Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / 2-сыныпқа арналған ашық сабақ «Өткенді пысықтау»

2-сыныпқа арналған ашық сабақ «Өткенді пысықтау»



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_m21fdaccf.gifhello_html_4de374f.gifhello_html_233f5441.gifhello_html_m4ce419c2.gifhello_html_7436e77e.gifСолтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы

Новоишим қазақ орта мектебі







Ұлттық педагогика элементтерін қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы білім саналы тәрбие беру


(Новоишим қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Кабдуллина Ақбидай Майрашқызының іс-тәжірибесінен)
























Новоишим селосы

2014жыл

Құрастырушы: Новоишим қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдуллина Ақбидай Майрашқызы




Пікір


Еліміздің болашақ азаматы- қазіргі балалар. Мұғалім балаларды тәрбиелеуге халықтық салт-сананы,даналық іс-әрекеттері кеңінен пайдаланған. Ұлттық педагогика негіздері арқылы баланы өмірге қалыптастыруға,оның шығармашылық таланттарының көзін ашуға, жалпы адамзатқа тән жоғары сезімін, өмірге көз қарасын қалыптастырған.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, мұғалім әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданған. Сабақты ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып оқыту пән тақырыптарын тез,жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушылардың сөздік қорын байыта түседі.






Пікір жазғандар: Аудандық әдіскерлер кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Б.Ш









МАЗМҰНЫ:

























Кіріспе.

Ұсынылып отырған бұл әдістеме әзірлемесінде кең көлемді тақырыптар қамтылды. Жас ұрпақ білімді де ,саналы болса мемлекетіміздің іргетасы да мықты болары анық. Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуы,ой-өрісін дамуынын алғашқы баспалдағы бастауыш сыныпта қаланатыны белгілі.

Баланың интеллектуалды дамуы , адамгергшілік қасиеттерінің алғащқы белгісі , отан сүйгіштік сезім, туған жерге,елге деген алғашқы түсініктері осы кезенде дамиды.

Қазіргі заманға сай ұлттық білім беру жүйесіне өз үлесін қосатын мұғалім әлеуметтік –мәдени ортаны бағалай білетін,баланың жеке тұлғалық дамуына бағыт-бағдар бере алатын,өз білімін үздіксіз жетілдіріп,жаңа технологиялармен қаруланған,шығармашылықпен айналысатын жаңашыл ұстаз болуы тиіс.

Шығыс даналығы ; «Маған айтсан ұмытып қалам,көрсетсен есімде қалар.Істеуін көрсетіп берсен, үйреніп аламын» -деген екен .Бұл баланың ынтасын жетелеу,арттыру оқыту,үйрену деген сөз. Сабақта бала көбінесе білімді қабылдап алушы ,көп объектінің бірі деп есептеледі,олардың ерекшеліктері жеке ашыла қоймайды.Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің ең басты мақсаты –

  1. Әр баланы Тұлға ретінде қабылдау.

  2. Оның жеке тұлғалық қасиеттерін аңықталып ашу

  3. Бұл қасиеттерін пайдалануға мүмкіндік туғызу.















«Жүректен-жүрекке»- атты 2а, 2ә сынып ата-аналар арасындағы тренинг.

Мақсаты: Ата – аналар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасында балаға жақсы тәрбие беруіне ықпал ету, өзін өмірдің бір бөлшегі ретінде сезіндіру, өзін және өзгені бағалай білуге көмектесу. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру. Баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.


Өту әдісі:Сұрақ- жауап, өз ойларын ортаға салу, өмірмен байланыстыру, ойын, шығармашылық жұмыстар.

Көрнекілігі: Түсті бояулар, А-4 қағаздары, ватман, слайдтар.


Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу

«Шаттық шеңбері»

1. «Маржан» ойыны (шеңберге тұрып, өз есімдерін айтып танысу)

Сәлемдесу- бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық

2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.

3нұсқа.Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?

2. Топқа бөліну (Түстер бойынша)

1. Балауса                              2. Арай                               3. Шаттық

Мұғалім: Әрбір ата-ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз.

Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге 3түрлі адамның мінезі беріледі:

  1. Ата-анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін, бар нәрсені өз отбасынан табады.

  2. Ұстазынан үлгі алады, өйткені алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш Әліппені ұстатып, өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы.

  3. Достарынан, өйткені ол бос уақытының көбін достарымен өткізеді.

Осы үш адамның бойындағы мінез- құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.

3. Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.Ендеше, сізден, бізден және өз жолдастарының жақсы жақтарын ала білген біздің балаларымыздың бойында адами қасиеттердің көп болары сөзсіз.

Болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестететіндерін стикерге жазып «Достық ағашына» іледі. (баяу музыка ойналады)

4.Әр топ «Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салу, қорғау.

5. «Сиқырлы қоржын» ойлауға арналған сұрақтар. Әр адам қоржыннан аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелер алады да өз сөздерімен сөйлемді аяқтайды.

1. Ең үлкен қорқыныш бұл – ....

2. Мен мынадай адамдарға сенбеймін.....

3. Мен ренжимін, егер....

4. Мен қуаныштымын, себебі.....

5. Баланы үнемі қолдап отырса.....

6. Мен үшін бақыт деген.....

7. Отбасының қорғаны кім?

8. Балаңыз сізге қасқыр мен түлкі туралы ертегі айтып беруін өтінді, сіздің әрекетіңіз

9. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық... (қалай исең, солай иіледі)

10. Ана бауырындағы бұлақ.... (бала жағасындағы құрақ)

11. Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалса не істер едіңіз?

12. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз

13. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

14. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс - әрекетіңіз.

6.Тыныштық сәті: Бейнетаспадан слайд көру

7. «Өтінемін» ойыны. Мен сіздерге бірнеше нұсқаулар айтамын. Сіздер іс – қимылмен көрсетесіздер. Мен «өтінемін» сөзін қосып айтқанда ғана қимылды жасайсыздар. Мысалы: Өтінемін қолымызды көтерейік.Өтінемін билейік. Ал енді бір – бірімізді құшақтайық. Өтінемін бір – біріңізге қарап жымиыңыздар. Ал енді қабағымызды түйеміз

8. Ситуациядан шығу

1. Балаңыз мектептен жылап келді, сыныптастары итеріп жіберіпті. Сіз қайтесіз?

2. Мұғалім сіздің балаңыздың тәртіпсіз және оған сіздің кінәлі екеніңізді айтты. Сіз не дер едіңіз?

3. Балаңыз мектеп табалдырығын аттағанына бір күн болды, мектепке сумкасын қалдырды. Сіз қайтесіз?

Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді.

Өсиет әңгіме. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.

Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.

Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.

Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.

9. «Жүректен-жүрекке»

«Тілек шамын» жағамын. Бұл шамды жаққан себебім әрқашан алдарыңыз осы жарық шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Бір – біріне тілек айту. Құрметті ата – аналар бала тәрбиесі ешқандай үзіліс, демалыс дегенді білмейді. Олай болса отбасында балаға әрдайым жылы сөздер айтып, дұрыс тәрбие беруге ат салысайық.

Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді.

Ризамын әні.







Жақсылық жасай білейік.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

Халық мақалы

Мақсаты: Оқушылардың « қайырымдылық », « қамқорлық », « жақсылық » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

  • жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

  • қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Мұғалім оларға шаттық шеңбері аясында өлең айтуды ұсынады:

  • Сәлемсіңдер ме, балалар! Осы шеңбер аясында Ө.Ақыпбековтың «Өзін-өзі тану» өлеңін бірлесе қайталайық.

Өзіңді тану

Ө.Ақыпбеков

Жақсы болу - өзіңнен, «Мен қандаймын?» деп ойла.

Жаман болу - өзіңнен. Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңді өзің ая да, Өзіңсің – ақыл айнасы.

Өзің үйрен, өзіңнен. Тиеді саған мәні бар

Жақсылық көрсең біреуден, «Өзіңді тану» пайдасы.


Мұғалім өлеңді сабақ тақырыбмен байналастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.

«Жақсы болу - өзіңнен,

Жаман болу - өзіңнен», - деген өлең жолдары туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Ақынның «Жақсылык көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла» деген сөзіне көзқарастарың қандай?

Сендер кімдерге қандай жағдайларда жақсылық жасадыңдар?

Сол сәтте қандай сезімге бөлендіңдер?

Балалар жауаптарын мұғалім толықтырадыжәне сабақ тақырыбымен таныстырады.

  • Жақсылық жасау дегеніміз өздерініз айтқандай, адамдарға айналаға, табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-бірін жиі жақсылық жасауы, оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Өйткені қиналған сәтте алынған көмек ешқашан ұмытылмайды. Бүгін біз «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» тарауының қорытынды сабағына жақсылық жасаудың, жақсылықтаң адам өміріндегі маңыздылығын тағы бір рет еске түсіреміз.

Мәтінмен жұмыс

Жақсылықтың мәнін ашып түсіндіру ашып түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізіледі. Әңгіме үнтаспа арқылы тыңдалады (үнтаспаға жазба дайындалғанда автордың сөзі бір дауыспен, жақсылықтың сөзі екінші дауыспен жамандықтың сөзі үшінші дауыспен жазылғаны тиімді шығуы мүмкін).

Оқушылар «Жақсылық пен Жамандық» ертегісін мәнерлеп, түсініп оқиды.

Оқушылардың әңгіме мазмұны бойынша пікірлері сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.

Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Балалардың жауаптарын мұғалім толықтырады:

-Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. СонОқушыларды жақсылыда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы әдтке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.

Тыныштық сәті

Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.

Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Тапсырма

Оқушыларды жақсылық жасай білуге ынталандыру мақсатында жұмыс ұйымдастырылады.

Балалар екі топқа бөлінеді. Екі топқа екі түрлі әңгімеден үзінді беріледі. Балалар әңгіме желісі бойынша туындаған оқиғадан шығу жолдарын іздестіруі тиіс. Олар топ боп бірлесе отырып, ойланып әңгімені өз ойларымен жалғастырып айтады.

Дәйексөз

Мұғалім сабақтың дәйексөзімен таныстырады:

  • Өзі жақсы адамның айналасы барлық уақытта да жақсылыққа толы болады. Ол жақсылыққа толы ортада өзін ерекше бақытты сезінеді. Өйткені оны адамдар, айналасы жақсы көреді, сыйлайды, онымен достасқысы келеді. Осындай жетістіктерге ол өзінің жақсы істері, жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», - дейді. Мен де ендердің жақсылықтарың, жақсы істерің туралы жиі айтқым келеді. Сендер де сыныптастарыңның, достарыңның жақсылықтарын мақтан тұтасыңдар. Сол себепті шамамыз жеткенше, қолымыздн келгенше адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтінін, оның шарапаты өзіңе, жақын – туыстарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер жақсы білесіңдер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.

Жаңа ақпарат

Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады: «адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды».

Тапсырма

Тапсырма бойынша оқушылар берілген сұраққа байланысты жағдаят құрастырады.

Дәптермен жұмыс

Дәптерде берілген ертегіні өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.

... Бір күні орманда шөп жаныпкетіп, өрт басталады. Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі. Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды. От тасбақаға жақындап қалды. Ол енді қалай құтылмақ?

Жүректен жүрекке

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім қолдн жасалған жүрекшені ұстап тұрып тілек айтап, өзінің оң жағында тұрған балаға ұсынады. Ол оқушы да жүрекшені ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында тұрған көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір- біріне жақсы тілектер айтады. Өлең оқиды.

Жақсылық жерде қалмайды

Е. Бағай

Жақынды досы аяла,

Қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

Жақсылық жерде қалмайды.


Жайдары жүзбен жарқыра,

Қатігез болсаң – сол қайға.

Қайырымды бол халқыңа,

Жақсылық жерде қалмайды.







Тест 2-сынып

I-нұсқа

Математика



1. Қай өрнектің мәні 80-ге тең?

а) 90-5 ә) 74+5 б) 72+8


2. 4, 7 және 3 цифрларынан тұратын ең кіші үш таңбалы санды тап:

а) 473 ә) 347 б) 743


3. 697 мен 504 сандарының айырмасы нешеге тең?

а) 193 ә) 283 б)183


4. Қапта 50 кг картоп бар. Алдымен 16 кг, содан соң тағы 24 кг картоп жұмсалды. Қапта неше килограмм картоп қалды?

а) 30 кг ә) 20 кг б) 10 кг


5. 3 жүздік, 7 ондық және 5 бірліктен тұратын санды көрсет:

а) 375 ә) 537 б) 753


6. 9 дм 4 см неше сантиметрге тең?

а) 904 см ә) 94 см б) 49 см


7. Қабырғасы 4 см болатын шаршының периметрін тап.

а) 20 см ә) 18 см б) 16 см


8. Жұп сандар қатарын көрсет

а) 1,2,3,4. ә) 2,4,6,8. б) 2,3,4,5.


9. 6 оқушыға 12 дәптерді тең бөліп берді. Әр оқушы неше дәптерден алды?

а) 6 ә) 3 б) 2


10. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні . . .

а) өзгермейді ә) өзгереді б) көбейеді


11. 28 бен 62 сандарының қосындысынан 30-ды кеміт.

а) 50 ә) 60 б) 70


12. Лагерьге 20 ер бала, одан 30-ы артық қыздар келді. Лагерьге барлығы неше бала келді?

а) 50 бала ә) 100 бала б) 70 бала


13. 2 сағатта неше минут бар?

а) 120 мин ә) 180 мин б) 60 мин


14. 1 центнерде неше килограмм бар?

а) 10 кг ә) 100 кг б) 1000 кг


15. Бірінші қосылғыш - 15, қосындының мәні - 45. Екінші қосылғыш нешеге тең?

а) 30 ә) 20 б) 10


16. Азайғыш -15, азайтқыш - 8. Айырманың мәні нешеге тең?

а) 9 ә) 7 б) 8


17. Дұрыс шығарылған өрнекті тап

а) (25+5)-10=20 ә) (25+5)-10=25 б) (25+5)-10=30


18. Бірінші көбейткіш - 2, екінші көбейткіш - 9. Көбейтіндінің мәні нешеге тең?

а) 11 ә) 18 б) 12


19. ...65>489 теңсіздік тура болатындай көп нүктенің орнына цифр жаз.

а) 3 ә) 4 б) 5


20. 1 аптада неше күн бар?

а) 24 күн ә) 7 күн б) 6 күн


Сабақтың тақырыбы: "Өткенді пысықтау" . 2-сынып.

Мақсаты: Білімділік:сөз таптары туралы алған білімдерін жинақтау, пысықтау. Сөз таптарын ажырата білу және сөйлем ішінен таба білуге үйрету.

Дамытушылық:танымдық тапсырмалар, сұрақтар қою арқылы тіл байлықтарын, ойлау, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу.

Тәрбиелік:тілімізді қастерлеуге, көркем де ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:сұрақ - жауап, түсіндіру, өз ойларын ортаға салу, ойын, шығармашылық жұмыстар.

Көрнекілігі:слайдтар, сызбалар, суреттер, ребустар, білім ағашы.

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті.

Сабақ ережесі:сыйластық, тәртіпті сақтау, көмектесу.

Сабақтыңбарысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Біз баламыз, баламыз.

Оқып білім аламыз.

Тәртіпсақтап сабақта,

Көркеметіп жазамыз.

Кілең бестік аламыз!

- Бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ, өйткені бізге көп қонақтар келіпотыр. Ендеше балалар, мен сендерге сәттілік тілеймін!

II. Үй тапсырмасын тексеру

5- жаттығудағы "Тиін мен қарға" мәтінінен сан есімдерді теріп жазу. Мәтін мазмұны бойынша сахналау.

III. Негізгі бөлім.

- Балалар, қазір біз сөзжұмбақ шешеміз. Сол кезде бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады.


    1. Ең жақсы баға

    2. Сөздерден не құралады?

    3. Ұлыстын ұлы күні

    4. Білім ордасы

    5. Ең ардақты жан

    6. Ағаш көркі

    7. Арыстан қандай аң?

    8. 5-кейінгі сан

    9. Түбір сөзге не жалғанады?

    10. Бала кітапты не істеді?


Б

е

С




с

Ө

й

л

е

м

н

а

у

р

ы

З



м

е

к

Т

е

п



А

н

а



Ж

а

П

ы

р

а

қ

м

ы

қ

Т

ы



А

л

т

ы

ж

ұ

Р

н

а

қ

о

қ

ы

д

ы





- Біз алдыңғы сабақтарда зат есім, етістік, сын есім, сан есімдерді жеке – жеке өткен болатынбыз, ал бүгін сол білімдерімізді жинақтап, толықтырамыз. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – сөз таптарын қайталау, пысықтау. Ендеше алдыңғы сабақтарда өткен ережелерді есімізге түсірейік. (әр топқа сұрақтар қойылады)




IV. Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Көркем етіп бүгінгі күнді жазайық!

1-жаттығудағы сөйлемдерді толықтырып жазу

Зат есім - ... білдіретін сөз табы

Етістік - ... білдіретін сөз табы

Сын есім - ... білдіретін сөз табы

Сан есім - ... білдіретін сөз табы

1) заттың түрін,түсін, сапасын 2) заттың атын

3) заттың санын 4) заттың қимылын, іс - әрекетін


V. Логикалық тапсырмалар

Ребустар шешу. Шешуіне сөйлем құрап айту.

5 еу, т 10, 100 ді, к 3 ті, м 10 шақ.


VI. Сергіту сәті

(музыка ырғағымен «Қара жорға» биін билеу)


VII.Топпен жұмыс.

Семантикалық кестемен жұмыс.Әр топқа бір – бір кесте беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, топ басшысы қорғайды.

Сөздер

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Сары





Жеті





Доп





Биледі














Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Дәмді





Қызанақ





Жүз





Ойнап отыр






Сөздер

Зат есім

Сан есім

Сын есім

Етістік

Он сегіз





Әдемі





Қолғап





Секірді













VIII. Тақтада жұмыс

2-жаттығу. Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

. Адамның аты-жөні

. Ағаштардың аты

. Гүлдердің аты

. Өзендердің аты

(әр қатарға 3 мысалдан жазу, жалқы және жалпы зат есімдерді ажырату)

IX. Шығармашылық жұмыс: Суреттермен жұмыс (дәмі, түсі, пішіні, сапасы, көлемі қандай екенін ажырату)

Сын есімдерді зат есімдермен сәйкестендіру.

Қызыл қолғап

Аппақ доп

Әдемі түлкі

Қу қыз

Жылы қар

X. Ойын: "Тез тауып, бөгелмей айт"

Білім ағашын жапырақтармен көркейту. Зат есімдерге бір - бірлеп әртүрлі етістіктерді тіркеп, бөгелмей айтып отырып, жапсыру керек.

жаңбыр

қарындаш

оқушы

мысық

http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=48681e49ee87cfed&mb=imgdb_preview_706http://go3.imgsmail.ru/imgpreview?key=48681e49ee87cfed&mb=imgdb_preview_706http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=70e93d59a4802e08&mb=imgdb_preview_329http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=70e93d59a4802e08&mb=imgdb_preview_329


XI. Топпен жұмыс. "Артық сөзді тап".

- Тігінші, өнер, ұя, жеті, ата, құс.

- Жарысады, түсінді, аға, келді, ойнап отыр.

- Әдепті, кең, қойды, тәтті, домалақ.

- Үш, сегіз, жарық, алтау, жиырма бес.

XII. Сабақты қорытындылау.

Сабақ ұнады ма? Әсіресе қай жері тартымды, қызықты болды? Зат есім, етістік, сын есім, сан есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

XIII. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау. 3- жаттығу, 190- бет.

XIV. Бағалау: оқушыларды сабақта көрсеткен білім деңгейіне қарай

бағалаймын.

- Бүгін сабақ бойынша не алдық?

- Білім.

-Көңіліміз қандай?

- Жақсы!

- Қонақтарға не тілейміз?

- Бақыт.

- Не айтамыз?

- Рақмет!












Оқушылардың сабақ үстіндегі көрінісі


G:\DSC08520.JPG




G:\DSC08560.JPG

-G:\DSC08518.JPG





Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Баллардың ой өрісін толықтыру,дамыту.Өткенді пысықтап сөз таптарын қайталау.Алдынғы сабақтарда алған білімдерін пысықтау.Зат есім , етістік, сан есім , сын есім ережелерін еске сақтап және оларға мысалдар келтіру...Сөйлем ішінен сөз таптарын тауып астын сызу...Тақтада әр оқушымен жұмыс істеу...Карточка таратып сөз таптарын пысықтау...Сан есімге байланысты өтірік олең құрастыру.Оқушыларды топқа бәліп ойын ойнату,қайталау..Сөздік қорын молайту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін арттыру,әдемі,таза,ұқыпты жазуға баулу

Общая информация

Номер материала: 121285060409

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>