Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Сіз қандай ата анасыз?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Сіз қандай ата анасыз?

библиотека
материалов


Отбасы және мектеп


Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі - бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігі толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Отбасы - сапасы бірқатар параметрлермен анықталатын, бала өмірі мен дамуының ортасы. Отбасының әлеуметтік-мәдени параметрі ата-аналарының білімдік деңгейімен және олардың қоғам өміріне қатысуымен анықталады. Отбасының әлеуметтік-экономикалық параметрі дүние-мүліктік сипаттамасымен және ата-аналарының жұмыспен қамтылуымен анықталады. Техникалық-гигиеналық параметрі өмір сүру жағдайымен, баспананың жабдықталуымен, өмір салтының ерекшелігімен анықталады. Демографиялық параметрі отбасы құрылымымен анықталады. Баланың дамуының қандай қырын алмайық қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында отбасының рөлі ерекше.

Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық.

Басты қызметтері:

  • тәрбиелік;

  • сауықтыру;

  • рухани-адамгершілік;

  • танымдық-білімдік;

  • тұрмыстық;

  • еңбек;

  • мәдени-ағартушылық;

  • демалыс-шығармашылық;

  • тұлғаның өзіндік тәжірибені ынталандырушы;

  • қорғау.

Басты міндеттері:

  • баланы үйлесімді дамыту;

  • бала денсаулығына қамқорлық жасау;

  • оқуына көмек көрсету;

  • еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық таңдауға көмектесу;

  • тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;

  • ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;

  • жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;

  • қызығушылығы, қабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;

  • өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;

  • жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.

Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар:

  • отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);

  • отбасы өмірінің күн тәртібі;

  • әрекеттер мазмұны (әкенің, шешенің, әженің, атаның, балалардың).

Баланың отбасындағы өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін жасау және талап қоя білудің мәні ерекше. Күн тәртібі баланың еңбегі мен демалысъның, парасаттылықпен, жас және дербес ерекшелігіне сәйкес өтуін қамтамасыз етуі тиіс. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымы мен өмірлік бағыт-бағдары мен көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады.

Отбасы бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезден-ақ оны жинақылыққа, тілалғьштыққа, еңбекке, мұқияттылыққа, жауапкершілікке, әдептілікке үйретеді. Отбасы баланың күн тәртібін құруда өз отбасының үй жағдайын, баланың денсаулығын, дәрігер, тәрбиеші не мұғалімдер кеңесін, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін есепке алғаны дұрыс. Өйткені бала өмірінде еңбек, демалыс, ойын, үй тапсырмасын орындау ұйқы және т.б. дүрыс кезектесіп отыруы тиіс. Педагог-психолог ғалымдар пікірлері бойынша белгілі-бір реттелген күн тәртібін сақтау нәтижесінде бала миының үлкен жарты шарының қабында динамикалық стереотип пайда болады. Мысалы, баланың нақты бір мезгілде тамақтануы, ұйқыға кетуі берік қалыптасса, ағзасы сол уақытта оған даяр болып, денсаулығы нығая түспек. Белгілі дағды әдетке айналады.

Баланың күн тәртібін ұйымдастырудағы отбасының іс-әрекеті:

  • сабақ үлгерімін бақылау. Сабақты себепсіз қалдырмауына атсалысу;

  • оқуда үлгеруіне, достарымен қарым-қатынасының дұрыс болуына көмектесу, жағдай туғызу;

  • сынып жетекшісімен, мектеппен тығыз байланыс орнату;

  • қызығушылығын дамыту, танымдық өрелерін кеңейту үшін үлгірмелер, факультативтерді таңдауына көмектесу;

  • ақыл-ой еңбетін ғылыми ұйымдастыруға үйрету, ұсыныстар беру, психологпен бірге әңгімелесу;

  • араласа білуге, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай білуге баулу;

  • қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке, имандылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеу;

  • санитарлы-гигеналық дағдыларды сіңірту;

  • адамгершілік-жыныстық, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаньш сезімін сыйлайды. Ол үшін отбасы мүшелері бала еңбегіне артық салмақ түсірмей не жеңіл-желпі қарамай, парасатты және әділетті болғандары абзал. Яғни, оқудан келген соң демалуын, оқуын пайдалы еңбекпен ұштастырып отыруын бақылап, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырулары керек. Отбасы мүшелері баланы түрлі іс-әрекеттерге және өз бетімен еңбек етуге үйретулері қажет.

Отбасында ата-аналар балалар іс-әрекетін ұйымдастыруда төмендегідей шарттарды есепке алуы тиіс:

  • баланың қызығушылығын, ішкі сезімдері мен көңіл-күйлерін түрақтандыру мақсатында міндеттерін бөлуді жоспарлау мен жүзеге асыруда онымен санасу жағын қарастыру;

  • балаға сенім білдіру және жас және дербес ерекішелігіне сәйкес болуын қадағалау;

  • әр баланың міндеттерін дәл, нақты анықтау;

  • әр істің балалардың өзара қатынасының дамуы мен нығаюына және рухының өсуіне қажетті тәрбиелік мәнінің болуы;

  • жалпы отбасы тәрбиесінің тұлға дамуының факторы болуын қамтамасыз ету;

  • баланың дербестігі мен ынтасын есепке алу;

  • балалардың өзара сыйласымдылық пен мейірімділікке, сенімге негізделетін іс-әрекеттерді тапсыру;

  • тапсырманы орындау барысында қолдау көрсету, түрткі қалыптастыру.

Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог-ғалымдар С.Қалиев, М.Смайылова, М.Оразаев, Е.Ұзақбаева, К.Қожахметова Р.М.Қоянбаев, Ж.Б. Қоянбаевтардың еңбектерінде жан-жакты сөз болған. Ж.Б.Қоянбаев "Семья және балалар мен жеткіншіктер тәрбиесі" атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын қажеттік-шаруашылық функциясын, отбасьның тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандармен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.

Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуьның басты себебі - ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетеді.

1. Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы: бірбалалы, көпбалалы отбасы, бірұлттық, көпұлттық отбасы;

2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;

3. Отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік мерекелер.

4. Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттерінің көзқарасы;

5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;

6. Отбасының тәрбиелік потенциалы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналарының және мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.

Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор.

Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы балабақша, мектеп, қоғам және жүртшылықтың тәрбие кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектен тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуте болады.

Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:

  • ақпараттық;

  • тәрбиелік-дамытушылық;

  • қалыптастырушылық;

  • қорғау-сауықтырушылық;

  • бақылаушылық;

  • тұрмыстық.

Аталған өзара әрекеттің міндеттері

  • ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;

  • ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру;

  • бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.

Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары

  • отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу;

  • отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;

  • олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.

Отбасын зерттеу педагогқа не береді?

Оқушы отбасын зерттеу педатотқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның күш куатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің оңтайлы әдісін, формасын таңдауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогикалық- психологиялық диагностика әдістерінің кешенін пайдаланады. Отбасын зерттеу сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талап ететін өте күрделі мәселе.

Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрысс:

  • Ата-аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.

  • Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.

  • Зерттеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт.

  • Психодогиялық-педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде қолдануы керек.

  • Отбасын зерттеуде педагог төмендегі мәліметтерге басты көңіл аударулары тиіс:

  1. Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік – материалдық, тұрмыстық жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет.

  2. Отбасындағы балалардың тәрбиелілік деңгейі.

  3. Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.

Педагогтың ата-анамен жұмысын төмендегі сызбадан көруге болады.


hello_html_m7e33fd0b.gif


Мектеп практикасында ата-аналармен жұмыстың көпшілік, топтық және жеке формалары бар.








Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізетін ағарту

жұмысының негізгі формалары


Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды. Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы отбасы. Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы оның ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші орта факторларының маңызды кешенін туғызады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынп жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшінің жұмысынан отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын, ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған. Олар:

1 қызметі. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының юоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

  • балалар мен олардың ата-анасының шығармашылығының күні;

  • мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдатыруға көмек көрсету;

  • шефтік көмек;

  • ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.

  1. қызметі. Ата –аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

  • тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

  • ата-аналар университеттері;

  • қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;

  • сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша; оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.

  • психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;

  • тренингтер,

  • ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрме ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.

  1. қызметі. Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту. Оның формалары:

    1. сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер);

    2. жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруғаата-аналарды қатыстыру (түлектер кегтері, туристердіің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу және т.б.)

    3. республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;

    4. оқырмандар конференциясы;

    5. отбасылық ойын байқаулары.

  2. қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.

Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық, педагогикалық көмектер мен кеңестер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжіңдер нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына көңіл бөлу керек.

  1. қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамды ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Сынып жетекшінің ата-аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымдарына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлылығына байланысты болатынын ұмытпау керек. Сынып жетекшінің отбасын аралауы бүгінгі күнге дейін ата-аналармен жағымды формаларының бірі болып келсе, қазіргі кезде кейбір педагог-ғалымдардың пікірінше бұл екі жақты талас мәселе. өйткені, жұмыстың бұл формасы туралы сөз болғанда ол отбасының жеке басына қол сұғу болмай ма деген пікірлер кездеседі. Сондықтан жұмыстың осы формасын сынып жетекшісі нақты жағдайға, сол отбасының ерекшелігін жақсылап біліп, ойланып барып жасағаны жөн:

    1. отбасына ескертпей келмеу;

    2. отбасында 5-10 минуттан артық отырмау;

    3. отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау, егер ата-ана қобалжып өздері айтпаса, әдеппен ғана өзіңіз ұсыныңыз.

    4. әңгімені әкімшілік-әміршілдік сыңаймен жүргізуге болмайды;

    5. ата-ананы үйретпеңіз, тек кеңес беріңіз;

    6. негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата-анаға да өзіңізге де қолайсыз болмайтындай стильді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.

    7. сонымен қатар ата-анаға тәрбие мәселесін талқылауға шақырған қағазбен бірге сол мәселеге қатысты жаднама жазып жіберу тиімді болмақ.

Сынып жетекшісі отбасының салыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты екенін, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс. Сондақтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.


Ата-аналар жиналысының құрылымы


Ата-аналар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек. Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен1-1,5 сағаттан аспауы тиіс.

  1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі – 5минут.

  2. Ата-аналармен жүргізілетін сауалнаманы талдау (сынып жетекші, психолог, мұғалім), қарастырылатын мәселені айшықтай түсу үшін 5-7 минут.

  3. Тақырып бойынша сөйлеу: шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі. Сөз нақты, дәл тұжырымдалған, түсінікті болуы тиіс – 5-15 минут.

  4. Мәселені ата-анамен бірге талқылау – 20 минут.

  5. Сынып жетекшінің сынып үлгерімін талдауы. Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек. Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей, сенімді түрде айтылғаны жөн.

Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп, рақмет айтуы тиіс.

Қазақстан Республикасында қоғам дамуы мен демократизациялау жолында көптеген отбасылар балаларының қазақ және басқа да халықтардың тарихын, дәстүрі мен салтын үйренуге, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін үйренуіне, дінге кіруіне ықпал етеді.

Отбасы тәрбиесінің мұндай бағыты әлемдегі демократиялық үрдістердің жалпы дамуымен, адам құқығын қорғаумен, көптеген ата-аналардың өздерінің өмірдегі өз орнын сезінуімен, балалардың бойында құнды қасиеттерді қалыптастыру жауапкершілігімен байланысты.

Ата-аналар өздерінің арасында тұлға аралық қатынастары мен жалпы психологиялық-педагогикалық мәдениетін дамыта отырып, өзін-өзі жетілдіре отырып, балаларды тәрбиелеуге идеалды атмосфераны құрайды. Балалардың ақыл-ойының дамуы, болашақтағы тұлғалық қатынасының дамуы, қоғамда жетістіктерге қол жеткізуі отбасына байланысты.


Иманбекова Б.И. Тәрбиеге жетекші. – Алматы. 2004

Краткое описание документа:

Маќсаты: бала тјрбиесінде ата-ананыѕ алатын орныныѕ ерекше екендігін тїсіндіру; ата-ана бойына ґздерін тјрбиеші мўєалім ретінде ќарауєа ќызыєушылыќтарын дамыту; баламен дїрыс тіл табысуєа, сґйлеу мјдениетін їнемі ќолдануєа ой салу.Кґбіне баланы кішкентай деп кґп кґѕіл бґлмей, бозбала шаєында ґзімізді тыѕдамайтындай жаєдаяттар туындайды. Біз неден ќателестік? Мїмкін кезінде баланы дўрыс тыѕдамай, оєан жеткіліксіз кґѕіл бґлінген болар. Бізге баланы тыѕдауєа не кедергі болды екен? Ойланайыќшы.    Бўйрыќ, јмір, ескерту, аќыл айту, кґп сґйлеу, сынау, айыптау, балаєаттау, жауап алу, сґзбен кґѕіл білдіру, ќалжыѕдау, јѕгімеден ќашќаќтау, салыстыру, дўрыс тыѕдамау, еркіндік бермеу. Ата-аналар ґз ойларын білдіреді.           Бјріміз мектеп шаѕыраєына жиналып отырєандыќтан, іскерлік ойынымыз да, білім ордаларыныѕ ґмірімен байланысты болєаны дўрыс. Іскерлік ойын «Мектеп»  деп аталады. Ол їшін бізге сарапшылар міндетін атќаратын  4 ата-ана керек (ата-аналар комитеті бастаєан топ).              Сондай-аќ, сіздердіѕ араларыѕыздан іскерлік ойынєа ќатысатын 5 ата-ана шыєуы ќажет (егер ґз еріктерімен  шыќќылары келмесе, былай јрекет жасау керек: јр жаєы, јр тїрлі тїсті кубикті лаќтырып, їстіѕгі жаєына тїскен тїске ўќсас немесе сондай тїсі басым киім киген адамды ортаєа шыєару). Ата-аналардыѕ мектеппен тўраќты ќарым-ќатынасын ќалыптастыру. Мектеппен ќарым-ќатынастыѕ тиімді модельдерін іздестіру. Балалар ґмірінде ата-аналардыѕ ролі туралы маєлўматтар бере отырып, пікіралмасу, балалардыѕ дїнетанымын, ќабілетін, дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ўрпаќ тјрбиелеуде жанўяныѕ ролін дамыту.Оќушыларды біржаќты  тјрбиелегендігі кґрініп тўр. Сондыќтан јке де, шеше де балаларыныѕ жан дїниесіне їѕіліп, мінез-ќўлќындаєы ерекшеліктерді жете білгені жґн. Балалармен јѕгімелескен кезде олардыѕ пікірлерімен санасып отырєан орынды. Јке мен шеше ўл- ќызымен їй шаруасында јѕгімелесіп, ой бґлісуге болады. Баланыѕ бойына барлыќ жаќсы ќасиеттерді дарыту, тіпті жанында жїрген достарына дейін мјн беру, табиєат сыйлаєан дарыны болса дамыту, дўрыс білім алуына жаєдай жасау- ата-ананыѕ басты парызы. 
Автор
Дата добавления 02.06.2014
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров900
Номер материала 119554060221
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх