Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / В здоровом теле - здоровый дух
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

В здоровом теле - здоровый дух

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Дені саудың – жаны сау».
Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Бүгінгі «Дені саудың – жаны сау».
сайысына қош келдіңіздер! Біз, бүкіл адамзатпен бірге үлкен тарихи кезең 21 ғасырда өмір сүріп отырмыз. Осы ғасырда өркениетті елдер қатарынан орын аламыз десек, біздің халқымыз салауатты қоғамда өмір сүруі керек.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан – 2030» стратегиясында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады.
Топтарды таныстыру:
1 - топ – «Шымыр» тобы – « Шынықсаң шымыр боласың».
Шапшаңдығыңа қайран қалам,
Жете бер мақсатыңа армандаған
Майысып, өнерімен тәнті еткен
Нұралыдай баланы қайдан табам.

Көңіліңнің қошын – ай, көпшіліктің досындай.
Ақ ниетті кең пейіл, біздің
Жанель осындай.

Шыңдап күнде мен енді, шынықтырып денемді,
Деген оймен
Нарынбек, жарысуға келіп тұр.
2 - топ – «Сымбат» тобы – «Сымбатты болу қолыңда»
Көркіне қарап тұрсаң бал тамады,
Сөйлесе қас шебердің аңсағаны.
Ән айтып, би билеу, бір Диляраның бойынан табылады.

Көргенде жымиып, әрқашанда күліп жүреді үнемі.
Жарыста озып шығам деп, сайысқа
Әділ келеді.

Біздермен ойнап күледі, cырымызды біледі.
Қасымызда Жасұлан, қақтығысып жүреді.
Өнерлеріңді салыстырып, өздеріңді жарыстыратын, қазылар алқасымен таныстырып қояйық
1. 2. 3.
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)

2.
Көрініс – «Жаман әдеттерден аулақ бол».
3. «
Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.
Үй тапсырмасы. Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».

«
Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат» тобы -
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.
4. Ойын «Білек күрес».
Білек күшін сынаймыз.
Кім епті екенің сыныпта,
Күштілер бар біздерде
Төтеп берер тығырықта деп, оқушылар білек сынысады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар, біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар, енді біреудің қатты істейтін миы бар.
5. «Тапқырлық» сайысы. Мақал – мәтелдерді аяқтау.
1. Денсаулық -........................ (зор байлық)
2. Тәні саудың -....................... (жаны сау)
3. Емнің алды -................................ (еңбек)
4. Тазалық – саулық негізі, саулық -................. негізі. (байлық)
5. Шынықсаң -..................... (шымыр боласың)
6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын............. ізде. (жол)
7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса....... /аузыңды тый/
8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан...../азады/
9. «...... қадірін ауырғанда білерсің»
10. «.......
жасырған өледі»
6.«
Шығармашылық тапсырма» берілген суреттерден сөздерді табу.
7. «Шопан» сайысы. Мына жатқан обручтарға шарларды апарып салу керек және ал екінші барғанда оны жинап әкелу қажет.
8. «Жұмбақ сайысы».
1.
Ертемен күнде сен,
Қолыңды сүйкесең,
Кетіп кір - ласың
Тап – таза боласың
Бұл не?(сабын)
2. Аузы жоқ, көзі жоқ,
Тілі жоқ, сөзі жоқ.
Бірақ та тісі бар
Басыңмен ісі бар
Бұл не?( тарақ)
3. Ақ қарда тек тұрмадым, қос тақтаймен зырладым. /шаңғы/.
4. Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ.
Шапса жұбын жазбайды, бір – бірінен озбайды. /коньки/
5. Иілсең иіліп,
Түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге
Ұқыпты ісіне
Бұл не?(Айна)
6. Шомылған баланы
Аймалап алады.
Сипайды қолын да
Сипайды жонын да
Бұл не? (Сүлгі)
7. Бір атым бар, құлын болып тумаған.
Құнан болып өспеген. /велосипед/
8. Ұрып қалсаң кері атып, оралады өзіңе.
Көрсең досы бері атып, қайтып барар өзіңе./ доп/.
9. Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау.
Қорытынды. «Қара жорға» биі.
Әділқазылар алқасы әр топтың әділ бағаларын беріп, марапаттайды.








Краткое описание документа:

Учитель начального класса;Карджауова Шара Мұратбайқызы.Стаж работы три года.Возраст: двадцать четыре года.Год рождения: Тысячи девятсот девяностого года.Родилась шестого марта.Классный руководитель первого «А» и третьего «А«класса.Разработка урока на тему : «В здоровом теле - здоровый дух«Цель урока: Воспитание учащихся к здоровой образи жизни.Воспитательный урок проведен третьему классу.Воспитательный урок составлен в виде конкурса, в котором учавствуют несколько человек; 6 человек. Команда состоит из двух.

Автор
Дата добавления 30.05.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров276
Номер материала 117110053036
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх