Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыОқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

 

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік  есеп.

 

Қазіргі қоғам мектеп алдына өз бетінше білім алуға қабілетті, жауапкершілігі мол, коммуникативтік дағдыларына ие азаматтарды дайындап шығару міндеттерін қойып отыр. Мектеп өмір бойы білім бере алмайды, ал үнемі өзін жетілдіруге тырысуға үйрету-мектептің басты міндеті. Еліміздің болашағы біздің балаларымыздың қолында. Сонымен мұғалімнің алдында оқытудың тиімділігін арттыру үшін жұмысын қайта құру керектігі туралы сұрақ тұр. Тұлғаны қалай қалыптастырамыз ? Дайын білімді беруге негізделген оқытудың әдісі оқу материалын табысты игеруге, не оны терең түсінуге, не бұрынғы бар біліммен ұштастыруына ықпал етпейтіні белгілі. Сабақты баланың қызығушылығы оянатын етіп, қалай оқу керектігін үйрену дағдысын қалыптастыратындай етіп қалай ұйымдастыруға болады. Көмекке Кембридж университеті бағдарламасы бойынша педагогтардың білім жетілдіру курстары келді. Бағдарламаның негізгі мазмұны сабаққа жеті модульді енгізу ретінде көрсетілген. Курста оқу барысында мен бұл модульдердің сабаққа еңгізілуінің маңыздылығын түсіндім. Енді балалар білімді өз бетінше алуы керек,  нені оқып жатқандарын өз бетінше түсінуі керек, бірін-бірі оқыту дағдысын қалыптастыруы тиіс. Сабақта оқушылар мұғалімнің  түсіндіруін үнсіз қабылдап отырмай белсенді жұмыс істеуі керек, өз бетінше ойлап, тақырып бойынша талқылап, керекті шешімін тауып, өз жұмысын және кластастарын бағалауы тиіс .

Описание: D:\Фото\последний урок\SAM_2170.JPGӨз сабақтарымды топтық және жұптық жұмыс түрінде құрдым.   Сабақты оқушылар әр сабақтың кезеңінде өз ойымен бөлісе алатындай етіп және әр оқушы оқу үдерісіне атсалысатындай етіп жоспарладым. Сабақтың басында ынтымақтастық атмосферасын жасау үшін курстың бірінші кезеңінде танысқан әр түрлі сәлемдесу, тренингтер өткіздім. Осындай сергіту сәттерінде оқушылардың сабаққа дайындығы жақсарды, әрі қарай бір-біріне сыйластықпен, кейде төзімділікпен қарады. Бірінші «Жануарлар.Ең үлкен.Өткен шақ» сабағында  кейбір оқушылар бір-бірінен ұялып, қол беріп, жақсы тілектер айтуға қысылды. Класта ынтымақтастық атмосферасын құру үшін «Мен сені таңдадым, өйткені», «Мен саған тілеймін...» т.с.с. тренингтер өткіздім. Балаларға бұл жаттығулар өте ұнады. Олар кластастарынан өздерінің жақсы қасиеттері , жақсы тілектер есітіп, өздерінің жетістіктерімен бөлісті. «Сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін қолдана отырып  оқушыларды әр түрлі әдіспен топқа бөлдім, түсі, көлемі, конфеттер бойынша. Сондықтан әр кез топ құрамы әр түрлі болды, бұл ұжымды біріктірді. Топта жұмыс істеу оқушыларға өте ұнады. Тіпті белсенділігі төмен оқушылар да белсенділік танытып, кластастарына көмектесуге тырысты. Ал күшті оқушылар өз білімдерін толық көрсете білді, лидерлік қасиеттерін ашты, әлсіз оқушыларға көмектесті. Топтық жұмысты пайдалана отырып менің көзімнің жеткені, балалар сабақта белсенді жұмыс істейді, дискуссия жүргізеді, бір-бірінен үйренеді, көп жаңа білім алады, тәжірибелік  дағдыларын қалыптастырады, өз ойларын жеткізе білуге, көзқарастарын қорғауға, тыңдауға және сұрақтар қоюға үйренеді.

Описание: D:\Фото\последний урок\SAM_2170.JPGОписание: D:\Фото\последний урок\SAM_2170.JPGМерсер мен Литлтон (2007) өз жұмыстарында кластағы диалог оқушының интелектуалдық дамуына және оқудың нәтижелігіне әсер ететінін көрсетті. Кластағы бірлескен әңгіменің көп пайдасы бар, өйткені оқушыларға тақырыпты өзінше түсінуіне, адамдардың әр түрлі идеяларының болатындығын , өз идеяларын дәлелдей алуына көмектеседі, мұғалімдерге оқушыларының оқу үдерісі қандай деңгейде екенін анықтайды. Диалогтік оқытуды мен сабақтың әр кезеңінде пайдаландым, үй жұмысын тексергенде, жаңа тақырыпты түсіндіргенде, қайталау кезеңінде. Мысалы, үй жұмысын тексергенде оқушылар бір-бірінен интервью алды, сұрақтар қойды, талқылады. Осылайша диалогтың көмегімен өзара сұрақ қою, өзара оқу, өзара бағалау жүргізілді. Постер құрастырғанда балалар пікірлерімен бөлісті, кеңесті, талқылады және бір пікірге келді.Бұрын мен диалогтік оқуға біржақты қараушы едім. Оқушылардың бір-бірімен сөйлесуіне, пікір алысуына ,сыбырласуына тыйым салушы едім.Қазір менің көзқарасым өзгерді.Екінші «Жолбарыс» тақырыбына арналған сабақта нашар үлгеретін Т- атты оқушым өзін оқушы ретінде сезіне бастады. Ол өзін топтың мүшесі ретінде сезініп,постер қорғауға шықты,жазып алғанын оқып беруге тырысты.Оның сөйлеу әрекетін балалар бұрығыдай келемеж қылмады,өйткен ол енді топ мүшесі,қалғандары оған жанашырлық білдіреді.Осылайша топтық, жұптық жұмыс жандана бастады.  Зерттеушілік түрдегі әңгімеде мен балаларға жан-жануарларды неге қамқорлыққа алу керек, жолбарыс жыртқыш, ал бірақ оны неге өлтіруге болмайды? деген сұрақтар бердім. Сонымен қатар практика кезінде жоғары сұрақтарға көңіл бөлдім. Менің сұрақтарыма жауап бере отырып оқушылар олардың пікірі қызық және маңызды екенін сезді, олар өз пікірлерін білдірді және дәлелдеді. « Сыни тұрғыдан ойлау» модулін қолдана отырып, мен оқу үдерісін қайта қарастырдым. Сабақтар бұрынғыға қарағанда қызықты және тартымды бола бастады. Балалар ақпараттар мен идеяларды синтездеп, жақсысын теріп алып,ақпаратты сұрыптап, нақтылығын түсініп, басқалардың ақпаратына және идеяларына күдікпен қарай бастады. Сонымен бірге мен мұғалім ретінде сыни тұрғыдан ойлауға, бақылауға, өз сабақтарымды талдауға, білім және зерттеу үдерісін  басқаруға емес, бағдар беруге үйрендім. Практика кезінде сабақтың әр кезеңінде мен сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын  қолдандым.Үшінші «Тасбақа» сабағының қызығушылығын  ояту кезеңінде оқушыларға тасбақа мен кәдімгі тасты әкеліп көрсетіп ой тастадым. Бұл екеуін не байланыстырып тұр? Бұдан қандай ой туады? деп сұрадым.Оқушылардың кейбірі абдырап қалды,оларға ойлануға мүмкіндік бердім.Кейбір оқушылар мәнісін түсінгенін көрсетті.Сөйтіп, сабақтың тақырыбын оқушылар өздері ашып берді.  Тізбектелген сабақтар топтамасының әр кезінде мен «Постер қорғау»  «ББҮ», «Ыстық үстел», «Аяқталмаған сөйлемдер..», «Бағалау парағы» стратегияларын қолдандым.  Оқушыларды бақылай отырып мен олардың шығармашылық фантазияларын көрсеткенін, естігенін салыстырып, материалды топтастыра алғанын байқадым. Ал сабақтар қызықты ғана емес, тиімді бола бастады. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі мен үшін жаңа тәсілдердің бірі болды. Курстан бұрын да бағалаудың жаңа тәсілін қолданып көретінмін. Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, бағалау критериін қалай ұйымдастыруға болады? Бұл мен үшін үлкен мәселе болатын. Бұрын  оқушының жауабына, не жұмысына қанағаттанбаған жағдайда оқушының өзінен  сен өзіңді қаншаға бағалайсың? деп  немесе  кластастарынан  оқушыға  неше қоямыз? деп сұраушы едім. Қазір ойлап қарасам, бұл әрекетім бағалаудың өзгеше түрін  іздегенім екен.   Негізінен бағалаушы тұлға, біздер, мұғалімдер болатынбыз. Кейде біз бағалау сабақ кезеңінің маңызды бөлігі екенін ұмытып жатамыз. Бағалаудың мақсаты: мәселелерді анықтау; онан соң оқуды түзету: кері байланыс жасау; сабаққа ынтасын дамыту; болжау және сұрыптау; стандарттарды бақылау және орындау  білім бағдарламасының мазмұнын және оқыту және оқу стилін бақылау.

Описание: D:\Фото\последний урок\SAM_2170.JPGОписание: D:\Фото\последний урок\SAM_2170.JPGАл «баға» бағыттаушы, білім қалыптастырушы функциясын атқаруы тиіс. Бағалау критериін құрастыру оқушыларға олардан не талап ететінін, қалай оқу керектігін түсінуіне көмектеседі. Әр тапсырманы критерий бойынша бағалаудың көмегі оқушыларды  өздерінің қабілеттерін шынайы бағалауға үйретті және ол өз бетінше білім алуына көмектесті. Практика кезінде мен сабақтарымда бағалаудың әр-түрлі тәсілдерін қолдандым. Өзін-өзі бағалау, топтың және жұптың бағалауы. Сабақта «Өзара бағалау» парағын, «Топты бағалау» парағын, «Аяқталмаған сөйлемдер»  әдісін қолдандым. Сабақтың әр сатысында оқушылар бір-бірі бағалады, осылайша ешкім ескерусіз қалмады. Бұл үдерісті жүйелесе мұғалімнің еңбегі анағұрлым жеңілдейді. «Оқыту мен оқуда ақпараттың-коммуникациялық технологияларды пайдалану модулі» негізгі модульдердің бірі, өйткені АКТ мұғалімге оқытуда сабақ түсіндіргенде, сұрағанда, тест өткізгенде, видео көрсеткенде, электрондық оқулықпен жұмыс істегенде, интернеттен ақпарат іздегенде көп көмек көрсетеді. Қазақ тілі пәні көптеген пәндердің синтезі іспетті. Мұнда оқушылар тек тілдік грамматиканы емес, білімнің әр саласын қамтып оқиды. Мысалы практика кезінде  оқушыларға жануарлар дүниесі тақырыптарын түсіндірдім. Ол  үшін  АКТ-ның көмегі зор болды. Балаларға теледидардан  жануарлар әлемін көрсеттім.Оқушылар жануарлар түрлерін  ажыратып ,мынаны білеміз,мына жануар    бізге таныс емес деп өз деңгейлерін реттеп отырды. Үй жұмысын тексергенде мен интерактивті тақтаны қолданып, тест өткіздім. Керекті ақпаратты іздеу үшін оқушылар ұялы телефондарын қолданды. Қазіргі оқушылар қол жетімді  ақпаратты ұялы телефондарынан іздейді. Бұрын мен оқушыларға тыйым салатынмын. Қазір сабақта  оқушылар  ұялы телефонын қолданады.Сөздікті кіргізіп қойған. Мысалы, жаңа сөздердің аудармасын іздегенде. «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі оқытудағы маңызды тәсілдердің бірі. Кейде біз уақыттың жетіспеушілігінен талантты және дарынды балалар туралы ұмытып кетеміз . Мұндай балалармен жұмыс істеу оңай әрі күрделі. Олар өздеріне ерекше көзқарасты талап етеді. Дарынды және талантты балалардың жады өте жақсы , зерек, танымдық белгісіздіктерін оңай жеңеді. Ашық қиялдары ойын ситуацияларын тудырады, олар өнертапқыштыққа және шығармашылыққа құмар. Сондықтан педагогтың басты мақсаты баланы шығармашылық жұмысқа тарту. Педагог өз жұмысын балалар табиғи талантын аша алатындай етіп құруы қажет. Талантты және дарынды балалармен жұмысты   ұйымдастыруға тырыстым, қосымша материалдар бердім. Мысалы,: жануарлар туралы энциклопедиядан өтіп жатқан жануарлар туралы мағлұмат жинау , жануарлардың суретін салу, жануарлар туралы кроссворд шешу, жануар болып өзін қорғау туралы әңгіме айту. Дарынды балалар сабақтың әр кезеңінде, қайталау, жаңа тақырып , практикалық жұмыс болсын белсенді жұмыс істеп отырды.  Олар көшбасшы ретінде топтағы жұмысты ұйымдастыруға көмектесті. Топтың сараптаушысын таңдағанда- балалар лидерді, топтың жұмысын ұйымдастыратын, сұрақтарға жақсы жауап бере алатын адамды таңдады. Олар үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі.Кембридж тәсілімен оқыту модульдерінің ішіндегі дарынды балаларды оқыту модулі дарынды және талантты балаларға қатысты ойлауды, талқылауды,мұқият жоспарлауды талап ететін жұмыс.Жақсы оқитын балалардың бәрі талантты немесе дарынды  ма? деген сұрақ туындайды. Өкінішке орай, мен мектептегі тәжірибе кезімде дарынды және талантты балаларды ғылыми тұрғыдан  зерттеп анықтамадым.Өйткені баланың дарындылығы менің пәнімнен көрінбей жатса басқа салада көрінуі  мүмкін. Балалардың  қабілеттіліктерін , біліктілігін, әлеуеттілі мүмкіндіктерін көрсету үшін оған жағдай туғызу керек.   берілген. Менің Ә деген оқушым жануарлар туралы бейнеролик көрсеткенде,жұмбақтар оқығанда жұмбақ иесін  дәл тауып,кейін суретін қайта көрсеткенде, сол жұмбақтың кейбірін қайталап берді. А атты оқушы ББҮ кестесін толтырғанда жануарлардың көптеген түрлерін білетіндігін,өткен сыныптарда алған білімін еске түсіріп,білгісі келетіндерін ажыратып жазып отырды. «Жолбарыс»тақырыбына постер қорғағанда ойлау жылдамдығы оқушылар мәліметтерді көбірек және тез жазды. «Венн диаграммасын» толтырғанда жолбарыс  пен мысықтың ортақ қасиеттерін ондай оқушылар тез табады.Сабақта белсенділік танытпайтын,үндемейтін К деген оқушым постер жасау кезінде суретті шебер салып,тобының постерінің  басқалардан ерекшеленуіне үлес қосты.Ол оқушының сурет салу жағынан дарынды екенін байқадым.Енді  оның  дарынын қазақ тілін  игеріп кетуіне жұмсайтын боламын.Оның тілге деген дарынын ашу керек. Оған сол салған суретінен бөлшектерді қазақ тілінде айтып беруге немесе аудармасын жазып,жаттап алуға тапсырма беретін боламын.  К,Ә деген оқушыларым үйлерінен жануарлар туралы энциклопедиялар әкеліп,жануарлармен таныстырды,аң маскасын киіп,өздерін қорғады.Әрине,қазақ тілі пәні болғандықтан тек қазақша сөйлеу әрекетіне мән бердім.Мысалы олар «мен жолбарыспын,мені қорғау керек,мені дүкенде сатады,балалар менімен ойнайды», мен тасбақамын,ешкімді өлтірмеймін» т.с.с.   Менің курсқа дейінгі дарынды және талантты балаларға қатысты көзқарасым өзгерді.Үлгерімі нашар оқушыға көп көңіл бөлетін боламын. Олардың ұйықтап жатқан қабілеттерін оятуға тырысатын боламын.  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» балаларға тапсырма беру кезеңінде жас ерекшеліктеріне Описание: D:\Фото\последний урок\SAM_2170.JPGсәйкес қолданылады. Тізбектелген төрт сабақта мен сабақты оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырдым. Мысалы, өткен шақтарды ажыратуда төртінші класс оқушысының ерекшеліктеріне  мән бердім.Ғалымдар Торндайк,Скиннер мінез-құлық нәтижесінде реакция күшейетінін атап көрсеткен,ал Гештальт теориясының ізбасарлары тұлғаның ақыл-ой процесіне сүйенген.Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқытуда гумманистік тәсіл ерекше орын алады. Мен бұл класта екінші жыл сабақ беріп келемін.Сондықтан әлеуметтік жағынан балалардың қанағатанарлық отбасынан, олардың физиологиялық қажеттіліктері жеткілікті деңгейде екенін білемін.Сондықтан мен оларға тапсырма бергенде олардың мүмкіндіктерін ескеріп отырдым.Блум таксаномиясын қолданып,оқушыларға деңгейлеріне сәйкес тапсырма беріп отырдым.Бастауыш класс оқушыларына ырықсыз есте сақтау тән. Олар көп нәрсені ассоциация арқылы есте сақтайды. Мысалы  «Тасбақа» тақырыбын өткенде мен оларға тас және бақаны әкеліп көрсеттім.Оқушылар енді черепаха сөзінің аудармасын осы заттарға байланысты біліп алды.Ырықты зейінді қалыптастыру үшін оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып алу керек.Ол үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдандым. Мысалы: жануарлар туралы бейнеролик көрсеттім. Б.Б.Ү. әдісі бойынша оқушылардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа білімдерін байланыстырдым.Бастауыш класс оқушыларының метатанымдық қабілеті төмен,сондықтан олардың метатану қабілеттерін дамыту керек.  Сабақта оқушыларға мәтіннен жануарлардың түрлерін ажыратуға,өзен-көлдерді айырып жазуға тапсырма  бердім. Өзін-өзі реттеу жүрді. Бихевиористикалық көзқарастарға сәйкес тілді үйрену-күрделі үдеріс.Қазақ тілі өте бай,күрделі,көркем, әрі қиын тілдердің бірі.Бұл жастағы оқушылардың сөзді түсінуді және пайдалануды үйрену жылдамдығы тез.Бұл жаста балалар тілді еліктеу арқылы жылдам үйренеді.

    Жан-жануарларды өткенде оқушылар жануарлар туралы білгендерін сөздік қорын пайдаланып айтады. «Оқытуды басқару және көшбасшылық», «Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады»(1,87-бет)  деген тұжырымдамадан шығады. Курстан бұрын мен мұғалім оқытуда басты рөлде  тұрады деп есептейтінмін. Курстың бірінші кезеңінде мен мұғалім кластағы басты фигура бола тұрса да, балаларға өз бетімен білім алуға мүмкіндік беру үшін «көлеңкеде» қалуы керектігін түсіндім. Тәжірибе кезеңінде мен сабақты оқушылар әрекеттердің толыққанды қожайыны екенін түсініп өз бетінше білім алатын етіп құрдым. Бірінші кезңде және мектептегі тәжірибеден өтіп мен дәстүрлі сабақ беру әдісіне басқа көзбен қарай бастадым, тек білім тасымалдайтын әдісті өзгерту керек екеніне көзім жетті. Ақпараттар көлемінің ұлғаюына, мұғалім мен оқушыдан күтілетін рөлдерге байланысты білім негіздері құрылымын өзгертуіміз керек. Енді оқуды белсендіруге тырысатын боламын, білім бақылаушысы емес, білімге бағыттаушы рөлін ұстанамын. Өз тәжірибемді жинақтап,жақсы жақтарының құрылымын алып, мұғалім тек сабақ түсіндіруші ғана емес, оқушыға білім алуды қалай үйрету керектігін көрсететін білікті мұғалім рөлін ұстанатын боламын.Баланың сабақ оқуы пайдалы және жағымды саяхат сияқты өтуіне, жалығатын, жабықтарын жұмыс болмауына ықпал етуге тырысамын. Сабақта оқушылардың көбірек өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беремін.  Оқушылармен тығыз байланыста болып, оларға таңдауға ерік беруге және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуге тырысатын боламын. Енді оқу үдерісін интерактивтік әдіс негізінде құратын боламын. Осы модульдердің негізінде мен оқушыларға дайын білім мен идеяларды әншейін бере салмай, оқушыны сол білімді өзі тауып алатындай бағыт-бағдар беретін боламын. Меніңше, өз-өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сенімді тұлға өмірдің қатаң шыншылдығымен кездескенде  сынбайды, құламайды, мойымайды, қиыншылықтарға қарсы тұрады, кез-келген ауыртпалықты әлеуметтік тұрғыдан шеше біледі. Мектепте алған білімін және тәжірибесін өмірмен ұштастыра біледі.

Мен Қазақстанның білім жүйесі жаңа сатыға көтерілгеніне қуаныштымын. Енді мектептегі тұлғалар жаңа жетістіктерге дайын тұрады. Сапалы оқыту- мұғалім бейнесімен табылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдай жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылды. (2, 9 бет).Менің болашақтағы жоспарым-оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту ,қазақ тілі сабағын тек қазақ тілінде жүргізу,Кембридж бағдарламасы бойынша жұмысты жалғастыру.Сөз соңында Тони Дорсеттің «Табысқа жету үшін оған итермелейтін, шабыт беретін нәрсенің көзін табу керек» деген сөзімен аяқтағым келеді. Осы цитатаны өмірімнің ұстанымы етіп қолдана отырып оқушыларымды білім әлеміне енгізуге тырысамын.

 

Қолданылған әдебиет:   1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012 ж.

                                     Үшінші(негізгі) деңгей

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазіргі қоғам мектеп алдына өз бетінше білім алуға қабілетті, жауапкершілігі мол, коммуникативтік дағдыларына ие азаматтарды дайындап шығару міндеттерін қойып отыр. Мектеп өмір бойы білім бере алмайды, ал үнемі өзін жетілдіруге тырысуға үйрету-мектептің басты міндеті. Еліміздің болашағы біздің балаларымыздың қолында. Сонымен мұғалімнің алдында оқытудың тиімділігін арттыру үшін жұмысын қайта құру керектігі туралы сұрақ тұр. Тұлғаны қалай қалыптастырамыз ? Дайын білімді беруге негізделген оқытудың әдісі оқу материалын табысты игеруге, не оны терең түсінуге, не бұрынғы бар біліммен ұштастыруына ықпал етпейтіні белгілі

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2014 2060
    • DOCX 280 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Макарова Елена Геннадьевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Макарова Елена Геннадьевна
    Макарова Елена Геннадьевна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 196200
    • Всего материалов: 72

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Английский для специальных целей (ESP)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 460 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 404 человека

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе