Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Баяндама Сынып жетекшісінің негізгі қызметі
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Баяндама Сынып жетекшісінің негізгі қызметі

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және

қайта даярлау институты














Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру

(сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік ұсыным)


















Орал 2008


Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру

және қайта даярлау институты сараптамалық кеңесінің шешімімен облыс көлемінде таратуға мақұлданды. №5 хаттама 18 маусым 2008 жыл.






Құрастырушы: Мұратова К.М., ОПКБА және ҚДИ тұлғаны

әлеуметтендіру және этнопедагогика орталығының

әдіскері


Пікір жазған: Шамұратова Қ.Ш., ОПКБА және ҚДИ педагогика –

психология кафедрасы аға оқытушысы


Басылымға : Қадыров М., ақпарат-баспа бөлімінің меңгерушісі

жауапты




Сынып жетекшісінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды. Сынып жетекшісі болу – бұл педагогикалық қарым – қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, толыққанды тұлға дамыту.

Бүгінгі күнгі тәрбие соңғы онжылдыққа дейінгі жетекші рөл атқарып келген бұрынғы дәстүрлі әдістер, құралдар мен жұмыс формаларына негізделе алмайды. Көптеген обьективті және субьективті себептерге байланысты кейбір сынып жетекшілерінің деңгейлері оқу орындарында басшылыққа алынған тәрбие жүйелерінің талаптарын қанағаттандыра алмайды. Қазіргі кезде оқушылар зердесінің жоғары дәрежеде болуы – сынып жетекшісі тұлғасына қойылатын талаптар деңгейін жоғарылатады. Сондықтан сынып жетекшісі бәрінен бұрын зердесі жетілген педагог болуы қажет.

Осы әдістемелік ұсыным сынып жетекшілеріне өз қызметтерін шығармашылықпен ұйымдастыруға, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңаша әдістері мен формаларын іздестіруге ықпал етеді деген сенімдеміз.





Мазмұны

  1. Кіріспе

  2. Сынып жетекшісінің қызметі

  3. Сынып жетекшісі жұмысын жоспарлау

  4. Тәрбиелік шараларды даярлау технологиясы

  5. Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?

  6. Қорытынды

  7. Қосымшалар

    1. Тәрбие жоспарларының үлгілері

    2. «Өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалай дамытуға болады» мәселесі бойынша мұғалімнің өзін - өзі тәрбиелеу бағдарламасы

8. Қолданылған әдебиеттер

























Кіріспе


Сынып жетекшісінің мәртебесі мен қызметінің әр қырын қайта қарау жаңа тәрбие жүйелерінің дүниеге келуімен байланысты. Сынып жетекшісінің оқушылар ұжымындағы тәрбиелік әрекетінің нәтижесі тәрбиені жас ерекшілік дамуының әр кезеңінде оқушының өзін-өзі тәрбиелеуіне ұластыруға қол жеткізгенде, яғни бала тәрбие обьектісінен оның субьектісіне айналған кезде жоғары дәрежеде болады. Сынып жетекшісі оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуына, мінез-құлқының дамуы мен қалыптасуына белсенді араласушы ойшыл ретінде көрінеді. Сынып жетекшісі баланың белсенділігін, әлеммен қарым – қатынасын, өзіндік «Менін» қалыптастыруға көмектеседі. Ол тәрбие үрдісін жүйе ретінде қабылдауға, өз іс-әрекетін талдауға және оны әріптестерінің қызметімен үйлестіруге, өзекті мәселені шешудің түйінін таба білуге, тәрбиелік әсері жоғалған, бір сарынды , қалыпты стереотиптерден бас тартуға даяр болуы тиіс. Осы міндеттердің қайсысы болмасын сынып жетекшіден тәрбиелік жұмыс формасын таңдауға шығармашылықпен қарауды талап етеді. Онда ол мектеп өмірінің нақты жағдайларын, мүмкіндіктерін, балалардың өзіндік ерекшеліктерін, бала өмірі мазмұнын олармен бірге ойластыруға, талқылауға, қорытындылауға, бағалауға, түзетулер енгізуге тура келетін жағдайды есепке алады.

Тәрбие жұмысының белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы ол тәрбие жүйесінің белсенді ойлау орталығына айналады. Балаға өзінің өмірлік үрдісін, әрекетін саналы ұғуына шешуші педагогикалық көмек көрсете отырып баланы тәрбие үрдісінің белсенді және саналы субъектіне айналдырады.

Бала тәрбиесін жүзеге асыруда сынып жетекшісі ата-аналар, пән мұғалімдері, психолог, тәлімгерлер, үйірме жетекшілері т.б бірлесе отырып ең алдымен перспективалық жоспарлау бойынша жүргізілетін жұмыстарды табысты атқарып, ғылыми негізделген, жан-жақты ойластырылған, тәрбиенің алға қойған мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін жұмыс жоспарын түзе білуі қажет.

Сынып жетекшісінің өз қызметтерін нақты, жоспарлы ұйымдастыруы мен белсенді әдістерді қолдануы, тәрбиені технологияландыруы – оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне саналы және белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.

Осы әдістемелік ұсынымды түзе отырып, сынып жетекшісінің жұмысын ұйымдастыру, тәрбие жоспарын жасау, тәрбие шараларын дайындау мен өткізу технологиялары, сынып сағаттарын тартымды етіп өткізу жолдары сияқты мәселелер төңірегінде сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек беруге тырыстық. Әсіресе, еңбек жолын жаңадан бастап жатқан жас сынып жетекшілеріне өз тәрбие жұмыстарын жүйелеуге септігін тигізеді деп ойлаймыз.



Сынып жетекшісінің қызметі


Сынып жетекшісі түсінігі


Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектепте - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, үйлестіруші және өткізуші педагог.

Сынып жетекшісі – мектеп пен баланың арасындағы қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің санқырлы түрлері арқылы ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырады.


Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік мақсаты


Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты – оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.


  1. Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.

  2. Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.

  3. Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.



Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті

  • сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту;

  • тұлғаның дамуына, әрбір оқушының өз орнын табуына, оның қайталанбас потенциалдық қабілеттерінің сақталуы мен ашылуына қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу;

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру;

  • қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің әртүрлі формалары арқылы ұйымдастыру;

  • оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

  • оқушылармен сыныпта жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

  • оқушылар арасындағы және оқушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты гуманизациялау;

  • оқушыларда адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарлар қалыптастыру;

  • оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру.


Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне жататындар:


  • сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру;

  • сынып ұжымының оқу жұмысын ұйымдастыру;

  • сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру;

  • оқушы тұлғасын зерттеу.

  • оқушыларды әлеуметтік қорғау.

  • ата-анамен жұмыс.


сонымен бірге:


  1. Оқушыларды тәрбиелеу қызметі. Сынып жетекшісі алдында тәрбие міндетін шешудегі барлық педагогтардың күшін біріктіру міндеті тұр. Бұл бағытта тәрбиені адамды дамытуға жағдай жасаудың мақсатты бағытталған іс әрекетіне негізделген адамды әлеуметтендіру үрдісінің педагогикалық компоненті ретінде қарауға болады. Бұл үрдіс барысында адам қоғамның экономикалық, саяси және рухани саласындағы күрделі әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне қатысуға дайындалады.

  2. Баланы әлеуметтік қорғау қызметі қоршаған ортаның жағымсыз ықпалынан қорғауды білдіреді. Әлеуметтік қорғау – бұл алдымен баланың оптималды әлеуметтік дамуын және оның жекелігінің қалыптасуын, өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономикалық жағдайға кірігуін қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық шаралардың кешені.

  3. Ұйымдастырушылық қызметі. Сынып жетекшісі әртүрлі қызметті: танымдық, еңбек, эстетикалық және оқушының бос уақытының құрамдас бөлігі ретіндегі өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады. Сынып жетекшісі сыныптағы қарым-қатынас құрылымын реттеп отыруға тырысады, көшбасшылық белгілерінің пайда болуына, сол сияқты жауапкершілік, өзара көмек, бірлескен шығармашылық қарым-қатынастың қалыптасуына түрткі болады. Әсіресе, ұжымдық шығармашылық қызметті ұйымдастыру, оны оқу қызметінде де, оқудан тыс уақытта да пайдаланудың маңызы ерекше зор.

  4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту қызметі. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – бұл оқушылар ұжымының өмірлік қызметін олардың өзіндік белсенділігін дамыта отырып ұйымдастыру формасы.

  5. Диагностикалық қызметі. Сынып жетекшісінің оқушылардың тәрбиелілігінің бастапқы деңгейі мен ондағы өзгерістерді үнемі салыстырып отыруын білдіреді, ол бала тұлғасын және оның жекелігін, алынған нәтиженің тиімділігін зерттеуге бағытталады.

  6. Сынып жетекшісінің жоспарлау қызметі. Тәрбие жұмысын жоспарлау - қызметті рационалды ұйымдастыруда сынып жетекшісінің өзіне және сынып ұжымына көмегі. Жоспардың қызметі – педагогикалық қызметті реттеу, педагогикалық үрдіске қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.


Сынып жетекшісі:

  • өзінің жеке іскерлігін және жауапкершілігін үлгі ете және балалардың белсенділігін, жауапкершілігін дамыта отырып, балалармен қарым-қатынас жасауды;

  • өзінің тәрбиелік мақсатын көре және құра білуді;

  • өз сыныбында тәрбие жұмысының жоспарын жасауды;

  • тәрбиелік шараларды өткізуді;

  • ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізуді;

  • психологиялық – диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, басқа да диагностикалық әдістемелерді пайдалануды және оларды тәрбие жұмысында дұрыс қолдануды білуі керек.


Сынып жетекшісі білуі керек:


  • ҚР «Білім туралы» заңын;

  • Бала құқығы туралы Конвенцияны;

  • педагогиканы, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;

  • тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

  • еңбектің заңнамалық негіздерін.


Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері:


  • журнал жүргізеді;

  • оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізедіі және олардың дұрыс сақталуын қадағалайды;

  • сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс жасайды, оқушыларды бағыттап отырады;

  • аға кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және оған көмектеседі;

  • сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастырады;

  • бекітілген кабинеттің санитарлық жағдайын бақылайды;

  • тәрбиеленушілердің сыртқы түрлеріне қамқорлық жасайды;

  • тамақтануды ұйымдастырады

  • сыныптың қажеттіліктерінің қаржылық қанағаттандырылуына қамқорлық жасайды (сынып қоры, әртүрлі қызмет көрсету жұмыстарына ақы төлеу т.б);

  • оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау, ата-аналармен бірлесе отырып, себепсіз сабаққа қатыспайтындарды бақылауға алады;

  • оқуға қолайлы жағдай туғызу;

  • сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;

  • оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;

  • неғұрлым дарынды балалардың дамуына, олардың танымдық қызығушылықтарының артуына, олардың ой-өрісін кеңейуіне ерекше жағдай туғызады (үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырады, театр, көрмелерге экскурсия ұйымдастырады т.б)

  • психологты оқушылармен ақыл – ой еңбегін ұйымдастыруға қатыстырады (әңгімелесу циклы, жеке ұсыныстар);

  • сыныпта қолайлы микроклимат құрады, жағымды тұлғааралық қатынас қалыптастырады, түзейді және бағыттап отырады;

  • сыныптағы шығармашылық істерді ұйымдастырады;

  • балалардың денсаулығын нығайтады, оқушыларды дене шынықтаруға, спортқа тартады;

  • балалардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмектеседі;

  • айына бір рет тақырыптық сынып сағатын өткізеді; пән мұғалімдерінің, ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, қолданылып жүрген әдістемеге сай оқушылардың жеке тұлғасын зерттейді; оқушыларға мінездеме беру жұмысымен айналысады;

  • оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;

  • егер сыныпта ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар боласа олардың құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік педагогпен ынтамақтастықта әрекет етеді;

  • әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушылар категорияларын тауып, оларды есепке алады;

  • қолайсыз отбасылардың балаларын тауып, оларды есепке алады;

  • «қиын» жасөспірімдердің, «тәуекел тобындағы»оқушылардың және есепте тұрғандардың тәртіптерін қадағалайды;

  • тоқсанға бір рет тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізеді;

  • отбасындағы тәрбие жағдайын зерттейді;

  • ата-аналармен жеке жұмыс жүргізеді;

  • ата-аналарды сыныптан тыс шаралар ұйымдастыруға тартады.


Өз қызметін жүзеге асыра отырып сынып жетекшісі

жылдың басында:

  • сыныптың тізімін жасап, сынып журналын жасақтайды (алғашқы оқу аптасының басында)

  • мектеп кітапханасынан оқулықтар алуды ұйымдастырады (бірінші-екінші оқу күндері барысында)

  • оқушылардың отбасындағы тәрбиелік жағдайын зерттейді (алғашқы оқу тоқсаны барысында);

  • сыныптың әлеуметтік төлқұжатын жасап немесе нақтылап, әлеуметтік педагогқа тапсырады (бірінші оқу тоқсаны барысында);

  • сынып оқушыларының қосымша білім беру мекемелеріне қатысымы жөнінде толық ақпарат жинайды (қазан айында);

  • оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, соның ішінде қосымша білім бірлестіктеріне тарту бойынша жұмыстар жүргізеді (бірінші тоқсан бойына);

  • сынып өмірінің қызметін жартыжылдыққа немесе бір жылға ұжымдық жоспарлауды ұйымдастырады ( қыркүйек бойына);

  • сыныптың тәрбие жоспарын құрастырады, оны сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісімен келістіргеннен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге тапсырады (қыркүйек бойына);


күнсайын:


  • сынып журналына жоқ оқушыларды белгілейді;

  • сынып оқушыларының өзін-өзі басқару органы мен мектептің өзін-өзі басқаруындағы сынып өкіліне педагогикалық көмек көрсетеді;

  • оқушылардың сыртқы түрін және оларда ауысымдық аяқ киімнің болуын қадағалайды;

  • оқушылардың тамақтануларына және олардың асханадағы өз-өздерін ұстау мәдениетіне бақылау жасайды;

  • сынып бойынша кезекшілікті бақылайды;


аптасайын:


  • оқушылардың күнделіктерін тексереді;

  • пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізулерін қадағалайды;

  • сынып сағатын өткізеді және (немесе) жартысағаттық ақпарат алысу және жүздесу ұйымдастырады;

  • мектептің сыныпқа бөлінген жер телімінің санитарлық жағдайына бақылау жасайды;

  • оқушылардың тамақтануына ақша жинауды ұйымдастырады


айсайын:


  • сынып ұжымының мектеп істеріне қатысымын ұйымдастырады;

  • оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметінің қорытындысын шығаруға көмектеседі;

  • жолда жүру ережесі бойынша сабақтар жүргізеді және техника мен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқаунамалар беріп отырады;

  • оқу кабинетінің және сыныпқа бөлінген жер аумағына тазалық күндерін ұйымдастырады;

  • жалпымектептік кештерде және өзге де шараларда кезекшілік атқарады (кезекшілік кестесі бойынша);

  • ерекше педагогикалық қамқорлықты қажет ететін өз сыныбының үйірме, секция, клуб, басқа да оқушылар бірлестіктеріне қатысымдарын қадағалайды;


тоқсан бойына:


  • оқушылардың денсаулықтарын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды ұйымдастырады;

  • оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметін ұйымдастыруға көмектеседі (ағымдағы ұжымдық жоспарлау, істі ұйымдастыру және ұжымдық талдау);

  • сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастыру (кезекшілік кестесі бойынша);

  • әлеуметтік педагогты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын немесе директорды оқушылардың ауытқымалы мінез-құлықтары, оқушылардың мектеп ережесін өресел бұзғандығы, өз оқушыларын әлеуметтік қорғау қажеттілігі туралы дер кезінде хабардар етіп отырады, және сонымен қатар қажетті педагогикалық шараларды қолданады;

  • мектеп оқулықтарының жағдайына бақылау ұйымдастырады;

  • сынып оқушыларының қосымша білім беру бірлестіктеріне қатысымы жайлы ақпараттарды анықтап нақтылайды;

  • педагогикалық консилиумдар өткізеді;

  • ата-аналар жиналысын өткізеді;

  • сыныптың ата-аналар жиналысын өткізеді;

  • сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырады (комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес);

  • сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына, тәрбие жұмысының мәселелеріне арналған семинар, кеңестерге, сынып жетекшісінің педагогикалық шеберліктерін арттырумен байланысты басқа да шараларға қатысады.


тоқсан соңында:


  • өткен тоқсандағы оқушылардың оқу және өмір сүру қызметінің қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;

  • директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сынып үлгерімі туралы есеп және толтырылған сынып журналын тапсырады;



каникул кезінде:


  • сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің каникул кезіндегі жұмысына қатысады;

  • өзін-өзі басқару органымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушы белсенділерімен, ата-аналармен өз сыныбының каникул кезіндегі шараларын ұйымдастырады;


оқу жылы аяғында:


  • оқу жылындағы сынып өмірінің қорытындысын шығарады және сынып белсенділерімен (өзін-өзі басқару) сыныптың есеп беру-сайлау компаниясын ұйымдастырады;

  • сыныптың оқу-тәрбие жұмысының барысы мен қорытындысына педагогикалық талдау жасайды және оны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына (өткен жылдың оқу-тәрбие жұмысының есебі формасында) тапсырады;

  • кітапханаға мектеп оқулықтарын тапсыруды ұйымдастырады;

  • сынып бөлмесін жөндеуді ұйымдастырады;

  • ата-аналардан балалардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинақтайды.


Мектеп бітіруші сыныптың жетекшісі:


  • түлектердің болашақтағы оқу және еңбекке орналасу жоспары туралы мәлімет жинақтайды (соңғы оқу жылы бойына);

  • оқушылармен және олардың ата-аналарымен өз сыныбының мектеп бітіруіне арналған шараларды дайындауды ұйымдастырады (жыл бойы);

  • өз түлектерінің оқуға және еңбекке орналасқандықтары туралы толық ақпарат алады (кезекті оқу жылының басына қарай).


Тәрбие жұмысы жас және психологиялық ерекшеліктерді есепке ала отырып жүргізіледі, төрт бағыт бойынша жоспарланады:

  • денсаулық,

  • оқу,

  • қарым-қатынас,

  • демалыс.


Сынып жетекшілерінің қандай құжаттары болу керек?


  • Оқу жылының басында сыныптағы мінез-құлық ережесі бойынша оқушыларға нұсқау беріліп, ол әрқайсысының күнделіктеріне жапсырылуы керек. Ата-аналар әңгіме өткізіп, « Мінез-құлық ережесінің... » соңына қол қоюлары қажет.

  • Мектептен тыс жерде өткізілетін іс-шараларға барар кезде әрбір оқушымен қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережесі бойынша әңгіме өткізіледі. Жорықтың, саяхаттың, серуеннің жоспары көрсетілген хатпен ата-аналар танысып, балаларын жіберетіндіктерін және олармен тәртіп ережесі туралы әңгіме өткізгендіктерін растап, қолдарын қояды.

  • Кабинетте еңбекті қорғау журналы ілініп, онда еңбектің әртүрін өткізу бойынша нұсқаулар мен тәртіп ережелері жазылып қойылады. Бұл әрбір оқушының алдын ала еден жуғыш шүберекпен немесе мектеп жанындағы жер телімінде күрекпен қалай жұмыс істеуге болатындығы туралы түсінігі болу үшін қажет.


Сынып жетекшісінің құжаттары және есептерінің түрі

  • сынып журналы;

  • сынып ұжымымен тәрбие жұмысының жоспары;

  • оқушылардың жеке іс қағаздары;

  • оқушы тұлғасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық картасы;

  • ата-аналар жиналысының хаттамалары;

  • оқушылардың күнделіктері;

  • тәрбие шараларының папкасы, сыныпты педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеудің қорытындылары.


Сынып жетекшісі жұмысын жоспарлау


Сынып жетекшісі жұмысын жоспарлаудың ерекшеліктері


Жұмысты жоспарлау оқушылардың және ата-аналардың қатысымымен жүзеге асуы керек. Ата-аналардың талаптарын, тілектерін және қызығушылықтарын анықтау үшін диагностика жүргізіледі. Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс басты назарды балалардың қандай істер мен шараларды өз беттерімен өткізуді қалайтындықтарына аударуды қажет етеді. Олар сынып сағаттарының тақырыптарын өз мүдделері мен қажеттіліктеріне сүйене отырып таңдайды.

Тәрбие жұмысы жоспарының түрлері

  1. Календарлық жоспар – апталық немесе айлық уақыт мерзімін қамтиды, онда істелінетін жұмыс атаулары, өткізілу уақыты мен күні, ұйымдастырушының аты-жөнін көрсетіледі. Бұндай жоспар (жоспар-сетка) сынып жетекшісінің жұмыс жоспары болып табылады.

  2. Перспективтік жоспар – үлкен мерзімге (3-5 жыл т.б) жасалады.

Перспективтік жоспардың алгоритмі:

    1. Сынып жетекшісінің сынып өмірін және тәрбие жұмысын жоспарлаудың тәртібі мен мерзімін анықтауы;

    2. тәрбие үрдісінің жағдайы мен нәтижесінің педагогикалық талдауы;

    3. сынып жетекшісінің сынып образын, оның өмірін және ондағы тәрбие үрдісін моделдеуі;

    4. ұжымдық жоспарлау;

    5. педагоикалық ойды тиянақтау, түзету еңгізу және нақтылау, тәрбие жоспарын жасақтау.


Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар

Жоспар алты бөлімнен тұрады:

  1. Өткен жылғы тәрбие жоспарының талдауы.

  2. Тәрбие қызметінің мақсаты мен міндеті.

  3. Сынып қоғамдастығының негізгі бағыттары мен істері.

  4. Оқушылармен жеке жұмыс.

  5. Ата-аналармен жұмыс.

  6. Сыныптағы тәрбие үрдісінің жағдайын және тиімділігін зерттеу.



Тәрбиелік шараларды даярлау технологиясы


Тәрбие жұмысы – бұл сыныптан тыс , тәрбиелеу мақсатымен педагогтың (сынып жетекшісінің) ұйымдастырған мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған бірлескен жұмысы.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы –педагогтың оқушылармен сабақтан тыс уақытта бала тұлғасын әлеуметтендіруге қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін әртүрлі қызмет түрлерін ұйымдастыруы.

Сабақтан тыс жұмыс – мектептің оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлімі, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір формасы. Бағыттар, формалар, әдістер. Сабақтан тыс жұмыс көп жағдайда балалардың қосымша білімімен сәйкес келеді. Мектепте үйірмелер, оқушылардың ғылыми қоғамдары, көркемөнер студиялары, спорт секциялары т.б. ұйымдастырылады.

Тәрбие үрдісі (тәрбиелік үрдіс) – педагогикалық өзара ықпал ету үрдісі, онда тұлғаның өзінің және қоғамның талаптарына сай ұйымдастырылған тәрбиелік ықпал жүзеге асырылады, оның мақсаты тұлға қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әлеуметтік және рухани, құндылық және қарым-қатынас тәжірибелерін игерулерін ынталандыру мен ұйымдастыру.


Тәрбиелік шараны жасақтаудың құрылымы


  1. Тәрбиелік шараның бағыты

  2. Тақырыбы

  3. Мақсаты

  4. Міндеттері (білімдік, дамытушылық, тәрбиелік)

  5. Мазмұны

  6. Ұстанымдары

  7. Формалары

  8. Құралдары

  9. Әдістері

  10. Тапсырмалар


Тәрбиелік шараның бағыттары


  1. Денелік

  2. Ақыл-ой

  3. Адамгершілік

  4. Еңбек

  5. Азаматтық

  6. Құқықтық

  7. Экологиялық

  8. Экономикалық

  9. Жыныстық

  10. Эстетикалық

  11. Полимәдениеттік


Тәрбие шаралары формаларының классификациясы

Оқушылардың саны бойынша:


Формалары

Мазмұны

Жеке

бір оқушы жұмыс істейді

Жеке - жұптық

оқушы мен оқушының, оқушы мен педагогтың байланысы

Өзара оқыту

Оқушылар сыныпта еркін қозғалып жүріп, бір-біріне ақыл-кеңес береді

Саралау

Қабілет бойынша оқыту (оқушының жеке қабілеті, икемділігі, даму деңгейіне қарай жүзеге асырылады)

Бригадалық

Тапсырманы бригадир (лидер) алады: бір топтың 5-6 оқушысы, бригадир есеп береді

Кіші топтар

Тапсырманы 5-6 оқушыдан тұратын топ алады

Тәрбиеленушілермен жүргізілетін тәрбие жұмысының формаларын олардың атқаратын негізгі тәрбиелік міндеттеріне қарай 3 топқа бөлуге болады:


1. Мектеп өмірін басқару мен өзін-өзі басқарудың формалары

Жиналыстар, линейкалар, митингтар, сынып жетекші сағаттары, өзін-өзі басқару органы өкілдерінің отырыстары т.б.

2. Танымдық формалар

Экскурсиялар, жорықтар, фестивальдар, ауызша журналдар, ақпараттар, үнқағаздар, тақырыптық кештер, студия, секциялар, көрмелер т.б.

3. Ойын-сауық формалары

Ертеңгіліктер мен кештер, «капустниктер», «отырыстар» т.б.



Тәрбие шараларын өткізу формаларын да 3 топқа бөлуге болады:


1. Ауызша формалар

Жиналыстар, митингтар, ақпараттар т.б барысында қарым-қатынастың ауызша формалары пайдаланылады

2. Көрнекі формалар

Экскурсиялар, көрмелер, мұражай, стендтар т.б көрнекі үгіт-насихат формалары көрнекі әдістерді – қарым-қатынас, іс-қимыл үлгілерін оқушылардың көру арқылы қабылдауына бағдарланады.

3. Практикалық формалар

Кезекшілік, шефтік және қайырымдылық шаралары, мұражай экспонаттарын жинақтау мен жасақтау, стенд жабдықтау, көрмелер, газет, журналдар шығару, еңбек операцияларына қатысу – бұлардың негіздерін оқушылардың практикалық қызметтері құрайды.


Тәрбиелік сыныптан тыс шаралардың формалары:

Аукцион, олимпиада, турнир, іскерлік ойын, ашық микрофон, викторина, көрме,тіл апталығы, пікірсайыс, философия орындығы, конференция, пресс-конференция, не істеу керек?, киноклуб, мерекелік ертеңгілік, фестиваль, кездесу, информбюро, сынып сағаты, шоу, жоба қорғау, акция, қабырға газеті, тренинг, би бағдарламасы, «Бақытты сәт» ойыны т.б.


Тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың шығармашылық формалары

Алло, біз таланттыларды іздейміз, таланттар аукционы, данышпандық күні, ұштары қырлы дөңгелек үстел, интеллектуалдық аукцион, суретті мультфильмдер байқауы (слайд-фильм), фотокамера әлемді шарлайды, би бағдарламасы (дискотека, бал), «Үздік бағбан»еңбек акциясы (сенбілік), шығармашыл данышпан, ноу-хау технологиясы т.б.


Тәрбиелік шараларды дайындау кезеңдері

Перспективті жоспарға сәйкес тәрбие шараларының тақырыптары мен мақсаттары анықталады;

  • берілген шараларды өткізуге тілек білдірген оқушылардан бастамашыл топ сайланады.

  • тәрбие шарасын бірлесе жоспарлау жүзеге асырылады, сценарий жазылады;

  • шараны жүзеге асыратын бастамашыл топ мүшелерінің міндеттері бөлінеді;

  • шараға дайындық жұмыстары жүргізіледі;

  • сынып жетекшісі оқушыларға барлық қажеттілерді дайындауға көмектеседі және сценарий бойынша қатысатындардың дайындықтарын тексереді;

  • репетициялар өткізіледі;

  • тәрбие шаралары өткізіледі;

  • өтілген шара барлық оқушылардың қатысуымен талқыланады;

  • алдағы уақыттағы жұмыс жоспары, оқушылар ұжымының даму болашағы анықталады.


Тәрбие шарасының өту барысы

  1. Ұйымдастыру сәті (...мин)

  2. Кіріспе бөлім (...мин)

  3. Негізгі бөлім (...мин)

  4. Қорытынды бөлім (...мин)


Тәрбие шарасын талдау схемасы

1 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау

  1. Сабақтың тақырыбы

  2. Мақсаттар мен міндеттер

  3. Оқушылардың дайындығын ұйымдастыру

  4. Тәрбиеші тұлғасының ерекшеліктері

  5. Өткізілген шараның педагогикалық құндылығы


2 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау

  1. Тәрбиеші ретіндегі педагогтың бағасы

  2. Тәрбиеленушілердің мінез-құлық сипаттамасының негізгі бағасы

  3. Тәрбие шарасы мазмұнының бағасы

  4. Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қызмет әдістерінің бағасы

  5. Тәрбиелік шараның мақсаты мен нәтижесінің бағасы

3 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау

  • Шараның атауы

  • Тәрбие шарасының бағыты

  • Өткізілу уақыты

  • Сыныбы

  • Қатысушылардың саны

  • Жағымды жақтары

___________________________________________________________

  • Жағымсыз жақтары

______________________________________________________________________________________________________________________

  • Ұсыныстар

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сынып сағатын қалай дайындап өткізуге болады?


Сынып сағаты – оқушыларда қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесін қалыптастыруға жағдай жасайтын, арнайы ұйымдастырылған құндылықты-бағдарланған қызмет (Н.Е Шуркова, Н.С Финданцевич).

Сынып сағаты – сынып жетекшісінің сынып ұжымымен жүздесуіне бөлінетін уақыт, онда ол өзара қатынастың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін және құралдарын пайдаланады (Е.В Титова).

Сынып жетекшісінің сағаты – бұл сынып оқушыларының қоршаған әлемге қатынас жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін, педагогтың жетекшілігімен арнайы ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының формасы (Л.В Байбородова).


Сынып сағаты келесі педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:


  • оқушылардың санасын табиғат, қоғам, техника, адам туралы білімдермен байыту;

  • балаларда ой және практикалық қызметтер біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • бала тұлғасының эмоционалдық-сезімдік саласын және құндылық-мағыналық ядросын дамыту;

  • оқушылардың жекеліктерінің және субьективтіліктерінің, олардың шығармашылық қабілеттерінің пайда болуы мен қалыптасуына ықпал ету;

  • оқушылардың өмір сүруі мен дамуы үшін қолайлы сынып ұжымын қалыптастыру.


Сынып сағатын даярлау мен өткізудің алгоритмі (Е.Н Степанов)


1 қадам. Педагогтың оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесе отырып жаңа оқу жылына арналған сынып сағаттарының тақырыптарын құрастыруы.

2 қадам. Сынып сағатының тақырыбын нақтылау және оны даярлау мен өткізу бойынша негізгі идеяларды жинақтау.

3 қадам. Сынып сағатының мақсатын, мазмұнын, формасын, уақыты мен өткізілетін орнын таңдау, оны ұйымдастырушылардың қоғамдастығын қалыптастыру.

4 қадам. Сынып сағатын дайындаудағы жеке және топтық жұмыс.

5 қадам. Сынып жетекшісінің басқа да ұйымдастырушылармен бірлесе отырып сынып сағатының сценарлық жоспарын құрастыруы.

6 қадам. Сынып сағатын өткізу.

7 қадам. Сынып сағатының дайындалуына, өткізілуіне және оның нәтижесіне талдау жасау.


Барлық қатысушыларға қызықты болатын сынып сағатын өткізу туралы ұсыныс:

  • сынып сағатының тақырыбын анықтамас бұрын оқушылармен сауалнама жүргізу;

  • сынып сағаты тақырыбын таңдағанда оның өзекті болуын ескеру;

  • тақырып балалардың жас ерекшелігіне сай болу керек;

  • өздері бастама жасаған ұйымдастырушыларды анықтау, олардың ресми емес лидерлер болғаны жақсы;

  • көрнекі материалдарды дайындайтын шығармашылық топты анықтау;

  • қосымша әдебиеттерді, ақпараттарды табу;

  • ұжымды түгел қатыстыруға тырысу;

  • сынып сағатын үйреншікті емес, инновациялық формада ойындар, көріністер т.б.) арқылы өткізу;

  • сынып сағатын өткізудің оптималды уақытын таңдау (ерте де емес, кеш те емес), балалар тамақтанғаннан кейін.

  • сынып сағатын өткізуге қолайлы орын таңдау (үстел, орындықтар шеңбер түрінде қойылғаны жақсы).

  • сынып сағатының басталу және аяқталу сәтін жақсылап ойластырған дұрыс. Оны әзілмен бастап байсалды аңызбен (мысал) аяқтау қажет.

  • тұлғалық ерекшеліктер ескерілуі қажет;

  • ойлау үрдісін белсендіретін және назарларын аудартатын әдістерді пайдалану, мысалы: назар аударып тыңдаңыз, бұған басқа жағынан дұрыстап қараңыз...

  • әңгіме барысында шешендік шеберліктерді пайдалану;

  • сынып сағатын өткізу үрдісіне ойын сәттерін қосу;

  • кездесулер ұйымдастыру, оларға қызықты адамдарды, ғылым мен қоғам қайраткерлерін шақыру: жазушылар, актерлер, музыканттар, ақындар т.б.

  • көрнекі материалдарды пайдалану: видео – аудиоматермалдарды т.б.

  • ынталандыру стимулдарын пайдалану қажет: сыйлықтар, марапаттау, грамота т.б.

  • сынып сағатының соңында қорытынды шығару, шығармашылық топты атап өту, барлығына алғыс жариялау және келесі сынып сағатының тақырыбын таңдау қажет.


Сынып сағатының табысты болуының өлшемдері (критерий) (В.П. Созонов)

  1. Оқушылардың тақырыпқа, сабаққа қызығушылығы

  2. Балалардың белсенділігі, іске қатысуға, қамқор болуға, қол ұшын беруге дайындығы, ұжымдық жұмыстан қанағат алуы.

  3. Педагогтың балалармен қарым-қатынасының жақсаруы, өзара жақындасу.

  4. Өзара түсіністіктің артуы.

  5. Сыныптағы психологиялық климаттың жақсаруы, сынып ұжымының топтасуы, бірыңғай құндылықтар мен көңіл-күйдің пайда болуы (мысалы, өз сыныбы үшін мақтаныш сезімі).

  6. Бұрын болатын кикілжіңдердің тыйылуы.

  7. «Қиындардың» сынып өміріне белсенді араласа бастауы.

  8. Ата-аналармен қарым-қатынастың жақсаруы.

  9. Оқуға деген жауапкершіліктің артуы, соған сәйкес сабақ үлгерімінің де жақсаруы.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. Садвакасова З.М. В помощь классному руководителю. Алматы, 2007.

  2. Иманбекова Б.И. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.

  3. Методические рекомендации об осуществлении функции классного руководителя. // Классный руководитель. 2006-№5. 4-8 бет.

  4. Бабенко Р. План воспитательной работы классного руководителя на учебный год. // Воспитательная работа в школе. 2006-№4. 48-65 бет.

  5. Куприянов Б. Формы воспитательной работы с детским коллективом в деятельности классного руководителя. // Воспитательная работа в школе. 2005-№6. 72-88 бет.

  6. Степанов Е.Н. Личностно-ориентированный классный час: особенности содержания и организации. // Классный руководитель. 2006-№2. 5-14 бет.








































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

Сынып жетекшісінің міндеттерінің көлемі өте ауқымды. Сынып жетекшісі болу – бұл педагогикалық қарым – қатынасты, ынтымақтастықты жүзеге асыру, толыққанды тұлға дамыту.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  Бүгінгі күнгі тәрбие соңғы онжылдыққа дейінгі жетекші рөл атқарып келген бұрынғы дәстүрлі әдістер, құралдар мен жұмыс формаларына негізделе алмайды. Көптеген обьективті және субьективті себептерге  байланысты кейбір сынып жетекшілерінің деңгейлері оқу орындарында басшылыққа алынған тәрбие жүйелерінің талаптарын қанағаттандыра алмайды. Қазіргі кезде оқушылар зердесінің жоғары дәрежеде болуы – сынып жетекшісі тұлғасына қойылатын талаптар деңгейін жоғарылатады. Сондықтан сынып жетекшісі бәрінен бұрын зердесі жетілген педагог болуы қажет.          Осы әдістемелік ұсыным сынып жетекшілеріне өз қызметтерін шығармашылықпен ұйымдастыруға, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңаша әдістері мен формаларын іздестіруге ықпал етеді деген сенімдеміз.        Тәрбие жұмысының белсенді әдістері мен түрлі формалары арқылы ол тәрбие жүйесінің белсенді ойлау орталығына айналады. Балаға өзінің өмірлік үрдісін, әрекетін саналы ұғуына шешуші педагогикалық көмек көрсете отырып баланы тәрбие үрдісінің белсенді және саналы субъектіне айналдырады.          Бала тәрбиесін жүзеге асыруда сынып жетекшісі ата-аналар, пән мұғалімдері, психолог, тәлімгерлер, үйірме жетекшілері т.б бірлесе отырып ең алдымен перспективалық жоспарлау бойынша жүргізілетін жұмыстарды табысты атқарып, ғылыми негізделген, жан-жақты ойластырылған, тәрбиенің алға қойған мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз ететін жұмыс жоспарын түзе білуі қажет.          Сынып жетекшісінің өз қызметтерін нақты, жоспарлы ұйымдастыруы мен белсенді әдістерді қолдануы, тәрбиені технологияландыруы – оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне саналы және белсенді қатысуын қамтамасыз етеді.          Осы әдістемелік ұсынымды       

Общая информация

Номер материала: 119556060211

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"