Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Балықтардың көбейуі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Балықтардың көбейуі

библиотека
материалов



Тақырыбы: Балықтардың көбеюі және дамуы

Оқытушы: Абдиреев Н.Б


Сабақтың тақырыбы: Балықтардың көбеюі және дамуы

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік – Ихтиология пәні, республикада кәсіпшілік балықтардың арнаулы су тоғандары,су қоймасы және товарлы көлдерде көбейтілу жолдары,өсіру тәсілдері мен қоректендіру әдістері туралы білім беру

б) Тәрбиелілік-Балық шаруашылығындағы ихтиологияның ерекшелігін ескере отырып, балықтарды сақтауға, қорғауға және балық елдің байлығы екенін құрметтеуге тәрбиелеу.

в) Дамытушылық- Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін,қызығушылығын арттыра отырып, танымдық, шығармашылық , ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту , өз беттерінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру.


Сабақтың түрі: Іздену-зерттеу сабағы.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Баяндау, ой қорыту, ізденіс, ойын әдістері.


Пәнаралық байланыс: Гидробиология,Аквакультура негіздері,Жалпы биология,Балықты сақтау және өңдеу,Әлем тарихы,География.


Қолданылатын жаңа тнхнология: интерактивті оқыту әдісі.

Көрнекілігі: Дүние жүзі су ресурстары картасы,балық муляждары,аквариум балықтары,үлестірмелі материалдар(атлас), интерактивті тақта(техникалық құрал), кітап көрмесі,ылғалды препараттар,құрама жемдер жасанды азықтар коллекциясы,флипчарттар және слайдтар.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа түгел қатынасуын, дәрісхана тазалығын,сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Кіріспе. Оқытушы сөзі.

«Балықтардың көбеюі және дамуы» тақырыбы: а) балықтардың жеке дамуы, ә) көбею және жыныс өнімдерінің пісіп жетілуі, б) балықтың бөлек жыныстылығы, в) уылдырық шашу орындары, г) уылдырық шашу мерзімдері, д) тұқымдылықтың алуантүрлілігі, е)өсу және жастық өзгергіштік, з) балықтың өсу циклдары, и) балықтардың даму циклдары бөлімдерінен құралған.

Осы негізгі бөлімдер Балықтың көбеюі және дамуы процесін дәлелдеп көрсетеді.

ІІІ.Жаңа сабақты хабарлау және мақсатына тоқталып өту.

Жоспары:1.Балықтардың жеке даму процесі.

а) Эмбриональдық кезең, ә) личинкалық (дернәсілдік) кезең,б) шабақтық кезең, в) жас организмдік кезең, г) ересек организм кезеңі, д) балықтың қартаю кезеңі.

2.Балықтың көбеюі және уылдырық шашу процесі.

а) Балықтың уылдырық шашуға қабілеттілігі

ә) Бөлек жыныстылыққа сипаттама

б) Уылдырық шашу орындары

в) Уылдырық шашу мерзімдері

г) Балықтар тұқымдылығының алуан түрлілігі.

3.Балықтардың өсу және даму циклдары


а) Өсу және жастық өзгергіштікке сипаттама

ә) Су тоғанында тұқы шабақтарының өсуі

б) Тұқы шабақтарының өсу динамикасын көрсететін циклдар

в) Қыстайтын балықтардағы зат алмасу процесінің жүруі.

ІV.Оқушылардың тақырып бойынша ізденістері.

Күтілетін нәтиже :

Оқушылар тақырыпты зерттей отырып,өзіндік жұмыс жүргізуге дағдыланады.

V.Жаңа сабақты пысықтау.

1.Тест жұмысы

2. Ихтиологиялық диктант

3. «Кім көп біледі?»

4. «Кім мерген? » атты ойын әдістері арқылы жүргізіледі.

VI. Тақырыпты қорытындылау.

Республикада және облысымызда орналасқан су ресурстарында тіршілік ететін балықтардың көбеюі мен дамуына қамқорлық жасау- мемлекеттік және бүкілхалықтық міндет.Кәсіпшілік балықтарды арнаулы су тоғандары мен су қоймаларында өсіру санын көбейту,сапалы қоректендіру-жергілікті балық шаруашылығы мекемелерінің атқаратын жұмысы.Су ресурстарындағы тіршілік ететін балықтарды қорғау және санын сақтау-балық шаруашылығы бсссейіндік инспекциясы қызметкерлерінің міндеті.

VII.Оқушыларды бағалау процесі.

VIII.Үйге тапсырма.

1.Ихтиологиялық кестелермен жұмыс

2.Ихтиологиялық зерттеуді жалғастыру

3.Шығармашылық тапсырма.(микробиологиялық және ихтиопатологиялық жаттығулар құру)

IX.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қ.Ж.Сейтбаев. « Балық шаруашылығы» оқулық. «Эверо» Алматы. 2012 ж.

2.Т.М.Телеуғалиев. «Балық өсіру» « Қайнар» Алматы 1990 ж.

3.М.Жұмалиев, Ә.Бәйімбет,Б.Есжанов « Балықтардың алуан түрлілігі және ихтиология негіздері»

4.С.Қаженбаев « Қазақстанның балық байлығын қорғау» «Қайнар» Алматы 1979 ж.

5.К.Күленов, С.Күленова «Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» Алматы 1980 ж.

6.Қ.Қайымов «Балықтар әлемінде» «Қайнар» Алматы 1973 ж.

Оқушылар ізденістері.

Топтағы 3 оқушы жоспардағы көрсетілген сұрақтарға қысқаша тоқталып, түсіндіріп өтеді. Оқытушы міндетті түрде пысықтайды.

4- ші оқушы. Зерттеу жұмысы. Балықтардың жеке дамуына сипаттама.

Келесі оқушы жоспардағы бірінші сұрақтың жауабын толықтырып,жүйеге келтіру мақсатында балықтардың жеке даму процесіне тоқталады.

1.Эмбриональдық кезең-жұмыртқаның ұрықтануынан бастап,шабақтардың сырттай қоректенуге көшуге дейінгі кезең.Қоректену сарыауыз есебінен жүзеге асады.

А Уылдырық кезеңі бөлімі нағыз эмбрион ,даму қабық ішінде жүреді;

ә Еркін эмбрион кезеңі бөлімі дернәсілалды ,даму қабықтан тыс жүреді;

2.Личинкалық дернәсілдік кезең-сырттай қоректенуге көшкен уақыттан басталады.Сыртқы түрі және ішкі құрылысы ересек организмге ұқсамайды.Жойылып кететін дернәсілдік органдар болады.

3.Шабақтық кезең-ересек организмге ұқсас.Дернәсілдік органдар жойылады,ересектерге тән органдар мен қызметтер пайда болады.Жыныс мүшелері әлі дамымаған. .Энергетикалық ресурстар өсуге жұмсалады.Екінші жыныстық белгілер болмайды.

4.Жас организм(жыныстық жағынан жетілмеген) кезеңі-жыныс бездерінің,екінші жыныс белгілерінің жылдам дамуы басталады,организм көбеюге қабілетті емес.

5.Ересек организм(жыныстық жағынан жетілген) кезеңі- көбеюге қабілетті,екінші жыныс белгілері бар,энергия негізінен жыныс жүйесінің дамуы,миграция,қыстау,көбею кезеңдерінде тіршілікті қолдайтын қорды құруға жұмсалады.

6.Қартаю кезеңі-жыныс жүйесінің қызметі өтеді,ұзыннан өсу баяулайды,зат алмасу процесі бұзыла бастайды.

5-ші оқушы. Зерттеу жұмысы.

Балықтардың көбеюі және бөлек жыныстылық процесі..

Майда уылдырық салу миногалар үшін,миксиналарда ірі капсулалы-жұмыртқа салу тән.

Шеміршекті балықтарда майда уылдырық салу,ірі капсулалы мүйізтектес қабықшасы бар жұмыртқа салу(тірі жұмыртқа салу), капсулалы жұмыртқаның жұмыртқа жолында дамуы және жатырда дамып нағыз тірі туу.Шеміршекті балықта құрсақ жүзбеқанаттарының ішкі жағында жұп шағылысу өсінділері-птеригоподиялар болады.Сүйекті балықтарда 3000-4000 көп майда уылдырықтарды сыртқа шашу жүреді.

Уылдырық шашудың оңтайлы ұзақтығы,жақсы белсенділік,ұрықтану пайызының жоғары болуы,эмбриональды дамудың жүйелі жүруі,уылдырықтың аз шығынға ұшырауы,жоғары тұқымдылық,шабақтардың күшті әрі сау болуы көрінеді.Кейбір балықта жыныстық реверсиясы(өзгеруі) байқалады;тұқытістілердің аналықтары аталықтарға айналады.Гормондар әсерінен бахтах балығы жынысын өзгертеді.Тас алабұғалардың жастары түгелдей аналық,барлық ересектері аталықтар болады.

Жыныс өнімдерінің пісіп-жетілуіне бірнеше факторлар ықпал жасайды:

1-белгілі жас; 2- физиологиялық жағдайы; 3-жыныс бездерінің жағдайы; 4- су температу-расы; 5- қоректің болуы; 6-қоңдылық; 7-судың гидрохимиялық жағдайы; 8-уылдырық шашуға қолайлы жер; 9-серігінің болуы.

Кейбір түрлерде аталықтары болмағанда гиногенез(жұмыртқа клеткасының ұрықтанбай дамуы) байқалады.

6-шы оқушы. Зерттеу жұмысы.

Уылдырық шашу орындары және мерзімдері

Уылдырық шашу орындарына қарай балықтар бірнеше топқа бөлінеді:

а) Литофилдер-тасты жерлерді ұнатады (бекірелер,албырттар,қызылкөздер)

ә ) Фитофилдер-уылдырықтарын өсімдіктерде шашатындар( шортан,сазан,тыран,алабұға)

б ) Псаммофилдер-су асты құмдарына уылдырық шашатындар( құмдауықтар,талма—балықтар-голецтер)

в ) Пелагофилдер-су қабатына уылдырық шашатындар( қылышбалық,дөң маңдай,ақ амур)

г ) Остракофилдер-моллюскалардың мантия қуысына,бақалшаққа уылдырық шашатындар (кекіре)

Уылдырық шашу мерзімдері

Уылдырық шашу мерзімдеріне қарай балықтар:

а ) Көктемде уылдырық шашушылар- майшабақ,бахтах,алабұға,торта.

ә ) Жазда уылдырық шашушылар-сазан,тұқы,оңғақ,қызылқанаттар.

б )Күз бен қыста уылдырық шашушылар- албырттар,сигалар,нәлім,навагалар.

в )Тәулік ішінде уылдырық шашу мерзімі: түнде-албырттар,нәлім,хамса; ымыртта-кеш батарда-анчоустар; таңертең-тұқылар уылдырық шашады.

г) Уылдырық шашу бір мезгілде-көксерке; үлестеп( порциялап) шашу-Каспий майшабақтары тропикалық,субтропикалық аймақтарда уылдырық 2-3 рет көп салынады.

д) Бір түр оңтүстікте үлестеп уылдырық шашса,солтүстікте бір мезгілде шашады.

7-ші оқушы. Зерттеу жұмысы

Балықтың тұқымдылығының алуан түрлілігі

Балық тұқымдылығы алуантүрлі-бірнеше капсулалы жұмыртқадан( поляр акуласы) 200млн.уылдырықтар (теңіз шортаны) болады. Уылдырықты көп салатын рекордсмен( ай балық)300 млн. уылдырық болады.

Тұқымдылығы жоғары пелагикалық балықтардың уылдырықтары қауіп-қатерге көп ұшырайды.Уылдырық қанша жақсы қорғалса,тұқымдылығы сонша төмен болады.Қорегі жеткілікті болғанда,тұқымдылығы жоғары, аз болса-төмен,қартайған сайын азая береді.

Балықтың тұқымдылығы былайша бөлінеді:

а) жеке тұқымдылық- абсолютті қалыпты жағдайда бір уылдырық шашу кезінде уылдырықтың барлық саны.

ә) салыстырмалы тұқымдылық-аналық массасының бірлігіндегі уылдырық саны .( жасы

ұлғайғанда артады, қартайғанда азаяды)

б) жұмыстық тұқымдылық- жасанды ұрықтану кезінде бір аналықтан алынатын уылдырық саны.

Жыныстық жетілу жылы климатта тез болады.( тұқы орталық белдеуде -5 жылда жыныстық жағынан жетілсе, оңтүстікте-2 жылда, Куба жағдайында-6 айда жетіледі ).

Уылдырықта майлы тамшылар,әртүрлі өсінділер болады.Түптік уылдырықтар (демерсальды) жабысқақ, әртүрлі ілгішектері болады.

Олигоплазматикалық уылдырықтарда сарыуыз көп, плазма аз болады. Полиплазматикалық уылдырықтарда сарыуыз аз,ал плазма көп болады.

8-ші оқушы Зерттеу жұмысы. Өсу және жастық өзгергіштік

Балықтар туралы түрлі болжамдар жасап,асылдандыру жұмысын жүргізеді.Филиппин аралдарында танабалықтар тіршілігі бір жылға созылса, (дене ұзындығы 7-14 мм.) Қорытпа 100 жылдай тіршілік етеді.,салмағы 1,5 тоннаға жетеді. Арал тыраны 15 , ақ мөңке 12 жыл, тұқы 20 жыл тіршілік етеді.3 айлық тұқылар Москва түбінде 200 грамм болса,Ява аралында 690 гр. дейін жетеді.Қиыр шығыс албырттары,өзен жыланбалығы,өткінші миногалар жасының табиғи ұзақтығы жыныстық жағынан жетілгенше созылады,бұл балықтар мен дөңгелек ауыздылар-моноциклділер.Балықта зат алмасу төмендегенде ұзақ уақыт ашығуы мүмкін.Салмақтық өсу (дене салмағының артуы) және ұзындық өсу( дене тұрқының артуы) болады.Салмақтық өсу ұзындық өсуге қарағанда қоректену жағдайына байланысты.Жыныстық жағынан жетілгенше балықтар тез өседі.Қорек салмақтың өсуіне басты ұзындық өсуге пайдаланылады.Қоректер жыныс клеткаларының дамуына гонада-лардың пісіп-жетілуіне,қыстау мен миграцияны қолдайтын қор заттар жиналуына жұмса-лады.Кәрі организмдерде ұзындық өсу тоқталады.

Өсу бірнеше факторлармен анықталады. Олар:1-су температурасы; 2-гидрохимиялық режим; 3-қорек; 4-балықтың жағдайы; 5-зат алмасу ерекшеліктері; 6- балықтың жынысы;

7- балықтың түрі.

9-шы оқушы. Зерттеу жұмысы

Уылдырық шашу тоғандарында тұқы шабақтарының өсуі

Көктемнің алғашқы күндерінен бастап,балық өсіру тоғандарын дайындайды.Су тоғанында табиғи азық қоры аз болғанда,тұқы шабақтарына қосымша жасанды азықтар берілуі тиіс.Табиғи азық қоры мол тоғандардың әрбір гектарына солтүстік облыстарда 40 мың,орталық өңірде 80 мың, оңтүстік аудандарда 100 мың дана биылғы шабақтарды өсіруге жібереді.Шабақтардың қалай өсіп жатқанын 10 күн сайын немесе айына 2 рет әрбір тоғанның 2-3 жерінен ұсталған балықтар салмағын өлшейді.Ол үшін тоған ішіндегі барлық шабақтардың 0,1-0,25 % ауланады.Қысқы мезгілде биылғы шабақтардың салмағы,орта есеппен 16-17 пайызға денесінің тұрқы,биіктігі мен ені 7,5% пайызға кемиді.Екі жылдық балықтар бір қыста орта есеппен 6% пайыз салмағын жояды.

Суық мерзімі шамамен 200 күн болса биылғы шабақтардың 74,6-75 % пайызы қыстан аман шығады.Су ішіне күкіртті сутегінің жиналуына жол бермеу шарт.Тоғанды суға толтырардың алдында оның жабдықтарын суағар,су бұратын қақпа,суды ағызатын науа тиісті жөндеуден өткізіледі.

Тұқының ұрығы бөлшектену,сарыуызды қаптау және органдар қалыптаса бастаған кезде,тканьдардың жіктелуі кезінде салмағы тез өседі.Органдар қалыптасқан соң, салмақтық өсу баяулайды.Уылдырықтан шығар алдында қайтадан салмағы өсе бастайды.

Балық өсіру тоғандарында балықты қыстату үшін төмендегі жағдайлар орындалу тиіс:

1 Жалпы су тоғаны көлемінің 20 пайызының тереңдігі 1,5-2,0 м.болуы керек,су түбіне дейін қатпайды.

2 Қыс кезінде тоғанның төменгі тұсына суды толтыруға және ағызып жіберуге ыңғайлы суағары болуы керек.

10-шы оқушы. Зерттеу жұмысы.

Тұқы шабақтарының өсу динамикасын көрсететін циклдер

1цикл. Қарқынды өсу және қоректену тән.Бұл циклдің ерекшелігінде қоректену мен тыныс алу организмге қорек пен оттегін жеткізетін сарыуыз қапшығына тәуелді болады.

2 цикл.Тыныс алу мен өсудің біршама депрессиясы байқалады.Сарыуыз қапшығы резорбцияғаұшырайды.Тыныс алу дернәсілдік органдар көмегімен жүзеге асады.Экзогенді

сыртқы қоректену әлі жоқ, қоректену қарқынсыз,қоректің жетіспеуі байқалады.Бұл кезеңде салмағы 2,7 есе өседі.

3 цикл. Қарқынды тыныс алу және өсумен сипатталады.Тыныс алу, асқорыту және қимыл-қозғалыс органдары қалыптасқан.Салмағы 5 есе артады.

4 цикл. 18-ден 30 күндік жасқа созылады.Дернәсіл шабаққа айналған.Қорек мол болса,

Жақсы өседі,жетіспесе-өсуде депрессия байқалады.Уылдырық шашу тоғандарынан шабақтарды өсіру бөліміне екінші циклде жеткізу керек,үшінші циклде қорек көп болғанда өтеді.Жуас балықтар тұқы,сигалар өсу сипатында қорекпен байланысы аз болады.

11-ші оқушы. Зерттеу жұмысы.

Қыстайтын балықтардағы зат алмасу процесінің жүруі.

Қыстайтын балықтарда ашығу алдында май жиналады,белоктық алмасу баяулайды.Қыстаудан кейін ұзындық өсу баяулайды,май алмасу жүзеге асады.Балық қоңдылыққа жеткен соң,ұзындық өсу басталады.Балықтың өсу,даму,тұқымдылық,,қоңды-

лық қасиеттеріне бейімділік сипат тән.Шабақтың бірінші жылы жыныстық пісіп-жетілуінің үдеуі популяцияның жалпы санын арттырады.5 жылда уылдырық шашатын тұқыда өсіп-өну жылдамдығы 2 есе төмендейді. Баяу пісіп-жетілетін балықтарда қортпа жыныстық жетілудің 1-3 жылға жылжуы үйірдің қайта қалпына келу жылдамдығына әсер етеді.Балықтың жасын қабыршағы, желбезек қапшығы отолиттері,клейтрумы,жұқалап ұзы

нынан кесілген омыртқа денесі арқылы анықтауға болады.Қабыршақ, жүзбеқанаттары мен денелерінің өсу қатынастарын зерттеп,балықтардың ұзындық өсуін білуге болады.

Балықтар клеткаларының молекулярлық құрылымында,белок қатынасында,нуклейн қышқылында ферменттер санында және сапасында,антитела түзілу қабілеттерінде өзгер-

істер жүреді.Балық қартайғанда тұқымдылық азаяды,гонадалардың дегенерацияға ұшы-

рауына байланысты,көбею мүлдем тоқтайды.


















«Балықтардың көбеюі және дамуы» тақырыбына арналған ихтиологиялық тест.

1.Өсімдіктер бірлестігі қалай аталады?

А. Фитоценоз Ә. Зооценоз Б. Биоценоз В.Биогеоценоз Г. Экожүйе

2.Өзендердегі балықтардың өлімінің шектеуші факторын атаңыз.

А.Оттегі концентрациясының өзгеруі Ә.Ылғалдылықтың өзгеруі

Б. Ауа тығыздығының өзгеруі В. Рельефтің өзгеруі Г.Жауын-шашын

3.Топырақты мекендеушілер қалай аталады?

А.Эдафобионттар Ә. Гидробионттар Б. Планктон В.Бентос Г.Суккуленттер

4.Су жуйесі дегеніміз не?

А.Көлдің абиотикалық және биотикалық факторларының жиынтығы

Ә.Көлдің өсімдіктер бірлестігі Б.Көлдің жануарлар бірлестігі

В.Фитопланктон Г.Зоопланктон

5.Судың терең қабатында өмір сүретін күрделі организмдер

А. Мегафауна Ә.Пелагиаль Б.Бентос В. Нектон Г.Планктон

6. Қоршаған орта жағдайын бақылау,байқау,бағалау мен болжаудың комплексті жүйесін қалай атайды?

А.Кодастр Ә. Мониторинг Б.Демпинг В.Ихтиологиялық картографиялау

Г.Климатологиялық кесте

7.Балықтағы шартты рефлексті қалай байқауға болады?

А.Тұрғанынан Ә.Көзінің қызаруынан БЖылдам жүзгенінен В.Жыртқыштарға жем болуынан Г.Жем жеуге жиналуынан

8.Балық денесіндегі ең ірі без

А.Өт Ә.Өкпе Б.Қарын В. Бауыр Г. Бүйрек

9.Тұқы тәрізділер отрядына жататын балықтар

А. Алабұға,бекіре Ә.Арал қаязы,сазан,табан Б.Торта,шортан В.Жайын,шоқыр,жыланбалық Г.Акула,шортан

10.Торсылдағы болмайтын балық

А.Оңғақ Ә.Жайын Б. Сазан В.Шортан Г.Камбала

11. 100 грамм уылдырықта қанша калория бар?

А. 150 калория Ә.180 калория Б.100 калория В. 250 калория Г. 280 калория

12.Дүние жүзіндегі балықтардың ең кішісі

А.Қортпа Ә.Акула Б. В.Ай-балық Г.Филиппин бұзаубасы

13.Уылдырықтың даму сатысын қалай анықтауға болады?

А.Органолептикалық әдіс Ә.Химиялық Б.Микробиологиялық В.Лабораториялық

Г.Микроскоп арқылы

14.Балықтан қан алу әдісі қалай жүргізіледі?

А.Компрессорлық әдісі Ә.Лаборатория арқылы Б.Құйрық, венасы арқылы

В.Микробиологиялық әдіс Г.Органолептикалық әдіс

15.Қоректенуден шабаққа дейінгі кезеңді атап беріңіздер

А.Шабақша кезең Ә.Личинкалық кезең Б.Эмбриондық кезең В.Тұқымдық кезең

Г.Постэмбриональдық кезең

16.Тепе-теңдікті сақтау балықтардың қандай мүшесіне тән?

А. Торсылдақ Ә.Өкпе Б.Құрсақ қанат В.Кеуде қанат Г.Желбезек










Жаңа сабақты пысықтауға арналған ойындар

Ихтиологиялық диктант


Шарты: Бүгінгі сабаққа қатысты термин сөздерді теріп жазу

Аналық гонада,эмбрион,литофил,капсула,личинка,минога,миксина,гармон,гиногенез,

Фитофил,порция,миграция,энергетикалық ресурс,птеригоподия,реверсия,псаммофилдер,

Циста,пелагофилдер,редукциялану,депрессия,остракофилдер,анчаустар,олигоплазматика,

Полиплазматика,резорбция,сигалар,популяция,белоктар,ферменттер,дегенерация.


«Кім көп біледі?»

Мына ихтиологиялық және ғылыми термин сөздерге анықтама бер.

1.Торпедотәрізді форма 11.Веноздық синус

2.Симметриялы-қысыңқы форма 12.Артериялық конус

3.Жыланбалық формалылар 13.Бүйір сызық функциясы

4.Дорсо-вентральды тип 14.Монокулярлы көру

5.Жебетәрізді тип 15.Бинокулярлы көру

6.Дыбыс диапазоны

7.Акустикалық зерттеу

8.Пилорикалық бөлім

9.Эпителиоциттер

10.Мезонефрос

« Кім мерген? »

Бұқаралық ақпараттық интелектуальдық ойыны


1 .сұрақ 2 сұрақ 3 сұрақ 4 сұрақ 5 сұрақ


6. сұрақ 7 сұрақ 8 сұрақ 9 сұрақ 10 сұрақ


11 .сұрақ 12 сұрақ 13 сұрақ 14 сұрақ 15 сұрақ


Оқушы дротикті лақтырады да, ол қай сұраққа тисе соған жауап береді.

Үйге тапсырма:

1.Ихтиологиялық кестелермен жұмыс

2.Тақырып бойынша ихтиологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу

3.Шығармашылық тапсырма (микробиологиялық және ихтиопатогиялық жатт. құру)


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

«Балықтардың көбеюі және дамуы» тақырыбы: а) балықтардың жеке дамуы, ә) көбею және жыныс өнімдерінің пісіп жетілуі, б) балықтың бөлек жыныстылығы, в) уылдырық шашу орындары, г) уылдырық шашу мерзімдері, д) тұқымдылықтың алуантүрлілігі, е)өсу және жастық өзгергіштік, з) балықтың өсу циклдары, и) балықтардың даму циклдары бөлімдерінен құралған.  Осы негізгі бөлімдер Балықтың көбеюі және дамуы процесін дәлелдеп көрсетеді. ІІІ.Жаңа сабақты хабарлау және мақсатына тоқталып өту. Жоспары:1.Балықтардың жеке даму процесі. а) Эмбриональдық кезең, ә) личинкалық (дернәсілдік) кезең,б) шабақтық кезең, в) жас организмдік кезең, г) ересек организм кезеңі, д) балықтың қартаю кезеңі. 2.Балықтың көбеюі және уылдырық шашу процесі. а) Балықтың уылдырық шашуға қабілеттілігі ә) Бөлек жыныстылыққа сипаттама б) Уылдырық шашу орындары в) Уылдырық шашу мерзімдері г) Балықтар тұқымдылығының  алуан түрлілігі.
Автор
Дата добавления 30.05.2014
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров2818
Номер материала 116714053038
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх