Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Графика әлемі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Графика әлемі

библиотека
материалов


Графика әлемі

26th Сәуір 2012

  1. 1.       Бағдарламаны құрастырушы: Баймурзаева Разия Конакбаевна, Қызылорда қаласы №264 мектеп лицейдің информатика пәнінің мұғалімі

  2. 2.       Қолданбалы курс: «Графика әлемі», 8-сынып

  3. 3.       Бағдарламаға түсінік хат:

  1.    Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы          8-сыныптарға информатика пәнінен қолданбалы курс оқытуға арналған. Графикамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.

  2.  «Графика әлемі» тақырыбындағы курс оқушыларға графикалық редакторлар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.

  3. Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

  4. Paint, Adobe Photoshop, Corel Draw бағдарламаларында кез келген тапсырманы орындауға арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.

  5. Paint, Adobe Photoshop, Corel Draw бағдарламаларында бейнелерге түрлі эффектілерді пайдалануға үйретеді.

 

Курстың негізгі мақсаты:

 

  Білімдік: қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру, компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету; нәтижелі жұмыс жасауға баулу; оқушыларға білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, графикалық редакторлардағы жаңа ұғымдармен таныстыру, көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда құрал-жабдықтардың қызметтерін есінде қалатындай етіп қабылдауға үйрету.

Тәрбиелік: жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық  талғамын  қалыптастыру,  нәтиже  алуға және  уақытты  үнемдеуге  дағдыландыру. өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және ол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Графикалық  бейнелеу  жұмыстарын  орындау арқылы   бейнелік  ойлау  қабілетін  дамыту, графикамен жұмыс жасау маңыздылығын терең түсіну, қызығушылықты қалыптастыру; оқушыларға жаңа білім бере отырып, ой-өрісін жан-жақты дамыту.

Курстың негізгі міндеттері:

  • Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.

  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;

  • Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

  • Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл,  жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс:  география, математика, физика, бейнелеу.

Оқушыларға қосымша тәрбие беріліп, пәнаралық байланыстар нығайтылады. Оқушылардың төмендегідей іскерлік дағдылары қалыптасады:

· меңгерту;

· пысықтау;

· дәлелдеу;

· бағалау;

· қорытындылау.

 

Оқушыларға қойылатын талаптар:

 

Білу: «Графика әлемі» тарауын толық  меңгеріп, бейнелермен жұмыс жасау жолдарын, олардың маңызын, қасиетін, қолданылуын, графика  ұғымын сараптай, Paint, Adobe Photoshop және Corel Draw бағдарламаларын терең зерттеп, олардың күрделі командаларын орындай біледі ;

Үйрену:  Компьютерге сараптама және шығармашылықпен жұмыс жасауды, графикалық бағдарламалармен жұмыс жасау кезінде құрал-саймандардың қызметін  біледі.

Түсіндіру: Paint, Adobe Photoshop және Corel Draw бағдарламаларын.

Қолдана білу:  Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде.

Мазмұны:

-         Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз шаршағанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнының журналы

-         Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.

-         Paint графикалық редакторы.

-         Adobe Photoshop бағдарламасы.

-         Corel Draw бағдарламасы.

Сағат жүктемесі: аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат.

 

  1. 1.       Тақырып жоспарының мазмұны: (бағдарламасы)

 

1 – тақырып. Paint графикалық редакторы  (3 сағат).

Paint графикалық редакторымен танысу.

Құрал-саймандармен жұмыс. Суретті сақтау жолдары және оны редакторда жүктеу.

Өзіндік жұмыс: Шығармашылық жұмыс

Көрсетілімдер: слайдтар, сызбанұсқа, плакаттар, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

2 – тақырып: Adobe Photoshop бағдарламасы (14 сағат).

Adobe Photoshop бағдарламасы терезесімен танысу. Жұмыс экраны. Жұмыс өрісі. Мәзір ерекшеліктері. Құралдар тақтасы

Текстуралар. Әртүрлі текстуралар құру: ағаш, кірпіш, гранит, мрамор. Көлемді имитациялау. Бейнелерді өңдеу негіздері.

Мәтін эффектілері. Мәтінмен жұмыс. Эффектілер құру.

Бейнелерді біріктіру. Фотомонтаж. Фотосуреттермен жұмыс жасау. Фотосуреттер коллажы.

Adobe Photoshop ортасында мәтіндер мен фотосуреттерге стильдерді пайдалану

Өзіндік жұмыс: Өз фотосуреті бойынша фотомонтаж құру. Шығармашылық жұмыс

Көрсетілімдер: слайдтар, плакаттар, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

3 – тақырып. Corel Draw бағдарламасы (14 сағат).

Corel Draw графикалық редакторымен танысу. Құрал-саймандар тақтасы. Суретті дискіде сақтау және редакторда жүктеу.

Қарапайым объектілерді ерекшелеу және өңдеу. Объектіні бояу және контурының түсі.

Геометриялық фигураларды пайдаланып, ою-өрнектер салу

Corel Draw графикалық редакторының қосалқы мүмкіндіктері.

Өзіндік жұмыс: Шығармашылық жұмыс

Көрсетілімдер: слайдтар, плакаттар, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тест тапсырмалары.

 

Шығармашылық жұмыстар: «Графика әлемі» қолданбалы курсында жасалынған жұмыстарға талдау жасау.

Тақырыптық – күнтізбелік жоспар:

 

р/с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Сабақтың мазмұны

Тапсырмалар мен көрсетілімдер

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ереже-лері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік кө-мек көрсету. Көз шар-шағанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнының журналы

1

Оқушыларға қауіп-сіздік және тәртіп ережелерін түсін-діру. Зақымданған оқушыларға ал-ғашқы дәрігерлік көмек көрсету жолдарын ұғын-дыру. Жаттығулар.

Слайд, плакат

2

Компьютерлік графика: векторлық, растрлық және фракталды.

1

Компьютерлік графика туралы түсінік. Кескіндер-дің құрылу әдіс-теріне байланысты бөлінетін графи-калар туралы түсі-нік беру.

Плакат, электронды оқулық

 

Paint графикалық редакторы – 3

 

3

Paint графикалық редакторымен танысу

1

Paint графика-лық редактор терезесімен танысу

Электронды оқулық, сызба

4

Құрал-саймандармен жұмыс. Суретті сақтау жолдары және оны редакторда жүктеу

1

Paint графика-лық редактор терезесінде ор-наласқан құрал – саймандармен жұмыс жасау

Плакат

5

Шығармашылық жұмыс

1

Paint графика-лық редакто-рында қосымша мүмкіндіктерді пайдалана оты-рып, сурет салу.

Интерактивті тақта

 

Adobe Photoshop бағдарламасы – 14

 

6

Adobe Photoshop бағдарла-масы терезесімен танысу. Жұмыс экраны. Жұмыс өрісі. Мәзір ерекшеліктері. Құралдар тақтасы

1

Adobe Photo-shop бағдарла-масының тере-зесімен танысу.

Слайд

7

Сурет салу құралдарының қолданылуы.

1

Құралдар тақта-сымен толық танысу. Жұмыс жасауда құрал-дарды пайдала-нуды қамтама-сыз ету.

Суреттер

8

Мәтін эффектілері. Мәтін-мен жұмыс. Эффектілер құру.

1

Мәтіндерді жа-зуды және оны редакторлауды үйрету.

Электрондық оқулық

9

Текстуралар. Әртүрлі текс-туралар құру: ағаш, кірпіш, гранит, мрамор және т.б. Көлемді имитациялау. Бейнелерді өңдеу негіздері.

1

Текстуралармен жұмыс жасай отырып, бейне-лерді өңдеуді үйрету

Электрондық оқулық

10

Қабаттар. Қабат эффекті-лері. Қабатты трансформа-циялау.

1

Қабаттар тура-лы жалпы тү-сінікті баяндау

Электрондық оқулық

11

Бейнелерді біріктіру. Фото-монтаж. Фотосуреттермен жұмыс жасау. Фотосурет-тер коллажы.

1

Фотосуреттер-мен жұмыс жа-сап, оларды өң-деу

Электрондық оқулық

12

Өз фотосуреті бойынша фотомонтаж құру.

1

Шығармашы-лық жұмыс ре-тінде оқушы өз суретін редак-торлайды

Электрондық оқулық

13

Adobe Photoshop ортасында мәтін жазу. От және мұзданған жазулар.

1

Оқушыға от си-яқты және мұз сияқты жазы-латын мәтінді көрсету, үйрету

Электрондық оқулық

14

Түрлі эффектілер қолдану. Күрделі бейнелер құру.

1

Күрделі суретке эффект қолдану

Электрондық оқулық

15

«Үздік дизайнер» жобасын құру.

1

Оқушыға шы-ғармашылық жұмыс жасату, яғни құралдар-ды пайдалана отырып, үйрен-генін көрсету

Интерактивті тақта

16

Фильтрлер. Фильтрлермен жұмыс жасау жолдары.

1

Фильтрлермен жұмыс жасау

Слайд

17

Коллаж құру және оның тәсілдері.

1

Коллаж құрып, оның тәсілдерін үйрету

Слайд

18

Adobe Photoshop ортасында мәтіндер мен фотосуреттерге стильдерді пайдалану

1

Мәтіндер мен суретке стил-дерді пайдала-нуды үйрету

Электрондық оқулық

19

Шығармашылық жұмыс

1

Adobe Photo-shop графика-лық редакто-рында қосымша мүмкіндіктерді пайдалана оты-рып, жұмыс жа-сау.

Интерактивті тақта

 

Corel Draw бағдарламасы – 14

 

20

Corel Draw графикалық редакторымен танысу.

1

Corel Draw гра-фикалық редак-торының тере-зесімен танысу.

Интерактивті тақта

21

Графикамен жұмыс.

1

Қисықтар салу-ды, оларды трасформациялауды үйрету.

Интерактивті тақта

22

Сызықтар, эллипстер, төтрбұрыштар және көпбұрыштарды салу.

1

Сызықтар, эл-липстер, төрт-бұрыштар және көпбұрыштарды салу әдістері-мен таныстыру

Электрондық оқулық

23

Суретті дискіде сақтау және редакторда жүктеу.

1

Салған суреттер ді дискіде сақ-тауды үйрету

Интерактивті тақта

24

Қарапайым объектілерді ерекшелеу және өңдеу. Объектіні бояу және контурының түсі.

1

Салған сурет-термен ерек-шелеп, өңдеу жұмыстарын жүргізуді , объектіні бо-яуды және кон-турына түстер беруді үйрету.

Слайд

25

Геометриялық фигураларды пайдаланып, ою-өрнектер салу

1

Фигуралардан ою-өрнек шыға-руды үйрету

Электрондық оқулық

26

Кескіндерді көрудің түрлі әдістері

1

Салған суреттер мен объекті-лерімізді алдын ала көру тәсіл-дерін үйрету.

Электрондық оқулық

27

Объектілер тобымен жүгізілетін әрекеттер.

1

Объектілермен жұмыс тәсіл-дерін үйрету. Графиктік ре-дакторда ил-люстрациялар жасауға үйрету.

Электрондық оқулық

28

Суреттердегі мәтін

1

Мәтіндік объектілер құруды үйрету.

Электрондық оқулық

29

Corel Draw графикалық редакторының қосалқы мүмкіндіктері.

1

Құралдармен жұмыс жасауды үйрету

Слайд, плакат

30

Интарактивті ауысу.Көлемді имитациялау.

1

Объектілерді ауыстыру мен олардың көлем-дерін имитация-лаудың әдісте-рін үйрету.

Слайд

31

Интарактивті көлем.

1

«Интарактивті көлем» құралын қажетті жағдай-да қолдана білу-ге үйрету.

Электрондық оқулық

32

Интарактивті бұрмалау. Көлемін ұқсату

1

 «Интарактивті бұрмалау» эф-фектісі

Электрондық оқулық

33

Шығармашылық жұмыс

1

Corel Draw графикалық редакторында қосымша мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмыс жасау.

Интерактивті тақта

34

Қорытынды сабақ

1

Қорытындылау, талдау, жинақтау.

Тест тапсыр-масы

Барлығы:

34 сағ









 

 

 

 

  1. 2.          Курсты ұйымдастыру формасын анықтау:

-      лекция

-      сұхбат – әңгіме

-      топтау, жұптық оқыту

-      өзіндік жұмыстар әдістерін пайдалану

 

3. Курсты оқытуды аяқтау формасы.

- Қорытынды бақылау жұмысы.

- Рефераттар.

Өз бетінше іздену жұмыстары (жоба)

4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

- Тест тапсырмалары.

-Шығармашылық жұмыс

- Өзіндік жұмыс.

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Мұғалімдер үшін:

  1. Интернет желісін пайдалану.

  2. 8 – сыныптың оқулығы.

  3. Инфоматикадан 30 сабақ. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., А.Б.Дәулетқұлов. Алматы ЖТИ. 2005.

  4. Жалпы информатика. С. Симонович, Г. Евсеев- Москва: «АСТ-ПРЕСС»

  5.   Информатика негіздері журналы

  6. 100% самоучитель Компьютерная графика Гаевский А.Ю.

  7. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова, Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев

  8. Компьютерная графика. Динамика, реалистические изображения
    Автор: Е.В.Шикин, А.В.Боресков. Издательство: Диалог-мифи Год: 1995

  9.  Adobe Photoshop. Официальный учебный курс (+ CD-ROM) Юрий Гурский, Андрей Васильев

  10. Самоучитель Corel DRAW Нина Комолова, Александр Тайц, Александра Тайц

 

Оқушылар үшін:

 

  1. Информатикадан 30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов,

А.Б. Дәулетқұлов       Алматы - 2004

  1. Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова,

Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев

  1. Интернет сайттары : www.google.kz, www.mail.ru, www.yandex.ru, www.rambler.kz

  2. Компьютерная графика. Динамика, реалистические изображения
    Е.В.Шикин, А.В.Боресков. Издательство: Диалог-мифи Год: 1995

  3. Фотошоп для чайников Генадий Федоров  2008

  4. CorelDRAW X4. Лучший самоучитель С. В. Глушаков, Е. В. Гончарова

 

 

Рефераттар тақырыбы:

1.Графикалық редактор ортасы

2.Бейнелерді өңдеуде қолданатын қосымша мүмкіндіктер


Краткое описание документа:

Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы          8-сыныптарға информатика пәнінен қолданбалы курс оқытуға арналған. Графикамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау. «Графика әлемі» тақырыбындағы курс оқушыларға графикалық редакторлар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс 
Автор
Дата добавления 29.05.2014
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1049
Номер материала 115903052901
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх