Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Сүт және сүт тағамдары

Сүт және сүт тағамдары

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_56f0beed.gifhello_html_m760e4cf5.gifhello_html_694e8b18.gifhello_html_m33d28e71.gifhello_html_19eb4ab0.gifhello_html_m6bfb0fe5.gifhello_html_105c979c.gifhello_html_m60d8b84e.gifhello_html_m356f6de2.gifhello_html_m7a8e1ca8.gifhello_html_m477f5c65.gifhello_html_500a5748.gifhello_html_m1b5c025.gifhello_html_m12b5d294.gifhello_html_m3210fb4e.gifhello_html_m7b1baf1c.gifhello_html_m707c4d08.gifhello_html_32937c66.gifhello_html_m3203a994.gifhello_html_501818cb.gifhello_html_4ff87b01.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_63ee03c.gifhello_html_m2c07c632.gifhello_html_m18b0b06d.gifhello_html_3f316a8e.gifhello_html_68571f8c.gifhello_html_m4cde0003.gifhello_html_m500e71f6.gifhello_html_m721af7e6.gifhello_html_m12c8719c.gifhello_html_m78c117fe.gifhello_html_45bbd53.gifhello_html_6c55c340.gifhello_html_m6379ba06.gifhello_html_7c827a91.gifhello_html_m1c47adc4.gifhello_html_3bd3afbd.gifhello_html_20d86d32.gifhello_html_m58579e33.gifhello_html_m3895aeac.gifhello_html_m491a167c.gifhello_html_m18605545.gif

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі










Тақырыбы:

/5 «Б» сынып қыздары/


C:\Program Files (x86)\Microsoft Office\MEDIA\CAGCAT10\j0149627.wmf





Сагинбекова А.Ж.
















Шу қаласы

2013-2014 оқу жылы


Тақырыбы: Сүт және сүт тағамдары

Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері, дайындау тәсілдері туралы түсінік беру, білімдерін тереңдету.

Дамытушылығы:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тіршілікте дұрыс пайдалануға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, салыстыруға, бірінің пікірін бірі дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.

Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, әдептілікке баулып, өз орнын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Сабақта қолданылатын әдістер:Сұрақ-жауап, іздену. жазба жұмыстары арқылы талдау, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сүттен жасалған тағамдар.

Міңдеттері:

1.Сиқырлы сандықша (үй тапсырмасы)

2.Тірек-сызба (жаңа сабақты ашу)

3. Сөздік жұмыс (сүт тағамдары туралы ой қозғау)

4. «Кубизм» стратегиясы(баяндау, салыстыру, тест, ырымдар мен тиымдар,кеспемен жұмыс,сөзжұмбақ шешу)

5.Практикалық жұмыс (Трюфели кәмпиті)

6. БҮҮ стратегиясы(сабақты қорыту)


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

- Оқушылармен амандасу.

- Сабаққа дайындығын тексеру.

- Балалар менің алдымдағы айран мен қымыз суреті бар карточкаларды таңдап алып, 2 топ құрады. І топ айран суретін таңдағаңдар, ІІ топ қымыз суретін таңдағандар.

І топ «Айран» тобы, ІІ топ «Қымыз» тобы.

- Екі топқа бағалау парақшалары тартылады.


1.Сиқырлы сандықша (үй тапсырмасы)

Оқушылар Сиқырлы сандықшадан үй тапсырмасының сұрақтарына жауап береді.

1)Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?

2)Макарон пісірудің қандай жолдары бар?

3)Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?

4) Макарон түрлерін ата?


Қызығушылықты ояту.

Тірек - сызба сызады.

Сүт тағамдары

Жеміс тағамдары




Тағамдарды топтарға бөлу






Ет тағамдары

Ұн тағамдары






Дәм тағамдары

Балық тағамдары






Сорпа тағамдары









Мұғалім: - Бүгін біз қазақтың ұлттық тағамдарының ішіндегі сүт және сүт тағамдарына тоқталамыз.



Қатық

Айран




Сары май

Сүт




Шұбат

Торта

Сүт және сүт тағамдарының түрлері






Қымыз

Құрт




Ірімшік



Қаймақ



Уыз

Сүзбе






Ой қозғау. Сөздік жұмыс.

Сүт – Сауын малдан, яғни биеден,сиырдан, қой, ешкіден алынады.

Уыз - Жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті.

Торта – май қайнатқанда шығатын тұнба.

Қатық - сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады.

Айран –– ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.

Сары май- сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады

Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.

Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік, кызыл ірімшік деп екіге бөлінеді.

Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады

Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.

Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам.


Мұғалім: Сүт – дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы А,В,С,Д тобындағы дәрумендермен қанағаттанады. Қазақ халқының ішіп-жемінде сүт тағамдары ерекше орын алады. төрт тұлік малдың сүтін және одан жасалған айран,қымыз,шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған. Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, аналарымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлері мен дайындау әдістерін білген және олардың көптеген қызықты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың,ащы,тұщы,жұмсақ,қатты тағамдар жасап шығарған. Халқымыздың ең қажетті де,пайдалы тағамы әрі сусыны төрт түлік малдан өндірілетін сүт болып табылады. Жылқының қымызы,түйенің шұбаты,қой ешкі мен сиырдың айраны,құрты тамақ пен сусын болумен қатар әрі қайсысының денсаулыққа пайда келтіретін дәрілік қасиеті болған.Бұлардың біз атауларын біле бергенмен, олардың адам өміріне тигізер пайдасын біле бермейміз. Мәселен, айран гипертония, гастрит ауруларына ем. Сондай-ақ, жатар алдында ұйқыңыз қашса, 1 кесе айран ішіңіз, сіздің тыныш әрі жақсы ұйықтауыңызға көмектеседі.

Сүт тағамдары денсаулыққа пайдалы және қоректі қасиеті де мол.Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «Табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы» деп бағалаған.

Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.




«Кубизм» стратегиясы.(Кубиктің алты қырындағы сұрақтарға жауап беру)

Баяндаңыз.Сүт және сүт тағамдары туралы мәлімет.
Айран – ұйытылған сүт. Сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. Ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Қатық –сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. Ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың кілегей жиналады.

Шұбат – түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам. Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы келеді. Оның емдік қасиеті де бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландылып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды.

Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. Қымыздың ашытқысы «Қор» деп аталады. Дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. Қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. Сөйтіп, жаңа қор жасалады. Жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз іріп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады.


Кілегей – шикі сүттің бетіне жиналатын маңызды қаймағы. Кілегей сиыр сүтінен алынады. Жаңа сауған жылы сүтті кең ыдысқа қотарып құйып, салқын жерге қояды. Сонда сүттің бетіне сары түсті маңызы қалқып шығып, қабыршақтанып жиналады. Оны қасықпен жайлап қалқып алады. Кілегей шайдың өңін ашып, дәмін келтіретін болғандықтан, оны көбінесе шайға қосады.


Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің бетіне жиналатын маңызы (майлы құрамы). Пісірілген сүтті бетін ашып салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршақтанып қаймақ жиналады. Қаймақ қалыңдығы сүттің құнарлығына (нәріне) байланысты.


Құрт – малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт қапта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді.


Сары май – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Сары май ірі қараның не серкенің терісінен тігілген саба, торсықта не болмаса ағаш күбіде дайындалады. Шикі сүттен ұйытатын айранды, қатықты, кейде іріген сүт пен шикі сүттің өзін сабаға не күбіге құйып, әбден толған кезде піседі. Іркітің пісуі жеткен кезде май ыдырап бөлек шығады Сары майды қойдың, ешкінің қарнына, бүйенге сақтайды. Қарынға салынған майлардың да әр түрлі атауы бар.


Сүзбе – айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалады. Сондықтан да ол қатық сүзбе деп екіге бөлінеді. Ашыған айранды, қатықты немесе қайнаған құртты кенеп дорбаға құяды да іліп қойып сорғытады. Содан ол өзінен-өзі сүзіліп, сұйығы ағып кетеді де, сүзбе түбінде қалады. Сүзбені тұздап, малдың қарнына салып, кептіреді. Оны жылдың кез келген маусымда езіп сорпаға, көжеге қосуға, сондай-ақ сүт, су қосып шалап етіп, сусын ретінде ішуге болады.

Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді.

Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік, кызыл ірімшік деп екіге бөлінеді. Ақ ірімшікті дайындау үшін ыдысқа құйылған шикі сүттің үстіне азырақ айран құйып, сүтті ірітеді. Одан соң іріген сүтті отқа қойып қайнатады. Ірімшіктің сары суы бөлінген кезде оны шыптаға сүзеді. Ақ ірімшікке сары май, қаймақ, кілегей сияқты майлы тағамдарды қосса дәмді әрі құнарлы ас болады.


Салыстыру кестесі.

Ортақ қасиеті

Сүттен ұйытылады, тағам, сусын, түсі ақ, нәрі мен құнарлығы жоғары



Қатық

Қой сүтінен дайындалады, дәмді, қою.

Айран

Сиыр сүтінен дайындалады, сұйық, ащырақ












Өзіндік жұмыс. Тест сұрақтары.

1. Уыз неден жасалады?

а) ашыған сүттен ә) сүттен б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен


2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.

а)айран ә) сүттің майы б) құрт


3.Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?

а) сиыр сүтінен ә) түйе сүтінен б) бие сүтінен


4. Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек?

а) техника қауіпсіздігін ә)тамақтану мәдениетін б) тазалық-гигиеналық талабын


5. Май түсіруге арналған піспегі бар ыдыс?

а) күбі ә) мес б) самар


Сүт және сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тиымдар.

1.Жерге төгілген ақты басуға болмайды. Сүт төгілген жерге тұз себеді.

2.Сауылған сүттің бетін ашық қоймайды.

3Сүтті үрліп ішпейді, майлылығы азаяды.

4.Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды, құты кетіп қалады.

Кеспемен жұмыс.

Әр топ кеспе алып,бөліктің оң жағына тапсырма жазылады да бөліктің сол жағына топтасып, ақылдасып, жинақтап, пікірлерін жазады.


1 кеспе

Ақ алып шығу салты

Оқушының пікірі

Ақ алып шығу қазақ халқы сүтті,қымызды, шұбатты, айранды т.б. тағамдарын «ақ» деп атайды да оны қасиетті киелі деп санайды.Халық дәстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу- адамгершілік, мұсылмандық, көршілік парыз. Ақ алып шығу «осы ақтай таза болайық» деген тілекті білдіреді.Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп алғыс айтады.

2 кеспе

Ақ құйып шығару салты.

Оқушының пікірі

Ақ құйып шығару(салт,ырым) Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар.Мысалы: қалың өрт келгенде алдына ақ шашады, сол сияқты «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады».Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараған.





Ой толғаныс. Сөзжұмбақ шешу.

Қ



А

1.Піскен сүттің беті.

2. Сүттің ұйытылған түрі.

Т

3.Қатықтан жасалатын дәм.

Ы

4.Жаңа туған сиырдың алғашқы сүті.

5. Биенің сүті.

Қ






Практикалық жұмыс.

Құрғақ сүттен «Трюфели» кәмпиті.

Екі оқушы кәмпитті жасайды да қалғандары дәптерлеріне жазып отырады.

Құрамы:1 қорап балалар сүті (Малыш,Малютка),2 ас қасық какао,3-4 ас қасық жылы сүт немесе су, 150 гр. сары май.

Жасалу әдісі: тегешке құрғақ сүтті салып,оған какао, сүт, май қосып араластырып, формаға келтіріп, какаоға аунатып, қорапқа салып, суық жерге қоямыз.




БҮҮ стратегиясы.

Сабақты қорыту.


Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді








Бағалау.


Оқушының аты-жөні

Сиқырлы сандықша

Тірек-сызба

Сөздік жұмыс

«Кубизм» стратегиясы

Практикалық жұмыс

БҮҮ стратегиясы



Ұпай

Аманжол А.








Амантай Г.








Ескен А.








Ералы Ж.








Желеу Н.








Мейрамбек Д.








Рахматуллақызы Д.








Садығұлова Т.








Тілеулес А.








Тұрарбек Ә.








Хабибқызы Ш.










Үйге тапсырма.

Сүт және сүт тағамдарына реферат жазып келу.















































Бағалау парақшасы

І топ


40 ұпай - «5»

30 ұпай – «4»

20 ұпай – «3»


Оқушының

аты-жөні

Сиқырлы сандықша

Тірек-сызба

Сөздік жұмыс

«Кубизм» стратегиясы

Практикалық жұмыс

БҮҮ стратегиясы



Ұпай
































































































Салыстыру кестесі



І топ



Ортақ қасиеті

Айран

Қатық


















































Кеспемен жұмыс.

Әр топ кеспе алып,бөліктің оң жағына тапсырма жазылады да бөліктің сол жағына топтасып, ақылдасып, жинақтап, пікірлерін жазады.










1 кеспе

Ақ алып шығу салты

Оқушының пікірі
























2 кеспе

Ақ құйып шығару салты.

Оқушының пікірі

Ақ құйып шығару(салт,ырым) Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяққа баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін де ырымдар бар.Мысалы: қалың өрт келгенде алдына ақ шашады, сол сияқты «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады».Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараған.



Өзіндік жұмыс. Тест сұрақтары.

1. Уыз неден жасалады?

а) ашыған сүттен ә) сүттен б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен


2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.

а)айран ә) сүттің майы б) құрт


3.Шұбатты қай түліктің сүтінен әзірлейді?

а) сиыр сүтінен ә) түйе сүтінен б) бие сүтінен


4. Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек?

а) техника қауіпсіздігін ә)тамақтану мәдениетін

б) тазалық-гигиеналық талабын


5. Май түсіруге арналған піспегі бар ыдыс?

а) күбі ә) мес б) самар







БҮҮ стратегиясы


Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді











БҮҮ стратегиясы


Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді




























"СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ" ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Сыни тұрғыдан ойлау — бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының  қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін  ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен  бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге  қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Білуі қажет:
- алдын-ала сенімділік туғызу;
- білімдерін бір-біріне жеткізу;
- бұл мәселені шешуге осы білімдерінің әсер етуі.


Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі:
- Мен не білемін?
- Мен жаңаша нені білдім?
- Менің білімім қалай өзгерді?
- Мен осы біліммен не істей аламын?

XX ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей   құралмен қамтамасыз ету.

Білім берудің мақсаты мен міндетінің өзгеруі:

 

Ескілер

Жаңалар

Оқушы

- Білім мен дағдыны игереді;
- Оларды мүмкіндігінше көп көлемде игеру;
- Материалдың көлеміне қарай бағдарлау;
- Таңдау мүмкіндігінің жоқтығы;
- Білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде  қабылдау;
- Бақылаудан құтылуға ұмтылу.

- өзін - өзі дамыту және өзін - өзі жетілдіру;
- білім іс-әрекет түрінде келешекте жұмыспен қамтамасыз етілетіндей игеріледі;
- бағдарламаларды, тіпті пәндерді өз еркімен таңдау мүмкіндігінің  болуы;
- өзінің жеке мақсаттарының қисынын келтіру және оларға жету тәсілдерін қою;
- дер кезіндегі және объектілі бақылауға ұмтылу.

Оқу үрдісі

- тәжірибе мен білімді беру;
- тұрақты білім негізінде оқыту;
- еске түсіру немесе елестету, келтіру, даярлық әдістерін қолдану;
- білім беру және оқу бағдарламаларының қатаңдығы.

- оқушының жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру;
- сыни тұрғыдан, талдауға бейім, логикалық ойлау негізінде оқыту;
- өнімді іс-әрекет тәсілін оқыту, білімді алу тәсілдерін үйрену;
- оқу және білім беру бағдарламаларының икемділігі.

Нәтиже

- оқушыларды болашақ тынышты, бір қалыпты, жоспарлы өмірге дайындау;
- жоғарыдан сирек жаңа кіріспелер.

- Қазіргі мектепте, қазіргі ұжымда жайлы «өмірге» жағдай жасау;
- өзін өзі жетілдіру және қоршаған әлемді жетілдірудің   инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру;
- білім беруші бағдарламаларда, әдістерде, технологияларда, білім беру үрдісінің формаларында тұрақты инновациялық үрдіс.

 

Жаңа педагогикалық технологиядағы негізгі үш саты:
«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша, үш кезеңнен тұратын модульдік сабақты пайдаланады:
- Шақыру
- Іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну)
- Рефлексия (сананың өзіне, өзінің психикалық күйіне назар аударуы)

Мұнда сабақтың базалық үлгісі туралы айтылып отыр. Бірақ сабақта барлық үш кезеңді іске асыру мүмкін емес, мысал үшін, бір сабақ толығымен шақыру түрінде немесе т.б. болу керек.

«Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясы бойынша мақсаттары мен  тәсілдерінің мәліметтер кестесі: 

Кезеңдері

Шақыру

Іске асыру

Рефлексия

Мақсаты

- Оқып үйренушінің өткен білімі мен тәжірибесін өзекті ету.
- Оқушылардың іс-әрекетін белсенді ету.
- Оқу іс-әрекетіне уәж (негіздеме) қалыптастыру.
- Оқу іс-әрекетінде оқып үйренушілердің жекелей мақсаттарын қою.

- Оқып үйренушімен жаңа білімді алу.
- Белгілінің жаңамен арақатынасын білу, түсінігін қалыптастыру және білімдерін жүйелеу.
- Жұмыс тәсілін ақпаратпен үйрену.
- Шақыру кезеңіне қойылған мақсаттарын қолдау.

- Жаңа білімді беру.
- Пән туралы бүтіндей көрініс жасау.
- Мәселе өрісін кеңейту, оқу іс - әрекетінде жаңа мақсаттарды қою.
- Оқып үйренушінің пәндегі дамуын бағалау және өзін-өзі бағалау бойынша жұмысы.

Тәсілдері

- «Миға шабуыл» 
- Болжам (сурет, портреті бойынша)
- Қажетті сөздер бойынша болжам
- Альтернативті тест (дұрыс  немесе дұрыс емес пікірлер)
- Сұрақтар, мәтіннен тауып жауап беруге болатын жауаптар тұжырымы
- Кластер
- Кесте «Б–Б–Б»

- insert әдісі бойынша белгілеумен мәтінді оқу
- Астын сызу арқылы қажетті сөздерді көрсету

- insert таңбалау кестесі
- Шығармашылық жұмыс – синквейн
қажетті сөздерге,дұрыс және дұрыс емес пайымдауға  қайта оралу.  
- Досына хат жазу, күнделік жүргізу.
- Қажетті сөздерден кластерді бітіру.
- Шатысқан қисынды тізбектер

Нәтижелер

- Маңызды тәжірибе
- Белсендірілген білім
- Қалыптасқан уәж (негіздеме)

- Жүйелі білім
- Шақыру кезеңіндегі баяндалған мақсаттарын нығайту.

- Берілген білім
- Пән бойынша қалыптасқан бүтіндей көрініс
- Келешекте қызмет бабында көтерілуіне қойылатын мәселелер

















































Қол жұмыстарына қолданылатын терминологиялар

және тігіс түрлері

                

       Үйренгенің өзіңе құт,

істегенің еліңе құт!

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру,

-          Тігіс түрлері туралы түсінік беру,

-          Қол жұмыстарына деген көзқарастарын арттыру,

-          Білімдерін сарамандық жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылык мақсаты:мақсатқа өз бетінше жету үшін оқушыға мүмкіндік беру.

Оқушылардыңойлау қабілетін жетілдіруде әдістемелік әдістерді басшылыққаалып,теориялық білімінің жемісін өздеріне бағалату:

Тәрбиелік мақсаты:оқушының өз бетінше жұмыс еріктілігін, өз күшіне сенімділігін қалыптастыру. Еңбек мәдениеті мен еңбекті ұқыпты, дұрыс ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру.  Тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып, өмірде қолдана білуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: технология түрлері,СТО технологиялары,

Дөңгелек үстел, топпен жұмыс, тест, сұрақ-жауап, Венн диаграммасы

Құрал-жабдықтар:мата қиындылары, қайшы, ине, жіп жұмыс папкасы.

Көрнекіліктер:тігіс түрлеріне арналған суреттер,схемалар, сөзжұмбақ «Эрудит» логикалық дидактикалық ойын , нұсқау картасы, бағалау парағы

Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих, математика, сурет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.(қызығушылықты ояту).

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

  • Сынып оқушыларын 2 топқа бөлемін. «Балауса», «Бәйтерек»

ІІ. Кіріспе

-          Бұл жылы сіздермен қандай тігіс түрлерін үйренеміз?

-          Тігістің түрлерін атап кету (Түзу тігіс, қайшы тігіс, қиғаш тігіс, айқаспа тігіс, тышқан тігіс, кесте тігіс, қайырма тігіс)

-          Тігісті тігу үшін нұсқау картаны тарату

-          Жұмыс үстелінде дұрыс отыру шарттарымен танысу

-          Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

ІІІ. Білім-білікті қорытындылау.Үй тапсырмасын жан-жақты тексеру мақсатында «Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау.

Тақырыбы: «Мата туралы түсінік» , « Қол тігістері».

                   1. Матаны не үшін пайдаланамыз?

                   2. Мақта, зығыр маталары туралы түсінік.

1-тапсырма: Тірексызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап.

2-тапсырма:   Логикалық ойын - Дұрыс жауабын тап.

3-тапсырма:   Жалғастыру диктанты.

4-тапсырма:   Сөзжұмбақ: «Мататану» тақырыбы бойынша 9 түрлі мата атауын табу. «Қол тігістері терминологиясы» тақырыбы бойынша тігіс түрлерінің 10 түрлі аталуын табу.

Жауаптары: көктеп тігу, жапсырма көктеу, бастыра көктеу, көктеу, қадау, көшіру, бүгіп көктеу, қайып тігу, тігімдер, инешаншым.

  

Тірек сызбасын пайдаланып, дұрыс жауабын тап:

1. Механикалық                           Сетінегіштігі

2. Гигиеналық                              Мықтылығы

3. Технологиялық                         Жылу сақтағыштығы

4. Мықтылығы:                          матаны бүктеп орағанда мыжылып қалу қабілеті

5. Қыртысталуы:                     матаның шеті сетінеп,жіптердің төгіліп,шашақталуы

6. Гигроскопиялығы:                  жылу мен ылғалдың әсерінен мата көлемінің кішіреюі

7. Жылу сақтағыштығы:         матаның өзіне түскен күшке жыртылуға қарсы тұру қабілеті

8. Сетінештігі                           матаның қоршаған ортадан ылғал тарту қабілеті

9. Отыруы                                 матаның жылу сақтағыш қабілеті

 

ІV. Сарамандық жұмыс

  1. Қол жұмысына қажетті құрал-жабдықтар

  2. Қол тігіс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережесін « Ойлан тап» ойыны арқылы оқушыларға шешкізу (тақтаға жұмбақтар жазылады,жұмбақтың шешуіне қарай қауіпсіздік ережесі қайталанады)

Тап-тап, тап жорға, Табаны жоқ боз жорға.

Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас.   (Ине)

 

Екі пышақ бірлесіп,Кесіп пішіп береді

Екеуі бірге жүрмесе, Жоқ қой бізге керегі.               (Қайшы)

 

Тұмсығы мықты, Қырмен ойды тегістеп шықты.       (Үтік)

V.   Қол тігістерін тігу

Нұсқау картасының мазмұнымен таныстыру, таратып беру, тігу жолын көрсету

VІ .  Қортынды бөлім

      Бағалау парағы бойынша оқушылардың білім деңгейі бағаланады.

-          Балалар, мататану негізі және қол тігістерін тігу білімі не үшін қажеттігін өздерің саралап көріңдерші.

«Ізгілендіру» диаграммасы

Білемін тігіс түрлерін

Үйрендім қалай тігілуін

Білгім келеді қайда қолданылуын

 

 

 

 

VII. Үйге тапсырма: қол тігістерін қайталап тігу, кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды әкелу.

























Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау;
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;
Дамытушылық мақсаты:өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды төзімділікке, әдемілікке тәрбиелеп, эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндірмелі - иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: биология - гүлдердің түрлері, құрылысы, ; математика; бейнелеу өнері - композиция құру, түстерді таңдау; тарих - бисердің пайда болу тарихы.
Сабақтың көрнекілігі:моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, сызбалар, кітаптар, журналдар, плакат.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, қайшы, бисер салатын ыдыс.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
4. Жаңа тақырыппен таныстыру, сумоншақпен (бисерлермен) гүл тоқу.
Бисердің шығу тарихы:Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау
мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелер жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашпау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Жаңа сөздер:
Бисер - ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік.
Стекулярус - ұзындығы 3мм түтікше тәріздес сумоншақтың түрі.
Фурнитура - қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, композиция)
Композиция - бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін бір бедерлі фланельді матаға, түрлі түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10мм) тәрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.

Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың кең тарлаған техникасы - параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.
Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау
«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажетті заттар: себетке – қоңыр түс, гүлдерге – көк немесе сары түсті моншақтар қажет. Суретте берілгендей себет тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, сұлба бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллель тоқу техникасы – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.

Сабақты бекіту:
Енді оқушылардың бисер туралы түсініктерін тұжырымдап алу үшін «Ғажайып қоржын» ойыны ойналады. Ойынның шарты: қоржыннан асық алу арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Бисер дегеніміз не?
2. моншақ дегеніміз не?
3. Бисердің стеклярустен қандай айырмашылығы бар?
4. Бисермен жұмыс істеу барысында қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? т. б.

Қорытынды
Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.
Оқушылардың жұмысын бағалау, үйге тапсырма беру.











Пәні: технология
Сынып: 7
Тақырыбы: Бисерден жасалатын бұйымдар
Мақсаты:
Білімділік: қыздарға бисер және оның түрлері жайлы жалпы түсінік беру, онымен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың еңбекке деген құлшынысын туғызу, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «Миға шабуыл» әдісі
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларының еңбек құралдарын түгелдеу
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып,
Жаңа білім алуға
Алға қадам аттаймыз!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың үйден тоқып алып келген майлықтарын тексеру, бағалау.
ІІІ. Жаңа сабақ
– Балалар, мен жаңа сыныпқа кіре бергенімде, бірнеше геометриялық фигураларға ұқсас зат әкеле жатып, байқамай төгіп алдым. Оның қандай зат екенін білу үшін сендер шашылған әріптерден сөз құрауларың керек. Жауабы: бисер

Б И С Е Р
-Сендер бисердің не екенін білесіңдер ме? Оны қай жерден көрдіңдер немесе өздерің қолданған кездерің болды ма?
Бисердің отаны Ежелгі Египет. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді. Бисерді ертеде кейбір халықтар айырбас ақша (монеті) ретінде де пайдаланған.
Бисерден жасалған әшекейлер – түрлі-түсті шыны моншақтар бірігіп, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы кезден-ақ шеберлерді қызықтырған. Қазіргі кезде де бисерді, негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады. Мысалыға:

Стеклярус – шыны түтікше. (5-10 мм) қырлы немесе цилиндр пішінді. Одан басқа шабылған бисер деп те атайды (рубка) өте ұсақ 2-3 мм. Олар кішкене пакеттерде сатылады. Бисермен жұмыста ең бастысы түсті дұрыс таңдап алған абзал.
Бисермен жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар:
1. Жұмыс орнының тазалығы
2. Жұмыс бөлмесінің жарық болуы
3. Жұмыс үстелінің терезе алдында болуы
4. Жарықтың сол жақтан түсуі
5. Бисер түстеріне қарай арнаулы ыдыстарда тұруы
6. Үстелдің үстіне жылжымайтын жұмсақ матаның жабылуы қажет.
Сұрақтар қою:
1. Бисердің отаны қай ел?
2. Бисер мен стеклярустың айырмашылығы неде?
3. Бисерден, стеклярустан қандай заттар жасалады?
4. Бисермен жұмыс істеу үшін қандай қажетті жағдайлар қажет?
Сергіту сәті. Үстел үстінде бисерден жасалған моншақ, білезік, алқа, сөмке және сырға тұрады. Қыздар әшекей бұйымдардың астындағы жұмбақты дұрыс шешсе, сол бұйымды сыйлыққа алады.
1. Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты. (қайшы)
2. Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдап сайдан өтеді
Із-міз тастап кетеді. (ине)
Қолымызға ине жіп алып алдарыңдағы бисерден мына үлгі бойынша гүл жасайық.
Үлгі әр оқушының алдына таратылып беріліп, өзіндік жұмыс жүргізіледі.
ІҮ. Қорытынды. Сонымен, біз бүгін сабақта бисердің шыққан жерін білдік, бисердің түрлері мен олармен жұмыс жасауды үйрендік, бисерден жасалатын бұйымдар мен заттармен таныстық, білімімізді шыңдадық. Бисерден жасалған заттар бұрын да, қазір де және болашақта да сәнді болмақ. Қыздардың бисерден тоқыған гүлдерінен көрме жасау.
Ү. Үйге тапсырма. Бисерден басқа гүл тоқып келу
ҮІ. Бағалау. Көрме нәтижесі бойынша бағаланады

















Мақсаты:

Білімділігі: Қазақтың ұлттық сүт және сүт тағамдарының түрлері, дайындау тәсілдері туралы түсінік беру, білімдерін тереңдету.

Дамытушылығы:Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,теориялық және практикада алған білімдерін күнделікті тіршілікте дұрыс пайдалануға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, салыстыруға, бірінің пікірін бірі дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтандыру.

Тәрбиелігі:Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, әдептілікке баулып, өз орнын таза ұстауға, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.







Міндеттері:

1.Сиқырлы сандықша

(үй тапсырмасы)


2.Тірек-сызба

(жаңа сабақты ашу)


3. Сөздік жұмыс

(сүт тағамдары туралы ой қозғау)

4. «Кубизм» стратегиясы

(баяндау, салыстыру, тест,

ырымдар мен тиымдар,кеспемен

жұмыс, сөзжұмбақ шешу)


5.Практикалық жұмыс

(Трюфели кәмпиті)


6. БҮҮ стратегиясы

(сабақты қорыту)













































hello_html_3557702.gif hello_html_3557702.gif hello_html_3557702.gif





C:\Users\123\Desktop\i.jpg



hello_html_3557702.gifhello_html_3557702.gif







C:\Users\123\Desktop\г.jpg

C:\Users\123\Desktop\г.jpg

C:\Users\123\Desktop\г.jpg











C:\Users\123\Desktop\г.jpg

































1)Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?

2)Макарон пісірудің қандай жолдары бар?

3)Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?

4) Макарон түрлерін ата?



































1)Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?












2)Макарон пісірудің қандай жолдары бар?














3)Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?






4) Макарон түрлерін ата?
































Тағамдарды топтарға

бөлу

















































Сүт және

сүт тағамдарының түрлері








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

Сүт - дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы А,Б,В,С,Д дәрумендермен қоректенеді.Қазақ халқында сүт тағамдары ерекше орын алады.Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.Осы ақтан көптеген жылдар бойы әжелеріміз, апаларымыз тәжірибе жинақтай келе одан көптеген тамақ түрлерімен дайындау әдістерін білген, және олардың қызықты атаулары, ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар.Сөйтіп бір сүттен сұйық, қоймалжың,қою,ащы,тұщы, жұмсақ, қатты тағамдар жасап шығарған.

Общая информация

Номер материала: 121720060527
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>