Инфоурок Начальные классы КонспектыВоспитательное открытое мероприятие «Отбасым-бақыт мекені»

Воспитательное открытое мероприятие «Отбасым-бақыт мекені»

Скачать материал

                          

Фамилиясы, аты, әкесінің аты – Каримова Айгүл Аманбайқызы

Туған күні, жылы – 14 қараша 1977 жыл.

Мекен-жайы – Атырау облысы, Құрманғазы ауданы , Ганюшкин селосы.

Үй адресі : М. Қабдолова 123 А

Жұмыс орны – Абай атындағы орта мектебі.

Мамандығы – Бастауыш сынып мұғалімі.

Білімі - жоғары

Санаты – жоғары, 14 разряд.

Еңбек өтілі – 19 жыл

Байланыс телефоны – 8 702 827 80 77

Үй телефоны : ( 871233 ) 5 – 61 - 05

 

 

Тақырыбы : Отбасым- бақыт мекені.

Мақсаты : Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны туралы түсіндіру, ата ақылымен,   

                    әже өнегесімен, ананың ақ сүтімен берілетін ұлттық тәлім-тәрбиені

                   балалардың бойына дарыту, отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі : Ой талқы , пікірлесу.

Жүру барысы : І Ұйымдастыру. Психологиялық тренинг.

Мейірімді  жүрекпен,

Ақ ниетті  тілекпен,

Амандасып  алайық,

Бір  жадырап  қалайық!

ІІ. Кіріспе әңгіме

Құрметті ұстаздар, ата-аналар ! « Отбасым – бақыт мекені  » атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер !

Отбасы - әр адамның  шағын  отаны.Отбасында өсіп-өніп  тәрбие алады. Біз жастаймыздан  өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы, үлкендерді  сыйлауды, жақсы  көруді  отбасынан  үйренеміз. Бізге ең  жақын, ең қымбат  жандар  отбасында яғни бірге  жанымызда  болады.  Отбасы ата –әженің  ұрпағынан  тарап,  шағын  мемлекетке  айналады.Бала тәрбиесі – әр сағат, әр күн сайын тынымсыз жүргізіле беретін аса жауапты, күрделі процесс. Тәрбие отбасынан басталады. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді. Отбасы  - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы.Отбасы – адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға қонаққа ата-аналар келіп қатысуда. Сіздермен бас қосып пікірлесудегі мақсатымыз – отбасындағы бала мен ата-ана арасындағы сыйластықты нығайту, сонымен қатар ата-аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.

Ой талқы

- Оқушылар мен ата-аналарды 3 топқа бөлу.

-  Келісімшарт жасау.

     -     Сұрақтарды талқылауда белсенділік көрсетеміз.

-           Бір-бірімізді тыңдаймыз.

-           Өз білгендерімізді ортаға саламыз

-           Жауап толық болмаса, топ мүшелері толықтырамыз.

-          Ойлануға 3 минут, пікір қорғауға 2 минут.

І бөлім – « Отбасы – тәрбие мектебі »

Талқыланатын сұрақтар :

І топ – Отбасы бақыты деген не ?

ІІ топ – Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз ?

ІІІ топ – Отбасында бала тәрбиесіне қатысты кездесетін қиындықтар, оларды жеңу       жолдары .

Сарапшы пікірі : мектеп психологы Жандыбаева Мейрамгүл Мұхтарқызы

Түйін сөз :

Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп сіңетін нәрсе емес . Оның да көктеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасады. Бала тәрбиесі туралы сөз болғанда: «Баланы жастан» – деген  халық даналығын ұмытуға хақымыз жоқ.  Сондықтан, «Бала жас, әлі ешнәрсені  білмейді, өсе келе бәрін түсінеді»  деп қарау – барып тұрған қателік.  Қорыта келгенде, отбасы бақыты, отбасындағы бала тәрбиесіндегі кездесетін қиындықтарды түсіністікпен жеңу ата-аналардың өз қолында.

ІІ бөлім – « Қарты бар үйдің – қазынасы бар »

- Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған . Ол кім ? ( Ата )

- Қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін, сабақтарымызды оқуға көмектесетін аталарымыз бен әжелерімізге өлең жолдарын арнайық.

Әли :  Айтады ертек жан атам,
   Ақ сақалын салалап.
   Құмарымды тарқатам,
   Жер мен көкті аралап.
   Ертегілер еліне,
   Бір шегетін сапары,
   Ардақтаймын өмірде,
   Асқар таудай атамды.

Бекзат Ғ :  Ұрпағы-атасының,

Шуағы-әжесінің,

Тұяғы-әкесінің,

Тілегі-анасының,

Тірегі-ағасының,

Түлегі-даласының

Дарытқан бар асылын

Мен-қазақ баласымын.

Жеңісбек : Жерінде-бабасының,

 Елінде-атасының,

 Көңілінде-әжесінің,

 Қолында-анасының

  Жолында-ағасының,

  Төсінде даласының

Тапқан өз жарасымын,

 Мен қазақ баласымын.!

Сержан :  Атамның ән-күйі ғажайып                                                                                              Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып.

Әсем :  Әжемнің саясында ер жетіп мен,

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен.

Даниал Қ : Ер жетіп есейгенде балапаны

Арайлап атады екен дала таңы

Иіскеп маңдайымнан сипалайтын

Қымбат қой әжелердің алақаны

  Дильназ : Маған ақыл беретін,
   Әжем менің асыл жан,
   Сипап жақсы көретін,
   «Құлыным» деп басымнан.
   Жақсылыққа үйретіп,
   Жамандықтан шектейді,
   Ертегі айтып беретін,
   Әжеге ешкім жетпейді.

Ән «Келші, келші , балашым ! »

ІІІ бөлім « Отбасы жарастығы» практикалық бөлім

І топқа - Спандияр Көбеев « Атасы мен немересі »

Ата қартайып күші кеміді; нашар көретін, нашар еститін болды; ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз оның аяқ, қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға тамақты бөлек беретін болды, алдына жаман дастархан, жаман ыдысқа құйыптамақ береді.  Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмай, бір күні бір ағашты жонып отырады. Әкесі көріп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» - дейді. Сонда баласы айтады: «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін», – дейді. Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қойды.

 

ІІ топқа - Көрініс «Ата өсиеті » ертегісі.

Бала : Ассалаумағалейкум, ата!

Қарт: Аманбысың, балам!

Балам, үйде кім, елде кім қадірлі?

Бала : Ата, үйде ана, елде бастық қадірлі.

Қарт: Жоқ, балам үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала – үйдің патшасы, балалы үй базар деген халқым.

Қарт: Балам, үйдегі алтын қазық кім?

Бала: Ата, үйдегі алтын қазық бала.

Қарт: Жоқ, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, ағаң – қорғаушың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа, балам !

Бала: Рахмет, ата, сіздің ғибрат аларлық сөздеріңізді есте сақтаймын!

ІІІ топқа - Баланы өсіріп тәрбиелеу, тек қана ананың тікелей міндеті деген пікірге қалай қарайсыз?  Соны  «Бір келіншек және отбасы » атты бейнекөріністен тамашалайық!

Сарапшы пікірі : мектеп психологы Жандыбаева Мейрамгүл Мұхтарқызы

ІV бөлім  «Ата –анам –алтын тұғырым »

Әке-отбасы тірегі, шаңырақтың иесі.  Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

Жұмағазы Даниал  : Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке – шаңырақ иесі. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау - әр баланың парызы.

Асылгүл : Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш.  Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі.

Жанболат  :  Бойға қуат  береді.

«Әй, жарайсың» дегені

Мен әкемнен әр кезде

Соны естігім келеді.

 Данагүл :     О, Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Мұғалім : Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. Ол кім? ( Ана )

Келесі жыр шумақтары аяулы аналарымызға арналады.

Аруна : «Балам аман болсын» деп көз ілмеген,

Қуат алдың, анажан, өзің неден?!

Адамдардан жақсылық күте алмаймын

Ана жүрек мейірімін  түсінбеген

Жанел : Дүниенің жарық күні-анамыз

Жарық күннен қуат алған санамыз.

Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,

Дана болсақ-анаменен  данамыз.

Өмірге мына бізді ала келген,

Дүние қымбат екен анаменен

Ұлыбек :  Әділдікке баулыған.
  Жүрегінде – махаббат,
  Тілегінде – марқабат
   Анамызға мың алғыс!
Дияс : Аялаған, баптаған,
  Асыраған сақтаған.
  Сақтандырып күнде еппен,
  Айтып бәрін үйреткен
   Анамызға мың алғыс!

Айнажан : Өмірде  не  жетім ?

1.Өмірде ата-анасы жоқ  болса,бала -жетім.

2.Халқына  сенімсіз болса,хан –жетім

3.Суы жоқ- құдық жетім

4.Досы  жоқ жігіт- жетім

5.Шәкіртсіз  ұстаз –жетім

6.Қызы  жетесіз  болса, ана- жетім

7.Ата-ана  ақылы жерде қалса,

 Бәрінен де сол  жетім.

Ата –аналарды құрметтеу туралы хадистер ( Қабуснамадан )

Салтанат  : Ей,перзентім! Ойыңа  тоқып  ал, ата-анаға құрмет,ізет  қылуды мойынға  алу  ләзім. Себебі баланың   түп  негізі  ата-ана  болып  табылады. Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа  алушы  болма. Олар  сен  үшін  өлуге  де  дайын  тұрады.Сен  соны  білуің  керек.

Асылгүл : Ей, перзентім! Ата –ананы құрметтеудің қажет екенін ақыл-ой , парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені, әрбір перзенттің тегі ата-ана  ғой.

Бекзат Ғ : Ей, перзентім ! Ата – анаңды ешқашан да ренжітуші болма! Олардың көңіл-күйіне қаяу салып, қапаландырма . Кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің де жақсылығын бағаламайды.Егер сен өз перзентім құрмет қылсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды.

Түйін : Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.

Біздің сыныпта отбасында бақыт пен ынтымақты ұстанып, бала тәрбиесіне жоғары көңіл бөлетін ата –аналарымыз көп. Сондай отбасылардың бірі – Бекзаттың отбасы .

Ән «Әке туралы жыр » Бекзат әкесімен қосылып орындайды.

- Осындай өнегелі  отбасылардың бірі, атасы мен әкесінің жолын қуып келе жатқан өнерлі оқушымыз Даниалға сөз кезегін береміз.

( «Біздің отбасымыз өнерге жақын » тақырыбындағы презентациясын қорғайды да, «Жастар биі » атты күйін тартады. )

V  бөлім « Тәрбие бастауы- отбасынан »

Бала тағдыры – ата – ана қолында дегенді қалай түсінесіз? ( І топқа )  

Балаңызға қуанғанда және ренжігенде айтылатын сөздер  ( ІІ топқа )  

Балаңыз ас үйде сүтті төгіп алды. Сіздің әрекетіңіз қандай?  ( ІІІ топқа )

Сарапшы пікірі : мектеп психологы Жандыбаева Мейрамгүл Мұхтарқызы

Түйін :  І топ. Жан-Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң,қағаз бетіне солай түседі,бала тәрбиесі сол сияқты,өзің қалай тәрбиелесең,ол солай тәрбиеленеді» деген екен.

Қыз бала өзінің ұстазына  келіп: «Алақанымдағы көбелек тірі ме, әлде өлі ме?» – деп сұрайды. Ұстаз ойланып: « Көбелектің тағдыры сенің  қолыңда, ұшырасың ба, әлде өлтіресің бе?» деген екен. Әр баланың тағдыры көбелек секілді ата-ананың қолында.

 ІІ топ. Жапония  ғалымы Эмото Масару  1 ай эксперимент жасаған екен. Үш банкаға бірдей күрішті салып, бірінші банкіге: «Сен әдемісің, саған сенемін», екіншісіне  «Есуас», үшінші банкіге мүлдем тіл қатпаған. Нәтижесі: бірінші банкідегі дәнді – дақыл гүлдеп, хош иіс пайда болады, екіншісі  банкідегі шіриді , үшіншісі қарайып кетеді.  Жансыз ғаламзат дүниелеріне көрсетілген үш түрлі әрекет – әр түрлі нәтиже берді.  Ал біз балалармен үнемі байланыста боламыз. Әр сөздің бала үшін маңызды екендігін естен шығармауымыз керек.

ІІІ топ.   Tedor Andersen – ді қызы былай деп еске алады. Ас үйде байқаусызда қолымнан сүт түсіп кетіп, төгіп алдым. Әкем сүттің ыдысына суды толтырып,  қолыма ұстатып, үйдің ішінде әрлі – берлі жүргізген соң  төкпейтіндей болдым. Қолым әбден жаттығып, орнықты. Кейін хирург болған кезімде медициналық  скальпельді ұстаған кезде, операция үстелінде  қолым ешқашан дірілдемеді.   Әкемнің маған жасаған эксперименті  өмірлік мамандығыма да себебін тигізді.

VІ  бөлім « Отбасы –балалар көзімен  »

Сонымен ата-аналар,сіздердің өз  балаларыңыз  бен немерелеріңізді  қаншалықты жақсы көріп, олардың саналы да тәрбиелі болып өсулеріне зор ықпал жасап отырғандарыңызды байқап отырмыз. Енді, немерелеріңіз бен балаларыңыздың сіздерді,  өз отбасын  қаншалықты жақсы көретінін балаларымыздың тілектерінен тыңдайық.

Оқушылар тілектерін оқиды. Дильназ бен Айнажан отбасы туралы презентацияларын қорғайды.

Қорытынды бөлім : «Шын жүректен »

Ата –аналар балаларына тілектер жазып, стикерлерін терекке жапсырады.

Балалар отбасына тілектерін жазып, үйдің суретіне жапсырады.

Хор «Әрқашан күн сөнбесін ! »

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке- шеше жоқ.»- деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, балаларымызды бірлесе тәрбиелейік дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тәрбие сағатына келіп өз пікірлерін білдірген ата-аналар мен олардың пікірлеріне сараптама жасаған Мейрамгүл апайға, қатысқан барша ұстаздарға  алғысымызды айтып, отбастарың бақыт мекеніне айналсын  демекпіз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательное открытое мероприятие «Отбасым-бақыт мекені»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Воспитательное мероприятие было проведено в 4 классе средней школы имени Абая. На уроке участвовали родители учеников, учителя средней школы. Мероприятие несет в себе воспитательное значение для подрастающего поколения, так как тема семьи является актуальной в современном мире в самом обществе. На уроке применялись интерактивные технологии, новые подходы. Вместе с детьми в обсуждении активно участвовали и родители. Полученные ответы были проанализированы школьным психологом и озвучены в конце мероприятия

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 545 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.05.2014 1174
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каримова Айгуль Аманбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каримова Айгуль Аманбаевна
    Каримова Айгуль Аманбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2275
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 143 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе