ОҚО. Түлкібас ауданы
№47 М.Шаханов атындағы
орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ермекбаева Айгүл Тәліпқызы
Пәні:
қазақ тілі
Сыныбы:
5
Өтілетін
күні: 18.10.2013 ж
Сабақтың
тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік:
синоним туралы мәлімет беру,жасалу жолдарын түсіндіру.Синонимдік қатарлардың
әр түрлі сөз таптарынан жасалатынын байқату.Олардың кез келген сөздермен
тіркесе бермейтінін ұғындыру.
2. Дамытушылық:
өз ойын жүйелі түрде айта білуге , сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен
жұмыс істей білулеріне машықтандыру;
3. Тәрбиелік:
ана тілін сүюге , ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: топтық , деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың
әдісі: репродуктивті-түсіндірмелі ,сұрақ-жауап,талдау, шығармашылық
тапсырмалар
Пәнаралық
байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақтың
көрнекілігі: грофопроектор, үлестірмелі қағаздар мен кесте
Сабақтың
барысы:
Сабақтың
міндеті:
-тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорларын толықтыру,
омониммен салыстыру;
-сауатты жазу,оқу дағдыларын жетілдіру,белсенді ойлау,есте
сақтау,ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;
-бірін-бірі сабақ барысында тыңдауға дағдыландыру:.
Сабақтың
эпиграфы:
Ашық аспан болсын!
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын!
Қазақ тілі пәнінен,
Білмегенді білейік
Үйренейік ,күлейік!
Сабақты деңгейлік,топтық тапсырма арқылы жүргізу:
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Синоним белгілері
Ү. Деңгейлік тапсырма
ҮІ. Жаттығулармен жұмыс
ҮІІ. Кім тапқыр?
ҮІІІ. Тапсырмамен жұмыс
ІХ.Сабақты қорыту мен бағалау
Х. Үйге тапсырма
Оқушыларды үш топқа бөлу.
Бірінші топ - ”Инабат”
Екінші топ - ”Ізет”
Үшінші топ -“Мәдениет»
Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген 68-жаттығуды бөліп оқыту.
Үй тапсырмасын қорыту сұрақтары:
1.Омоним дегеніміз не?
2. Омоним қалай жасалады?
3.Омонимдердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы қандай?
Жаңа сабақ
Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып
айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады
1.Сөздің
дыбысталуында өзгешелік болуы керек;
2.Сөздер
бір ғана ұғымды білдіруі керек;
3.Сөздер
бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс.
Синонимдік
қатарлар
әр
сөз табының құрамында кездеседі:
1.-зат
есімдерден болған синонимдер:
өң,
түр, түс, келбет, пішін, ажар,рең.
2.-сын
есімдерден болған синонимдер:
салмақты,сабырлы,байыпты,
ұстамды.
3.-етістіктерден
болған синонимдер:
амандасу,
сәлемдесу, есендесу.
4.-үстеулерден
болған синонимдер:
тез
,жылдам,шапшаң, лезде.
Дәптерлерді
ашайық,
Қолға
қалам алайық.
Түп-түзу
боп отырып,
Көркем
етіп жазайық.
Жаттығулармен
жұмыс:
70-жаттығуды
берілгеніне қарай орындау.
Ауызша ой дамыт.
Дәрігер суреті
Батыр суреті
Жайлау
суреті
Тақтамен, кеспемен жұмыс жүргізу
Сергіту
сәті.
•
Барлығымыз еркін отырып, көзімізді кезегімен жоғары-төмен 25
секунд, оң жаққа-сол жаққа 15 секунд қара.
•
Көзіңнің қарашығымен аты-жөніңді жаз, ұзақтығы бір затқа 20
секунд, алдыңдағы қағазға 20 секунд көзіңді тік;
•
Сағат тілі бойынша оған кері қарай көзіңмен үш бұрыш және
квадрат сал.
Деңгейлік
тапсырмамен жұмыс
І
деңгей
1.
Берілген “сұлу” сөзінен синоним сөздер шығарып жазыңда
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.
Берілген синоним сөздерін қатыстырып сөйлем құраңдар.
ұшты,көтерілді, зымырады, самғады
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ІІ деңгей
1.
Берілген “құрметтеу” сөзінен синоним сөздер тауып жазыңдар
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.
“Әдептілік деген не?” ойтолғау жазыңдар
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ІІІ деңгей
1.
Берілген “амандасу” сөзінен синоним сөздер тауып жазыңдар
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.
Берілген сөйлемдерден синоним сөздерін тауып, қай сөз табы болып
тұрғанын айтыңдар.
Ұстаз-
бала үшін биік тұлға.
Маржан
таяуда Алматыдан келеді.
Астанада
көрікті жерлер өте көп.
Ойын
“Кім тапқыр?”
Төмендегі
сөздерді сәйкестендіріп қойыңдар.
ауру-келбет
алыс-қант
шекер-шалғай
дымқыл-науқас
ажарлы-дидар
сулы-көрікті
Сөздердің
синонимдік қатарларын толықтыр:
Әңгімелеу,
...
Аяқтау,
...
Ауру,
...
Басқару,
...
Тынығу,
...
Оқымысты
,...
Сабақты
қорыту:
1.Синоним
дегеніміз не?
2.Синоним
белгілерін кім айтып береді?
3.Синоним
қандай сөз таптарының құрамында кездеседі?
Сабақты
бағалау:
№
|
Оқушы аты-жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Суретпен жұмыс
|
Деңгейлік тапсырма
|
«кім тапқыр?»
|
Жаттығулармен жұмыс
|
Сабақты қорыту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге
тапсырма:
75-жаттығудағы
синоним сөздерді тауып жазып келу және синоним сөздерін қатыстырып өз
жолдастарыңа мінездеме беріңдер.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.