Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / 10 «В» класына өткізген «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабағының есебі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

10 «В» класына өткізген «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабағының есебі

библиотека
материалов

Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нағима Бақтығалиқызы Ағниязованың 10 «В» класына өткізген «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабағының есебі

Сабағымның тақырыбы: «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» деп аталады. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы толық мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету; оқушылардың сөздік қорларын, ауызекі сөйлеу тілін дамыту; сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру; қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге, отбасын қадірлеуге тәрбиелеу. Оқыту нәтижесі: жаңа тақырыпты толықтай меңгеріп, білімдерін толықтыру; жуан және жіңішке сұрақтар қоя алу. Түйінді идеялар: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Диалогтық оқытудың элементтерін сабақ барысында тиімді пайдалану.

Ал барлық оқушыларды сабаққа тарту жұмысы кезінде осыған байланысты сын тұрғысынан ойлаудың кейбір әдіс-тәсілдерін қолдандым: «Кластер» толтыру, Венн диаграммасы; «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі; презентациялар және тағы басқалар.

Жоғарыда айтылған сабақтың жоспарына сүйене отырып, алдыға қойылған сабақ жоспарымды басшылыққа алдым. Оқушылармен амандасып кім бар-жоғын түгендеп болған соң, тақтаға күннің жадын, сабақтың тақырыбын жаздым. Психологиялық дайындықты жүргізе отырып оқушылардың көңіл-күйін смайликтер арқылы анықтаған болатынмын. Осы кезде көңіл-күй экранына назарымды аударған уақытта, кейбір оқушылардың бүгінгі сабаққа деген ынтасы төмен екенін байқаған соң, сабаққа қызығушылығын ояту үшін сабағымды сергіту сәтінен бастағанды жөн көрдім. Ол үшін ең алдымен ақпараттық коммуникативті технологияны пайдаланып ұзақтығы екі минуттік болатын «Улыбнись» деген флеш-тренингті өткіздім. Кейін мынадай ойын өткіздім. Яғни топтан бір оқушыны таңдап алып, оның құлағына бір сөйлем айттым. Ойнаушының міндеті ойынды әрі қарай жалғастырып, қасындағы көршісінің құлағына сөйлемнің мағынасын бұлжытпай жеткізу керек еді. Ойынымыз осылайша қызықты, көңілді жалғасын тапты. Ойын аяқталғаннан кейін, қорытынды жасау үшін оқушылармен сұхбат жасадым. Неге басында айтылған сөздің, ойынның аяғына шейін мағынасы жоғалып, өзгеріске ұшырағандығы туралы пікір алыстық. Осылайша олардың барлығын мұғалім мен оқушы арасындағы диалогқа тарттым. Бұл қызықты ойынның атауы «Саңырау телефон» деп аталады. Пікір алысу нәтижесінен менің байқағаным, сергіту сәті кезінде, яғни ойынның ортасында оқушылардың сөйлемдері қате, ойлары шашыраңқы болып, баста айтылған сөйлем ойынның аяғына дейін өзгеріп кетті. Оқушылардың көпшілігі сабақтың осы кезеңіне қызығушылық танытты. Сергіту сәтін балалар ойнаған кезде, кластың атмосферасы өзгеріп қоя берді, көңіл-күйлері төменгі деңгейден жоғары деңгейге көтерілді. Осылайша, мен сабағымның басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым.

Әрі қарай жұмысымды кеспе қағаздарында жазылған нешетүрлі буындар арқылы бөлдім, ал балалар өздеріне түскен бірдей буындармен топ құрап, ұнаған әнді таңдап бірге орындап берді. Менің сабағым бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде сабақты ұйымдастыру кезеңі мен балалардың психологиялық ахуалын ескеру болса, екінші кезеңінде оқушылар өз дәптерлерін қасында отырған көрші кластасына ұсынып, бір-бірінің үй тапсырмасын осылайша тексеру болды. Бұл әдіс «Сен-маған, мен-саған» деп аталады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылар жұптық бағалау әдісімен бірін-біріне баға қойып, кейін тапсырманы орындау кезінде қандай қиындықтар кездескенін айтты, қойылған талаптары, бағалары тыңдалды. Негізгі бөліміне келетін болсам, жаңа сабақты түсіндірер алдында оқу процесіне балалардың қызығушылығын арттыру мақсатымен миға шабуыл жасадым, бұл жұмыстың түрін «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы өткіздім. Осы жерде мұғалім мен оқушы арасында диалог жұмысы жүрді. Кейін жақсы оқитын оқушым үйге берілген жеке тапсырманы, яғни Абай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Дайындаған презентациясын өте тамаша түсіндірді. Сабақтың бекіту кезеңін сөз ететін болсам, мұнда оқушылар Абай туралы алған білімдерін кластер жасау арқылы жеткізді. Келесі жұмыс түрі оқулықпен жұмыс және Абайдың анасы мен әкесінің мінездерінің айырмашылығы мен ұқсас жақтары туралы қандай ақпарат алғандарын мазмұндап, қағаз бетіне түсіретіндігін айттым. Білімдерін «Венн диаграммасы» бойынша постер жасап, тақтаға шығып қорғауды тапсырдым.

Онда оқушылар бірін-бірі тыңдай отырып бірігіп, пікірлесіп жұмыс жасады. Балалар өздерінің формативті бағаларын беру үшін топтар тақтаға шығып, қорғап болған сайын үш шапалақ соғып отырды. Әрқайсысы бөлек-бөлек стикерлерге «Екі жұлдыз, бір тілек» жазып, постерлерге жапсырды. Уақытты дұрыс үнемдеу мақсатымен, барлығын жылдам-жылдам жасауға тура келді. Оқушылардың шаршағандықтарын ескере отырып, «Жер сілкінісі» ойынын жүргіздім. Осы кезде балалардың бойындағы шаршағандықтары лезде кетіп, сергіп қалғандары байқалды. Денелері шынығып бір жеңілденіп, мәз мейрам болды.

Тілдік міндет пен жағдаятқа сәйкес оқушылардың еркін түрде тілдік қарым-қатынастарын дамытуда рөлдік ойынның алатын орны да ерекше деп есептеймін. Сондықтан, төртінші бөлімді Абай атамыз туралы ауызша диалог құрастырып, рөлге еніп актерлік шеберлік танытып, ойнап берулерін жөн көрдім. Кейбір талантты оқушылардың рөлге беріліп ойнағаны, мені қатты таңқалдырды. Мен осы сабақта балалардың пәнге деген қызығушылықтарын туғыза алғаныма өзіме өте риза болдым.

Бесінші бөлімде ой қорыту, яғни оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тест сұрақтарын дұрыс жауаптарымен бірге алдын-ала дайындап, интерактивті тақтадан көрсеттім. Балалар тестке жауап беріп болған соң, өздерінің білімдерін формативті түрде бағалай алды. Бұл жұмыстың түрі мұғалім мен оқушыға ыңғайлы болып табылады. Сабақтың жаңа тақырыбын қандай деңгейде меңгергенін бір-екі минуттың ішінде тексеріп қорытынды шығаруға болады. Оқушыларға сабақ басталмай тұрып алдын ала бағалау парағын таратып тастадым. Олар бағалау парағындағы критериялар бойынша өздерін бағалап, әр оқушы өзінің оқу үлгерімін байқады. Сабақтың әр бөлімі өткен сайын, оқушылар өздеріне формативті түрде баға беріп отырды, мәселен «Екі жұлдыз, бір тілек», үш шапалақ, тағы басқалар.

Абай туралы өткізген сабағым толықтай өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Өйткені оқыту процесінде оқушылардың көпшілігі сабаққа қызығушылықтарын танытып, сабақтың басынан аяғына дейін белсенді қатысты. Ал сабақтың бастапқы кезеңіндегі «Улыбнись» деп аталатын флеш-тренинг балаларға өте қатты ұнады және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға дайын болуға септігін тигізді. Оқушылар сабақтың басынан-аяқ бірігіп жұмыс жасады, сұрақтарға жауап берді, өзге сыныптастарының ойларын толықтырды. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылар өздерінің танымдық қызмет процесіндегі коммуникативтік дағдыларын дамыта түсті. Үлгерім деңгейі төмен оқушылар сабақ барысында өздерін толық көрсете алмады, алайда үлгерім деңгейі орташа балалар үлгерім деңгейі жоғары оқушыларға қарағанда барынша белсенділік танытты.

Менің пайымдауымша, үлгерім деңгейі төмен оқушылар өздеріне сенімсіздік білдіргендіктен, өздерін төмен бағалағандықтан төмен белсенділік танытты. Олардың материалды игеруде мақсатқа жетушілік қабілеттері жоқ екендігі байқалды. Сондықтан келесі сабақта осы қателіктерді болдырмау үшін бұл бөлімге дифференциалды түрде қарау керек деп шештім. Бір жағынан үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың бұл бөлімге үлкен қызығушылық танытқаны мені ғажап таңқалдырды. Және бұл олардың жауапкершілік сезімдерінің жоғары деңгейімен байланысты және жоғары деңгейде өз бетінше жұмыс жасай алатынын дәлелдейді. Үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар өздерін аса белсенділікте көрсете алмады, тіпті олардың кейбір пассивтік жақтары байқалып жатты. Мен олар үшін бұл бөлімдегі тапсырмаларды барынша күрделі етіп құру керек деп есептеймін.

Үш топтағы барлық оқушылар да «Венн диаграммасы» тапсырмаларын орындау процесіне белсенді түрде қатысып, берілген тапсырмаларды аса жоғары қызығушылықпен орындады. Сабақтың бұл бөліміндегі оқушылардың қызметі оларға өз жауаптарын өздері қалаған формада жеткізулеріне мүмкіндік берді. Сабақта мен көптеген оқушылардың өзін-өзі реттеу қабілеттерінің дами бастағандығын байқадым. Бұл, әсіресе, осы уақытқа дейін үлгерімі жоғары оқушылардан кеңес алуға тырысқан үлгерім деңгейі төмен оқушыларда анық байқалды. Мен кейбір талпыныс деңгейі төмен оқушыларға барынша жеңіл түрдегі тапсырмаларды орындау ұнайтындығын анықтадым. Өйткені, бұл олардың өз ойларын, идеяларын жеткізе алудағы жалғыз тәсілі.

Сабақтың аяғына таман оқушылардың барлығын оқыту процесіне қатыстыра алдым және өзімніңі сабағыма жоспарлаған стратегиялар мен технологияларды қолдана алдым. Осылардың барлығымен қатар мен өз сабағымда көптеген оқушылардың диалогтік оқу арқылы, топта жұмыс жасау барысында және өз жүмыстарын қорғау кезінде өздерін көрсетуге тырысқандығын байқадым. Мысалы, талпынысы төмен деңгейдегі оқушыларға жататын Айталы Диас деген оқушы топта жұмыс жасауда интернеттен алынған мәтінді пайдаланып «Венн диаграммасын» құру, осы постерді қорғау секілді бөлімдерде өзін ерекше белсенді көрсете алды. Мұндай оқушылар менің сабағымда көп болды. Олар: Корпушина Кристина, Құсайынов Талғат, т.б. Менің ойымша, келесі сабақты оқыту кезінде өзімнің сабаққа деген көзқарасымды, әдіс-тәсілдерімді өзгертіп, жаңалап одан да әрі қарай жоғарғы сатыға жетілдіру керек екенін ұқтым. Өйткені әр сабақтың соңында сабақта болған жайыттарды талқылай, зерттей, салыстыра отырып, өзімнің сабақ барысында кішкене ғана жіберген қателіктерімді байқап қалдым. Олар: топқа дұрыс бөлмеуім, уақытты дұрыс үнемдемеуім, интерактивті тақтаны дұрыс қолдана алмауым және тағы басқалары. Сол себепті алдағы уақытта жаңа сабақты жоспарлаған кезде жоғарыда айтылып кеткен барлық кемшіліктерді ескере отырып, келесі сабақта осылардың барлығын түзетуге, қателіктерді жібермеуге күш саламын.

Өз сабағымның талдауын қорыта келе «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» туралы өткізген сабақ, алдынғы сабақтарға қарағанда әлде қайда сәтті өтті деуге тұрарлық. Себебі, бұл сабаққа дайындылар алдында бұнын алдында өткізген сабақтардың қателерін ескере отырып, соларды түзетуге, қайталамауға тырыстым.







Краткое описание документа:

            Сабағымның тақырыбы: «Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы» деп аталады. Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы толық мәлімет беру, ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету; оқушылардың сөздік қорларын,  ауызекі сөйлеу тілін дамыту; сабаққа, ақынға деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру; қазақ халқының мәдениетін қастерлеуге, туған жерді сүюге, отбасын қадірлеуге тәрбиелеу. Оқыту нәтижесі:жаңа тақырыпты толықтай меңгеріп, білімдерін толықтыру; жуан және жіңішке сұрақтар қоя алу.Түйінді идеялар: оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Диалогтық  оқытудың  элементтерін сабақ барысында тиімді  пайдалану.
Автор
Дата добавления 31.05.2014
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров590
Номер материала 117668053149
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх