Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Діни ағым
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • История

Діни ағым

библиотека
материалов

Қазақстандағы діни ағымдар

Тәуелсіздік алғаннан бері жиырма жыл аралығында Қазақстанда жан-жақты салада даму байқалды. Қазақстанның орасан зор пайдалы қазба байлықтары мен территориялық  орналасуы елдің бірқалыпты дамуына апарды. Осы қысқа уақыт аралығында Қазақстан еліміз бүкіл әлемге танылып, бұрынғы ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарлы елдер санатына енді. Алайда, Қазақстан басшылығының басты мақтанышы — ол ұлтаралық,  дінаралық келісім болып саналады. Оған дәлел сансыз ұлттар мекендеген елімізде осы жиырма жыл аралығында ешбір көтерілістер, ұлтаралық жанжалдар тіркелмеді. Астана қаласында 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер жиыны, сондай-ақ еліміздің ОИК ұйымына басшылық етуі, 2010 жылғы Еуропаның Қауіпсіздік Кеңесіне төраға болуы осы ауызбіршілік, әлем алдында бейбіт ел боп танылуымыздың айқын айғағы. Сонда да, бес саусақ бірдей емес дегендей, еліміздегі осы жетістіктерде бағаламайтын, оны жоққа шығарып, халық арасында іріткі салғысы келетін азаматтар бар.

Жетпіс жылғы бодандық бұғауынан құтылғаннан кейін 90-жылдардың орта кезінен бастап діни білім алу мақсатында Қазақстан жастары шетелге ағыла бастады. Соның ішінде: Сауд Аравия, Египет, Иран, Сирия, Пәкістан. Бірақ діни фундаментін дұрыс құра алмаған кейбір жастар шетелдік белгісіз ғалымдардың жетегіне еріп ықпалына енді, олардың сөзін сөйлеп, сойылын соқты. Бұл елдердегі салт-дәстүр, діни ұстаным деңгейінің алуан түрлігіне орай, сол елдердегі діни өмір салтын қазақ еліне енгізуге тырысты. 8-ғасырдан бастап Ислам діні жайылған қазақ елінде ежелден қалыптасқан салт-дәстүрмен сабақтасқан діни үрдіске келімсек дін жаюшылар қазақ елінің діни өмір салтында қарама-қайшылық туғызды. Салт-дәстүрге, әдет ғұрыпқа қарсы шықты. Осының нәтижесінде мұсылмандар арасында алауыздық оты тұтанды. Кейбіреулер ата-баба ұстанған дінмен жүрсе, енді біреулері аталарымыз адасқан нағыз хақ дін ол сәләфи ағымындағы ғалымдардың (Абдулла ибн Абдул Уахаб, Ибн Таймия, Ибн Баз, Насруддин Албани) түсінігіндегі дін деп пайымдады. Имам Ағзам Әбу Ханифа жолын ұстанатын адамдарға «Сен Пайғамбардың (с.а.у) сүннетімен жүресің бе? әлде Ханафи мазхабын ұстанасың ба?» деген кертартпа пікірлер таратылды. Ежелден ата-бабамыз Абу Ханифа мектебінің тағлымдарымен жүріп келді.

Анықтама ретінде: Абу Ханифа мазһабы исламдағы төрт мектептің (Мәлики, Шафиги, Ханбали, Ханафи) бірі. Аталмыш діни мектептің ізбасарлары Орта Азияда кең тараған. Ханафи мектебінің тағылымы еліміздің климатына, өмір салтына жақын, сондай-ақ біржақтылықтан алыс, кең ауқымды пайымдауды қолдайды.

Бұл мазһабтың Орта Азияда кең қанат жаюы ең алдымен осы мектептің түпкілікті идеясы бірбеткейліктен, фундаментализмнен алыс болғандығы себепті. Сондай-ақ шариғат үкімдерінде климаттық, дәстүрлік сан алуандық ескеріледі. Мазһабты жоғарыда айтқанымыздай бөлек дін ретінде көретіндер де бар. Мазһаб ұстану не үшін бізге міндет?! Өйткені әр адам діндегі мәселелерді өз бетінше түсініп кете алмайды, араб тілін жетік білгеннің өзінде Құранды, хадисті сөзбе-сөз түсінсе де оның түсу себептері мен айтылу себептерін, астарлы мағыналарын, басқа да осыған ұқсаған оның үкімін жоятын аяттар мен хадистердің бар жоқтығын біле бермейді. Исламдағы мазһабтар болса, бұның барлығын реттестіріп, біздер үшін дайындап берген. Мазһабтардың үкімдері заман өзгерген сайын жаңарып, заман талабына сай жаңа мәселелерге үкімдер шығып отырған. Мазһаб ұстанбаймын деген адамның өзі белгілі бір ғалымдардың ой пікірлеріне жүгінетіні анық.

Еліміз үшін шетелден келген, соның ішінде сол елдердегі діни өмірді насихаттайтын әрекеттер қажет емес, өзімізде де Ислам ғалымдары баршылық. Олай дейтін себебім, қазіргі кездегі араб мемлекеттерінің көбі үлгілі, салауатты бейбіт өмір салтының үлгісі, символы деп айту өте қиын, әсіресе өткен жылғы біршама араб мемлекеттеріндегі (Ливия, Сирия, Иемен, Катар, Египет, Тунис, БАӘ, Мавритания) көтерілістер, ондағы мұсылмандардың өзара алауыздығы, мәмілеге келмеуі осының айғағы. Ата-бабамыз қандай бір қиын қыспақ өмірдің өзінде сонау монғол шапқыншылығы, одан кейінгі ақтабан шұбырынды, өткен ғасырдағы жетпіс жылдық бодандық өмірді, қаншама ашаршылық, жұт пәлекеттерге толы көшпенділік, жаугершілік өмірдің өзінде дінін, салт-дәстүрін сақтап қалған.

Қазақ халқы қазақ болғаннан бері де елімізден талай данышпан ақын-жыраулар шыққан, солардың кейбір айтқан нақыл сөздері мен жырларын мысалға келтірсек. Абай атамыз:

 Аллаһтың өзі де – рас, сөзі де – рас,

Рас сөз еш уақытта жалған болмас» деп жырлаған. Абай өлеңіндегі Аллаһтың сөзі ол – Құран.

Бұрынғы Абылайдың өзіне қорықпастан сөйлейтін Бұхар жырауды алып қараңыз:

«Алла деген ар болмас,

            Хақтың жолы тар болмас,

            Құдайға мойын бұрмасақ,

 Қысылтаяң күн туса

 Жаратқан өзі жар болмас.

Бес уақыт намаз оқысаң

            Ақырет күні иншАлла

            Тозақта жанын қор болмас,

Бір құдайдан қорық та,

Жайнамазбен бол жолдас«, — деген.

Сондай-ақ, Ыбырай атамыз «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық», — деген.  Осы уақытқа шейін сан ғасырлар бойы қазақтар арасында діни тұрғыда алауыздық, іріткі болған емес, дінімен, пікірімен біртұтас ел болып осынау байтақ жерді сыртқы жауларынан қорғап, біздерге аманат, мирас етіп қалдырды.

Қазіргі уақыттағы еліміздегі дінде өзекті мәселе болып отырған негізгі мүшкіл жағдай — халық арасында тарап жатқан кейбір «сәләфи» ағымындағы жастардың қоғамда бүлік салуы. Олардың арнайы діни білімдері жоқ, негізгі ақпарат көздері Ғаламторда тараған уағыз насихаттар. Бұл ақпараттардың түгелге дерлігі Сауд Аравия ғалымдарының дәрістері, уағыздары немесе сонда оқыған өзіміздің қазақ жастарының негіздерін сол араб ғалымдарынан алған насихаттары. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, араларында Қазақстандағы діни үрдіске, мазһабты, салт-дәстүрді дәріптейтіндері де кездеседі.

Қоғамымызда тараған «сәләфи» мен «уахабизмнің» ара жігін ажыратып алсақ:

1- Уахабилер ағымы – әл-Уахаб ол Аллаһтың 99 есімінің бірі, мағынасы — бәрін сыйлаушы-жарылқаушы. Біріншіден, бұл атау 18- ғасырда өмір сүрген сол кезде билік құрған Осман  Империясына  қарсы күрес жүргізген Мұхаммед ибн Абдул Уахаб есімді адаммен байланыстырады. Ол кісі жөнінде әртүрлі пікірлер бар, кейбіреулер оны  Ислам үшін, біраз еңбек еткенін ғұламалардың бірі деп санаса, енді бір ғалымдар билікке қарсы әрекет еткен саяси тұлға ретінде біледі. «Уахабисттер» деп осы тұлғаның жолын ұстанушыларды айтады. Алайда қазіргі кездегі мұсылмандар арасында іріткі салушыларды Абдулла ибн Уахабтың жолын ұстанады деп айту қиын, өйткені «уахабизм» ұғымын соңғы кездері «сәләфи» ағымының әрекеттері алмастыруда. Ұстаным, идея тұрғысында бұл екі ағым бірдей, синонимді ұғым деп айтуға болады.

2-  «Сәләфи» ағымы -  сәләфи алғашқылар деген мағынаны білдіреді, яғни сахабалар мен табиғиндер. Сахабалар мен табиғиндер Құранды қалай түсінген болса, солай түсіну хадисті қалай түсінген болса, дәл солай түсіну. Ислам дініне еш нәрсені қоспау, заман талабына сай оның өзгерістерін ескермей ескі бағытта өмір сүру. Олар үшін теледидар қарау, салт-дәстүрлерді дәріптеу, қазақтың біртуар азаматтарын үлгі тұту, олардың жырларын оқу – «харам». Тіпті, осындай кейбір жастарымыз намазға жығылмаған ата-аналарын, бауырларын құрметтемей, араласпай кеткендері де кездеседі. Әрине, бұл сипатты жалпы салафиттерге қолдануға болмайды, олардың ішінде білімділер де бар, олар өздерін жалпы қоғам алдында  әшкерелемейді, қазақтың ән жырларына әбден қанық, мазһабтарға қарсы келмейді. Бұл ағымның қауіпті топтары — «такфиршілер», олар адамдарды кішкене күнәсі үшін кәпір деп санайды, олар көп жағдайда білімсіз болып келеді.   

 

АТАЛҒАН АҒЫМДАРДЫҢ ҚАТЕ КЕТКЕН ТҰСТАРЫ

Бұл ағымдардың қазіргі қоғамға қауіпті тұстарын айтар болсақ, кейбір салафиттердің басшыларға бағынбауын айтуға болады, олар ұстанымы бойынша — мемлекет басшылары толығымен мұсылман болмайынша, оны Ислам мемлекеті деп айтуға болмайды, соның нәтижесінде осы салада салафиттік пікірді насихаттауды басты міндет деп санайды. Елбасының айтқан қаулылары, қабылдаған заңдары оларға жүрмейді. Осы әрекеттерімен іс жүзінде Құран аяттарына қарсы келуде.

1) “Әй мүминлер! Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар…” “Ниса” сүресі, 59 аят.

2) Абу Хурайра, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Кедейлікте де байлықта да, саған ұнайтын да, ұнамайтын да және сені құр қалдырса да әміршіңді тыңдап, оған бағынуға тиістісің» деді.

Сонымен қатар, қазақ жерінде шыққан әулие, діндарларды олардың ұстанған жолы – «суфизмді» жоққа шығарады. Егер олар айтқандай сопылық жол түпкілікті қате болатын болса, осы уақытқа шейінгі ата-бабаларымыз адасқан ба?! Әрине бұл тұрғыда барлық сопыларды бір деңгейге қоюға болмайды. Олардың арасында салафиттердің ғалымы ибн Таймия келтірген хақ Ислам жолындағы сопылар да бар, сондай-ақ қабірлерді мінәжат етіп, ұстаздарының қолын сүйіп, пір тұтатын да адасқан  пенделер кездеседі.

Салафиттердің сыртқы сипаттарына келер болсақ, олардың суфисттер-тариқатшылар секілді арнайы киім кию тәсілі жоқ, алайда бір ерекшеліктері ол – шалбар балақтарын қысқартуы. Олардың бұл әрекетке баруларындағы басты дәлелдері Пайғамбарымыздың (с.а.у) Мекке мүшріктеріне етектерін қысқарту жөнінде айтқан ескертуін алға тартады. Егер хадистің мәтінінің толық мағынасын келтірер болсақ, ол нақтылы сөзбе-сөз етек қысқартуға шақырады бұны салафиттер де сөзбе-сөз алады, алайда оның негізгі мағынасы тәкаппарлықтан тию, өйткені сол кездегі арабтар өздерінің байлықтарын көрсету мақсатында ұзын етегі салбыраған киімдер киген, осымен олар өздерінің беделін көрсетеді, Пайғамбарымыз (с.а.у) осыған тиым салған, ал оның шалбар қысқаруға қандай қатысы бар екені белгісіз!

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, кәзіргі қоғамда аталған діни топтарды айыра білу, біздер үшін маңызды. Оларды сыртқы келбеттері, дінге шақыру әрекеттері әртүрлі. Олардың ықпалына еріп кетпеуден қазіргі жастарымызды сақтауымыз керек. Діни мәселеде кез келген сұрақ туған жағдайда, жалпы Ислам ғибадаттарды орындау мақсатында ҚМДБ бекіткен имамдарына хабарласуымыз міндет, сондай-ақ Діни Басқарманың келісімсіз жарық көрген кез келген Ислам әдебиеті түрлерінен сақ болғанымыз жөн.

hello_html_0.gif

Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптепкезігеді. Дәстүрлі дінде заң аясында жүйелілік бар. Дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін жүйелі бақылап отыру аса күрделі құбылыс.

Соңғы кездері бұрын – соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі – түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды.

Тіпті тыңдауға уақытың жоқтығын айтсаң да артыннан қалмай діни брошюраларды ұсынып, өмір туралы өз қағидаларын судырата жөнеледі. Жат ағымдардың құрығына жастар жағы жылдам түсіп жатыр. Олар жастар санасын тек қана уландырып қана қоймай, сонымен бірге өз қатарларына адамдар жинауда, өздеріне пайда әкелетін істермен де айналасуда жастарды пайдаланады.

Жалпы, дәстүрлі емес діни ағымдардың көздеген мақсаты - халықты айтқанға көнетін ойсыз топқа айналдырып, оларды жанды қуыршақ сияқты басқару, санасына әмір жүргізу болып табылады. Кез келген адамды халықтың, не болмаса қандай да бір ұйымның құрамдас бөлігі ретінде қарастырсақ, тұлға ұйымның ортасына түскен кезде сол ұйымның ықпалына бейімделгіш келетіні белгілі.Тұлға ұйымның арасында қалған сәттен бастап бұрынғы табиғи қалпынан өзгеріп, мүлде басқаша ойлай бастайды, сол ұйымға тән іс-әрекеттерді жасайтын болады.

Мәселен, ерік-жігері төмен жандар сыртқы күштердің әсерімен болған өзгерістерге бейімделгіш келеді. Дәстүрлі емес діни ұйымындағыларды салқын санамен ойлау, ой қорыту қабілеті мүлде тән емес десек, артық айтпаймыз. Осы орайда, бейімделгіш жанды ерекше қаһармандықты, не болмаса қатыгездікті талап ететін әрекеттерге оңай айдап салуға болады.

Мұндай жағдайда, жүрексіну, тіпті өзін-өзі сақтау инстинктіне де бағынбауы ықтимал. Себебі ол өзін шексіз күшті сезінеді. Тағы бір айта кетерлігі, бейімделгіш жандар аңғал, сенгіш келеді. Оларды алдап-арбау, қандай да бір теріс мақсаттарға қолдану дәстүрлі емес діни ұйым көсемдері үшін аса қиын шаруа емес.

Себебі жүйкесі, ойлау қабілеті зақымданған адамдар шындық пен өтіріктің арасындағы алшақтықты айыра алмайтындықтан, көсемдерінің айтқанына тез бой алдырады. Әрине, белгілі бір тұлғалардың айдап салуымен ашуызаға бой алдырған мұндай топқа қарсы келу, оларды жолынан қайтарам деу өте қауіпті екені түсінікті.

Қазіргі таңда дәстүрден тыс діни ағымдар қоғамды іштен ірітіп жатқандығы туралы жиі айтылуда. Алайда, жастар теріс пиғылды ұйымның өз жұмысын нақты қандай әрекеттер арқылы жүргізетінінен бейхабар. Олар дәстүрден тыс діни ағымдар, дәстүрлі діндерден іргесін аулақ салған, белгілі бір діни мақсатты көздейтін ұйым екендігін біледі.

Алайда, олар өздерін адамның рухани қажеттіліктерін өтейтін, өмірдің мәнін ұғынуға көмектесетін, рухтың мәңгілік екендігін түсіндіретін, пендеге тән қайғы-қасіреттерден құтқарып, өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін адам ретінде көрсетуді шебер меңгеріп алған. Олар діни сауаты жетіле қоймаған, өмірлік бағыт-бағдары жаңа қалыптасып келе жатқан жастарды алдау-арбау арқылы өз қатарларына тартады.

Дәстүрден тыс діни ағымдар кез келген коммерциялық дәстүрден тысқары діни культтер, құбылыс пен процестер сияқты қазіргі социумның іргелі мәселелерінің индикаторлары болып табылады. Адам осындай жағдайда бұрын-соңды тәжірибесінде кездеспеген мәселемен бетпе-бет келеді. Соған орай, оны шешудің сенімді құралдарынан да бейхабар болады. Аталған мәселеге қарсы тиімді күресудің саналы түрде жасалған мәдени тетіктері де қалыптаспаған.

Түрлі діни ағымдардың жетегінде кету арқылы отбасын ойрандатып, қоғамды шулатып, тыңшылық, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне орасан зиян тигізуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір тәсілі түрлі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру.

Бүгінде әлемдегі дінаралық кикілжіңдер мен қақтығыстарға куә болудамыз. Әрине, 16 миллион халқы бар Қазақстанға 40 түрлі конфессия (дін) өте көп. Мысалы, соңғы уақыттарда кейбір отбасыларда әкесі бір дінді, баласы бір дінді, анасы бір дінді ұстанатын халге келдік. Қазақ отбасыларында кикілжің туатын болса, әркім өз жақтастарын мәселеге араластырып, арты бітпес жанжалға ұласып кетуі мүмкін.

Осы жағдай уақыт өте келе дінаралық қақтығыс тудыруы мүмкүн. Дін атын жамылған ұйымдар қоғамды діннен, руханияттан алшақтату арқылы қоғамды дінге қарсы қояды. Жалған діндер дәл осылай еркінсіп білгендерін жасай берер болса, болашақта қоғамды діннен, руханияттан азарда-безер ететін халге жеткізеді. Діни ағымдардың әрекетіне күйінген халық дінге деген көзқарасы өзгеріп, дінсіздікке ұшырауы мүмкін.

Ақиқатында, діни бірлестіктердің басым көпшілігі кейбір аңғал жандар ойлағандай биік мақсат-мүдделерді көздемейді. Дәстүрден тыс діни ағымдар атаулының түпкі ниеті біреу-ақ, ол - қарапайым адамдарды өз мақсат-мүдделеріне пайдалану, сол арқылы материалдық игілікке кенеліп, билікке қол жеткізу.

Әдетте, дәстүрден тыс діни ағым мүшелері "көсемнің немесе "ұстаздың" айтқанын бұлжытпай орындайтын темірдей тәртіпке мойынсұнады. Ұйымның түпкі мақсатын аттөбеліндей аз топ, яғни "таңдаулылар" ғана біледі. Жаңадан қабылданғандар сектаға жән-тәнімен берілгендігін "ұстаз" бен "таңдаулылардың" алдында дәлелдей білсе, "қызмет баспалдағымен" өрлеуге мүмкіндік алады. Көріп отырғанымыздай, ұйымдардың құрылымы да мемлекеттік құрылым сияқты. Маман психологтар мен заңгерлердің оларды "қауіпті" деп жүргені бекер болмаса керек.

Енді осы ағымдар қарапайым адамдарды қандай айла-әдістермен еліктіретініне тоқталайық. Біріншіден, жаңадан қабылданған "шәкірт" ұйым мүшелерінің психологиялық қысымына ұшырайды. Ол осы жерде дәстүрден тыс діни ағымдардың "махаббатына бөленеді". "Құдай сені жақсы көреді, сен асқақ арман-мақсаттарды бағындыратын таңдаулылардың бірісің. Бізден басқа әлемнің барлығы күнәға белшесінен батуда" деген сияқты әпсананы құлағына құяды.

Нәтижесінде, судай жаңа діни ағымдардың осы "бақытты отбасының" бір мүшесіне айналуға деген құштарлығы күшейе түседі. Топтасып ән шырқау, бір-бірімен төс қағыстырып құшақтасу, мадақтау сияқты кішкентай балаларды алдайтын тәсілдердің барлығы ұйымда кеңінен қолданылады.

Екіншіден, дәстүрден тыс діни ағымдар мүшелері қоршаған ортасынан іргесін аулақ салып, өз бетінше бөлек өмір кешеді. Ал ұйымнан тысқары әлемнен қол үзген адам уақыт өте келе "ұстазының" айтқандарының анық-қанығына ой жүгірту, оны шынайы өмірмен салыстыру мүмкіндігінен айырылатыны түсінікті жәйт.

Үшіншіден, қауіпті діни ұйымдарда мүшелерінің ойлау қабілетін тежейтін түрлі әдістемелер қолданысқа ие. Мәселен, бір сарынды әндерді жиі шырқату, бір қимылдарды үнемі қайталатудың ақыры адамды психологиялық тәуелділікке ұрындырады.

Тағы бір айта кетерлігі, "отбасында құпия болмау керек" дегенді желеу еткен "ұстаз" "шәкіртіне" жасаған күнәларын мойындатып, арылуға "көмектеседі". Ішкі сырларын жайып салғаннан кейін өзін күнәһар жан ретінде сезінген "шәкірттің" бойында қорқыныш, үрей күшейе түседі.

Бесіншіден, "рухани тұрғыда шынығу" үшін ұйқыдан бас тартқандар мадақталады. Тоя тамақтанбау рухани тұрғыда жетілуге көмектесетін диета деп саналады. Сондай-ақ, ұйымға жаңадан қосылған жандардың оңашада ой қорытуына мүмкіндік бермеу үшін ұйымның өзге мүшелері оны ешқашан жалғыз қалдырмайды. Осылайша, дәстүрден тыс діни ұйым санатына қосылған жан аз уақыт ішінде ой-санасы өзгерген, мүлде басқа кейіптегі адамға айналады.

Дәстүрден тыс діни ұйым шырмауына ұшыраған адам өзін қалай сезінеді? Психологтардың айтуынша, "ұстазына" құлдық ұрған "шәкірттің" көкірек көзі ашылып, ақиқатқа көз жеткізеді, құдайдың нұрын сезінеді. Оның бойында жаңа психологиялық қасиеттер дамиды. Қарапайым тілмен баяндар болсақ, дәстүрден тыс діни ұйымдардың алдап-арбауының салдарынан сәби қалпына қайта оралғандай күй кешеді.

Ол өзінің бұрынғы қадір-қасиеттерін тәрк етіп, сол ұйымдарға ұнамды бейнені қабылдайды. "Ұстаз" бен "таңдаулылардың" айтқаны ол үшін бұлжымас қағидамен тең. Мәселен, "Бірлік шіркеуі" деп аталатын сол қауіпті ағымдардың әлемнің көптеген елдерінде кәсіпорындары бар.

Шіркеуге тиесілі кәсіпорындарда жұмыс істейтін дәстүрлі емес діни ағымдардың мардымсыз жалақы үшін есіл еңбектерін сарп етуде. Аталған ұйым жаңадан қосылған мүшелерінен табыстарының бір бөлігін беріп тұруды және барлық жиған-терген мүліктерін өздерінің атына аударуды талап етеді.

Ұйымға "өз еркімен" қосылған адам үшін "жаңа отбасын" тастап кету туралы ойлаудың өзі қорқынышты. Ұйым мүшелері де оны өз қатарларында қалдыруға тырысып бағады. Қазіргі таңда, дәстүрден тыс діни ұйымның мүшелерін құтқарудың екі түрлі тәсілі бар.

Бірінші тәсіл "қайта программалау" деп аталады. Яғни, адамды сол қауіпті ұйымнан күштеп ұрлап әкетіп, бір бөлмеге қамап, оған "тату-тәтті отбасы" туралы барлық шындықтың бетін ашу. Әрине, жан-тәнімен сеніп келген "ұстаздың" алаяқ екенін есту, өзінің алданғанын түсіну оған оңай соқпайды. Және бір айта кетерлігі, діни ағымдар осындай жолмен жақынын құтқармақ болған адамның үстінен тиісті органдарға шағым түсіре алады. Мұндай жағдайда дәстүрлі емес діни ағымдар қылмысын дәлелдеу қиынға түсетіндіктен, көп жағдайда сот процесінде олар жеңіп шығады.

Дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық - дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.


Краткое описание документа:

Ыбырай атамыз «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық», — деген.  Осы уақытқа шейін сан ғасырлар бойы қазақтар арасында діни тұрғыда алауыздық, іріткі болған емес, дінімен, пікірімен біртұтас ел болып осынау байтақ жерді сыртқы жауларынан қорғап, біздерге аманат, мирас етіп қалдырe. Қазіргі уақыттағы еліміздегі дінде өзекті мәселе болып отырған негізгі мүшкіл жағдай — халық арасында тарап жатқан кейбір «сәләфи» ағымындағы жастардың қоғамда бүлік салуы. Олардың арнайы діни білімдері жоқ, негізгі ақпарат көздері Ғаламторда тараған уағыз насихаттар. Бұл ақпараттардың түгелге дерлігі Сауд Аравия ғалымдарының дәрістері, уағыздары немесе сонда оқыған өзіміздің қазақ жастарының негіздерін сол араб ғалымдарынан алған насихаттары. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, араларында Қазақстандағы діни үрдіске, мазһабты, салт-дәстүрді дәріптеуБұл ағымдардың қазіргі қоғамға қауіпті тұстарын айтар болсақ, кейбір салафиттердің басшыларға бағынбауын айтуға болады, олар ұстанымы бойынша — мемлекет басшылары толығымен мұсылман болмайынша, оны Ислам мемлекеті деп айтуға болмайды, соның нәтижесінде осы салада салафиттік пікірді насихаттауды басты міндет деп санау.Дәстүрлі дін мен дәстүрлі емес діндердің ара-жігін ажырата алмайтын жандар қоғамымызда әлі де көптепкезігеді. Дәстүрлі дінде заң аясында жүйелілік бар. Дәстүрлі емес діндердің іс-әрекеттерін жүйелі бақылап отыру аса күрделі құбылыс екенін түсіндіру..  Соңғы кездері бұрын – соңды атын естімеген дәстүрлі емес діни ағымдардың көбеюі осының дәлелі. Бақытты өмір қандай болатыны жөнінде түрлі – түсті етіп безендірілген кітаптарды тарататын адамдар пайда болды. аулақ жүруге шақыру.
Автор
Дата добавления 02.06.2014
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1680
Номер материала 119513060220
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх