Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Білім биржасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Білім биржасы

библиотека
материалов

Қ. Спатаев атындағы №7 мектеп - лицейі











Сабақтан тыс жұмыс

hello_html_11a345aa.gif










10A, 10B - сынып оқушылары арасында өткізілді








Пән мұғалімдері: Жетібаева Г

Мансурова Б
















2011-2012 оқу жылы

Тақырыбы: Білім биржасы интеллектуалдық ойыны


Мақсаты:

1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.

2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.


Сайыс 3 кезеңнен тұрады:


І. «Жорға». Бұл турда төрт бөлім бойынша сұрақтар қойылады. Әр сұрақ ұпайымен беріледі.

1. Математика патшалығы:


100 - 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?

200 - Үстелдің беті төртбұрышты, оның бір бұрышын кесіп тастаса неше

бұрыш қалады?

300 - Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрса, 48 сағаттан кейін күн

шайдай ашылады деп жорамал жасауға бола ма?

400 - Бір топ үйрек ұшып келе жатты. Біреуі алдында, екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында, үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан. Қанша үйрек ұшып келеді?

500 - Тақтада көрсетілген 81 санынан 63-ті алып, ал 86 санына 12-ні қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады?


2. Жас программист


100 - Әріптіптік-сандық мәліметтерді компьютерге енгізетін компьютердің басты құрылғысының бірі

200 - Ертедегі Батыс Еуропа елі “абак”, қытайлықтар “суан-пан”, жапондықтар “серобян” деп атап, ежелде піл сүйегінен, тастардан, мыстан жасалған есептеуіш құралды әлі күнге дейін пайдаланып келеміз.

Бұл қандай есептеуіш құрал?

300 - Бұл құрылғы компьютердің ең қымбат құрауыштары болып табылады. Қазіргі кездегі бұл құрылғы компьютердің бағасымен бірдей немесе бірнеше есе қымбат болады. Сондықтан болар, компьютерді осы құрылғының атымен де атайды. Бұл қандай құрылғы?

400 - Ол өзінің алғашқы программасын 13 жасында құрады. Қазір бұл адам дүние жүзіндегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Оның басқарып келе жатқан фирмасы дүние жүзіндегі ең ірі фирма болып саналады.

Ғалымның есімі мен фирманың атын атаңыз.

500 - Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.


3. Логикалық есептер


100 - Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?

200 - Машинасының доңғалағын ауыстырып жатқан жүргізуші төрт бірдей гайкасын шұңқырға түсіріп алды. Ол кудерін үзген кезде, ойнап жүрген жас бала оған бір ақыл айтты. Баланың ақылына жүгінген жүргізуші мшинасын от алдырып жүріп кетті. Бала оған қандай ақыл айтты?

300 - Ағалы-інілі Ербол мен Қайрат лас және қараңғы қорада көп ойнады. Содан кейін олар үйлеріне қайтуға бет алды. Ерболдың беті-қолы лас болса, ал Қайраттың беті қолы таза күйінде қалды. Соған қарамастан тек жуынуға Қайрат қана кетті. Неліктен?

400 - Олар қандай баға алды? Әсем, Айжан, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім: “Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес”, - деді. Сонда әркім қандай баға алған?

500 - Биіктіктен шар, конус, куб лақтырылды. Осы денелердің қайсысы жерге бірінші болып жетеді? Жауабын түсіндіріңіз.



  1. Туған жерім-тұғырым атты

100 - Біреудің жақсы малына , затына, мүлкіне көңілі кеткен адам, сол үйге барып ұнаған затын сұрайды. Дәстүр бойынша үй иесі сұраған адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Жомарттық пен мәрттіктің, сыйластықтың белгісіне айналған қазақтың салт-дәстүрінің бірі қалай аталады?

200 - «Аукцион сұрақ.». Келесі күй жолдары кімге тиесілі?

300 - Алдарыңыздағы тарихи-мәдени ескерткіштің салынғанына 600 жылдан астам уақыт болды. Ұзындығы 60 метр, ені 45 метрден астам, биіктігі 40 метрге жуық. Онда түрлі мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме бар. Оның айналасына қазақтың хандары мен басқа да белгілі адамдары жерленген. Бұл қай ескерткіш және Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

400 - Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған “Ұлы тұлға – бала би” деген атақтан дана би атаққа ие болған, жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ халқының атынан елшілікке жіберілген. Ол атақты адамның елшілікке барғандағы сөздері бізге жеткен. Яғни, “Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз”.

Бұл ұлы адам кім?

500 - Бұл мазардың басында Мұқағали Мақатаевтың төрт жол шумағы жазылған.

Жол түсіп достым, Таңсыққа барсаң тегінде.

Бір соқпай кетпе

молаға сонау көрінген

Қасқайып тұрған қазақтың осынау төрінде

Бабаларыңның

махаббаттары көмілген

Сұрақ. Мазар кімдерге арналған?


ІІ. «Дода». Бұл турда да төрт бөлім бойынша сұрақтар қойылады. Әр сұрақ ұпайымен беріледі.


  1. Интернетке шолу

100 – Төменде көрсетілген интернет адрестердің қайсысы электрондық почта болып табылады?

  1. www. rambler .ru

  2. www.mail.ru

  3. Microsoft_of@rambler.ru

  4. http://ksu.ru


200 – Телефон сымы арқылы сандық сигналдарды кері байланысқа енгізетін Интернетке қосылу үшін қажет құрылғы.


300 – Төменде көрсетілген сайттардың қайсысы қате жазылған?

  1. www. rambler .ru

  2. www.mail.ru

  3. www..google.kz

www.yandex.ru


400 – Анаграмманы шешіп артық сөзді алып тастаңыз


1.(дмеом)
2.(
нитретен)
3.(
тйас)
4.(
ксемө)


500 - Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы XIX ғасырдан басталады. 1833 жылы бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын “Аналитикалық машина” жобасын жасады. Сондықтан да оны қазіргі компьютердің “атасы” деп атайды. Ол кім?



  1. Мақал-сөздің мәйегі


100 – Ағайын тату болса- ат көп, (Абысын тату болса – ас көп.)


200 – Жалғыздың аты шықпас , (Жаяудың шаңы шықпас )


300 – Әдепті елдің баласы... (Алыстан сәлем береді)


400 – Ұятты барын жейді...(Ұятсыз арын жейді)


500 - Жігітке жеті өнер де аз емес...(Жетпіс өнер көп емес)



3. Еврика!!!

100 – Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?


200 – Солтүстікте адамдар үйлерінің төбесін конус тәрізді етіп жабады, ал қазақтың киіз үйінің төбесі шеңбер болып келетінін сіздер қалай түсіндірер едіңіздер?


300 – Ежелден қазақ қыздары сәукеле, үкілі тақия сияқты биік бас киімдерін киетін болған. Неліктен қазақ қыздарының бас киімдері биік болып келеді?

Бас киімдердің жылулықтан басқа қандай пайдасы бар?


400 – Бұл ғалымды патша үйіне “алтын тәжді” зерттеп бер деп шақырды. Көп қиналып ол өзін ваннадағы толы суға батырды салмақ көлем тығыздықты суда жасап

есептеп қуанғаннан ғалым

Осы сөзді айқайлап елдің бәрін шақырды.

Бұл қандай ғалым, жане ол не деп айқайлады?

500 - Өздеріңізге мәлім түйе шөлге шыдамды жануар болып саналады. Түйенің бұдан басқа шөлге лайық қасиеті бар. Неліктен

аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы деп ойлайсыздар?


4. Артық болмас білгенің…


100 – “Біздің кемеміз ашық теңіз бетіне сұрапыл қатты дауылға кездесіп, апатқа ұшырады. Кемедегі меннен басқа адамдардың бәрі де суға батты. Мен шала жансар күйімде қарғыс атқан осы аралға лақтырып тасталдым. Ол аралға “Түңілу” аралы деп ат қойдым.

Үзінді қай шығармадан алынған?

Авторын ата.

Ж: (Даниэл Дефо “Робинзон Крузо” Ағылшын жазушысы осы жалғыз

романымен-ақ әлемге әйгілі болды)


200 – Суретте қазақтың алғашқы мультфильм

ерінің бірі бейнеленген. Мультфильм қалай аталады?


300 – Жер шарындағы ең биік шың Гималай тау жүйесіндегі орналасқан.

Бұл шың биіктігі - 8 850м. Сыртқы пішіні пирамида тәрізді болып келген.

Шыңның аты қалай?


400 – Қанағат болды десек етер шағы,

Құтырды өскен сайын кемпір бағы.

Өткен соң бірер жұма, шақыртады

Балыққа жібермекке шалды тағы.

Үзінді қай шығармадан алынған?Авторын ата.

Ж: (А.С.Пушкин “Балықшы мен Балық” (А.Байтұрсынов аудармасы))


500 - Бұл қала Қазақстанның ортағасырлық қалалары ішінде айрықша орын алады. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл – Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Фараб қаласы 60 мыңдай жауынгері бар берік қамал болған. Алайда, қүмырсқадай қаптаған Шыңғысханның жауынгерлеріне 6 айдан артық төтеп бере алмады, бірақ бұл қала асқан батырлығымен тарихта қалды. Қаланы атаңыз.


  1. «Жүйрік» Бұл турда екі сайыскер ҚАЗАҚСТАН деген сөзден жаңа сөздер ойлап тауып жарысқа түседі. Беріліп отырған ҚАЗАҚСТАН сөзінен не бір мағаналы сөздер шығатынын оқушы сезіну керек. Осылайша Жүйірік анықталады. /

ҚАЗАҚСТАН

Қазақ, сақ, қаз, азан, азат, қазан, ана, ата, нан, ас т.б көптеген мағаналы сөздер құрастырылады.


Қорытынды: Жеңіске жеткен оқушыны мараппаттау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

100 - Әріптіптік-сандық мәліметтерді компьютерге енгізетін компьютердің басты құрылғысының бірі 200 - Ертедегі Батыс Еуропа елі “абак”, қытайлықтар “суан-пан”, жапондықтар “серобян” деп атап, ежелде піл сүйегінен, тастардан, мыстан жасалған есептеуіш құралды әлі күнге дейін  пайдаланып келеміз. Бұл қандай есептеуіш құрал? 300 - Бұл құрылғы компьютердің ең қымбат құрауыштары болып табылады.  Қазіргі кездегі бұл құрылғы компьютердің бағасымен бірдей немесе бірнеше есе қымбат болады.  Сондықтан болар, компьютерді осы құрылғының атымен де атайды. Бұл қандай құрылғы? 400 - Ол өзінің алғашқы программасын 13 жасында құрады. Қазір бұл адам дүние жүзіндегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Оның басқарып келе жатқан фирмасы дүние жүзіндегі ең ірі фирма болып саналады.  Ғалымның есімі мен фирманың атын атаңыз. 500 - Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.
Автор
Дата добавления 29.05.2014
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров475
Номер материала 116409052908
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх