Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу. Әдібай Табылдиев «Күз кереметі» 3-сынып.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Әдебиеттік оқу. Әдібай Табылдиев «Күз кереметі» 3-сынып.

библиотека
материалов

Әдебиеттік оқу

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Әдібай Табылдиев «Күз кереметі»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың күзгі табиғат туралы

білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтарын-

астық, көкөніс, жемістер туралы

білетіндерін толықтыру.

Дамытушылық:Күзде істелетін жұмыс түрлері мен

күздің адамға тигізетін әсерін дәріптеу.

Тәрбиелік: Еңбекті, қоршаған ортаны зерттей отырып,

табиғат сұлулығын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Күз бейнесі» көрме, тірек сызбалар.

Сабақта қолданатын технологиялар: В. Ф. Шаталовтың тірек сызбаларын

пайдалану.

В.К. Дьяченконың ынтымақтастық-

та оқыту технологиясы.Ж.Махмутовтың

проблемалық сұрақтары технологиясы.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі:

Психологиялық дайындық. Н. Тілендиевтің «Құстар қайтып барады»

өлеңін қойып, Отанға, жерге, елге, сабаққа

деген қызығушылығын оятып, шабыттан-

дырамын.

  1. Үй жұмысын тексеру. Қима қағаздардың артында сұрақтар беріледі.

Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй жұмысы талданады.

Сұрақтар:

1.Күздігүнгі ауа райы қалай суреттелген? ( Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбырда жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды.)

2. « Жұрт күземін алған дегенді қалай түсінесің? (күздегі қырқылған қойдың жүні. )

3. Шыбын-шіркей неге жоқ болып кетті?

4. Жер бетіндегі шөп - шөңгелердің, ағаштардың көрінісі қандай?

( Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп, шөптерде де қурап қалған). Сұрақтарға жауап бергенде күз туралы мәтінге сай сурет құрастырылады. Оқушылар салған суреттерін түсіндіреді. Мәтін мазмұны топтастыру әдісі бойынша қорытындыланады.

3. Жаңа сабақ.

-Балалар, міне біздер маужыраған барқыт күздегі ауыл және күздегі табиғат өзгерістері жайында түсінік алдық. Енді бүгін сіздермен күз кереметтері жайында түсініктер аламыз. Бүгінгі

тақырыбымыз Әдібай Табылдиевтің «Күз кереметі» әңгімесі.

Тақтамен жұмыс.

Автор туралы түсінік. Әдібай Табылды-белгілі педагог, ақын, жазушы, ғалым, Қазақтың мемлекеттік әл- Фараби атындағы Ұлттық универси-тетінің профессоры Әдібай Табылды 1926 жылы 2-қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген.

Балаларға арналған «Бөбекке сөз» (1959) атты жинағынан бастап көп-теген өлеңдер мен қысқа әңгімелер, скетчтер, эпиграммалар жинақтары жарық көрді. «Алыптардың алабы», «Бәрекелді», «Кірпі», « Ғажайып бақ» сияқты ертегі-пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды. 2001 жылы «Қазақ этнопедагогикасы» атты оқулығы үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық сыйлықты иеленді. Періште жүрек ақынның тәп-тәтті өлеңдері о бастағы табиғилығынан айныған емес. Оған «Қайырлы таң, балалар!» атты жыр жинағындағы өздеріңе ұсынылып отырған өлеңдері куә.


Оқулықпен жұмыс.

А) Мәтінді мәнерлеп оқу:(Интерактивті тақтамен бірге еріп оқушылар хормен оқып шығады)


-Олай болса бұл әңгіме кімдер туралы,не жөнінде екені туралы қысқаша проблемалық сұрақтармен тиянақтау.

Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:

-Ендеше,күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, карбыз, кауын, алма, өрік,жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі.Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да-бәрі де сап-сары. Сондықтан далалық күзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз-ет пен май. Малда да аң да, құс та күзге дейін әбден семіріп болады. Күз - қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да, барлық жан-жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын-шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек. Балалар атасына қызықты әңгімесі үшін көп-көп рахмет айтты. Сол күні түстен кейін және ертеңіне түске дейін олар бізге қауын, қарбыз жиюға көмектесті.


  1. Кестені толтыру:


Бұрын білгенмін

Бүгін білдім

Білгім келеді










5. Ынтымақтастықта оқыту.



6. Мәтінді сұрақ-жауап арқылы талдау:

1. Әңгіме неліктен « Күздің кереметі» деп аталған ?

2. Әңгімені тағы қалай атауға болар еді ?

3. Әңгімеде күздің қай кезі туралы айтылған ?

4. Мәтіндегі Омар атай қандай жұмыс істейтін адам ?

5.Мәтінде бақшада өсетін қандай жемістер жөнінде әңгімеленген ? 6.Омар атайдың әңгімесіне тыңдаушылар неліктен таң – тамаша

болды ?

7.« Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды» деп неліктен

айтылған?

8. Күздің соңғы кезінде құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

9. Күннің қысқаруы, түннің ұзаруы қай күннен басталады?


Олай болса біз күз кереметтерін тереңірек түсіну үшін сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Әрбір оқушы көкөністер мен жемістерден өздері-не таңдағандарыңды алып әр орталықтарға бөлініп отырамыз.


Әрбір жемістер мен көкөністер суреттеріне қарай орталықтарға бөлінеді:

оқу орталығы ( қияр, пияз, өрік, алма)


жазу орталығы ( сәбіз, қауын, жүзім, анар)


математика орталығы ( қарбыз, картоп, алмұрт, жүгері)


шығармашылық орталығы ( қызанақ, асқабақ, күнбағыс, қызылша)



Орталықтардың тапсырмасы:

Оқу орталығы.


«Күз» тақырыбында тірек сызба толтыруға беріледі.


Жазу орталығы.

« Қоңыр күз » тақырыбына мына тірек сызбалар арқылы шығарма жаз:

а) Күзгі табиғат: сарғылт тартып жапырақ, маужырап барқыт қоңыр күз, сап – сары кілем төселген сияқты, шық тамшылары моншақтай, бұлттар ә) Күзгі еңбек: алма піскен албырап, алманың хош иісі, кемедей кешіп комбайн, күлім қаққан адамдар, күз – қауырт жұмыстың көзі.

б) Шығармаңды төмендегідей аяқтауыңа болады:

1. Күзіміз неткен көңілді !

2. Күз мезгілі қандай тамаша !

3. Күз дегеніміз – байлық, молшылық.


Математика орталығы.

1) Белгібай мен Ысмағұл Омар атайға көкөністерді машинаға тиісті. Олар түске дейін 500 кг, ал түстен кейін одан 2 есе артық тиеді. Олар түстен кейін қанша көкөніс тиеді?

2) Әубәкір мен Жағыпар атасына көмектесуге келді. Әубәкір 20 кг картоп жинады. Ал, Жағыпар одан 7 кг кем жинады. Екеуі барлығы неше килограмм картоп жинады?

3) Омар атай Белгібай, Әубәкір және Жағыпарға қызынақ, қауын,қарбыз, картоп берді. Белгібай картоп, қызанақ, қарбыз алмады. Жағыпар қауын, қызанақ, қарбыз алмады. Ал Белгібай болса қауын, қарбыз, картоп алмады. Балалар қандай өнім алды ?

4) Тал басында алмұрттан бесеу бар-ды,

Мен екеуін жеп қойдым нешеу қалды ?

( Есеп дұрыс емес: Себебі алмұрт тал басында өспейді,алмұрт ағашының бұтақтарында өседі ).

Жарысқа жаңғақ жинап қайың "сауып " ,

Жасадық күзгі орманда ойын-сауық.

( Қайыңның сөлі күзде емес, ерте көктемде жиналады).


Шығармашылық орталығы .

Күз туралы өлең,жұмбақ,мақал құрастырып,оқып беру.

Қосымша парақшамен жұмыс.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге .... келді.

................. жинауға,

Шақырады біздерді.

............ қайтты ән салып,

.......... торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

Н.Әлімқұлов



Ұшты талдан ...........

Сары ........... секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы ........ секірді.

Барын беріп халыққа,

Жұмыстан соң қалжырап,

........... ұқсайды алыпқа.

Дамыл алған маужырап.

М. Әлімбаев.


Сұр бұлт түсі суық қаптайды ......,

..... болып, дымқыл тұман ...... басқан.

Білмеймін ..... ма, ..... ма,

Жылқы ойнап, ....... қашқан, ........ жарысқан.

А. Құнанбаев.


Сергіту сәті.

Жұмбақтар шешу.


Қабат – қабат тоны бар,

Бір тон емес оны бар.

Оранғанда он тонға,

Тоңбайтындай жөні бар. ( Пияз )

Күн көргенде пісем дейді,

Піскен бойдан түсем дейді. ( Алма )


Жүздеген қозы көгенде,

Салбырар жазда төбеңде. ( Жүзім )


Түймедей қыз,

Түймедей қызды жылатар. ( Пияз )


Асыл болмаса да жасыл.

Қып – қызыл қаны асыл.

Қыз болмаса да шырайлы,

Өседі жерге шұрайлы. ( Қызылша )


Құйрығы жасыл, қызыл қораз,

Інге тығылып ұзын қораз. ( Сәбіз )


Титтей қазанның түбі тәтті. ( Жаңғақ )


Жартысын ектім, бүтінін алдым. ( Картоп )


Жетпіс қабат жейдесі,

Тамақ бізге кейде осы. ( Орамжапырақ )


Өзі іште, шашбауы тыста. ( Сәбіз )


Көмген жалғыз, қазғанда сан қыз. ( Картоп )


Бар қаны, жоқ жаны. ( Қызылша )


Ағаш басында құлыптаулы сандық. ( Жаңғақ )


Шырайлы қызың, мұрыны ұзын. ( Сәбіз )


40 қабат шекпені,

Шешкен жанға өкпелі.

Соның бәрін шешкен соң

Көздің жасын төккенің. ( Пияз )


Дөп – дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. ( Қарбыз )


Орталықтардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтыру. Жауап берген орталықтың жұмысына басқа орталықтың оқушыларын қатыстыру. Басқа орталықтағы оқушылар жаңа сабақ бойынша өздері түсінбеген сұрақтарын қоюға болады.



Ой толғаныс.

Жаңа тақырыпты қорыту үшін өзіндік тапсырма беру.



Тақырыбы

Күз кереметі

Авторы


Кейіпкерлері


Көкөністер


Алтын күз деген не?


Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды


Білімдерін бағалау.Сабақ барысында жауап берілген оқушыларға көкөніс пен жемістердің суретін алғандарына қарай бағалау.

6-8 данасына - «5». 3-5 данасына - «4». 1-2 данасына - «3»

Сабақ тақырыбы




Сабақты қорытындылау. Рефлексия.





hello_html_m39e73e1.gifhello_html_m1ec4b0dd.gif




Ұнаған жері

Ұнамаған жері




hello_html_m7d273a4a.gifhello_html_m7375fa14.gif


hello_html_m43c00db3.gif






Менің пікірім























Үйге тапсырманы деңгейлеп беру.

Әңгімені түсініп оқу, күзге байланысты өз қалауларынша сурет салу. Буклет жасап келу.















Краткое описание документа:

-Балалар, міне біздер маужыраған  барқыт  күздегі  ауыл  және  күздегі  табиғат  өзгерістері  жайында  түсінік  алдық.  Енді бүгін  сіздермен  күз  кереметтері  жайында  түсініктер  аламыз.  Бүгінгі  тақырыбымыз  Әдібай  Табылдиевтің  «Күз  кереметі»  әңгімесі.  Тақтамен  жұмыс. Автор  туралы  түсінік.   Әдібай  Табылды-белгілі  педагог,  ақын,  жазушы,  ғалым,  Қазақтың  мемлекеттік  әл- Фараби  атындағы  Ұлттық  универси-тетінің  профессоры  Әдібай  Табылды   1926  жылы  2-қаңтарда  Жамбыл  облысы,  Тұрар  Рысқұлов  ауданы,  Жаңа  тұрмыс  ауылында   дүниеге  келген.  Балаларға  арналған  «Бөбекке  сөз»   (1959) атты  жинағынан  бастап   көп-теген өлеңдер  мен  қысқа  әңгімелер,  скетчтер,  эпиграммалар  жинақтары  жарық  көрді.  «Алыптардың  алабы»,  «Бәрекелді»,  «Кірпі», «  Ғажайып  бақ»  сияқты  ертегі-пьесалары  республикалық  қуыршақ  театрында  қойылды.   2001  жылы  «Қазақ  этнопедагогикасы»  атты  оқулығы  үшін  Ыбырай  Алтынсарин  атындағы  республикалық  сыйлықты  иеленді.   Періште  жүрек  ақынның  тәп-тәтті  өлеңдері  о  бастағы  табиғилығынан  айныған  емес.  Оған  «Қайырлы  таң,  балалар!»  атты  жыр  жинағындағы  өздеріңе  ұсынылып  отырған  өлеңдері  куә.Оқулықпен  жұмыс.  А)  Мәтінді  мәнерлеп  оқу:(Интерактивті тақтамен бірге еріп оқушылар хормен оқып шығады)-Олай болса бұл әңгіме кімдер туралы,не жөнінде екені туралы қысқаша проблемалық сұрақтармен тиянақтау.Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі:-Ендеше,күз  дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық,  картоп,  жүгері,  күнбағыс, карбыз, кауын, алма, өрік,жүзім. Осының  бәрі  күзде  әбден  пісіп-жетіледі.Әне  қараңдаршы!  Дала  да,  егін  де,  тоғай  да-бәрі  де  сап-сары.  Сондықтан  далалық  күзді  «алтын  күз» дейді.  Екіншіден,  күз-ет  пен  май.  Малда  да  аң  да, құс  та  күзге  дейін  әбден  семіріп  болады.  Күз -  қауырт  жұмыстың  кезі.  Қылышын  сүйретіп  келе  жатқан  қысқа  дайындалатын  кез.  «Күздің  бір  күні  қыстың  бір  айын  асырайды».  Күзде  аянбай  еңбек  етсең,  қыста  қысылмайсың.  Қысқа  адам  да,  аң  да,  барлық  жан-жануарлар  да  дайындалады.  Күзде  жыл  құстары  жылы  жаққа  қайтады,  сөйтіп  олар  да  қыстан  аман  шығуға  әрекет  жасайды.  Күзде  күн  қысқарып,  түн  ұзарады,  жауын-шашын  көбейеді.  Міне,  сондықтан  да  күздің  осындай  әрбір  ашық  күнін  пайдаланып,  мол  өнімді  тез  жиып  алу  керек.  Балалар  атасына  қызықты  әңгімесі  үшін  көп-көп  рахмет айтты.  Сол  күні  түстен  кейін  және  ертеңіне  түске  дейін  олар  бізге  қауын,  қарбыз  жиюға  көмектесті.     
Автор
Дата добавления 29.05.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров2920
Номер материала 116281052925
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх