңдап алу. Келесі сабақта топтарды өзгертіп отыру арқылы әр сабақ сайын лидерлер шығып, оқушылар толық қамтылып шығады.

 Бұл бағдарламадағы осы айтылған 7 модульді кез – келген сабақтарда барлығын дерлік қолданып шығуға болады. Өзім өткізген сабақтарда оқушыларым топқа бөлінуге қалыптасты, постер арқылы қорғауға үйренді, интертақтамен сабақ көруге дағдыланды, бағалау түрлерін пайдалана білді.

 Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау үшін мынадай тест құрастырдым:

 • Мен білуге тырысамын.

 • Мен өз қабілетіме сенемін.

 • Өз пікірімді толық жеткізуге тырысамын.

 • Сабақта кездесетін кедергілерді жеңуге тырысамын.

 • Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.

 • Өзімді бағалауға дағдыланамын.

 • Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.

 • Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.

 • Жақсы нәтижелерге жетемін.

 • Жауапкершіліктен қорықпаймын.

 

5-ия, 4-көбінесе, 3-кейде, 2-білмеймін, 1-жоқ

 

Оқушылар жалпы ұпай санын есептеп шығарады. Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз. 36-44 ұпай өзіңізді дамытуға құлшынбайсыз. 14-35 ұпай өзіңізді мүлдем дамытпайсыз. Тест нәтижесінен оқушылардың 20 пайызы 45-ұпайдан жоғары, 48 пайызы 36-44 ұпай жинаса, 32 пайызы 14-35 ұпай жинады.

 Бастауыш сынып оқушыларына жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдай білуге үйретеді.

 • Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;

 • Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыланды;

 • Оқуға ынта-ықыласы артты;

 • Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;

 • Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;

 • Өз ойын қағазға түсіруді үйренді;

 • Оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді:

 Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Жаңа технологияның тиімді әдіс -тәсілдері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу   Мақсаты:  Бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігін ескере отырып анықтау. Бала дарындылығын ашылуын өз мүмкіншілік қабілетіне сәйкестендіре отырып дамыту, жетілдіру. Дарындылықтың талантқа айналуына күш салу.   Міндеттері:  Шығармашылық топ құру. Әлемдік, республикалық деңгейдегі психологиялық педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап, мектебімізге сәйкес келетін әдістерді таңдап алу. Дарындылықты анықтаудың принциптерімен ұстанымдары бойынша диагностика жүргізу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 140 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.05.2014 3749
    • DOCX 22.7 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сембаева Ботакоз Сагындиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сембаева Ботакоз Сагындиковна
    Сембаева Ботакоз Сагындиковна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12606
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 141 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе