Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Адамзаттың ұлы самғауы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

Адамзаттың ұлы самғауы

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Адамзаттың ұлы самғауы» интеллектуалды сайыс
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Көрнекілік: Ақпараттық технологияны қолданып, слайдтар арқылы видео-аудио техникалар арқылы өткізу. Зал безендіріледі. Шарлар, қанатты сөздер.
1. “Математиканың өз тілі бар – ол формула“ Софья Ковалевская
2.: “Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы“ Карл Гаусс
1.“Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек “. С.М.Ломоносов
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі “Ұшқыр ойлы топ” атты 7 және 8-сыныптары арасында өткізілгелі отырған математикадан интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Негізінен 7- сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған “Фалес” және 8- сыныптың алғырларынан тұратын “Пифагор” топтарын ортаға шақырып құрмет - қошемет көрсетіп қояйық.
1-жүргізуші:
Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Математика - ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сол ғылымның тілін біл.
2-жүргізуші:
Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз (шамаңыз).
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
1-жүргізуші: Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа.
Жасықтан емессің сен, қаталдансың!
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән – “математика” атанғансың!
2-жүргізуші:
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді - дей келе отырып, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын ортаға шақырып, қошемет көрсетіп, таныстыра кетейік.
Әділ қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! - деп, бүгінгі сайысқа әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
 Әділ қазылар алқасының төрайымы – Жаманқұлова А.
 Мүшелері: Оқу ісі жөніндегі орынбасары – Мақатова М.
 Ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасар – Утеева Б.
 Математика пәнінің мұғалімі – Меңдіғазиева Г.

1-жүргізуші: Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар-деген.

Сәлемдесуі: 1. Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
2.Армандарға қол созумен келеміз,
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты шаң қаптыру межеміз.
Танысып қояйық, Жоғарғы математиканың
атасы Пифагор біз боламыз,

Сонымен сөз кезегін сәлемдесу дәстүрі бойынша “Фалес ” тобына ұсынамыз.
Топың ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз,
Сәлемдесуі: 1. Қиындықтан сірә біз де қашпаймыз,
Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
2. Танысудан сірә бізде қашпаймыз.
Сізге кері Фалес ағаң боламыз.
Бөлшекке салып бүлдіргенді,
Жинақтайтын да біз болармыз.

1-жүргізуші: Интеллектуалды сайыстың жүру тәртібімен таныстырып өтейік.
1-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. Бұл кезеңде математикалық есептер шешіліп, сұрақтарға жауап беріледі.
2-кезең. “Жорға” - Математикалық жұмбақтар шешу(Полиглот).
3-кезең. “Аударыспақ” – Үй тапсырмасы - Математикалық сиқырлар мен ойындар көрсету.
4–кезең. “Көкпар” – Логикалық есептер шешу.
5-кезең. “Теңге алу” – Салу есептерін шешу.
2-жүргізуші:
Қарап тұрмай бәйгеге сіз еніңіз,
Есептердің нақ шешімін беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-дей келе біз алғашқы - Бәйге кезеңін бастайық.
Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.
1-жүргізуші:
1-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. Әр топқа 5 сұрақтан алма кезек ұяшық таңдау арқылы беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5, қателескен жағдайда жанкүйерге не қарсыласқа кезек беріліп, олар шешкен жағдайда 3 ұпайдан беріледі.
1. Тапсырма: Екі өрнектің қосындысының квадраты
олардың біріншісінің квадратын, екі еселенген екеуінің көбейтіндісіне және екіншісінің квадратына қосқанға тең.
1-жүргізуші:
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

6 жұмбақ
2-кезең. “Жорға” - Математикалық жұмбақтар шешу(Полиглот) Р.Рымбаева Атамекен
Қазақша жауапқа-5, орысша аудармаға-1, ағылшынша аудармаға-2 ұпай беріледі.
6-Жұмбақ шешіледі.
2-жүргізуші: Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі Аударыспаққа көшейік.
1-жүргізуші:
3-кезең. “Аударыспақ” – Үй тапсырмасы - Әр топ алма- кзек бір математикалық ойын, бір математикалық сиқыр көрсетеді. Әрқайсысы 10 ұпаймен бағаланады.
(Ән-күймен жетек).
1-жүргізуші:
Ұлттық ойын көкпар!
Білекті жігіт, белді ат,
Жекпе-жек, тартысты сәт,
Тақымы тастай батыр ұлдар мен сәйгүліктер додасы.
4–кезең. “Көкпар” – Логикалық есептер шешу. Ұяшықтарды алма - кезек таңдау арқылы ұяшықтағы ұпайды иеленеді.
(Бәйге видео-ролик(Қазақ елі-Мұзарт, Сарыарқа саз жетек).Жанүйерлер, не қарсыластар шешкен жағдайда, сол ұпайдың жартысы беріледі.
2-жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та,
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.
5-кезең. “Теңге алу” – Салу есептері. Екі топ математикалық құралдағы номерлерді кезектесіп таңдай отырып, салу есептерін шешеді. Ойынның шарты, берілген тапсырманы тек қана сызғышты, циркульды және қарындашты ғана қолдану. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 5 ұпай беріледі.
2-жүргізуші:
Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың ,
Қиындықтан өткізер - деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.























«БОРАНҚҰЛ ОРТА МЕКТЕБІ» ММ











«Адамзаттың ұлы самғауы» интеллектуалдық сайысы















Пән мұғалімі: Севепова Мөлдір







2013

Краткое описание документа:

бұл жоспар 7-8 сынып оқушыларына арналған. Тақырыбы: «Адамзаттың ұлы самғауы» интеллектуалды сайыс Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Математикаға ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Автор
Дата добавления 01.06.2014
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров340
Номер материала 118557060118
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх