Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспары: Ана құшағында
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспары: Ана құшағында

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Ана құшағында
Мақсаты:

Білімділігі: . Оқушыларға Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.
Дамытушылығы: Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу.

Көрнекілігі: Кітап, слайд, үлестірмелі материалдар
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дамыта оқыту технологиясы, көрнекілік, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау элементтері
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі. ( І слайд )

Біз бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз

Оқып білім аламыз.


Күн, бәйшешек, аспан, шөп суреттері арқылы балалар 4 топқа бөлініп отырады (ІІ слайд ) (көктем, мейрам, ана, шөп шықты, мал жайылды )

http://3.bp.blogspot.com/-ulHvr6HXNk4/Ta2InGJv11I/AAAAAAAABDM/ZInz7nh6rdE/s1600/motivator-3470.jpghttp://3.bp.blogspot.com/-crx9nrqwp1Q/T6QUJuXzreI/AAAAAAAAAWs/xo3yYqCwexE/s640/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D1%81%D0%BD%D0%B5%D0%B6%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8.pnghttp://img.all-clipart.net/prewu/187859.jpghttp://img.all-clipart.net/prewu/187859.jpg


  • Топтың ережесін қайталау ( ІІІ слайд )

  • «Өзін өзі бағалау ағашы » ( өзін өзі бағалайды )( Оқу мен оқыту модулінің ішіндегі «Қалыптастыру» тәсілі ) ( ІҮ слайд )

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/9/9b/%D0%90%D2%93%D0%B0%D1%88.jpg

  • Критериялық бағалау беттерін таратып беру ( топ басшысы бағалайды ) ( Ү слайд )


ІІ Өткен материалды қайталау ( ҮІ слайд )

Төрт түлік малға байланысты жұмбақтар жасыру

( Жауабын орысша, ағылшынша тілге аудару )
ІІІ . Үй тапсырмасын тексеру ( ҮІІ слайд )

(7 сұрақ әдіс – тәсілі арқылы)


1.-Үлек дегеніміз не екен қане, үлекке сипаттама бер. ( ҮІІІ слайд )
- Үлек - жалғыз өркешті, нардың бурасы. Айбары сұмдық, кісіге шабады,айбатты, батыл, қорқу дегенді білмейді
Еңбегі өте зор, ауыл түйелерін бағады.

2. Кім атқа мініп, түйелерді ауыл маңына айдап әкелетін еді ?

3. Қашан түйелерді ауыл маңына айдап келетін еді ?

4.Мүлкібай ата балаларды ертіп, қайда беттеді ?

5. Түйелер жайылып жүрген жерден ауыл адамдары неге айналып өтеді ?

6. Үлек ауылға қалай қайтты ?
7. -Егер Мүлкібай атай бармаған болса, не болар еді?

Сендер үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер, жарайсыңдар!


ІҮ Жаңа сабаққа әзірлік

Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»

-Балалар, сендердің араларыңда оқығысы келмеген балалар бар ма екен?

-Ал, оқығысы келетіндер ше?

- Сендердің мектепке келгендеріңе де 4 жыл болды. Жыл өткен сайын білімдерің ұштала түсті. Ондай болса қазір біз «Ойна да, ойла! » деген ойын арқылы математикамен байланыстыра отырып , жасырын сөзді табайық.

( ІХ слайд )

х

2

4

5

6

3

А

қ

ш

ы

7

н

ұ

ғ

д


6

14

6

12

28

15

6

35

18

14

42

6

А

н

а

қ

ұ

ш

а

ғ

ы

н

д

а



- «Ана құшағында» дегенде ойларыңа не келеді? ( Ассоциация )
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.Мейірім, сүйіспеншілік, еркелік т.б.
Бүгінгі сабақта біз осы ана құшағын сезіндіріп, сол сәтті баян ететін Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романының үзіндісімен танысамыз.

-Ғабит Мүсірепов жайлы не білеміз? ( Х слайд )

Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов 1902 - 1985 — жылдар аралығында өмір сүрді. Оның «Тұтқын қыз», «Қазақ солдаты», « Ұлпан » т. б. атты еңбектері бар. Алматы қаласында ол кісіге арналған ескерткіш бар. 3 – сыныпта « Таңның атуы » атты шығармасымен танысқанбыз.

- Кемеңгер жазушының Қазақ солдаты деп отырғаны кім екен?

- «Қазақ солдаты» романы «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай - қарай зытам… Зытып келе жатқаным, қашып келемін. Артыма қарай беретінім, қорқып келемін» - деген сөздерімен басталады Бұл әңгімеде Қайырғали Смағұлов деген баланы бәрі Қайрош деп атайды. 10 жастағы Қайрошқа ауылдың сиыр, бұзау, торпағын бақтырып қояды. Оның алдына 87 бас мал салып беріп, егер бір бас малды жоғалтсаң, 10 жыл қораға қамаймын дейді қара мұртты. Мен қашан оқимын деп жүргенде бір қасқа торпақ жоғалып кетеді. Ары санайды 86, бері санайды 86. Жер жұтты ма? Ізі де жоқ. Қорқып кеткен Қайрош қалаға қарай қаша жөнеледі.
Зытып келем, зытып келем.
Артыма қарай - қарай зытып келем.
Қайрош сол зытқаннан Гурьев қаласындағы балалар үйіне орналасады.
- Балалар үйі кімдерге арналған?
- Панасыз, әке - шешесіз балаларға арналған.


( ХІ слайд )

Білемін

Білдім

Үйрендім

ҰОС кезінде тылдағы балалар үлкендер сияқты зауыт, фабрикаларда , ауыл шаруашылығында жұмыс істегенін;

Аш- жалаңаш болғанын;

Көп балалардың жетім қалғанын;




( Топ болып толтырады )


Сергіту сәті ( ХІІ слайд )



«Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің? » -деген әлсіз дауыс естіледі
- Кімнің даусы деп ойлайсыңдар?
Әрине, анасының даусы.

- Ана неліктен бұлай деді екен ? Біз мұны әңгімені оқу барысында анықтайық.


Ү Жаңа сабақ


Оқулықпен жұмыс: «Ана құшағында »


Әңгімені 4 – 5 балаға жалғастыра оқыту.


Түртіп алу әдісі ( Әр бала жеке жұмыс істейді ) ( ХІІІ слайд )


V

Білемін

+

Мен үшін жаңа

-

Басқаша ойлаймын

?

Түсінбедім, тереңірек білгім келеді






Сұрақтар қою арқылы мазмұнын аша түсу. Үлестірмелі материал ( карточка )

( ХІҮ слайд )

І топ
1 Анасы Қайрошты қайда іздеп келді? ( балалар үйіне )

2 Қайроштың досының аты кім? (Шеген)


ІІ топ

3 Оның атын әңгіменің қай жерінде кездестіресің? (Әңгіменің басында … тізесіне сорпа шашырағанда; … Анасы кеткенде Қайроштың көзінен жас шыққанда.)

4 Ана мен баланың бір-біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?


ІІІ топ

5 Мариям апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың ?

6 Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады ?


ІҮ топ

7 Қайрош анасымен кездескен кезде басқа балалар қандай күйде болды ?

8 Анасы Қайрошты неліктен алып кетпеді деп ойлайсың ?


Қайроштың анасының портретін жаса (ХҮ слайд )

4 топқа әрқайсысына 1 сұрақтан

1 Қайроштың анасы

2 Киімі

3 Мінезі

4 Сөйлеген сөзі


(ХҮІ слайд )


Білемін

Білдім

Үйрендім

ҰОС кезінде тылдағы балалар үлкендер сияқты зауыт, фабрикаларда , ауыл шаруашылығында жұмыс істегенін;

Аш- жалаңаш болғанын;

Көп балалардың жетім қалғанын;

Қайроштың неліктен ауылға қайтпағанын;

Анасын қаншалықты жақсы көретіндігін;

Балалар үйіндегі тәрбиеленуші балалардың жағдайын;



ҮІ Пысықтау
(ХҮІІ слайд )


1топ . Эссе « Егер мен Қайроштың орнында болсам не істер едім ?»

2 топ «Дәнекер» Өмірмен байланыстыру

3 топ Бес жолды өлең «Ана »
4 топ « Топтастыру » «Білім» ( Ассоциация )


(ХҮІІІ слайд )


Білемін

Білдім

Үйрендім

ҰОС кезінде тылдағы балалар үлкендер сияқты зауыт, фабрикаларда , ауыл шаруашылығында жұмыс істегенін;

Аш- жалаңаш болғанын;

Көп балалардың жетім қалғанын;

Қайроштың неліктен ауылға қайтпағанын;

Анасын қаншалықты жақсы көретіндігін;

Балалар үйіндегі тәрбиеленуші балалардың жағдайын;

Мейірімді болуды;

Ана-ананы сыйлауды;

Бейбіт өмірді бағалауды;

Оқу-білімді бағалауды;


ҮІІ Қорытындылау

«Ойлан, тап! » (ҮІХ слайд )

«Құрметтейік, бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі – Жер — Анамызға». ( ХХ слайд )



Рефлексия ( ХХІ слайд )


«Екі жұлдыз, бір тілек»

1. Маған ұнаған тұсы...

2. Менің қиналған тұсым...

3. Келесі сабақта мынандай тапсырмалар болса...


ҮІІІ Үйге тапсырма ( ХХІІ слайд )


  • Ана құшағында” әңгімесін оқып келу,әңгімелеу

  • Қайырғали Смағұлов ( Қайрош ) туралы мәліметтер қарастыру


Нәтиже ( ХХІІІ слайд )


ІХ Бағалау

«Өзін өзі бағалау ағашы » бойынша ағаштың қай жеріне жеткендігін көрсету

Топ басшылардың бағалауын басшылыққа ала отырып бағалау.


hello_html_73f4fafb.png



























Краткое описание документа:

  Бұл сабақтың мақсаты : оқушыларға  Ғ. Мүсіреповтың « Қазақ солдаты » романынан үзінді «Ана құшағында» атты әңгімесін түсініп оқуға және түсінгенін әңгімелеп айтуға үйрету. Өз ойларын ортаға салып, топпен жұмыс істеуге, ананың бала өміріндегі орнын білуге үйрету, романдағы басты кейіпкер туралы білім беру.  Өзекті, түйінді ойын ашуға жағдай жасау және байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, әр түрлі тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін дамыту. Ананы құрметтей білуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Батырдың да, алыптың да анадан туатындығын, сондықтан ана - өмір бастауы екендігін ұғындыру. Алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылу болып табылады. 
Автор
Дата добавления 06.06.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров975
Номер материала 122382060612
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх