Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ

библиотека
материалов

Кабдуахитова Назым Сайлауовна


Өскемен қаласы әкімдігінің «№26 орта мектебі» КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ



Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс –әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғадын ойлауға баулуды білдіреді. [1]

Сыни тұрғыдан ойлау - И.О.Загашев пен Сергей Заир - Бектің анықтамасы бойынша - "бағалау, рефлексивті ойлау", ол үшін білім соңғы емес - бастапқы нүкте, жеке тәжірибе мен нақты деректерге негізделген дәлелді және қисынды ойлау.

Сыни тұрғыдан ойлау тақырыптағы әр сабақтың орны мен мағынасын дәл және нақты анықтауға мүмкіндік береді, оқу үдерісінің тиімділігін арттыратын барлық компоненттері (мақсатты, мазмұнды, әрекетті, бақылау реттеу, бағалау нәтижелік) бойынша қисынды байланыс орнатады. Сонымен қатар, оқытудың субъект субъектілік негізіне алмасу жүреді, бұл оқушыға оның мотивациялық аясын, ақыл парасатын, дербестігін, ұжымдық сезімін, өзінің оқу танымдық қызметін бақылап, басқару қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді.

Оқу тәрбие үдерісінде сыни тұрғыдан ойлауды қолдану педагогикалық қызметтің тиімділігін айтарлықтай арттырады, күрделі кеңістік ұғымының, қабылдау уәждемесінің қалыптасуына, білімді терең меңгеруіне себін тигізеді, ой өрісін кеңітеді, тұлғалық бағдарлап оқытуды қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Мұғалім үшін практикалық сабақтар оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейтуге түрткі болуы, бар білімдері мен жаңа ақпараттың сәйкес болуы, жеке ұстамының қалыптасуы, үдерісті бағалай алуы аса маңызды.

Сыни тұрғыдан ойлауды таңдау, мектеп түлегін белсенді және тиімді өмір әрекетіне дайындау қажеттілігіне бағытталған мектептің педагогикалық тәжірибесін дамыту талаптарымен айқындалған.

Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауды қолдану оқытушыдан жұмыс стилі мен еңбекті ұйымдастыруды, педагогикалық қызметтің жаңа дағдыларын қамтуды талап етеді. Бұндай сабақтарды өткізудің мақсатты бағдарлауы:

  • оқушылардың саралай, сыни және шығармашыл ойлауын қылаптастыру мен дамытуға;

  • жобалай және сыни ойлауына;

  • барлық оқушыларды ұжымдық жұмыс тәртібінеенгізуге;

  • әр түрлі ақпарат көздерінен өз беттерімен білімдерін толықтыруға;

  • осы білімдерін жаңа танымдық және тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.

Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса:

  • өзіндік қызмет , сонымен қатар зерттеу және шығармашылық тәжірибесі;

  • ақпаратты іздеу, сараптау, бағалау, жіктеу және өңдеумен байланысты ақпараттық игерім;

  • коммуникативті игерім, басқа адамдармен қарым қатынас, пікірталастар жүргізу, өз көзқарасын дәлелдеу т.б.;

  • ұйымдастырушылық және жобалау игерімі (мақсат қою, оның кезеңдерін жоспарлау, нәтижелерін болжамдау) артады. [1]

Оқушылар топтық жұмыс аясында келесі жұмыстарды орындайды:

  • оқу, сұхбаттасу, ақпаратты іздеу және өңдеу;

  • педагогикалық үдерісті модельдеу;

  • шығармашылық жұмысты жазу және қорғау (эссе, синквейн, кестелер, т.б.)

  • әр түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысу.

Сыни тұрғыдан ойлау негізінде құрылған сабақ, оқушылардың рефлексия мен өзін өзі реттеу дағдыларына үйренетінін байқауға мүмкіндік береді, олар сараптайды және кемшіліктерді айтудан жасқанбайды.

Мектепте мұғалімдердің өзін өзі жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер берілген, бұны қызметтің кең көлемдегі альтернативті білім беру формалары мен түрлерінен байқауға болады. Білім беру үдерісінің субъектілерінде тек пәндік емес сабақтан тыс қызметте де көрінетін құзырлықты дамыту үшін қажетті жағдай жасалған. Оқушылардың белсенді қызметінің тұрақты беталысы байқалады.

Сыни тұрғыдан ойлауды қолдану негізінде келесі құнды мақсаттар қалыптасты:

  • Мұғалімнің оқушылармен сұхбаттасу құндылығы;

  • Оқушылардың өз бетімен сыни тұрғыдан ойлау құндылығы;

  • Өздігінен зерттеулік ізденіс пен тәуелсіз зияткерлік пайымдау қабілеті;

  • Өз бетімен білім алу, даму және реттеу құндылығы;

  • ақпараттық және коммуникативті мәдениет құндылығы , ақпаратпен жеке, тұлғалық сұхбаттасу мәдениеті;

Берілген қызмет білім беру үдерісін белсендіру және оптимизациялау құралы мен әдісі ретінде қарастырылады. [1]

"Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту" технологиясы шекті үлгіге жатады. Өзіндік сабақ жиектемесі, технологияның базалық моделі, ол үш кезеңнен тұрады: шақыру сатысы, мағыналық саты және рефлекися сатысы.

Психологтардың пікірі бойынша бұндай сабақтың құрылымы адамның қабылдау кезеңіне сай келеді: алдымен оқталу, осы тақырып бойынша өзіне мәлім ақпаратты еске түсіру, жаңа ақпаратпен танысу, сонан соң алынған білім саған қажет бола ма және оны қайда қолдана алатыны туралы ойлану. [2]

Базалық модельді мысалдармен дәлелдейік.

Оныншы сыныпта қазақ тілі бойынша "Мамандықтар әлемінде" тақырыбы бар. оқушыларға бұл тақырып бойынша қажетті ақпарат таныс. Бірінші сабақтың мақсаты алдыңғы білімдерін еске түсіру, кем тұстарын айқындау жаңаны білу, оқушыларда сараптау және қисынды ой тұжырымын жасау дағдыларын дамыту. Бұндай мақсат сыни тұрғыдан ойлау құралдарымен жүзеге асуы мүмкін.

Шақыру кезеңінде оқушылардан мамандықтар түрлері, туыстарының мамандықтары туралы білетіндерін, мектеп бітіргенде таңдайтын мамандықтары туралы білетіндерін еске түсірулері сұралады. Бұл жұмысты оқушылар барлық ұсынылған тұжырымдамаларды "Білемін" деген бағанға жазып, жеке орындайды. Содан соң "Нені білгім келеді?" деген сұрақ ұсынылады. "Білгім келеді" деген бағанға осы тұжырымдамалар жазылады. бұл жазбалар тақтада сабақтың соңына дейңн сақталады. Сол арқылы, шақыру кезеңінде біз тек бір сұрақпен жұмыс жасаймыз, бірақ оны толық талқылаймыз және онда жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін қолданамыз.

Жоғарыда айтылғандай шақыру кезеңі жаңа ақпаратты алуға бағыттайды: оқушылар жанданады, оған жеке сұраққа жауап беру себін тигізеді, өткен білімдерін өзекті етеді, ең маңыздысы жаңа ақпарат алуға сұранысы қалыптасады. Сонымен қатар, жеке тәжірибесіне сүйену білім алуға деген жеке қызығушылығын қалыптастырады. "Терең ойлы" оқудың идеяларын жүзеге асыру үшін мағыналық кезеңде таңбалау белгілерін қолданып мәтінді (оқулықтан немесе мұғалім құрастырған қосымша материалды) оқуды ұсынамыз. Шақыру кезеңінде сұрап, жинаған ақпаратқа сай оқушыларға мәтінді таңбалауды ұсынамыз. INSERT кестесі біркелкі ақпараттық мәтіндерді оқу үшін қолданатын дәстүрлі тәсілдер. Тәсіл атауы ағылшын аббревиатурасы INSERT "тиімді оқу және ойлауға арналған өзін өзі ынталандыру жүйелі таңба" деп аударылады. Бұл әдіс алғашқы болжам мен оқу нәтижесін салыстыруды қарастырады. [2]

Мәтінді оқу барысында оқушыларға қара қарындашпен дәптер жиегінде белгілер қойып отыру ұсынылады: "V" (мен білемін), "-" (мен басқаша ойладым), "!" (маңызды ақпарат), "?" (қызықты, ұғыну керек), мәтінді оқып болған соң кестені толтырады. 1,2 топтар "мамандықтар әлемінде" оқулық материалын оқиды, 3,4 топтар қосымша материал оқиды. Кестеге мәтіндегі мәліметтер міндетті түрде қысқаша енгізіледі, бұл мәтіннен оқығанды түсіну және оны конспектіге жинақтау бойынша қосымша жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңді әркім жеке өткізеді. Мәтін оқылып, кесте толтырылған кезде, топ мүшелері (4-5 адам) нәтжені талқылайды. Айтылу кезінде ақпарат жақсы меңгеріледі және құрылымдалады. Топта талқылағаннан кейін тұтас жұмысқа кірісуге болады.

Сөйтіп, оқу барысында ақпаратты бастапқы саралау және сараптау жүргізіледі. Сонымен бірге әркім өз бетінше оқығандықтан оқу және түсіну әр бөлек.

Рефлексия кезеңінің басты міндеті - шақыру кезеңіндегі жиналған алдыңғы түсініктерін түзету, жаңа ақпаратпен толықтыру және тақырыпты ары қарай меңгеру болашағын айқындау.

Рефлексия кезеңінде шақыру кезеңіне қайта оралуы жүзеге асады: пікір жазылған бірінші бағанға түзетулер енгізіледі және екінші бағандағы сұрақтардың жауабы тексеріледі. Егер қажет болса, үшінші "Білдім" бағанын жазуға болады немесе жазбаларда жеке кесте түрінде көрсетуге болады. Бірінші міндетті жүзеге асыру үшін тақтада және дәптерде жазылған болжамдарды мәтіндегімен салыстырып қараймыз, жалған ақпаратты алып тастаймыз. Бұл жұмысты орындауда бізге "минус" белгісі көмектеседі.

Әр оқушы меңгерген ақпараттың көлемі мен сапасы әрбір сабақ мұғалім үшін маңызды. "Өз сөзімен" ойын білдіру - қатал шарт. Тағы бір шарт: әрбір оқушы жеке жұмыс жасайды, ешқандай ұжымдық кесте толтыруға жол берілмейді. Бірақ кез келген білім оны бірнеше рет қайталаса, дауыстаса, ұжыммен топта талқыласа жақсы бекітіледі. Оқушылардан топта сабақ тақырыбы бойынша барлық ақпаратты көрсететін және жүйелейтін графикалық сызба құрау сұралады. Ол үшін келесі тапсырма беріледі: үлкен парақтардың ортасына "Мамандықтар әлемінде" деп жазып, сабақта алған барлық ақпаратты оның жан жағына блок бойынша орналастыру. Ол блоктар келесідей болуы мүмкін: маманның функционалдық міндеттері, бұл мамандықты алу үшін қандай кезеңдерден өту керек, өз көзқарасы... Оқушылар мәтінде қойған сұрау белгілері ескерусіз қалмауы керек. Ол үшін "Блум түймедағын" қолданған тиімді. Оқушыларды мәтінді оқымай тұрып білгендеріне оралуын сұраймыз. Қай білімдері расталды? Қайсысы расталған жоқ? "Білгім келеді" тізіміне қарап, барлық жауап алынғанын немесе алынбағанын тексеру қажет. Алынған ақпараттың қай бөлігі үлкен әсер қалдырғанын талқылау. Мүмкін, ол өмірінің бір үзінділерін немесе естеліктерін еске салған шығар... Не жай ғана ой салды... Жаңа материал қандай ой қалдырды? Оған байланысты қандай сұрақтар туындады? Сонымен қатар, рефлексия кезеңінде талқылау барысында жаңа сұрақтар мен қарама қайшылықтар туындаған шығар. Әрі ондай сұрақтар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы, өйткені дәл сол сұрақтар оқушылардың қызығушылықтарын ұстап, ақпарат алуға жаңа тапсырыс қалыптастырады. Егер мұғалім қойылған сұраққа бірден жауап берсе, тақырып бойынша сұрақтар болмайды. Сондықтан балалардан жауапты әдебиеттен өз бетінше тауып көруді ұсынамыз (нақты тізімді ұсыну қажет). [1]

Сыни тұрғыдан ойлауды қолданып құрылған сабақтың жалпы көрінісі осындай болуы мүмкін. Білім беретін адамнан, оқушылар әрекетін дұрыс арнаға бағыттайтын мұғалім ұстанымының өзгеруіне үлкен мән беріледі,

Сыни тұрғыдан ойлау интеграциялық болып табылады, онда көптеген технологияның атқарымы жалпыланған: ол ойлауды дамытуды, коммуникативті қабілеттерді қалыптастыруды және өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамытуды қамтамасыз етеді. [2]


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, NIS, 2012- 52 бет.[1]

  2. Заир-Бек С.И. Развитие критического мышления через чтение и письмо на уроках. –М.: Просвещение, 2004. – 236 б. [2]




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Өскемен қаласы әкімдігінің «№26 орта мектебі» КММ, қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі РЕФЛЕКСИВТІ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау - И.О.Загашев пен Сергей Заир - Бектің анықтамасы бойынша - «бағалау, рефлексивті ойлау», ол үшін білім соңғы емес - бастапқы нүкте, жеке тәжірибе мен нақты деректерге негізделген дәлелді және қисынды ойлау. Сабақтарда сыни тұрғыдан ойлауды қолдану оқытушыдан жұмыс стилі мен еңбекті ұйымдастыруды, педагогикалық қызметтің жаңа дағдыларын қамтуды талап етеді. Бұндай сабақтарды өткізудің мақсатты бағдарлауы: •           оқушылардың саралай, сыни және шығармашыл ойлауын қылаптастыру мен дамытуға; •           жобалай және сыни ойлауына; •           барлық оқушыларды ұжымдық жұмыс тәртібінеенгізуге; •           әр түрлі ақпарат көздерінен өз беттерімен білімдерін толықтыруға; •            осы білімдерін жаңа танымдық және тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса: •            өзіндік қызмет , сонымен қатар зерттеу және шығармашылық тәжірибесі; •           ақпаратты іздеу, сараптау, бағалау, жіктеу және өңдеумен байланысты ақпараттық игерім; •           коммуникативті игерім, басқа адамдармен қарым қатынас, пікірталастар жүргізу, өз көзқарасын дәлелдеу т.б.; •           ұйымдастырушылық және жобалау игерімі (мақсат қою, оның кезеңдерін жоспарлау, нәтижелерін болжамдау) артады.
Автор
Дата добавления 31.05.2014
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1428
Номер материала 117653053105
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх